Главная страница
Контакты

    Басты бет


Пән Информатика сынып 8 Күні.. сабақ №: 2 сағ. саны.: 1 Тақырып

жүктеу 0.87 Mb.



жүктеу 0.87 Mb.
бет4/8
Дата14.04.2017
өлшемі0.87 Mb.

Пән Информатика сынып 8 Күні.. сабақ №: 2 сағ. саны.: 1 Тақырып


1   2   3   4   5   6   7   8
§ 5.1, бет. 51-60

Дербес компьютердің құрылымы және оның жұмыс істеуі.

Пән Информатика сынып 8___ Күні _._ .

сабақ №: 12 сағ.саны.: 1

Тақырып: Операциялық жүйе және оның түрлері. Операциялық жүйе ядросы.

Мақсат: Оқушылардың операциялық жүйе және олардың түрлері туралы білімдерін қалыптастыру. Операциялық жүйе ядросы ұғымымен таныстыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды операциялық жүйе және олардың түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютер құрылысы ажырата білу дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Талапқа сай таланты да, білімді оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.
Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5 мин)

1. Ішкі жадта ақпарат қалай сақталады?

2. Ақпараттық кеңарна деген не?

3. Процессор қандай қызмет атқарады?

4. Тактілік жиілік деген не?

5. Басқару құрылғысы не істейді?

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Операциялық жүйе – бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.

Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуе, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді.
Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.
Дербес компьютерде жұмыс істеу, оның операциялық жүйесімен жұмы сістеу болып табылады.


Операциялық жүйелер:

болып бөлінеді.

Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуге мүмкіндік береді.

Көп міндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.

Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір адам ғана жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әрбір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек жее өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.

Соңғы жылдары графикалық көптерезелі интерфейс компьютерлермен жұмыс істеудің стандартына айналды. Мұнда қажетті әрекеттер мен объектілердің сипаттамалары мәтін түрінде енгізілмейді, маустың көмегімен менюден, файлдар тізімімен және т.с.с таңдалады.

Қазіргі кезде дербес компьютердің операциялық жүйесінің екі типі кең таралған.
Мәтін (текст; text) - 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның жазбасы.
Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.
Файл (ағылш. File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.
Бірінші ипіне MicroSoft компаниясының ұқсас екі жүйесі Windows 95 пен Windows NT жатады.
Microsoft Corporation (/maɪkrəˌsɒft/) - дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания.


Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады. Бұл – операциялық жүйе деңгейінде мүмкін болған кез келген операцияларды Windows-тан шықпай-ақ орындауға болады деген сөз.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Өткен тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  2. Операциялық жүйе не үшін қажет?

  3. Интерфейс деген не?

  4. Операциялық жүйе қалай жіктеледі?

  5. Тұйық жұмыс ортасы деген не?

  6. Қандай операциялық жүйелерді білесіңдер?

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға операциялық жүйе және олардың түрлері туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 6.1, 6.2, 6.3, бет. 61-79

Операциялық жүйе.

Пән Информатика сынып 8___ Күні _._ ..

сабақ №: 13 сағ.саны.: 1

Тақырып: Каталогтармен, файлдармен және дискілермен жұмыс жасаудың негізгі командалары. Қолданбалы программаларды жіберу.

Мақсат: Оқушылардың каталогтармен, файлдармен және дискілермен жұмыс жасаудың негізгі командалары туралы білімдерін қалыптастыру. Қолданбалы программалармен жұмыс істеуге үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды каталогтармен, файлдармен және дискілермен жұмыс жасауды үйрету.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  2. Операциялық жүйе не үшін қажет?

  3. Интерфейс деген не?

  4. Операциялық жүйе қалай жіктеледі?

  5. Тұйық жұмыс ортасы деген не?

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Компьютерде файл және қапшық аттарын және қай жерде олардың орналасқанын біле отырып жұмыс істесеңдер, оларды қапшықтар терезесінің немесе Проводник көмегімен іздеу қолайлы. Бірақ бұл жағдайда іздеп жатқан файлдарынңның қай жерде орналасқанынн білу қажет. Мұндай жағдайда Windows ОЖ-де Найти деп Windows командалары көмекке келеді.

Бұл команда компьютерлеріңнің қандай жерінде болса да орналасқан құжаттардың файлдарын, программаларды, қапшықтарды және тіпті желіден тұтас компьютерді жылдам іздеп табуға мүмкіндік береді.
Қапшықтану - дене құрылымдарының дәнекер ұлпалы қапшықтармен қапталу процесі. Сезімтал жүйке ұштары сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықтармен қапталып, пішіні әртүрлі сезгіш денешіктерді (Фатер-Пачини денешігі, Мейснер денешігі, жыныс денешіктері т.б.)
Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.
Объектіні оның аты, жасалған күні, өлшемі, типі, мазмұны немесе бұл параметрлердің жеке комбинациялары бойынша табуға болады. Мысалы, Найти командасынан өткен айда Word мәтіндік редакторы жасаған «информатика» сөзі бар барлық файлдарды көрсетуді немесе өлшемі 100 килобайттан кем барлық файлдарды және т.б. табуды сұрауға болады.


Объектіні немесе объектілер тобын тауып, олармен әдеттегі қапшық терезедегідей Найти командасының терезесінде тікелей жұмыс істеуге немесе ол сақталған қапшыққа өтуге болады.

Комнаданы шақыру үшін мына әрекеттер тізбегін орындаймыз:

Пуск – Главное меню – Найти – Файлы и папки

Экранда үнсіз келісім бойынша активті жағдайға келтірілген, онда нені іздеу керек екенін көрсетуге болатын Имя и Местонахождение қосымшасы бар Найти комнадасының диалогтік терезесі пайда болады.
Актив, активтер (латынша actіvus) - заңды тұлға меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік, игілік, дәулет, ақшалы қаржы, құнды қағаздар, патенттер, банктегі салымдар, авторлық құқықтар, негізгі және өндірістік қорлар, яғни экономикалық қызметте пайданың көзі ретінде табысқа иелік ететін субъектіні пайдаланатын не пайдалануға жарайтын қоғамдық байлықтың барлық түрлері.


Тапсырма №1. Найти комнадасының көмегімен Ученик ФИО қапшықтарыңды табыңдар.

1. Пуск-Найти-Файлы и папки әрекеттер тізбегін орындаңдар

2. Найти командасының диалогтік терезесінде Имя и местонахождение қосымшасын активті жағдайға келтіріңдер.

3. Имя өрісіне Ученик ФИО -өз қапшықтарыңның атын енгізіңдер.

4. Найти батырмасын шертіңдер.

5. Егер қапшық табылса, онда терезенің төменгі бөлігінде қапшықтарыңның орналасқан жерін табу жолы көрсетіледі, сендер оны осы терезеде ашуларыңа болады.

6. Егер қапшық табылмаса, онда терезенің төменгі бөлігінде «бұл түрде бейнеленетін объектілер жоқ» деген хабарлама шығады.
Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.


Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Өткен тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

    1. Файл, қапшықтарды іздеуді қалай жүзеге асырамыз?

    2. Компьютердің уақыты мен күнін қалай өзгертуге болады?

    3. Жұмыс үстелі реңінің өрнегін баптау қалай жүзеге асырылады?
      Баптау (Настройка; tuning) - жұмыс уақытында оның ресурстарын өте – мөте тиімді пайдалану мақсатында жүйе параметрлерін реттеу процесі; уақыты бөлінулі жүйелерде - жүйеде ресурстарды үлестірудің айрықша тиімді режімін анықтауға мүмкіндік беретін басқару параметрлерін нақтылау процесі; қолданбалы бағдарламаны нақты компьютерде, оған қосылған сыртқы құрылғыларды пайдаланып жұмыс істеуге бейімдеу (оның параметрлерін орнату).


    4. Экран заставкасын орнатуды қалай жүзеге асырамыз?.

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға файлдар, дискілер және каталогтармен жұмыс жасау командалары туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 6.4, 6.5, бет. 65-80

Файлдар мен қапшықтар іздеу. WINDOWS –ты баптау.

Пән Информатика сынып 8___ Күні _._ .

сабақ №: 14 сағ.саны.: 1

Тақырып: Вирустан тазарту программасы.

Мақсат: Оқушылардың вирустан тазарту программалары туралы білімдерін қалыптастыру. Вирустан тазарту программаларымен жұмыс істеуді үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды антивирустық программалармен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік

Құрал-жабдықтар компьютер.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5 мин)

    1. Файл, қапшықтарды іздеуді қалай жүзеге асырамыз?

    2. Компьютердің уақыты мен күнін қалай өзгертуге болады?

    3. Жұмыс үстелі реңінің өрнегін баптау қалай жүзеге асырылады?

    4. Экран заставкасын орнатуды қалай жүзеге асырамыз?

  2. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Компьютерлік вирус – «көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, әдетте өлшемі шағын арнайы компьютерлік программа. Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

«Зақымдалған» программа жұмысын бастағанда, алдымен басқаруға вирус алады. Вирус басқа программаларды тауып, оларды зақымдайды.

Жаңа вирустық программалардың саны үнемі көбейіп және түрлері өзгеріп отырады, сондықтан компьютер пайдаланушы вирустар табиғатын, вирустардың жұғу әдісін және олардан қорғануды білуі керек.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.


Соңғы кезде компьютерлік вирустармен күресуде үлкен тәжірбие жинақталады, антивирустік программалар жасалды, программалар мен деректерді қорғау шаралары айқындалды.
Қорғау (Защита; protection, security, lock out) - есептеу жүйелерін тұтастай не жекелеген бөліктерін қолдануды немесе оларға қатынас құруды шектеу құралы; программаларға немесе мәліметтерге рұқсатсыз қатынас құрудың заңдылық, ұйымдастыру және техникалық, сондай-ақ программалық сақтық шаралары.
Жинақ (Набор; set) - белгілі бір ақпараттық мазмұны бар логикалық байланыстағы объектілер жиыны.
Вирус табылған кезеңнен бастап қысқа уақыт ішінде қайта пайда болатын вирустарды жеңетін антивирустық құралдар үнемі жетілдіріліп және дамытылып отырады. Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады.


Белгілі антивирустық программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады.

Детектор-програмалар белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады, мұндай программалар жеке түрде сирек кездеседі.

Фагтар немесе доктор-программалар, сондай-ақ вакцина-программалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды емдейді де, яғни программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып, файлдардан вирус программасының тәні жояды. Фагтар өз жұмысының басында вирустарды жедел жадтан іздейді, оларды жояды, тек содан кейін ғана файлдарды емдеуге кіріседі.

Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісі. Ревизор программалардың алғашқы қалпын, яғни компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс табылса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады.

Фильтр-программалар немесе «күзетшілер» - ұдайы компьютер жадында болатын шағын резидентті программалар.
Дисплей (ағылш. display - корсету, калпына келтіру) - электрондысөулелік түтікше (ЭЛТ) экранында ақпаратты корсетіп бейнелеуге арналған құрылғы, бейнетерминал. Әріптер, сандар, мөтін, кестелер немесе графиктер, суреттер, сызбалар түріне байланысты ақпаратты бейнелейтін әріпті-сандық және графикалық дисплей деп бөлінеді.
Компьютерлік жады (сыртқы немесе қосалқы жады, ақпараттарды сақтауға арналған құрал, сақтағыш құрал) - белгілі бір уақытта есептеуде қолданылатын, ақпарат сақтауға арналған физикалық құрылғы немесе орта болатын, есептегіш машина бөлігі.
Олар компьютердің операцияларын бақылайды және компьютер жұмысының барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады.


Вирустар үнемі өзгеріп отырады және олардың саны күн сайын көбеюде, антивирустық программалар да олардан қалмауға тырысады, сондықтан әрқашан антивирустардың жаңа нұсқаларының шығуын қадағалауды қажет етеді.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Өткен тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

    1. Компьютерлік вирус деген не?

    2. Вирустар компьютерге қалай түседі?

    3. Вирустар қалай жіктеледі?

    4. Антивирустық программалар дегеніміз не?

    5. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар?

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға антивирустық программалармен жұмыс жасау туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 6.6.2, 6.6.3, бет. 87-92

Компьютерлік вирус. Антивирустық құралдар.
Пән Информатика сынып 8___ Күні _._ .

сабақ №: 15 сағ.саны.: 1

Тақырып: Программаны архивациялау.

Мақсат: Оқушылардың архивациялау программалары туралы білімдерін қалыптастыру. Архивация программаларымен жұмыс істеуді үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды архивациялау программаларымен жұмыс жасауды үйрету.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

    1. Компьютерлік вирус деген не?

    2. Вирустар компьютерге қалай түседі?

    3. Вирустар қалай жіктеледі?

    4. Антивирустық программалар дегеніміз не?

    5. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар?

  2. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Ақпараттарды қорғау құралдарының бірі – резервтік көшірмелерді магниттік тасушыларда сақтау болып табылады. Егер файл жадтың көп көлемін алып, дискетке сыймайтын болса, мұндай жағдайларда ақпаратты сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады. Мұндай сығылған файлдарды тек дискетке сақтап қана қоймай, компьютерлік желілерде байланыс арналары арқылы жіберуге де болады.
Резерв (лат. reservo - сақтаймын, жинаймын), Сақтық қор - тауарлардың, ақшалай қаражаттың, шетелдік валютаның, т.б. қажет бола қалған жағдайға арналған қосалқы қоры; пайдалануға аса қажеттілік туған жағдайда жұмсау үшін сақталатын ресурстар алынатын бастау көз, қор.
Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.


Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процессі.

Файлда ақпаратты сығу процессі деректерді архивтеу терминімен аталады.

Архивтік файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық, сондай-ақ файлдардың аты, оларды жасау немесе өзгерту күні мен уақыты, өлшемі т.б. туралы қызметтік ақпараттар болуы мүмкін.

Архиваторлардың жұмысының принципі файлда «артық» ақпарат іздеуге және содан кейін ең кіші көлемге келтіру үшін оны кодтауға негізделген. Файлдарды архивтеудің ең кең тараған әдісі – бірдей символдар тізбегін сығу.

Архивтеуші-программа тек архивтік дискеттерде орын үнемдеуге ғана емес, бірлесіп пайдаланатын файлдардың топтарын бір файлға біріктіруге де мүмкіндік береді. Бұл архив жүргізуді әжептеуір жеңілдетеді.

Архивтен алу – бұл файлдарды архивке орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процессі.

Архивті шешкенде файлдар архивтен алынады да, дискіге орналастырылады.

Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар архивтеуші-программалар деп аталады.

Архивтеушілердің бәрі архивтеудің негізгі функцияларын орындайды:

- жаңа архив жасау

- архивтен файлдарды шығару

- бар архивке файлдарды қосу

- өзі шешілетін архив жасау

- көптомды архив жасау

- зақымдалған архивті толық немесе жартылай қалпына келтіру

- архивтерді бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен қорғау.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Өткен тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Ақпаратты сығу дегеніміз не?

  2. Файлдарды архивтеу не үшін қолданылады?

  3. Архивтік файл дегеніміз не?

  4. Архивтен алу дегеніміз не?

  5. Архивтеуші-программаларды атаңдар?

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға архивтік программалармен жұмыс жасау туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма
1   2   3   4   5   6   7   8


жүктеу 0.87 Mb.