Главная страница
Контакты

    Басты бет


Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті

жүктеу 1.32 Mb.



жүктеу 1.32 Mb.
бет6/7
Дата13.10.2018
өлшемі1.32 Mb.

Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті


1   2   3   4   5   6   7
прагматикалық валидтілік - әдіс-темені оның тәжірибелік мағынасы, тиімділігі, пайдалылығы тұр-ғысынан тексеру.

Прагматика (грек,pragma,ілік септіктеpragmatosіс, әрекет) - семантика мен тіл біліміндегі тілдік таңбалардың кызметін зерттейтін саласы. "Прагматика"терминін 20 ғ. 30 жылдарында семиотиканың бір бөлімі түрінде Ч. У.

Сұндай тексеруді жүргізу үшін тәуелсіз сыртқы критерийлер қолданылады, яғни өлшенуші психикалық қасиеттің адамдар өмірі мен іс-әрекетінде көрініс беруі жөнінде ақпарат беретін тестке тәуелсіз сыртқы құрал қолданылады. Ондай сырт-қы критерийлерге үлгерім, кәсіптік жетістіктер, түрлі іс-әрекет барысындағы жетістіктер, субъективтік бағалау (немесе өзін-өзі бағалау) және т.б. жатады. Егер, мысалы, әдістеме кәсіптік ма-ңызды сапалардың даму ерекшеліктерін өлшесе, онда осы сапа-лар жүзеге асатынсол тәрізді іс-әрекетті немесе жекелеген опера-цияларды табу қажет. Тесттің валидтілігін тексеру үшін белгілі топтар әдісін қол-дануға болады. Бұл жағдайда критерий бойынша қандай топқа жататындығы алдын ала белгілі (мысалы, «жоғары жетістігі бар, тәртіпті студенттер» - жоғары критерий, «үлгерімі төмен, тәртіп-сіз студенттер» - төмен критерий, ал орташа көрсеткіші бар сту-денттер бұл тестілеуге қатыспайды) адамдар шақырылады, тест өткізіліп, тест нәтижесі мен критерий арасындағы корреляцияны табады. Жоғары критерий Төмен критерий Тесттің жоғары көрсеткіштері a b Тесттің төмен көрсеткіштері с d Бұл жердегі а – тест және критерий бойынша жоғары топқа енген сыналушылар, с – критерий бойынша жоғары топқа жа-татын, ал тест нәтижесі бойынша төмен көрсеткіші бар сына-лушылар. Тест толығымен валидті болса, в және с элементтері нөлге тең болуы қажет. Тест критерийі бойынша соңғы топтар арасындағы сәйкестік пен корреляция өлшемі Гилфордтың фи-коэффициенті көмегімен бағаланады. Егер P = 0,36 төмен және сыналушылар саны 30 адамнан көп болса, тест пен критерий арасында статистикалық маңызды бай-ланыс бар деп айтуға болады. Валидтілік коэффициентері сенімділік коэффициентерінен үнемі төмен болып келеді. Көрнекті психодиагносттардың пікір-лері бойынша, 0, 20 – 0, 30 – төмен, 0, 30-0, 50 – орташа, 0, 60 – жоғары коэффициент деп есептелінеді. Диангостикалық әдістемелердің ерекшелігіне байланысты оның бірнеше түрі бар. Ағымдық валидтілік. Сыртқы критерий бойынша анықталады, ол туралы ақпарат сынақ жүргізу ба-рысында (мысалы, үлгерім, өнімділік және т.б.) жи-налады. Болжамдық валидтілік. Сыртқы критерий бойынша ақпарат зерттеу өткізілгеннен біраз уақыт өткен соң жиналады. Мұндай валидтілік әдістеменің зерт-телушінің белгілі бір іс-әрекетінің жетістігін болжай алуға мүмкіндігі бар екенін айғақтайды. Болжамдық валидтілікті тексеру үшін 300-ден аса адамды, мысалы оқуға түсушілерді зерттеу қажет, ал 2-3 жыл өткеннен кейін осы адамдар арасынан «озаттар» мен «үлгер-меушілер» критерийалдық топтарын анықтап алып, тесттің бұрынғы көрсеткіштерімен корреляциясын есептеу қажет. Егер корреляция 0,4 – 0,6-дан жоғары болса, онда тестті оқуға түсушілерге кәсіптік бағдар бе-ру және олардың оқу үлгерімдерін болжау үшін қол-дануға болады. Ретроспективті валидтілік сапаның өткен уақыт-тағы оқиғаны көрсететін критерийі негізінде анық-талады. Дифференциалды валидтілікті қызығушылықтар тесттерінің мысалымен көрсетуге болады. Қызы-ғушылық тесттерінің әдетте академиялық үлгеріммен корреляциясы болады, бірақ әр пән бойынша әрқилы. Дифференциалдық валидтіліктің мағынасы инкре-менттік тәрізді шектеулі. Тесттің стандартталуы Психометрикалық тесттердің маңызды айырмашылықтары-ның біріне олардың стандартталуы жатады, ал ол болса бір сына-лаушыдан алынған көрсеткіштерді генералдық жиынтықтағы не-месе сәйкес топтардағы нақ сондай көрсеткіштермен салыстыру-ға мүмкіндік береді. Осылайша жекелеген сыналушының көрсет-кіштерін адекваттық интерпретациялауға қол жеткізуге болады. Мұндайда норма немесе нормативтік көрсеткішетр ұғымы қол-данылады. Стандарттық нормаларды алу үшін анық айқындалған критерийге сәйкес, неғұрлым көп сыналушылар санын мұқият іріктеп алу керек. Стандарттық іріктеуді қалыптастыруда оның көлемі мен репрезентативтілігін есепке алу қажет. Тесттердің нұсқауларында көбінесе стандарттық қателіктерді азайту үшін 500 сыналушыдан тұратын іріктеу жеткілікті деп саналады. Алай-да іріктеудің репрезентативтілігі оның көлеміне тәуелді емес. Мысалы, бастауыш мектепте оқитын балалардың барлық по-пуляциясының нормативтік көрсеткіштерін алу үшін көлемі 10 мыңнан астам іріктеу қажет, ал авиакомпаниялардың шеф-ұшқыштары тәрізді шектеулі популяцияның іріктеуіне сон-шалықты көп сыналушы қажет емес.

Бастауыш Мектеп - білім беру жүйесінің алғашқы сатысы. 1917 жылға дейін Қазақстандағы білім берудің бағыттарына сәйкес Бастауыш Мектептердің құрылымдық жүйесі әр түрлі болды (қара Мектеп, Ауылдық мектептер, Бастауыш халық училищелері, т.б.).

Осылайша, іріктеудің ре-презентативтілігі, оның көлеміне қарағанда анағұрлым маңызды параметр болып табылады. Кейбір жағдайларда жасына, жы-нысына, әлеуметтік мәртебесіне қарай стандартизацияның бір-неше топтарын қалыптастыру немесе стандартизациятобын стратификациялау керек болады. Үнемі норманы анықтау керек емес. Ғылыми зерттеуде психологиялық тесттерді қолдану ке-зінде нормалар мен тесттің «шикі» көрсеткіштері аса маңызды емес. Әрбір топ үшін норма орташа көлемдер мен стандарттық ауытқушылықтардың көрсекіштері арқылы берілуі тиіс. Орташа көлемді есептеу қарапайым және жақсы танымал, ал стандарттық ауытқушылық мынадай формула арқылы шығарылады: мұндағы SD – стандарттық ауытқушылық; X 2 – барлық сы-налушылардың сауалнама бойынша нәтижелері; n – сыналушы-лар саны; ∑ - қосынды. Қазіргі таңда психологиялық өлшеуге қойылатын талаптарды қанағаттандыратын стандарттық көрсеткіштер деп аталатын бағалау нәтижесі қолданылады. Мұндай көрсеткіштер сыналушы-ның жеке көрсеткіштерінің тиісті іріктеудің стандарттық ауыт-қушылығының бірліктері ішіндегі орташасынан айырмашылығын көрсетеді. Стандарттық көрсеткіштер екі жолмен алынады: бас-тапқы бағалауды («шикі») сызықтық және сызықтық емес жол-мен өзгерту. Сызықтық өзгертуде бастапқы бөлудегі «шикі» ба-ғалардың барлық қасиетері сақталады және мұндай көрсеткіштер стандарттық немесе z-көрсеткіштер деп аталады. z -көрсеткішті шығару үшін бастапқы бағалау мен нормативтік топтың орташа бағалануының арасындағы айырмашылықты тауып, оны норма-тивтік топтың стандарттық ауытқушылығына бөлеміз. Ол формула мынадай: Бұл жерде бастапқы бағалауды шкалаға өзгертудің негізгі себебі, көрсеткіштерді қай тест арқылы алынғанына қарамастан бір-бірімен салыстыру үшін жасалғанын айта кету керек. Орналастырылған «шикі» бағалары шамамен бірдей формада болса ғана сызықтық өзгерту салыстырмалы көрсеткіштер бере алады. Түрлі формадағы орналастыру негізінде алынған көрсеткіштерді салыстыру үшін сызықтық емес өзгертуге немесе нормаланған стандарттық көрсеткіштерге жүгінеміз. Сызықтық емес өзгерту процедурасы қарапайым және ол көптеген математикалық ста-тистика әдістемелік құралдарында сипатталған. Ондай көр-сеткіштер әдетте кестелер арқылы есептеледі. Бұл кестелерде ор-таша қалыпты қисықтан стандарттық ауытқушылықтың бірнеше бірлігіне артта қалған бөліктердің пайыздық жағдайлары беріледі. Алғашында әрбір «шикі» бағадан асып кеткен көрсеткіштері бар тұлғалар анықталып, соңынан осы пайыз бойынша кестеден нормаланған стандарттық көрсеткіштің тиісті мағынасын табамыз. Бұл көрсеткіштердің де, сызықтық өзгерту тәрізді орташасы (X) 0-ге және стандарттық ауытқушылығы (SD) 1-ге тең болады. Нөлдік көрсеткіш сыналушының қалыпты қисықтың орташасына сәйкес нысанаға дәл тигізіп, топтан 50 озып шыққанын білдіреді. Егер көрсеткіш –1 тең болса, сыналушы топтан 16 , ал егер 1 болса, онда топтан 84 асады. Нор-маланған стандарттық көрсеткіштерге кез-келген ыңғайлы форма беруге болады, мысалы, оны 10-ға көбейтіп және 50 шығаруды қосу арқылы «Т – көрсеткішті» аламыз, бұл жерде 50-ге тең Т ор-ташаға, 60 тең Т - орташадан бір стандарттық ауытқу-шылығының бір бірлік асады. 8 тақырып. Интеллектіні өлшеу Жоспар Интеллектіні анықтау тәсілдері Интеллектіні өлшеу тесттері, олардың түрлері Интеллект құрылымы Интеллект құрылымы туралы иерархиялық теориялар Интеллект тесттері зерде, ақыл-ойдың даму деңгейін анық-тауға арналған. Бұл жерде интеллект деп жеке даралықтың кез-келген көріністері емес, танымдық үрдістер мен қызметтер (ой-лау, ес, жад, зейін) туралы айтылып отыр. Интеллект тесттер психодиагностика әдістемелерінің ішіндегі тарихи ертеректе пай-да болғаны болып есептеледі. Психодиагностикада ақыл-ой дамуының тұрақты көрсеткіші ретінде «интеллектуалдық коэффициент» деген ұғым қалып-тасқан. Бұл коэффициент психодиагностикалық жолмен «ақыл-ой жасын» (орындалған тест тапсырмаларының санына қарай) хро-нологиялық немесе паспорттық жасқа бөліп және алынған санды 100-ге бөлу арқылы шығады. Егер көрсеткіш 100-ден жоғары болса, онда зерттелушінің үлкен жасқа арналған тапсырмаларды орындағаны, егер IQ төмен болса, онда зерттелушінің өзінің жа-сына сәйкес тапсырмаларды орындай алмағаны болып табылады. Арнайы статистикалық аппарат арқылы нормалар шегі анық-талады, яғни белгілі бір жастағы адамның интеллектуалыдқ дамуынан хабар беретін IQ көрсеткіштер есептеледі. Ол шектер 84-тен төмен болса, ол төмен интеллект, егер 116-дан жоғары болса, интеллектуалдық дамудың жоғары көрсеткіші деп қарастырылады. Шетелде, әсіресе АҚШ-та интеллектуалдық тесттер білім саласында кең тараған. Оқу орнына және жұмысқа орналасуда тесттер практикалық психологияның міндетті құралы ретінде қолданылады. Көп тараған интеллект тесттеріне Д.Векслердің, Р.Амтхауэрдің, Дж.Равеннің Стенфорд-Биненің тесттері жатады. Бұл тесттердің сенімділігі мен валидтілігі тұрақты болып та-былады. М.К.Акимова, Е.М.Борисова, К.М.Гуревич, В.Г.Зархин, В.Т.Козлова, Г.П.Логинова, А.М.Раевский, Н.А.Ференс – осы ав-торлар ұжымы оқуға түсушілерге арналған интеллектуалдық да-муды анықтайтын АСТУР тестін құрастырып шығарды. Тест 8 субтесттен тұрады: 1) мағлұматтылық, 2) қосарланған ұқсастықтар, 3) лабильділік, 4) жіктеу, 5) жалпылама, 6) жүйелік кестелер, 7) сандар қатары, 8) геометриялық пішіндер. Тестілеу нәтижесін өңдеу барысында тек орташа ұпай ғана емес, сондай-ақ зерттелушінің жеке дара тестілік профилін де анықтауға болады. Адамның қабілеттерін мына топтарға бөлуге болады: жалпы қабілеттер (заңдылықтарды анықтауға қабі-леттілік интеллектінің жалпы деңгейі); модальдық жалпы қабілеттер (вербалдық интеллект, нумерикалық интеллект (есептеуге мүмкіндік беретін), кеңістіктік интеллект, техникалық практикалық интел-лект);

Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.

Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.

арнайы қабілеттер (белгілі бір арнайы іс-«рекет түр-лерін жеңіл және жемісті тгеруге жағдай жасайды: му-зыкалық қабілеттер, техникалық қабілеттер, әртістік, пе-дагогикалық қабілеттер); жеке-дара қабілеттер (психикалық танымдық қыз-меттердің даму деңгейі: жад, ес, зейін, қабылдау, ойлау, елестету). Адамның танымдық үрдістерінің жиынтығын интеллект анықтайды. Интеллект – ол саналы әрекет ету, өнімді ойлауға, өмірлік жағдайларды жақсы шеше алуға жоғары қабілеттілік (Векслер), яғни интеллект адамның қоршаған ортаға бейімделе алу қабілеті ретінде қарастырылады. Алғашында Спирмен (1904 ж.) мынадай пастулаттар құ-растырды: интеллект адамның басқадай тұлғалық сипаттарына тәуелді емес; интеллект өзінің құрылымына интеллектуалдық емес сапаларды қоспайды (қызығушылықтар, жетістікке жету түрткілері, үрейлену және т.б.). интеллект ақыл-ой қуатының жалпы факторы ретінде танылады. Спирмен кез-келген интел-лектуалдық іс-әрекеттің жемісі жалпы факторға, жалпы қабі-леттерге тәуелді екендігін көрсетті. Осылайша, ол интеллектінің басты факторын (G факторы) және арнайы қабілеттердің көр-сеткіші болып табылатын S факторын бөліп көрсетті. Спирменнің пікірі бойынша, әрбір адам белгілі бір жалпы интел-лектуалдық деңгейімен сипатталады. 9 тақырып. Тұлғалық сауалнамалар Жоспар Тұлғаны зерттеудің маңызы: жалпы ережелер Бақылау Анамнез әдісі. Анамнез әдісін бағалау Корреляциялық әдіс. Корреляция әдісін бағалау Тұлғаны зерттеудің маңызы: жалпы ережелер Тұлғаны зерттеу (бақылау немесе эксперимент болса да) мі-нез-құлыққа қатысты күрделі сұрақтарға жауап беретін ақпарат немесе дәйек жинау құралынан тұрады. Ғылыми әдіс міндетті түрде эмпирикалық тексеруден өтуі қажет.

Ғылыми әдіс - жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.

Бұл жан-жақты ба-қылау немесе эксперименттен соң нақты дәйектер немесе айны-малылар арасындағы ара қатынасты анықтау дегенді білдіреді. Айнымалыларды зерттеу үшін қолданылатын процедуралар басқа зерттеушілер оларды тексере алу үшін жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Ғылыми зерттеудің бұл аспектісі зерттеу практикасының басты күші болып табылады, себебі қате ақпараттардан арылуға көмектеседі. Эмпирикалық әдістің екі артықшылығы бар: біріншісі, ол қа-телікке жол бермейді. Егер екі зерттеудің қорытындысы бір-бі-ріне сәйкес келмесе, персонологтар оны анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізеді. Екіншісі, адамдарды және олардың реак-цияларын қалай сипаттау керектігі туралы түсініктері, па-йымдаулары анық, әрі нақты эмпирикалық әдіс қызықтырған оқиғаларды немесе құбылыстарды сипаттағанда тек ғылыми тілді ғана қолданады. Бақылау Кез-келген зерттеу, мейлі ол ауру тарихын зерттеу, корреля-циялық тәуелділікті анықтау немесе зертханалық эксперимент болса да бақылауды қолданады. кейбір жағдайларда зерттеу идея-сының тууы жүйесіз бақылаудан басталады (мысалы, сыныптас екі қыздың төмен баға үшін мұғалімді кінәлауы). Мінез-құлық туралы ақпарат алудың басқа жолы – жүйесіз бақылауға қарағанда шынайы өмір жағдайындағы көріністерді бақылау және тіркеу (бірақ, бұл жолы анағұрлым жүйелірек). Ол шынайы бақылау деп аталады. Балалардың ойын үлгілері мен достық қарым-қатынастары, жасөспірімдердің антиәлеуметтік мінез-құлқы, толық және қалыпты салмағы бар адамдардың та-ғамға қатысты әдеттері, іскерліктегі сәтті менеджерлердің бас-қару стилі, сондай-ақ көптеген клиникалық құбылыстар шынайы бақылау жолымен зерттелген. Бұл мінез-құлықты түсіндірмейді, бірақ әдеттегі ортада адамдардың өздерін қалай ұстайтындығы жайында ақпарат береді. Алайда шынайы бақылаудың да шегі бар. Негізгі мәселе ба-қылаушылардың көп жағдайда өздері басқара алмайтын, алдын- ала болжанбаған оқиғалардың жәй ғана куәсі болатындығында. Бұған бақылаушының өз мәселелері де қосылады: пайымдаулары және бақыланушы оқиғаның кейбір аспектілеріне баса мән беруі. Бақыланушы адамдар санының аздығы да сынға ұшырауда. Ай-талық, бақылаушы конфликтіні шешу стилін үшін зертеу үшін отбасының пікірталасын бақылайды. Конфликтіні шешу тәсіліне білдірмей әсер етуі үшін ол отбасы мүшелерінің сеніміне қандай деңгейде ие болуы қажет. Бұған қарамастан, шынайы ба-қылаудың артықшылықтары айқын: біз адамдар мінез-құлқының үлгілерін зертхананың жасанды атмосферасынан емес, күнделікті жағдайлардан аламыз. Анамнез әдісі. Анамнез әдісін бағалау Жеке адамның мінез-құлқын ұзақ уақыт бойы бөлшектеп зерттеу ауру тарихын немесе анамнезді зерттеу деп аталады. Бұл әдіс психологиялық мәселелері бар адамдарға диагностика жүр-гізу және емдеу мақсатымен клиникалық межицинада қолда-нылады. Мысалы, Фрейдтің психодинамикалық теориясы жекелеген клиникалық жағдайларды қарқынды зерттеу негізінде анықталды. Бұл әдісті әдетте психотерапия үрдісінде немесе диагноз қоюда өмір тарихы зерттелінуші психикалық аурулармен немесе мәсе-лесі бар пациенттермен жұмыс жасағанда қолданады.

Психотерапия (гр. psyche - жан + therapeia - емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия - кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы.

Тек нақты бір тұлғаның ауру тарихын неғұрлым кеңірек, бөлшектеп си-паттау мен талдаудан тұрса да, оларды зерттеу өте маңызды бо-лып табылады. Себебі, бір ғана клиникалық жағдай адам мінез-құлқының белгілі бір заңдылықтарын түсінуге жол ашады. Мы-сал ретінде өлім жазасына кесілген 15 ер адамның ауру тарихын зерттеуге үңілуге болады. Оларға кесілген жаза орындалуы қажет болғандықтан, солардың кандидатурасы таңдалып алынды. Зерт-теушілердің таңырқауына орай, 15-ң де анамнезінде бас қаң-қасының ауыр жарақаты болған, ал 12-ң миының зақымдануының белгілері тіркелген және көбінің интеллектуалдық даму деңгейі ортадан төмен болған. Алынған нәтижелер қылмыскер жайлы қа-лыптасқан қатігез, суыққанды, адам өлтіруші деген таптаурын бейнені өзгертуге алып келді.

Қылмыскер- қылмыс жасаушы адам, яғни мемлекеттің қылмыстық заңында қылмыс деп көрсетіліп, жаза белгілеу арқылы тыйым салынған әрекеттің жасалуына кінәлі адам.

Клиникалық жағдайларды зерттеудің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. артықшылығы тұлғаның жеке дара сапа-ларының күрделілігін және қарама-қайшылығын толықтай қам-туға мүмкіндік береді. бір немесеғ бірнеше индивидуумның өмір-лік тәжірибені қалай жинайтынын, күйзелістерменикүресуін зерт-теу қажет болса, онда клиникалық оқиғаларды зерттеу әдісін қол-дануға болады. қандай да бір феноменнің өте сирек кездесетін жағдайларын зерттеудің жалғыз әдісі клиникалық оқиғаларды зерттеу әдісі болып табылады. Кемшіліктері. біріншіден, зерттеуші анықтаған ара қа-тынастарының себеп-салдары бар екендігіне толық сенімді бола алмайды. Екіншіден, бұл әдісте тек бір адам ғана зертте-летіндіктен, жалпылама қорытынды шығару мүмкіндігі шектеулі. Үшіншіден, клиникалық жағдайды зерттеуден алынған нәтиже-лер ретроспективті немесеғ өзінің шығу тегі бойынша анық болмауы мүмкін (бұрмаланған). Соңында, дәйектер дәлелденсе де, индивид ерекшеліктері туралы қорытындыға зерттеушінің жеке басының құштарлықтары мен пайымдаулары еніп кетуі мүмкін. Корреляциялық әдіс. Корреляция әдісін бағалау Клиникалық жағдайлар әдісінің шектеулерін жеңу үшін, зерттеушілер корреляциялық әдіс деп аталатын альтернативтік әдісті қолданады. бұл әдіс оқиғалар арасында және солардың ішінде өзара байланыс орнатуға тырысады. Айнымалы – кез-кел-ген өлшенуі мүмкін көлем. Мысалы, үрейлену – айнымалы, се-бебі оны өлшеуге болады және де адамдардың үрейленуінің кө-ріну деңгейі де әрқилы. белгілі бір дағдыны қажет ететін тап-сырманы орындау дәлдігі де өлшеуге болатын айнымалы болып табылады. бірқатар адамдардың үрейлену деңгейін, сондай-ақ со-лардың әрқайсының топпен бірге күрделі тапсырманы орын-даудағы әрекеттерінің дәлдік деңгейін өлшеп корреляциялық зерттеу жүргізуге болады. егер жарияланған нәтижелер басқа зерттеулермен дәлелденсе, онда үрейлену деңгейі төмен субъекті-лердің тапсырманы орындау дәлдігінің көрсеткішетрі анағұрлым жоғары деп санауға болады. тапсырманы дәлдікпен орындауға басқа да факторлар (мысалы, осыған дейінгі оны орындау тә-жірибесі, түрткі, интеллект) әсер етуі мүкін. болғандықтан, әрекеттердің дәлдігі мен үрейлену арасындағы байланыс толық сенімді емес, дегенмен де ол назар аударуды қажет етеді. Корреляциялық зерттеу кезіндегі айнымалыларға сы-нақтардың нәтижесі, демографиялық сипаттамалар (жас, жыныс, өмірге келу реті және әлеуметтік-экономикалық мәртебе), өзін-өзі бағалау, түрткілер, құндылықтар мен ұстанымдар, физиология-лық реакциялар (жүрек соғысының жиілігі, артериалдық қан қы-сымы және тері-гальваникалық реакция), сондай-ақ мінез-құлық стилі.

Құндылықтар - бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады.

Демография (грекше демос - халық) - белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.

Корреляциялық әдісті қолданғанда психологтар жоғары бі-лімнің кәсіби жемістілікке әсері бар ма өзін-өзі бағалау мен жалғыздықтың арасында өзара байланыс бар ма деген тәрізді сұрақтарға жауап іздейді. Корреляциялық әдіс ол сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруден басқа, бір айнымалының нәтижелері екіншісінің нәтижелеріне сәйкестігіне сандық баға берумен айналысады. ол үшін психологтар корреляция коэффи-циенті деп аталатын статистикалық индексті есептеп шығарады. Корреляция коэффициенті (кішкентай r әрпімен белгіленеді) бізге мынаны көрсетеді: 1) екі айнымалының тәуелділік деңгейін және 2) ол тәуелділіктердің (тікелей және теріс тәуелділік) бағытын көрсетеді. Корреляция коэффициенті -1 (толық теріс немесе сәйкессіздік тәуелділігі) 0 арқылы байланыстың болмауы 1 (толық тәуелділік немесе тікелей тәуелділік) дейін. Нөлге жақын коэффициент өл-шенуші екі айнымалының бір-бірімен ешқандай да байланысы жоқтығын көрсетеді. Яғни Х айнымалысының үлкен немесе кіші көрсеткіші Y көрсеткішінің үлкен немесе кіші көрсеткіштерімен маңызды байланысы жоқ дегенді білдіреді. мысал ретінде мына екі айнымалыларды алайық: интеллеект пен дененің салмағы. Жалпы алғанда, толық адамдардың арық адамдарға қарағанда интеллектісі төмен немесе жоғары деп айта алмаймыз және керісінше, 1 немесе-1 корреляция коэффициенті екі айнымалы-ның арасында толық, бұлтартпас сәйкестік барлығын айта аламыз. Толық сәйкестік корреляциясы тұлғаны зерттеуде мүлдем кездеспейді деп айтуға болады, сондықтан да көптеген психологиялық айнымалылар бір-бірімен байланысты болса да, оның деңгейі соншалықты күшті емес. 0,30 және0,60 ше-гіндегі корреляция коэффициенті тұлғаны зерттеуде жиі кездеседі. Сондықтан да ғылыми болжам жасау үшін теориялық және практикалық маңызы бар. 0 мен 0,30 арасындағы кор-реляция коэффициентіне сақтықпен қараған жөн, олардың ғылыми болжам үшін құндылығы төмен. Бір айнымалының үлкен көрсеткіштері басқа айнымалының үлкен көрсеткіштерімен байланысты болуы немесе бір айныма-лының аз көрсеткіштері басқа айнымалының аз көрсеткіштерімен байланысты болуы оң корреляция дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, екі айнымалы бірге үлкейіп, бірге кішірейеді. Мысалы, адамның бойы мен денесінің салмағы арасында оң корреляция бар. Жалпы алғанда, бойы ұзын адамдардың, бойы төмендерге қарағанда үлкен салмақты болу тенденциясы бар. Тағы бір оң корреляция – балалардың теледидар бағдарламаларынан көретін зорлық-зомбылық көріністерінің саны мен олардың өздерін аг-рессивті ұстауы арасында байланыстың болуы.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.

Орташа алғанда, балалар теледидардан зорлық-зомбылық көріністерін неғұрлым жиі көрсе, соғұрлым агрессивті мінез-құлық танытады. Теріс корреляция бір айнымалының жоғары көрсеткіштерінің басқа айнымалының төмен көрсеткіштерімен (және керісінше) байланыстылығын білдіреді. Кері корреляцияға мысал ретінде студенттердің сабаққа жиі келмеуі мен емтихандарды жемісті тапсыруы арасындағы байланысты алуға болады. Жалпы алғанда, сабақтан жиі қалатын студенттер емтиханда төмен баға алу тен-денциясын жиі байқатады. Сабақтан аз қалған студенттер жоғары бағалар алады. Басқа мысал – ұялшақтық пен табандылық. Ұялшақтық көрсеткіші бойынша жоғары ұпай алғандар сенімсіз мінез-құлық көрсетуге бейім, ал ұялшақтық көрсеткіші төмендер табандылық, сенімділік танытады. Корреляция коэффициенті 1 немесе -1 неғұрлым жақын болса, зерттелінуші айнымалылардың арасындағы байланыс соғұрлым күштірек болады. 0,80 кор-реляция коэффициенті 0,30 корреляция коэффициентіне қа-рағанда екі айнымалы арасындағы анағұрлым күшті тәуелділікті көрсетеді. -0,25 корреляция коэффициентіне (r) қарағанда, -0,65 r айнымалыларының өзара күшті байланысын білдіреді. Кореляция коэффициенттің сандық мағынасына ғана тәуелді екендігін есте ұстаған жөн, коэффициент алдында тұрған « » немесе «-» белгілері корреляцияның оң немесе теріс екендігін ғана білдіреді. Мысалы, r = 0,70 көрсеткіші де күшті корреляцияны аңғартады. Корреляциялық әдісті бағалау. Корреляциялық әдістің кейбір айрықша артықшылықтары бар. Эксперименталдық зерттеулер көмегімен тексере алмайтын айнымалылар жиынтығын зерттеуге мүмкіндік береді. Мысалы, балалық шақта басыанн өткен жыныстық зорлық көрсету мен ересек жасындағы эмоционалдық мәселелер арасындағы бай-ланысты анықтау үшін корреляциялық талдауды қолдану әдептік тұрғыдан алғанда жалғыз тәсіл болуы мүмкін. Дәл осы тәрізді, адамның құндылық бағдарларының ата-ананның тәрбиелеуі арасындағы сәйкестік қаншалықты екенін анықтау үшін де осы әдісті қолдануға болады, себебі
1   2   3   4   5   6   7


жүктеу 1.32 Mb.