Главная страница
Контакты

    Басты бет


ОҚу курстарының каталогы

жүктеу 2.3 Mb.



жүктеу 2.3 Mb.
бет5/6
Дата14.04.2017
өлшемі2.3 Mb.

ОҚу курстарының каталогы


1   2   3   4   5   6



Пәннің аталуы

Оқу таным әрекетін ұйымдастыру

Қысқартылған атауы

MDP2201

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Наркулова Б.А.

Доцент / оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-45, практикалық-30, ОСӨЖ-75, СӨЖ-75.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 225

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

5 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Курстың пререквезиттері: Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер - мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің психологиялық негіздерін,балабақшадағы оқыту үрдісінің педагогикалық мәнін,сәби және мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің ерекшелігін білуі, балабақшадағы оқыту әрекетін ұйымдастыру қалпы сабақты және оның түрлерін білуі қажет. Оқыту әдістері, тәсілдерін, принциптерін қолдана білу біліктілігін,әр жас кезеңдеріне тәрбие, сабақ жоспарын құра білу біліктілігін,оқытудың дамыта отырып оқыту, саралап оқыту, даралап оқыту, ойын арқылы оқыту технологиясын сабақта қолдана білуі қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Студенттерге мектеп жасына дейінгі баларды оқыту процесі туралы білім меңгертіп, мамандығына сәйкес біліктілік, дағды қалыптастыру.

- Студенттерді тәрбиеші мамандығының және мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісі туралы білммен қаруланып, ғылыми білім жүйесін қалыптастыру.

- Мектепке дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесі, оларды ұйымдастыру әдістері мен формасы туралы педагогикалық ой-пікірлер жүйесін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

- мектеп жасына дейінгі балалардың оқыту әрекеті ерекшелігін меңгерту;

- танымдық қызығушылығы, белсенділігі қалыптастыру ерекшелігін;

- оқытудың принциптері, әдістерін қолдана білу біліктілігін қалыптастыру;

- сабақтың жоспарын құра білуге үйрету;

- қазіргі оқытудың жаңа технологияларын қолдана білуге баулу;


Мазмұны

Дәріс:Пәннің мақсаты, міндеттері. Мектепке дейінгі білім беру. Балабақшадағы дидактика. Дидактика туралы жалпы түсінік. Мектепке дейінгі дидактика. Балабақшадағы оқытудың психологиялық негіздері. Оқу үрдісінің мәні. Оқытудың психологиялық заңдылықтары. Оқу әрекетінің құрылымы оқу мотиві, қызығуы, қажеттілігі, мақсат қоюы, нәтижесі. Мектепке дейінгі жас-бала дамуындағы сензитивтік кезең. Мектептегі оқуға психолог иялық дайындық. Балабақшадағы оқытудың педагогикалық мәні. Мектепке дейінгі оқытудың теориялық негіздері.

Балабақшадағы оқытудың негізгі принциптері«Принцип» ұғымы. Оқыту принципі және оның түрлері. Я.А.Коменский дің «Ұлы дидактика» еңбегіндегі оқыту принциптері туралы. Мектеп жасына дейінгі балалардың оқыту әдістері.Әдіс, оқыту әдісі, тәсіл ұғымдары. Көрнекілік, сөздік, практикалық әдістер. Көрнекілік әдіс тәсілдері: бақылау (А.К.Матвеева, П.Г.Саморукова), сурет, бейнетаспа, слайдттар диафильм көрсету. Балабақшадағы оқытуды ұйымдастыру. Балабақшадағы оқытуды ұйымдастыру қалпы сабақ. Оқытуды ұйымдастыру формалары: жеке, топтық, жаппай (франталдық) Сабақтың күн тәртібіндегі орны.

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі. Танымдық психикалық процестерінің даму ерекшелігі. Ойлау және сөйлеу әрекетінің дамуы. Танымдық дамудағы сенсорлық тәрбиенің орны «Сенсорлық тәрбие», «сенсорлық даму» ұғымдары. Қазақстандық мектепте тәрбиенің теориясындағы балалардың сенсорлық дамуы туралы ой-пікірлер (Н.Құлжанова, М.Жұмаьаев т.б). Мектеп жасына дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру әдістемесі. Балабақшадағы оқыту технологиялары. Оқыту технологиялары. Проблемалық оқыту (И.Я.Лернер, Н.Н.Поддяков, Л.А.Пармонов). Ойын арқылы оқыту, дамыта оқыту, ойын арқылы оқыту технологиясы. (И.М.Канонова, Т.Г.Казакова, Е.Е.Кравцова). саралап оқыту, даралап оқыту технологияларының теориялық негіздері.

Балабақшадағы оқытуда технологиялардың қолдану жолдары.

Практикалық: Оқу-таным әрекеттер және оның мектепке дейінгі мәселелері. Дидактика туралы жалпы түсінік. Таным теориясы. Оқу-танымдық әрекеттің теориялық негіздері. Оқу үрдісінің мәні. Оқыту және баланың жеке тұлға ретінде психологиялық дамуы. Балабақшадағы оқытудың психологиялық негіздері. Оқытудың психологиялық заңдылықтары. Мектепке дейінгі оқытудың теориялық негіздері. Я.А.Коменскийдің. «Ана мектебі» еңбегіндегі мектеп жасына дейінгі балалрға білім беру мазмұны. «Принцип» ұғымы. Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегіндегі оқыту принциптері туралы. Әдіс, оқыту әдісі, тәсіл ұғымдары. Көрнекілік, сөздік, практикалық әдістер. Көрнекілік әдіс тәсілдері: бақылау (А.К.Матвеева, П.Г.Саморукова), сурет, бейнетаспа, слайдттар диафильм көрсету. Оқытуды ұйымдастыру формалары: жеке, топтық, жаппай (франталдық). Сабақты ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі. Танымдық психикалық процестерінің даму ерекшелігі.

Ойлау және сөйлеу әрекетінің дамуы. Мектепке дейінгі ұйымдағы білім жүйелілігі. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған бағдарламалардағы білім мазмұны. Танымдық дамудағы сенсорлық тәрбиенің орны. «Сенсорлық тәрбие», «сенсорлық даму» ұғымдары. Ойын арқылы оқыту, дамыта оқыту, ойын арқылы оқыту технологиясы. (И.М.Канонова, Т.Г.Казакова, Е.Е.Кравцова). Балабақшадағы оқыту технологиялары, Оқыту технологиялары.

Саралап оқыту, даралап оқыту технологияларының теориялық негіздері.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

«Оқу – таным әрекетін ұйымдастыру» курсын толық меңгерген студент мектеп жасына дейінгі балалардың жұмыс жүргізуде, яғни олардың білімін, дүниетанымын, сөйлеу мәнерін арттыруда методикалық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, қажетті көрнекіліктер мен материалдарды дұрыс таңдауды біліп шығады.



Пәннің аталуы

Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Қысқартылған атауы

DТА2209

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 6,7

Оқытушының Т.А.Ә.

Жораева С.Б

Доцент / оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық -45, ОСӨЖ-75, СӨЖ-75.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 225

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

6 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттері студент нені білуі тиіс. Жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына сәйкес көлемді білім алу үшін студент әдебиеттермен, оқу құралдармен, сөздіктермен, интернетпен жұмыс істей білуі қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Мемлекеттік тіл – ұлттың тілі. Мектепке дейінгі балаларға сауат аштырудың мәні. Балабақшалардағы сабақ элементтерінің тәрбиелік маңызы. Мектеп жасына дейінгі бала тілінің ерекшеліктері. Бала тілінің дыбысқа еліктеушілігі. Бала тілінің байланыст жасау қызметі. Тілде стандарттық лексикалық жүйесі және оның бала санасында бейнеленуі. Баланың аралық тіл кезеңі. Баланың сөз байлығы. Дайындық тобы балаларының сөз байлығын дамыту тәсілдері.

Мазмұны

Дәріс:Грамматикалық ұғымдардың мәні. Оларды ұғыну қиындықтары. Грамматика және сөзжасам жаттығулары, олардың типтері, қолданылуы. Сөздің морфемалық қүрамын оқыту. Морфема және орфография жаттығуларының өзара байланысы.

Морфология- тіл ғылымының бөлімі. Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың әдістемелік негіздері. Басауыш сыныптарда морфологияны оқудың қиындықтары және оны жеңу жолдары. Сөз таптарын оқыту барысындағы тіл дамыту жұмыстары

Қазақ тілінің синтаксистік жүйесі. Бастауыш мектепте синтаксис пен тыныс белгісінен қарапайым мағлұматтар беру, оларды оқыту әдіс-тәсілдері.

Орфографияны оқыту технологиясы: Орфография әдістемесіндегі грамматикалық және грамматикаға қарсы бағыттар. Орфографиялық дағды қалыптастыру. Орфография жұмыстарының түрлері және оларды жүргізу. Қазақ тілінен қолданылатын көрнекіліктер, дидактикалық материалдар және оларды қолдану жолдары.

Тіл дамыту технологиясы: Тіл дамытудың мақсат-міндеттері мен жолдары. Сөйлеу туралы үғым және оны дамыту. Сөйлеу әрекет ретінде.Онын түрлері мен қызметі.

Оқушылардың сөйлеуіне қойылатын талаптар.Сөйлеу-ойлауды дамыту құралы. Сөздікпен жұмыс жасау.

Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту міндеттері. Бастауыш сыныптардағы жазбаша іс-қағаздарының түрлері. Ресми сөйлеу жұмысы. Қазақ тілінің теориясы мен технологиясын оқыту барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыру технологиясы.Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілінің қазіргі сабақтарына қойылатын талаптар. Бастауыш сыныптағы сабақ құрылымына казіргі көзқарастар.

Сабаққа дайындық және оны жоспарлау. Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастырудың қазіргі педагогикалық технологиялары. Балалардың ойлауын, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың өздік әрекетіне жетекшілік жасау.

Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарына әдістемелік талдау жасау. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, оны өткізуі және талдауы барысындағы еңбегін ғылыми ұйымдастыру. Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілінің сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру технолоғиясы.Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы. Сыныптан тыс сабақ түрлері. Оқушылардың өздік шығармашылық әрекеттеріне жетекшілік. Дәстүрлі емес және қызықты жаттығуларды орындау әдіс-тәсілдері. Оқушылардың таңдауы үшін жүргізілетін курстар. Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу мен қазақ тілін тереңдетіп оқыту мүмкіндіктері.Қазақ тілі оқыту теориясы мен технологиясы-педагогикалық ғылым.

Практикалық: Бастауышта қазак тілінен білім берудің мемлекеттік стандарты. бастауыш мектепте қолдану.Қазақ тілін оқытудағы пәнішілік және пәнаралық байланыс.Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі. Сауат ашуды оқыту процесі.«Жазу үлгі» дәптерлерімен жұмыс. Оқу дағдысына сипаттама: саналы, дұрыс, шапшаң, мәнерлеп оқу.Сыныптан тыс оқу. Грамматика және сөзжасам жаттығулары

Бастауыш мектепте синтаксис пен тыныс белгісінен қарапайым мағлұматтар беруге байланысты жаттығу түрлері.Ауызша және жазбаша сөйлеу түрлері.Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру.Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, жоспар түзуі.Дәстүрлі емес және қызықты жаттығуларды орындау әдіс-тәсілдері. Курстық, дипдомдық жұмыстарды орындалуы



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Бөлімді бітірген соң қандай білім алып шығады?. қазақ тілінің салаларын, әрқайсысының мазмұнын беретін теориялық қолданыс ерекшеліктерін,практикалық тұрғыда тиімді қолдана алуды, сабақты сапалы өткізуді, дидактикалық материалдарды дұрыс таңдауды біліп шығады.



Пәннің аталуы

Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі

Қысқартылған атауы

МТТА

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Лабораториялық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Казақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Лабораториялық -15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттері: «Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі» пәнін меңгеру үшін студенттердің музыкалық тәрбиесінің теориясы және әдістемесі білім берудің тарихы мен теориясы, негізінде музыкалық аспап, теория музыкасы, сольфеджио, қазақ музыка тарихы, шетел музыка тарихы сияқты пәндерден алған білімдері болуы тиіс.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Болашақ музыка жетекшілері мен тәрбиешілердің эстетикалық-педагогикалық шеберлік негіздерін қалыптасттыру.

Мазмұны

Лабораториялық сабақ: Пәннің мазмұнында балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту, музыкалық мәдениетін қалыптасттыру, ойлауды жетілдіру сияқты жұмыстарға болашақ педагогтарды дайындау көзделіп қарастырылады.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер білуі тиіс: маманды дайындаудағы кәсіби бағыттылығының болуы; шығармашылық қызметтің тәжірибесін жинау, педагогикалық шеберлігінің болуы.


7 семестр


Пәннің аталуы

Саясаттану

Қысқартылған атауы

пол

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Байқонысов Е.Р.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семннарлық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредитттер / сынақ бірлестіктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Саясаттану» курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстармен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын қалыптастыру, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. «Саясаттану» пәнін оқып білу студенттердің саяси мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. «Саясаттану» курсын оқып үйретудің қорытындысы бойынша жоғарғы оқу орнының түлегі білу қажет:

-саяси ғылымының пәні мен әдісі туралы білім алу, саясаи ойдың негізгі бағытына көңіл бөлу;

-билік, мемлекет, азаматтық қоғам, саяси қарым-қатынастар және процестер саяси мәдениет жөнінде хабардар бөлу;

-саяси жүйелер мен саяси тәртіптерді ажырату, саяси партиялар мен белсенді топтарды, сонымен қатар саяси жетекшілерді білу қажет;

-өзіндік қорытынды жасауға;

-жазба жұмыстарды жазуға;

-рецензия жазуға;

-баяндамалар жасауға баулу:

-күнделікті өмірде және өзінің кәсіби іскерлігінде, саяси мәдениеттің жаңалықтарын иелену арқылы саяси білімді де меңгеруі қажет.


Мазмұны

Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы және Қазақстан саяси ойларының тарихы.Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясатттану.

Билік саяси феномен ретінде.Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты

Қоғамның саяси жүйесі .Мемлекет және азаматтық қоғам.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстарСаяси режимдер, мәдениет, саяси элита, саяси идеология мен процестер және ҚР проблемалары.Саяси режимдерСаяси процесс және саяси қызмет Саяси сана және саяси мәдениет.Саяси элита және саяси көшбасшылық.Саяси технологиялар мен саяси идеология.Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар. Егемен Қазақстанның, саяси проблемалары

Семинарлық сабақтар Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы және Қазақстан саяси ойларының тарихы.Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясатттану.

Билік саяси феномен ретінде.Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты

Қоғамның саяси жүйесі .Мемлекет және азаматтық қоғам.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстарСаяси режимдер, мәдениет, саяси элита, саяси идеология мен процестер және ҚР проблемалары.Саяси режимдерСаяси процесс және саяси қызмет Саяси сана және саяси мәдениет.Саяси элита және саяси көшбасшылық.Саяси технологиялар мен саяси идеология.Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар. Егемен Қазақстанның, саяси проблемалары



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер қоғамдық өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптасады, қоғамдық үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсетеді, нақты қоғамдық ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыланады, қандай болмасын қоғамдық құбылыстар жағдайына баға беру қажетті ғылыми ұстанымдары қалыптасады, өзінің кәсіби проблемаларын әлеуметтік тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруланады; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға тырысады.



Пәннің аталуы

Әлеуметтану

Қысқартылған атауы

соц

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Қорғанова С.С.

Доцент / оқытушы:

Ф.ғ.к., доцент м.а.

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семннарлық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредитттер / сынақ бірлестіктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Курстың мақсаты мен міндеті: Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Рспубликасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттесетікпен даму заңдылықтарын қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрлымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылықпен өз ара байланысқа түсуі және қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.

Мазмұны

Әлеуметтану ғылымы туралы түсінік, пәннің мазмұны, міндеттері мен мақсаттары, қағидалары, зерттеу объектісі мен субъектілері. Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы. Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.Қоғам - әлеуметтік жүйе ретінде Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процесстер.Отбасы әлеуметтануы. Әлеуметтану ғылымының негізгі салалары.Тұлғаның әлеуметтануылық сипаттары Девиация және әлеуметтік бақылау.Саяси әлеуметтану.Мәдениет әлеуметтануы. Экономикалық әлеуметтану.Білім әлеуметтануы.Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.Семинарлық сабақтар Әлеуметтану ғылымы туралы түсінік, пәннің мазмұны, міндеттері мен мақсаттары, қағидалары, зерттеу объектісі мен субъектілері1)М.Вебердің социологиялық тұжырымы 2) А. Құнанбаев, Ә. Бөкейханов т.б қазақ ағартушыларының әлеуметтік көзқарастары. Әлеуметтану ғылымының негізгі салалары. 1)Девиациялық мінез құлық және әлеуметтік бақылау2) Діни экстремизм құндылықтық қайшылық ретінде3) Қақтығыстар әлеуметтануы

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студент әлеуметтің объектісі мен субъектісінің ұғымын, әлеуметтанудың алатын орнын анықтау қажет. Мәдениет пен идеологияның қарым-қатынасын әлеуметтанулық талдау. Қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін, қазіргі жағдайдағы дәстүрлі қазақ құндылықтарының өзгеруін әлеуметтанулық талдау. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын білу. Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының даму перспективаларын білу. әлеуметтік институттардың типтерін және әлеуметтік функцияналды ролін түсіндіру.Мінез құлықты ретке келтіруші институттар отбасы және отбасылық туысқандық байланыстар . Студент тақырыпты толық игеру үшін ҚР-дағы білім жүйесін және жастар әлеуметтануын оның құрамдас бөліктерін толық меңгеруі керек.



Пәннің аталуы

Экономиқалық теория негіздері

Қысқартылған атауы

ETN 4110

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Мауленбердиева Г.А.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, практикалық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Студент әдебиеттерiмен, оқу құралдарымен, сөздiктермен, компьютермен жұмыс жасай бiлуi қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Мақсаты- болашақ мамандарды қазiргi қоғам өмiрiнiң экономикалық проблемалары мен таныстыру, олардың мемлекетiмiздiң экономикалық саясатын жасауға және оны жүзеге асыруға белсене қатынасу қабiлеттiгiн дамыту. Нәтижесінде студенттерге нақты бiлiм беру және экономикалық заңдар мен категориялардың iс-әрекетiн нарықтық проблемаларын шешуге пайдалана алатын, болашақтағы және ағымдағы экономикалық ситуацияларды бағалай бiлетiн өз еркiмен шешiмдер қабылдай алатын жоғары квалификациялы фундаменталды мамандар дайындау.

Мазмұны

Дәрістер: Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің нышандары. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік көзқарас. Тауарлы өндірісті ұйымдастыру. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Бәсеке және монополия. Кәсіпорын капиталының айналымы. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың циклдылығы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары. Экономикалық өсу.

Практикалық сабақтар: Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің нышандары. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік көзқарас. Тауарлы өндірісті ұйымдастыру. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Бәсеке және монополия. Кәсіпорын капиталының айналымы. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың циклдылығы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары. Экономикалық өсу.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Нарық жағдайында еркiн iс-әрекет етуге баулу;нарықтық экономиканың механизмiмен таныстыру, студенттердi экономикалық талдау жасауға үйрету



Пәннің аталуы

Шешендік өнерге үйрету әдістемесі

Қысқартылған атауы

ShOUA3203

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Құдайбергенова М.Б.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық -30, ОСӨЖ-60, СӨЖ-60.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 180

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттері: Шешендік өнер саласы бойынша – шешендік өнерді үйрету әдістемесі сабақ беру жүйесін жете меңгерту көзделеді. Жоғары оқу орындарының бағдарламасына сәйкес көлемде білім алу үшін студент әдебиеттермен, оқу құралдарымен, сөздіктермен, интернетпен жұмыс істей білуі қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәннің объектісі- бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сай, бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары педагогикалық кәсіптік білімінің құрамдасы ретіндегі шешендік өнерді үйрету әдістемесінің мазмұны.

Пәнді оқытуда сөздік әдістер және көрнекілік әдістер (түсіндіру, лекция, әдебиеттермен жұмыс істеу), практикалық әдістер мен көрнекілік әдістер пайдаланылады.



Пәннің басқа ғылым салалары арасында алатын өзіндік орны мен ерекше мәні бар. Өйткені, тіл-қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау тілін дамыту құралы. Оның сол қызметі тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және граматикалық құрылысы арқылы жүзеге асатынын ескерсек, тіл білімінің өзге ғылым салалары арасындағы мазмұн айтпай-ақ түсінуге болады.

Мазмұны

Дәріс: Шешен өнердің дамуына қажетті алғышарттар. Тіл тазалығы. Шешен сөзінің мағынасы. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы. Қазақ тарихындағы ұлы шешендер мен билер. Шешендік сөздің сипаты және сапалары. Пікірталас шеберлігіне үйрену жолдары. Пікірталас шеберлігіне үйрену жолдары. Пікірталасты жиі қолданылатын тәсілдер. Қарсылықта тойтарыс берудің шарттары мен тәсілдері. Ой түйіндеу тәсілдері. Шешендік сөздің сапалық белгілері. Тіл мәдениетінің маңыздылығы. Сөз құрылымының өзіндік сипаты.

Практикалық: Шешендік өнер тарихы. Шешен сөйлеу сыры. Ұлттық шешендік өнер. Шешен сөздердің түрлері. Ауызша шешен сөйлеу табиғаты. Билер сөздерінің бейнелік сипаты. Шешендердің сыртқы түр мәдениеті. Сөзді айту және дыбыстау мүшелерінің қызметі. Сөйлеп жаттығу әдістері, Сөйлеп жаттығу әдістері. Өзіңді шығармашылыққа тәрбиелеудің негізгі шартары. Шешендік өнер ұлттық проза кеңістігінде. Бұрынғы замандағы қазақтардың билік құру. Бұрынғы замандағы билердің билік құруы. Әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы нақылдары мен қанатты сөздер.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Шешендік өнер курсын толық аяқтаған студент сабақты сапалы өткізуді, методикалық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, қажетті көрнекіліктер мен дидактикалық материалдарды дұрыс таңдауды біліп шығады.



Пәннің аталуы

1.Математикадан. дидактикалық материалдар .дайындау әдістемесі

Қысқартылған атауы

МDMRZh 2205

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Медетбекова Н.

Доцент/оқытушы

оқытушы

Жұмыс тілі




Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП таңдамалы компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практикалық-30; ОСӨЖ-30; СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Математика

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Бастауыш сыныптарда көрнекi құралдарды қолданудың ерекшеліктері. Бастауыш сыныптарда көрнекi құралдарды қолданудың жолдары мен маңызы. Кеспе қағаздарды пайдаланудың тиімді жолдары мен дайындау әдістемесі. Математика сабағында тақта мен дәптерлерін көрнекі құрал ретінде пайдаланып есептер шығару. Математика сабағында жаңа материалды оқыту әдісі ретінде көрнекі құралдарды пайдалану және дайындау әдістемесі.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Математикадан дидактикалық материалдарды қолданудың педагогикалық және психологиялық негiздерi. Сандарды оқытудағы дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесі. Бастауыш мектептiң оқу процесiндегi көрнекiлiк принципi және оның рөлi. Математиканы оқытуда басшылыққа алынатын методикалық принциптер. Бастауыш сыныптарда көрнекi құралдарды қолданудың ерекшеліктері. Бастауыш сыныптарда көрнекi құралдарды қолданудың жолдары мен маңызы. Кеспе қағаздарды пайдаланудың тиімді жолдары мен дайындау әдістемесі. Математика сабағында тақта мен дәптерлерін көрнекі құрал ретінде пайдаланып есептер шығару. Математика сабағында жаңа материалды оқыту әдісі ретінде көрнекі құралдарды пайдалану және дайындау әдістемесі. Бастауыш сыныптарда қолданылатын көрнекi құралдардың негiзгi түрлерiне сипаттама. Сандарға амалдар қолдану тақырыптарын оқытуда көрнекiлiк принципiн пайдалану. Көрнекіліктің негізгі түрлері және көп қолданылатын кестелер мен схемалар дайындау әдістемесі. Математика сабағында қолданылатын сөзжұмбақтар мен ребустар құрастыру және дайындау әдістемесі. Бастауыш сыныптарда ролді-сюжетті ойындарға қолданылатын дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі. Бастауыш сынып математикасында логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі. Математика сабағында ойын есептерді шығаруға қолданылатын көрнекі құралдарды дайындау әдістемесі. Шамалар және оларды өлшеу тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі. Бастауыш сыныпта қарастырылатын шамаларға көрнекі құралдар дайындау әдістемесі. Нумерация тақырыбында дидактикалық материалдар қолдану. «Математика» оқулығы бойынша «10 және 100 көлемінде қосу және азайту» тақырыбына сай көрнекілік дайындау әдістемесі.

Амалдар және олардың қасиеттерi тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі. Құрама және жай есептерді оқытудағы қолданылатын көрнекі құралдарды дайындау әдістемесі. Есептеу тәсiлдерi тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі. Салыстыру және мәнін табу барысында есептеу тәсілдерін қолдануға арналған көренкі құрал дайындау әдістемесі. Есептер және оларды шығару жолдары тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі. Есептің мазмұнымен таныстыруға арналған көрнекі құралдарды дайындау әдістемесі. Алгебра элементтерi (өрнек, теңдік) тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі. Математикалық өрнек және «артық», «кем», «тең», тақырыбына көрнекілік дайындау әдістемесі. Алгебра элементтерi (теңсіздік, теңбе-теңдік және т.б.) тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі. Есепті теңдеулер арқылы шығару тақырыбына сай көрнекі құралдар дайындау. Геометрия элементтерi тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі



Оқу жұмысының нәтижелері

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегідей білімдерді игереді: Математикадан дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі курсында ұғымдардың бастауыш сынып математикасындағы түсініктемелерімен байланысын, математиканы оқытудағы негізгі зерттеу әдістемелерін білу және бастауыш сынып математикасының мазмұнын және оқу бағдарламасының міндеттерін түсіну керек. Дидактикалық материалдар түрлерін және оларды дайындау әдістерін меңгереді.

Пәннің аталуы

2.Математикадан дидактикалық материалдар қолдану жолдары

Қысқартылған атауы

МDMRZh 220

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Медетбекова Н.

Доцент/оқытушы

оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ тілінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП таңдамалы компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практикалық-30; ОСӨЖ-30; СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Математика

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Бастауыш сыныптарда көрнекi құралдарды қолданудың жолдары. Бастауыш сыныптарда көрнекi құралдарды қолданудың жолдары мен ролі. Есептер шығаруда көрнекілікті пайдаланудың тиімді жолдары мен оқыту әдістемесі. Математика сабағында чертеж, схема және кестелерді көрнекі құрал ретінде пайдаланып есептер шығару. Математика сабағында жаңа материалды оқыту әдісі ретінде көрнекі құралдарды пайдалану жолдары.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Математикадан дидактикалық материалдарды қолдану жолдарының педагогикалық және психологиялық негiздерi. Номерлеуді оқытуда дидактикалық материалдарды қолдану жолдары. Бастауыш мектептiң оқу үдерісіндегi көрнекiлiк принципi және оның орны. Математиканы оқытуда басшылыққа алынатын әдістемелік принциптер. Бастауыш сыныптарда көрнекi құралдарды қолдану жолдарының ерекшеліктері. Есептер шығаруда көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары. Математика сабағында чертеж, схема және кестелерді көрнекі құрал ретінде пайдаланып есептер шығару. Математика сабағында жаңа материалды оқыту әдісі ретінде көрнекі құралдарды пайдалану жолдары. Бастауыш сыныптарда қолданылатын көрнекi құралдардың негiзгi түрлерiне сипаттама. Амалдар қолдану тақырыптарын оқытуда көрнекiлiк принципiн пайдалану жолдары. Көрнекіліктің негізгі түрлері және көп қолданылатын кестелер мен схемалар дайындау жолдары. Математика сабағында қолданылатын сөзжұмбақтар мен ребустар құрастыру және дайындау жолдары. Бастауыш сыныптарда ролді-сюжетті ойындарға қолданылатын дидактикалық материалдар дайындау жолдары. Бастауыш сынып математикасында логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған дидактикалық материалдар дайындау жолдары. Математика сабағында ойын есептерді шығаруға қолданылатын көрнекі құралдарды дайындау жолдары. Шамалар және оларды өлшеу тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау жолдары. Бастауыш сыныпта қарастырылатын шамаларға көрнекі құралдар дайындау әдістемесі. Амалдар және олардың қасиеттерi тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау жолдары. Құрама және жай есептерді оқытудағы қолданылатын көрнекі құралдарды дайындау жолдары. Есептеу тәсiлдерi тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау жолдары. Салыстыру және мәнін табу барысында есептеу тәсілдерін қолдануға арналған көренкі құрал дайындау жолдары. Алгебра элементтерi (өрнек, теңдік) тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау, математикалық өрнек және «артық», «кем», «тең», тақырыбына көрнекілік дайындау жолдары. Алгебра элементтерi (теңсіздік, теңбе-теңдік және т.б.) тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау, есепті теңдеулер арқылы шығару тақырыбына сай көрнекі құралдар дайындау жолдары. Геометрия элементтерi тақырыбында дидактикалық материалдарды дайындау жолдары.

Оқу жұмысының нәтижелері

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегідей білімдерді игереді: Математикадан дидактикалық материалдар қолдану жолдары курсында ұғымдардың бастауыш сынып математикасындағы негізгі ұғымдармен математиканы оқытудағы негізгі зерттеу жолдарын және бастауыш сынып математикасының мазмұны мен оқу бағдарламасының міндеттерін түсіне отырып дидактикалық материалдар түрлерін және оларды қолдану жолдарын меңгереді.
1   2   3   4   5   6

  • Оқу-таным әрекеттер және оның мектепке дейінгі мәселелері.
  • Оқыту және баланың жеке тұлға ретінде психологиялық дамуы.
  • Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегіндегі оқыту принциптері туралы.
  • Сабақты ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі. Танымдық психикалық процестерінің даму ерекшелігі.
  • Пәннің аталуы Қазақ тілін оқыту әдістемесі
  • Практикалық
  • Пәннің аталуы Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі
  • 7 семестр Пәннің аталуы
  • Пәннің аталуы Әлеуметтану
  • Курстың мақсаты мен міндеті
  • Пәннің аталуы Экономиқалық теория негіздері
  • Пәннің аталуы Шешендік өнерге үйрету әдістемесі
  • 1.Математикадан. дидактикалық материалдар .дайындау әдістемесі
  • 2.Математикадан дидактикалық материалдар қолдану жолдары

  • жүктеу 2.3 Mb.