Главная страница
Контакты

    Басты бет


Пән Информатика сынып 8 Күні.. сабақ №: 2 сағ. саны.: 1 Тақырып

жүктеу 0.87 Mb.



жүктеу 0.87 Mb.
бет2/8
Дата14.04.2017
өлшемі0.87 Mb.

Пән Информатика сынып 8 Күні.. сабақ №: 2 сағ. саны.: 1 Тақырып


1   2   3   4   5   6   7   8
§ 2.1, бет. 13-18

Санау жүйелері.

Пән Информатика сынып 8___ Күні _._ .

сабақ №: 4 сағ.саны.: 1

Тақырып: Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне сандарды аудару.
Аудару (Трансляция; tranlation) - 1) белгілі бір ереже бойынша бір тілден екінші тілге мағынасын көп өзгертпей аудару; 2) программалау тілдерінің бірінде берілген программаны оған эквивалент басқа тілдегі программаға түрлендіру.
Екілік арифметика


Мақсат: Оқушыларды сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару туралы білімдерін қалыптастыру. Сандарды санау жүйелеріне аудару тәсілдерімен таныстыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушылардың санау жүйелерімен жұмыс жасай білуге үйрету

Дамытушылық –Оқушылардың санау жүйелерімен жұмыс жасау білімдері мен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

1. Санау жүйесі деп нені айтады?

2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінің айырмашылығы неде?

3. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?

4. Ондық санау жүйесі деген не?

5. Екілік санау жүйесі деген не?

6. Сегіздік санау жүйесі деген не?

7. Оналтылық санай жүйесі деген не?

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру қажеттілігі жиі кездеседі.

Ондық санды екілікке ауыстырғанда, бұл санды екіге бөлу керек. Мысал, 891 санын ондық жүйеден екілік санау жүйесіне ауыстыру керек:

891 2 .

1 445 2 .

1 222 2

0 111 2

1 55 2

1 27 2

1 13 2

1 6 2

0 3 2

11

Соңғы бөліндіні және соңғысынан бастап барлық қалдықтарды бір жолға жазамыз. Жауабы: 89110=11011110112

Ауыстыру ережесі: Бүтін оң ондықсанды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін осы санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөліндіні қайтадан екіге бөліп және т.с.с. алынған бөлінді 2-ден кіші болғанша бөле беру керек. Нәтижесіне соңғы бөлінді мен соңғысынан бастап барлық қалдықтарды бір жолға жазу керек.

Ондық оң бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін қайтадан екіге көбейту керек. Енді бұл көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің келесі цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін тағы 2-ге көбейту керек және т.с.с.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

    1. Бүтін ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне санды ауыстыру ережесі?

    2. Бөлшек ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне санды ауыстыру ережесі?

    3. Ондық сандарды екілік санау жүйесіне аудару ережелері?

    4. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру ережелері?

    5. Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру ережелері?

    6. Сандарды екілік жүйеден оналтылық санау жүйесіне ауыстыру ережелері?

Тапсырма№1. Ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

А) 32210; Ә) 15010; Б) 28310;

Г) 31510; Д) 18110; Ж)17610;

Тапсырма№2. Ондық бөлшек сандарды екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

А) 0.32210; Ә) 150.700610; Б) 283.24510;

Г) 315.07510; Д) 181.36910; Ж)37.2510;
6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларды санау жүйелерімен жұмыс жасауды үйрету.
7) Үйге тапсырма § 2.2, бет. 18-23

Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.

Пән Информатика сынып 8___ Күні _._ .

сабақ №: 5 сағ.саны.: 1

Тақырып: Логика-математикалық логика, формальдау пәні. Сөйлем алгебрасы. Қарапайым және күрделi сөйлемдер.

Мақсат: Оқушылардың логикалық пікірлердің негізгі түсініктері туралы білімдерін қалыптастыру. Сөйлем алгебрасымен және сөйлем түрлерімен таныстыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды логика негіздерімен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жан-жақты дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген ынтызарлығын, танымдық қасиеттерін тәрбиелеу

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т.
Танымдық - (таным әрекеті, танырлық, танылатын, танып білерлік) танылатын үрдіс; танымдық қызығушылық - ғылым жаңалықтарын; қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге деген қызығушылық. Танымдық есеп - жаңа білім іздеуге, оқудағы байланыс, дәлелдерді белсенді пайдалануға түрткі болатын оқу тапсырмасы.
Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;


2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Бүтін ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне санды ауыстыру ережесі?

  2. Бөлшек ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне санды ауыстыру ережесі?

  3. Ондық сандарды екілік санау жүйесіне аудару ережелері?

  4. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру ережелері?

  5. Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру ережелері?

  6. Сандарды екілік жүйеден оналтылық санау жүйесіне ауыстыру ережелері?

  1. Жаңа тақырыптқа кіріспе (3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес.

Логика – бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.

Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұсқалары дараланады: формальды логика, математикалық логика, ықтималдықты логика, диалектикалық логика және т.б.
Диалектика (гр. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) - табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.
Адам әр түрлі кесте құрғанда, бір-біріне қайшы келетін куәлар жауаптарының дұрысын анықтағанда және басқа көптеген жағдайларда логиканың көмегіне жүгінеді.
Кесте (таблица; table) - мәліметтерді жолдар мен бағаналар қиылысында орналастыру арқылы ұсыну тәсілі. Әдетте, кестенің бірінші жолы бағаналардың тақырыптарымен толтырылады. Бағаналардағы мәлімет типтері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ бір бағанада орналасатын мәліметтер бір типті болуы қажет.


Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме дәл анықталған объектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.

Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.

Математикалық логиканың саласы пікірлералгебрасы ретінде, информатикада жақсы меңгерілген. Оны басқаша, логика алгебрасы деп атайды, оны алғаш рет 19 ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды.
Ғасыр - 100 жылға тең уақыт бірлігі. Грегориан күнтізбесіне сәйкес алғашқы ғасыр 1 жылдың қаңтардың 1 басталып желтосанның 31де аяқталған.


Қазіргі кезде пікірлер алгебрасының негізгі операциялары енбейтін бірде-бір программалау тілі жоқ. Логикалық есептерде тек сандар ғана емес, күтпеген, тым шиеленісті пікірлер де бастапқы деректер болып табылады.

Адамдар ақпарат алмасқандағы қатынас түрлерінің бірі – бұл сұрақтар мен жауаптарды кезектестіру. Әрбір сұрақ бізді қоршаған зат әлемі туралы мағлұматтарды білу қажеттігін білдіреді. Бұл білімді біз пайымдау түрінде айтамыз.

Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Пікірлер жалпы және жеке болып бөлінеді. Жеке пікір нақты фактілерді көрсетеді, мысалы, «3 3 <7».

Жалпы пікірлер объектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін сипаттайды, мысалы, «Егер жаңбыр жауған болса, онда көше су болып жатыр».
Пайымдау - логикалық ойлаудың екі типі. Ойдың ақиқатқа қарай ілгерілеуі білм шеңберінде тәжірибенің мәліметтері мен амалдарын жасайды, оларды қатаң тиянақталған ережелер бойынша реттейді. Оған қатаң анықтылық, бұлжымайтын шектеулермен схемаларға ойысу тән.
Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат - танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі.
Жаңбыр - бұлттан бөлініп жерге түсетін атмосфералық сұйық тамшылардың жиынтық атауы.
Мән және құбылыс - дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.
Факт - әр уақытта ешқандай шартсыз ақиқат болатын айтылым. Пролог тілінде қарастырылады. Шынымен болған, ойдан шығарылмаған оқиға, жағдай, құбылыс; берік тағайындалған білім; қандай да бір болжамды тексеру болып табылатын қандай да бір қорытынды, түйін үшін қызмет ететін тәжірибедегі мәліметтер.


Егер пікір айтылған ой объектілерінің кез келгені үшін рас болса, онда жалпы пікір тепе-теңдік ақиқат деп аталады.

Тепе-теңдік ақиқат пікірлер заттардың заңды байланыстарын көрсеткенде ерекше пайдалы.

Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

    1. Пікір дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

    2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады?

    3. Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер?

    4. Логика дегеніміз не?

    5. Логика түрлері?


6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға логика негіздері туралы жалпы мағлұмат беру.
7. Үйге тапсырма § 3.1, бет. 28-31

Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері.

Пән Информатика сынып 8___ Күні _._ .

сабақ №: 6 сағ.саны.: 1

Тақырып: Логикалық амалдар. Ақиқат кестелері. Орындау кестелері.

Мақсат: Оқушылардың логикалық амалдар және ақиқат кестелері туралы білімдерін қалыптастыру. Логикалық операцияларды қолдануды үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды логикалық амалдармен және олардың ақиқат кестелерімен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Пікір дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

  2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады?

  3. Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер?

  4. Логика дегеніміз не?

  5. Логика түрлері?

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Логикалық жалғаулықтар математикада күрделі айтылымдарды сипаттайтын логикалық операциялар болып табылады. Логикалық айтылымдармен жұмыс істеу үшін оларға ат қояды.

Әрбір логикалық жалғаулық логикалық айтылымдармен орындалатын операция ретінде қарастырылады және олардың өз аты мен белгіленуі болады.
Жалғау- сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік (к.).


Математикалық логикада ЖӘНЕ, НЕМЕС, ЕМЕС логикалық операциялары ақиқаттық мәндер кестесімен анықталады.

Ақиқаттық кестесі – бұл логикалық операцияның кестелік түрде ұсынылуы, онда кірістік операндалардың ақиқаттық мәндерінің барлық мүмкін терулері осы терулердің әрқайсысына арналған опеарцияның шығыстық нәтижесінің ақиқаттық мәнімен бірге аталған.

Логикалық көбейту.ЖӘНЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым екі А мен В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция, ал операцияның нәтижесі – логикалық көбейтінді деп аталады.

А

В

А және В

Иә

Иә

Иә

Иә

жоқ

Жоқ

Жоқ

Иә

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Мұндағы, А және В – иә немесе жоқ мәндерін қабылдай алатын екі айтылым.
Айтылым (Высказывание; proposi¬tion) - 1) кейбір пікірлер жүйесінде - тек ақиқаттығына ғана байланысты қарастырылатын, бірақ осы жүйеден тыс тағайындалған пайымдау. Пайымдау ақиқат та, жалған да болуы мүмкін; 2) айтылымды білдіретін сөйлем.


Логикалық қосу. НЕМЕСЕ логикалық операциясы белгісімен белгіленеді. НЕМЕСЕ логикалық операциясының ақиқаттық кестесі төмендегідей болады:



А

В

А немесе В

Иә

Иә

Иә

Иә

жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Иә

жоқ

жоқ

жоқ



Логикалық терістеу. ЕМЕС операциясы айтылымның үстіне сызықша салумен белгіленеді. ЕМЕС (терістеу) операциясының ақиқаттық кестесі:

А

А емес

Иә

Жоқ

Жоқ

Иә

Мұндағы А қандай да бір кез келген айтылым. Бұл операцияның ақиқаттық кестесінен, егер бастапқы А айтылымы жалған болса, онда А емес, теріске шығаруы иә мәніне ие болады. Және, кеісінше, егер бастапқы А айтылымы ақиқат болса, А емес, жоқ мәніне ие болады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

      1. Логикалық көбейту деп нені айтады?

      2. Дизъюнкция деген не?

      3. Логикалық терістеу деп нені айтады?

      4. Ақиқат кестесі деген не?


6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға логикалық амалдар туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 3.2, бет. 31-34

Логикалық операциялар.

Пән Информатика сынып 8___ Күні _._ .

сабақ №: 7 сағ.саны.: 1

Тақырып: ЭЕМ-нің логикалық негіздері. Электронды құралдар арқылы логикалық амалдарды iске асыру.

Мақсат: Оқушылардың компьютердің логикалық элементтері және осы элементтер арқылы логикалық амалдардың орындалуы туралы білімдерін қалыптастыру.

Міндеттер:

Білімділік –Оқушыларды компьютердің логикалық негіздерімен таныстыру

Дамытушылық –Оқушылардың логикалық ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

      1. Логикалық көбейту деп нені айтады?

      2. Дизъюнкция деген не?

      3. Логикалық терістеу деп нені айтады?

      4. Ақиқат кестесі деген не?

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Компьютердің логикалық элементі – элементар логикалық функцияны жүзеге асыратын электрондық логикалық схеманың бөлігі.

Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз - ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС электрондық схемалары және басқалары, сондай-ақ триггер.
Триггер (Trigger, flip-flop) - екі орнықты қалып-күйінің біреуінде ғана болатын цифрлық техниканың элементі. Екілік жүйеде берілген ақпаратты сақтау үшін қолданылады. Триггердің RS, JK, Т, D, DV және т.б.


Бұл схемалардың көмегімен компьютер құрылғыларының жұмысын сипаттайтын кез келген логикалық функцияны жүзеге асыруға болады.

Әрбір логикалық элементтің өзінің логикалық функциясын көрсететін шартты белгісі болады, бірақ ол ондағы нақты қандай электрондық схеманың жүзеге асырылғанын көрсетпейді. Бұл күрделі логикалық схемаларды жазуды және түсінуді жеңілдетеді.

Логикалық элементтердің жұмысын ақиқаттық кестелердің көмегімен сипаттайды.

Триггер – бұл компьютердің регистрлерінде екілік кодтың бір разрядын жадыда сенімді сақтау үшін кеңінен қолданылатын электрондық схема. Триггердің орнықты екі жағдайы бар, оның бірі – екілік санау жүйесінің бірлігіне, екіншісі екілік санау жүйесінің нөліне сәйкес болады.

Триггер термині ағылшынның – ілгешек, төмен түсетін ілгешек деген сөзінен шыққан.

Жадының қазіргі кездегі росхемаларында миллиондаған триггерлер бар.

Қосындылауыш дегеніміз – екілік сандарды қосуды орындайтын электрондық логикалық схема.

Қосындылауыш, ең алдымен компьютердің арифметикалы-логикалық құрылғысының орталық торабы қызметін атқарады, сонымен қатар ол машинаның басқа құрылғыларында да қолданылады.

Көпразрядты екіліксандарды қосуға арналған көпразрядты екілік қосындылауыш – бірразрядты қосындылауыштың комбинациясы.

Сонымен, бірразрядты екілік қосындылауыш – үш кірісі мен екі шығуы бар құрылғы.

Егер ұзындығы екі және одан да көп бит екілік сөздерді қосу қажет болса, онда мұндай қосындылауыштардың тізбектеліп жалғасуын қолдануға болады және екі көршілес қосындылауыш үшін бір қосындылауыштың тасымалдауының шығуы басқасының кірісі болады.
Ұзындық (Длина) - егер тетік сызбада бірақ көрінісімен кескінделген болса, оның үзындығының сандық мәнінің алдына "L" деген таңба қойылады. Ұзындығы 200 мм бұрыштықтың сызбасы көрсетілген. Ұзындықтың Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі бірлігі - метр.


Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

    1. Компьютердің логикалық элементі дегеніміз не?

    2. ЖӘНЕ, НЕМЕС, ЕМЕС схемалары деген не?

    3. Триггер деген не?

    4. Қосындылауыш деген не?


6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға компьютердің логикалық элементтері туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма
1   2   3   4   5   6   7   8


жүктеу 0.87 Mb.