Главная страница
Контакты

    Басты бет


Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті

жүктеу 1.32 Mb.



жүктеу 1.32 Mb.
бет3/7
Дата13.10.2018
өлшемі1.32 Mb.

Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті


1   2   3   4   5   6   7
кезеңде диагностикалық әдістемелер көбейе бастады.

Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.

Оскар Бурос 1940 ж. шығарған «Ежегодник психических из-мерений» журналында психологиялық тесттердің саны беріледі, оның тиісті шығарылымдарында 325 тестке шолу жарияланады және 200 тест беріледі. Әрине, ол тесттердің барлығы психо-логтар арасында танымал болған жоқ. Бірінші дүниежүзілік соғыс тәрізді екніші дүниежүзілік соғыс та жаңа тесттерді құрастыруға түрткі болды. Екінші дүние-жүзілік соғыстың басында АҚШ психологтары әскердің мұқтаж-дықтары үшін, тағы да топтық тесттер құрастыруға бет алады. Осылайша Әскери жалпы классификациялық тест деп аталған (The Army General Classification Test) – соғыс барысындағы шамамен 10 миллион әскери қызметкерлерге топтық тест жүргізіледі. Сонымен қоса, сыналушыға күшті стресстік фактор-лардың тікелей ықпал етуін зерттейтін жағдаяттық тесттерді құрастыруда елеулі алға жылжу болды. Олар Екінші дүниежүзілік соғыста барлау-шпиондық іс-әрекеттерді орындауға неғұрлым қолайлы тұлғаларды іріктеу үшін қолданылды. 1942 ж. Векслер-Белльвью – II немесе «әскерлік Векслер» деген атпен танымал Векслер тестінің екінші редакциясы жарық көрді.

Редакция (фр. redaction, лат. redactus - орыс. приведенный порядок) - қалыпқа келтірілген.

Бұл он жылдықта АҚШ-тағы интеллектуалдық дамуы дең-гейін анықтау үшін қолданылатын әдістемелердің ішіндегі көшбасшысы Векслер шкаласы. 1949 ж. Векслер ересектерге арналған шкаланың үлгісін бойынша балалардың интеллектуалдық дамуының деңгейін анықтауға арналған шкала жариялады. Ол 200 балаға зерттеу жүргізіліп стандартталды: 5-15 жасқа дейінгі 100 ұл және 100 қыз бала. 1960 - 1970 ж.ж. психодиагностиканың дамуы ХХ ғ. алпысыншы жылдары тесттер туралы пікір-таластардың жылдары. Ол әсіресе АҚШ- да ерекше көрініс алды. Әлеумет азаматтық құқықтардың сақталуына алаңдай бастады, әсіресе жеке өмір құқығына қатысты, интеллектуалдық даму дең-гейін бағалауға және тұлғалық сапаларға қатысты тесттерге күмәнмен қарау пайда болды. 1967 ж. мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп оқушы-ларының интеллект деңгейін бағалауға арналған жеке-дара жүргізілетін Векслер шкаласының жаңа нұсқасы жарияланды. Екі жылдан соң Бэйлидің нәрестелер дамуының шкала-лары ұсынылды, олар 2 айдан 30 айға дейінгі 1262 балаға жүр-гізіліп стандартталған. Балалардың мектепте нашар оқуы жайлы мәселе осы жылдары жиі қойыла бастады. Сондықтан да оқып үйренуге бай-ланысты дағдыларды бағалауға арналған қосымша тесттер құ-растырылды. Олардың ішіндегі ең танымалдары Миннесоталық перцептивтік-диагностикалық тест, Фростингтің визуалдық даму тесті және Иллинойстық психолингвистикалық қабілеттер тесті. Аталған тесттердің біріншісі 1963 ж. ұсынылды және 1967 ж. 5 – 18 жасқа дейінгі аралықтағы балаларға зертету жүргізіліп, қайта стандартталды. 1970 жж. Пайда болған тұлғалық сауалнамалар ішінде Д.Голдбергтің жалпы денсаулық сауалнамасын және Т.Миллон құрастырған Көп осьті клиникалық сауалнаманы атап өтуге болады. Голдбергтің сауалнамасы психикалық жайлы-лықты, эмоциялық тұрақтылықты диагностикалауға арналған. 1980 - 1990 ж.ж.

Аралық (лат. intervallum) - Cаптағы, ұрыс алдындағы, ұрыстық және жорықтық реттегі әскери қызметшілердің, қарулардың, машиналардың, ұшу апараттарының, кемелердің, сондай-ақ бөлімшелер мен бөлімдердің арасындағы майданшеп бойынша қашықтық; Көршілес қарулар снарядтарының көрші түсу нүктелері арасындағы майданшеп бойынша кашықтық; Зениттік басқарылатын ракеталарды жіберу, сондай-ақ торпедалар жіберу кезіндегі аралық үзіліс; Бірінен кейін бірі ұшқан ұшақтардың (тікұшақтардың) бір шектен не бір нүктеден кезектесе ұшып өтуге тиіс кауіпсіз уақыт аралығы.

Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo - толғану) - адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.

психодиагностиканың дамуы Бұл он жылдықта да тесттер саны өсе түсті. Тұлғалық ерекшеліктерді диагностикалауға арналған сауалнамалар көптеп шығарыла бастады. Бірақ кез-келген әдістеменің валидтілігі диагностикалық әдістемелердің ең осал тұстары болып қала берді. Аладйа жобалау тесттерінің мәртебесіне сын пікірлер аса ықпал ете алмады. АҚШ-да 1935-1982 жж. Арасында неғұрлым танымал тесттер мыналар. Тест Рангтегі орны Миннесоталық көп аспектілі тұлғалық сауалнама 1 Ересектерге арналған Векслердің интеллект шкаласы 2 Бендердің гештальт-тесті 3 Роршах тесті 4 Балаларға арналған Векслердің интеллект шкаласы 5 Тақырыптық апперцепция тесті 6 Сөйлемдерді аяқтауға арналған тесті 7 «Адамның суретін сал» тесті 8 «Адам-Үй-Ағаш» тесті 9 Пибода тесті 10 Сөйлемдерді аяқтауға арналған Ротттер тесті 11 Векслердің есте ақтау шкаласы 12 1992 ж. Психикалық өлшеулер жылнамасының он бірінші шығарылымы 477 коммерциялық тесттерді (бұлардың зертету тесттерінен ерекшелігі, олар мамандарға сату үшін шығарылған) жариялады. Ол тесттердің басым көпшілігі тұлғаны диаг-ностикалауға (28,3), ал интеллектіні зерттеуге жаңа тесттердің ішінен орта есеппен небәрі 4,6 ғана арналған. Интеллектіні диагностикалу тесттерінің ішінде таны-малдығы бойынша түрлі жас топтарына арналған Векслер шка-ласы бірінші орынды алады. 1991 ж. балаларға арналған шкала-ның үшінші редакциясы (WISC-R), ал 1998 ж. – үлкендерге арналған шкаланың үшінші редакциясы (WAIS - III) шығады. А.Кауфман және Н.Кауфман интеллектіні өлшеудің жаңа тесттерін құраструды әрі қарай жалғастырды. 1990 ж. бір вер-балды және бір вербалды еме субтесттерден тұратын және 4 –тен 90 жасқа дейінгі диапазонды қамтитын «Кауфманның қысқаша интеллект тесті» шықты. АҚШ-да тарала бастаған «Британдық қабілеттер шкаласын» да еске алған жөн. Оның қайта қаралып және кеңейтілген «Қабілеттердің дифференциалдық шкалалары» деген атаумен шыққан нұсқасын 1990 ж. Эллиот жариялады. 3 тақырып. Психодиагностика ғылым ретінде Жоспар 1. Психодиагностика туралы түсінік 2. Психодиагностиканың пәні және құрылымы 3. Психодиагностиканың психологияның басқа салаларымен бай-ланысы Психодиагностика туралы түсінік Индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктерді өлшеу үшін жиі қолданылатын термин- «психологиялық тест» болып табылады. Алғашында «психологиялық тест» термині кең мағы-нада қолданылды. Кейінірек, тесттердің дамуына орай, психо-логиялық тесттің аумағы тұлғалық ерекшеліктер мен когнитивтік қабілеттерді зерттеуге дейін тарылды.

Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.

«Психодиагностика» термині 1921 ж. Герман Роршах құрастырған «перцепцияға негізделген диагностикалық тесттің» көмегімен жүргізілген зерттеуден кейін қолданысқа енді. Алайда бұл терминнің мазмұны кеңейе бастайды. Индивидуалдық айыр-машылықтарды өлшеумен байланыстылардың барлығын психо-диагностика деп түсіну қалыптаса бастайды. Терминнің тағдырын әрі қарай зерттесек, Р.Хейс оның ерекше мағынаға ие болғаны туралы айтады (мүмкін ол 1930 жж. екінші жартысындағы психометрикалық тесттердің дағдарысы-мен байланысты шығар). Г.Роршахтан кейінгі психодиагностика – ол тұлғаны пси-ходиагностиканың әдістемелерімен және жобалау тесттерімен зерттеу. Психодиагностиканы жобалау әдістемелеріне жатқызу және оны психологиялық тесттің эквиваленті ретінде қолдану көбінесе неміс және швейцар психологтарының (Мейли, 1961; Хейс, 1966 және т.б.) жұмыстарында жиі қолданылған. Кеңінен танымал WEBSTER сөздігіне үңілейік: «Психо-диагностика – ол клиникалық психологияның құралдарымен тұлғаға бағалау немесе психикалық ауытқушылықтарға диаг-ностика жүргізу практикасы және ғылымы». Осы анықтаманы «Медициналық терминдердің энциклопедиялық сөздігімен» салыстырайық: «Психодиагностика – эксперименталдық – пси-хологиялық тесттер көмегімен аурудың психикалық ахуалын ба-ғалау». АҚШ-тың ғылыми әдебиеттеріндегі басым ұстанымның Батыс елдеріне ықпалы өте зор. 1970 жж. дейін кез-келген психо-логиялық тесттерді құрастыру және қолданумен байланыс-тылардың барлығы, осы зерттеу бағытының нысаны анықталмаса да «психологиялық тестілеу» термині арқылы белгіленді (Анастазиді қараңыз, 1982). Аталғандарға дәлел ретінде 1960-1970 жж. басшылыққа алынған ең таңымал атауларды көрсетіп кетейік: «Психологическое тестирование» (Anastasi, 1968; Анастази 1982, 2001), «Сущность психологического тести-рования» - Essentials of Psichological Testing (Cronbach, 1960), «Теории тестов» - Test Theory (Magnusson, 1967), «Теория и практика психологического тестирования» - Theory and Practice of Psichological Testing (Freeman, 1963). «Психодиагностика» термині біртіндеп қолданыстан шығуда. 2000 ж. шыққан «Энциклопедия психологии» сегіз томдығында (Enciclopedia of Psichology. – APA and Oxford University Press; Америкалық психологиялық ассоциация Оксфорд университетімен бірігіп шығарған) психодиагностикаға арналған мақала жоқ. Психодиагностиканың пәні және құрылымы КССР-де «психодиагностика» деп аталған зерттеу бағыты 1960 жж. Б.Г.Ананьевтің күш салу арқылы пайда болады. Батыстық тестілеуге қарсы қойылған кеңестік ғалымдардың психологиялық жаңа бағыты зерттеу нысаны мен ұстанымдарын анықтауды қажет етті. Б.Г.Ананьев психодиагностиканы «тұл-ғаның психофизиологиялық қызметтерінің, үрдістерінің, жағдайлары мен қасиеттерінің даму деңгейін анықтауды...

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

олардың әрқайсының құрылымдық ерекшеліктерін және олардың мінез-құлықтың күрделі синдромдарын құрайтын констел-ляцияларын анықтауды... күрделі жағдайлар мен фрустра-торлардың, түрлі стимуляторлардың әсері кезіндегі адамның аху-алдарын танып білуді ... адамның дамуының потенциалдарын анықтауды мақсат ететін зерттеу бағыты ретінде қарастыру керек деп есептейді» (Ананьев, 1968). Психодиагностика бойынша алғашқы ресейлік моно-графиялардың бірі адамдарды психологиялық және психофи-зиологиялық белгілеріне қарай жіктеу мен ранжирлеу әдістері ре-тінде сипаттайды. Осы анықтаманың авторы К.М.Гуревичтің пікірі бойын-ша, психодиагностиканы осылайша талқылау соның ауқымында бір адамды екінші адамнан немесе бір топты екінші топтан ажы-ратуды мақсат еткен психологиялық және психофизиологиялық әдістемелерді қарастыруға мүмкіндік береді.

Ауқым (Диапазон; ағылш. band) - берілген шектерде жатқан спектрдің бір болігі. L-, S, С-, Кu және Кa әріптерімен "band" терминінің үйлесімділігі жер үстілік және ғарыштық телекоммуниканиялық қызметтерді атқаратын, қысқа жиілік жолағын корсету мақсатында қолданылады.

Психологиялық диагностиканың нысаны бұлайша түсіндірумен келісу қиын. Сон-да психодиагностика тек қана психологиялық емес, статис-тикалық және психофизиологиялық әдістемелердің жүйесіз жи-ынтығынан тұратын болып шықты. Адамдарды жіктеу мен ранжирлеу психодиагностиканың өлшеуінің іргетасын – психо-метрияны құрайтын статистикалық процедураларсыз мүмкін емес. Алайда психодиагностика психофизиологиялық әдіс-темелердің көмегімен психологиялық айырмашылықтарды анықтай алмайды. Бұл әдістемелерді психодиагностикаға енгізу-ші психологтар психологиялық феномен физиологиядан шығады деген ескі көзқарастарды ұстанды. Гуревич ұсынған анықтама психодиагностиканы қолдану аясын осылайша тарылтты. Өткен ғасырдың 80 жж. екінші жартысында психоло-гиялық практиканың түрлі салаларына тесттердің біртіндеп «енуі» негізінде кеңес психологтары оған жаңа анықтамалар бе-реді. Мысалы, «Краткий психологический словарь» «индивид-уалдық ерекшеліктер мен тұлғаның даму перспективаларын анықтау әдістерін құрастыратын психология саласы» деп көр-сетеді. Түрлі анықтамаларды ескере отырып Л.Ф.Бурлачук мына-дай анықтама ұсынады: Психодиагностика – тұлғаның жеке – дара психология-лық ерекшеліктерін бағалау мен өлшеу теорияларын, ұстаным-дарын және құралдарын шығаратын психология ғылымының са-ласы. Психодиагностиканың бір ғаысрдан астам уақыты ішін-дегі даму барысында психологиылқ әдістемелерді қолданудың негізгі аймақтары қалыптасты, оларды жалпы психодиаг-ностиканың салалары деп атауға болады. Білім берудегі психодиагностика – оқу материалын тиім-ді игеруді өлшеу үшін қолданылады. Клиникалық психодиагностика – науқастың жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің психикалық соматикалық ауру-лардың (тұлғаның құрылымдық, дианмикалық ерекшеліктері, ауруға қатынасы, психологиялық қорғаныс тетіктері және т.б.) пайда болуы мен ағымына тигізетін әсерін зерттеуге бағытталған. Кәсіби психодиагностика – кәсіби іріктеу мен кәсіби бағдарлау үшін диагностикалық әдістемелерді қолдану.

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

БАҒДАРЛАУ, ориентация (франц. orіentatіon - шығысқа қарай бағыттау, лат. orіens - шығыс сөзінен алынған) - 1) бақылаушының өзі тұрған жерін айналасына, көкжиек тұстарына және жер бедері элементтерінің кейбір өзгешеліктеріне қарап анықтауы.

Психодиагностиканың психологияның басқа салаларымен байланысы XIX ғ. мен XX ғ. тоғысқан тұсында көрнекті неміс психо-логы Вильям Штерн «психикалық қызметтер мен қасиеттердің маңызды айырмашылықтары» туралы ғылымды бөліп көрсету үшін дифференциалды психология» түсінігін енгізді. Психодиагностика мен дифференциалды психологяның зерттеу нысандары сәйкес келеді. Алғашқысы жеке-дара айыр-машылықтарды өлшеуге бағытталған, ал екіншісі осы айыр-машылықтардың себептері мен салдарын тану, түбіне үңілу. Психодиагностика мен дифференциалды психологияны бөлек қарастырудың сипаты жасанды, ал шындығында олар бір-бірін толықтырып тұр. Алғашында психикалық үрдістердің уақытша сипаттама-ларын өлшеу психометрия деп аталған. соңынан психикалық құбылыстарды сандық өлшеумен байланыстылардың барлығы психометрияға жатқызылатын болды. «Словарь XX века» сөздігі оны «өзгермелі факторлармен жұмыс жасаушы психология саласы» деп анықтады. Мұндай көзқарас бойынша психометрия психофизиологиядан бастап тұлғаға дейінгі психологиялық өлшеу аясын тұтас қамтиды. Өлшеуге арналған кез-келген психологиялық құралды құрастыру тиісті талаптарды бұлжытпай орындауы қажет екендігі белгілі. Ол талаптар өлшеу әдістемесінің дәлдігіне, шынайылығына және адекваттылығына, оның көмегімен алынған нәтижелердің салыстырмалылығына қатысты. Оларға сәйкес болуы математикалық - статистикалық процедуралармен анық-талады. Осыған байланысты кең қолданылатын «психометрикалық тесттер» термині - өлшеу ұстанымдарын қанағаттан-дыратын валидтілігі және сенімділігі белгілі стандартталған әдіс-темелер дегенді білдіреді. 4 тақырып. Тест психодиагностиканың негізгі құралы ретінде Жоспар 1. Тест түсінігі. Тест түрлері Компьютерленген және компьютерлік тесттер Тұлғаны зерттеудің «объективтік» тесттері Шетел тесттерін бейімдеу Тест түсінігі.

Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Тест түрлері Тест дегеніміз (ағ. тілінен test – сынақ, тексеру) – нәтижелері сандық және сапалық бағалауға жататын, көбіне тапсырма орындау уақыты шектелген және тұлғаның индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін, белгілі бір формадағы белсенділікке ықпал ететін стандартталған тапсырмалар. Білімнің алуан салаларында кеңінен тараған «тест» тер-минінің тарихы тереңде жатыр. Р.Пэнто мен М.Гравитцтің айтуы бойынша (1972) «тест» сөзі ежелгі француз тілінен шыққан және «кесе» сөзінің (лат.

Француз тілі - француз халқының тілі. Үндіеуропа тілдері шоғырының роман тобына жатады. Француз тілі Францияның, Бельгияның (фламанд тілімен бірге), Швейцарияның (неміс, итальян, ретороман тілдерімен бірге), Канаданың (ағылшын тілімен бірге) мемлекеттік тілі болып есептеледі.

testa – саз балшықтан жасалған құмыра) синонимі болып табылады.

Балшық - көбінесе сазды минералдардан тұратын және кышқылға төзімді материалдар, қыш, т.б өндіруде қолданылатын шәгінді тау жыныстары. Ақ балшық және пластикалық балшық болып бөлінеді.

Ол сөзбен алхимиктер сынақ жасау үшін қолданған күйдірілген балшықтан жасалған кішігірім ыдыс-тарды атаған. Қазіргі заманға жақын «тест» терминінің мазмұны XIX ғ. қалыптасты. Психодиагностикада тесттерді классификациялау-дың алуан түрлері бар. Олар тесттер тапсырмаларын қолдану ерекшеліктеріне қарай вербалдық тесттер және практикалық тесттер, зерттеу процедураларының қалпына қарай – топтық тесттер және индивидуалдық тесттер, бағытына қарай – қа-білеттер тесттері, тұлға тесттері және жекелеген пси-хикалық қызметтердің тесттері, ал уақыт шектеуінің болуы немесе болмауына байланысты – жылдамдық тесттері және нәтиже тесттері болып бөлінеді. Сондай-ақ, тесттер құрас-тырылу ұстанымдарына қарай бөлінуі мүмкін. Соңғы жылдары көптеген тесттер компьютерлік ортаға бейімделді (нәтижелерді өңдеу және ұсыну және т.б.), оларды компьютерленген тесттер деп атауға болады. Қазіргі заманның есептеу техникаларының мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрастырылатын компьютерлік тесттер көптеп шығарылуда. Л.Ф.Бурлачук ұсынған классификация тесттің негізінде жүзеге асырылатын диагностикалық тәсілге сүйенеді. Компьютерленген және компьютерлік тесттер Компьютерленген және компьютерлік тесттер. Компьютер психодиагностиканың дамуының қазіргі кезеңіндегі психологтың диагностикалық іс-әрекетінің ажырамас бөлшегіне айналды. Психодиагностикаға компьютердің енуінің өз тарихы бар. Ақ-параттық технологиялардың алғашқы даму кезеңінде (1960 жж. басы) компьютердің қызметі шектеулі болатын, ол көбіне қара-пайым стимулдар мен реакцияларды тіркеумен және нәтижелерді статистикалық өңдеумен шектелді. Компьютер зерттеушінің қосымша көмекші құралы рөлін атқарады, оған ең ауыр және ең қиын операцияларды өңдеу жүгі артылды. Бірақ осы кездің өз-інде тесттерді машинамен өңдеу дами бастады. Компьютерлік психодиагностика шетелде ақпараттық тех-нологиялардың дамуының екінші кезеңінде (1960 жж.) пайда бола бастайды. Ең бірінші кезекте диагностикалық ақпаратты өңдеудегі уақытты көп алатын процедуралар («шикі» ұпайларды есептеу, нәтижелер қорын жинақтау, тесттің нормаларын есептеу, алғашқы нәтижелерді стандарттық көрсеткіштерге салу және т.б.) автоматтандырылды. Бұл кезеңде нәтижелерді көп өлшемді талдау жүйесі дамыды. Электрониканың дамуы машина қорларының бағасының тө-мендеуіне алып келді, ал математикалық қамтамасыз етуге ке-тетін шығындар өсті. Ақпараттық технологиялар дамуының бұл кезеңінің тұжырымдамасын былайша анықтауға болады: «Бағ-дарламалауға болатын барлық нәрсені машиналар жасауы керек, ал адамдар әзірге бағдарлама жаза алмағандарын ғана жасауы керек» (Громов, 1985).

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Батыстың компьютерлік психодиаг-ностикасының негізгі жетістіктері осы кезеңге жатады. Жаңа машина технологиясының пайда болуына дейін психодиаг-ностикада стандартталған әдістемелердің қомақты қоры бар бола-тын. Кейбір іріктелген сыналушылар саны миллиондаған адам-дарға жетті. Алынған ауқымды нәтижелерді жылдам өңдеу үшін компьютерлік құралдар арқылы психодиагностикалық ақпарат жинау дами бастады, арнайы бағдарламамен қамтамасыз ету құралдары құрастырыла бастады. Компьютер «экспериментатор» рөлін жиі атқаратын болды. Ақпараттық технологиялардың дамуының үшінші кезеңі (1970 жж. бастап) БЭЕМ негізінде компьютерленген психодиаг-ностикалық жүйелердің жаңа дәуірінің пайда болуына жағдай жасады, автоматтанған тест әдістемелерін практикаға енгізу үрдісін жылдамдатты, психодиагностикалық ақпараты жинау мен өңдеуді үрдістерін формализациялау мен автоматизациялаудың негізін құрды.

Дәуір - халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық шкаланың иерархиялық бағыныштылық тұрғысынан төртінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі.

Зерттеу барсы өзгерді, зерттелінушінің ЭЕМ қатынасы «диалогқа» айналды. Кері байланысты енгізу алдыңғы нәтижелерге қарай зерттеу стратегиясын өзгертуге мүмкіндік берді.

Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.

Дәл осы кезеңде компьютерлік ортаға арнайы жасалған алғашқы компьютерлік тесттер пайда болды. Бұл тесттердің дамуы сыналушының жауап беру ерекшеліктеріне ыңғайланған тапсырмалардың болуымен байланысты бейімделген тестілеудің алғышарттарынан тұрды. Сондықтан да тесттерді компьютер-ленген немесе компьютер ортасына бейімделген компьютерлік тесттер деп бөлу орынды. XX ғ. соңғы жылдары компьютерлер тек институттар мен зертханалар ғана емес, әрбір зерттеуші қол жеткізе алатын болды. Қазіргі кезеңде психодиагностикалық зерттеулер жылдам әрекет етуші және алуан түрлі қосалқы қондырғылары бар, аса күшті персоналдық компьютерлер базасында жүзеге асады. Отандық зерттеу бағыты ретіндегі компьютерлік психо-диагностика 1980 жж. соңына қарай пайда бола бастайды, бірақ ол шетелдегі ақпараттық технологиялардың даму үрдісіне ілесе алмайды. Жалпы психология ғылымы осы заманғы ақпараттық технологияларды белсенді қолданушылардың алдыңғы қатарына жатпайды. Кеңес психологтарына тек 1960 жж. ғана факторлық талдау тәсілдерін қолмен есептеу ұсынылған кезде, шетелдіктер осы математикалық-статистикалық әдісті 1930 жж. бастап ЭЕМ көмегімен жүзеге асыру кең қолданыла бастаған. Бұрынғы кеңестер одағында тесттердің компьютерлік нұсқаларының пайда болуын (1980 жж. соңы) барлығы бірдей қолдамады. 1990 жж. мәскеу психологтары жүргізген түрлі әлеуметтік топтардың компьютерленген тестілеуге қатынасын зерттеу, жоғарғы деңгей басшыларының, құрастырушы-психо-диагносттардың және компьютермен жұмыс жасай алатындардың және өзін-өзі тануға ұмтылатындардың мұндай зерттеуге үлкен үмітпен қарайтындықтарын анықтады. Қарамағындағылармен тікелей жұмыс жасайтын және оларды ұзақ уақыт бойы білетін орта деңгей басшыларының жағымсыз қатынасы байқалды. Мұндай қатынас қолданушы-психодиагносттарға да (кейде оларда психодиагностика саласындағы нашар теориялық және практикалық дайындығы нәтижесі ретінде еш сынаусыз шектен тыс сенім кездеседі) және кәсіби іс-әрекетінің жемістілігі, мансабы және т.б. тестілеу нәтижелерінің қорытындысына тәуелді деп қарайтындар да кездеседі. Дәстүрлімен салыстырғанда қазіргі заманғы психодиаг-ностикалық әдістемелердің артықшылықтарына мыналарды жат-қызуға болады: жүзеге асырылушы бағдарламаның өзгермейтіндігі тес-тілеу жағдайларының бірқалыптылығын қамтамасыз етеді (тапсырмаларды басқаша ұсынғанда бұған қол жеткізу қиын); сыналушының түрлі реакцияларынның дәлдігін және бір мағыналылығын тіркеуге қол жеткізіледі; сыналушы әрекеттерінің бірізділігін аңғаруға және қал-пына келтіруге мүмкіндік береді; психодиагностикалық қорытындылардың біртұтас қоры жеңіл құрылады, зерттелушілердің түрлі топтарына арналған эмпирикалық негізделген тест нормалары қа-лыптасады; тесттерді автоматтық түрде құрастыру мүмкіндіктері пай-да болады; психолог зерттеу барысындағы және тест құрастырудағы (бейімдеудегі) ауыр, күрделі, көп уақытты алатын жұмыс-тан босатылады; топтық тестілеу практикасын кеңейту және әдістемелерді тарату мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі; нәтижелерді талдау күшті математикалық-статистикалық аппаратын қолдану мүмкіндігі артады, талдаудың жаңа процедуралары жеңілдетіледі; тестілеу нәтижелерінің жария етілмеуін сақтау жеңіл-дейді; диагностикалық қорытындыларды сақтау (магниттік құ-ралдарда) оңтайландырылады, зерттеуге кететін шығын төмендейді; кейбір жағдайларда шешуші мағынаға ие, тез нәтиже бе-ретін экспресс-әдістемелерді (мысалы, кәсіби психо-диагностика) өткізуге оңтайлы жағдайлар туғызады; тест тапсырмаларын компьютер арқылы ұсыну, зерт-телуші мен экспериментатор арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас жағдайларында туындайтын жағымсыз әсерлерді азайтады (зертелушінің қорғаныс
1   2   3   4   5   6   7

  • Ақпараттық технологиялар

  • жүктеу 1.32 Mb.