Главная страница
Контакты

    Басты бет


Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)

жүктеу 0.97 Mb.



жүктеу 0.97 Mb.
бет2/7
Дата25.03.2017
өлшемі0.97 Mb.

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)


1   2   3   4   5   6   7

6. Дәріс сабақтарының мақмұны


1. Тақырып Анатомия пәні, міндеттері және зерттеу әдістері.

1. Адам анатомиясының пәні, басқа пәндер арасындағы орны.

2. Зерттеу әдістері: өлгеннен кейін, тірісінде, қазіргі кездегі.

3. Жалпы пәннің мақсаты мен міндеттері.



4. Осьтар мен жазықтықтар.
Анатомия — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін құрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым.
Аспаптар (саймандар) панелі (Панель инструментов; toolbar) - 1) Windows жүйесінің әрекеттерді орындау батырмалары орналасқан басқару тақтасы; құрамында опцияның іске қосылғанын (қосылмағанын) көрсететін, әр түрлі әрекеттерді атқаратын көптеген жалаушалар мен қанатбелгілер болады.
Анатомия — зерттеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді:

  • жүйелі анатомия — адам мен жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың атқаратын қызметтерімен байланыстырып, мүшелер жүйелері ретінде (тері жабыны, сүйектер , бұлшық еттер, ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді;
    Бұлшық ет Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і ақуыз, май, көмірсу және минералды тұздардан тұрады.


  • мүсіндік (пластикалық) анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған италиян ғалымы Леонардо да Винчи;

  • топографиялық анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;

  • салыстырмалы анатомия — әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын салыстырып зерттейді;

  • түр анатомиясы — жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;

  • түқым анатомиясы — мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;

  • жас анатомиясы — жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;

  • сырқаттық (патологиялық) анатомия — ауырған организм дене мүшелерінің құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;

  • микроскопиялық анатомия — жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен ғана көрінетін құрылысын зерттейді.

Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:

остеология — сүйектер жүйесі туралы ілім;

синдесмология — сүйектер байланыстары туралы ілім;

миология - бұлшықеттер туралы ілім;

дермотология тері жабыны және онын туындылары туралы ілім;

спланхнология — ішкі ағзалар туралы ілім;

эндокринологияішкі секреция бездері туралы ілім;
Эндокринді бездер немесе Ішкі секреция бездері(glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon - ішкі, krino - бөлу) - инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер.


ангиология — тамырлар жүйесі (қанайналым, лимфаайналым, қантүзу мүшелері) туралы ілім;

неврология — жүйке жүйесі туралы ілім;

эстезиология — сезім мүшелері туралы ілім.
Қазіргі кездегі анатомияда адам денесі құрылысын зерттеудің түрлі әдістері бар. Зерттеу әдісін таңдап алу зерттеу мақсатына байланысты.

Ең ескі, бірақ әлі де маңызын жоғалтпаған, ғылымға ат берген (грекше anatemno – кесу,боршалау), препараттау. Бұл әдіс ірі түзілістердің сыртқы құрылысы мен топографиясын зерттеуде қолданылады. 20-30 есе үлкейткенде көрінетін объектілерді макро және микропрепараттанғаннан кейін сипаттап жазуға болады. Бұл әдістің бірнеше түрлері бар: түсіп келе жатқан тамшы астында, су қабаты астында препараттау. Оны түрлі қышқылдармен дәнекер тканьді қопсытумен, зерттелетін құрылымдамдың (нервтердің, бездердің) таңдап боялуымен, түтікті жүйелерді (қан тамырларды, өзектерді) боялған массалармен толтырумен (инъекциялаумен) толықтыруға болады.

Қышқыл - химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді.



Инъекция әдісі, егер инъекциялық масса рентген сәулелерін тұтатын болса, рентгенографиямен, егер арнайы өңдеуден кейін объект мөлдірленіп, ал инъекцияланған тамырлар мен өзектер контрастанып, лайланатын болса, жарықтандыру мен ұштастыра қолданылады.
Жарықтандыру - бір жарықтандыру беті арқылы өтетін, люкспен өлшенетін сәуле ағыны. Бұрын фотон (1 фотон - Ю4 лк) бірлігі колданылған.
Кейіннен тканьдерді қышқылдарда еріте отырып тамыр, өзек, қуыстарды инъекциялау (коррозиялық әдіс) кеңінен қолданылады. Бұның нәтижесінде мүшенің (тамыр, нерв және т.б.) басқа анатомиялық түзілістерге қатысты орналасуын тоңазтып қатырылған дененің арамен кесілген жерін зерттейді. Осы аралап кесу әдісіе бірінші рет қолданған Н.И.Пирогов. Егер қалыңдығы микрометрлермен өлшенетіндей кесінді даярлап, оны гистологиялық бояулармен өңдесек, онда мұндай кесінділерден алынған деректерді тканьдік арақатынастар туралы мағлұматтармен толықтыруға болады.
Гистология - (грек. hіstos – тін және logos – ілім) – адамның және көп клеткалы жануарлардың тіндерін зерттейтін ғылым; Г-ның міндеті – тін эволюциясын анықтау, оның организмде дамуын (гистогенез), хим.
Кесінді - Түзудің екі нүктесі аралығында жатқан және әлгі екі нүктені де қамтитын бөлігі. Екі нүктенің арасын қосатын қысқа түзу. Кесінді тұйық аралық болып есептеледі. a ≤ x ≤ b теңсіздігінТеңсіздігін қанағаттандыратын x нақты сан сандар жиыны, [ a , b ] болып белгіленген. a және b сандары кесіндінің ұштары деп аталады. Кесіндінің ұштары кесіндіге тиісті болады.
Бояу - түс бергіш пигменттерден және байланыстырғыш ерітіндіден тұратын қоспа. Бояу - пигменттелген лакты бояулы материалдардың жаппы атауы. Бұлардан басқа Бояудың құрамында органикалық еріткіштер, толтырғыштар, пластификаторлар, желімдер, тұрақтандырғыштар, т.б.
Бұл әдіс гистотопография деп аталады.

Гистологиялық кесінділер мен гистотопрограммалар бойынша зерттелетін түзілістің суретін немесе көлемін алуға болады. Бұл амал графикалық немесе пластикалық реконструкция болып табылады.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Реконструкция (лат. re - жаңғырту мәніндегі косымша, constructio қуру) - тілдік деректері белгісіз кубылыстар мен формаларды жеке тілдердін, тілдер тобы мен семьяларынын сондай тіл бірліктерімен тарихи-салыстыру жолымен кайта жаңғыртып анықтайтын салыстырмалы-тарихи тіл біліміндегі тәсілдердін жиынтығы.
Бәрқатар анатомиялық міндеттерді шешу үшін гистологиялық және гистохимиялық әдістер қолданылады. Жұқалығы соншалық, жарықтық микроскоптан көрінбейтін құрылымдарды көруге мүмкіндік беретін электрондық микроскопия анатомияға кеңінен енгізілуде. Аз және көп үлкейткенде де зерттеу объектісінің көлемдік кескінін беретіндей сканирлеуші электрондық микроскопия әдісінің болашағы зор.

Бұл аталған әдістердің барлығы өлген адамның денесін тексергенде қолданылады. П. Ф. Лесшафт айтуынша «анатомияны зерттегенде негізгі объект әр уақытта тірі организм болуы тиіс, ал өлі препарат тірі организмді тексергендегі деректерге қосымша болуы керек».

Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.


Әдебиет: [1,2,4,5]
2. Тақырып Тірек-қимыл аппараты.

1 Сүйектің құрылысы, өсуі және дамуы. Сүйектің химиялық құрамы. Сүйектің жіктемесі. Қаңқаның қызметтері.

2. Дене қаңқасының құрылымдары. Омыртқа жотасы, бөлімдері, иілімдері. Әр бөлімдегі омыртқалардың ерешеліктері.

3. Бас қаңқасының бөлімдері, құраушы сүйектер. Бас сүйектердің байланысуы. Бас қаңқасының жыныстық ерекшеліктері.


Тірек-қимыл жүйесінің маңызы: тірек-қимыл жүйесіне (аппаратына) қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бір-бірімен дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектер қаңқа түзеді. Қаңқа (скелет) ағзаның тірегі, ал оның бұлшықеттері қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері). Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге қорғаныш қызметін атқарады. Мысалы, ми бір-бірімен берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді – жамбас белдеулері сүйектері қорғайды.
Беріктік - материалдардың белгілі бір жағдайлар (күйлер) мен шектерде қандай да бір әсерлерді (салмақ түсу, температураның өзгерісі, магнит, электр, т.б. өрістері, кебу немесе ісіну, т.б.) қабылдай отырып, бүлінбей сақталу қасиеті; сыртқы күштердің әсерінен қалпының өзгеруіне және бұзылуына қарсыласатын қатты дененің касиеті.
Кеуде қуысы (лат. Cavum thoracis) - адам денесінің жоғарғы бөлігі. Кеуде қуысын құрсақ қуысынан көкет бөліп тұрады. Кеуде қуысында өкпе, өңеш, жүрек, айырша без, кеңірдек, бас бронхылары және лимфа түйіндері, қан тамырлары, лимфа тамырлары және жүйкелер орналасқан.
Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі – қимыл (қозғалу). Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер. Кез келген қозғалыста (жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш (тірек) етеді. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан минералды алмасуға қатысады.
Тұздар - химиялық қосылыстар класы; қышқыл молекулаларындағы сутек атомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары не ОН топтарына ауысқан қосылыстар; қалыпты жағдайда иондық құрылымдағы кристалл заттар.

Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан түзіледі. Сүйектің сырты – тығыз ұлпа, ішкі бөлімі – борпылдақ ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйек қабы болады. Сүйек қабының астыңғы бетінің жасушалары бөлініп сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйек қабы арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйек қабына тікелей байланысты. Сүйек қабында қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20–25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін бейорганикалық, ал қалғанын органикалық заттар құрайды. Органикалық заттар иілгіштік, серпінділік, ал бейорганикалық заттар мықтылық қасиет береді.

Бейорганикалық заттар немесе Анорганикалық қосылыстар , бейорганикалық қосылыстар - хим. элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар. Бұған тізбек түзе байланысатын көміртек қосылыстары яғни органик.
 



Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% нәруыз тектес органикалық зат оссеин (жұмсақ, серпінді органикалық зат) 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көбірек.
Ақуыз - молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер.
Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.
Сүйектері иілгіш болатындықтан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып морт сынғыш келеді.

Сүйектердің байланысы. Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі сайшалар (борозда), төмпешіктер, қантамырлары мен жүйкелер өтетін тесіктер болады.
Сіңір (лат. tendo - қатаю, созылып керілу) - бұлшық еттерді қанқа сүйектеріне бекітетін бұлшық ет бөлігі.
Қанқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Атқаратын қызметіне қарай байланыстар: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы және қозғалмалы деп бөлінеді.

Қозғалмайтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бір-бірімен тұтасып қозғалмайтындай болып байланысқан.

Жартылай қозғалмалышеміршектер арқылы омыртқалар бір-бірімен байланысқан.

Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.

Буындар. Адам денесінде 230-дан астам буындар бар. Буын деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Әрбір буынның сырты тығыз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған.
Шеміршек (cartіlage) - адам мен жануарлардың кейбір органдарын біріктіріп тұратын тірек; механикалық қозғалыс қызметіне қатысатын иілгіш серпімді тін.
Дәнекер ұлпасы (textus соп- nectivus; лат. textus - ұлпа, connectivus - дәнекер) - адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы - мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды.
Оны буын қапшығы дейді. Буын қапшығында қабырғаларынан бөлінетін буын сұйықтығы болады.
Сұйықтық - сұйық агрегаттық күйдегі зат, газ бен қатты күйлердің арасындағы аралықты алып жатыр. Сұйықтықтың басқа агрегаттық күйлерден басты айырмашылығы - көлемін түрақты түрде сақтай отырып жанама күштердің әсерінен өзінің формасын шексіз түрде өзгерте алуы.
Сұйықтық үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Сонымен буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады. 

Сүйектің бір-бірімен байланысатын шеті жылтыр, тегіс шеміршекпен қапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны (толчок) әлсіретеді.

 Адам қаңқасының бөлімдері. Адам қаңқасы бір-бірімен өзара буын қалталары арқылы байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Қаңқада 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді.

Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан түтікті сүйектер деп те атайды.

Қысқа сүйектерге – омыртқа, алақан, табан, саусақ сүйектері жатады.

Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бас сүйектері, қабырға, төс, жамбас сүйектері – жалпақ сүйектер.

Ұзындық (Длина) - егер тетік сызбада бірақ көрінісімен кескінделген болса, оның үзындығының сандық мәнінің алдына "L" деген таңба қойылады. Ұзындығы 200 мм бұрыштықтың сызбасы көрсетілген. Ұзындықтың Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі бірлігі - метр.
Май - организмге қуат беретін астың жұғымы. Май ақуыздарды, минерал тұздарды, сондай-ақ майды ерітетін витаминдерді организмнің қалыпты сіңіруіне қажет. Тамақтық рационында майдың болуы әртүрлі тағамдардың дәмділігін жақсартып, тәбетті арттырады.
Жауырын (лопатка); (лат. scapula) - пішіні үшбұрыш-төменгі бұрыштары, сыртқы және ішкі беттері болады. Жауырынның жоғарғы жалпақ табанына жауырын шеміршегі байланысып тұрады. Жоғарыдан төмен қарай өтетін жауырын қыры - жауырынның сыртқы бетін - кішілеу келген алдыңғы қыралды шұңқырына және жалпақтау келген артқы қырарты шұңқырына бөледі.



Қаңқа – тұлға, бас сүйегі, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.

Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасы мен қабырғалар және төс сүйегінен тұрады.

Омыртқа жотасы тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33–34, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4–5 құйымшақ омыртқалар.

 Омыртқаның құрылысы – әр омыртқаның денесі мен доғасы болады. Омыртқа доғасында көптеген қанаттары (бір арқа, екі бүйір, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық) бар. Омыртқа доғасы иіліп, денемен тұтасқан. Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын орналасады. Мойын омыртқалардың (7) пішіні жағынан басқа омыртқалардан біршама айырмашылықтары бар: омыртқа денесі кішілеу, бірінші мойын омыртқасының (ауыз омыртқа) денесі болмайды, ортасындағы қуысы үшбұрышты. Мойын омыртқаларының біріншісі бас сүйегімен байланысып, басты бұруға қатысады. Денеге күш түсуіне байланысты 3-мойын омыртқадан бастап 7-омыртқаға дейін пішіндері сәл өзгереді. Омыртқа денесі ұлғайып, арқа өсіндісінің ұшы (7-омыртқадан басқасы) екіге ажырап ашаланады.

Арқа омыртқалары (12) мойын омыртқаларынан ірілеу, арқа өсіндісі көлбеу орналасқан. Бүйір өсінділерінде және омыртқа денесінде қабырғалар бекінетін шеміршекті буын ойықтары болады. Арқа омыртқалар қабырғалармен байланысады.Бел омыртқалары (5) басқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда денесі жалпақ әрі үлкен. Арқа қанаттары да жуан, бұл бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді. Бел омыртқаларына дене салмағының күші көбірек түседі.

Салмақ - Жер бетіне жақын тұрған денеге әсер ететін ауырлық күшінің сандық шамасы: P=mg, мұндағы m - дене массасы, g - еркін түсу үдеуі (немесе ауырлық күшінің үдеуі). Дененің массасы тұрақты шама, ал g мәні Жер бетіндегі ендікке және теңіз деңгейінен есептелетін биіктікке байланысты (мысалы, Алматы үшін g=9,804м/с2) өзгеретіндіктен, оған сәйкес дененің салмағы да өзгереді.

  Сегізкөз омыртқалары (5) бір-бірімен қозғалмастай тұтасып кеткен. Пішіні үшбұрышты, ішке қараған беті сәл иіліңкіреп ойықтау болып келеді. Ойыс жағынан сегізкөз омыртқаларының тұтасып кеткен іздері 4 көлденең бұдыр сызық болып анық көрініп тұрады. Сегізкөз омыртқаларында 4 жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің тарамдалған ұштары шығады.



Құйымшақ омыртқалар (4–5) қалдық ретінде тұтасып кеткен. Тек бірінші омыртқада омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған. Қалғандары біртіндеп кішірейген.

Барлық омыртқалар бір-бірімен шеміршектер, бұлшықеттер, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды. Омыртқа жотасы – тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді.

      Омыртқа жотасы төрт жерінен алға және артқа қарай иіледі. Мойын мен бел омыртқалардың тұсында екі иілім алға қарай иілген. Арқа мен сегізкөз омыртқаларының тұсында екі иілім артқа қарай иілген. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу, иілімдері болмайды. Нәрестенің мойны қатқанда мойын, отыра бастағанда арқа иілімі білінеді. Қаз тұрып жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18–20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының иілімдері кеуде, жамбас қуыстарының мөлшерін кеңейтеді. Бұл иілімдер дененің тепе-теңдігін жеңілдетіп, жүгіріп, секіргенде серпімділікті күшейтеді. Бұл омыртқалардың бір-бірімен жалғасқан жеріндегі шеміршектердің созылғыштық қасиетіне де байланысты. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Бұл қалыпты құбылыс.

Мән және құбылыс - дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.
Ал омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі (қисаюы) – сколиоз ауруына әкеп соқтырады.

 Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюының негізгі себептері:

а) орындықта түзу отырмау;

ә) жазу столы мен орындықтың биіктігінің сәйкессіздігі;

б) көбіне бір қолымен ауыр жүк көтеру;

в) сүйектер мен бұлшықеттердің нашар дамуы және т. б.

Сондықтан да жүргенде, тұрғанда, отырғанда омыртқа жотасын түзу ұстауға тырысу керек. Ауыр жүк көтермеу, жүйелі түрде спортпен шұғылдану керек.

Кеуде қуысының қанқасын 12 арқа омыртқа, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы жағын жалғыз төссүйек құрайды. Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті болады. Жоғарғы 7 жұп қабырғалар шеміршек арқылы төссүйекпен байланысқан. Келесі шеміршек шеттері қабырғалардың жұптарымен өзара қосылып доға түзеді. Қабырғалар омыртқалармен буын арқылы қозғалмалы, төссүйекпен шеміршек арқылы жартылай қозғалмалы байланысады. Қабырғалардың 11, 12-жұптарында шеміршек болмағандықтан алдыңғы шеттері бұлшықеттердің арасында бос жатады. Қабырғалар тыныс алу мен тыныс шығарғанда кеуде қуысы көлемінің ұлғайып, кішіреюіне әсер етеді. Кеуде қуысында орналасқан мүшелер: жүрек, өкпе, ірі қантамырлар, кеңірдек, бронхылар, өңеш және жүйкелер.

Кеңірдек - шырышты қабықпен қапталған шеміршек түтігінсін тұратын тыныс алу мүшесі, көмендеп басталады және бастаңқы негізгі тарамымен жалғасады: томенгі тыныс жолдарыпа жатады. Кеңірдек - көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше.
Кеуде қуысының пішіні жынысына, жас ерекшеліктеріне, дене бітіміне, дамуына байланысты. Кеуде қуысының жоғарғы және төменгі тесігі болады. Жоғарғы тесігі артқы жағынан бірінші арқа омыртқасының денесімен шектеледі. Бүйірі бірінші жұп қабырғалармен, алдыңғы жағы төссүйектің жалпақ бетімен бітеді. Жоғарғы тесік арқылы өңеш, кеңірдек ірі қантамырлар мен жүйкелер өтеді. Жануарлармен салыстырғанда денесін тік ұстап, тік жүруіне байланысты адамның кеуде қуысы екі жағына керіліп, кеңейген.

Бассүйек қаңқасы – ми сауыты мен бет бөлімдерінен құралған. Ми сауыты бөлімі бір-бірімен берік (қозғалмай) байланысқан маңдай, төбе (2), самай (2), шүйде және т. б. сүйектерден құралған. Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімінде бүлкілдеп тұратын жұмсақ жері – еңбегі (родничок) болатынын байқаған шығарсыңдар. Пішіні ромбы тәрізді, тынысалу қозғалысының әсерінен бүлкілдейді. Ми сауыты бөліміндегі сүйектер бірден қатаймай бірнеше даму сатысынан өтеді. Алдымен жұқа жарғақты, содан соң шеміршекті, ең соңында сүйекке айналады. Нәрестенің маңдай тұсы жарғақты, мұндай жерлер самайдың тұсында да болады. Бала 2 жасқа келгенде сүйектері қатая бастайды. Ми сауытының шүйде сүйегінде жұлын мен миды жалғастырып тұратын үлкен шүйде тесігі болады. Адамның бассүйегінің ми сауыты бөлімі жануарлармен салыстырғанда үлкен. Бет бөліміне – үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері, бет, мұрын, таңдай және т. б. сүйектері жатады. Астыңғы жақ сүйегі самай сүйегімен шықшыт буыны арқылы байланысқан.

 Кейбір бассүйек бөлімдерінде (маңдай, үстіңгі жақ және т. б.) ауа болатын қуыстар бар. Ол сүйектердің жеңіл болуын қамтамасыз етеді.



Қол қаңқасы – иық белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуіне екі бұғана мен екі жауырын сүйектері жатады. Жауырынның пішіні үшбұрышты үш қырлы, жұқа әрі жалпақ сүйек. Бұғананың бір шеті төссүйекпен, екінші шеті жауырынмен байланысады. Қол сүйектеріне жататындар: тоқпан жілік, кәрі жілік пен шынтақ сүйегі (білек), қолбасы сүйектері.
Кәрі жілік (лат. radius - кәрі жілік) - шынтақ сүйекпен бірге білек қаңқасын құрайды. Кәрі жілік - ұзынша келген денеден (диафиз), жоғарғы және төменгі жілік бастарынан (эпифиз) тұрады.
Кәрі жілік шынтақ сүйегімен байланысады. Тоқпан жіліктің ішкі қуысын жілік майы толтырып тұрады.

Қолбасы сүйектеріне – білезік, алақан, саусақ сүйектері жатады. Білезікте (запястья) 2 қатар орналасқан 8 сүйек, алақанда 5 сүйек, саусақтарда 14 сүйек болады. Саусақ сүйектерінің басбармақтан басқасының әрқайсысында 3 қысқа сүйек (фаланги), ал басбармақта екеу болады (42-сурет).
1   2   3   4   5   6   7

  • Анатомия
  • Әдебиет
  • Тірек-қимыл жүйесінің маңызы
  • Сүйектің құрамы.
  • Оссеин
  • Сүйектердің байланысы.
  • Қозғалмайтын байланысқа
  • Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға
  • Адам қаңқасының бөлімдері.
  • Қаңқа

  • жүктеу 0.97 Mb.