Главная страница
Контакты

    Басты бет


Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

жүктеу 0.91 Mb.



жүктеу 0.91 Mb.
бет2/6
Дата08.04.2017
өлшемі0.91 Mb.

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


1   2   3   4   5   6

2-тақырып. Лексика. Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):

  1. Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуірлеріндегі тілдік тарихи

ескерткіштер

  1. Тұрақты сөз тіркестерінің (идиома, фраза) қалыптасу тарихы.

Көне заман мен орта ғасырлардағы лексиканы жазба
ескерткіштер арқылы танитынымыз, ол кезден сөйлеу тілі лексикасы бізге толық жетпегені, сөздердің жазылуы мен айтылуы қашанда
бірдей бола бермейтіні.
Фраза (грекше phrasіs - сөйлемше) - тіл білімі мен музыкада қолданылатынтермин.
Ғасыр - 100 жылға тең уақыт бірлігі. Грегориан күнтізбесіне сәйкес алғашқы ғасыр 1 жылдың қаңтардың 1 басталып желтосанның 31де аяқталған.

Tүркі тілдері лексиканың басты 6ip ерекшелігі тy6ip сөздің ықшамдылығында. Tү6ip сөздер көбінесе 6ip буынды және мағынасыз бо-лып келетін, осыдан барып өлі тү6ip туғаны, лексика тарихының этимологиямен байланыстылығы.

Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуірлеріндегі тілдік тарихи ескерткіштерге (М. Қашкаридың "Дивани лугати ат-тюрк) еңбегі т.б.) сүйене отырып, негізгі сөздік қордың сипатына, көлеміне жаңа сөз жасауына шолу жасау. Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ лексика. Монғол, қазақ тілдеріне ортақ лексика. Қазақ тілінің сөздік қорында олардың алатын орны.

Халық тілі қалыптасу дәуірлеріндегі басқа тілдерден (орыс, шығыс тілдерінен) енген сөздердің сипаты. Сөз ауысудың өзге тілдерге әcepi. Араб-парсы тілдерінен сөз ауысып алудың тоқырауы, орыс тілінен сөз ауысудың тарихи мәні, лексика, грамматика, фонетиканы дамытуға әсepi.

Орыс тілі (өз атауы Русский язык) - орыс халқының ана тілі. Үнді-еуропа тілдерінің шығыс-славян тілдері тобына жатады. Орыс тілін зерттейтін ғылым русистика деп аталады.

Сөз мағынасындағы өзгеріс. Көптеген сөздердің негізгі (заттың) мағынасын жоғалтып, ауыспалы мағынада қолданылуы (шулен шуршу, шун бадасы, быщырш шигендей);

Ауыспалы мағына - сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады.
көп мағыналы сөздердің туу тарихы. Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы: функционалдық семантика, лексиканың мағына дамуына айғак бола алатыны.
Омонимдер(гр. homos - біркелкі, onyma - есім) - шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер. Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек.
Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.
Семантика (көне грекше: σημαντικός - танбалаушы, білдіруші) - тіл және тіл бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұның зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің бірі.
Синоним (гр. 'synonymos' - мағыналас, мәндес) - тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.

Тұрақты сөз тіркестерінің (идиома, фраза) қалыптасу тарихы. Олардың шығу тегі жай тіркестермен байланысты екендігі. Сөздердің 6ip-6ipiмен тіркесуінде, қолданылуында шек бар екендігі. Мағына­сын жоғалтқан сөздердің идиома мен қос сөздерде сақталуы.

Лексиканың толығу жолдары.

а) сөз байытудың негізгі жолдарының 6ipi — дайын сөзді көрші тілдерден ауысып алу екендігі;

ә) байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы;

б) дыбыстық өзгерістер арқылы. Бұған сөз мағынасындағы өзгеріс,


жаңалану тікелей әсер ететіні {улаг — улау — лау, екШеш — ушмеш,
гылым — Шм, маглумат — мэл1мет).

Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.

а) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі көне екендігі. Даму барысында соңғы компоненттің мағынадан ажырап, дыбыстық деформацияға ұшырауы — оны жұрнаққа айналдыратыны.

Ұғым - объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.
Деформация (ағылш. deformation) - сыртқы күштер, температура, фазалық түрленуі және ылғалдылықтың т.б. әсерінен пішіні мен өлшемдерінің өзгеруі барысында дене бөлшектерінің орнын ауыстыруына алып келетін үдеріс.
Қaзipгi қазақ тілінде ондай фактілердің молдығы (к,олк,ак, — щулащ, бшек юзш — быезж, келе турган — келетугын — келе­тш). Мағыналы сөздің шылауға, шылаудың аффикске айналу процесі.

Аффикс (жұрнақ) арқылы сөз жасалу негізгі екені. Аффикстің мағыналы түбip сөзден шығуы туралы тарихи деректер.


3-тақырып. Өлі түбірлердің пайда болуы, лексика тарихының этимологиямен байланысы.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):

  1. Тілдің қазіргі морфологиялық құрылымы

  2. Дара қосымшалардың қалыптасуы

  3. Күрделі қосымшалардың қалыптасуы

Тілдің қазіргі морфологиялық қүрылымы — оның динамикалық дамуының жемісі.

Жеміс (лат. fructus) - жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т.б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды.
Тіл қүрамында динамикалық дамудың нәтижесінде қалыптасқан элементтермен қатар, көне дәуірдің куөсі боларлықтай фактілер де кездеседі. Сондықтан тілдің морфологиялық қүрылымының тарихи дамуы оны туыс тілдер материалдарымен, тіддік тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырып зерттеу арқылы ғана емес, сол тілдің өз қүрамында қалыптасқан тілдік элементтерді зерттеу арқылы да ашылады. Қазіргі қазақ тілінің осы күнгі морфологиялық қүрылымының бүгінгі қалыпқа жету жолын да аталған өдістерді қатар қолдана отырып зерттегенде ғана айқын түсінуге болады.

Егер қазіргі қазақ тілінің фактілерін тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырсақ, онда бүгінгі тілімізде негізгі, я алғашқы түбір делініп жүрген біраз түбір сөздердің өзін алғашқы түбір мен өлі қосымшаға айыруға болатынын көреміз. Айталық, қазіргі тіліміздегі қартаю етістігін ескі жазбалар тіліндегі сондай сөзбен салыстырып, "Қутатқу білік "тілінде осы етістік қары (айқын етістік мәнінде) түрінде қолданылғандығын білеміз. Сонда қазіргі тіліміздегі қартай сөзінің қүрамыңдағы /и-ны байырғы түбірмен жымдасып кеткен ырықсыз етіс қосымшасы деп тануға тура келеді. Осы жай сол етістікті озімен түбірлес қария (кәрия) сьш есімімен салыстырғаңца тағы байқалады. Соңғы варианттар (қария, кәрия) қүрамында т элементі кездеспейді. Сондай-ақ, қазіргі тіліміздегі қалдық, тасқын, күрек, бақ, қайық, қысқаш сөздерін де алғашқы түбір мен "өлі" қосымшаға беліп қарауға әбден болады.

Морфологиялық элементтердің динамикалық дамуын қарастырғанда белгілі бір тілге тән түлғаларды, мүмкіңцігіне қарай, көне заман ескерткіштері фактілерімен де, туыс тілдер фактісімен де салыстыра қарау қажет. Мәселен, қазіргі қазақ тіліндегі көмектес септік түлғасының шығу тегін айқыңдау үшін осындай салыстыру қажет.

Септік орыс. падеж - сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, олардың арасындағы синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге заттық ұғымға қатысты грамматикалық мағына үстейтін қосымша.
Егер V—VIII ғасыр ескеркіштерінде көмектес септік мәнін бірле шылау сезі берген болса, кейінгі дөуір ескерткіштерінде осы шылау бірлен, білен түрінде кездесіп отырады.Соңғы вариант сол күйінде қазіргі түркі тіддерінің көбіңде бар. О бастағы бірле сөзінің қүрамындағы р дыбысының түсіп қалуы түркі тілдерінің тарихына жат қүбылыс емес. Ал қазақ тілінің жергілікті говорларыңда кемектес септік жалғауының -мынан (-пынан) түрі кездеседі. Сөз басыңцағы м//б сәйкестігі түркі тілдер тарихында ескіден белгілі, қазір де бар қүбылыс. Сейтіп көмектес септік жалғауы -мен-пщ о бастағы генезисі бірле шылауы екені еш күмән туғызбайды.



Тілдің морфологиялық қүрылысының даму кезендерін білуде жерплікті ерекшеліктерді әдеби тіл нормаларымен, көне дөуір ескерткіштерімен және туыс тілдер материалдарымен салыстырып қараудың маңызы зор^Бүл түрғыда мынадай жай еске алынады: жергілікті ерекшеліктер барлық жағдайда тілдің кене дәуірінің қалдығы бола бермейді.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Олардың едәуір бөлігі кейінгі кезеңдерде көрші халықтармен жиі қарым-қатынас жасап, араласудың салдары болуы да мүмкін. Алайда сонымен қатар, мына жай да ескерілуге тиіс: халықтың этникалық негізі көптеген ру-тайпалардан қү-ралғандықтан, қазіргі уақытта кейде оғыз тіддерінің белгісі, қарлүқ тілдерінің элементі деп жүргендердің біразы-ақ халықтардың қүрамына енген сол тайпалар тілдерінің қалдығы болуы да мүмкін. Сол себептен де жергілікті говорларда кездесетін бірсыпыра грамматикалық (морфологиялық) ерекшеліктердің тіліміздің морфологиялық қүрылымының тарихи даму жолдарын зерттеуде бағалы материал болуы әбден ықтимал жай.
Бағалау, экономикада - материалдық игіліктердің құнын анықтау мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы.
Мәселеге осы түрғыдан қарағаңда, оңтүстік қазақтарының тілінде кездесетін бүйрық райлық мән беретін -қын, -гын, (-кін, -гін), -ың, -ің, -қыл, -кіл, -гіл, бүйрық мәңці көптік қосымшасы -алы//елі, шығыс септік орнына-барыс, көмектес септік орнына шығыс септіктің қолданылуы, батыс қазақтарының тілінде кездесетін: бізің, сізің, мезгіл мәніңце барыс септік орнына қолданылатын: -ай//-ей, -ды//ді, -ты//ті, өткен шақ қосымшаларының орнына қолданылатын -улы//улі, жеткізу етістігінің жеттіру түрінде басқа аффикспен айтылуы, -ган есімшесінің орнына -аган//еген түлғасының қолданылуы, сүрау есімдіктерінің қанда, (қайда), қандайма (қандайда болса), қайшан (қашан) түлғаларында қолданылуы, жатқан етістігінің жатырған түрінде айтылуы (жат және жатыр сездерімен салыстырыңыз), кейбір есім түбірлерден өдеби тілде жоқ тәсілдер арқылы етістік түбірлердің жасалуы: сақ ы (сақта), сақ ын (сақтан), ен е (ен салу), уят та (уялт), қойыр, қойыру (қойылт), тіргіз (тірілт), кішірт, кішірту тәрізді кішірейткіш мәнді қосымшаларды атайды: -м: қарам, -л: көгал, -н, -ч, -ч (-ш): ақыш (өзбекше), көгіс (қазақша), -ч, -дж: ақша, азаматша, -қ, -к: жолақ, сопақ, буршақ, -с: қызылсы (қызгылт), т.б. Осы дара қосымшалардың сөз қүрамында өзара бірігуінен қазіргі түркі тілдеріндегі -лақ//-лек, -алақ//-елек, -ымдық//-імдік, -ымтыл// -імтіл, -ігылтым//-ігілтім, т.б. күрделі қосымшалар қалыптасты деп есептейді.1 Егер осылай деп қарасақ, қазақ тіліндегі ішімдік, саргалдақ, саргылтым, т.б. сөздер қүрамындагы қосымшаларды морфологиялық ығысу процесінің нәтижесінде дара қосымшалардың күрделенуінен қалыптасты деуіміз керек. Б. А. Серебренников түркі тілдері фактілерін фин-угор тілдерімен салыстыру арқылы септік жалғау қосымшаларының біразы-ақ ежелгі қосымшалардың өзара бірігіп, күрделенуінен қалыптасты деп қарайды.2
4- тақырып. Басқа тілден енген сөздерлің сипаты. Кірме сөздердің лексика,грамматика, фонетиканы дамытуға әсері және қазақ тілінде грам-матикалық, семантикалық, дыбыстық жағынан игерілу сипаты.
Бірлік - топоним: Бірлік – Қазалы ауданындағы ауыл, Аранды ауылдық округі құрамында. Аудан орт Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 26 км жерде, Сыр бойындағы «Сол жақ» Қазалы каналы бойында орналасқан.
Жалғау- сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік (к.).
Семантикалану ( орыс. семантизация, гр. ,σημαντικός - танбалаушы) - тіл бірлігі (единица) мағынасының айқындалуы, тіл бірлігінің мазмұны жайында қажетті мәліметтер беретін процесс пен нәтиже. Мысалы, лексикалық Семантикалану - мәтіндегі тіл брліктерінің мағынасын ашу арқылы анықталады.


Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):

  1. Басқа тілден енген сөздерлің сипаты.

  1. Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытуға әсері

және қазақ тілінде грамматикалық, семантикалық, дыбыстық жағынан игерілу сипаты.

Тіл білімінде ретроспективтік әдіс деп аталатын зерттеу бағытының басты айырмашылығы, сонымен, бүгінгі тіл ерекшеліктерін талдауға сүйене отырып, өткен дәуірлерге, тарихқа белгісіз кезендерге бағдар жасап, жоба құру. Жобаланған немесе қайта жобаланған (реконструкцияланған) сипатты, тілдің о бастағы табиғи қалпын сөзбе-сөз қайталау негізгі мақсат емес (ол мақсат болған күнде де, солай екендігіне кез жеткізу, тексеру мүмкін де еместігі белгілі), бірақ сол алғашқы қалпы жайында негізгі мәлімет беріледі.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Оған көз жеткізу үшін тағы да сол жобаланған сипатты бүгінгі тіддердің материалдарымен салыстыру керек болады. Тарихи грамматика жазба ескерткіштер тілін қарастырғанда да осы әдісті қодданып, осы принципті ұстанады.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Әдеби тілдің тарихы түрғысынан жазба мүралар тілі сол заманғы әдеби тіл нормалары жүйесінің жиынтығы, белгілі бір сөз иінінің (стильдің) үлгісі деп қаралады да, сол бойынша қорытынды жасалады.
Иін - өзеннің доғалданған бұрылысы және оның ішкі жағындағы жер (мыс., Еділдегі Самара иіні).
Жиынтық - геологияда: жарылымдармен шектеле отырып, бірқалыпты қатпарланған қат-қабаттар тобының немесе қатпарлардың бір бағытта ғана еңістенген осьтік жазықтықтарының бірлестігі.
Ал тарихи грамматика үшін жазба әдеби тіл ескерткіштері сол заманғы халықтың сөйлеу тілі элементтерін қарастыратын көз. Мәселе мынада: жазба әдеби тіддің қалыптасқан сындарлы жүйесі құрамында әлдебір себептермен енген сөйлеу тілі элементтері оқшауланып тұрады. Жазба әдеби тілдің өзі халық тілі негізінде (не түтастай халық тілі, не соның бір диалектісі) қалыптасатындығын, соңдықтан оның құрамында варианттар мен жарыспа элементтер болатындығын былай қойғанда, ол (жазба тіл) ауызекі сөйлеу тілімен тығыз қатынаста, тығыз байланыста болады. Мұндай байланыс сол халық өкілдерінің әдеби тіл нормаларын меңгеру дәрежесі әлі бәсең кезде, әдеби тіл халықтың бүкіл топтары арасында түгел тарай қоймаған кезеңде тіпті тығыз болады және ол белгілі бір зандылықтар шеңберіне сия бермеуі мүмкін. Қазақ тілі тарихында орта түркі дәуірінен кейін, түркі халық тілдері қалыптасу дәуірінде сол халық тілдерімен бір мезгіл, бір дәуірде бой көрсеткен түркі жазба әдеби тілі фактілерінің қазақ тілінің тарихи грамматикасын жасаудағы мәні мен ролі осында. Орта ғасырлардан біздің заманымызға жеткен ескерткіштер сол түркі әдеби тілінде жазылған. Ал түркі әдеби тілі парсы, парсы арқылы араб тілі, парсы-араб мәдениеттерінің ықпалымен қалыптасты. Ол тілдің құрамыңда парсизм мен арабизмдердің сан мөлшері мол болып қана қойған жоқ, оның сөз саптау, сөз қолдану зандылықтарына да парсы, араб тілдерінің әсері тиді. Осындай сипаттағы жазба тілдің құрамына енген ауызекі сөйлеу тілінің элементтері көзге оқшау көрінеді. Өйткені, жазбалар тіліндегі сөйлеу тілі элементтері өзгеріссіз, бұрынғы сипатын сақтайды. Сөйтіп, Орта Азиялық түркі әдеби тілінің бізге жеткен ескерткіштері қазақ тілінің тарихи грамматикасын жасау үшін жеке фактілер іздейтін көз ғана болып отырады.
Араб тілі - 2011 жылы Алматы қаласы «Нұр-Мұбарак» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - Һуда Мұхаммад ал-Банна. Беттер саны - 116.
Орта Азия - Азия құрлығының Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан Республикалары мен Қазақстанның оңтүстік облыстарының жерлерін қамтитын аймақ. Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде: «.. .
Ал фольклорларға осы тұрғыдан қарауға болмайды. Фольклор тілі халықтың сөйлеу тілінің негізінде жасалған тіл. Сондықтан оның құрамынан сөйлеу тілінің элементтері соншалық оқшауланып тұрмайды. Фольклор немесе ауыз әдебиеті тілін қазіргі кейбір зерттеушілер өз алдына ерекше қызмет атқаратын стиль түрі деп те қарап жүр.
Ауыз әдебиеті - халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
Оған себеп, сірә, фольклор тілі дәстүрінің бүгінгі жазба әдебиеті аясында да көрініп қалуы болса керек. Олай болатын себебі — фольклор тілін оның құралдарының стильдік жіктелу, өңделу тұрғысынан қарастыру мүмкін бола бермейді. Оның жүйесі тұтасынан көркем ойды білдірудің тәсілі іспетті қалыптасқан. Екінші жағынан, фольклор тілі өз сипаты жағынан ешбір диалектілік шеңберге сыймайтын, белгілі бір дәстүрлік жүйе бойынша қалыптасқан, бүгінгі сөйлеу тілі мен әдеби тіл тұрғысынан архаизмдік ауытқулары бар тіл деп қаралады. Фольклор немесе ауыз әдебиеті тілі атадан балаға ауысып, замандар бойы жалғасып келе жатқан әдеби желі. Сол себептен де оның тілі халықтың барлық топтарына да етене түсінікті.

5-тақырып. Сөз мағынасындағы өзгеріс. Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу тарихы.
Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.
Тұрақты - Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданындағы ауыл, Ақбастау ауылдық округі құрамында.
Лексиканың толығу жолдары.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:)



  1. Сөз мағынасындағы өзгеріс.

  2. Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу тарихы.

  3. Лексиканың толығу жолдары.

Көне заман мен орта ғасырлардағы лексиканы жазба
ескерткіштер арқылы танитынымыз, ол кезден сөйлеу тілі лексикасы бізге толық жетпегені, сөздердің жазылуы мен айтылуы қашанда
бірдей бола бермейтіні.

Tүркі тілдері лексиканың басты 6ip ерекшелігі тy6ip сөздің ықшамдылығында. Tү6ip сөздер көбінесе 6ip буынды және мағынасыз бо-лып келетін, осыдан барып өлі тү6ip туғаны, лексика тарихының этимологиямен байланыстылығы.

Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуірлеріндегі тілдік тарихи ескерткіштерге (М. Қашкаридың «Дивани лугати ат-тюрк» еңбегі т.б.) сүйене отырып, негізгі сөздік қордың сипатына, көлеміне жаңа сөз жасауына шолу жасау. Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ лексика. Монғол, қазақ тілдеріне ортақ лексика. Қазақ тілінің сөздік қорында олардың алатын орны.

Халық тілі қалыптасу дәуірлеріндегі басқа тілдерден (орыс, шығыс тілдерінен) енген сөздердің сипаты. Сөз ауысудың өзге тілдерге әcepi. Араб-парсы тілдерінен сөз ауысып алудың тоқырауы, орыс тілінен сөз ауысудың тарихи мәні, лексика, грамматика, фонетиканы дамытуға әсepi.

Сөз мағынасындағы өзгеріс. Көптеген сөздердің негізгі (заттың) мағынасын жоғалтып, ауыспалы мағынада қолданылуы (шулен шуршу, шун бадасы, быщырш шигендей); көп мағыналы сөздердің туу тарихы. Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы: функционалдық семантика, лексиканың мағына дамуына айғак бола алатыны.

Тұрақты сөз тіркестерінің (идиома, фраза) қалыптасу тарихы. Олардың шығу тегі жай тіркестермен байланысты екендігі. Сөздердің 6ip-6ipiмен тіркесуінде, қолданылуында шек бар екендігі. Мағына­сын жоғалтқан сөздердің идиома мен қос сөздерде сақталуы.

Лексиканың толығу жолдары.

а) сөз байытудың негізгі жолдарының 6ipi — дайын сөзді көрші тілдерден ауысып алу екендігі;

ә) байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы;

б) дыбыстық өзгерістер арқылы. Бұған сөз мағынасындағы өзгеріс,


жаңалану тікелей әсер ететіні {улаг — улау — лау, екШеш — ушмеш,
гылым — Шм, маглумат — мэл1мет).

Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.

а) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі көне екендігі. Даму барысында соңғы компоненттің мағынадан ажырап, дыбыстық деформацияға ұшырауы — оны жұрнаққа айналдыратыны. Қaзipгi қазақ тілінде ондай фактілердің молдығы (к,олк,ак, — щулащ, бшек юзш — быезж, келе турган — келетугын — келе­тш). Мағыналы сөздің шылауға, шылаудың аффикске айналу процесі.

Аффикс (жұрнақ) арқылы сөз жасалу негізгі екені. Аффикстің мағыналы түбip сөзден шығуы туралы тарихи деректер.




6- тақырып. Фонетика.Түркі негіз тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі.
Дауысты дыбыстар (Вокализм) орыс. гласные звуки - дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауанын кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның кемейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады.
Дифтонгтар, жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:)



  1. Түркі негіз тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі.

  2. Дифтонгтар, жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер.

Тіл тарихы тіл құрамыңдағы жеке элементтердің тарихы ғана емес — тілдік құралдар жүйесінің, солардың өзгеріп, дамуының тарихы. Тілдің фонетикалық жүйесінің тарихы немесе тарихи фонетика жеке дыбыстардың немесе жеке фонетикалық құбылыстардың өзгеру, даму тарихы ғана емес, ең алдымен фонетикалық заңдылықтар, фонетикалық құбылыстар жүйесінің тарихы болып табылады.
Мән және құбылыс - дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.
Тарихи фонетика бүгінгі тіліміздің фонетикалық жүйесінің құрылымы мен жүйелік зандылықтарының қалыптасуын, даму ерекшеліктерін түсіндіруі қажет. "Даму ерекшеліктері" дегенде бір тілдің өзімен ұялас, өзімен түбірлес жеке тілдерден, тілдер тобынан ерекшелену, айрықшалану, соның нәтижесінде дербестену жоддары еске алынады.

Тарихи фонетика тарихи тіл білімінің дербес саласы ретінде тарихи-салыстырма тіл білімінің даму процесінде қалыптасты.

Дербес - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл, Бадам ауылдық округі құрамында.
Фонетикалық заңцылықтарды диахрондық түрғыдан зерттеу тарихи-салыстырма тіл білімінде тарихи фонетикалық өзгерістердің бір семьяға жататын барлық тілдерге қатысты түрлерін анықтады. Тіл білімінде "жас грамматизм" ағымының ықпалымен анықталған мүндай заңдылықтар кейбір бір жақтылығына қарамай, фонетиканың өз алдына пән, дербес сала ретінде орнығуына ғана әсер етіп қойған жоқ, тарихи-салыстырма тіл білімінің теориялық жағынан жетіле түсуіне де зор себепкер болды. Тарихи фонетика сөйлеу тілінің (яғни, қазіргі, осы мерзімдегі тіддің) дыбыстарын, дыбыстық заңдылықтарын қарастырмайды. Ол тек тіддік дыбыс (звук языка) жайлы үғымды негізге алады, ал дыбыс жайлы үғым (немесе дыбыстық ұғым) фонетикалық белгілерді салыстыра қорытыңдылау барысында қалыптасады. Дыбыстық ұғым немесе дыбыс жайлы ұғым тарихи салыстырма әдісімен және іштей қайта құру, реконструкция әдісімен туыс тіддер мен диалектілер материалдарын зерттеудің соңғы, ақырғы нәтижесі болып табыла-ды.
Реконструкция (лат. re - жаңғырту мәніндегі косымша, constructio қуру) - тілдік деректері белгісіз кубылыстар мен формаларды жеке тілдердін, тілдер тобы мен семьяларынын сондай тіл бірліктерімен тарихи-салыстыру жолымен кайта жаңғыртып анықтайтын салыстырмалы-тарихи тіл біліміндегі тәсілдердін жиынтығы.
Айталық, отандық түркология "тірі" және "өлі" тілдерді тарихи-салыстырма әдіспен зерттеу арқылы түркі тілдері тарихында р > з > й, д//т > з > й, аг//ыг//уг//ег//іг//>у//й ауысуларының болғандығын анықтаса, қазіргі тіл фактілерін өзара салыстыру арқьщы (яғни, ішкі қайта құру әдісімен) қазақ тілінде сод ауысулардың р > з, д > й, к//қ, у//й тәрізді іздері сақталғандығын айқындайды. Ал мұндай сәйкестіктер қазақ тілінің кене түркі тіліне, тіпті жалпы алтайлық (түркі-монғол) тіл бірлестігіне қатысты дәрежесін көрсетеді.

Салыстыра зерттеу, сондай-ақ, түркі тілдерінің өзара айырым белгілерін айқындаумен бірге, бір тіл мен екінші тілдің байланыс дәрежесін, ондай байланыстардың жеке тілдердің қүрылымына ықпалының қандай болғанын да айқындайды.

Азайту - негізгі төрт арифметикалық амалдардыӊ бірі, қосу амалына кері амал сандардыӊ айырымын анықтайды, «−» таӊбасымен белгіленеді. Екі қосылғыштың берілген қосындысы мен осы қосылғыштың біреуі бойынша екінші қосылғышты анықтауға арналған.
Айталық, қазақ тілінде сез басында айтылатын г, г, д, з кейде б дыбысы да таза түркілік қүбылыс еместігі тарихи салыстырулар арқылы ғана белгілі болды. Сондай-ақ ішкі қайта қүру әдісін қоддану арқылы қазіргі қазақ тілінде кейбір сездердің бас шеніндегі айтылатын ж және н, а және ы, а және е, ы және / дыбыстары бір-біріне ерекше фонетикалық қүбылыс емес, бір ғана дыбыстың әр түрлі көрінісіері екенін айқындауға да болады. Мысалы: жайқалу және найқалу, арс-арс және ырс-ырс, жалт етті, жылт етті, аңқаңдау және еңкеңдеу, ырқ-ырқ және ірк-ірк тәрізді параллельдер құрамында аталған дыбыстар бірінің орнына екіншісі айтылған, бірақ бір-бірінен лексикалық дербес мағыналы сез жасалмаған. Қысқасы, бүл создер құрамында сәйкес қолданылған дыбыстар бір ғана фонетикалық қүбылыстың әр түрлі керінісі дәрежесінде ғана. Егер осы фактілерді жалпы түркілік аяда салыстырып қарастырсақ, тілдердің даму тарихында й > дж//ж дыбыс ауысулары болғандығын коруге болады. Прототүркілік д дыбысы Сібір мен Алтайдағы түркі тілдерінде (якут, т.б.
Сібір (орыс. Сибирь) - Азияның Орал таулары мен Тынық мұхит жағалауының және Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы мен Моңғолия шекарасы, Сарыарқа етегі аралығындағы бөлігі.
) қатаң дыбысқа айналса, Орта Азияға орналасқан тілдерде әлсізденіп, ұяндап кеткені белгілі. Сөз басында айтылатын ж дыбысы сондай өзгерістердің нәтижесі деп қаралады. Бұл өзгеріс Сібірдегі кейбір тілдерде басқа да сыпат алған: сез басында н дыбысы айтылатын болған: сағай тілінде нан (жан, жақ, жаны, жағы), ніске (жіңішке), наман (жаман), наңмыр (жаңбыр), нузрух (жұмырық), т.б. Сағай, қойбал тілдерінің ерекшелігі деп қаралатын осы өзгеріс жоғарыдағы сездер қүрамында қазақ тілінде де жаңғырық берген. Әрине, қазақ тілінде мүндай езгеріс оқшау қаралатын қүбылыс дәрежесіне жетпеген. Ал а е, а ы, ы / сәйкестіктері жалпы түркілік аяда қарастырғаңца екі түрлі жайды аңғартады: түркі тіддері мен монғол тілдері арасындағы жіктелістің ізі болумен бірге, чуваш тілі мен басқа түркі тілдері арасындағы жіктелістің керінісі.
Жаңғырық - бақылаушының әр түрлі тосқауылдан (үй қабырғасы, орман, т.б.) шағылған толқынды (акустикалық, электр магниттік, т.б.) қабылдауы. Бақылаушы акустикалық Жаңғырықты, мысалы, дыбысты шағылдыратын беттен қысқа уақытқа созылған дыбыс импульсін (соққы, қысқа мерзімді айқай) шағылған сигнал ретінде қабылдайды.
Шуаш тілі (Чăваш чĕлхи, чăвашла) - түркі тілдерінің оғұр тобына кіреді. Шуашстанда сөйленетін тіл. ↑ « Ethnologue»
Екінші жағынан, дауысты дьібыстардың осындай сәйкестіктеріолардың (дауыстылар жүйесінің) фонологиялық жүйе ретінде кейін қалыптасқандығының да белгісі деп қаралады. Дегенмен, дауысты-лардың сапалық белгілері сөз мағынасына экспрессивтік, эмоцио-налдық әр береді дейтін пікірдің жаны бар: ақырандау мен әкіреңцеу арасында экспрессивтік әр бар, сол әр дауыстылардың жуан-жіңішкелігіне ғана негізделген.

Дыбыс синтагматикалық фонетиканың негізгі ұғымы, екінші сөзбен дыбыс өз қасиетін, өз қызметін басқа дыбыстармен тіркесіп келгенде ғана толық айқындайды.

Синтагматика - Тіл жүйесін зерттеудегі екі аспектінің бірі, оның негізгі объектісі - сөйлеу үстінде не мәтінде жүйелі орналасқан тілдік бірліктердің бір-бірімен тікелей тіркесуінен пайда болатын ерекше Синтагматикалық қатынастарды талдау.
Сондықтан әр дәуірдегі тілдің көрінісі ретінде дыбыс тіркес қүрау қабілеті, қүрай алатын тіркестердің түрі түрғысынан қарастырылады. Осы түрғыдан қарастырганда, әр дәуірдің (не кезеңдердің) өзіне тән ерекшелігі барлығы айқындалады. Көне дәуірлердегі дыбыс тіркестерінің түрлері, жеке дыбыстардың тіркесімділік қабілеті заман өткен сайын белгілі бір өзгерістерге түсіп, басқаша сыпат алуы тіл тарихыңца жиі үшырасатын қүбылыс. Айталық, көне түркі тілінде фузияда қолданылған дыбыс тіркестері (рт, лт, нт) түркі тілдерінде, солардың бірі қазақ тілінде, кейінгі дәуірлерде өзгеріске үшырады: қатар айтылған екі дауыссыз дыбыс бір-біріне ықпаддасатын болды.
Дауыссыз дыбыстар (Kонсонантйзм) орыс. согласные звуки - тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді.
Ал мүның өзі дауыссыз дыбыстардың үндесу заңдылығының (ассимиляция) қалыптасуының көрінісі еді. Түркі тілдеріне, соның бірі қазақ тіліне, г, к дыбыстардың жуан дауыстымен тіркесіп айтылуы, ал г дыбысының жіңішке дауыстымен тіркесі тән емес, екінші сөзбен, ондай қодданыс қазақ тілінің табиғи заңдылығы емес. Алайда қазіргі тілде г, к дыбыстары біраз сөздер қүрамында (газет, комитет) жуан дауыстылармен бір тіркесте айтьшады да, г дауыссызы жіңішке дауыстылармен айтьшады. Біраз сөздер қүрамында осы дыбыстың қатаң варианты қ да жіңішке (қазір, т.б.) дауысты дыбыс айтылған сөздер қүрамында кездеседі, т.б. Қысқасы, дыбыс тіркестері немесе дыбыстардың тіркес қүрай білу қабілеті тарихи өзгермелі қүбылыс. Олар белгілі бір кезеңнің көрінісі болумен бірге, тілдің қүрамында болған өзгерістердің де куәсы.

Дыбыстар жүйесінің мәнді бөлігі фонема. Дыбыстық құрамдары бірдей, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздер фонема арқылы ғана бір-бірінен ажырап түсініледі. Екінші сөзбен, сөз мағынасы фонема арқылы ғана айқындалады. Сөз құрамындағы дыбыстың фонемалық қызметі қарама-қарсы қатынаста ғана көрінеді. Мысалы: ал, әл, ел сөздерінің құрамындағы дауысты дыбыстың фонема екендігі осындай қарама-қарсылықта ғана анықталса, шал, сал, қал, бал, тал сөздері құрамында басқы дауыссыздардың фонемалық қызметі де осы қарама-қарсы қатынаста көрініп тұр. Дыбыстың фонемалық қасиетін анықтау, әрине, сипаттамалы (синхроңдық) тіл бөлімінің негіздеріне сүйенеді. Сипаттамалы тіл білімі ғана дыбыстың фонемалық сипаты жайлы ұғымды қалыптастырады. Тарихи (диахрондық) тіл білімі сол анықтама-ұғымды пайдаланады. Тарихи фонетиканың сипаттамалы фонетикадан негізгі айырмашылығы — оның қағидалары жүйелі заңдылықтарды қорытындылап, жалпылап беруінде. Екінші сөзбен, жеке дыбыстық өзгерістерді сол дыбыс енетін жүйенің тарихи өзгерісінің бір саласы ретінде түсіндіріп баяндау — тарихи фонетиканың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Дыбыстық құрылымды синтагмалық жағынан сипаттау дыбыстардың конститутивтік және позициялық бағыныштылық белгілерінің болатындығын айқындады.

Позиция (лат. posіtіo - орны, жағдайы, орналасқан жері) - Қандай да бір нәрсенің орны, орналасуы (мысалы, шахмат тақтасындағы фигуралардың позициясы); Шекті музыкалық аспаптың мойнындағы сол қолдың бір жерде тұрып, дыбыстардың белгілі бір кезектігін орындайтын орны; Классикалық бидегі қолды ұстап тұру мен аяқтарды қоюдың бұлжымас ережелері.
Конститутивтік белгі, яғни, дыбыстың басқа ықпалға тәуелсіз қолданылуы деп оның ешбір өзгеріске түспейтін, көрші дыбыстардың әсеріне ұшырамайтын орны айтылады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.
Позициялық бағыныштылық белгісі деп көрші дыбыстардың әсеріне ұшырайтын орны, сондай ықпалдың әсерінен сәл де болса өзгеріске ұшыраған сипаты аталады. Конститутивтік белгі дыбыстың фонетикалық сапасын айқындайтын белгі болып табылады. Ал позициялық бағыныштылық белгі сол дыбыстың тарихи фонемалық қызметін айқындауда үнемі есте болатын ерекшеліктердің бірі болып табылады. Мысалы, көне түркі тілдеріндегі сөздің басқы шенінде айтылатын қатаң, қ, к дауыссыздары сөздің екінші, үшінші буындарында екі дауысты аралығында ұяндап, г, г-ға айналған. Осы құбылыс ол тілдің даму барысында тұрақталып, сөздің абсолют соңына да жайылды: ақ, агыс, бек, бегі, сарыг, кічіг, т.б. Сонда к дыбысының қатаң сипатында сөз басында қолданылуы конститутивтік белгісі де, екі дауысты дыбыс аралығында ұяңдауы позициялық бағыныштылық белгісі болып табылады. Қатаң қ фонемасының тарихи дамуы жайлы айтқанда оның соңғы ерекшелігі де есте болу керек болады.

Фонема сөздің мағынасының айырмашылығын көрсететін белгі. Фонема дыбыстық құрамы ұқсас сөздердің мағыналық дербестіктерін белгілеуде белгілі бір фонетикалық ерекшеліктерге сүйенеді. Айталық бол, бел сөздерінің құрамында о, е дауыстыларының фонемалық сапасы еріндік-езулік жасалу жолдарына негізделген. Сонымен бірге, фонетикалық құбылыс кейде сөздің белгісі бір шенінде фонемалық қатынастағы дыбыстарды бейтараптандырады, екінші сөзбен, олардың фонемалық айырым белгілерін жоққа шығарады. Мысалы, қазақ тілінде қ, к дыбыстарына аяқталатын есімдердің барлығы да тәуелділіктің III жақ қосымшасы жалғанғанда ұяңдап кетеді, аяқ — аягы, көк — көгі, т.б.

Есімдер, есім сөздер - адамның, заттың, құбылыстың, т.б. атауын, қимылын, түр-түсі мен санын, басқа да қасиетін білдіретін сөздер. Бұл сөздердің әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерге ие болғанымен, бәріне ортақ белгілері мен тұлғалық категориялары (көптік, тәуелдік, септік жалғаулары) бар.
Бірақ, қалмақы ер, қазақы ат. Бұл жерде қатаң-үяң фонетикалық құбылысының негізінде қалыптасқан фонемалық айырым белгі бейтараптанған.

Тіл жүйесін құрайтын дыбыстарды парадигматикалық тұрғыдан сипаттау фонема туралы қалыптасқан ұғымға сүйенеді. Фонеманы танудың негізі, айналып келгенде, дыбыстық құрамы ұқсас сөздердің құрамындағы айырашылықты анықтап, сол айырмашылықтар арқылы сөз мағыналарының өзгеретіндігін білу болып табылады. Сөздің құрамындағы сондай жүйелі дыбыстық өзгерістерді (парагдигматикасын) айқындап, олардың тілдің морфемалық құрылымы мен лексикалық құрамына әсерін қарастыру - тарихи фонетиканың басты міндеттерінің бірі. Бұл жерде мынадай қағида еске алынады. Тілдің даму барысында, әр түрлі тарихи кезеңдер тұсында, дыбыстардың тіркесімділік сипаты мен олардың сөздің әр түрлі шенінде қолданылу заңдылықтары белгілі бір өзгерістерге ұшырап отырады. Алғашқы сатысында жалқы өзгерістер келе-келе жүйелі топ құрайды, белгілі зандылықтар жүйесіне айналады немесе белгілі бір зандылықтар жүйесінің қалыптасуына себеп болады.

Қазақ тілінің дыбыстық, фонологиялық жүйесінің даму, тарихи өзгерістерін анықтап білуде сүйенерлік негіз қаңдай - дейтін сұрақ туады. Осыдан бұрын ескертілгендей, басқа да түркі тілдері сияқты қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі тарихи өзгерістерді білу көне түркі тілінің бізге жеткен нұсқаларын зерттеуге құрылады.

Ғылымда "Орхон-Енисей жазба ескертіштері" дейтін атпен белгілі көне түркі тілінің фонетикалық жүйесі қазақ тілі құрамында негізінен сақталғанымен, дыбыстық құрамда жеке дыбыстардың қолданылуында едәуір өзгерістер болғанын көреміз. Ондай айырмашылықтар сол тілдің фонетикалық жүйесін сипаттағанда анық көрінеді. Сонымен, көне түркі тілінің фонетикалық сипаты қандай?

Көне түркі тілінің нұсқалары руникалық жазу арқылы жетті. Ал руникалық жазу тілдің морфологиялық құрылымына негізделген. Сондықтан да ол жазу жеке фонеманың өзіндік сипатынан гөрі фонемаларды бір-бірінен дербестейтін айырмашылықтарды белгілеген. Дауыссыз дыбыстардың едәуір тобын екі түрлі таңба арқылы (жуан буындағы дауыссыздың таңбасы мен жіңішке буындағы дауыссыздың таңбасы бір-бірінен өзгеше берілген) белгілеу ол жазудың сондай ерекшелігінің салдары.

Белгілеу (Наметка) - келесі өндеулерді оңайлататын, үзындығы бойынша болімдерге болетін дайындама бетіне таңбалы ойықтар қалдыратын комекші операция; тесігі бар согылмаларды алу үшін қолданатын операция; бет пішіннің, өзара орналасудың және басқа да ауытқулардың шақтамаларын график түріндегі сызбаларда корсету; механикалық өндеу операцияларының алдында жасалатын технологиялық операция қүрамына кіреді. Дайындаманың бетіне тетіктің қарамын, тесіктердің бетін не өңделуге тиісті орындарды белгілейтін нүктелер, сызықтар, сызықіздер салу.Белгілеу механикалық өндеу сапасын арттыру үшін жасалады; бүйымдардың параметрлерін сызбаларда белгілеу.
Таңба (знак; character, symbol) - есептеуіш техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символы. Арифметикалық амалдар таңбасы (знак арифметической операции; arithmetic operation character) - арифметикалық амалдарды анықтайтын алфавит белгісі (әдетте, +,-,*,/ ).

Көне түркі тілінде 8 дауысты дыбыс болған: а,е,ы,і,о,у,ө,у. Бұлардан басқа Енисей ескерткіштерінде бірен-саран сөздерде жабық қысаң дыбысталатын е дыбысы қолданылған деп есептейді, осы ескерткішті алғаш оқып-зерттеген Дания ғалымы В.Томсен. Бұл дыбыс, ғалымның түсіндіруінше ашық дауыстысының әлдеқайда қысаң айтылатын варианты. Сонымен, көне түркі тілінде 8 дауысты дыбыс // фонема болған дейтін қорытынды өзгермей қала береді. 8 дауысты фонема мынадай топтарға жіктелген: ашық дауыстылар а, е, қысаң дауыстылар ы, і, у, у, жартылай ашық дауыстылар о, у.

Жасалу орнына қарай жуан дауыстылар: а, у, о, ы; жіңішке дауыстылар: е, ө, у, і; ерін қатысына қарай: езу дауыстылары: а, е, ы, і; ерін дауыстылары: о, ө, у, у сияқты топтарға жіктелген.

Дауысты дыбыстар мына төмендегідей топтарға жіктеледі: 1) Дауыстылардың ашық және қысаң түрлері. Бұл дыбыстау органдарының ашылу дәрежесіне негізделеді. Артикуляциялық мүшенің ашылу дәрежесіне сай дыбыстардың естілуі де екі түрлі: а, е, о, ә - ашық дауыстылар, у, у, ы, і - қысаң дауыстылары. Бұл топтар қазіргі түркі тілдерінің бәріне дерлік тән/ 2) Дауыстылардың жуан және жіңішке топтары дыбыстың айтылу тонының көтеріңкі не бәсең болуына негізделеді. Бұл принцип бойынша дауысты дыбыстар бір-біріне пар болатын екі топқа бөлінеді: а, о, у, ы — жуан, е, ә, у, і - жіңішке фонемалар. Алайда, қазіргі түркі тілдерінің барлығында осы принцип түгел сақталмайды. Бірсыпыра тілдерде жуан дауысты а-ға екі түрлі жіңішке дауысты сай келеді: а е, ә. Бұл ерекшелік қазіргі қазақ, азербайжан, т.б. тілдерге ғана тән. Жасалу орны жағынан а мен е, ә аралығында белгілі бір жақындық бары айқын. Қазақ тілінде ә дыбысы сөздің тек бірінші буынында айтылады, екінші буынында сирек ұшырайды. Екінші буында ә-нің айтылуы белгілі фонетикалық қоршауды қажет етеді. 3) Дауыстылардың еріндік және езулік топтары.

Ерін (губы); (лат. labia) - ауыз саңылауын шектейтін терілі-етті мүше. Ол үш қабықтан: ішкі - кілегейлі, ортаңғы - етті (ауыздың дөңгелек бұлшықеті) қабықтардан және сыртқы - теріден тұрады. Кілегейлі қабық екі қабаттан: ішкі - көпқабатты жалпақ эпителийден және оның астындағы өзіндік тақташадан тұрады.
Еріндік дауыстылар түркі тілдерінің барлығында кездескенмен, көпшілік тілдерде сөз ішінде бірінші, екінші буындардан аспайды. Қазіргі тіл білімінде тіддің дыбыстық жүйесін бұлайша жіктеу төмен сазды (низкая тональность) - жоғары сазды (высокая тональность), компактылы - диффузды, жай сазды (простая тональность) - бемол сазды (бемоль тональность) деп аталады. Және бұлар фонемалардың айрықша белгілерінің 12 түрлі оппозициясының тек үш қана түрі болып табылады. Екінші сөзбен, қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар лингвистикалық жағынан осы үш түрлі принциппен сипатталады.

Түркі тілдерінде дауыстыларды жіктеудің бұдан басқа да принципі, атап айтқанда, естілу дәрежесіне қарай бөлу де бар. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде тува, түрікмен, якут, қырғыз тілдерінде дауыстылардың созылыңқы айтылуы, яғни, созылыңқы дауыстылар бар. Дауыстылардың мұндай айтылуы көне ескерткіштерде де кездеседі. Махмуд Қашқари сөздігінде кейбір сөздер құрамындағы дауыстылардың созылыңқы айтылуы арнайы белгіленіп отырған.

Лингвистика (глоттология, тіл білімі; лат. lingua - тіл) - предлингвистикадан, микролингвистикадан және металингвистикадан құралатын тіл туралы ғылым. Әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.
Мазмұны 1 Туған жері 2 Өмірбаяны 3 Түркі ғалымы 4 Дереккөздер Туған жері[өңдеу] Махмұд Қашқари ( 1029-1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы.
Мысалы: аат, ааз, т.б. Мұндай фактілер үйғыр жазбаларынан да ұшырасады.

Алайда, жалпы түркі тілдеріндегі дауыстыларды шола қарағанда, олардың созылыңқы және қысыңқы (немесе: әдеттегідей) айтылуы жалпы түркілік құбылыс емес, жеке тілдер ерекшелігі екендігі байқалады. Мүның өзі созылыңқы дауыстылар түркі негіз тілінің жеке тілдерге ыдырау дәуірінде пайда болды дейтін А. М. Щербак пікірін дәлелдейді. Дауыстылардың ашық-қысаң, жуан-жіңішке топтарға бөлінуі түркі тілдерінің барлығында да бар қүбылыс. Олай болса, олар — сонау түркі негіз тілі заманында-ақ орнығып қалған қүбылыс. Дауыстылардың еріндік-езулік топтары да сондай. Дауыстылардың жіктелуінің осы принциптері бойынша қазіргі қазақ әдеби тіліңдегі дауысты фонемалар мыналар: а, ә, е, ы, і, о, ө, ү, у.

Қазақ тілі дауыстылар жүйесінің дамуын доцент Ж.Аралбаев үш түрлі кезеңге бөліп қарайды. Ол кезеңдер мыналар: көне түркі кезеңі, орта түркі кезеңі және жаңа түркі кезеңі. Бұлайша бөлудің сырт кезге Н. А. Баскаков класификациясын еске түсіргенімен, лингвистикалық негізі бар: сол аталған дәуірлерде түркі тілдері құрамында кейін заңдылыққа айналып кеткен фонетикалық өзгерістер келіп шықты. Көне түркі кезеңінде, Ж. Аралбаевтың айтуынша, түбір сөз бір дауысты фонемадан (г), дауысты және дауыссыз фонемалардан (ГС), дауыссыз және дауысты фонемадан (СГ), дауыссыз-дауысты-дауыссыз фонемалардан (СГС) құрылған. Сөйтіп бұл кезеңде фонетикалық буын лексика-грамматикалық морфемамен сәйкес болған. Соған орай үш дауысты фонема: а,ы, у болған. Қазіргі қазақ тіліндегі байырғы сөздердің де басым көпшілігі осы дауысты фонемалармен айтылады. Осы кезенде дауыстылардың еріндік-езулік жіктелуіне негізделген қосарлы түбірлер (сарт-сұрт).

Тарихи түркология түркі негіз тілінде 8 дауысты фонема болған деп есептесе де, кейбір тілдердің (ескерткіштердің де) ерекшеліктерін ескере отырып, қыпшақ тілдерінің арғы негізінде 9 дауысты фонема болған деп есептейді.

Қыпшақ тілдері - түркі тілдері арасында тіл саны бойынша ең ірі топтардың бірі. Қыпшақ тілі тармағын ғалымдар Батыс-түркі тілдері (кейде солтүстік-батыс тілдері ) деп атайды. Қыпшақ тілдері орта ғасырда көне түркі тілдері негізінде қалыптасқан.
"Түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи фонетикасының авторлары қыпшақ тілдерінің арғы негізі деп қаралатын "Кодекс Куманикус" тілінде 9 дауысты бар деп қарайды. "Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Фонетика". М., 1984, стр. 18. Сонда тоғызыншы дауысты дыбыс ә, а мен е-нің (немесе ә мен /-нің) арасында айтылған жіңішке, қысаң дыбыс болса керек:

А. М. Щербак. Сравнительная фонетика тюркских языков. Стр. 28 - 33. Алайда қазақ тілі ол фонеманы сақтамаған; әр түрлі өзгерістердің нәтижесінде ол фонемасымен ұласып кеткен. Дауыссыз дыбыстар құрамында болған бұл өзгерістердің қайсысы да грамматикалық тұлғаларға ықпалын тигізді. Бір кезгі бір сипатты, бір вариантты тұлғалардың кейбірінің қазіргі тілде бірнеше вариантта ұшырасуы соның нәтижесі. Мысалы, кетік, қатық есімдерінің құрамындағы -ік, -ық пен тұйық етістік (қимыл есім) жасайтын қосымшасы дивергенцияның нәтижесі.
Тұйық, етістік - етістіктің ерекше түрі.Іс -әрекеттің атын білдіретіндіктен , зат есімдерше түрленеді септеледі, тәуелденеді, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады.
Сондай-ақ сусы, көлгірсі туынды етістіктерін жасайтын -сы, қансыра тәрізді етістіктер жасайтын -сыра қосымшасының -сыр бөлігі, сын есім жасайтын -сыз қосымшалары да дыбыстық өзгерістердің нәтижесіңде пайда болған, тарихи тұрғыдан бір ғана қосымшаның әр түрлі варианттары ғана.

Кейбір грамматикалық тұлғалардың о баста әр басқа дыбысталса да, дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде бір ғана сипатқа келгені байқалады. Қазіргі тілімізде етістіктер құрамында қолданылатын ортақ етіс қосымшасы -с, әдетте болымсыздық қосымшасымен айтьілатын с(з) сондай өзгерістердің нәтижесі. Соңғы қосымшаның о баста түрінде дыбысталғанын көне түркі материалдары, қазіргі түркі материалдары да растайды, ал түрікмен тілі фактілері бұл бұдан да ерте дәуірде түрінде дыбысталғанын дәлелдейді (-мар). Ортақ етіс қосымшасы бір кезде түрінде дыбысталған. Сөйтіп екі түрлі дыбысталған екі тұлға қазіргі тілде дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде бір ғана сыпатта орныққан.

Түркі тілдерінің оғыз тобын түгелге жақын қамтыған ұяндау (палатализация) процесі қыпшақ тобына тән емес. Басқа да қыпшақ тілдеріндегі сияқты, қазақ тілінде де сөздің абсолют басыңда қатаң дауыссыздар, ұяңдармен салыстырғаңда, көбірек айтылады.

Жалпы түркі тілдеріндегі сөздің абсолют басының "оғыздық" және "қыпшақтық" түрлерінің қалыптасуы соншалық ежелгі құбылыс емес. Тарихи зерттеулер түркі тілдерінде сөздің абсолют басының қатаң болғанын, яғни қатаң дыбыстардан ғана басталғанын дәлелдеп отыр. Сөздің басы тек қатаң дыбыстардан ғана басталуы, ежелгі дәуірлерде дауыссыздардың ұяң, қатаң болып бөлінуі фонемалық дәрежеде болмағандығын көрсетеді. Ал кейін оғыз тіліндегі сөздің абсолют басының ұяңдауы созылыңқы дауыстылардың ықпалы дейтін пікір түркологияда қазір дәлелденіп отыр. Қазақ тіліндегі бута мен пута, бал мен пал, диірмен мең тиірмен, туз бен дуз тәрізді параллельдер тілдік сондай күйдің қалдықтары.


1   2   3   4   5   6

  • Омоним , синонимдер
  • 3-тақырып. Өлі түбірлердің пайда болуы, лексика тарихының этимологиямен байланысы . Жоспар
  • 5-тақырып. Сөз мағынасындағы өзгеріс. Тұрақты
  • 6- тақырып. Фонетика.Түркі негіз тіліндегі дауысты дыбыстар

  • жүктеу 0.91 Mb.