Главная страница
Контакты

    Басты бет


«ОҚу процесінде акт әдісін қолдану»

жүктеу 1.43 Mb.



жүктеу 1.43 Mb.
бет1/18
Дата04.06.2018
өлшемі1.43 Mb.

«ОҚу процесінде акт әдісін қолдану»


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті






4 деңгейдегі СМК құжаты

Оқу бағдарламасы



Ф ӘН 042-39.1.24/01-2016

«Оқу процесінде АКТ әдісін қолдану» пәні бойынша

оқу-әдістемелік кешені



10.06.2016 ж

№1 басылым






Жаратылыстану-математика факультеті

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы



«ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ АКТ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ»
пәнінІҢ оқыту-әдістемелік кешенІ

Семей 2016 ж.

Тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдістемесі



Мақсаты: Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдістемесін оқуда ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру, қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ақпараттық сатыға өту кезеңінде мұғалімнің сабақ беруде интерактивті технологияларды қолданатын әдістері.

1-тақырып. Интерактивті тақта түсінігі және оның құрылымдары.

Ағылшынның Promethean LTD фирмасы Activboard арқылы оқу процесінде тыңдаушылардың (оқушылар) назарын сапалы, қызықты презентациялар (конференциялар) өткізу үшін электронды интерактивті тақта ұсынады.

Интерактивті құралдар:


ACTIVboard - Активті Экран интерактивті тақта дербес компьютер және проектормен бірігіп жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аудиторияға электронды конспект дайындап оны көрсету үшін өте тиімді.


ACTIVpen қаламы

ACTIVpen - электронды қарындаш компьютерді Активті Экран арқылы басқарып, Windows-та түрлі аннтотациялар жасап көрсете алады. Электронды қарындаш компьютердегі тінтуірдің жұмысын атқарады және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы







“ACTIVpanel-pro” – графиктік планшеті арқылы адамның өз қалауы бойынша кез-келген жерде жұмыс жасай алады. Яғни еш қиындықсыз бір бөлмеден екінші бөлмеге тасуға болады. Өзі кішкентай болғанымен атқарар жұмысы ауқымды.





ACTIVTablet планшеті – алдын ала материалды дайындап кейін оны ACTIVboard-та көрсетуге өте ыңғайлы. Бұл құрылғы өте қарапайым және ыңғайлы.
ACTIVtablet планшеті кәдімгі компьютердегі тінтуірдің жұмысын атқарады. Бірақ компьютерге жалғанбай-ақ (ACTIVboard-қа жалғанбай) ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary-де конференция, презентация материалдарын дайындау өте жеңіл. ACTIVtablet компьютерге USB порт

арқылы жалғанады, бағдарламаның барлық құрылғыларымен жұмыс жасай беруге болады.



ACTIVote тестілеу жүйесі - аудиторияда қатысып отырғандарға тест немесе сұраққа радиопульт арқылы жауап беріп, алл қорытындысын экраннан көруге болады.

ACTIVslate топпен презентация (конференция) өткізгенде қолдану өте ыңғайлы. Ол жұмыстың сапасын жақсартып, толықтырады. ACTIVslate А5 форматында жасалған ол ACTIVboard-қа радио порт арқылы жалғанған. Аудиторияның кез-келген жерінде ACTIVboard-пен жұмыс жасауға болады. Бір аудиторияда 64-ке жуық ACTIVslateXR-ті қолдануға болады.


ACTIVwand -электронды таяқша

ACTIVwand электронды таяқша ұзындығы 54 см болады. Ол тіпті өте кішкентайлар үшін тақтаның жоғарғы бөлігіне дейін жетуге ыңғайлы. Тінтуірдің сол жақ батырмасының қызметін атқаратын бұл жерде де кішкене батырма бар. ACTIVwand бағдарламалармен, web-беттерімен жұмыс жасауға, тіпті «солақайларға» тақтаның оң жағында да сол жағында да тұрып жұмыс істеуге ыңғайлы етіп жасалған.




ACTIVboard-қа калибровка жасау

ACTIVboard калибровка процедурасы кез келген уақытта тез және оңай орындалады. Егер де ACTIVboard тақтасы және проекциялық құрылғы стационарлы болса, онда калибровканы басқа компьютерді қосқанда ғана жасауға болады. Егер проекторды немесе үстелді басқа орынға ауыстырғанда (немесе қабырғаны, ACTIVboard тақтасы орнықтырылған) немесе сеанстың соңында калибровканы жұмыс жасау барысында қайтадан қалыпқа келтіруге тура келеді.

Калибровка жасау үшін, сол жақ төменгі бұрыштағы таңбаны басып, төменгі әрекеттерді орындау қажет.

Windows жүйесі орнатылған компьютер үшін калибровка программасы мына түрде орнатылады. Компьютерде орнатылған Windows жүйесінен калибровка программасын, тапсырмалар тақтасының жүйесіндегі таңба драйверінде тышқанның оң жақ батырмасын шерт.

Калибровка программада қаламды активті облыста басқаннан кейін экранда калибровка таңбасы пайда болады. Асықпай бұл таңбаның ортасына қаламды шерткеннен кейін келесі таңба пайда болады. Бес калибровка таңбасын шерткеннен кейін, программа автоматты түрде жабылады. Осымен ACTIVboard жүйесіндегі калибровка аяқталады.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

  • Тақырыбы: Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдістемесі
  • 1-тақырып. Интерактивті тақта түсінігі және оның құрылымдары.
  • Интерактивті құралдар

  • жүктеу 1.43 Mb.