Главная страница
Контакты

    Басты бет


Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті

жүктеу 1.32 Mb.



жүктеу 1.32 Mb.
бет4/7
Дата13.10.2018
өлшемі1.32 Mb.

Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті


1   2   3   4   5   6   7
тетіктерінің әрекетін төмендетеді, субъектке тән іс-әрекет пен түрт-кілерді диагностикалауды жеңілдетеді); зерттелушілерде «ойын» түрткісінің оянуы (тестті ойын түрінде ұйымдастыру), тестілеу үрдісін неғұрлым тар-тымды етеді, әрі нәтижесінің шынайылығы артады; түрлі әдістемелерді талдаудың концептуалдық сызба-ларының үйлеспеуінен туындайтын мәселені шешу жолдары көрінеді (мысалы, ғылыми, әдеби және тұр-мыстық лексикада қолданылатын психикалық қасиет-тердің термин-атауларының тезаурус-сөздігін құрастыру);

Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.

Тетік (ор. деталь) - құрастыру операцияларын қолданбай жасалған бұйымның бөлшегі.

Лексика (грек. лексикос - сөздік) - тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады.

сыналушынының мінез-құлқын талдауды зерттеу жүргізу барысында тікелей жүргізуге, сол жердегі жағдайға орай қалыптасқан көтпеген көрсеткіштерді есепке алуға, диа-логты уақыт өлшемінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді (бейімделуші тестілеу); зерттелуші қажет болған жағдайда тестілеу нәтижесі бойынша жылдам талданған кері байланыспен қамта-масыз етіледі; компьютерлік графика құралдары сыналушыға дина-микалық нысандар ұсына алады (динамикалық стимулдық орта), полимодалдық стимулдарды қолдануға болады; психодиагностикалық зерттеулерді жеке - дараландыруға да, жылдам бұқаралық зерттеу жүргізуге де қажетті жағ-дайлар жасалады; практикалық тапсырмаларды шешумен тығыз байланыс орнайды. Психодиагностикалық зерттеуге компьютерді ену деңгейін бағалау үшін Хартман ұсынған шкаланы негізге алу қажет (1986). Жоғары - Әсер ету әдістерін таңдау - Соңғы қорытындыны даярлау - Тестілеу нәтижелерін талдау - Тестілеуді өткізу Төмен - Зерттеу қорытындыларын сақтау Компьютерді қолданудың артықшылықтарымен қоса, дәстүрлі психодиагностикада қалыптасқан «экспериментатор – тест - сыналушы» өзара әрекеттесуші жүйесіне енгізген жаңа-лықтарымен байланысты мәселелер туындатады. Сыналушыны тікелей шынайы бақылау мен жанды қатынастың жоқтығы қиындықтар мен шектеулер туындатады. Сонымен қоса, сыналушылардың 30 «компьютерлік мазасыздану феномені» байқалған (О.В.Доронина,1993), тіпті жағдайлардың 5 фобияға ұқсас ахуал тіркелген. Кейбір тесттер компьютерлік жүйеге ауыстырылмайды, себе-бі ол диагностикалық сапа мазмұнының, әсіресе валидтілігі мен сенімділігінің өзгеруіне әкеліп соғады. Белгілі психо-диагностикалық әдістемені автоматтандыру арнайы тексеруді қа-жет етеді. Сондай-ақ әдістеменің компьютерлік нұсқасының сенімділігін қайта негіздеу, соған сәйкес іріктемеде ре-стандартизация жүргізуді қажет етеді. Бірнеше мысал келтірейік. Равен тестінің компьютерлік нұсқасымен жұмыс жасау кезінде сыналушылардың әдеттегі жағдайдағы зерттеуге қараған-да төмен нәтиже көрсеткені аңғарылды. MMPI сауалнамасының компьютерлік нұсқасын ұсынғанда байқалған анық емес жауап беру тенденциясы феномені әлі күнге дейін зерттелінуде. Диагностикалық әдістеменің сенімділігін сипаттайтын нәтиже-лердің тұрақтылығы, тест нұсқасы өзгертіліп берілгенде төмен-деп кететіндігі анықталды. Тұлғаны зерттеудің «объективтік» тесттері Тұлғаны психологиялық диагностикалау саласында объективтік тесттерді құрастыру мәселесі бұрыннан көтеріліп ке-леді. Құрастырушылар объективтік тесттердің көмегімен тұлға туралы зерттелушінің өзі берген шынайы жауаптарын және экс-периментатордың ықпал етуіне жол бермейтін «таза» мағлұмат алғылары келеді.

Мағлұматты қорыту (Обобщение понятия; concept generalization) - тек қорытылған мағлұмат көлеміне кіретін объектілерге жататын нышандарды алып тастау жолымен аз көлемді мағлүматтан үлкен көлемді мағлүматқа өтуге мүмкіндік беретін логикалық операция.

Объективтік тесттердің Кеттелл ұсынған классикалық анықтамасы мынадай: «Объективтік тест – ол зерт-телушіден жасырын түрде жүргізуді мақсат ететін (сондықтан да нәтижесі жалған болмайды) тест және оның көмегімен алынған мағлұматтар тестті өткізген және интерпретациялаған адамға тәуелсіз бағаланады» (1957).

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.

Тиісті тесттер көмегімен тұлға туралы объективтік мағлұмат алуға ұмтылудың теориялық негізі тұлғаның ғылыми-жаратылыстану теорияларымен байланысты. Тұлғаның ғылыми жаратылыстану теорияларын құ-растырушылар психологияны нағыз ғылым деп санамаған, ол ашқан жаңалықтарға назар аудару қажет деп таппаған. Тұлға пси-хологиясының қазіргі ахуалын сараптай келе Айзенк Фрейдтің, Адлердің, Юнгтің, Бинсвангердің, Хорнидің, Салливеннің, Фроммның, Эриксонның және Маслоудың теорияларын жоққа шығарған. Айзенктің пайымдауынша, олардың осы заманғы жаратылыстану ғылымының үлгісіне сәйкес келмейтіндіктері бұл теориялардың негізгі кемшілігі болып табылады. Жаратылыстану ғылымдарына еліктеуші психологтар эксперименталды психологияның алғашқы даму кезеңдерінде де болған (XIX ғ соңы мен XX ғ. басы). Тұлға психологиясын зерттеуде жаратылыстану ғылымдары, әсіресе оның ішінде физиологияның теориялары күшті ықпал етті.

Жаратылыстану ғылымдары - табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы; табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі. Еуропада қайта өрлеу кезеңінде (15 ғ-дың 2-жартысы) табиғатты жете зерттеуге байланысты қалыптасты.

Физиология пси-хологиялық құбылыстарды түсіндіретін ғылым ретінде қарас-тырылды және әлі күнге дейін қарастырылып келеді. Физиология дайын шаблон-жауаптарды ұсынды, тек оларды алынған нә-тижелерге орай таңдау ғана қажет болды. Қандай да бір фено-меннің психологиялық тетіктері, себептері мен салдары туралы ойлаудың қажеттілігі болмады. Бұл психологиялық құбы-лыстарды ғылыми жаратылыстану тұрғысынан түсіндірудің «тамыр жаюына» едәуір деңгейде ықпал етті. Психологияда тұлға теориясының жалғыз дұрыс тео-риясының болуы болмаған, болмайды да. Әрбір теорияның адам табиғатын түсінудегі өз көзқарасы бар. А.Джеральдтың түрлі физикалық теорияларды жобалау техникалары ретінде талдауға болады деген көзқарасына назар аударуға болады. Оның пайымдауынша, біздің әдетте физика деп атайтынымыз – адамның субъективтік тұңғиығында туындайтын аффективтік және когнитивтік үрдістердің материалдық жемісі. Шетел тесттерін бейімдеу Бұрынғы КССР-де (1970 жж.) психодиагностиканың қалыптасуы «ақыл-ой» әдістемелерінен бастау алды. Денсаулық сақтау, білім беру және өнеркәсіптер психологиялық практикаға мұқтаж болғандықтан психологтар көптеген шетел тесттеріне ден қоя бастады.

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Олар орыс және басқа тілдерге аударылып қол-даныла бастады. Бұл жерде шетел тесттерін бейімдеу жұмы-сының ауыр, әрі күрделі екендігі назардан тыс қалды. Авторлары белгісіз, бірақ көптеп таралып кеткен әдістемелер «үздік тесттер» деген атаумен жинақ болып шыға бастады. Ол жағдайдың тү-зелуіне, яғни қолданушылардың психометриялық мәдениетінің қалыптасуы үшін ондаған жылдар жұмсалды. Диагностикалық тапсырмаларды шешуге арналған тест-тер туралы ақпарат кем дегенде мыналардан тұруы қажет: өлшенуші құралдың мазмұны мұқият сипатталуы қажет; өткізілу процедурасы және алынған нәтижелер жайында мағлұматтардың болуы; нормалардың сипаттамасы; сенімділігі жайлы мағлұматтар; валидтілігі жайлы мағлұматтардан тұруы қажет. Әсіресе жобалау әдістемелерін бейімдеу күрделі. Көптеген вербалдық емес тесттер туралы да осыны айтуға болады. Д.Кэмпбелл аударудың симметриялық және асим-метриялық деп екі түрін бөліп көрсетеді.

Симметрия (гр. symmetrіa - мөлшерлес) - Жиі кездесетін математикалық ұғымдардың бірі, центрге немесе өс жазықтығын қатысты алғанда бірдей пішінді.фигуралардың орналасуы.

Симметриялық аудар-мада мағына да, оның қолданыстағы мазмұны да сақталады; асимметриялықта – түпнұсқаның тілі сақталады. 5 тақырып. Психологиялық диагноз Жоспар Психологиялық диагноз туралы түсінік Психологиялық диагноз түрлері Психологиялық диагноз жасауда кететін қателіктер Психологиялық диагноз туралы түсінік Тұлғаны зерттеу үшін алуан түрлі психодиагностикалық тесттерді (әдістемелерді) қолдану практикасы «психологиялық диагноз» түсінігімен тікелей байланысты. «Диагноз» түсінігі ғылым мен техниканың түрлі салаларында кеңінен қолданылады, қандай да бір құбылыстың мағынасы мен ерекшеліктерін анық-тау, тану міндеті тек медицинаға ғана қатысты емес. Әде-биеттерде «психологиялық болжам» түсінігін беретін анық-тамалар аз емес. Қалыптан ауытқумен, аурумен тығыз бай-ланысты медициналық болжам психологиялық ғылымдағы осы түсініктің анықталуына әсер етті. Психологиялық болжамды осы тұрғыдан анықтау – ол жайсыздықтың жасырын себептерін ашу дегенді білдіреді. «Медицинадағы, техникадағы, басқарудағы, қолданбалы психологиядағы диагноз болса да – ол көбінесе көптеген себеп-салдарлы байланыстар жағдайында байқалған жайсыздықтың себептерін іздеу, ашудан тұрады» (В.И.Войтко, Ю.З.Гильбух, 1976). Кейбір шетел психологтары психологиядағы болжамды тек қандай да бір бұзылулар мен ауытқушылықтарға «атау» беру үшін қолдану қажет деп санаған (Rozenzweig, 1947 және т.б.). Мұндай көзқарастар психологиялық болжам сала-сының тарылуына әкеліп соқты, одан қалыпты жеке дара – пси-хологиялық айырмашылықтарды анықтау және есепке алумен байланыстының барлығы түсіп қалады. Поляк психологы Януш Рейковский ұсынған психологиялық болжамның теориялық сызбаларының бірі, психодиагност жұмы-сындағы төрт негізгі бағытты бөліп көрсетеді: Іс-әрекеттің, мінез-құлықтың болжамын жүзеге асыру, яғ-ни зерттелуші мінез-құлықтың ерекшеліктерін сипаттау, талдау және мінездеме беру. Іс-әрекетті реттеу үрдістеріне бложам жасау немесе іс-әрекеттерді жүзеге асыратын психикалық үрдістерді зерт-теу. Реттеу тетіктеріне, психикалық үрдіс тетіктеріне тәуелді жүйке байланыстарының жүйесіне болжам жасау. Реттеу тетіктерінің генезисіне диагностика жүргізу неме-се индивидтің психикасы қандай жағдайларда қалыптас-қанын анықтау. Іс-әрекет белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталған үрдіс. Рейковский іс-әрекетке болжам жүргізуде екі неғұрлым кең аспектіні ажыратуды ұсынады: құралдық (әрекеттердің сапасы, жыдамдығы және адекваттылығы) және қарым-қатынас аспектісі, яғни субъектінің өзі орындайтын әрекеттерге, қошаған ортаға және өзіне қатынасын білдіретін сипаттамалар. Психологиялық болжамның міндеті қандай да бір әрекетердің қате өтуін ғана емес, сондай-ақ индивидуумның қандай әрекетерді жемісті жүзе-ге асыра алатынын анықтаудан тұрады. Іс-әрекеттің жүйеленген сипаттамаларын алу үшін адамның қоғамда атқаратын негізгі рөлдер жүйесін қолдану керек. Рейковский клиникалық диаг-ностикада көбінесе қарым-қатынас аспектісі, ал кәсіби диаг-ностикада құралдық аспектіні есепке алу маңызды деп есептейді. Әрекеттер неліктен дұрыс жүрмейді деген сұраққа жауап беру үшін реттеу үрдістеріне бложам жасау қажет. Рейковский реттеу үрдістеріне диагностика жүргіуде құбылыстардың екі сыныбын бөліп көрсетеді: құралдық типтегі үрдістер және қарым-қатынас типіндегі үрдістер. Құралдық типтегі үрдістерге рет-теу үрдісінің үш тобы жатады: бағдарлық, интеллектуалдық және орындаушылық. Бағдарлық үрдістерге болжам жүргізу қабыл-даудың адекваттылығы, құбылыстарды түйсіну қабілеттерін және түсініктердің қалыптасуын зерттейді. Интеллектуалдық қызмет-тер іс-әрекет бағдарламаларын құрастырады, оларға болжам жа-сау жоспарлаудың тиімділігін, мәселелерді шешуді бағалаумен байланысты. Орындаушылық қызметтерге психомоторлық реак-циялар жатады. Қарым-қатынас типіндегі үрдістерді Рейковский эмоционалдық және түрткілік үрдістер деп түснеді. Эмоционалдық үрдістерді диагностикалағанда жағдайлар мен эмоционалдық реакциялар ұзақтығы, күші, белгісі және эмо-циялардың мазмұны арасындағы сәйкестік деңгейі анықталады. Түрткілік үрдістерге диагностика жүргізу – ол индивидуумды әрекетке итермелейтін түрткілердің түрін және қарқындылығын бағалау. Реттеу үрдістері адамның бүкіл өмірі бойында қалып-тасатын жүйке байланыстарының күрделі жүйесінің негізінде жүзеге асады. Психологиялық диагноз түрлері Медициналық болжам мен психологиялық болжамның ара қатынасын зерттеу психологиялық болжамды тереңірек тү-сінуге мүмкіндік береді. Медициналық болжам дегеніміз – ол патофизиологиялық тетіктер синдромына тән байланыстары ар-қылы белгілі болатын аурудың көріністерін анықтау және жіктеу. Қазіргі психодиагностикада клиникалық психологиялық болжам жақсы деңгейде құрастырылған деп саналады. Түрлі зерттеушілердің көзқарастарын жалпылай келе, А.Левицкий клиникалық-психологиялық болжамның негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызады: кәсіби өмірде, отбасылық өмірде, адам-дармен қарым-қатынаста, сондай-ақ зерттеу барысында аңға-рылатын мінез-құлықтың ауытқушылығын сипаттау; мотивация және танымдық үрдістер аумағындағы психикалық дис-функцияны анықтау; жағдаяттық немесе тұлғалық факторлардың бұзылуына байланысты психологиялық тетіктерді белгілі бұзылу-лар генезисі тұрғысынан анықтау; тұлғаның ауытқушылығының органикалық факторлары мен психологиялық факторларының деңгейін анықтау. Мысалы, эпилепсиямен ауыратын адамның бас миының органикалық зақымдануы (клиникалық болжам) тұлға өзгерістерінің себебі ретінде жиі қарастырылады. Бұл жерде аурудың күрделі әлеуметтік жағдайы, оның осы аурудан ұялатындығы, адамдармен қарым-қатынасының бұзылуы есепке алынбайды. Психиатриядағы нозологиялық (синдромдық) диагноз психикалық ауруларды оңалту (реабилитация) міндеттерімен ты-ғыз байланысты. Осыған байланысты функционалдық диагноз теориясы құрастырылуда.

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.

Бұл болжам үш бөліктен тұрады: клиникалық, психологиялық және әлеуметтік (М.М.Кабанов, 1978). Функционалдық болжам дәрігерге аурудың «атауын» ғана емес, кімде (қандай тұлғада) және қандай ортада (әлеуметтік кіші орта) бұл аурудың пайда болатынын айтуға мүмкіндік береді. Психологиялық диагнозда (медицинадан бөлек) біз әрбір жекелеген жағдайда осы көріністердің зерттелушінің мінез-құл-қында неліктен пайда болатынын, оның себептері мен салдарын анықтауымыз қажет. Сонымен, психологиялық диагноз – зерттеу мақсатына орай, тұлғаның жеке дара - психологиялық ерекшеліктерінің ма-ғынасын, олардың ахуалын бағалау, әрі қарай дамуын болжау жә-не нұқсаулар беру мақсатында сипаттау мен анықтауға бағыт-талған психолог іс-әрекетінің соңғы нәтижесі. Психологиялық диагноз жасауда кететін қателіктер Алайда психологиялық біркелкі нәтиже үнемі бола бер-мейді. З.Плевицкий екі негізгі топқа бөліп ұсынған диагности-калық қателіктерді талдап көрейік. Олардың бірінші тобына нә-тижелерді жинақтауда жіберілетін қателіктер жатады: Бақылау қателіктері (мысалы, бложамға қажетті сипаттарға, тұлға көріністеріне «көз жұмып» қарау; сандық және сапалық жағынан бұрмаланған сапаларды бақылау); Тіркеу қателіктері (мысалы, хаттамадағы жазбалардың эмо-ционалдық бояуы сыналушының мінез-құлық ерекшелік-терінен гөрі психологтың қатынасын көрсетеді); Техникалық және интерпретациялық аспектіде аппаратуралар мен өлшеу құралдарын дұрыс қолдана алмаудан туындайтын құрал-жабдықтық қателіктер; Нәтижелерді өңдеу, интерпретациялаудағы негізгі қателіктер: -«алғашқы әсерлену» эффектісі – бастапқы ақпараттың диаг-ностикалық мағынасын асыра бағалауға негізделген қателік; -атрибуция қателігі – зерттелушіге оның бойында жоқ сапа-ларды таңу немесе тұрақсыз сапаларды тұрақты ретінде қа-растыру; жалған себеп қателігі; -танымдық радикализм – болжамдардың мағынасын асыра ба-ғалау және жақсы шешімдерді іздеуден бас тарту; -танымдық консерватизм – болжамдарды өте сақ қолдану. 6 тақырып. Психодиагностикалық үрдіс Жоспар Мағлұмат жинау кезеңі Өңдеу және интерпретация кезеңі Шешім қабылдау кезеңі Психодиагностикалық зерттеу жүргізудің әдебі Мағлұмат жинау кезеңі Диагностикалық әдістемелер көмегімен мағлұмат жинаудың алдында зерттелінуші жөніндегі объективтік және субъективтік көрсеткіштер кешенімен (сұхбат, ауру тарихы, басқа ма-мандардың шешімдері және т.б.) танысу кезеңі өтеді. Диаг-ностикалық әдістемелердің белгілі авторлары сыналушыны ал-дын ала мұқият зерттеуге, оның өткені мен бүгінгісін есепке алу қажеттігіне ерекше назар аударады. Осылайша, зерттеудің негізгі көрінісі туындайды. Психодиагностикалық зерттеу үнемі «экспериментатор – сыналушы» өзара әрекеттесуші жүйесінен тұрады, әдебиеттерде осы жүйеге кіретін түрлі айнымалылардың ықпалын талдауға көп на-зар аударылады. Әдетте жағдаяттық айнымалылар, зерттеулер мен тапсырмалардың айнымалы мақсаттары, зерттеуші мен сыналушының айнымалылары болады.

Айнымалы - әріп түрінде немесе әріптер тобы түрінде программаға енгізілетін және уақыт, ұзындық, баға, түс және т.б. әр түрлі мәндерді қабылдайтын программадагы сандық шама; белгілі бір мәліметтер типін сақтай алатын және программаны атқару барысында мәнін өзгертуге болатын атауы белгілі объект.

Бұл айнымалылардың мағынасы зор, ал олардың ықпалы зерттеулерді жоспарлау мен жүргізуде, алынған нәтижелерді өңдеу мен қолдануда есепке алынуы қажет. Тестілеу үрдісіне ықпал етуі мүмкін факторлардың бар-лығын қадағалау мүмкін емес. Әйтсе де тестілеуге дайындық кез-дейсоқ жағдайлардың туындауын болдырмауы дәне проце-дураның біркелкілігін қамтамасыз етуі қажет. Тестілеу шарт-тарының стандартталуы тек нұсқауға ғана емес, зерттелушіге ұсынылатын тест материалына да, тестілеу ахуалына да қатысты.

Нұсқау (Инструкция; лат. instructio - құру, ереже) - әскердің (күштің) қандай да бір жағын реттейтін немесе ұрыс құралдарын қолдану мен пайдалану мәселелері бойынша толық нұсқаулары бар құжат. Нұсқау мемлекеттің қолданыстағы заңдары, үкіметтің қаулылары, бұйрықтар мен директивалар, жарғылар мен басшылыққа алынатын құжаттардың негізінде шығарылады, Нұсқауды шығару құқығы қорғаныс министріне, оның орынбасарларына, қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшысына, әскер түрлерінің (арнайы әскер түрлерінің) қолбасшыларына (бастықтарына) берілген. Нұсқауда әдетте жойғыш құралдарды қолдану және ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету (бомба тастау бойынша нұсқау), жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету (жаттығу және ұрыс атыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқау) мәселелері көрсетіледі. Мұнда, сонымен қатар, қандай да бір қызметгі реттейтін ережелер мен нормалар айтылуы мүмкін (әскери тасымал құжаттарын есепке алу тәртібі, оларды ресімдеу мен пайдалану және әскери тасымалдардың төлемақысы туралы нұсқау). Қорғаныс министрлігінің орталық аппараттарындағы органдары шығаратын әскерлердегі (флот күштеріндегі) нұсқаулардан басқа, әскер қызметіне катысты, мысалы, полк кезекшісінің нұсқауы, қарауыл бастығының нұсқауы сияқты нұсқаулар дайындалады. Бұл нұсқаулардың мазмұны әскери жарғы талаптары мен әскерді (флот күштерін) орналастыру ерекшеліктерін есепке алуға негізделеді. Нұсқау ережелері міндетті түрде орындалуы тиіс.

Тест құрастырушының міндеті – тестілеу барысының барлық ке-зеңінің сипаттамасы толық, әрі анық болуы қажет. Зерттелушімен раппорт орнатуға да едәуір зейін аудару қажет. В.И.Дружинин психодиагностикалық жағдаяттардың төрт нұсқасы болады деп пайымдайды: 1) зерттеуге өз еркімен қатысу және одан кейінгі мінез-құлықты өзі таңдауы (мысалы, пси-хологиялық кеңес беру); 2) зерттеуге күштеп көндіру, бірақ одан кейінгі мінез-құлқын өзі таңдайды (мысалы, тест құрастыру ке-зінде психолог-студенттерге сынақ жүргізу); 3) зерттеуге күштеп көндіру және зерттеуден кейінгі мінез-құлықты өзі таңдамайды (мысалы, атқарып отырған қызмет талаптарына сай екендігін анықтау үшін тестілеу); 4) зерттеуге өз еркімен қатысады, бірақ әрі қарай мінез-құлқын өзі таңдамайды (мысалы, кәсіби іріктеу). Психологиялық диагностикада қойылған міндеттерге сәйкес белгілі бір әдістемелерді таңдауға қатысты нақты бір шарттар болмайды (танымдық үрдістерді есепке алмағанда). Бұл әсіресе тұлғалық ерекшеліктерді зерттеуде (бір әдістеме түрлі мақ-саттарда қолданылады) анық көрінеді. Әдістеменің диагнос-тикалық міндетке қатысты валидтілігі зерттеу құралы ретінде таңдалатын критерий болуы қажет. Алайда тұлға әдістемелерінің валидтілігін анықтағанда едәуір қиындықтар туындайды. Бұл әдістемелердің сыртқы критерийлер негізінде валидтілігін анықтау мүмкін емес, сондықтан да зерттеуші конструктивтік валидтіліктің нәтижелеріне сүйенуге мәжбүр. Кейде тұлғалық сауалнамалардың валидизациясында психиатриялық болжамдарға жүгінеміз.

Психиатрия - 2011 жылы Алматы қаласы «Б. о. ж.» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - Б. Б. Жарбосынов, Ғ. М. Құдиярова. Беттер саны - 316.

Бұл жерде психиат-риялық болжамдардың сенімсіздігін; түрлі бағыттар мен мек-тептердің клиникалық-диагностикалық сәйкессіздіктері болатын-дығын; патологияны анықтауға бағытталған сауалнамалардың сыртқы критерийі ретінде психиатриялық болжамды қолданудың мақсатқа сәйкестілігін ескеру қажет. Әдістеменің валидтілігінің эмпирикалық коэффициенті белгілі болған жағдайда да диаг-ностика жүргізілуші параметрдің базалық деңгейіне қатысты ба-ғалануы керек (Meehl, Rozen, 1955). Базалық деңгей дегеніміз – біз диагностика жүргізетін сапа-ның зерттелуші популяцияның ішіндегі үлесін білдіреді.

Популяция (лат. populus - халық, тұрғын халық) - белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын ағзалар тобы.

Диаг-ностиканың дәлдігін жоғарылатуға өз үлесін қосатын тесттің инкременттік валидтілігі базалық деңгейге тәуелді. Басқаша айт-қанда, тесттің валидтілігі мен базалық деңгейдің сәйкестілігі оны қолданудың қаншалықты ақталғандығын анықтауға мүмкіндік береді. А.Анастази нөлге немесе бірге жақын базалық деңгейде тесттің инкременттік валидтілігі өте аз болғандықтан оны қол-дану тиімсіз деп жазады: «Мысалы, егер клиникалық попу-ляцияның 5 басмиының органикалық зақымдануы болса, онда осы популяциядағы болжамның базалық деңгейі5 . Валидті тест диагностиканың дәлдінін арттырғанымен, егер базалық деңгей 0,50 жақын болса, онда одан ештеңе ұтпаймыз. Патологиялық жағдайдың өте сирек кезедесетінін білдіретін төмен базалық деңгейде тесттің инкременттік валидтілігі түкке тұрғысыз болып қалады, оны қолдануға кеткен шығындар мен өңдеуді ақтай алмаймыз» (Анастази, 1982, кн.1, с. 157-158). Клиникаға тән қарқынды жеке-дара зерттеу кезінде селекция мен іріктеуде ерек-ше маңызға ие тесттің инкременттік валидтілігі өзінің қажеттігін жояды. Тесттің валидтілігі зерттелінуші топтардың (топшалардың) ерекшеліктеріне (немесе модераторлардың) тәуелді екендігі бел-гілі. Модераторлар рөлін көп жағдайда жыныс, жас, білім дең-гейі, қызығушылықтар, түрткілер тәрізді көрсеткіштер атқарады. Клиникалық психодиагностикада мұндай модераторлар жасалын-баған, олардың әсері тек ерекше жағдайларда ғана есепке алы-нады. Мысалы, кейбір психикалық ауруларда қолданылатын ұзақ уақыт бойғы психофармокологиялық әсерлер ауру тұлғасын зерт-теудегі тесттің валидтілігін әжептәуір төмендетуі мүмкін. Әдістемелерді таңдау кезінде тұлғалық ерекшеліктерді кеңінен қамтитындарын басшылыққа алу қажет. Диагностикалық шешім мен болжамның
1   2   3   4   5   6   7


жүктеу 1.32 Mb.