Главная страница
Контакты

    Басты бет


Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

жүктеу 0.91 Mb.



жүктеу 0.91 Mb.
бет5/6
Дата08.04.2017
өлшемі0.91 Mb.

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


1   2   3   4   5   6

Негізгі сын есімдер. Қазақ тілінде, жалпы түрік тілдеріндегі сияқты, байырғы түбір қалпындағы сын есімдер кеп емес. Байырғы сын есімдерді салыстыра қарастырғанда, олардың дамуындағы екі түрлі ерекшелікті байқауға болады: біріншіден, кейбір сын есім сөздер әрі тура мән (сын есімдік), әрі заттық мән береді. Қазіргі тіліміздегі көк, қара создері сондай. Мүндай сәздердің көне дәуір ескерткіштерінде де осындай екі түрлі қолданысы бар. Тіл білімінің зат пен оның сын-сипаты жайындағы үғым бір дейтін тезисі осындай фактілерге негізделеді. Кейбір сын есімдердің зат есім тобына, керісінше кейбір зат есімдердің сын есім тобына ауысып отыруы — о бастағы осындай генезистік бірліктің заңды жалғасы.

Септеу категориясының дамуы. Ескі түркі, орта түркі тілдеріндегі септіктер жүйесі. Ол дәуірлердегі түркі тілінде септіктердің сан жа-ғынан молдығы. Ол тілдерде актив қолданылған септіктердің кейбірі жеке сөздер қүрамында "өлі" қосымща ретінде кездесуі. Септік жүйесінің дамуында байқалатын ерекшеліктер: а) кейбір жалғаулар-дың қолданудан шығуымен байланысты бірнеше түлғаға тән грам-матикалық мәндердің бір түлғаға шоғырлануы; ә) септік түлғалары варианттарының азаюы; б) септік жалғауының әрқайсысының грам-матикалық мәні мен қызметінің саралануы; в) тілдің ескі дәуірінде үшырасатын септік жалғаулары арасындағы параллель қолданыстың грамматикалық мәнер алып, синонимдік қатар қүратындығы. Септеудің екі түрі: тәуеддеулі (посессивтік) септеу, жай септеу. Тәуелдеулі септеудің белгілі бір кезендердегі басымдылығы. Оның септеу категориясының кейінгі дамуына әсері, қазіргі тіл қүрамындағы іздері. Септік жалғауларының грамматикалық мәні мен қызметінің сара-лануына меңгеруші сөздің грамматикалық, лексикалық дамуының әсері. Атау септігі. Орхон-Енисей жазбалары тіліндегі атау түлғасының қызметі мен мәні (салыстырма ыңғайында). Атау септігінің грамма-тикалық түлғасы жайлы мәселе, ол туралы алтаистикадағы пікірлер. Ілік септігінің У-ҮІІІ ғасыр жазбаларында қолданылу ерекшелігі, оның қазіргі тілдегі керінісі. Ілік түлғасының генезисі (-дақ-дік, тақ-тік, -нікі-дікі-тікі жүрнақтарымен тектестігі), басқа септік жалғау-ларымен байланысы жайындағы мәселе (менің-ге, менің-де, менің-мен), ілік жалғауының ескі түлғасының жеке сөздер қүрамындағы кейбір "елі" қосымшалармен байланысы жайлы пікірлер. Ілік септі-гінің меншіктілікпен, тәуелділікпен байланысты даму зандылығы.

Барыс септік тұлғаларының Ү-УІІІ ғ., орта ғасыр (Қашқари) жаз-баларындағы әр түрлілігі, олардың арасында байқалатын кейбір ма-ғыналық дифференсация (гару-геру, -га-ге, йа-йе, -қа-ңа). Ескі қып-шақ тілі ескерткіштерінде кездесетін түлғалар, "Кодекс куманикустегі" мүнар (бүған), бармага формалары. Қазақ фольклоры тілінде барыс септік түлғаларының қолданылу ерекшеліктері.
Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары - ол миф пен әпсаналар. Миф - фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір, өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған.
Барыс септіктің қол-данысының саралануы. Жеке сөздер қүрамында барыстың ескі түлға-сының сақталуы. Қазіргі түркі тілдеріндегі барыс жалғауының екі түрі. Оның себептері жайлы пікірлер. Барыс жалғауының генезисі, тарихи қүрамы.

Табыс септіктің ескі жазбалары тіліндегі екі түрлі тұлғасы (-г-г, -ыг-іг, -уг-уг және — и, -ын-ін, ун-ун). Ескі қыпшақ тіліндегі түлғасы. Қазіргі түркі тілінде бүл жалғаудың екі түрлі қалыптасуы. Ескі түркі тіліндегі табыс жалғауы г-ның барыс жалғауына, -ны, жалғауының ілік септікке негіз болуы жайлы пікірлер (Кийкбаев т.б.). Ескі түркі тілінде табыс жалғауының қолданылу ерекеліктері. Жатыс септік түлғасының түркі тілінде негізінен бірыңғай екендігі. У-УІІІ ғ. жазбалары тіліндегі варианттары (анта, анда) мен қодданы-лу ерекшелігі.

Шығыс септік түлғасының У-ҮІІІ жазбаларында сирек үшыра-суы, оның себебі жайлы пікірлер. Шығыс мәніңде жатыс жалғауы-ның қолданылуы кейде меңгеруші сөзге байланысты болып отыр-ғаңцығы. Орта ғасыр жазбаларында шығыс жалғауының ашық, қысаң дауыстылармен айтылатын варианттарының кездесуі. Орта ғасыр-ларда шығыс пен жатыс септіктер арасындағы диффуздық қолда-ныстың кездесуі, оның себептері. Шығыс септік түлғасының генезисі жайлы пікірлер (Рамстедт, Кононов).

Тарихи түрғыдан барыс, жатыс, шығыс жалғауларының генезистік бірлігі жайлы пікірлер.

Көмектес септіктің көне жазуларда - -н, -ын-ін, үн-үн түрінде екені. Қазіргі қазақ тіліндегі көмектес септік түлғасы тарихи жағынан үш түрлі түлғаның қызметі мен мөнін бойына жинаған түлға екендігі. Басқа түркі тіддерінде мүндай септіктің орнына шылаудың қолда-нылуы. Көмектес септігі білен шылауынан дамығандығы. Ескі құралдық септік қосымшасының қазақ тілінде кездесетін орындары. Септік жалғаулар қүрамындағы "белгілік" аффиксі туралы пікір. Ескі түркі тілінде кептік жалғаудың -лар аффиксінен басқа т қосымшасы барлығы, оның қолданылуы ерекшелігі. Кептік, екілік, қосарлық мән берген деп қаралатын —з/біз, сіз есімдерінің қүрамы-на да-қосымшасы жайлы М. Қашқаридың, С. Е. Маловтың, пікірлері. Қашқари корсететін —ен /ерен/ қосымшасы туралы. Тәуелдік жалғаулары тілдің ескі дәуірінде-ақ қалыптасқан түлғалар екендігі. Орхон-Енисей жазбаларындағы атамқа, анамқа, атасыга түлғалары. Тәуелдік жалғаулардың генезисі, қалыптасу жолдары туралы.

12-тақырып. Синтаксис. Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері.

Сөз тіркесінің дамуы.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:


  1. Синтаксис.Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері.

  2. Сөз тіркесінің дамуы.

Синтаксистік қүрылыстың даму ерекшеліктері. Синтаксистік қүры-лыстағы тарихи өзгерістердің тілдің басқа салаларына әсері мен ықпалы. Синтаксистік байланыс төсілдерінің дамуы.

Синтаксистік байланыс - сөздерді түрліше грамматикалық амал-тәсілдер арқылы мағыналық тұлғалық жақтарынан өзара тығыз байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін құрастыратын формалардың көрінісі.
Байланыс түрлерінің қалыптасуы. Қабысу — түркі тілдері тарихындағы бай-ланыстың ең ежелгі түрі екендігі.
Қабысу - синтаксистік байланыстың жиі кездесетін бір түрі. Сөз тіркесінің бағыныңқы және басыңқы сыңарларының жалғаусыз, іргелес тұрып орын тәртібі арқылы байланысуы. Қабысу сөйлемде анықтауышты не пысыктауышты өздеріне қатысты мүшелерімен, кейде күрделі мүшелермен байланыстырады.
Байланыстың басқа түрлері (ма-тасу, меңгеру) байланыстырушы морфологиялық тәсілдердің қалып-тасуының жемісі екендігі. Етістіктердің меңгеруі және есімдердің меңгеруі. Соңғы түрдің тілдің синтаксистік жүйесінің даму нәтижесі екендігі, оның себептері.

Сөз тіркесінің дамуы. Ескі түркі тіліңдегі есімді тіркестердің қалып-тасқан түрлері және қүрамы (зат есім мен зат есім, сан мен зат есім, сын есім мен зат есім, т.б.), тіркесу тәсілдері. Кейінгі дәуірлерде есімді тіркестер аумағының үлғаюы. Изафеттік тіркестер, олардың түркі тілдеріндегі үш түрі.

Изафет (парсыша: اضافه‎ - ezâfe, жалғастыру) – есім сөздердің бір-біріне бағына байланысуынан жасалған сөз тіркестерінің ғылыми атауы. Зат есім сөздердің анықтауыштық қатыстағы байланысы изафет деп саналады.
Изафеттің үш түрінің түркі тілдері даму-ының үш кезеңіне тәндігі. Предикативтік тіркестердің атрибуттық тіркестермен тарихи байланыстылығы. Етістіктердің дамуындағы ерекшеліктер, олардың көп салалығы. Меңгеруші сөз қүрамындағы семантика-грамматикалық өзгерістермен үштасып жататындығы. Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір етістіктердің бірнеше септік жалғауын меңгеруі, оның себептері.

13- тақырып. Сөйлем құрамының дамуы. Жай сөйлемдердің түрлері.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:



  1. Сөйлем құрамының дамуы.

  2. Жай сөйлемдердің түрлері.

Сөйлем құрамының дамуы. Түркі тіліндегі сөйлем номинативті екендігі, оның тарихы себептері. Сөйлем баяндауышы — сейлемді үйымдастырушы мүше. Есім баяндауыштардың тарихи қүрамы мен түрлері, дамуы. Сейлемдегі сездердің орын тәртібінің қалыптасуы. Сөздердің орын тәртібінің қалыптасуына сойлеу тілінің, поэзиялық үлгілер тілінің ықпалы. Ескі түркі тіліндегі жай сойлемдердің түрлері, олардың қүрылым-дық ерекшеліктері. Қазіргі қазақ тіліндегі сондай құбылыспен ұқсас-тығы мен өзгешеліктері. Қазақ тілі синтаксисінің коне заманғы дамутарихында негізінен ауызекі тіл мен фольклорлық шығармаларға тән аз сөзді, қарапайым сөйлемдердің басым болғандығы, ХҮШ-ХІХ ғасырлардағы жазба нүсқалар мен іс қағаздарында, мерзімді баспа-сөзде шүбалаңқы сөйлемдердің кездесе бастағаны.

Жай сөйлемдердің ескі түркі тіліндегі түрлері, құрылымдық ерекшеліктері. Қазақ тілі синтаксисінің көне заманғы даму тарихында негізінен ауызекі тіл мен фольклорлық шығармаларға тән аз сөзді, қарапайым сөйлемдердің басым болғандығы, ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Жазба нұсқалары мен іс-қағаздарында, мерзімді баспасөзде шұбалаңқы сөздердің кездесе бастағандығы.

Оқшауланған мүшелердің қалыптасуы. Оқшау сөздердің жеке түрлерінің қалыптасуы. Бұл процестің сөйлем құрылысының дамуымен, жазба тіл құрамындағы жіктеліспен ұштасып жататындығы.

Жай сөйлем құрамы мен кұрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде түрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң және жайылма сөйлем болып бөлінеді. Тұрлаусыз мүшелері жоқ, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалан, сөйлем дейді де, тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді. Мысалы: Олжабек сасыңқырап қалды. Олжабек үндемеді. Бұлар баяғы жалқау жігіттің иегінің астында келеді (Мұст.

Бүгінгі түсінігімізде - ер жеткен, кәмелетке толған ер азамат, бозбала. «Елемес - аузынан мәйегі шығып тұрған жас жігіт» (С. Омаров, Қайырлы.). «Жігіт» сөзінің ертедегі, алғашқы мағынасы өзгешерек болған.
) деген үш сөйлемнің алдыңғы екеуі тек бастауыш пен баяндауыштан құралған: Кім сасыңқырап қалды?— Олжабек — бастауыш, Олжабек не істеді? (қайтті?) сасыңқырап қалды — күрделі баяндауыш; кім үндемеді?— Олжабек — бастауыш. Олжабек не істеді?— үндемеді — баяндауыш. Бұлар — жалаң сөйлемдер. Үшінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелерден де құралган: Кім келеді?— бұлар — бастауыш, бұлар не істеді?— келеді — баяндауыш; қайда келеді?— иегінің астында — мекен пысықтауыш, кімнің иегінің астында?— жігіттің — анықтауыш, қандай жігіттің?— жалқау — анықтауыш, қай жігіттің? баяғы — анықтауыш. Сөйтіп, бұл сөйлемде бастауыш (бұлар) пен баяндауыштан (келеді) басқа пысықтауыш (иегінің астында), анықтауыштар (жігіттің, жалқау, баяғы) да бар, сондықтан ол жайылма сөйлем болып табылады.


Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты және жақсыз сөйлем болып бөлінеді. Бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болатын жай сөйлем түрін жақты сөйлем дейді де, бастауышы мүлде жоқ және баяндауышы арқылы бастауышын табуға болмайтын, баяндауыштың езі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрін жақсыз сөйлем дейді.
Ұйықты - сүт ұйытып, айран жасайтын ашытқы. Қазақ халқы піскен сүттен гөрі ұйытылған, ашытылған сүт адам организміне сіңімді болатынын ертеден білген. Сондықтан мамыр айынан бастап ақ молая түскен кезде өткен жылдан арнайы кептіріп дорбаға сақтаған Ұйықтыны сүтке құйып араластырады да, оны қанжылым етіп қымтап жабады.
Мысалы: Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл — ерте әзірлеген жауабы еді. (М. Әуезов). Кім айыпты екеніне әлі көзім жете қойған жоқ. (Ғ.
Айып (заң жолы, салт) - барымта, қылмыс, ұрлық, дәстүрді бұзғаны т.б. жағымсыз іс-әрекеті үшін қылмыскерлерге берілетін жаза.
Мүсірепов). Бірінші сөйлемнің баяндауышы — сөйлеп қапты (не істеді?), бастауышы жок, бірақ оны табуға болады: кім сөйлеп қапты?— ол, яғни бала, ол екінші сөйлемнен көрініп тұр. Екінші сөйлемнің баяндауышы — жауабы еді (бұл — не?), бастауышы — бұл (не жауабы еді?). Сондықтан бұлар — бастауышы бар я жоқ болса да, баяндауышы арқылы табуға болатын жақты сөйлемдер. Ал үшінші сөйлемнің баяндауышы (қайтті?)— көзім жете қойған жоқ, бұл — фразалық (идиомдық) тіркес, сондықтан сөйлемде бір ғана мүше қызметін атқарады: көзім деген сөзді бір бөлек, жете қойған жоқ дегенді бір бөлек талдауға болмайды. Бұл сөйлемнің бастауышы жоқ, оны табуға да болмайды. Сондықтан бұл — жақсыз сөйлем.
Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді. 1) -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді, барғым келмейді т. б.
2) түйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, сөйлеуім мүмкін, айтуы тиіс т. б.
3) -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды т. б.
4) Баяндауыш кұрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек-сілесі қатты, шарасы қалмады, тас-талқаны шықты, мойнына су құйылды т. б.
Сөйлемде ойға катысты айтылуға тиісті мүшелері түгел жай сөйлемнің түрін толымды сөйлем дейді де, айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнін түрін толымсыз сөйлем дейді. Мысалы, Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. Купі сыртынан қайыс белбеуін буып алды (Ә. Нұрпейісов). Көзінен жасы ыршып кетті. (С. Сейфуллин) деген үш сөйлемнің алдыңғысы — толымды сөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді?— шықты) да, бастауышы (кім шықты?— Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты?— сыртқа және қалай шықты — бір ытқып) та жұмсалған.
Сондықтан бұл — толымды сөйлем. Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді?— буып алды)иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалган, бірақ оны табуга болады: кім буып алды?— ол (Кәлен). Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп калған. Сондықтан екінші, үшінші, сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады.


14- тақырып. Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:



  1. Оқшау сөздер туралы жалпы түсінік.

  2. Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы.

Сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, тек айтылатын ойға қатысы бар сөздер кездеседі. Олар сөйлем мүшесі бола алмайды, себебі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. Олар — қаратпа сөз, қыстырма сөз және одағай сөз.
Қаратпа сөз сөйлемде тыңдаушысының ойға назарын аудару үшін қолданылады, сондықтан ол адамға байланысты немесе кейде көркемдік үшін адам мәніндегі жанды-жансыз ұғым атаулары да болып келеді.
Атаулар(лат. nomenclatura) - нысандар мен құбылыстарды ғылыми сипаттауда қолданылатын принциптер мен ережелердің жүйесі.
Аудару (Трансляция; tranlation) - 1) белгілі бір ереже бойынша бір тілден екінші тілге мағынасын көп өзгертпей аудару; 2) программалау тілдерінің бірінде берілген программаны оған эквивалент басқа тілдегі программаға түрлендіру.
Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды. Сөйлемде дала сөзі — қаратпа сөз, мағыналы сөз болса да, сөйлем мүшесі бола алмайды, өйткені бірде-бір сөзбен грамматикалық байланысқа түспеген. Дала Жамбылды деген сөздердің арасында грамматикалық байланыс жоқ екені белгілі. Тыңда, дала, дегенде де грамматикалық байланыс жоқ: дала 3-жақтағы зат есім, тыңда — бұйрық райдың 2-жағында айтылған етістік, тыңда дегеннің грамматикалық байланысы сен тыңда және Жамбылды тыңда.
Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады, ортасында келсе екі жағынан, соңында келсе, алдына үтір қойылады. Қаратпа сөз ерекше қарқынмен, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады.
Қарқын (Темп) - тапсырманың орындалуының немесе операцияның, құбылыстың қарқындык дамуының шапшандыгы (кейде тазалығы). Әскери істе Қарқынның мынадай түрлері болады: лап қою қарқынны; шабуыл қарқынны; десант түсіру қарқынны; теңіз десантын түсіру қарқынны, атыс қарқынны т.б.

Қыстарма сөздер сөйлеушінің айтылған пікірге әр түрлі көзқарасын білдіреді: қуанышты, өкінішті, сенімді, өтінішті, мақұлдауды, ой иесін көрсетіп, сөйлемнің мағыналылығын, бейнелілігін арттырады. Ал, сөйлем құрамына енуі пікірді жинақты, орамды, дәл түсіндіруге жәрдем етеді. Қыстырма сөздер жеке сөздермен де, сөз тізбегімен де, тіпті сөйлеммен де айтылады.

Қыстырма сөздер сөйлем ішінде үтірмен және кейде сөйлем күйінде келгенде жақшамен бөлініп, оқшауланады. Мысалы: Шынында, бұл — ойланатын жұмыс екені рас (Ғ. Мұстафин). Кім біледі, бұдан кетсе, Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас (Б. Майлин). Рас, менің байқауымша, сіздің халық — ақын халық (М. Әуезов.)

Одағай сөз. Оқшау сөздердің бір түрі — одағай сөздер айтушының көңіл күйін, сан түрлі сезімін, эмоциясын білдіру үшін қолданылады.

“Жәрдем” - Қазақстандағы тұңғыш ұлттық баспахана. Ағайынды Сұлтан, Садық, Хасан Нығметуллиндер “Жәрдем (Ярдам) серіктігі” деген атпен 1912 жылы Семейде ұйымдастырған. Баспаханадан Т.Жомартбаевтың “Балаларға жеміс” өлеңдер жинағы (1912) мен “Қыз көрелік” романы (1912), М.
Сезім - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері.
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo - толғану) - адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.


Одағайлар қалыпты баяу дауыспен айтылғанда, жазғанда одан кейін үтір қойылады, ал көтеріңкі дауыспен айтылса, леп белгісі койылады. Мысалы: Шіркін, ақын болсаң, осындай бол!— деді (М. Әуезов). Е, бәрекелді, шыныңды айттың ғой! (Г. Мүсірепов). Әй, әттеген-ай!— деп, еріксіз қамыққанын өзі де білмей, үйіне қарап аяңдады. Оқтын-оқтын күрсініп: аһ!— дегенде, жүрегі қарс айырылады. (Б. Мұқаев). О, мерейлерің үстем халайық!— деді ортадағы топтың алдында келе жатқан дембелше бойлы қара жігіт (Ә. Әбішев).

15- тақырып. Құрмалас сөйлемдердің жеке топтарының дамуында жазба тілдің рөлі.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:



  1. Құрмалас сөйлем.

  2. Құрмалас сөйлемдердің жеке топтарының дамуында жазба тілдің

рөлі.

Сөйлем құрамының дамуы. Түркі тіліндегі сөйлем номинативті екендігі, оның тарихы себептері. Сөйлем баяндауышы — сейлемді үйымдастырушы мүше. Есім баяндауыштардың тарихи қүрамы мен түрлері, дамуы. Сейлемдегі сездердің орын тәртібінің қалыптасуы. Сөздердің орын тәртібінің қалыптасуына сойлеу тілінің, поэзиялық үлгілер тілінің ықпалы. Ескі түркі тіліндегі жай сойлемдердің түрлері, олардың қүрылым-дық ерекшеліктері. Қазіргі қазақ тіліндегі сондай құбылыспен ұқсас-тығы мен өзгешеліктері. Қазақ тілі синтаксисінің коне заманғы дамутарихында негізінен ауызекі тіл мен фольклорлық шығармаларға тән аз сөзді, қарапайым сөйлемдердің басым болғандығы, ХҮШ-ХІХ ғасырлардағы жазба нүсқалар мен іс қағаздарында, мерзімді баспа-сөзде шүбалаңқы сөйлемдердің кездесе бастағаны.




7. Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны, сағат көлемі
1-тақырып. Тілдің тарихын зерттеудің көздері. Қазақ тілінің қалыптасу кезендері жайлы мәселе.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):

  1. Тілдің тарихын зерттеудің көздері.

  2. Қазақ тілінің қалыптасу кезендері жайлы мәселе.

Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [6], [9].
2-тақырып. Лексика. Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):

  1. Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуірлеріндегі тілдік тарихи

ескерткіштер

  1. Тұрақты сөз тіркестерінің (идиома, фраза) қалыптасу тарихы.

Пайдаланатын әдебиет: [2],[5], [7], [9].

3-тақырып. Өлі түбірлердің пайда болуы, лексика тарихының этимологиямен байланысы.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):

  1. Тілдің қазіргі морфологиялық құрылымы

  2. Дара қосымшалардың қалыптасуы

  3. Күрделі қосымшалардың қалыптасуы

Пайдаланатын әдебиет: [3],[4], [6], [8].
4-тақырып. Басқа тілден енген сөздерлің сипаты. Кірме сөздердің лексика,грамматика, фонетиканы дамытуға әсері және қазақ тілінде грам-матикалық, семантикалық, дыбыстық жағынан игерілу сипаты.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):

1.Басқа тілден енген сөздерлің сипаты.

2. Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытуға әсері

және қазақ тілінде грамматикалық, семантикалық, дыбыстық жағынан игерілу сипаты.

Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [3], [9].
5-тақырып. Сөз мағынасындағы өзгеріс. Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу тарихы. Лексиканың толығу жолдары.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:)

1.Сөз мағынасындағы өзгеріс.

2.Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу тарихы.

3. Лексиканың толығу жолдары.

Пайдаланатын әдебиет: [3],[5], [8], [10].


6-тақырып. Фонетика.Түркі негіз тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі. Дифтонгтар, жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:)

1.Түркі негіз тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі.

2. Дифтонгтар, жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер.

Пайдаланатын әдебиет: [3],[5], [8], [11].
7-тақырып. Дауыссыз дыбыстар. Ескі түркі тілі дауыссыздар жүйесі, оның қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:)

1.Дауыссыз дыбыстар.

2.Ескі түркі тілі дауыссыздар жүйесі, оның қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі.

Пайдаланатын әдебиет: [3],[5], [8], [9].
8-тақырып. Жеке дауыссыздардың қалыптасуындағы ерекшеліктер.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:)

1.Анлаут позициясында қолданылатын дауыссыздар

2. Интервокал позициясындағы дауыссыздар

3. Сингармонизм, ассимиляция

Пайдаланатын әдебиет: [3],[5], [8], [12].



9-тақырып. Морфология. Морфологиялық құрылыстың дамуында ұшырасатын тілдік процестер, олардың сөздің морфологиялық құрамына әсері.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:)

1.Морфология

2.Морфологиялық құрылыстың дамуында ұшырасатын тілдік

процестер

Пайдаланатын әдебиет: [3],[5], [8], [9].


10-тақырып. Сөз түбірінің дамуы. Қосымшалар. Сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:

1.Сөз түбірінің дамуы. Қосымшалар.

2.Сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері.

Пайдаланатын әдебиет: [3],[5], [8], [9].
11-тақырып. Сөз таптарының шығуы мен қалыптасуы. Септеу категориясының дамуы.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:

1.Сөз таптарының шығуы мен қалыптасуы

2.Септеу категориясының дамуы.

Пайдаланатын әдебиет: [4],[5], [7], [9].
12-тақырып. Синтаксис.Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері.

Сөз тіркесінің дамуы.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:

1.Синтаксис.Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері.

2.Сөз тіркесінің дамуы.

Пайдаланатын әдебиет: [1],[5], [8], [11].

1   2   3   4   5   6

  • Септеу категориясының дамуы.
  • 7. Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны, сағат көлемі 1-тақырып
  • 2-тақырып.
  • 3-тақырып.

  • жүктеу 0.91 Mb.