Главная страница
Контакты

    Басты бет


Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті

жүктеу 1.32 Mb.



жүктеу 1.32 Mb.
бет2/7
Дата13.10.2018
өлшемі1.32 Mb.

Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті


1   2   3   4   5   6   7
отбасында өтеді.

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

Анасы Чарльз Дарвиннің атасы болып келетін Эразм Дарвиннің қызы болған. Кембридж университетінің бакалавр дәрежесін (1844) алған. Индивидуалдық айырмашылықтарды зерттеудің негізін қалаушы ағылшын ғалымы Френсис Гальтон болып табылады. Ол оларды өлшейтін құрал – тестті ойлап тапты. Ф.Гальтонның негізі идеяларының бірі – адамның қабі-леттерін өлшеу. Оны қызықтырған негізгі мәселе – қабілеттердің тұқым қуалаушылығы. Адамзатты жақсарту идеясының негізінде Гальтон психометрияны немесе ақыл-ойды өлшеу үшін тиісті психологиялық, психофизиологиялық зерттеулер жүргізеді.

Психофизиология - психиканы оның нейрофизиологиялық субстратымен бірлікте зерттеуге бағытталған, психология мен нейрофизиологияның тоғысуындағы пәнаралық зерттеулер саласы. 1830 ж. француз философьі Н.

Гальтонның алғашқы зерттеулерінің негізінде индивидуалдық психологиялық ерекшеліктер мен оларды өлшейтін ғылым пайда болды. Өзінің бақылауларына және Дж. Локктың философиялық іліміне сүйене отырып, Ф.Гальтон сенсорлық ажырату ерекшеліктерінің көмегімен адамның ақыл-ойын (интеллект) бағалауға болады деп пайымдады. 1883 ж. ол өзінің ақыл-ойды өлшеу идеясын құрастырды: «Біз қабылдайтын сыртқы оқиғалар жайлы барлық ақпарат біздің сезім мүшелеріміздің жолымен келеді; адамның сезім мүшелері неғұрлым нәзік айырма-шылықтарды қабылдай алатын болса, онда оның интеллектуалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру мен пайымдаулар құруына соғұрлым мол мүмкіндіктер туындайды». Ф.Гальтон соған дейін белгілі болған сезімталдық табалдырығын, реакция уақытын анықтайтын эксперименталдық-психологиялық тәсілдерді жетілдіреді және жаңасын құрас-тырады. Олардың ішіндегі, дыбыс жоғарылығын қабыладау ше-гін анықтауға арналған ысқырғыш және ұзындықты көзбен ажыратуға арналған сызықша (линейка) әлі күнге дейін қолданыста және соның атымен аталады. 1884 ж. Лондонда өткізілген медициналық құрал-жаб-дықтар, денсаулық сақтау әдістері халықаралық көрмесінде Ф.

Пайымдау - логикалық ойлаудың екі типі. Ойдың ақиқатқа қарай ілгерілеуі білм шеңберінде тәжірибенің мәліметтері мен амалдарын жасайды, оларды қатаң тиянақталған ережелер бойынша реттейді. Оған қатаң анықтылық, бұлжымайтын шектеулермен схемаларға ойысу тән.

Медицина (лат. medicina: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

Гальтон келушілерді өз құрастырған тесттермен таныстырады. оның антропометриялық зертханасында кез-келген келуші өзінің «қабілеттерін» өлшей алатын болды. Тестілеу он жеті көрсеткіш бойынша жүргізілді, олардың ішінде саусақтар күші мен ұру күші, көру өткірлігі, өкпенің көлемі, түс айыру, нысандарды жаттау және т.б. болды. Көрме жабылған соң, Ф.Гальтон өзінің зертханасын Оңтүстік Кенсингтон Мұражайына көшіріп, алты жыл бойы 9000 адамға өлшеулер жүргізеді. Ф.Гальтон психологиядағы статистикалық процедура-ларды қолданудағы жаңашыл ғалым болды. 1888 жылы корреляция коэффициентін есептеу әдісін ұсынды. Гальтон антропометрия мен тұқым қуалаушылықты зерт-теуде корреляция коэффициентін есептеді. Тұқым қуалаушылық-тағы регрессия құбылысын статистикалық зерттеу корреляция түсінігімен тікелей байланысты: «Регрессия былайша түсін-діріледі.

Регрессия (лат. regresso - кері қозғалыс) - теңіздің тартылып, жағасының кері шегінуі. Әдетте, тектоникалық қозғалыстардың әсерінен құрлықтың көтерілуінен, мұхит түбінің ойысуына немесе материкті мұз басу кезінде мұхит суы көлемінің азаюына байланысты болады.

Бала жартылай ата-анасына, жартылай арғы ата-баба-ларына ұқсайды. Жалпы айтқанда, оның генеалогиясы неғұрлым әрі кетсе, оның ата-бабалары да, тұтас нәсілден алынған, саны бірдей адамдар топтарынан бөлектенгенше, соғұрлым көп және алуан түрлі болады.

Ата-баба - санатының қазақ этносының дәстүрлі құрылымдық-функционалдық төрт деңгейіне сәйкес төрт түрлі мағынасы бар. Бірінші мағынасы - жеті аталық ру-қауым деңгейінде жеті буын рулық-туыстық қатынастар жүйесіне кіретін барлық руластардың ортақ ата тегінің, яғни жетінші атаның атауы.

Олардың орташа бойы нәсілдің бойындай болады, басқаша айтқанда, ол орташа». Гальтон ашқан регрессия заңы осы. Гальтонның бұл заңдары қазір тек тарихи дерек болса да, өз заманында олар жаңашыл зерттеулер болып саналды. Гальтонмен бірге жұмыс жасаған математик және био-граф Карл Пирсон корреляцияны есептейтін математикалық аппаратты жетілдірді. Нәтижесінде Пирсон бойынша корреляция коэффициенті пайда болды. Сондай-ақ ол d-квадрат параметриялық емес коэффициентін құрастырды. ол коэффи-циенттер психодиагностикалық зерттеулерде кеңінен қолданы-лады, солардың негізінде психологиялық тесттерді құрастыру мен қолдануда сандық әдістерді қолдану дәстүрі орнады. Ф.Гальтон тұлғалық ерекшеліктерді өлшеу туралы мәселе қойған ғалымдардың алғашқысы болып табылады. Сондай-ақ, Ф.Гальтон «идеялар ассоциациясын» да зерт-теушілердің басында тұрғандардың бірі. Осылайша, интеллектіні зерттеудегі ағылшын мектебінің пайда болуы мен қалыптасуына ұлы ағылшын елеулі үлес қосты. Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері а) Джеймс Мак-Кин Кеттелл 1860 жылы АҚШ-тың Истон қаласында дүниеге келген (Пенсильвания штаты). Лафайет колледжіінң бакалавры (1880), философия докторы (Лейпциг университеті, 1886). Дүние жүзіндегі ең алғашқы психология профессоры (Пенсильвания университеті, 1887-1891). Амери-калық психологиялық ассоциацияның президенті (1895). 1917 ж. Америкалық психологиялық корпорация құрады, ол ең бірінші рет тесттерді басып шығарады.

Корпорация (лат. corporatіo – бірлестік) - 1) бірлестік, қоғамдастық, одақ; 2) меншіктің акционерлік нысаны‚ меншікті (капиталды) ұжымдасып иелену‚ кәсіпорынды басқару міндеттерін кәсіпқой басқарушылардың (менеджерлердің) жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру; заңға қайшы келмейтін мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіптік және басқа мүдделер сәйкестігі бойынша біріккен қоғам‚ одақ‚ тұлғалар тобы.

Америка (ис. América, порт. América, фр. Amérique, кеч. Amirika, айм. Amërika, нидер. Amerika) - Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді.

Дж. Кеттелл Ф.Гальтонның ақыл-ойды өлшеу идеяларына ден қоя бастайды. 1890 ж. Дж. Кеттелл психодиагностикадағы ең атақты ең-бек болып есептелетін «Ақыл-ой тесттері және өлшеу» жұмысын жариялайды. бұл мақаласында ол қолданылып жүрген 50 тесттер ішінен онын іріктеп алады. олар жақсы танымал «динамо-метрия», «қозғалыс диапазоны» (белгілі бір ара қашықтыққа қолды қозғалтуға жіберілетін уақыт), «сезімталдық аймақтары», «салмақтың білінер-білінбес айырмашылығы», «дыбысқа жауап беру уақыты», «түсті ажырату уақыты», «50 см. сызықты екі еселендіру», «10 секундтық уақыт кесіндісін айыру», «әріптер қатарын айтудың бірізділігі». Кеттелл бұл тесттерді ақыл-ойды өлшеуге болатын қарапайым психикалық функциялар тесті деп атады. Альфред Биненің интеллектіні зерттеуге қосқан үлесі Альфред Бине 1857 ж. Ниццада дүниеге келген. Гипноз және истерия мәселелерімен айналысқан. 1894 ж. жәндіктердің жүйке жүйесін зерттегені үшін доктор дәрежесін алады. Осы жылы Сорбоннада психологиялық зертхананың директоры болып тағайындалады және Франциядағы алғашқы психологиялық журнал ашады. Альфред Бине эксперименталдық психологияның негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Зерттеудің алғашқы кезеңдерінде Бине интеллект мен хиромантия және френология қарастыратын «өзгермелілер» арасындағы өзара байланысты түсінуге тырысқан.

Хиромантия (грек. cheіr - қол және manteіa - бал ашу) - алақандағы сызықтар мен төмпешіктерге қарап, адамның тағдырын айту. Адамдардың қолы мен алақанындағы шым-шытырық сызықтардың құпиясы - оларды ғасырлар бойы қызықтырып келді.

Сондай-ақ ол Гальтон мен Кеттелл қолданған тесттерді қолданып эксперименттер жүргізді. Алайда 1890 ж.ж. Бине индивидуалдық айырмашылықтарды зерттеу үшін анағұрлым күрделі психикалық үрдістерге жүгіну қажет деген тұжырымға келеді.Бине мен Анри 1896 жылы зейінді, түсінуді, есте сақтауды, қиялды, эстетикалық бағалауды, моральдық пайымдауларды және кеңстікті визуалдық түйсінуді өлшеуге арналған тесттер топтамасына сипаттама берді. 1891 жылы Гарвард университетінен Хуго Мюнстерберг мектеп жасындағы балаларға қолдануға болатын 14 тест дайын-дады.

Гарвард университеті (ағылш. Harvard University) - 1636 жылы Массачусетс штатының Кэмбридж қаласында Массачусетс заңнамасымен қаланған жекеменшік, Айви Лигасына кіретін зерттеуші жоғары оқу орны. Гарвард АҚШ-тағы жоғары оқу орындарының ішіндегі ең көнесі және АҚШ-тағы тұңғыш корпорация (ресми президенті және басқа жұмысшылары тағайындалған).

Олардың ішінде оқу, вербалдық ассоциация, есте сақтау, сондай-ақ қарапайым арифметикалық тапсырмалар болды.

Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).

Атақты неміс психологы Герман Эббингауз адамның есте сақтауын эксперименталдық зерттеп, оның екі түрінің арасындағы айырмашылықты ашады: жаттауды жеңілдетуден көрінетін имплициттік және тікелей қайта жаңғыртудан көрінетін эмплициттік есте сақтау. Ол имплициттік есте сақтау тесттерін құрастырды және тікелей қайта жаңғыртылмайтын және танымайтын материал, қалайда жадыда сақталатындығын көрсетті, ол қайталап оқуды жеңілдетеді. Балалардың ақыл-ой қабілеттерін зерттей отырып, Г.Эббингауз 1897 ж. тест құрастырады, кейіннен ол соның атымен аталды. Ол сөздерді жинақтау мен құрастыру арқылы елеулі тұтастыққа қол жет-кізетін қабілетті интеллектінің маңызды сипаттамасы деп пайымдады. Психодиагностикадағы тестті жинақтауда толық-тыру ұстанымы әлі күнге дейін кеңінен қолданылады. Алайда А.Бине мен оның қызметкерлерінің көп жылғы еңбегінің нәтижесінде интеллект тесттері құрылды.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Биненің тұжырымы бойынша, индивидуалдық психоло-гияның негізгі түсінігіне норма мен нормадан ауытқушылық жа-тады. 1905 ж. А.Бине Теодор Симонмен бірге қиындығына қа-рай орналасқан 30 тапсырмадан тұратын балалардың интел-лектісін өлшеуге арналған алғашқы шкаланы құрастырды. Бала-лар алған ұпай саны шешілген тапсырмаға тәуелді болды. Бине бұл шкала дифференциацияның «дөрекі» тәсілі деп пайымдады (мысалы, қарапайым 5 жастағы бала 14 тапсырмадан әрі аса алмайды).

Тәуелділік (Зависимость; dependence) функция мен оның аргументгері арасындағы қатынас; мәліметгер базасындағы мәліметтер ассоциациясы. Мәліметтер тәуелділігі (Зависимость данных (по данным); data dependence) - мәліметтер мен программаның өзара өсер етуі.

Дифференциация (фр. differentiation, лат. Differentia - айырымы, айырмашылық) -

Бұл шкалада перцептивті-сенсорлық тапсырмалар болғанымен, интеллектінің негізгі компоненттері болып есептелген пайымдау, түсіну және ой түю қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін вербалдық материалдарға ерекше орын берілді. 1908 ж. Бине-Симонның жетілдірілген шаласы жария етілді. Ол 3 жастан 13 жасқа дейін жыныстық белгісіне қарай топтастырылған осы деңгейден өткен белгілі бір жастағы балалар пайызына сәйкес 59 тесттен тұрды. Бұл анықтаушы пайыздық диапазон 67 -дан 75 -ға дейін болды. Егер балалардың көпшілігі (пайыздық есеппен) тесттен өтсе, ол бұл жас деңгейі үшін тым жеңіл деп саналды;

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

егер бұл тестті балалардың тым аз пайызы орындаса, онда ол бұл жас үшін аса күрделі болып са-налды. Мысал ретінде Бине-Симонның 7-8 жастағы балаларға ар-налған тесттер тапсырмаларын келтірейік. (бұл тестте қолданылатын психикалық даму көрсет-кіштері қазіргі балалардың психикалық даму нормаларынан көп артта қалады). 7 жастағы балалар үшін 1. Оң және сол жақтарын ажырату. 2. Ұсынылған суретті сипаттау. 3. Бірнеше тапсырманы орындау. 4. Бірнеше тиынның жалпы құнын атау. 5. Көрсетілген төрт негізгі түсті атау. 8 жастағы балалар үшін 1. Есіне түсіру арқылы екі нысанды салыстыру. Олардың арасындағы ұқсастықты табу. 2. 20-дан 1-ге дейін кері санау. 3. Суреттегі адамдардың жетіспейтін жерлерін табу (4 тапсырма). 4. Апта күнін, бүгінгі күнді, айды, жылды атау. 5. Бір мағыналы бес саннан тұратын қатарды қайталау. А.

Мағына - сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін.

Бине ұсынған интеллектуалдық деңгейді диаг-ностикалау мәселесін шешу үшін, осы тапсырмаларды қалыпты балалардың қай жаста дұрыс шеше алатындығын анықтап, сол жаста сынақтан өткізу керек. Егер бала өзінің жасындағы балалар орындайтын тап-сырмаларды сәтті орындаса, онда ол қалыпты бала деп саналды. Бұл тапсырмаларды А.Бине ақыл-ой жасын анықтау үшін қол-дануды ұсынды (оны баланың хронологиялық жасымен оңай салыстыруға болады). Осыны толығырақ түсіндірейік. Тест тап-сырмаларын сәтті орындау көрсеткіштері ақыл-ой жасы болып саналады. Тапсырмалар жас ерекшелігіне қарай топтастырылады. Мысалы, 8 жасар балалардың көпшілігі орындай алған тап-сырмалар - 8 жас деңгейіне қатысты, ал 9 жасар балалардың көп-шілігі орындаған тапсырмалар – 9 жас деңгейіне қатысты және т.с.с. Алайда сыналушының тест тапсырмаларын нақты орын-дауы басқаша болуы мүмкін. Ол күрделілігі өзінен төмен жас деңгейіне арналған кейбір тапсырмаларға шамасы келмеуі мүм-кін. Осыған байланысты сыналушының максималды жас дең-гейін, яғни одан төмен тест тапсырмаларына шамасы жететін «базалық жасын» анықтау қажет. Неғұрлым жоғары деңгейлерге арналған тапсырмаларды орындай алса, олар негізгі нәтижеге белгілі бір айдың саны түрінде «жеке сынақ» болып қосылады. Осылайша, ақыл-ой жасы «базалық жас» пен қосымша айлардың қосындысы арқылы анықталады. Мысалы, сыналушының хронологиялық жасы 12-ге тең. Сынақ нәтижесінде мынадай нәтиже алынды: Кесте 1 Жылдар Айлар VII (базалық деңгей) 84 VIII 6 IX 2 X 4 XI 2 Барлығы 98 Яғни, баланың ақыл-ой жасы 8 жыл 2 айға тең. Ақыл-ой жасы мен хронологиялық жас арасындағы айырмашылық ин-теллектінің абсолюттік өлшемі болып табылады. Алайда бұл айырмашылық түрлі жас топтары үшін бірдей мағына бермейді, себебі интеллект әрқилы дамиды. 4 жасар баал үшін интеллектуалдық дамуының бір жас алда немесе артта болуы, 12 жастағы баламен салыстырғанда анағұрлым маңыздырақ. Осыған байланысты Вильям Луис Штерн интеллектінің абсолюттік өлшемін - айырмашылық деп емес, са-лыстыру деп анықтауды ұсынды. Осылайша атақты интеллект коэффициенті (Intelligence Quotient) -қысқаша IQ пайда болды, оның формуласы мынадай: Интеллект құрылымы (Чарльз Спирмен) Чарльз Эдвард Спирмен 1863 ж.

Формула (Formula) - электрондық кестедегі (Excel) математикалық өрнек, оның жұмыс нәтижесі торлардағы мәндерге байланысты болады. Мысалы, D5 торына енгізілген мынадай формула =а5+b5+с5 A5, В5, С5 торындағы сандардың қосындысын D5 торына орналастырады.

Лондонда дүниеге келген. 1897 ж. Вундт зертханасында психологиямен айналыса бастайды. 1906 ж. Лейпциг университетінде докторлық дәреже алады. Эксперименталдық психология пәнінің оқытушысы (1907-1911), ойлау мен логика профессоры (1911-1928), психология профессоры (1928-1931).

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Лондондық «психология мектебінің» негізін қалаушы. Тесттер нәтижесінің статистикалық талдауына негіздел-ген интеллектіні ұйымдастырудың алғашқы теориясына Чарльз Эдвард Спирменнің теориясы жатады. Ф.Гальтонның корреляциялық талдау зерттеулерімен қа-наттанған Ч.Спирмен 1901 ж. түрлі интеллектуалдық қабі-леттердің өзара байланысы мәселесіне назар аударады, ал 1904 ж. қазіргі күні классикалық еңбекке айналған «Общий интеллект, объективно детерминированный и измеренный» және «Доказательность и измерение связи между двумя предметами» мақалаларын жариялайды. Ч.Спирмен зерттеулері интеллектінің екі факторлы тео-риясының пайда болуына алып келеді. Бұл теорияға сәйкес тесттер арасындағы оң корреляцияны (осы тесттерді орындау сәттілігі) және әрбір қолданылушы әдістемеге тән айрықша фак-торларды (S1 S2 S3 және т.б.) анықтайтын жалпы және гене-ралдық фактор (general factor - G) болады.

Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.

Төменде сызба түрінде берілген (Х белгісімен корреляция белгіленген): Кесте 2 Тест Фактор G S1 S2 S3 S4 1 X X 2 X X 3 X X 4 X X Бұл тұжырымдамада оң корреляция тек генералдық фак-тордың болуымен ғана түсіндіріледі. Тесттер осы факторға толы болса, олардың арасындағы корреляция соғұрлым жоғары. Ай-рықша факторлар өлшеу қателіктері тәрізді рөл ойнайды. Осы тұрғыдан алғанда Ч.Спирмен теориясын монофакторлық деуге болады. Ч.Спирмен бойынша, генералдық факторды неғұрлым тар ауқымда талдау, бұл фактордың интеллектінің барлық өл-шемдеріне тән болғандығынан тұрады. G факторын ақыл-ой күш-қуаты (mental energy) ретінде талқылауға болады деген болжамды да ұсынды. Спирмен G факторын бұлыңғыр түсінік деп пайым-дағандықтан, оны интеллектімен теңестірмеді. G факторының рөлі күрделі математикалық және вер-балдық тесттерде анағұрлым жоғары, ал сенсомоторлық тест-терде – төмен екендігі анықталды. 2 тақырып. XX ғасырдағы психодиагностиканың дамуы Жоспар 1901 – 1920 ж.ж. психодиагностиканың дамуы 1930 – 1939 ж.ж психодиагностиканың дамуы 1940 -1950 ж.ж. психодиагностиканың дамуы 1960 - 1970 ж.ж. психодиагностиканың дамуы 1980 - 1990 ж.ж. психодиагностиканың дамуы 1901 – 1920 ж.ж. психодиагностиканың дамуы ХХ ғ. индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу сала-сындағы елеулі қол жеткізген нәтижелерге А.Биненің тесттері жатады. Бине шкаласы неғұрлым кең ауқымда қолданыла бас-тайды. Еуропадан келуші иммигранттарды зерттеуге арналған әдістемелер ішіне қосқан Генри Годдард оны алғашқы қолда-нушылардың бірі болды. Ағылшын тілін нашар білетін немесе мүлдем білмейтін адамдарды зерттеуде бейімделмеген тесттерді қолдану неге әкелетінін Годдардтың жұмысы анық көрсетті.

Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Осы зерттеудің нәтижесі бойынша еврейлердің 83, венгрлердің 80 , итальяндықтардың 79, Ресейден келушілердің 87 ақыл-есі төмен болып сипатталуы мүмкін еді. Г.

Еврей (араб.: يهود‎ - яһуди дінін қабылдаған Израиль пайғамбар ұрпақтары) - бастапқы атауы және көне еврей халықтарынан тарайтын әртүрлі елдерде тұратын халықтардың жалпы этностық атауы.

Годдард ұсынған Бине-Симон шкаласына (1908 ж.) кө-ңілі толмаған америкалық психолог Льюис Мэдисон Термен мен Х.Д.Чайлдз бірігіп тестті жаңадан қайта бейімдеуге кіріседі. Ол шкала тапсырмаларының валидтілігі мен сенімділігін тексеруге мән береді. Тесттің көптеген тапсырмалары модификацияға ұшы-рады, сонымен қоса жаңа тапсырмалар қосылды. Ол шкала (Бине-Симон шкаласының Стэнфордтық нұсқасы) 2100 бала мен 180 ересектерге жүргізіліп стандартталды. Ол 3 жастан ересек жастағыларға дейін диапазонды қамтыды, бірақ 11 жасқа арналған тесттер болмады. Нәтижесі ақыл-ой дамуы мен жастың ара қатынасының көрінісі ретінде және интеллект коэффици-ентіне немесе IQ-ге ауыстырылуы мүмкін болды. Термен осы шкаланың көмегімен IQ – ді орналастыру негізінде мынадай классификациялық сызбаны ұсынды: 90 – 109 IQ – орташа ақыл-ой қабілеттері, 70-тен төмен IQ ақыл-есі кемдікті, 140-тан жоғары IQ данышпандықты білдіреді. Бұл жерде ол анықтаған шектеулер ерікті түрде таңдалғанын және осы классификациялық сызба жаңа өлшеу үшін жалпы басшылыққа алуға ғана арналғанын ес-кертті. Өкінішке орай ол сақтықты көптеген мамандар ескермеді. Бине шкаласының қазірзі таңдағы қолданыстағы дамуы-ның негізгі кезеңдерін былайша көрсетуге болады. Жыл Автор (авторлар) Ескерту 1905 Бине және Симон 30 тапсырма, стандартталмаған 1908 Бине және Симон Ақыл-ой жасының концепциясы, жеткілікті стандартталмаған 1911 Бине және Симон Ересектерге арналған шектеулі шкала қосылған 1916 Термен және Меррилл Вербалдық материалы көп 1937 Термен және Меррилл Екінші басылуы, параллельдік формалар қолданылады, стандартталуы жақсартылған 1960 Термен және Меррилл Үшінші басылуы, 4,5 мың адам зерттелген 1972 Роберт Торндайк 2,1 мың адамға рестандартизация жүргізілген 1986 Торндайк, Хаген, Сеттлер 15 субтесті бар, стандартталуы қанағаттанарлық (5 мың адам), жас ерекшелік диапазоны: 2-0, 23-11 1930 – 1939 ж.

Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.

ж психодиагностиканың дамуы 1930 жж. көптеген жаңа тесттер пайда болды. Олардың көпшілігі АҚШ-да құрастырылды. 1936 ж. Мына бес тест жайлы мақалалар өте көп жарияланды: Стенфорд-Бине – 141, Роршах тесті – 68 мақала. Келесі орынды Бернрейтердің тұлғалық сауал-намасы (Bernreuter Personality Inventory), Сишордың музыкалық талантты өлшеуіштері (Seashore Measures of Musical Talent) және Стронгтың кәсіби қызығушылықтар бланкісі (Strong Vocational Blank). Екі жақсы құрастырылған вербалдық емес шкалалар он жылдықтың басында пайда болды. Кос кубиктері мен Портеус лабиринттері (Arthur Point Scale of Performance Tests) тәрізді белгілі тесттерден алып құрастырылған 6-дан 16 жасқа дейінгі балаларды зерттеуге арналған Грейс Артурдың шкаласы жария-ланды. Бұл шкала Стэнфорд-Бине шкаласымен корреляциялануы қажет еді, алайда қажетті корреляция тек 12 жастағыларды зерттегенде ғана байқалды. Стэнфорд-Биненің неғұрлым танымал шкаласы 1937 жылы шықты. 2 жастан бастап үлкен ересек жас деңгейлері үшін тесттер құрастырылды, олардың ішіне 1916 ж. редакциясына кірмеген 11 мен 13 жасқа арналған тапсырмалар да енді. Сол кезде шкаланың екі эквивалентті формасы L және M (авторлардың есімдерінің алғашқы әріптері: Льюис Термен және Мауд Мерилл) құрастырылды. Бұл нұсқа Америкада туылған бір жарым мен 18 жас аралығындағы ақ нәсілді 3000 балаға жүр-гізіліп, стандартталды, бұл жерде авторлар сыналушылардың тұр-ғылықты жерінің географиясы мен әлеуми-экономикалық мәрте-бесін бақылауға тырысқан. 1937 ж. шкаланың нұсқасын сынау 1916 ж. жарияланған шкаланың сыналуымен үйлес болды: вербалдық тапсырмалардың көптігі; ересектерді бағалау үшін құндылығының күмәнділігі, тапсырмалардың үнемі дұрыс құралмауы және т.б. дегенмен де бұл шкала алдыңғысына қарағанда анағұрлым жетілдірілген еді. Оны көптеген психологтар қабылдады. 1938 ж. Ұлыбританияда қазіргі күнге дейін бүкіл әлемнің психологтары қолданатын тест пайда болды. Ол тест – Равеннің прогрессивтік матрицалары, оны Л.Пенрос пен Дж.Равен жал-пы интеллектіні зерттеу үшін құрастырды және одан алынған нәтижелерге мәдениет пен білімнің ықпалы өте аз болады деп саналды. Бұл жылдары бұдан да басқа көптеген тесттер жариялана бастады. 1940 -1950 ж.ж. психодиагностиканың дамуы Бұл
1   2   3   4   5   6   7

  • Америкалық
  • Гарвард университетінен
  • Ағылшын тілін

  • жүктеу 1.32 Mb.