Главная страница
Контакты

    Басты бет


Оқулық. дидактикалық Жұмыс дәптері. қамсыздандыру: Мәтін, графикалық сурет, музыкалық шығарма техникалық

жүктеу 237.71 Kb.



жүктеу 237.71 Kb.
Дата25.03.2017
өлшемі237.71 Kb.

Оқулық. дидактикалық Жұмыс дәптері. қамсыздандыру: Мәтін, графикалық сурет, музыкалық шығарма техникалық



Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Информатика дегеніміз не?
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Компьютер – ақпарат өңдеу құралы. Компьютер өңдейтін ақпарат түрі. Компьютер – аппараттық және бағдарламалық құралдар бірлестігі. Операциялық жүйелер. Ақпаратты компьютерде сақтау.


Бағдарламалық – Оқулық.

дидактикалық Жұмыс дәптері.

қамсыздандыру: Мәтін, графикалық сурет, музыкалық шығарма (техникалық

тасуыштарда). Бағдарламалық құралдар: калькулятор, мәтіндік және

графикалық редактор.

Сабақтың мақсаты: 1.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Сурет, бөлмедегі сурет. Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жабдықтама түсініктерімен таныстыру. Оқушыларды деректер компьютердің ішкі және сыртқы жадында қалай сақталатынымен таныстыру.

2. Оқушылардың информатиканың негізгі ұғымдарын, компьютер

өңдейтін ақпарат түрлерін, бағдарламалық жабдықтама деген не

екенін, операциялық жүйе ұғымын, оның міндетін, компьютердің ішкі

және сыртқы жадының айырмашылық ерекшеліктерін білу

қабілеттерін дамыту.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Пікірлесіп - түсіндіру

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - информатиканың негізгі ұғымдарын;


  • компьютер өңдейтін ақпарат түрлерін;

  • бағдарлама деген не екенін;

  • бағдарламалық жабдықтама деген не екенін;

  • бағдарламалық жабдықтама түрлерін;

  • операциялық жүйе ұғымын, оның міндетін;

  • компьютердің ішкі және сыртқы жадының айырмашылық ерекшеліктерін;

  • файл деген не екенін.

Оқушылар үйрені тиіс:

  • ақпарат түрін анықтауды;

  • бағдарламалық жабдықтама мысалдарын келтіруді;

  • ішкі және сыртқы жадқа жататын құрылғылардың мысалдарын келтіруді.


Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
КОМПЬЮТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Информатика – бұл ақпарат, ақпаратты адамдардың қарым-қатынасында, ЭЕМ жұмысы мен қоғам өмірінде жинау, жинақтау, сақтау мен беру заңдары мен тәсілдері туралы ғылым; ЭЕМ көмегімен ақпаратты өңдеу тәсілдері туралы ғылым.

Бұл ғылым XX ғасырдың екінші жартысында пайда болды, оның дамуы электрондық есептеу техникасының пайда болуымен байланысты. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ – ақпараттық процестер. АҚПАРАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕР – бұл ақпаратты белгілер мен сигналдар түрінде беру, өңдеу және жинақтау процестері.

Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Ақпараттық процестер:

тірі организмдердің ішінде;

техникалық құрылғыларда;

адамдар қарым-қатынасында;

телекоммуникацияларда;

қоғам өмірінде.

Ақпарат сигнал түрінде беріледі.

Ақпарат белгілер түрінде жинақталады.

Ақпаратты өңдеу – белгілер мен сигналдар түрінде, атап айтқанда: тірі организмдермен және техникалық құрылғыларда ақпарат сигналдар түрінде өңделеді.

Тірі организмдер арасында – белгілер мен сигналдар түрінде.

Компьютер пайда болмай тұрып ақпаратты өңдеу, сақтау және беру жұмыстарын адам орындаған. Сондықтан компьютердің құрылысы аздап адамның организміне ұқсайды.

Жинақ (Набор; set) - белгілі бір ақпараттық мазмұны бар логикалық байланыстағы объектілер жиыны.
Компью́тер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтижесін шығару үшін арналған машина.
Адамның ең маңызды мүшелері аздап адамның организміне ұқсайды. Адамның ең маңызды мүшелері – бас, ми. Бірақ адамға өмір сүру үшін тек бас қана жеткілікті емес, оған тағы басқа мүшелер керк, сол сияқты компьютерге жұмыс істеу үшін көп түрлі құрылғылар керек.


1.3.1.Тапсырма.

Ақпараттық процестердің жүру кезінде адамның кейбір мүшелерімен компьютер құрылғыларының арналуын салыстырыңдар. Белгілі бір ақпараттық процесті орындайтын компьютердің құрылғылары мен адамның мүшелерін бағдаршалармен көрсетіңдер.

Кестеге бір-біріне сәйкес компьютер құрылғылары мен адам мүшелерінің атауларын жазыңдар.

tower


printer2







Ақпаратты



енгізу



Компьютер

Пернетақта, маус.


Адам

Сезім мүшелері (көз, құлақ, сезім мүшелері, иіс сезу мүшесі)


Ақпаратты білдіру мен есте сақтау қажеттілігі пайда болғанда тіл, жазу, бейнелеу өнері пайда болды.

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.
Телефон, телеграфф, радио және теледидар пайда болуы ақпараттың орасан зор көлемін беруге мүмкіндік берді. Техникалық құралдар мен құрылғыларды пайдаланып ақпараттық процесстерді ұйымдастыру АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ деп аталады. Ақпараттық технологиялар түрлері өте көп.
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІНЕ мыналар жатады: хат; пошта; телеграф; телефон; теледидар; телекоммуникациялар;
Телекоммуникациялар (ағылш. Telecommunications) - негізі ақпарат тарату құралдары мен әдістері болып табылатын әрекет аймағы. Телекоммуникациялар немесе коммуникациялар мемлекетгің инфрақұрылымның маңызды белігіне жатады.
электрондық пошта т,б,

Бұдан басқа, ақпараттық технологияларды төмендегілерге бөлуге болады: қағаздық; қағассыз; жаңа ақпараттық технологиялар.

ҚАҒАЗДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – бұл қағаз тасуыштарды (хаттарды, кітаптарды, архивтерді, кітапханаларды т.б.) пайдаланып, ақпаратты жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.

ҚАҒАЗДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – бұл ақпараттың қағаз тасуыштарын пайдаланбай (радио, теледидар, телеграф, факсимальдік байланыс т.б.) ақпаратты жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.

ЖАҢА ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – бұл ЭЕМ-ді пайдаланып, ақпаратты жинау, өңдеу және беру технологиялары. ЭЕМ-ді қолдану бұл өңдеудің негізгі бөліктерін автоматтық құрылғыларға артуға мүмкіндік береді, олар адамның қатысуынсыз мейлінше ұзақ және адамның ақпаратты өңдеу жылдамдығынан миллиондаған есе артық жылдамдықпен жұмыс істеуге қабілетті.


1.3.2.Тапсырма.

Жеті жапырақты гүлдің әр жапырағында компьютердің анықтамасы берілген. Егер бұл анықтама дұрыс болса, онда жапырақты боя.

Кейбір анықтамаларды басқа заттарға да қолдануға болады. Төменде аталған заттарды өздеріне сәйкес анықтамалардың шаршыларына жаз.

Егер сен анықтамаға сәйкес тағы заттар білсең, оларды да жаз.



Тапсырма компьютердің басқа техникалық құрылғылардан айырмашылғы жөнінде әңгімелесу барысында орындалады.
Әңгімелесу- пікір алысу, сұхбаттасу, әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі. Педагогикадағы әңгімелесу - оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі.
Жеті жапырақты гүлдің әрбір жапырағында жазылған анықтамалардың әрқайсысы компьютерге қатысты болуы мүмкін, сондықтан нәтижесінде оның жапырақтарының барлығы боялады.


Компьютер бұл ақпаратты сақтауға және автоматты түрде өңдеуге қабілетті машина деген анықтама неғұрлым толық болып саналады. Әңгіме барысында осы кезеңге ерекше көңіл аударып, «жапырақты» ашық түспен ерекшелеу керек.

Аталған заттар былай бөлінеді:




Пернетақтасы мен экраны бар электрондық аспап

Калькулятор

Қашықтан басқаратын теледидар

Ұялы телефон

Электрондық сағат

Пейджер

Берілген жоспар бойынша жұмыс істейтін механизм

Электрондық сағат

Пейджер

Кодты құлып

Ойын қосымшасы

Автоматты кір жуу машинасы

Есептеуді жеңілдететін құрылғы

Калькулятор

Есеп құралы










Басқа аспаптарды басқара алатын аспап

Кодты құлып

Ойын қосымшасы










Ақпаратты сақтайтын және автоматты түрде өңдей алатын машина

Калькулятор

Электрондық сағат

Кодты құлып

Ойын қосымшасы

Автоматты кір жуу машинасы

Мәтінді енгізетін және қағазға басып шығаратын аспап

Басу машинасы

Телеграф аппараты










Ақпаратты сақтауға қабілетті құрылғы

кітап

Пейджер

Кодты құлып








Оқушыларға берілген анықтамаларға сәйкес келетін құрылғыларды өз бетімен ойлап тауып, оларды кестеге жазу ұсынылады.
Компьютердің көмегімен өңделетін ақпарат түрлеріне мыналар жатады:

  • мәтіндік;

  • графикалық;

  • дыбыс;

  • сандық;

Дегенмен, бұл ақпараттың барлығы сандық айналдырылуы қажет. Мысалы, музыкалық дыбысты сандық түрге ауыстыру үшін, әрбір өлшеу нәтижесін сандық түрге көрсете отырып, кішкене уақыт аралығы сайын дыбыс интенсивтілігін (күшеюін) белгілі жиілікте өлшеуге болады. Ал компьютер бағдарламаның көмегімен алынған сандық ақпаратты кері дыбыс түріне айналдыра алады.

Сол сияқты компьютер мәтіндік ақпаратты өңдейді. Компьютерге енгізген кезде әрбір әріп белгілі бір санмен (0 мен 1-ден тұратын) кодталады, ал адамға түсінікті болу үшін, сыртқы құрылғыға (монитор, принтер) шығарғанда, кодтар бойынша әріптердің бейнелері құрылады.

Әріп-дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп - шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді.
Әріптер жинағы мен сандар кодтарының өзара сәйкестігі символдар кодтауы деп аталады.
Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.


1.3.3.Тапсырма. Ертегі.

Компьютер ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған АППАРАТТЫҚ және БАҒДАРЛАМАЛЫҚ комплекс болып табылады. Оқулықтан осы тақырыпты оқып танысқаннан кейін, оқушыларға ертегі-жұмбақты оқып, сөз компьютердің құрамына кіретін аппараттық және бағдарламалық құралдардың бірлестігі туралы екенін табу ұсынылады. Бұл тапсырманы орындау кезінде терминдер сөзжұмбағы бұған көмек болады.

«Кактус» - бұл компьютерді шартты-схема түрінде көрсету. Мұнда стандартты емес, ойын түрінде маңызды тақырып оқылады, оқушылардың өздері құрған схема бұл жұмыстың нәтижесі болуы керек.


1

А

П

П

А

Р

А

Т

Т

Ы

Қ




Ж

А

С

А

У

Ақпаратты қабылдауға, түрлендіруге және беруге арналған өзара байланысты құрылғылар тобы.



А

Е

Н

Г

І

З

У




Қ

Ұ

Р

Ы

Л

Ғ

Ы

С

Ы

Компьютер жадына бағдарламалар мен деректерді кодтауға және беруге арналған құрылғылар.




В

Ж

А

Д




Қ

Ұ

Р

Ы

Л

Ғ

Ы

С

Ы

Деректерді, бағдарламаларды, нәтижелерді сақтауға арналған құрылғы.




С

П

Р

О

Ц

Е

С

С

О

Р

Деректерді өңдейтін және өңдеу процесін басқаратын негізгі құрылғы.




Д

Ш

Ы

Ғ

А

Р

У




Қ

Ұ

Р

Ы

Л

Ғ

Ы

С

Ы

Өңдеу нәтижелерін кері кодтауға жәнеоларды адамға қолайлы (түсінікті) түрде шығаруға арналған құрылғы.




Е

А

Қ

П

А

Р

А

Т

Т

Ы

Қ




К

Е

Ң

А

Р

Н

А

Құрылғылардың арасында ақпарат беруге арналған өткізгіш сымдар тобы.




2

Б

А

Ғ

Д

А

Р

Л

А

М

А

Л

Ы

Қ




Қ

Ұ

Р

А

Л

Д

А

Р

Арналуы әр түрлі бағдарламалар жиыны.




F

Ж

Ү

Й

Е

Л

І

К




Б

А

Ғ

Д

А

Р

Л

А

М

А

Л

А

Р

Компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын бағдарламалар тобы.




G

Қ

О

Л

Д

А

Н

Б

А

Л

Ы




Б

А

Ғ

Д

А

Р

Л

А

М

А

Л

А

Р

Деректерді өңдеуге арналған бағдарламалар.




J

Б

А

Ғ

Д

А

Р

Л

А

М

А

Л

А

У




Ж

Ү

Й

Е

Л

Е

Р

І

Басқа бағдарламаларды құруға және өңдеуге арналған бағдарламалар.


КОМПЬЮТЕР


АППАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАР



БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР

Енгізу


құрылғысы

Жүйелік бағдарламалар


Жад

құрылғысы

Қолданбалы бағдарламалар

Процессор



Бағдарламалау

жүйелері



Шығару

құрылғысы


Бағдарламалық

кеңарна



БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМА (ЖАСАУ)
Дербес компьютер – ақпаратты өңдеуге арналған әмбебап құрылғы. Ол кез-келген ақпаратты өңдеу әрекеттерін орындай алады. Дегенмен компьютер өзі қолдану салаларының ешқайсысында білімі жоқ, бұл білімдердің барлығы компьютерде орындалатын бағдарламаларда. «Компьютер жасады» деген сөз компьютерде тиісті әрекетті орындауға мүмкіндік беретін бағдарлама барын білдіреді.

БАҒДАРЛАМА сөзінің қазіргі сөздіктердегі анықтамасы төмендегідей:



  1. Орындалатын жұмыстың жоспары орындалды;

  2. Компьютердің қызметін (іс-әрекетін) басқару үшін енгізілетін, кодталған (арнайы түрде жазылған) ақпарат,.

Сөздің бірінші мәні компьютер шықпай тұрып белгілі болған. Жоспарды адамдар адамдар үшін құрады. Компьютерлік бағдарламаларды анықтау үшін екінші анықтама сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, бағдарлама дегеніміз – бұл компьютерге түсінікті тілде құрастырылған нақты және толық нұсқаулар тізбегі;
Нұсқау (Инструкция; лат. instructio - құру, ереже) - әскердің (күштің) қандай да бір жағын реттейтін немесе ұрыс құралдарын қолдану мен пайдалану мәселелері бойынша толық нұсқаулары бар құжат. Нұсқау мемлекеттің қолданыстағы заңдары, үкіметтің қаулылары, бұйрықтар мен директивалар, жарғылар мен басшылыққа алынатын құжаттардың негізінде шығарылады, Нұсқауды шығару құқығы қорғаныс министріне, оның орынбасарларына, қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшысына, әскер түрлерінің (арнайы әскер түрлерінің) қолбасшыларына (бастықтарына) берілген. Нұсқауда әдетте жойғыш құралдарды қолдану және ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету (бомба тастау бойынша нұсқау), жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету (жаттығу және ұрыс атыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқау) мәселелері көрсетіледі. Мұнда, сонымен қатар, қандай да бір қызметгі реттейтін ережелер мен нормалар айтылуы мүмкін (әскери тасымал құжаттарын есепке алу тәртібі, оларды ресімдеу мен пайдалану және әскери тасымалдардың төлемақысы туралы нұсқау). Қорғаныс министрлігінің орталық аппараттарындағы органдары шығаратын әскерлердегі (флот күштеріндегі) нұсқаулардан басқа, әскер қызметіне катысты, мысалы, полк кезекшісінің нұсқауы, қарауыл бастығының нұсқауы сияқты нұсқаулар дайындалады. Бұл нұсқаулардың мазмұны әскери жарғы талаптары мен әскерді (флот күштерін) орналастыру ерекшеліктерін есепке алуға негізделеді. Нұсқау ережелері міндетті түрде орындалуы тиіс.
немесе пайдаланушының бұйрығын орындау үшін компьютерге жүктелетін және файл түрінде магниттік дискіде сақталатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.

Бірнеше анықтамалар берейік:



Машина тілі екілік кодтарға, яғни 0 мен 1-ден (екілік санау жүйесі) тұратын кодтарға негізделген, себебі компьютер кез-келген командаларды тек екі мәнде болатын сигналдар түрінде қабылдайды:

1-сигнал бар;

Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.
0-сигнал жоқ.



Файл дегеніміз – қандай да бір тұрақты есте сақтау құрылғысында, мысалы, дискетте немесе винчестерде жазылған, нақты аты бар ақпараттың негізгі құрылымдық бірлігі. Аты бойынша оны көптеген өзіне ұқсас файлдардан ажыратуға болады.

Пайдаланушы – бағдарламалармен жұмыс жасайтын және олардың көмегімен өз мақсатын жүзеге асыратын адам.

Интерфейс - өзара әрекеттесу құралдары, байланыс, келісу, сүйемелдеу құралдары.

Интерфейстің мына түрлері кездеседі:



  1. Аппараттық интерфейс (дербес компьютердің электрондық құрауыштарының деңгейінде);
    Винчестер, винчестерлік диск (Винчестерский диск, винчестер; Winchester disk) - қатты магниттік дискідегі десте; бастиектер мен жетектер бөлігі және дискілер дестесі бірігіп біртұтас (ауа кірмейтіндей етіліп) жабылған модуль құрайтын сақтау құрылғысы.
    ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,


  2. Бағдарлама жасаушылар интерфейсі (бағдарламалық модульдерді түйістіру туралы келісімдер мен ережелер кешені);

  3. Пайдаланушы интерфейсі (келісімдер мен пайдаланушының арасында диалог құрылады).

Компьютерге арналған бағдарламаларды ауыстыра отырып, оны (ДК) бухгалтердің жұмыс орнына, редакторға айналдыруға немесе қандай да бір ойын ойнауға болады. Бағдарламалардың түрі өте көп. Олардың түрлерін білу керек.

ДК-де жұмыс істеуде қолданылатын және аппараттық құралдардың жұмыс істеуін, өңдеуді, жөндеуді және пайдаланушылардың жұмысын орындауды қамтамасыз ететін бағдарламалар жиыны бағдарламалық жабдықтама деп аталады (БЖ). Басқаша айтқанда, бағдарламалық жабдықтама ДК-де аппараттық құралдар мен пайдаланушының арасындағы интерфейс қызметін атқарады.


Содан кейін 1.3.4 тапсырмадағы шығарылған төртбұрыштарды тақырыпты түсіндірумен қатар толтыру керек. ДК-нің бағдарламалық жабдықтамасы пирамида түрінде бейнеленген.
Бағдарламалық жабдықтама (Sofware) арналуы бойынша былай бөлінеді: жүйелік (ЖБЖ), құрал-саймандық (ҚСБЖ), қолданбалы (ҚБЖ).

Жүйелік бағдарламалық жабдықтамаға аппараттық құралдардың жұмыстарын басқаратын және пайдаланушылар мен пайдаланушы қолданбалы кешеніне қызмет ететін бағдарламалар жатады:



  • операциялық жүйелер;

  • драйверлер (енгізу//шығаруды басқару);

  • ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау қолайлылығын қамтамасыз ететін қабықша-бағдарламалар (NC);

  • Операциялық қабықшалар (графикалық интерфейс, мульти-бағдарламалау, бағдарламалар арасында ақпарат алмасу құралдары, мысалы Windows 3.1);

  • Утилиталар;

  • ЭЕМ-ді тестілеу мен диагностика құралдары;
    Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.
    Диагностика (техникалық) - техникалық ақауларды іздестіруге жөне анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім.


  • жергілікті желіні басқаратын бағдарламалар.

Операциялық жүйе компьютерді басқаруға арналған бағдарламалар кешені болып табылады. Ол:

  • «компьютердің әмбебап есептеуіш машинасының» ядросын құрайды;

  • компьютердің ішіндегі барлық процестерді басқарады;

  • компьютер мен оған қосылған мысалы, принтер, дисплей, дискіжетек пен винчестер сияқты шалғай құрылғылардың арасындағы алмасуды басқарады;

  • аппаратура модульдері мен қолданбалы бағдарламалар арасындағы байланыс мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

  • пайдаланушы мен компьютер арасындағы делдал қызметін атқарады.

Ең кең тараған операциялық жүйелер: MS-DOS, PC-DOS, Windows 98, Windows NT, OS/2, UNIX, Net Ware.

Microsoft фирмасының дискілік MS-DOS операциялық жүйесі ДК класының ЭЕМ-і үшін негізгі стандарт болып табылады.

Құрал-саймандық бағдарламалық жабдықтама (ҚСБЖ) жаңа бағдарламалар, бұған қоса жүйелік бағдарламалар мен қолданбалы бағдарламалардың арасындағы аралық класс болып табылады. Оның құрамына:


  • комппиляторлар;

  • жоғары деңгейлі тілдер интерпретаторы;

  • стандартты бағдарламалар кітапханалары;
    Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.


  • қолданбалы утилиталар;

  • бағдарламаларды редакциялау, жөндеу және тестілеу құралдары жатады.

Адам әрекетінің әр түрлі аумағының мәселелерін шешуге арналған бағдарламалар қолданбалы бағдарламалық жабдықтаманы құрайды. ҚБЖ-ны екі топқа бөлуге болады: мақсатты, әмбебап.

Мақсатты бағдарламалық жабдықтама пайдаланушылардың нақты мақсаттарын орындауға арналған және оның қолдану аумағы шектелген, мысалы: оқу бағдарламалары, ойындар.

Әмбебап бағдарламалық жабдықтама мәселелердің толық бір класының шешуін автоматтандыруға немесе ақпараттың жеке түрлерін өңдеуге мүмкіндік береді. Оған мыналарды жатқызуға болады:


  • әр түрлі редакторлар (мәтіндік, графикалық, музыкалық);

  • кестелік процессорлар (Суперкалк, Excel);

  • деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ);

  • автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖЖ);

  • құрамына жоғарыда аталған жүйелердің бірнешеуі бірақ кіретін жинақталған жүйелер;

  • ЖБЖ функцияларын кеңейтетін қолданбалы бағдарламалар пакеті (вирусқа қарсы бағдарламалар);

  • бухгалтерлік бағдарламалар.


1.3.4.Тапсырма.

Тапсырма берілген тақырыпты түсіндірумен қатар орындалады. Суреттердің жазулары тапсырмада берілген.



  1. Аппараттық құралдарды «тірілту» үшін, бағдарламалық жабдықтама керек.

  2. Жүйелі бағдарламалық жабдықтаманың негізгі бағдарламасы

Операциялық жүйе.

  1. Операциялық жүйе компьютердің бар құрылғыларын басқаруға және деректер алмасуын жүзеге асыруға арналған.

  2. Операциялық жүйегеи MS-DOS, Windows жатады.

  3. Бағдарламалау тілі басқа бағдарламалар жасауға арналған.

  4. Бағдарламалау тілдерінің атын төртбұрыштарға жазыңдар (Бейсик, Паскаль, Ассемблер, Си, Пл-1 т.б.).

  5. Арнаулы бағдарламалар бір мамандық қызметкерлерінің жұмысында қолданылады.
    Ассемблерлеу тілі (орыс. Язык ассемблирования; ағылш. assembly language) - адрестер мен операцияларға символдық атау қою мумкіндігі бар, нақты бір компьютердің командалар жиынымен тығыз байланысқан бағдарламалау тілі; әдетте, ассемблер коды машиналық бір кодқа ауыстырылады.
    Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.


  6. Арнаулы және әмбебап қолданбалы бағдарламалық жасауға қандай бағдарламалар жататынын жазыңдар (бухгалтерлік, оқыту, жүйелік жоба т.б. бағдарламалары).

  7. Әмбебап бағдарламалар пайдаланушылардың көпшілігінің жұмысында қолданылады.



laptop

Жүйелік

бағдарламалық жабдықтама

Бағдарламалау жүйелері


Бейсик



Паскаль

Си

Ассемблер

ПЛ-1


Қолданбалы бағдарламалық жабдықтама

Жүйелік жоба

Сарап. жүйесі

Бухг.бағдар.



Оқыту бағдар.

Мәтін. ред



Граф.ред.

Электр.кесте

Сұраққа жауаптардың реті оң жақ жоғары бұрыштағы төртбұрыштан басталады.

Жоғарғы деңгейде «Компьютердің аппараттық жабдықтамасы» орналасқан. Оның жұмыс істеуі үшін бағдарламалық жабдықтама керек, оның схемасы пирамида-сарай түрінде көрсетілген. Жоғарғы қабатта «Ханша – операциялық жүйе» тұрады. Ол аппараттық және бағдарламалық құралдардың жұмысын үйлестіреді. Келесі деңгейде бағдарламалау тілдері жататын бағдарламалау жүйесі орналасқан (олардың аттарын сәйкес төртбұрышқа жаз). Олардың көмегімен пайдаланушылардың көпшілігіне арналған қолданбалы бағдарламалардың көбі құрылады. Өз кезегінде, олар арнайы және әмбебап бағдарламаларға бөлінеді. Оқушылар өздеріне таныс қолданбалы бағдарламалардың атын сәйкес төртбұрыштарға жазуы керек.
АҚПАРАТТЫ КОМПЬЮТЕРДЕ САҚТАУ

Компьютер бір уақытта қатар сақтай алатын ақпарат көлемі компьютер жады деп аталады.

Компьютерлік жады (сыртқы немесе қосалқы жады, ақпараттарды сақтауға арналған құрал, сақтағыш құрал) - белгілі бір уақытта есептеуде қолданылатын, ақпарат сақтауға арналған физикалық құрылғы немесе орта болатын, есептегіш машина бөлігі.
Жадтың екі түрі бар: ЖЖҚ (жедел жадтайтын құрылғы немесе жедел жад RAM) және ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы немесе тұрақты жад ROM).

Тұрақты жадтағы ақпаратты өзгертуге болмайды, ол тек оқу үшін қолданылады. Мұндай жадта сақталған деректер компьютерді өшіргенде жоғалмайды. Оперативтік (жедел) жадты көбіне тек жад деп қана атайды. Ол бағдарлмаларды жүктеу мен орындау үшін, сонымен қатар деректерді уақытша сақтау үшін қолданылады. Компьютерді өшіргенде жедел жадтағы деректер жоғалады. Сыртқы жад құрылғылары жүйелі блоктан тыс орналасады, олар оған тек сыртынан ғана қосылады және ақпаратты көп уақыт сақтауға арналған.
1.3.5.Тапсырма(Ү).

Тапсырма берілген тақырыптың ойын тесті болып табылады және «Компьютердің ішкі және сыртқы жады» тақырыбы бойынша өз бетімен орындауға және бақылау үшін ұсынылады. Нәтиже оқушының жауап кестесіне енгізіледі. «Молодец» деген сөз шығуы керек.

Сабақтың аяғында «Компьютер» тақырыбы бойынша оқушылардың білімін тестілеу арқылы тексеру ұсынылады.


IV. Жаңа тақырыпты бекіту

1.3.1, 1.3.2, 1.3.3, 1.3.4– тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Информатика дегеніміз не? Компьютер – ақпарат өңдеу құралы. Компьютер өңдейтін ақпарат түрі.

Компьютер – аппараттық және бағдарламалық құралдар бірлестігі. Операциялық жүйелер.

Ақпаратты компьютерде сақтау.



1.3.5 - тапсырма

2)Оқушыларды бағалау

  • Бағдарламалық
  • Сабақтың мақсаты
  • Сабақтың типі
  • Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй тапсырмасын тексеру III. Жаңа сабақты түсіндіру КОМПЬЮТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ
  • Ақпаратты енгізу
  • Ақпараттық технологиялар
  • БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМА (ЖАСАУ)
  • Машина тілі
  • Файл дегеніміз
  • Пайдаланушы
  • Ассемблер
  • АҚПАРАТТЫ КОМПЬЮТЕРДЕ САҚТАУ
  • IV. Жаңа тақырыпты бекіту 1.3.1, 1.3.2, 1.3.3, 1.3.4
  • 1.3.5 - тапсырма 2)Оқушыларды бағалау

  • жүктеу 237.71 Kb.