Главная страница
Контакты

    Басты бет


Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі технологиялық нұсқаулық

жүктеу 316.79 Kb.



жүктеу 316.79 Kb.
бет2/3
Дата20.03.2017
өлшемі316.79 Kb.

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі технологиялық нұсқаулық


1   2   3

ҰТО функциясы




  1. «Педагог қызметкер» ДБ қалыптастыру кезеңі:

  1. тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу жөнінде филиалды оқытуды ұйымдастыру және өткізу;

  2. тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу кезеңінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүруге филиалдарды оқыту;

  3. «Педагог қызметкер - өтініштерді қабылдау» Базасы және «Өтініштерді тіркеу», «Оператор» АЖО-лары бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, орнату мен алып жүруді ұйымдастыру;

  4. «Педагог қызметкер» ДБ-сын қалыптастыру процесін қадағалау;

  5. телекоммуникациялық желі арқылы «Педагог қызметкер - өтініштерді қабылдау» Базасы АЖО-дан мәліметтерді жинақтау.

  1. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:

      1. тест тапсырмаларының базасын жасау және өңдеу;

      2. тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу үшін нормативтік құжаттарды дайындау және жетілдіру;

      3. «Педагог қызметкер - тестілеу» Базасы, «Тестіленуші» және «Бас компьютер» АЖО-лары бағдарламаларын жасау және жіберу;

      4. тестілеу өткізуге қамтылған компьютерлік сыныптар қорының дайындығын қадағалау.

  1. Тестілеу өткізу кезеңі:

  1. филиалдарға тестілеу кодын жіберу;

  2. тестілеудің өтуін қадағалау және тестілеу процесін алып жүру;

  3. дұрыс жауаптар кодын қалыптастыру және телекоммуникациялық желі арқылы филиалдарға жіберу;

  4. тестілеудің WEB-нәтижесін ұйымдастыру және беру;

  5. тестілеу нәтижесі бойынша статистикалық деректерді жинау.

  1. Тестілеу өткізудің есебін дайындау.




  1. Филиал функциясы




  1. «Педагог қызметкер» ДБ қалыптастыру кезеңі:

  1. АББ(ҚББ)-ны қажетті құжаттар мен «Өтініштерді тіркеу» және «Оператор» АЖО бағдарламаларымен қамтамасыз ету;

  2. АББ(ҚББ)-ның немесе өтініштерді қабылдау пунктінің жауапты тұлғаларын «Өтініштерді тіркеу» және «Оператор» АЖО-ларымен жұмыс істеуге үйрету;

  3. «Педагог қызметкер – өтініштерді қабылдау» Базасы АЖО-сын құруды ұйымдастыру;

  4. «Педагог қызметкер – өтініштерді қабылдау» Базасы АЖО-ны алып жүру;

  5. «Педагог қызметкер – өтініштерді қабылдау» Базасы АЖО-ға ақпараттың енгізілуін қадағалау;

  6. АББ(ҚББ)-дан мәліметтер қабылдайды;

  7. қабылданған мәліметтерді «Педагог қызметкер – өтініштерді қабылдау» Базасы АЖО арқылы жинақтау;

  8. мәліметтерді ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастыру.

  1. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:

  1. ҰТО-дан телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-дан «Педагог қызметкер – тестілеу» Базасы, «Тестіленуші», «Бас компьютер» АЖО-ларын алу;

  2. білім беру ұйымының жауапты тұлғасын «Тестіленуші» және «Бас компьютер» АЖО-лары бағдарламаларымен жұмыс істеуге үйрету;

  3. тестілеу өткізілетін орынның компьютерлік сынып қорының дайындығын тексеру;

  4. тестілеу өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастыру;

  5. тестілеу өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүру;

  6. сұраған мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберу.

  1. Тестілеу өткізу кезеңі:

  1. тестілеу кодын алу және білім беру ұйымдарына жіберу;

  2. бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүру;

  3. білім беру ұйымы бойынша жауапты тұлғадан тестілеу нәтижелерін электронды тасымалдағышта немесе телекоммуникациялық желі арқылы қабылдайды;

  4. педагог қызметкерлердің тест нәтижелерін өңдеу;

  5. педагог қызметкерлердің тестілеу нәтижесінің хаттамаларын басып шығару және тарату;

  6. тестілеу нәтижелері бойынша статистикалық деректерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастыру.

  1. ҰТО-ға тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу бойынша атқарылған жұмыстар жөніндегі есебін телекоммуникациялық желі арқылы жіберу.




  1. АББ (ҚББ) функциясы




  1. «Педагог қызметкер» ДБ қалыптастыру кезеңі:

  1. білім беру ұйымдарын қажет құжаттармен қамтамасыз ету;

  2. білім беру ұйымдары аттестаттау комиссияларынан педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуден өтуге өтініш қабылдауын ұйымдастыру;

  3. білім басқармасымен бірлесе отырып, тестілеу өтетін білім беру ұйымдарын анықтау;

  4. филиалда «Өтініштерді тіркеу» және «Оператор» АЖО-мен жұмыс істеуді үйрену;

  5. «Өтініштерді тіркеу» және «Оператор» АЖО бағдарламалық қамтамасыз етуді филиалдан алу және орнату;

  6. педагог қызметкерлердің өтініштерінен мәліметтерді «Оператор» немесе «Өтініштерді тіркеу» АЖО-на енгізу;

  7. тестілеу өткізілетін орны ретінде белгіленген білім беру ұйымдарының компьютерлік сыныптар қорын жинақтауын келісу және компьютерлік сыныптар қоры туралы мәліметті енгізу;

  8. білім басқармасымен келісе отырып, тестілеу өткізу кестесін жасау және бекіту (бекітілген кестеге сәйкес);

  9. тіркелген педагог қызметкерлерді лектерге бөлу;

  10. педагог қызметкерлердің тіркеу журналы мен рұқсаттамаларын басу;

  11. педагог қызметкерлердің тіркеу журналы мен рұқсаттамаларын білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссияларына беруді ұйымдастыру;

  12. мәліметтерді филиалға жіберу.

  1. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:

  1. тестілеу өткізілетін білім беру ұйымдарының компьютерлік сыныптар қорының дайындығын бақылау;
    Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.


  2. аттестаттау комиссиямен бірлесе отырып, педагог қызметкерлердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз ету.

  1. Тестілеу өткізу кезеңі:

  1. тестілеу технологиясының сақталуын бақылау;

  2. филиалдан педагог қызметкерлердің тестілеу нәтижесінің хаттамасын алу.




  1. Аттестаттау комиссиясының функциясы




  1. «Педагог қызметкер» ДБ қалыптастыру кезеңі:

  1. педагог қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

  2. ағымдағы жылы мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлерден тестілеуден өтуге өтініш қабылдау;

  3. АББ(ҚББ)-ға педагог қызметкерлердің тестілеуден өтуге өтініштерін жеткізуді ұйымдастыру;

  4. АББ(ҚББ)-дан педагог қызметкерлерді тіркеу журналы мен рұқсаттамаларды алу;

  5. педагог қызметкерлерге рұқсаттамаларды беруді ұйымдастыру;

  6. педагог қызметкерлердің мәліметтерінде қате болған жағдайда түзету енгізуді ұйымдастыру;

  7. педагог қызметкерлерді тестілеудің өткізілетін орны, мерзімі мен уақыты туралы хабардар ету.

  1. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:

  1. педагог қызметкерлердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз ету.

  1. Тестілеу өткізу кезеңі:

  1. педагог қызметкерлердің тестілеу нәтижесінің хаттамасын филиалдан алу;

  2. педагог қызметкерлерді тестілеу нәтижесі туралы хабардар ету.




  1. Білім беру ұйымы жауапты тұлғасының функциясы




  1. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:

  1. филиалда «Тестіленуші» және «Бас компьютер» АЖО-лары бағдарламаларымен жұмыс істеуді үйрену;

  2. филиалдан тестілеу өткізу үшін орнатылатын бағдарламаларды және нұсқамалық құжаттарды алу;

  3. білім беру ұйымының компьютерлік қорының техникасының және локальді жүйе мен телекоммуникациялық байланыстың жұмысқа жарамдылығын тексеру;

  4. білім беру ұйымының бір компьютеріне «Бас компьютер» АЖО-ны орнату;

  5. компьютер сыныбының әрбір компьютеріне «Тестіленуші» АЖО-ны орнату.

  1. Тестілеу өткізу кезеңі:

  1. филиалдан тестілеу кодын алу;

  2. бағдарламалық қамтамасыз ету мен компьютерлердің жұмысқа қабілеттілігін тексеру;

  3. «Тестіленуші» АЖО-сы бағдарламасымен жұмыс істеу тәртібін түсіндіру;

  4. филиалмен бірлесе отырып бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүру;

  5. компьютерлік сыныпта тәртіп сақтау ережесінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

  6. қажет болған жағдайда «Бас компьютер» АЖО-дан педагог қызметкерлердің жеке жауап картасын басып шығару;

  7. тестілеу аяқталғаннан кейін деректерді электронды тасымалдағышта немесе электронды поштамен филиалға жіберу.




  1. Компьютерлік сынып қорын жоспарлау




  1. АББ (ҚББ) базасында тестілеу өткізілетін білім беру ұйымдарын анықтайды.

  2. АББ (ҚББ) білім беру ұйымының жауапты тұлғасымен бірлесе отырып, білім беру ұйымындағы компьютерлік сыныптардың жиынтығын анықтайды.

  3. Тестілеу өтетін білім беру ұйымдарын таңдау кезінде мынадай талаптарды ескеру керек:

  • компьютерлік сыныптар бір ғимараттың (корпус) ішінде болуы қажет;

  • сыныптағы орындардың саны 8 компьютерден кем болмауы керек;

  1. Тестілеу бірнеше білім беру ұйымының базасында өткізілуі мүмкін, бірақ олардың саны 7-ден артық болмауы керек. Білім беру ұйымдарының саны 7-ден артқан жағдайда ҰТО-мен келісіледі.

  2. АББ (ҚББ) компьютерлік сынып қоры туралы мәліметті «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сына енгізеді.




  1. Тестілеудің техникалық қамтамасыз етілуі




  1. Тестілеу өткізу барысында білім беру ұйымдарының техникалық қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар:

  1. «Бас компьютер» және «Тестіленуші» АЖО-лары үшін Pentium – IV, HDD-20 Гб, ОЗУ 512 Мб, Windows XP,7,8, Office XP, USB 2.0 төмен емес сипаттағы компьютерлер, минутына 15-тен кем емес бет басып шығаратын, рұқсаты – 600 dpi лазерлік принтер, USB Flashe drive;

  2. «Бас компьютер» АЖО үшін Internet-ке 128 Кбит/сек кем емес жылдамдықпен шығу;

  3. Жұмысқа ыңғайлы болу үшін компьютерлік сыныптарды мүмкіндігінше локальдық есептеу желісімен жабдықтау қажет. Локальді есептеу желісі болмаған жағдайда ақпаратты тасымалдау сыртқы тасымалдағыштар (флэш) арқылы жүзеге асырылады.




  1. Рұқсаттамаларды рәсімдеу және беру




  1. Рұқсаттамаларды рәсімдеу АББ(ҚББ)-да жүргізіледі. Рұқсаттамаға АББ(ҚББ)-ның меңгерушісінің қолы қойылып, мөрі басылады.

  2. Рұқсаттама тіркеу журналымен бірге педагог қызметкерге беру үшін білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына беріледі.

  3. Рұқсаттама педагог қызметкерге тіркеу журналына қол қойғаннан кейін беріледі. Рұқсаттама алғанда педагог қызметкерге тестілеу уақыты мен өткізілу орны хабарланады.

  4. Педагог қызметкер рұқсаттамадағы деректердің дұрыс толтырылғандығын тексереді. Рұқсаттамадағы мәліметтерден қате табылған жағдайда ол өзгеріс енгізуін талап ете алады.

  5. Аттестаттау комиссиясы рұқсаттамалардағы жіберілген қателіктерді өзгерту үшін АББ(ҚББ)-ға береді.

  6. АББ(ҚББ)-ның жауапты тұлғасы бағдарламадағы педагог қызметкердің мәліметіне өзгеріс енгізеді.

  7. Қателер жөнделгеннен кейін жаңа рұқсаттама қайта басылып, аттестаттау комиссиясына беріледі.




  1. Педагог қызметкердің тестілеу кезіндегі тәртіп сақтау ережесі




  • Тестілеу кезінде компьютерлік сыныптан шығуға тыйым салынады.

  • Бір компьютердегі орнынан екінші компьютер тұрған орынға ауысуға, сөйлесуге, көшіруге, шпаргалка, анықтамалық әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
    Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
    Бұл ережелерді бұзған жағдайда педагог қызметкер тестілеуден шығарылады.

  • Педагог қызметкер тәртіп сақтайды және білім беру ұйымының жауапты тұлғасының түсіндірулерін мұқият тыңдайды.

  • Тестілеу аяқталғаннан кейін педагог қызметкер өз жауаптарын жеке жауап картасымен салыстыра алады.




  1. «Тестіленуші» АЖО-мен жұмыс істеу тәртібі




  • бағдарлама ашылғаннан кейін педагог қызметкер тізімнен өзінің атын, тегін, әкесінің атын белгілейді;

Ескерту! Педагог қызметкер «Пәндік білім негіздері» бойынша таңдаған пәнін және тестілеу тапсыру тілін тексеруі тиіс. Егер бұл мәліметтер бойынша қате кеткен жағдайда «Бас компьютер» АЖО арқылы өзгеріс енгізіледі және Тестіленушілер тізімі «Тестіленуші» АЖО-ға қайта қабылданады.

Ескерту!! «Тестілеуді бастау» тетігі басылғаннан кейін тіркеу мәліметтері бойынша өзгерістер енгізу мүмкіндігі болмайды!

  • «Тестілеуді бастау» тетігі басылады. Пайда болға терезеде рұқсаттамадағы пароль енгізіледі. Ескерту!!! Әрбір тестіленуші үшін жеке пароль.

  • барлық тестіленуші үшін ортақ тестілеу коды жазылады. Тестілеу кодын білім беру ұйымының жауапты тұлғасы хабарлайды.

  • егер енгізілген пароль мен тестілеу коды дұрыс болса, тестілеу формасы ашылады. Тестілеу формасы келесі мәліметтерден тұрады:

Тестіленушінің аты-жөні, тегі, әкесінің аты;

Тестінің аяқталуына қалған уақыт;

Тест пәндерінің атауы жазылған өзгермелі меню;

Жауап нұсқалары бар тест тапсырмалары;

«Тестілеуді аяқтау» тетігі

«Комментарий» тетігі.



  • бағдарлама бойынша тестілеу «Заңнама негіздері» пәнінің бірінші сұрағынан басталады;

  • жауапты таңдау үшін сұрақтың өзіне немесе сұрақтың әрпіне басуға болады;

  • бағдарламаның мүмкіндігі бойынша кез-келген пәннен және кез-келген сұрақтан бастауға болады;

  • соңында бағдарлама «Белгіленген тест сұрақтар» жолында педагог қызметкер белгілеген сұрақтар тобын көрсетеді;

  • тестілеуді аяқтау үшін «Тестілеуді аяқтау» тетігін басу қажет

Ескерту!!!! Белгіленген тестілеу уақыты аяқталған кейін бағдарлама автоматты түрде жұмысын тоқтатады.

  • тестілеу формасындағы «Комментарий» тетігі арқылы педагог қызметкер тест тапсырмасына комментарий қалдыруына болады;

  • тест тапсырмасына комментарий қалдыру тест тапсырмалары базасының сапасын жақсарту мақсатында жүргізіледі және тестілеу нәтижесінде есепке алынбайды;
    Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.


  • тестілеу аяқталғаннан кейін экранда педагог қызметкер белгілеген сұрақтармен жауапт картасы көрінеді.

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі технологиялық

нұсқаулығына 1 қосымша

__________________________________________________________________

(Аттестаттау комиссиясының атауы)
педагог қызметкердің біліктілік тестілеуге қатысуына

Өтініш

___________________________________________________________

(педагог қызметкердің аты-жөні, тегі, әкесінің аты, жеке куәлік бойынша толтырылады)

ЖСН ___________________________________________________________


Туылған күні, айы, жылы _______________________________________________________
Жұмыс орны ____________________________________________________ (қала, аудан)
Біліктілік санаты:
Қазіргі ________________________________________________________

Жоспарланған _______________________________________


Мамандығы _____________________________________________________
Мамандық бойынша оқу орнын аяқтаған жылы _____________________________
Мамандық бойынша еңбек өтілі _________________________________________
Тестілеу тапсыру тілі ________________________________________________
«Пәндік білім негіздері» топтамасының пәні _________________________________

«____» _______________ 20__ жыл


_____________________________

(қолы)


Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі технологиялық

нұсқаулығына 2 қосымша



Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуден өту үшін

тіркеу журналы

























ҰТО филиалы: ______________________________________________________________________________________________________________

(код) (атауы)



























АББ (ҚББ): ______________________________________________________________________________________________________

(код) (атауы)








Тестіленушінің коды

Аты, тегі, әкесінің аты

ЖСН

Мамандығы

Оқу аяқтаған жылы

Жұмыс өтілі

Біліктілік санаты

Тестілеу параметрі

Педагог қызметкердің қолы

қазіргі

жоспарланған

«Пәндік білім негіздері» топтамасының пәні

Тестілеу тапсыру тілі
































































Білім беру ұйымы бойынша:



















БАРЛЫҒЫ:




























АББ (ҚББ) жауапты тұлға ______________________________________

(Аты, тегі, әкесінің аты, қолы)



Аттестаттау комиссиясының мүшесі ________________________

(Аты, тегі, әкесінің аты, қолы)









Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі технологиялық

нұсқаулығына 3 қосымша


Педагог қызметкерлерді тестілеу

өту орны мен уақыты бойынша бөлу

журналы



















ҰТО филиалы: ____________________________________________________________________________________________________________

(код) (атауы)



АББ (ҚББ): ________________________________________________________________________________________________________________

(код) (атауы)



Тестілеу өткізілетін орны: ____________________________________________________________________________________________________

(атауы)


Аудитория: ___________________________

Тестілеу күні/уақыты: __________________________________





















Педагог қызметкер туралы мәлімет

Тестілеу параметрі

Тестіленуші коды

Аты, тегі, әкесінің аты

ЖСН

«Пәндік білім негіздері» топтамасының пәні

Тестілеу тапсыру тілі

Тестілеу басталуына пароль











































АББ (ҚББ) жауапты тұлға ____________________________________________________________________________________________







(Аты, тегі, әкесінің аты, қолы)

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі технологиялық

нұсқаулығына 4 қосымша


Педагог қызметкерлерді тестілеу

өту орны мен уақыты бойынша бөлу

Журналы (білім беру ұйымдары бойынша бөлу)



















ҰТО филиалы: _____________________________________________________________________________________________________________

(код) (атауы)



АББ (ҚББ): _________________________________________________________________________________________________________________

(код) (атауы)



Білім беру ұйымы: __________________________________________________________________________________________________

(атауы)


Күні: ____________________





















Педагог қызметкер туралы мәлімет

Тестілеу параметрі

Тестіленуші коды

Аты, тегі, әкесінің аты

ЖСН

Аудитория

«Пәндік білім негіздері» топтамасының пәні

Тестілеу тапсыру тілі

Тестілеу күні/уақыты:

Тестілеу тапсыру орны:






















Тестілеу тапсыру күні бойынша барлығы:




Білім беру ұйымы бойынша барлығы:

























АББ (ҚББ) жауапты тұлға ______________________________________________________________________________________________







(Аты, тегі, әкесінің аты, қолы)




Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі технологиялық

нұсқаулығына 5 қосымша


ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ РҰҚСАТТАМАСЫ:

ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛУЫНА ПАРОЛЬ:







ҰТО филиалы: _____________________________________________________________________________________________________________

(код) (атауы)



Тестіленуші коды: ___________________ Аты, тегі, әкесінің аты ________________________________________________________________




ЖСН: ______________________________ Туылған күні, айы, жылы: _______________________ Жынысы: ___________________________

Күні: _________________

Мамандық бойынша оқу орнын аяқтаған жылы: ___________________________




Мамандығы: _______________________________________________




Қазіргі біліктілік санаты: ____________________

Жоспарланған біліктілік санаты: ___________________

Жұмыс орны: ________________________________________________________________________ Жұмыс өтілі: _______________________

Тестілеу өткізілетін орны: __________________________________________________________________________________________________

Аудитория: __________________________________________________







Тестілеу тапсыру тілі: ____________________________________

«Пәндік білім негіздері»топтамасының пәні: __________________







Тестілеу күні/уақыты:____________________________________

























АББ (ҚББ) жетекшісі_______________________________________________________________________________________________







(Аты, тегі, әкесінің аты, қолы)



Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі технологиялық

нұсқаулығына 6 қосымша




Тестілеу күні мен уақыты бойынша

Отырғызу парағы




Тестілеу өткізілетін орны: ____________________________________________________________________________________________________

(атауы)


Аудитория: ___________________________

Тестілеу күні/уақыты:__________________________________






Педагог қызметкер туралы мәлімет

Тестілеу параметрі

«Тестіленуші»АЖО номері

(қолдан толтыру)



Педагог қызметкердің қолы

Аты, тегі, әкесінің аты

ЖСН

«Пәндік білім негіздері» топтамасының пәні

Тестілеу тапсыру тілі

Тестілеу басталуына пароль

1






















2






















3













































1   2   3


жүктеу 316.79 Kb.