Главная страница
Контакты

    Басты бет


ОҚу курстарының каталогы

жүктеу 2.3 Mb.



жүктеу 2.3 Mb.
бет6/6
Дата14.04.2017
өлшемі2.3 Mb.

ОҚу курстарының каталогы


1   2   3   4   5   6



Пәннің аталуы

3.Математикадан дидактикалық материалдар технологиясы

Қысқартылған атауы

МDMRZh 220

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Медетбекова Н.

Доцент/оқытушы

оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ тілінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП таңдамалы компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практикалық-30; ОСӨЖ-30; СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Математика

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Бастауыш сыныптарда дидактикалық материалдарды қолданудың ерекшеліктері. Бастауыш сыныптарда дидактикалық материалдарды қолданудың ерекшелігі мен маңызы. Жаңа технологияны пайдалана отырып дидактикалық материалдарды пайдаланудың тиімді жолдары мен дайындау әдістемесі. Математика сабағында бағдарламаға сәйкес дидактикалық материалдарды қолданып есептер шығару. Математика сабағында жаңа материалды оқыту әдісі ретінде дидактикалық материалдарды пайдалану және дайындау әдістемесі.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Математикадан дидактикалық материалдарды қолданудың педагогикалық және психологиялық негiздерi. Бастауыш мектептiң оқу процесiндегi жаңа технология туралы ұғым және оның рөлi. Математиканы оқытуда басшылыққа алынатын дидактикалық принциптер. Бастауыш сыныптарда дидактикалық материалдарды қолданудың ерекшеліктері. Бастауыш сыныптарда дидактикалық материалдарды қолданудың жолдары мен маңызы. Кеспе қағаздарды пайдаланудың тиімді жолдары мен дайындау әдістемесі. Он көлеміндегі сандарды оқыту барысында дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесі. Жүз көлеміндегі сандарды оқыту барысында дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесі. Мың көлеміндегі сандарды оқыту барысында дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесі. Көп таңбалы сандарды оқыту барысында дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесі. Математика сабағында жаңа материалды оқыту әдісі ретінде дидактикалық материалдарды пайдалану және дайындау әдістемесі. Бастауыш сыныптарда қолданылатын дидактикалық материалдарды негiзгi түрлерiне сипаттама. Сандарға амалдар қолдану тақырыптарын оқытуда дидактикалық материалдарды пайдалану принципi. Дидактикалық материалдардың негізгі түрлері және пайдалану әдістемесі. Бастауыш сыныптарда ролді-сюжетті ойындарға қолданылатын дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі. Бастауыш сынып математикасында логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған дидактикалық материалдар дайындау жолдары. Ойын есептерді шығаруда, шамалар және оларды өлшеу тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі Амалдар және олардың қасиеттерi тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі. Құрама және жай есептерді оқытудағы қолданылатын дидактикалық материалдарды пайдалану әдістемесі. Салыстыру және мәнін табу барысында есептеу тәсілдерін қолдануға арналған дидактикалық материалдарды дайындау және оларды есептің мазмұнымен таныстыруға арналған дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі. Алгебра элементтерi (өрнек, теңдік) тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі. Математикалық өрнек және «артық», «кем», «тең», дидактикалық материалдарды пайдалану әдістемесі. Алгебра элементтерi (теңсіздік, теңбе-теңдік және т.б.) тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі. Есепті теңдеулер арқылы шығару тақырыбына сай дидактикалық материалдарды дайындау. Геометрия элементтерi тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі

Оқу жұмысының нәтижелері

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегідей білімдерді игереді: Математикадан дидактикалық материалдар технологиясы курсында жаңа технологиялар мен ұғымдардың бастауыш сынып математикасындағы түсініктемелерін оқыту байланысын, бастауыш сынып математикасының мазмұнын және оқу бағдарламасының міндеттерін түсіну керек. Дидактикалық материалдар түрлерін және оларды пайдаланудың тиімді жолдарын және технологиясын меңгереді.



Пәннің аталуы

1.Қазақ тілінен дидактикалық материалдар дайындау технологиясы

Қысқартылған атауы

KTDMDТ3206

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)




Семестр

7

Оқытушының Т.А.Ә.

Абжанова С.

Доцент/оқытушы

оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП таңдамалы компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практикалық-30; ОСӨЖ -30; СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизит: Қазақ тілі, Балалар әдеби процесі

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Дидактикалық материалдардың түрлері өте көп. Оны әрі түсінікті, әрі сапалы жасау және оны орнымен қолдана білу мұғалім шеберлігі мен біліміне байланысты. Оқу бағдарламасына лайықтап жасалған баспадан дайын күйінде шығарылған дидактикалық материалдармен шектелмей, әрбір педагог-тәрбиеші қажетіне қарай дидактикалық материал жасап ала білуі керек. Сондай-ақ, дидактикалық материалды сабақтың қай кезінде пайдалануға болады, оны пайдаланудың әдіс-тәсілдері қандай болуы керектігі туралы мәселелер осы пәнді өту барысында қарастырылады.

Мазмұны

Практикалық: Қазақ тілінен дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеті. Қазақ тілі сабақтарында оқыту әдісі ретінде көрнекі құралдарды пайдалану жолдары. Көрнекіліктердің түрлері. Әліппеге дейінгі дайындық кезеңде тіл дамытуға байланысты дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі. «Мен мектепке барамын» тақырыбында мектеп-құрал жабдықтары суретін салу. Әліппе кезеңінде тіл дамытуға байланысты дидактикалық материалдар даярлау әдістемесі. Әріптерді таныстаруда кеспе арқылы суретті алфавит жасау. Дыбыстарды үйретуге байланысты көрнекілік құралдар дайындау әдістемесі. Сауат ашуға байланысты презентация жаса. Буындарды меңгертуге байланысты көрнекілік құралдар дайындау әдістемесі. Түрлі дәнді дақылдарды пайдалана отырып «Таза аула» тақырыбында апликация жасау. Орфография, орфоэпияны үйретуге байланысты көрнекілік дайындау жолдары. «Төрт түлік» тақырыбында халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалана отырып, кітапша жаса. Техникалық оқу құралдарының түрлерін, оларды пайдалану жолдарын қарастыру. «Жыл мезгілдері» тақырыбына презентация жасау. Үндестік заңы меңгертуге байланысты дидатиалық материалдар дайындау жолдары. Ақын өлеңдерін оқытуға байланысты көрнекі құралдар дайындау. «Жыл мезгілдері» тақырыбында Абайдың табиғат лирикаларын үнтаспаға жаздыру. Әңгіме мәтінін меңгертуге байланысты дайындалатын көрнекі құралдар. «Сиқырлы сурет» тақырыбында апликация. Ертегілерді оқытуға байланысты қолдануға байланысты дайындалатын дидактикалық материалдар. «Жануарлар әлемі» тақырыбында апликация жасау. Антоним сөздерді меңгертуге байланысты көрнекі құралдар дайындау. Баланың ойын дамыту мақсатында сурет сала отырып, ребус құрастыру. Грамматика сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар. «Аналар мерекесі» тақырыбына түрлі – түсті қағаздан гүлдің суретін жаса. Баланың бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыруға байланысты дайындалатын дидактикалық материалдар. «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында буклет жасау. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» отбасындағы тәрбиеге байланысты дайындалатын дидактикалық материалдар «Менің отбасым және туыстарым» тақырыбында плакатқа сурет салу. «Ана тілі» оқулығы бойынша тақырыпқа сай көрнекілік жасаңыз.«Арыстан мен тышқан» мысал өлеңі, 4-сынып оқулығы, «Атамұра»

Оқу жұмысының нәтижелері

Қазақ тілінен дидактикалық материал дайындау әдістемесі курсын толық аяқтаған студент сабақты сапалы өткізуді, методикалық әдәс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, қажетті көрнекіліктер мен дидактикалық материалдарды дұрыс таңдауды біліп шығады.



Пәннің аталуы

2.Қазақ тілінен дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі

Қысқартылған атауы

KTDMDA3206

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)




Семестр

7

Оқытушының Т.А.Ә.

Абжанова С.

Доцент/оқытушы

оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП таңдамалы компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практикалық-30; ОСӨЖ -30; СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизит: Қазақ тілі, Балалар әдеби процесі

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Дидактикалық материалдардың түрлері өте көп. Оны әрі түсінікті, әрі сапалы жасау және оны орнымен қолдана білу мұғалім шеберлігі мен біліміне байланысты. Оқу бағдарламасына лайықтап жасалған баспадан дайын күйінде шығарылған дидактикалық материалдармен шектелмей, әрбір педагог-тәрбиеші қажетіне қарай дидактикалық материал жасап ала білуі керек. Сондай-ақ, дидактикалық материалды сабақтың қай кезінде пайдалануға болады, оны пайдаланудың әдіс-тәсілдері қандай болуы керектігі туралы мәселелер осы пәнді өту барысында қарастырылады.

Мазмұны

Практикалық: Қазақ тілінен дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеті. Қазақ тілі сабақтарында оқыту әдісі ретінде көрнекі құралдарды пайдалану жолдары. Көрнекіліктердің түрлері. Әліппеге дейінгі дайындық кезеңде тіл дамытуға байланысты дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі. «Мен мектепке барамын» тақырыбында мектеп-құрал жабдықтары суретін салу. Әліппе кезеңінде тіл дамытуға байланысты дидактикалық материалдар даярлау әдістемесі. Әріптерді таныстаруда кеспе арқылы суретті алфавит жасау. Дыбыстарды үйретуге байланысты көрнекілік құралдар дайындау әдістемесі. Сауат ашуға байланысты презентация жаса. Буындарды меңгертуге байланысты көрнекілік құралдар дайындау әдістемесі. Түрлі дәнді дақылдарды пайдалана отырып «Таза аула» тақырыбында апликация жасау. Орфография, орфоэпияны үйретуге байланысты көрнекілік дайындау жолдары. «Төрт түлік» тақырыбында халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалана отырып, кітапша жаса. Техникалық оқу құралдарының түрлерін, оларды пайдалану жолдарын қарастыру. «Жыл мезгілдері» тақырыбына презентация жасау. Үндестік заңы меңгертуге байланысты дидатиалық материалдар дайындау жолдары. Ақын өлеңдерін оқытуға байланысты көрнекі құралдар дайындау. «Жыл мезгілдері» тақырыбында Абайдың табиғат лирикаларын үнтаспаға жаздыру. Әңгіме мәтінін меңгертуге байланысты дайындалатын көрнекі құралдар. «Сиқырлы сурет» тақырыбында апликация. Ертегілерді оқытуға байланысты қолдануға байланысты дайындалатын дидактикалық материалдар. «Жануарлар әлемі» тақырыбында апликация жасау. Антоним сөздерді меңгертуге байланысты көрнекі құралдар дайындау. Баланың ойын дамыту мақсатында сурет сала отырып, ребус құрастыру. Грамматика сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар. «Аналар мерекесі» тақырыбына түрлі – түсті қағаздан гүлдің суретін жаса. Баланың бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыруға байланысты дайындалатын дидактикалық материалдар.

Оқу жұмысының нәтижелері

Қазақ тілінен дидактикалық материал дайындау әдістемесі курсын толық аяқтаған студент сабақты сапалы өткізуді, методикалық әдәс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, қажетті көрнекіліктер мен дидактикалық материалдарды дұрыс таңдау мен қолдануды біліп шығады.



Пәннің аталуы

3. Қазақ тілінен дидактикалық материалдарды қолдану жолдары

Қысқартылған атауы

KTDMKJ 3206

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)




Семестр

7

Оқытушының Т.А.Ә.

Абжанова С.

Доцент/оқытушы

оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП таңдамалы компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практикалық-30; ОСӨЖ -30; СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизит: Қазақ тілі, Балалар әдеби процесі

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Дидактикалық материалдарды қолданудың жолдарын үйрету әрі саплы жасау және оны қолдана білу мұғалім шеберлігі мен біліміне байланысты.

Мазмұны

Практикалық: Дидактикалық материалды қолданудың жолдары туралы жалпы түсінік. Дидактикалық материалды қолданудың жолдары туралы ғалымдар мен педагогтардың ой-пікірлері. Ана тілінде қолданылтаны дидактикалық материалды қолданудың жолдарының тиімділігі. «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулығы бойынша жасалатын дидактикалцық материалдар. Бастауыш мектепте ана тіліне арналған көрнекіліктің өзіндік ерекшеліктері, оларды қолдану жолдары. Жазуға үйретуге байланысты дидактикалық материалдар. Грамматика емлеге қатысты дидактикалық материалдар. Дидактикалық материалды сабақта қолданудың жолдары мен оны сабақтың әр кезеңінде пайдаланудың жолдары. Дидактикалық материалды қолдануды жасау және оны пайдаланудың әдіс-тиәсілдері. Дидактикалық материалды сабақта пайдалану тәсілдерін меңгеру. Дидактикалық материалдарды қолдану жолдарын жасауды және сабақта қолдану әдісі. Қиын тақырыпты меңгертудегі көрнекіліктің мәні мен ерекшелігі. Сауат ашу барысында пайдаланатын дидактикалық материал. Қазақ тілі материалдарын меңгертудің ерекшеліктері. Тілдік және графикалық көрнекіліктердің ана тілі сабақтарында өзара байланысы. Ертегілерді оқытуға байланысты қолдануға байланысты дайындалатын дидактикалық материалдар. Антоним сөздерді меңгертуге байланысты көрнекі құралдар дайындау. Баланың ойын дамыту мақсатында сурет сала отырып, ребус құрастыру. Баланың бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыруға байланысты дайындалатын дидактикалық материалдар. Ақын өлеңдерін оқытуға байланысты көрнекі құралдар,сөздік қорды дамытуға байланысты дидактикалық материалдар қолдану.

Оқу жұмысының нәтижелері

Қазақ тілінен дидактикалық материалдарды қолданудың жолдарын дайындау әдістемесі курсын толық аяқтаған студент сабақты сапалы өткізуді, әдәс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, түрлі көрнекіліктер мен дидактикалық материалдарды дұрыс таңдауды біліп шығады.



Пәннің аталуы

Балалар әдебиеті

Қысқартылған атауы

ВА4304

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Наркулова Б.А.

Доцент / оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-15, практикалық -15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Курстың пререквезиттері:Пәнді оқу нәтижесінде студенттер - ауызша, жазбаша тілін дамытуда, олардың қызметін; мәнерлеп оқудың – амал тәсілдерін; шағын фольклор жанр шығармаларын оқып, талдау; көркем шығарманы кейіпкерлендіре білуі және талдау, тіл дамыту әдістемесінің міндеттерін, әдіс-тәсілдерін; тіл дамыту әдістемесінің міндеттері бойынша сабақ өткізу әдістемесін; әр топ балаларының тіл ерекшеліктерін; әдістемелік жұмыстың формаларын білуге тиіс. Жоғары оқу орындарының бағдарламасына сәйкес көлемде білім алу үшін студент әдебиеттермен, оқу құралдарымен, сөздіктермен, интернетпен жұмыс істей білуі қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Балалар әдебиетінің даму тарихы. Балаларға арналған алғашқы оқу құралдарының шығуы (әліппе, арифметика, грамматика) ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы еліміздегі балалар әдебиетінің дамуы. ХІХ ғасырдағы балалар әдебиетіне жазушылар мен педагог ағартушылардың қосқан үлесі. 1960-1990 жылдардағы балалар әдебиетінің өрлеуі. Балалар әдебиетінің бүгінгі өзекті мәселелері.

Мазмұны

Дәріс:Әдебиеттану - филология ғылымдарының бір тармағы, сөз өнерін, тарихи әдеби процесті, әдебиет дамуының заіьдылықтарын зерттейтін ғылым. Балалар әдебиеті әдебиеттану ғылымының бір саласы ретінде даму үстінде. Тіл, тарих, философия, этнопедагогика, логика, эстетика, психология т.б. ғылымдарды зерттеуде әдебиеттану ғылымының мәліметтері кеңінен пайдаланылану. Балалар әдебиетінің бастау көзі — халықтың сонау ерте дәуірлерде шығарған өлең-жырлары, мақал-мәтелдері, нақыл сөздері, аңыз ертетілері. Ы.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясы" — балалар әдебиетінің жазба нүсқасының алғашқы үлгісі. Балалар әдебиетінің жаңаша үлгіде өркендеп кемелденген түсы Абай шығармашылытынан басталып, Ш.Қүдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. шығармашылығында жалғасып, бүгінгі күндері жаңа жанрлық түрлермен, үлгілермен толығып, дамып келеді. Балалар әдебиетін тарихи кезеңдерге бөліп қарастыруға жалпы әдебиет туралы ой қозғаған Ш.Уәлиханов зерттеулері, Ә.Диваев пен М.Көбеев, С.Торайғыров және басқа ағартушы демократтардың баспасөз беттеріндегі әдебиет мәселесіне арнаған мақалалары, А. Байтұрсынов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, М.Қаратаев, З.Ахметов, Қ.Жұмашев, Б.Кенжебаев, Ш.Ахметов т.б. зерттеулері мүмкіндік берді. Балалар ауыз әдебиеті — балалар әдебиетінің алтын қоры: тұрмыс-салт жырлары, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз - әңгімелер. Олардың түрлері, жанрлық ерекшеліктері. Танымдық, тәрбиелік мәні. Шешендік сөздер туралы ұғым. Халық даналығындағы ұтқыр ой мен тапқырлықтың үлгілері. Батырлар жыры туралы түсінік. Жырдың тақырыбы, азаттық және бостандық идеясы, қаһармандық сипаты, елжандылық мәні. Гипербола туралы ұғым. Теңеу ұғымын дамыту. Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың түрлері, жанрлық ерекшелігі. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы балалар әдебиеті: Махамбеттің патриоттық, отты поэзиясы. М.Өтемісұлының шығармаларының көркемдік ерекшеліктері. Дыбыс қайталау, риторикалық сұрау ұғымдарының анықтамасы. XIX ғасырдың екінші жартысындағы балалар әдебиеті: Ұлттық балалар әдебиетінің жаңа үлгісі. Ш.Уәлиханов— қазақ ауыз әдебиетін жинап зерттеуші.
Қазақ ауыз әдебиеті(халық поэзиясы, фольклоры) - қазақ халқының бұқаралық көркем сөз шығармашылығы. Алғашқы нұсқалары ерте заманда, түркі тектес рулардың, тай-палардың сөйлеу тілі қалыптаса бастаған кезде пайда болған. Қ.а.


Практикалық: Балалар халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің арналы бұлағы. Абай және балалар әдебиеті. Ы.Алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы. Балалар әдебиетіндегі соғыс такырыбы. 60 — 90 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері. Балалар әдебиетіндегі әлем халықтарының озық шығармалары. Балалар ауыз әдебиетіндегі жыр және олардағы халық даналығы. Жыраулық поэзиядағы балалар әдебиетіне тән үлгілер.С.Көбеев — балалар жазушысы. Қазіргі балалар поэзиясының көрнекті өкілдері. С.Сейфулин, Б.Майлин,І.Жансүгіров, М.Әуезов шығарма-ларының балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесі. Балалар әдебиетіндегі соғыс тақырыбы. Ж. Жабаев поэзиясының тәрбиелік мәні. М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтың шығармаларындағы ұлттық бейнесі. М.Иманжанов, С.Бегалин, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Қ.Мырза Әлі, С.Жиенбаев, Ш.Мұртаза, Х.Бекхожин, О.Бөкеев, М.Шаханов, А.Асылбеков т.б. Балалар әдебиетінің жанр, түр жағынан күрделенуі. Ш.Айтматов, Н.Хикмет, Ә.Желлун, Л.Толстой, А.Чехов, Д.Родари, Э.Хемингуэй, Х.Андерсен, Э.Распе, Р.Киплинг т.б. Аударма балалар әдебиетінің ерекшеліктері

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Балалар әдебиеті курсын толық менгерген студент бастауыш мектеп балаларымен жұмыс жүргізуде, яғни олардың білімін, дүниетанымын, сөйлеу мәнерін арттыруда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, қажетті көрнекіліктер мен дидактикалық материалдарды дұрыс таңдауды біліп шығады.



Пәннің аталуы

Практикалық психология

Қысқартылған атауы

ПП

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Момбиева Гүлмира Абуқызы.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Лекция –15 сағат, практикалық – 15 сағат, ОСӨЖ–30 сағат, СӨЖ– 30 сағат

Еңбек сыйымдылығы

90 сағат

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Курстың пререквезиттері:Психологиялық мамандыққа кіріспе, Жалпы психология, Даму психология, Әлеуметтік психология, Жеке Адам психологиясы.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Кур мақсаты мен міндеттері

  • Курстың мақсаты: практикалық психолог қызметінің әлеуметтік салаларындағы маңызын анықтау;

-практикалық психологиялық іс-әрекеттің негізгі бағыттарымен танысу;

-психологиялық кеңес беру мен психотерапия арсындағы айырмашылқтар мен ұқсастықтарды анықтау;



Курс міндеті:

-психологтың клиентпен жұмысының негізгі механизмдерін ашып қарастыру;

-психологлық тренинг тотарымен (терапиялық топ, үйрену, топтары, бизнес топтары,) жұмыс жүргізу жолдарын талдау;

-психотерапияның қазіргі және классикалық бағыттарын талдау жасау;

-психологтың этикалық нормаларымен ережелерін сақтауға үйрену;

-қазақ халқының ұлттық психологиялық ерекшеліктерін, оның зерттеулін;

-әлем ойшылдарының, түрлі халық өкілдерінің, қазақ ойшылдарының ой-пікірлерін теориялық тұрғыдан қолдану;

-тәрбие мен білім беруде этнопсихологияның әдіснамасын қолдану т.б



Мазмұны

Лекция тақырыптары:

Практикалық психология және психологиялық көмек туралы жалпы түсінік.

Практикалық психологиядағы жаңа психотехнологиялар және жаңа сарын.

Психолог, клиент және тапсырыс беруші ұғымдары.

Әлеуметтік-психолгиялық тренингтер.

Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің түрлі форматтарын өткізудің стилистикалық ерекшеліктері.



  1. Практикалық психолог қызметінің негізгі бағыттары.

  2. Психологиялық сауаттану.

  3. Психологиялық диагностика.

  4. Психологиялық алдын алу.

  5. Психологиялық кеңес беру.

  6. Психологиялық түзету және дамыту жұмыстары.

  7. Психотерапия.

  8. Психологтың кәсіби шеберлігі және этикалық нормалары.

  9. Психологтың біліктілігін аттестациялау негіздері.

  10. Психологиялық қызмет туралы ереже.

Практикалық сабақтар тақырыбы:

  1. Практикалық психологияның пәні, міндеті мен мақсаты.

  2. Практикалық психологияда жеке адамды зерттеу мәселелері.

  3. Психологиялық сауаттанудың негізгі көрсеткіштері.

  4. Психологиялық сауаттану әдістері.

  5. Психологиялық алдын алу жұмысының мазмұны.

  6. Психологиялық кеңес беруге кіріспе.

  7. Психологиялық түзету жұмыстарының мақсаты, міндеттері.

  8. Психологтың міндеттері мен құқықтары.

  9. Психолог қызметінің принциптері және ережелері.

  10. Психолог маманның кәсіби күйреуін алдын алу шаралары.

  11. Психологтың нормативтік құжаттары.

  12. Психологиялық кеңес берудің тарихы және негізгі ұғымдары.

  13. Психологиялық түзету жұмысының бағдарламалары.

  14. Психологиялық түзетудің тиімділігін бағалау жолдары.

Психологиялық түзету жұмысын жүргізетін психологқа қойылатын талартар

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Оқыту іс-әрекет нәтижесінде студенттер практикалық психологияның аспектілері туралы білімдерді қалыптастырып, оның түрлері мен жүргізу ережелерін, басшылық жасау қағидаларын меңгереді.


Пәннің аталуы

Жазуға үйрету тех.

Қысқартылған атауы

MDP2201

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Құдайбергенова М.Б.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-45, практикалық-30, ОСӨЖ-75, СӨЖ-75.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 225

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

5 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Бұл пәннің объектісі-0315-БОПӘ мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары педагогикалық кәсіби білім құрамдасы ретіндегі жазуға үйретудің психологиялық-педагогикалық негізінің мазмұны. Пәні-мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жазуға үйретудің психологиялық-педагогикалық негіздерінен берілетін білім, білік, дағдыларды қалыптастыру процесі. Қоғам мен жалпы білім беретін мектептің сұранысына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіптік дайындауда бұл оқу пәнінің мәні зор. Қоғам мен жалпы білім беретін мектептің сұранысына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіптік дайындауда бұл оқу пәнінің мәні зор. Бастауыш сынып мұғалімнің алдына қойылатын жауапты міндеттердің бірі-1 сынып оқушыларының жазу дағдысын қалыптастыру және оны кейінгі сыныптарда жетілдіру. Бұл, сөз жоқ, бірінші сынып оқушыларының сөйлеу әрекеті мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді.

Мазмұны

Практикалық: Бірінші сынып оқушыларының графикалық-каллиграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыру процесінің психологиялық, физиологиялық, дидактикалық негіздерін ашу. Графикалық-каллиграфиялық дағдыны қалыптастырудың орфографиялық дағдыны қалыптастырумен байланысты екенін көрсету. Жазуға үйретудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білуге үйрету. Бірінші сыныптағы жазу сабақтарының дамытушылық мүмкіндіктерін ашу. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жазу сабақтарын, қазақ тілі сабақтарындағы көркем жазу минуттарын жоспарлай білуге үйрету. Студенттерде жазуға үйрету әдістемесінің білім, білік, дағды жүйесін қалыптастыру. Студенттердің дұрыс, тез және байланысты жазуын қамтамасыз ету. Студенттерді кіші жастағы мектеп оқушыларын жазуға үйретудің сөздік және практикалық әдістерін үйлестіріп қолдана білуге үйрету. Көркем жазу мен жазуға үйретудің тарихымен таныстыру. Жазуға үйрету әдістемесі бойынша студенттерді ғылыми зерттеу жұмысына дайындау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Жазуға үйретудің психологиялық-педагогикалық негіздері пәні практикалық сабақ түрінде өткізіледі. Студенттердің жеке, өзіндік жұмыстарына баса көңіл аударылады.



Пәннің аталуы

Арнайы курс қазақ тілінен

Қысқартылған атауы




Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)




Семестр

7 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Мамаева А.Е.

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы, п.ғ.к.

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Таңдамалы компонент

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс – 15; Практикалық – 15; ОСӨЖ-30; СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы- 90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизит: Қазіргі қазақ тілі, Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Қазақ тілі білімінің фонетика саласынан алған білімді жүйелеу; -лексикология және оның зерттеу объектісі туралы алған ұғымды кеңейту; -сөзжасам және морфология туралы білімді тереңдету; -қазақ тілінің синтаксис саласы бойынша алынған білімді жинақтау, толықтыру. Қазақ тілі пәнін оқытудың мәні ерекше. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері балаға алғашқы тілдік мағұлматтарды меңгертіп, тілдің грамматикалық жүйесі жайында үйрететін болғандықтан, оны алдымен өзі терең білуі қажет. Сондықтан бұл пән студенттерге тілдің фонетикасынан, лексикологиядан, морфологиядан және синтаксистен жүйелі әрі терең білім берудің негізі болып табылады.



Дәріс: Фонетика туралы түсінік Транскрипция және транслитерация Фонетикалық зерттеулерде қолданылатын әр түрлі әдістер. Фонемаларды топтастырудың принциптері. Дауысты фонемалар. Дауыссыз фонемалар. Дауыссыздардың қолданылуы. Дыбыстар тіркесімі. Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі. Үндестік (сингормонизм) заңы. Лексикология және оның зерттеу объектісі. Сөз мағынасы (семантикасы). Сөз мағыналық ауысуы. Метафоралық мағына. Метонимия. Қазақ тілінің сөзжасамы. Сөзжасамдық мағына.Туынды сөздер туралы түсінік. Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары. Жұрнақтар. Жалғаулар.Септік жалғау. Сөз таптары және олардың морфологиялық құрылымы. Қазақ тілінің синтаксисі. Зерттелу тарихы Сөйлем мүшелері туралы жалпы түсінік.

Практикалық: Қазақ тілінің фонетикасы. Дыбыс және оның түрлері. Сөздердің дыбысқа, буынға бөлінуі. Дыбыс және әріп. Қазақ тілінің үндестік заңы (сингорманизм). Ассимиляция туралы түсінік. Орфоэпия және орфография. Сөздің лексика-семантикалық табиғаты. Сөздің сипаттамасы. Сөз формасы мен мазмұны. Метафора, метонимия, синекдоха. Сөзжасам. Сөзжасамдық талдау. Туынды сөздер. Синтаксис. Сөйлем мүшелерінің қызметі.

Оқу жұмысының нәтижелері

Бұл курсты аяқтағаннан кейін студент қазақ тілін терең әрі жан-жақты меңгереді. Атап айтсақ, фонетиканы, морфология мен синтаксисті, қазақ тілінің сөзжасамын және лексикологиясын біліп шығады.



Пәннің аталуы

Арнайы семинар қазақ тілінен

Қысқартылған атауы




Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)




Семестр

7 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Мамаева А.Е.

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы, п.ғ.к.

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

КП Таңдамалы компонент

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс – 15; Практикалық – 15; ОСӨЖ-30; СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы- 90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизит: Қазіргі қазақ тілі, Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Қазақ тілі білімінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис саласынан алған білімді жүйелеу; -лексикология және оның зерттеу объектісі туралы алған ұғымды кеңейту; -сөзжасам және морфология туралы білімді тереңдету; -қазақ тілінің синтаксис саласы бойынша алынған білімді жинақтау, толықтыру. Тілдің фонетикасынан, лексикологиядан, морфологиядан және синтаксистен жүйелі әрі терең білім берудің негізі болып табылады.



Дәріс: Лексикология және оның зерттеу объектісі. Сөз мағынасы (семантикасы). Сөз мағыналық ауысуы. Метафоралық мағына. Метонимия. Қазақ тілінің сөзжасамы. Сөзжасамдық мағына. Туынды сөздер туралы түсінік. Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары. Жұрнақтар. Жалғаулар. Сөз таптары және олардың морфологиялық құрылымы. Қазақ тілінің синтаксисі. Зерттелу тарихы Сөйлем мүшелері туралы жалпы түсінік. Жай сөйлемнің құрылысына қарай бөлінетін түрлері. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем. Синтаксистен бастауыш сыныпта берілетін материалдар және оларды оқьпу. Бөгде сөз, оның түрлері. Емле және тыныс белгілері. Қазақ емлесінің кейбір мәселелері. Тыныс белгілерінің мәні мен атқаратын қызметі. Тыныс белгілерінің түрлері және олардың колданылуы.

Практикалық: Қазақ тілінің үндестік заңы (сингорманизм). Ассимиляция туралы түсінік. Омоним, антоним. Орфоэпия және орфография. Сөздің лексика-семантикалық табиғаты. Сөз мағынасы және оның түрлері Синоним және көп мағыналы сөздер, Фразеологизмдер, мақал- мәтелдер. Сөздің сипаттамасы. Сөз формасы мен мазмұны. Метафора, метонимия, синекдоха. Сөзжасам. Туынды сөздер. Морфема және оның түрлері, Жалаң және күрделі сөздер. Зат есім, Сын есім, сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Еліктиеу сөздер. Синтаксис. Сөйлем мүшелерінің қызметі. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына және құрылысына қарай бөлінетін түрлері, Құрмалас сөйлем, оның түрлері.

Оқу жұмысының нәтижелері

Бұл курсты аяқтағаннан кейін студент қазақ тілін терең әрі жан-жақты меңгереді. Атап айтсақ, фонетиканы, лексиканы, морфология мен синтаксисті біліп шығады.



1   2   3   4   5   6

  • 1.Қазақ тілінен дидактикалық материалдар дайындау технологиясы
  • 2.Қазақ тілінен дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі
  • 3. Қазақ тілінен дидактикалық материалдарды қолдану жолдары
  • Пәннің аталуы Балалар әдебиеті
  • Пәннің аталуы Практикалық психология
  • Кур мақсаты мен міндеттері Курстың мақсаты
  • Практикалық сабақтар тақырыбы
  • Пәннің аталуы Жазуға үйрету тех.
  • Арнайы курс қазақ тілінен
  • Арнайы семинар қазақ тілінен

  • жүктеу 2.3 Mb.