Главная страница
Контакты

    Басты бет


Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті

жүктеу 1.32 Mb.



жүктеу 1.32 Mb.
бет5/7
Дата13.10.2018
өлшемі1.32 Mb.

Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті


1   2   3   4   5   6   7
дәлдігі осыған тәуелді. Л.

Дәлдік (Точность; precision) - жылжымалы нүктелі санның машинальгқ түрінің разрядтылық сипаттамасы; Дәлдік (Точность) - процестің, бұйымның және заттың қарастырылған параметрлерінің ақиқат мендерінің олардың теориялық номиналдық мәндеріне жақындық дәрежесі.

Кронбах пен Г.Глесер бастапқыда тұлға туралы жалпылама түсінік алуға мүмкіндік беретін толық стандартталмаған әдістемелерді (мы-салы, жобалау әдістемелері) қолданудан тұратын сатылы стра-тегияны ұсынады. Өңдеу және интерпретация кезеңі Алынған сандық нәтижелердің пайдалы екендігімен психо-диагностика саласындағы көптеген мамандар келіседі. Алайда зерттеу нәтижелерін қалайша жалпылау керек деген кереғар көз-қарастар туындайды. Клиникалық тәсіл негізінен сапалық көрсеткіштерге сүйеніп, оларды толық қамтуға тырысады. «Субъективтік пайымдауға» және кәсіби тәжірибеге сену оның маңызды ерекшелігі. Статистикалық тәсіл объективтік көрсеткіштерді, олардың мысалы, регрессия теңдігі немесе факторлық талдау түріндегі статистикалық өңделуін есепке алады. Субъективтік пайымдау рөлі едәуір төмендейді. Осы саладағы жұмыстарды талдауға сүйене отырып, осындай пікірталастардың негізін салушы П.Мил клиникалық болжамға қарағанда статистикалық болжам анағұрлым тиімдірек деген тоқ-тамға келеді (20 зерттеуге шолу жүргізіледі, олардың біреуінен басқасы статистикалық тәсілдің пайдасына шешіледі). Ол кейінгі зерттеулермен де дәлелденді (Barenberg, 1961). Сөйтсе, диаг-ностикалық нәтижеле көлемінің өсуі бастапқыда болжамның дәл-дігінің артуына, соңынан кемуіне әкеліп соғады екен. Клиникалық болжамның ең осал тұсы – бейнені тұтас көру мақсатында ұсақ, жекелеген бөлшектерді құрбандыққа шалуы.

Құрбандық - Алла жолына арнап шалынатын мал. Құрбандыққа мал шалу дәстүрі ислам тарихында өз ұлы Исмаилды Алла ризалығы үшін құрбан етпек болған Ибраһим пайғамбарға байланысты шыққан. Құрбан айт кезіндегі құрбандық үшін малдың үш түрін: түйе, сиыр, қой не болмаса ешкі союға болады.

Бірақ бұдан клиникалық тәсілді психодиагностикадан алып тастау деген қорытынды шықпайды. статистикалық тәсіл тұлғаны жан-жақты сипаттау, себеп-салдарлы байланыстарды және қаты-настарды ашу міндеті қойылғанда клиникалық тәсілдің орнын баса алмайды. Тест қолдану тиімсіз болған жағдайларда кли-никалық тәсілді басқамен алмастыру қиын.

Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.

Өз жұмысында негізделмеген критерийлер бойынша тиімділікті бағалауды жүзе-ге асырған зерттеулерге сүйенген деп көрсеткен, П.Милдің көзқа-расын сынаушылар статистикалық және клиникалық бағалауды жақтаушылар арасындағы кереғар пікірлерді одан сайын өршітті деп санайды. Толыққанды диагностикалық зерттеулерде негізделген пси-хологиялық қорытынды шығару арқылы статистикалық нәти-желер шегінен шығуға болады. «Талқылауда субъективтік сәттер-ден шектен тыс қорқу және нәтижелерді таза механикалық, ариф-метикалық жолмен алу қате. Субъективтік өңдеу болмаған жерде, яғни ойлаусыз, интерпретациясыз, нәтижелердің жұмбағын ше-шу, талқылау болмаған жерде ғылыми зерттеу болмайды» (Выготский). Диагностикалық жағдайлардың көпшілігінде кли-никалық және статистикалық тәсілдер өзара үйлесімді түрде қол-данылуы қажет. Шешім қабылдау кезеңі Н.Сандберг пен Л.Тайлер диагностикалық шешімдердің үш деңгейін бөліп көрсетеді. Бірінші деңгейде зерттелінуші туралы мағлұматтардан диаг-ностикалық қорытынды шығарылады. Мысалы, әдістеменің тапсырмаларын жемісті орындау ойлаудың бұзылуының жоқ-тығы туралы шешім шығаруға мүмкіндік береді. Бұл іріктеуге не-гіз болады. Мұндай «селекциялық» тәсілде психологты жекеле-ген сыналушылардың тест тапсырмаларын неліктен орындай ал-мағаны қызықтырмайды. Индивидуалдық болжам жасалмайды. Бұл деңгейдегі диагноз клиниканың қорытындыларын өзіне, бі-рақ түсініктердің басқа түрінде қайтарып береді. Л.С.Выготский мұндай диагнозды «айқын, көп жағдайда шетелдік және түсі-ніксіз тілде» қайталау дейді. Психологты машинамен алмастыруға болатын диагнос-тиканың осы типі кеңестік кезеңде көп сынға ұшыраған. Сынмен келісе отырып, оның қажетті тұстарын да атап кеткен жөн (мы-салы, дифференциациялау мақсатында көп адамға зерттеу жүр-гізу). Екінші деңгей жекелеген зерттеулер нәтижелері мен диагноз арасындағы делдалдарды тудыруды білдіреді. Н.Сандберг пен Л.Тайлер сипаттаушы жалпылама мен гипотетикалық конст-руктты делдалдар ретінде ұсынады. Ол жалпылау деңгейінің тө-мендігін, психикалық үрдістер қарқынының бәсеңдеуін анықтап, осы нәтижелерді ойлаудың бұзылуы деп жалпылайды. Гипо-тетикалық конструкт ретінде бұзылудың психологиялық құры-лымын ашуды алуға болады. Бұл кезеңде зерттеуші диаг-ностикалық жұмыстың келесі кезеңдерін жоспарлауға, ықпал ету-дің нақты әдістерін таңдауға мүмкіндік алады. Үшінші, жоғарғы деңгейде сипаттаушы жалпыламадан, гипо-тетикалық конструкттан тұлға теориясына көшу жүзеге асуы қа-жет. Зерттелуші жағдайдың жұмыс үлгісі құрылады, онда құбы-лыстың психологиялық мағынасын, оның құрылымын неғұрлым нақ, әрі негізді түрде ашуға мүмкіндік беретін, тұтастықтан және түсініктерден құралған индивидтің нақты ерекшеліктері беріледі. Тұлғаның үлгісін құруға ұмтылған зерттеуші көптеген қиындықтарға тап болады. Көп қиындықтар «вербалдық нақты бейнелерді (немесе олардың жиынтығын) үлгімен, теориялық құ-рылыммен теңестіру кезінде туындайды. Мысалы, зерттеушілер тұлғаның ержүректік, агрессивтілік, табандылық және т.б. сапалары туралы айтқанда, олар көп жағдайда теориялық құры-лымдар қасиетін иеленбеген нақты бейнелер жиынтығын – яғни тек синдромдарды жайында ғана сөз етеді. Бейнелер мен үлгілер арасындағы айырмашылықтарды ескермеудің нәтижесінде индивидтің психологиялық қасиеттерін оның мінез-құлық стилі-мен оңай теңестіруге болады. Тұлғаның бір ғана қасиетінің мінез-құлық ретіндегі көріністерінің алуан түрлілігінің кеңдігі, мысалы шыншылдық, табандылық, ержүректік тәрізді белгілі бір әлеуметтік идеалдарды жүзеге асыру тәсілдері санының кеңдігіне тең» (К.

Табандылық - адамның ұнамды ерік-жігер сапаларының бірі. Табандылық - қиыншылықтар мен кедергілерге қарамастан мақсатқа қалайда жетуге бағытталған еріктік қасиет. Табандылық баланы мектепке дейінгі жастан бастап-ақ шамасы жететіндей тапсырмаларды аяғына дейін орындай білуге, өзінің мінез-құлқын алдағы нәтижеге бағындыру, кейде тікелей, сол сәттік ниеттілікке қарама-қарсы әрекет жасауға дайын болып мақсатты нәтижеге жетуге тәрбиелеу негізінде жетіледі. Табандылық қасиеттерін кемелдендіруде, бұл тұрғыдағы тәрбиеде мәнді мақсаттар және тапсырылған іс үшін жауапкершілік пен борыштылықты ұғынудың маңызды мәні бар. Табандылық - көптеген ішкі-сыртқы қиыншылық пен кедергілерге қарамастан алдына қойған мақсатына жетуден көрінетін ерекшелік. Мұндай кісі ылғи да қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда кездесетін небір ауыртпалыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп, мақсатына жетіп отырады. Осындай жағдайда оның ерік-жігері бұрынғыдан да бетер шыңдала, әкетіле түседі. Бұған екі аяғынан бірдей айырылса да, әскери ұшқыш қызметіне қайта оралған Совет Одағының батыры Алексей Маресьев пен кешегі азамат соғысында екі қолынан айырылған жас қазақ жауынгері Мыңбай Тұрсыновтың өмірі жақсы мысал бола алады. Соңғысы ауруханада жатқанда бақайымен жазу жазды, аузымен қыл қаламды тістеп сурет салды, елге келгесін шалғымен шөп те шапты, жеміс бағын да өсірді, мәшине жүргізуді үйренді, совхозда есепші болды. Кейін өз басынан кешкен осы қиыншылықтарын "Өліммен беттескенде" (1965) дейтін кітабында баяндады. Осы мысалда табандылық, тек тепсе темір үзетін, қол-аяғы балғадай, жеті мүшесі сау адамдарда ғана кездесетін қасиет емес, қандай қиын жағдайда да жан аямай тіршілік ете, еңбек етуді ерекше сүйе білетін адамдардың қасиеті екендігі байқалады. Табандылық кісі таңдамайды, тілесе кім болсын, айқын мақсаты бар, еңбексүйгіш, іске мейірлене, құлшына кіріскен адамның бойына даритын қасиет.

Шыншылдық - құнды адами қасиет, шындықты айту, алдамау, растау қабылеті.

Обуховский, 1981, 49 б.). Жоғарғы деңгейде диагноз жүргізу тұлғаның маңызды сапаларын іріктеу, олардың арасындағы ішкі байланыстарды ашу қажеттігіне кезігеді, ал ол болса психологиядағы тұлғаның жалпы теориясының ахуалымен байланысты. Н.Сандберг пен Л.Тайлер ұсынған диагностикалық қорытындылар типтері ресей психологтары А.А.Невский мен Л.С.Выготский одан ертеректе бөліп көрсеткен диагноздың даму сатыларымен үндеседі. Бірінші саты – симптомдық (эмпири-калық) диагноз, соның негізінде практикалық шешімдер құра-лып, белгілі бір ерекшеліктерді немесе симптомдарды атаумен ға-на шектеледі.

Симптом (гр. σύμπτομα)) - аурудың белгісі. Мәселен, ауыз шырышты қабығына әр түрлі морфологиялық элементтер бөртіп шығады. Солардың ішінде ақ таңба лейкоплакия ауруына тән белгі болса, жалпақ қызыл теміреткінің негізгі белгісі - қатты түйіншектің пайда болуы.

Екінші саты – этиологиялық диагностика, ол тек белгілі бір симптомдарды ғана емес, оларды тудырған себептерді де есепке алады. Осы жерде қателіктерге ұрындыратын едәуір қиын-дықтарға кезігеміз. Үшінші саты – типологиялық диагностика, тұлғаның типін анықтауда осы ұғымның динамикалық мағынасын қолданады. «Даму үрдісі үнемі белгілі бір жоспар бойынша ашылады, белгілі бір тип бойынша жүзеге асады, басқаша айтқанда, жеке-дара жағдайлардың алуан түрлерін типтік жағдайлардың белгілі бір санымен салыстыруға болады...» (Выготский, 1983, 318 б.) Диагноздың аталған деңгейлерін альтернатива ретінде тү-сінуге болмайды. Ол тек танудың түрлі сатылары ғана. Диагноз бен болжамда тұлғаның тек теориялық үлгілері ғана есепке алынбауы қажет. Қоршаған ортаның, нақты жағдайлардың өзгешелігін талдау қажет. «Біз «жалқау баланың» кім екенін, егер кімнің, қандай әлеуметтік жағдайда, кімге және қандай негізде осындай анықтама бергендігі жайлы білетін болсақ қана түсінеміз» (Обуховский, 1981, 50 б.) Жеке-дара – психологиялық тәсіл әлеуметтік-психологиялық тәсілмен толықтырылуы керек. Психодиагностикалық зерттеу алынған нәтижелермен, ауру терапиясының қолайлы әдістерімен, реабилитациямен және т.б. байланысты жүзеге асыруды қажет ететін әрекеттер бағдарламасын құрастырумен аяқталады. Диагностикалық зерттеудің қорытындылары түсіндіруші ұғымдар ретінде ұсынылуы қажет, яғни арнайы терминологияны қолданып, нақты әдістемелер арқылы алынған нәтижелері емес, олардың психологиялық интерпретациясы сипатталады. Қолда-нылған терминдердің тиісті теорияға сәйкестілігі анықталуы қа-жет, мысалы «Айзенк бойынша интроверт» немесе «Роршах бо-йынша интроверт» (Обуховский, 1981). Психодиагностикалық зерттеу жүргізудің әдебі Өкінішке орай, отандық психодиагностиканың диагнос-тикалық зерттеулерінде туындайтын әдеп мәселелеріне аз мән беріледі.Соңғы жылдары ТМД көлемінде құрастырылған (мыса-лы, Ресейде, Украинада) психологтың әдеп кодексі жалпылама түрде, бастысы – оларды жүзеге асыруды қадағаланбайды. Пси-ходиагностика саласындағы шетел психологтарының, маман-дардың жұмыс тәжірибесі тесттерді басып шығару және қол-дануда көптеген әдеп мәселелеріне кезігеді. Америкалық психо-логиялық ассоциацияның қабылдауымен шыққан психологтың практикалық, оның ішінде психодиагностикалық іс-әрекетін рет-теудің нормативтік-құқықтық нормаларын үлгі етуге болады (то-лығырақ А.Анастазиді, С.Урбинаны қараңыз, 2001). Шетел пси-хологтары атап көрсеткен кейбір мәселелерге тоқтала кетейік. Тесттер «Психологиялық және білім тесттеріне арналған стандарттарда» сипатталған талаптарға, ал психологтың іс-әрекеті «Әдеп стандарттарымен және мінез-құлық кодексі-мен» реттелуі керек. Тестті қолданушы оның валидтілігі мен сенімділігі, оны қолданудағы шектеулер жайлы мағлұматы болуы керек. Тесттерді іріктеуге, алынған нәтижелерді интер-претациялауға баса мән беру керек. Кез-келген диагностикалық құрал зерттеу мақсатына сәйкес келуі қажет. Кәсіби психо-логиялық құралдарды кез-келгеннің қолдануына жол берілмеуі қажет. Компьтерленген тесттермен жұмыс жасауға ерекше талап-тар қойылады. Компьютерлік сынақты ешқашанда психологсыз өткізуге болмайтындығын есте ұстау қажет. Әдістемелерді теріс пайдалану қолданушының өзі туралы, өзінің мүмкіндіктері жа-йында бұрмаланған пікірлердің пайда болуына, көп жағдайда психологиялық жарақаттаушы ықпал етуі мүмкін. Тесттердің конфиденциалдылығына үлкен мән беріледі. Ешбір психолог тесттердің барлығын бірдей білуі мүмкін емес, сондықтан да алдын ала дайындалу артық емес. Кейбір тесттерді қолдану арнайы білімдерді және оқытуды қажет етеді. Мысалы, Калифорниялық психологиялық сауалнамамен жұмыс жасау үшін АҚШ-да қабылданған талаптар бойынша психо-логтың лицензиясы болуын талап етеді. Зерттелінуші өзіне ұғынықты түрде тесттің мақсаты жайында, сондай-ақ алынған нәтижелердің қалай қолданылатындығы жайында мағлұматтар алуы қажет. Сонымен қоса, ол тесттің нәтижесін білуге құқылы. Психодиагностика саласындағы маман адамдармен жұмыс жасап қана қоймайды, оның оларға ықпал ете алатын үлкен мүмкіндіктері бар, ол үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Лицензия (лат. licentia - рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат. Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

Біздің зерттеулеріміздің зерттелінуші үшін тұлғалық мағынасы бар екендігін естен шығармауымыз қажет. Осыдан психологтың кә-сіби әдебінің маңызды талаптарының бірі – тұлғаға моралдық зиян келтірмеу. Психологиялық диагностикада «айдар тағу», зерттелінушіге жоғарыдан қарау тәрізді мәселелер мүлдем бол-мауы керек. 7 тақырып. Психодиагностиканың психометрикалық негіздері. (Тест құрастырудың негізгі кезеңдері) Жоспар Тапсырмалар санын анықтау (тесттің спецификасы) Тапсырмаларды құрастыру Тестті безендіру Алғашқы қолданылуы (пилотаждық зерттеу) Тапсырмаларды талдау Тесттің сенімділігін анықтау Факторлық талдау Тесттің сенімділігі Тесттің валидтілігі Тесттің стандартталуы Тапсырмалар санын анықтау (тесттің спецификациясы) Тестті құрастырмас бұрын оның не үшін қажет екендігін нақ-ты білу қажет. Сондықтан да алғашқы қадам болашақ тесттің мақсатын анықтаудан басталады. Содан соң болашақ тесттің спецификациясын құрастыруға мән беру қажет. Оны кесте тү-рінде беру ыңғайлы, онда көлденеңінен, өлшенуі қажетті маз-мұндық аймағы, ал тігінен – олардың манифестациясы немесе мазмұндық аймағы көрінуі мүмкін жолдар орналасуы қажет. Мысалы, Дж. Руст пен С.Голомбоктың (Rust, Golombok, 1988) «жұбайлардың мәртебесінің сауалнамасы» құрастыруда са-рапшылар ретінде, отбасылық терапевттер мен кеңес беру-шілердің, сондай-ақ осы мамандардың клиентерден алған мәлі-меттеріне сүйенген. Сарапшылардан әйел мен еркек арасындағы өзара қарым-қатынас салаларының, олардың пайымдауынша үй-лесімді отбасы үшін аса маңыздыларын атауды өтінді. Клиент-терден алынған ақпарат жұбайлардың өзгеріс енгізгісі келген отбасылық өмірдің мәселесі бар аймағын аңғаруға мүмкіндік бе-реді. Осының негізінде «ортақ қызығушықтар мен тәуелділік-тә-уелсіздік деңгейлері», «вербалдық – вербалдық емес коммуни-кация», «сенім мен құрмет» және т.б. тәрізді мазмұндық аймақтар бөлініп көрсетілді. Болашақ тесттің мақсатын айқын түсіну өл-шенетіннің тізімдер қатарын құруды жеңілдетеді. Мани-фестацияның спецификациясы кезінде оларды жүзеге асырудың түрлі формаларын қамтамасыз ету қажет. Мысалы, жоғарыда аталған сауалнаманы құрастырғанда «қарым-қатынаста байқала-тын ұстанымдар мен сезімдер» жұбайлар арасындағы «вербалдық және вербалдық емес коммуникациялар» манифестациясы ретін-де қарастырылды. Практикалық тұрғыдан әрбір ось бойынша 4-тен 7-ге дейін категориялар құрастырылады. Категориялардың аздығы сауал-наманы тым тарылтып, ал ал көптігі сауалнаманы құрастыру үрдісін тым күрделендіріп жібереді. Нәтижесінде тор пайда болады, оның ұяшықтар саны, мінез-құлық манифестациясының санына көбейтілген зерттеу үшін жоспарланған параметрдің санына тең. Кесте 3.1 Болашақ сауалнаманың спецификациясы Манифестациялар Мазмұндық аймақтар Сауалнама құрастыру кезінде тор ұяшықтарының өлшемі 16-дан 25-ке дейін (мысалы, 44, 4х5, 54 немесе 55) нақты құрастыруға, ұсынуға және өңдеуге болатын тест ұзындығы үшін ең тиімдісі деп саналады. Әрі қарай, әрбір ұяшық үшін қанша тапсырма, мысалы сұрақ болуы керектігін анықтау қажет. Бұл міндетті шешу кезінде па-раметрлердің ішіндегі біреуін өлшеудің басқасына немесе бас-қаларына қарағанда қандай маңызы барлығын зерттеуші бас-шылыққа алуы қажет. 1.1. кестесінде көрсетілген торда А және В деп белгіленген мазмұндық аймақтарға салмақтың 40 , ал С және D - салмақтың 10 қосу керек. Ал әрбір А, В, С, D мани-фестацияларына 25 салмақ беріледі.

Салмақ - Жер бетіне жақын тұрған денеге әсер ететін ауырлық күшінің сандық шамасы: P=mg, мұндағы m - дене массасы, g - еркін түсу үдеуі (немесе ауырлық күшінің үдеуі). Дененің массасы тұрақты шама, ал g мәні Жер бетіндегі ендікке және теңіз деңгейінен есептелетін биіктікке байланысты (мысалы, Алматы үшін g=9,804м/с2) өзгеретіндіктен, оған сәйкес дененің салмағы да өзгереді.

Жалпы алғанда барлық мазмұндық аймақтар (көлденеңінен) мен манифестациялардың (тігінен) пайыздық салмағы 100 болуы тиіс. Пайыздық сал-мақтардың бұлайша орналасуы әрбір ұяшық үшін барлық тап-сырмалардың қанша бөлігін құру қажет екендігін көрсетеді. Ке-лесі қадам тестке қанша тапсырма енгізу қажеттігін шешуден тұрады. Бұл жерде тордың өлшемін және тапсырмаларды орын-дауға кететін уақыт тәрізді факторларды ескеру қажет. Тап-сырмалар санын анықтау кезінде зерттеуші алдынан екі дилемма шығады: бір жағынан, тесттің сенімділігі, ол тапсырмалар санын көбейтуді талап етеді, екінші жағынан – зерттеу жүргізу бары-сында зейінді шоғырландыруға жағдай жасауды білдіретін, зерт-телінушінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін тапсырмалар санының неғұрлым аз болуы. Сауалнаманың сенімділігіне қол жеткізу үшін, ол орындау уақыты 10 минуттан аспайтын 20 тап-сырмадан аз болмауы қажет. Сонымен қоса, тест тапсырмалары-ның санын анықтауда зерттелінетін контингенттің ерекшеліктері де маңызды рөл атқарады. Құрастырушылар жүргізген бастапқы (пилоттық) зерттеулердегі тесттің алғашқы нұсқасының тапсыр-малар саны, соңғы нұсқаға енгізілетіндерден 50 көп болуы ке-рек. Тордың әрбір ұяшығының пайыздық салмағы анықталып жә-не тесттің пилоттық нұсқасына арналған тапсырмалар саны бекі-тілген соң, әрбір ұяшық үшін қанша тапсырма құрастырылғанын есептеу қиын емес. Төмендегі тор (Rust, Golombok, 1989) 80 сұ-рақтан тұратын сауалнама көмегімен пилотаждық зерттеу жүргі-зуге қажетті, әрбір ұяшыққа арналған тапсырмалар санын құ-райды. (кесте 1.1) Кесте 3.2 Сауалнаманың мазмұндық аймақтарының – манифестациялар мен тапсырмалар санының пайыздық салмағын анықтау Манифестациялар Мазмұндық аймақ Тапсырмалар саны А B C D 40 40 10 10 A (25) B (25) C (25) D (25) 8 8 2 2 8 8 2 2 8 8 2 2 8 8 2 2 20 20 20 20 Тапсырмалар саны 32 32 8 8 80 Әрбір ұяшықтың тапсырмалар санын есептеу үшін тұлға-ның кейбір қасиеттерін өлшеуге арналған тапсырмалардың жал-пы санын, мінез-құлық көріністерінің пайыздық салмағына кө-бейтеміз. Мысалы, тордағы ұяшықтың сол жақ шетіндегі тап-сырмалар санының қатынасы 25 32 тапсырмаға тең, ол 8 тап-сырманы құрайды – 25 100  32 = 8. Егер әрбір ұяшық үшін тапсырмалардың тұтас саны шықпаса, оны дөңгелектеу керек. Тапсырмаларды құрастыру Әрбір тапсырмада тек бір сұрақ немесе пікір болуы мүмкін екендігін ең алдымен көрсету қажет. «Осы адам немесе басқа адамдар үшін», «басқалар тәрізді» және т.б. типте құрастырылған тапсырмалардың болмауын қадағалау керек. Әрбір тапсырма (сұ-рақ) өте анық және қарапайым құралуы тиіс. Мағынасы бұ-лыңғыр түйіндерден аулақ болып, неғұрлым қарапайым жауаптар нұсқаларын ұстанған жөн. Зерттелушілер бұл тапсырма қандай сапаны өлшеуге арналғанын сезбеулері қажет. Олай болмаған жағдайда олардың жауаптары, ахуалдың шынайы көрінісінен емес, өз бойындағы осы сапа жайындағы көзқарасынан тұратын болады. Тапсырмалар зерттелінуші мінез-құлықтың жалпы аймақ-тарын емес, нақты аспектілерін қамтуы қажет. Мысалы, «Сізге спорт ұнайды ма» дегеннен гөрі, «Сіз қандай да бір спорттық ойынмен жиі айналысасыз ба» деген нақты сұрақты қолданған жөн. Мүмкін болса, «жиі», «сирек» және т.б. сөздерді қолданудан бас тартқан абзал. Басқаша айтсақ, тапсырмаларды құрастыруда әрекеттердің жиілігін көрсететін сөздерді өте сақ қолданған жөн. Мысалы, «Сіз спирттік ішімдіктерді жиі қолданасыз ба» деген сұрақ ахуалдың шынайы көрінісін емес, зерттелушінің субъек-тивтік пікірін білдіреді. Сондай-ақ сезімдерді білдіретін тер-миндерден аулақ болған жөн. Одан гөрі тапсырманы мінез-құлық контексінде ұсыну керек. Мысалы, «Сіз көркем әдебиет оқы-ғанды ұнатасыз ба» деген тапсырманы «Сіз көркем әдебиетті үнемі оқисыз ба» деген сұраққа ауыстырған жөн. Ұсынылған жауаптарды сыналушының қабылдауы өте ма-ңызды. Сыналушы дұрыс емес деп қабылдаған жауаптар таңдал-мауы мүмкін. Тапсырмлаар құрастырылып болған соң, оларға қайта ора-лып, түйіндерді тағы бір рет бағалап шығу қажет. Ол үшін екі-үш сарапшыны шақыруға болады. Тұлға сауалнамаларында әдетте тапсырмалардың үш типі қолданылады. дихотомиялық, трихо-томиялық және рейтингтік шкаласы бар тапсырмалар. Альтер-нативтік таңдауы бар тапсырмалар (дихотомиялық) кең таралған, олар түсінуге оңай, өңдеуі жылдам. Оларға жауап беру үшін көп уақыт кетпейді. Бірақ зерттелушілер ұсынылған аль-тернативаға көңілдерінің толмауы, жауап нұсқаларының көп болуын қалауы бұлардың кемшіліктеріне жатады. Трихотомиялық тапсырмалар (жауаптың үш нұсқасы «иә», «жоқ», «білмеймін») да көп таралған, альтернативаға қарағанда сыналу-шының өзін неғұрлым дәл көрсете алуы олардың артық-шылықтары болып табылады. Жауаптардың екіден көп болуы-ның кемшілігі жауаптың нейтралдық нұсқаларын таңдау ұста-нымдарын бекітуі мүмкін («білмеймін», «кейде» және т.б.). Жауап нұқсаларының санына қойылатын арнайы ережелер жоқ. Рейтингтік шкаланы қолданатын сауалнамаларда жетіден артық жауап болмағаны дұрыс. Құрастырылушы сауалнамада тапсырмалардың тек бір типін ғана қолданған дұрыс. Тұлғалық сауалнамалар тапсырмаларын құрастыруда туын-дайтын негізгі мәселелер ұмтылушы (установка) факторлардың актуализациясы. Келісуге ұмтылу (установка на согласие) кері тапсырмаларды енгізу арқылы жоюға болады, олардың саны «тікелей» тапсырмалар санына тең болуы қажет. Мысалы, «Мен өз анаммен қарым-қатынасыма ризамын» пайымдауын «Мен өз анаммен қарым-қатынасыма риза емеспін» пайымадуымен то-лықтыруға болады. Кері тапсырмаларды енгізгенде олардың ма-ғынасын тексеру қажет. Қосарланған теріс пайымдаулардан да аулақ болған жөн. Сауалнама тапсырмаларынан сыналушы әлеуметтік қолдау – қолдамау тұрғысынан баға беруі тиіс жауаптарды алып тастау арқылы әлеумет қолдайтын жауапқа ұмтылуды азайтуға бо-лады. Егер белгілі бір себептермен оған қол жеткізу қиын болса, онда сыналушы өзін жақсы жағынан көрсететін жауапқа ұм-тылмас үшін, жанама сұрақтарды енгізген жөн. Мысалы, «Адам-дар үнемі маған қарсы әрекеттер жасап жүреді» (параноидтық тенденцияларды анықтау) пайымдауын «Мен кейбір адамдарға толық сенемін» деп ауыстыруға болады. Бұл ұмтылумен тиімді күресу үшін, сыналушының әрбір сұраққа көп ойланбай жауап беруін талап ету керек. Кейбір зерттеушілер сауалнама құрастыру барысында әлеу-мет қолдайтын жауаптарға ұмтылатын тұлғаларды анықтайтын арнайы тапсырмалар топтарын қолданады. Ол тапсырмалар бар-лық адамдар жасайтын болмашы теріс қылықтардан тұрады. Мы-салы, «Мен ешқашанда өтірік айтпаймын» немесе «Мен кез-десулер мен шақыруларға үнемі кешікпей Екіұшты жауаптарға ұмтылудан (орташа категориядағы жауаптар) бас тарта алмаған жағдайда, сыналушының мұндай жауаптарға ұмтыл-мауын сауалнаманың нұсқаулығында атап көрсетілуі тиіс және зейіннің шашыраңқылығына, соның негізінде «ең жеңіл жауап-ты» таңдауға алып келмес үшін, ондай сұрақтар көп болмауы керек. Тапсырмалар орташа категориядағы жауаптарды таңдауға ұмтылмайтындай болып құрастырылуы қажет. Ең шеткі жауаптарға ұмтылу әдетте рейтингтік шкалаларда көп қолданылады. П.Клайнның пікірі бойынша, ең шеткі жа-уаптардың әрекетінің нәтижесінде, сыналушының таңдауына кең мүмкіндік беретін рейтингтік шкалалардың артықшылықтары жо-йылып кетеді. Қорытындылай келе, Гилфордтың нақтылығы жоқ, анық-талмаған және біркелкі емес тапсырмалар аталған ұмтылулардың пайда болуына жол береді деген пікірін еске түсіруге болады. Тестті безендіру. Кез-келген сауалнама негізгі ақпараттар бөлімінен, оның атауынан, сондай-ақ аты-жөнінен, жынысынан, білімінен және зерттеушіге қажетті тағы да басқа мәліметтерден тұрады. Нұсқау түсіну үшін айқын және қол жетімді болуы қажет. Онда жауапты қалай таңдау және оны жауап парағында қалай белгілеу керектігі көрсетіледі. Осы жерде құрастырушының сы-налушыға жеткізу керек деп тапқан қосымша ақпараты да тұра-ды. Мысалы, «неғұрлым жылдам жауап беруге тырысыңыз» не-месе «біздің сізге қажетті көмегімізді көрсете алуымыз үшін, әр-бір сұраққа шынайы жауап беруіңізді сұраймыз». Сыналушының тиімді жұмыс жасауына ықпал етеін ақпараттың, мысалы құпия сақталатындығының астын сызып қою керек. Сауалнаманың мәтінін жинақтау үшін мына нұсқауларды бас-шылыққа алған жөн. Әрбір тапсырма нөмірленеді. Беттегі әрбір жол қысқа және 10-12 сөзден аспауы қажет. Барлық тапсырмалар тік жолмен жоғарыдан төмен қарай беттің сол жақ бұрышында орналасуы қажет. Жауап нұсқалары, беттің оң жақ бұрышынан жоғарыдан төмен қарай тігінен орналасуы керек. Әрбір тапсырма мен жауаптар нұсқаларының арасында визуалдық байланыс орнауын қамтамасыз ету қажет. Оны тапсырмалардан жа-уап нұсқаларына қарай үзік сызықтардың көмегімен жүзе-ге асыруға болады. Мысалы, ------------------------------------ иә білмеймін жоқ ------------------------------------ иә білмеймін жоқ ------------------------------------ иә білмеймін жоқ Әрбір тапсырма бір-бірінен бөлек тұруы керек, оны көл-денең сызықтан гөрі, бос кеңістікті қолданып жасаған жөн. Егер бірнеше тапсырмалар типі қолданылса, бірдей тап-сырмаларды топтастырған жөн. Тапсырмалардың әр типі-нің өзінің нұқсаулары және жауап нұсқалары болуы тиіс. Сауалнама эстетикалық тартымды түрде басылуы қажет. Оған компьютерлер арқылы қол жеткізуге болады. Сауал-нама дизайны оны формалдық құжат немесе ойынға жа-қын (шрифттің, қағаз түсінің және тапсырмалардың ор-наласуының ерекшелігі) қабылдауға ықпал етуі мүмкін. Әдетте зерттеу нәтижелері сауалнамаға қосылмайды, бі-рақ кейбір жағдайларда сыналушы жұмыс жасап отырған бланкке психолог толтыратын қорытынды блок кіруі мүм-кін. Алғашқы қолданылуы (пилотаждық зерттеу) Тест тұлғаның қандай ерекшеліктерін зерттеуге арналған бол-са, пилотаждық зерттеуге қатысатын тұлғалардың да соған ерек-шеліктері болуы керек. Алынған мағлұматтар сауалнаманың соң-ғы нұқсасына ең жақсы тапсырмаларды таңдауға көмектеседі. Егер, мысалы, сауалнама ішімдікке байланысты мәселесі бар тұлғаларды зерттеуге арналса пилотаждық зерттеуді тиісті кеңес беру орталықтарында, клиникаларда жүргізуге болады. Сауал-нама кез-келген, айталық, үлкендерге де, психикасы қалыпты популяция өкілдеріне де қолданылатын болса, зерттелушілердің репрезентативтік тобын құру қажет. Спецификалық топ таңдауға қарағанда, бұны жүзеге асыру қиынырақ. Әдетте іріктеу қөп уақытты алады, сондықтан да пилотаждық зерттеу кезінде оны-мен айналысудың қажеті жоқ. Егер репрезентативтік іріктеуді құ-ру мүмкін болмаса, әдетте репрзентативтікке жақын іріктеуді құруға болады. Пилотаждық зерттеуге қатысатын тұлғалар демо-графиялық көрсеткіштері, яғни жасы, жынысы, әлеуметтік мәр-тебесі бойынша айырмашылықтары болуы қажет. Сауалнаманың пилотаждық зерттелуін неғұрлым көп сыналушыларға жүргізген жөн. Пилотаждық зерттеуге қажетті респонденттердің ең аз саны, тапсырмалар санынан екі есе көп болуы қажет. Пилотаждық зерттеуді мүлдем жүргізбегеннен гөрі, сыналушылар аз болса да, өткізген абзал. Тапсырмаларды талдау Пилотаждық зерттеуден алынған мағлұматар бойынша тапсырмаларды талдаудың мақсаты сауалнаманың соңғы нұс-қасына ең үздік тапсырмаларды іріктеу болып табылады және оған дұрыс жауап бергендердің үлесін анықтау (кілтке сәйкес) мен әрбір тапсырманың дискриминанттылығы кіреді. Алғашқы қадамы әрбір бағаны (a, b, c, d және т.б.) тапсырмадан, ал әрбір жолы (1,2,3,4,5 және т.б.) - зерттелушіден тұратын тапсырма-ларды талдау кестесін құрудан (кесте 3.3) басталуы тиіс. Тұлғалық сауалнамаларды құрастыру туралы сөз болғанда, кес-теге әрбір тапсырмаға тиісті ұпай жазылады, бұл жерде кері тапсырмалардың (кері мазмұнды) да тікелей тапсырмалар тәрізді, бірақ бағалау континуумнының қарама-қарсы бағытында баға-ланатынын ескеру қажет. Содан соң әрбір қатар бойынша (сыналушылар) жалпы ұпай және әрбір баған (тапсырмалар) бо-йынша жалпы ұпай алу үшін әрбір тордың ұпайлары қосылады. Кесте 3.3 Тапсырмаларды талдауға арналған матрицаның үлгісі Зерттелушілер Тапсырмалар Барлығы a b c d е 1. 2. 3. 4. 5. 1 0 1 1 0 1 1 0 0 0 0 0 0 0 0 1 0 1 0 1 1 1 1 1 1 4 2 3 2 2 Барлығы 3 2 0 3 5 13 Келесі қадам сауалнаманың «кілтіне» сәйкес жауап берген сыналушылардың үлесін анықтайтын көрсеткішті немесе тап-сырманың тиімділік индексін есептеуден тұрады. Бұл көр-сеткіш дұрыс жауап берген зерттелушілердің («кілтке» сай деп аталатын) санын, олардың жалпы санына бөлу арқылы шыға-рылады. Әрбір тапсырма үшін бұл индекс 0,25-тен 0,75-ке дейін шамамен жалпы сауалнама үшін орташа есеппен 0,5 жақын болу керек. 0,25-тен аз индекс тапсырманың тиімсіз екендігін көр-сетеді, себебі көптеген сыналушылар оған дұрыс жауап бермеген, ал 0,75-тен жоғары болса, онда бұл тапсырмаға шектен тыс көп сыналушы дұрыс жауап берген. Тапсырмаларды талдау Кесте 3.3 әрбір тапсырма үшін тиімділік индексі былайша шығады: (а) 35 = 0,6; (b) 25 = 0,4; (с) 05 = 0; (d) 35 = 0,6; (е) 55 = 1. Бұдан са-уалнаманың соңғы нұсқасынан (с) және (е) тапсырмаларын алып тастау керек дегенді білдіреді. Зерттелуші тұлғалық ерекшеліктерді өлшей алатын болса, тапсырмаларды (сұрақтар, пайымдаулар) сауалнаманың соңғы нұсқасына енгізу қажет. Тапсырмалардың дискриминациясын анықтау үшін тұтас тесттің жалпы ұпайымен қоса, әрбір тап-сырманың корреляция коэффициенті анықталады. Коэффициент корреляциясы неғұрлым жоғары болса, тапсырманың дис-криминациясы да соғұрлым жоғары, тапсырма да жақсы болып есептеледі. Бұл негізгі критерий. Әдетте ең аз дегенде 0,2 кор-реляция талап етіледі. Теріс немесе нөлдік корреляциясы бар тапсырмалар алынып тасталады. Бұл көрсеткішті есептеу үшін Пирсонның сәттерді шығару коэффициенті қолданылады. әдетте есептеу арнайы ком-пьютерлік бағдарламалар арқылы шығарылады, алайда тест құ-растырушылар ең болмағанда бір рет қолмен есептеп шығаруы тиіс. Есептеп үйренемін деушілерге ескерту, корреляция коэф-фициенті үнемі 1-ден аз және -1-ден көп болады. Егер осы ин-тервалдың шегінен шығып кеткен коэффициент көрсеткіші алын-са, онда есептеуде қателік кеткенін білдіреді. Пирсонның сәттерді шығару коэффициентінің формуласы мынадай: мұндағы r – корреляция коэффициенті; X - әрбір тапсырма бойынша нәтиже; Y – тұтас тест бойынша ұпай (нәтиже); n – қо-сарланған шығарулар саны; Σ – қосындысы (барлығы). Пирсон бойынша сәттерді шығару корреляция коэффициентін есептеу үшін қажет: әрбір тапсырма бойынша сыналушылардың ұпай саны (XΣ), тұтас тест бойынша сыналушылардың ұпай саны (ΣY), тұтас сауалнама бойынша сыналушылардың ұпай санының тек-шеленген (квадратталған) саны (ΣX2), әрбір тапсырма және бар-лық тапсырмалар бойынша ұпайларды шығару саны (ΣXY). Аталған көрсеткіштерді мағыналар формуласына қою арқылы корреляция коэффициенті есептелінеді. Төмендегі мысал осы коэффициентті алудың оңай тәсілін көрсетеді. Қателік кетпес үшін әрбір тапсырманы қайталап есептеген жөн. Тесттің соңғы нұсқасына тапсырманы енгізу мәселесін ше-шерде көптеген факторларды ескеру қажет. Тиімділігі мен дис-криминативтілігін зерттеуге қоса, соңғы нұсқаға қажетті тап-сырмалар санын анықтау (20-30 тапсырмадан кем емес) және олардың осыған дейін құрылған тест торына қаншалықты кірігіп тұрғанын анықтау керек. Мысалы, өлшеудің кейбір облыстары бойынша аздаған тапсырма болса, дискриминациясы төмен тап-сырмаларды енгізуге болады. Сонымен қоса, кейде сауалнаманың соңғы нұқсасына нәтижелілік көрсеткіші соншалықты жоғары емес тапсырмаларды, дискриминациясы жеткілікті болған жағ-дайда қосудың маңызы бар. Тікелей және кері тапсырмалар саны бірдей болуын қамтамасыз ету керек. Түрлі жынысты сына-лушылар үшін тапсырмаларды талдаудың жекелеген проце-дураларын орындаған жөн. Кесте 3.4 Сыналу-шылар Тапсыр-малар бойынша ұпайлар Текшедегі тапсырма бойынша ұпай Барлық тест бойынша ұпай Текшеде-гі барлық тест бо-йынша ұпай Тапсырма және барлық тест бойынша ұпайларды шығару n X X2 Y Y2 XY 1 1 1 30 900 30 2 3 9 57 3249 171 3 5 25 94 8836 470 4 4 16 76 5776 304 5 3 9 80 6400 240 6 1 1 33 1089 33 7 2 4 54 2916 108 8 2 4 58 3364 116 9 5 25 83 6889 415 10 4 6 76 5776 304 n = 10 ΣX = 30 ΣX2 = 110 ΣY = 641 ΣY2 = 45195 ΣXY = 2191 Тапсырмаларды жақсарту тәсілдері тест құрастырудың осы кезеңінде жүзеге асады. Мысалы, тапсырмадағы «кейде» жа-уабын «үнемі» жауабына ауыстыру тиімділік көрсеткішін арт-тырады. Алайда сұрақтардағы бұл өзгерістер тесттің сенімділігі мен валидтілігіне әсер етуі мүмкін. Тапсырмаларды талдау про-цедуралары әрбір тапсырма параметрлері жайында қажетті ақ-парат береді. Дегенмен де құрастырылушы тесттің жүзеге асуы үшін критерийлердің қайсысы аса маңызды екендігін тек зер-ттеуші ғана шеше алады. 1980 жж. дәстүрлі процедуралардан бөлек, қуаттылығы күшті компьютерді қолданбаса жүзеге асырылуы қиын анағұрлым күр-делі тапсырмаларды талдау процедуралары пайда болды. Оларға бәрінен бұрын «тапсырма - жауап» теориясы (item response theory, IRT ) жатады. (бұл теория туралы толығырақ П.Клайннан, 1994; А.Анастази және С.Урбинадан, 2001 қараңыз) Тесттің сенімділігін анықтау Егер қайталап жүргізгенде әрбір сыналушының көрсеткіштері алдыңғысындай болса, онда тест сенімді деп есептеледі. Психометрикадағы сенімділік терминінің екі мағынасы бар. Соның бірі – ішкі үйлесімділік бойынша сенімділік. Тест ва-лидті болуы үшін, ол үйлесімді болуы қажет. Ретесттік валидтілік – бір тестті сыналушыларға алғашқы жағдайды сақтап екінші рет ұсынуды, содан соң мағлұматтардың екі қатарының арасындағы корреляцияны анықтауды білдіреді. Сенімділікті анықтаудың бұл тәсілін қолданғанда сыналушылар өз жауаптарын естерінде сақтап, екінші ретте соны қайта жаң-ғыртулары мүмкін екенін есте ұстау керек, сондықтан да тестті қайталап өткізудің арасындағы уақыттық интервал бір айдан аз болмаған жөн. Кейбір психологтар тестілеу арасындағы интервал 6 айдан аз болмауы тиіс дейді (Клайн, 1994). Л.Ф.Бурлачук П.Клайнның міндетті 6 айлық интервалымен келіспейді. Оған дәлел ретінде канадалық психологтар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сүйенеді. Тұлғалық сауалнаманының кө-мегімен арасына 3 апта интервалмен 302 студент зерттелген. 0,872 тең ретесттік сенімділіктің стандарттық коэффициент ар-найы нұқсаулардың біреуі берілген сыналушылардың үш то-бынан алынған сенімділік коэффициентінен айырмашылығы бол-мады: 1) ойланып жауап беру; 2) өткен жауаптарды қайта жаң-ғыртуды қолдану; 3) тесттің параллельдік формасын орындау. Сенімділіктің стандарттық коэффициенті өткен жауаптарды қай-та жаңғырту нұқсауынан алынған коэффициентінен жоғары бо-лып шықты. Ретесттік сенімділік үшін қажетті корреляция коэффи-циентінің ең төмен көрсеткіші 0,7 тең. Бірақ кейбір тесттер үшін бұл көрсеткіш жоғары болуы мүмкін. Параллельдік формалардың сенімділігі сауалнаманың эк-вивалентін қалыптастыруды және олардан нәтижелер арасындағы корреляцияны бағалау үшін бастапқыдағы сыналушыларға ұсынуды білдіреді. Бұл тәсілдің кең таралуына кедергі етуші не-гізгі мәселе – тапсырмалардың екі жинағын дайындауды қажет етеді, ал оны орындау өте қиын, себебі олардың эквиваленттілігін дәлелдеу керек. Тесттің бөліктерінің сенімділігі сауалнаманы екіге бөлу арқылы анықталады (әдетте жұп және тақ тапсырмалар арқылы), содан соң сол бөліктер арасындағы корреляция есептеледі. Сенімділікті анықтаудың бұл тәсіліне тек нәтижені жедел түрде алу қажет болғанда ғана жүгінген жөн. Ретесттік сенімділікті және корреляцияның параллельдік се-німділігін анықтау үшін Пирсонның сәттерді шығару (произведение моментов) коэффициенті қолданылады. Тесттің бөліктерінің сенімділігін анықтау үшін соған дейін есептелеген Пирсонның сәттерді шығару коэффициенті (тесттің екі бөлігінің арасындағы) Спирмен-Браун формуласында қолданылады. Спир-мен-Браун формуласы мынадай: мұндағы r11 - барлық сауалнама бойынша бағаланған сенім-ділік; r ½½ - сауалнаманың екі бөлігінің арасындағы кор-реляция. Мысалы, егер тесттің екі бөлігінің арасындағы Пирсонның сәттерді шығару корреляциялық коэффициенті 0,80 тең болса, онда: Сенімділікті анықтаудың неғұрлым тиімді процедурасына елеулі уақыттық интервалдан соң қайталап зерттеу жүргізу жа-татынын еске саламыз. Сенімділікті зерттеудің барлығы жеткілікті репрезентативтік іріктеу (200 немесе одан да көп сыналушы) негізінде орындалуы тиіс. Сенімділік – тесттің маңызды сипаты, бірақ өздігінен еш-қандай құндылыққа ие емес. Ол валидтілікке қол жеткізу үшін қажет. Факторлық талдау Көп жағдайда тест құрастырушы ақпаратты «сығу» міндетін жүзеге асыруы қажет болады, басқаша айтқанда зерттелуші құбылыстың көптеген бақыланулары немесе ауыспалыларының болуынан сипаттаманы шағындау. Факторлық талдау осы зерттелуші көпқырлы құбылыстың өлшемін азайту әдісі болып табылады. Факторлық талдау психологиялық ғылымнан туындағанын және Ч.Спеирменнің зерттеулерімен тығыз байланысты (Spearmen, 1904). Психологтар Т. Келли, Л.Терстоун, Дж. Гилфорд, Р. Кэттелл және математиктер К. Пирсон, К. Холзингер, Г. Харман және т.б. жұмыстарынан соң, факторлық талдауды ма-тематикалық негіздеуде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Эксперименттік мағлұматтардың матрица арқылы берілетіні белгілі. Зерттеуші ең алдымен корреляциялық матрицаны алуы керек. Мысал ретінде Л.Айкеннің (Aiken, 1996) зерттеуіне жү-гінейік. Бұл зерттеуде колледждің 90 студенттің 11 параметр бо-йынша бес ұпайлық шкаланың көмегімен оқытушыны бағалауы (1 – төмен ұпай, 5 – жоғары ұпай) сұралады: әдептілігі, сыпайы-лығы, креативтілігі, мейірімділігі, өз пәніне қызығушылығы, пән-ді білуі, студенттердің түрткісін оятуы, өзін ұйымдастыруы, шы-дамдылығы, дайындығы және кешікпей жүруі. Егер студенттерден алынған оқытушы тұлғасының сапалары тізімінің рейтингтік бағалануының корреляцияларының мат-рицасын жоғарғы сол жақтағы бұрыштан оң жақтағы төменгі бұ-рышқа қарай диагональ жүргізу арқылы екі тең үшбұрышқа бөлсек, онда мұның бірінші бағандағы баға мен жоғарғы бірінші жолдың бағасы бірдей - симметриялық матрица екендігін кө-реміз. Екінші баған мен екінші жолдың да бағасы бірдей, әрі қа-рай т.с.с. Сондай-ақ негізгі диагональдағы барлық сан (жоғарғы сол жақтан бастап, төменгі оң жаққа дейін) 1,00-ге тең – бұл әрбір шкаланың өз-өзімен шамалық корреляциясы болып та-былады. Психологиялық тестілеудегі факторлық талдаудың мақсаты, түрлі тесттер немесе психометрикалық өлшеулер бойынша ба-ғалау топтарының дисперсиясының көпшілік бөлігін түсіндіретін бірнеше фундаменталдық факторларды табуынан тұрады. Жоға-рыда көретілген мысалда 11 ауыспалы бар, сондықтан да фак-торлық талдаудың мақсаты, факторлық салмақ матрицасын не-месе факторлар мен шкала тапсырмалары арасындағы корре-ляцияны табудан тұрады. Факторлық талдаудың бірнеше про-цедуралары бар, бірақ олардың бәрі де екі кезеңнен тұрады: 1) бастапқы факторлық матрица шығу үшін корреляциялар мат-рицасын факторлау; 2) факторлық салмақтың ең қарапайым конфигурациясын табу үшін факторлық матрицаны айналдыру (кестеге қараңыз). Бұл үрдістегі факторизация кезеңі түрлі тесттер арасындағы байланыстарды түсіндіруге қажетті факторлар санын анықтауға бағытталған және әрбір тесттің әрбір факторы бойынша сал-мақтың бастапқы бағалануын алуды қамтамасыз етеді. Фак-торларды айналдыру, тесттің көп бөлігі кез-келген фактор бо-йынша төмен салмаққа, аздаған тесттердің жоғары салмаққа ие болғанында, факторлар конфигурациясын құру арқылы оларды неғұрлым түсінікті ету үшін қажет. Кесте 3.5 Оқытушы тұлғасын бағалауға арналған шкаланың 11 тапсырмалары арасындағы корреляция матрицасының үлгісі Тапсырма 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 1,000 0,727 0,424 0,573 0,343 0,294 0,458 0,200 0,425 0,091 0,078 2 0,727 1,000 0,304 0,620 0,287 0,258 0,363 0,075 0,459 0,115 0,127 3 0,424 0,304 1,000 0,470 0,510 0,080 0,691 0,206 0,304 0,115 0,112 4 0,573 0,620 0,470 1,000 0,336 0,195 0,390 0,061 0,528 0,129 0,022 5 0,343 0,287 0,510 0,336 1,000 0,171 0,638 0,374 0,203 0,026 0,244 6 0,294 0,258 0,080 0,195 0,171 1,000 0,108 0,227 0,159 0,243 0,430 7 0,458 0,363 0,691 0,390 0,638 0,108 1,000 0,218 0,314 0,490 0,065 8 0,200 0,075 0,206 0,061 0,374 0,227 0,218 1,000 0,085 0,108 0,421 9 0,425 0,459 0,304 0,528 0,203 0,159 0,314 0,085 1,000 0,524 0,187 10 0,091 0,115 0,129 0,026 0,243 0,490 0,108 0,524 0,114 1,000 0,611 11 0,078 0,127 0,112 0,022 0,244 0,430 0,065 0,421 0,187 0,611 1,000 Факторлаудың көп тараған процедурасы – басты осьтер әді-сі (principal axis), ал ең танымал айналдыру процедурасы – вари-макс айналдыру. Кесте 3.4 үш фактор көрініп тұр, олар А, В, С бағандарында орналасқан. Әрбір фактор бағанының астына жазылған көлемдер – осы фактор бойынша 11 тапсырманың әрқайсысының салмағы немесе корреляциясы. Мысалы, 1 тапсырма А факторы бойынша 0,754; В факторы бойынша – 0,271; С факторы бойынша – 0,250 салмаққа ие. Әрбір фактор бойынша салмақтың текшелерінің қосындысы осы тап-сырманың дисперсиялық үлесін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, 1 тапсырма бойынша дисперсияның үлесі мынаған тең: (0,754)2 (-0,271)2 (0,250)2 = 0,704 Бұл 1 тапсырма бойынша көрсеткіштердің 70,4 вариациясы осы үш фактордың әсерімен түсіндіріледі дегенді білдіреді. Факторлық-талдау тәсілі тесттің сенімділігін де бағалауға мүмкіндік береді. тесттің толық дисперсиясы жалпы факторлар дисперсиясының қосындысына, арнайы факторлардың қосынды-сына, қателіктер дисперсиясының қосындысына тең екендігі бел-гілі. Осыған орай егер біз тесттің факторлық талдауын жүргізсек, оның факторларын текшеге көбейтіп және салмағын қоссақ, онда біз оның сенімділігін аламыз, себебі факторлардың салмағы, жал-пы және арнайы факторларымен бірге тесттің корреляциясын көрсетеді. Алайда сенімділікті бұлайша анықтау, түрлі фактор-лар жиынтығын өлшеуге арналған тесттерден гөрі, көбінесе фак-торланған тесттерге дәл келетінін айта кету керек. Кесте 3.6 Оқытушы тұлғасын бағалау шкаласы бойынша рейтингтік бағалауы айналған және айналмаған факторлық салмақтардың матрицасы (мәліметтер SPSS бағдарламасының көмегімен алынған) Тапсырма Факторлық салмақтар Диспер-сия үлесі Айналуға дейінгі матрица Айналудан кейінгі матрица А В С АІ ВІ СІ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 0, 754 - 0, 271 0, 250 0, 708 - 0, 281 0, 415 0, 689 - 0, 206 0, 440 0, 702 - 0, 392 0, 240 0, 674 - 0, 063 0, 500 0, 442 - 0, 477 0, 402 0, 714 - 0, 216 0, 485 0, 434 - 0, 573 0, 257 0, 594 - 0, 201 0, 330 0, 408 - 0, 769 0, 063 0, 388 - 0, 718 0, 122 0, 783 0, 090 0,288 0, 853 0, 089 0, 131 0, 303 0, 015 0, 786 0, 790 0, 041 0, 280 0, 148 0, 243 0, 792 0, 353 0, 669 0, 113 0, 298 0, 009 0, 838 0, 082 0, 649 0, 392 0, 691 0, 102 0, 120 0, 011 0, 867 0, 100 0, 052 0, 822 0, 048 0, 704 0, 752 0, 710 0, 704 0, 708 0, 585 0, 791 0, 582 0, 502 0, 762 0, 681 Факторлық матрица кестенің АІ , ВІ, СІ бағандарында көр-сетілген. әрбір тапсырманың дисперсиялық үлесі, факторларды айналдыруға дейінгі факторлық матрицадағыдай, бірақ айнал-дырылғаннан кейін алынған факторларды интерпретациялау оңай. Варимакс айналдыруы ортогоналдық айналдыру процеду-расы болып табылады, оның факторлық осьтері бір-біріне пер-пендикуляр болып қала береді. Осы процедураға қарама-қарсы қисық бұрышты айналдырудағы факторлық осьтер бір-біріне қатысты үшкір және бітеу бұрыштар құрайды. Қисық бұрышты факторлардың интерпретациясы ортогоналдық факторларға қара-ғанда жеңіл, себебі ол факторлардың бір-бірімен корреляциясы жоқ (тәуелсіз). Айналдырудан кейін факторлық матрицаны интер-претациялағанда, осы фактор бойынша 0,50 салмағы бар тап-сырмаларға ерекше мән берген жөн. Төрт тапсырманың - 1 (әдепті), 2 (сыпайы), 4 (жылы жүзді), 9 (шыдамды) - АІ факторы бойынша жоғары салмағы бар. Осыған орай бұл факторға «әдептілік» немесе «сыпайылық» деген атау сәйкес келер еді. Тағы да төрт тапсырманың жоғары салмақтары бар, бірақ енді ВІ факторы бойынша: 6 (мағлұматтылық), 8 (ұйымдасқан), 10 (даярлық) 11 (кешікпей жүру) , яғни ВІ факторына «дайын болу» деген атау сәйкес келер еді. Соңғы үш тапсырманың СІ факторы бойынша жоғары салмақтары бар: 3 (креативті), 5 (әуесқой), 7 (түрткі оята алады); бұл фактордың атауы – «стимул беруші» не-месе «түрткі оятушы» болуы мүмкін. Осы үш фактор студенттер қалайтын оқытушы тұлғасының типін анықтағанда, пси-хологиялық мағынаға ие болуы мүмкін. Факторлық талдаудың бұдан да басқа қосымшалары бар. Тесттің валидтілігі Тесттің валидтілігін дәлелдейтін көптеген тәсілдері бар. Тест өлшеуі тиістіні өлшей алса, онда ол валидті деп аталады. Көрнекті америкалық тест құрастырушы А.Анастазидің анықтамасы бойынша «тесттің валидтілігі дегеніміз – тесттің нені өлшейтіндігін және ол оны қаншалықты жақсы өлшейтіндігін көрсететін ұғым». Валидтілік әдістердің белгілі бір сапаларды, ерекшеліктерді зерттеуге қаншалықты жарайтындығын және оның тиімділігін анықтайды. Әдістеменің теориялық валидтілігін анықтаудағы неғұрлым көп тараған түріне конвергенттік валидтілік жатады, яғни осы әдістемеге ұқсас беделді әдістемелермен салыстырып, ара-ларындағы маңызды байланысты дәлелдеу қажет. Егер арала-рында маңызды байланыс жоқтығы дәлелденсе, ол дис-криминантты валидтілік деп аталады. Валидтіліктің басқа түрі –
1   2   3   4   5   6   7


жүктеу 1.32 Mb.