Главная страница
Контакты

    Басты бет


ОҚу курстарының каталогы

жүктеу 2.3 Mb.



жүктеу 2.3 Mb.
бет4/6
Дата14.04.2017
өлшемі2.3 Mb.

ОҚу курстарының каталогы


1   2   3   4   5   6


6 семестр


Пәннің аталуы

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Қысқартылған атауы

ІҚМТЖ

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық сабақ

Семестр:

6 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Жапбарова Г, Сариева Т.

Доцент / оқытушы:

Доцент, аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Таңдау компоненті.

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

ПС-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

45сағ

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Орта мектеп көлеміндегі қазақ тілінен лексикалық, граматтикалық минимумдары игеру жөніндегі базалық білімнің болуы.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту. Студенттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарын сауатты жазып, оның түрлерін білуге үйрету.

Студенттердің мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жазып, оның түрлерін ажырата білуге құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, оларға қойылатын талаптарды, олардың безендірілуін, жете меңгерту. Елімізде Тіл туралы заң қабылданып, 1990 жылдың шілденің 1-нен бастап күшіне енуіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы ғ 4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен жасалуына байланысты Республикада мемлекеттік тіл-қазақ тілін ресми қолдану, іс қағаздарын осы тілде жүргізілуіне ерекше мән беріліп, жүзеге асырылуда.

Тәуелсіз мемлекетімізде ана тілінің деңгейін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту-қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне жарқын жол ашпақ. Жалпы халықтық тіл негізгі қатыс құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Сондықтан да адамдарды күнделікті тіршілігінде жазба тілдің қалпына түскен бір көрнекті ретінде іс қағаздардың немесе ресми құжаттардың маңызы айрықша. Өйткені, әр адамның қоғамнан өз орнын табуы, өз мүддесін еркін қоғамның өзге мүшелерімен жеке адамдармен, мекемелермен, өндіріс орындарымен байланыстыра алуы негізінен осы іс қағаздарына байланысты.


Мазмұны

Елімізде Тіл туралы заң қабылданып, 1990 жылдың шілденің 1-нен бастап күшіне енуіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы ғ 4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен жасалуына байланысты Республикада мемлекеттік тіл-қазақ тілін ресми қолдану, іс қағаздарын осы тілде жүргізілуіне ерекше мән беріліп, жүзеге асырылуда.

Тәуелсіз мемлекетімізде ана тілінің деңгейін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту-қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне жарқын жол ашпақ.

Жалпы халықтық тіл негізгі қатыс құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Сондықтан да адамдарды күнделікті тіршілігінде жазба тілдің қалпына түскен бір көрнекті ретінде іс қағаздардың немесе ресми құжаттардың маңызы айрықша. Өйткені, әр адамның қоғамнан өз орнын табуы, өз мүддесін еркін қоғамның өзге мүшелерімен жеке адамдармен, мекемелермен, өндіріс орындарымен байланыстыра алуы негізінен осы іс қағаздарына байланысты.

Ресми құжат немесе іс қағаздар дегеніміз-адамдар мен қоғамдық мекемелерді өзара байланыстырып, олардың тіршілігі үшін қажетті мәселелер мен мақсат-мүдделерді шешуге көмектесетін қажеттілік материалдар. Іс қағаздарының қоғамдық барлық мүшелері үшін ортақ, қолдануға лайық қалыптасқан тілдік нормасы, өзіндік белгілері бар. Іс қағаздарының әрқайсысында нормалар мен белгілер әр түрлі болады. Сондықтан іс қағаздар сол белгілері бойынша бір-бірінен ажыратылады, өзіндік тиісті орындарына жұмсалады. Мысалы: өтініш, хабарландыру, қолхат, анықтама, сенімхат, хаттама, міндеттеме, тағы да басқа іс қағаздарының белгілері - қалыптасқан стилі (өлшемдік, жүйе, схеманың болуы). Іс қағаздарының алдына қойған міндеті-қазақ тілінде іс жүргізу мәселесіне тұрақты да тұрлаулы сипат беру, ұлт тағдыры, оның бірегей төлтума мәдениеті үшін түбегейлі маңызы бар мәселенің кері кетуіне жол бермеу мен ресми қарым-қатынас жасау. Бұл оқу құралының мақсаты-қазіргі өмірімізде ең жиі қолданылатын ресми құжаттар туралы мәлімет беріп, оны тиісті орындарда өз тәжірибелерінде қолдана білуге жаттықтыру болып есептеледі. Ол үшін тұрмыс пен тіршілікте тілдік қатысымдағы ресми құжат мәтіндердің тілдік құралдарын, оның құрылымын таныстырып, жазу үшін үлгі жаттығулар берілді.



Ауызша және жазбаша түрде әр түрлі жанрдағы диалогтық және монологтық мәтіндердің өз ойын ұтымды жеткізе білуге, ғылыми мәтінді баяндама жасай білу қабілетті болу. Ресми іс қағаздары мәтіннің коммуникативтік прагматикалық функциясы. Ресми іс қағаздарындағы жазу мәдениеті мен этикет формулалар. Іс қағаздарын жазудың жалпы тәртібі, іс қағаздарының үлгілері.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Мемлекеттік тілде іс құжаттарын сауатты толтыру

Пәннің аталуы

Мектепке дейінгі тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басқару

Қысқартылған атауы

MDТZhUB3203

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Наркулова Б.А.

Доцент / оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық -15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру және басұару саласы бойынша- сабақ беру жүйесін жете меңгерту көзделеді. Жоғары оқу орындарының бағдарламасына сәйкес көлемде білім алу үшін студент эдебиеттермен, оқу қүралдарымен, сөздіктермен, интернетпен жұмыс істей білуі қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Қазақстан Республикасы Конститутциясы және нормативті актілер, ҚР Білім туралы Заңындағы мектепке дейінгі білім мәселелері. Нарықтық қатынас жағдайында мектепке дейінгі ұйымдық қаржыландыру. Мектепке дейінгі ұйым жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау. Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің кәсіптік мінездемесі. Мектепке дейінгі ұйым жұмысын ұйымдастыруда әдіскер жұмысының ерекшелігі. Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің әдістемелік жұмысының түрлері-педкеңес, семинар, семинар практикум, кеңес беру. Балабақшаларда жаңа технологияны қолдану. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда триненг, педагогикалық мониторинг, іскерлік ойындарды, интерактивті әдістерді қолдану. Балабақша оқу-тәрбие жұмысын талдау, бақылау, басшылық, есепке алу, жоспарлау. Балабақша жағдайында 5-7 жастағы балаларды мектепке дайындауды ұйымдастыру ерекшеліктері.Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің басқару және ұйымдастыру жұмыстары. Педагогикалық кадырларды аттестациялау.

Мазмұны

Қазақстан Республикасының дүниежүзілік кеңістікте өзіндік салмағын пайымдауы білім беру жүйесінін жоғары дәрежеде дамуына байланысты болгандықтан, терең білімді, сауатты ұрпақ тәрбиелеуді мектепке дейінгі кезеңнен бастауды қажет етеді. Өйткені осы саты баланың рухани күш қуатының, мүмкіндіктерінің, танымдық кажеттіліктері мен интеллек көзінің ашылар кезеңі.

Білім беру саласындағы болып жатқан өзгерістерді мектепке дейінгі ұйымда қызмет ететін педагогтардың әрқайсысы өз жұмысына арқау етуі қажет. Ол үшін маман кадрлардың ғылыми -әдістемелік деңгейін үнемі көтеріп отыруға тура келеді. Бұл міндеттің үлес салмағы оқу-тәрбиенің өзгермелі кезеңдерін тарату және тәрбиешінің өз бетімен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі мен әдіскеріне жүктеледі.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру және басұару курсын толық аяқтаған студент сабақты сапалы өткізуді, методикалық әдәс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, қажетті көрнекіліктер мен дидактикалық материалдарды дұрыс таңдауды біліп шығады.



Пәннің аталуы

Дефектология және логопедия негіздері

Қысқартылған атауы

ДЛН

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дефектологияның пәні, мақсаты, принцптері мен әдістері, Сөйлеу тіліндегі негізгі бұзылыстар

Семестр:

6 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Жанибекова Г.О.

Доцент / оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіби компонент (КК)

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс–15сағат, практикалық –15 сағат, ОСӨЖ–30 сағат, СӨЖ– 30 сағат

Еңбек сыйымдылығы

90 сағат

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

2


Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Курс пререквизиті

- Психологиялық және гуманитарлық пәндердің ерекшеліктерін білу;

- Жастық ерекшеліктердің дамуын білу,

- Талдау икемділігі, негізгіні анықтау, жинақтау және қорытындылау.

- Сабақтың әр түрлі формада жүргізілетініне дайын болу

- Оқу мен ғылыми зерттеудің әртүрлі тәсілдерін қолдану икемдігі.



Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Балалар үшін оларды жан-жақты дамытуға көмегін беру тиіс және де педагогикалық практика үшін техникалық құралдарды өндеп, техникалық құралдармен оқытуды жолға қою, оларды әлеуметтік жағдайын шешу, оның психологиялық дамуының төмендеуінің әлеуметтік жағдайын ашу. Арнайы мектептерде оқитындарды еңбекке қамту мекемелерін, ұйымдарды ашу педагог-дефектологтардың кадрларын жоспарлап ұйымдастыру. Арнайы мектептер мен ұйымдарда КББ-ды оқыту үшін керекті ережелер мен бағдарламалық әдістемелік бағдарламаларды меңгерту

Мазмұны

Дәріс:Дефектология педагогикалық ғылым саласы. Дефектология ғылымына жалпы түсінік. Дефектология ғылымының мақсаты мен міндеттері. Дефектология ғылымынының зерттеу әдістері. Дефектология ғылымына (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия) сипаттама және басқа ғылымдармен байланысы. Дефектология негіздері.Дефектология мен логопедияның жеке пән ретіндегі мәні, мақсаты, маңызы. Даму мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшелігі. Қазіргі таңдағы дефектология ғылымын зерттеудің жолдары, дамуында кемістігі бар балалардың психологиялық даму. Логопедия ғылымы. Логопедия пәнінің мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері. Қалыптасу тарихы. Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы. Тіл кемістігін зерттеу, сөйлеу тілінің құрамдық бөліктері және олардың дамуы. ТМД елдеріндегі логопедия ғылымының дамуы. Дамуында тіл кемістігі бар балаларды тәрбиелеу және оқытудың жолдары. Кемістігі бар балалар. Кемістігі бар бала туралы түсінік және «кемістіктің даму» ерекшеліктері. Кемістіктің себептері. Ақыл есі дамуының зақымдануы. Ақыл есі кем балалар түсінігі. Ақыл есі кем дәрежесі. Қосымша мектеп оның мақсаты мен міндеттері. «Психикасы артта қалған» баланың түсінігі және оның классификациясы. Психикасы артта қалған балалар туралы түсінік. Сезім мүшелері (сенсорлық)зақымданған балалар.Психикасы артта қалған балалар жайлы ғалымдардың ой-пікірлері. Тірек-қимыл мүшелерінің, әрекетінің бірнеше мүшелері зақымданған балалар Тірек-қимыл мүшелері зақымданған балалар. Әрекеттерінде ауытқуы бар балалар.Бірнеше (күрделі) мүшелерінің мүкісі бар балалар.Сөйлеу бұзылысы туралы түсінік. Сөйлеу аппараттары. Орталық сөйлеу және шеткі сөйлеу аппараттары. Сөйлеу аппараттарының артикуляциялық бөлімі. Сөйлеу аппаратының дамуындағы кемшіліктер. Дыбысты айтудағы ауыз қуысының және тыныс алу органдарының орналасу қалпы. Тіл кемістігі және оның себептері

Сөйлеу тілінің бұзылуына сипаттама. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеу тілі паталогиясының негізгі себептері. Табиғи және функционалды тіл кемістігі. Фонема ұғымына түсінік. Дыбыстардың дұрыс айтылуы. Дыбыстарды айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері.

Дислалия және оның себептері. Механикалық дислалия,оның себептері. Функционалды дислалия оның шығу себептері. Ротацизм, ламбдатизм, каппатизм, гамматизм,хитизм т.б. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл мүкістерін түзетудің жолдары, әсері. Дизартрия және Ринолалия түрлері. Дизартрия және Ринолалия ұғымы және оның пайда болу себептері. Дизартрия мен Ринолалия түрлері. Дизартрияға шалдыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тексеру жолдары, түзету жұмыстары.Дауыстың бұзылуын түзету жолдары. Сөйлеу тіліндегі ақаулықтар. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тіліндегі ауытқулардың түрлері, оның пайда болу себептері. Алалия, моторлы және сенсорлы алалия. Алалияның пайда болу себептері және оны түзетудің жолдары. Афазияның түрлері. Жалпы тіл кемістігі. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілі дамуының деңгейі. Баланың тіл кемістігін түзету жұмысының басты бағыттары. Сөйлеу тілінің даму жолдары.Балалар сөйлеу тілі бұзылған балалармен тәрбиешінің жұмыс ерекшелігі. Логопедиялық сабақтардың жүйелілігі

Практикалық:Дефектологияның пәні, мақсаты, принцптері мен әдістері Дефектология педагогикалық ғылым саласы. Дефектология ғылымына (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия) сипаттама және басқа ғылымдармен байланысы.Дефектология негіздері. Қазіргі таңдағы дефектология ғылымын зерттеудің жолдары, дамуында кемістігі бар балалардың психологиялық даму.

Логопедия ғылымы. Дамуында тіл кемістігі бар балаларды тәрбиелеу және оқытудың жолдары. Кемістігі бар балалар. Кемістігі бар бала туралы түсінік және «кемістіктің даму» ерекшеліктері. Кемістіктің себептері.

Ақыл есі дамуының зақымдануы Ақыл есі кем балалар түсінігі. Ақыл есі кем дәрежесі. Қосымша мектеп оның мақсаты мен міндеттері. «Психикасы артта қалған» баланың түсінігі және оның классификациясы

Психикасы артта қалған балалар туралы түсінік. Сезім мүшелері (сенсорлық)зақымданған балалар.Психикасы артта қалған балалар жайлы ғалымдардың ой-пікірлері. Тірек-қимыл мүшелерінің, әрекетінің бірнеше мүшелері зақымданған балалар Әрекеттерінде ауытқуы бар балалар.Бірнеше (күрделі) мүшелерінің мүкісі бар балалар.Сөйлеу тіліндегі негізгі бұзылыстар. Сөйлеу бұзылысы туралы түсінік. Дыбысты айтудағы ауыз қуысының және тыныс алу органдарының орналасу қалпы.Тіл кемістігі және оның себептері. Дыбыстарды айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері. Дислалия және оның себептері Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл мүкістерін түзетудің жолдары, әсері.

Дизартрия және Ринолалия түрлері.Дауыстың бұзылуын түзету жолдары.

Сөйлеу тіліндегі ақаулықтар. Алалияның пайда болу себептері және оны түзетудің жолдары. Афазияның түрлері. Жалпы тіл кемістігі.Баланың тіл кемістігін түзету жұмысының басты бағыттары. Сөйлеу тілінің даму жолдары.Балалар сөйлеу тілі бұзылған балалармен тәрбиешінің жұмыс ерекшелігі. Логопедиялық сабақтардың жүйелілігі.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Дефектология және логопедия негіздері пәні - міндетті жүзеге асыруда психологияның барлық салаларына лайықты оқу пәндерін адамның әлеуметтік қажеттілігімен жеке басын қалыптастыруда жаңа бағдарлама бойынша жұмыс жүргізуді негізге алып, алыс-жақын шет ел тәрбиешілерінің тәжірибелерін оқытудың психологиялық мәселелерін кредиттік технология бойынша жүргізуді студенттерге меңгерту, оқып үйрету. Осы бағытта мемлекетіміздің одан әрі дамуын қамтамасыз ететін азаматтарды тәрбиелеп, оқытып шығаруға мүдделі.



Пәннің аталуы

1. Математиканы оқыту әдістемесі

Қысқартылған атауы

MOA3202

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)




Семестр

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Мұсабеков М.Ө.

Доцент/оқытушы

доцент

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП таңдамалы компонент

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, практикалық 30; ОСӨЖ-60; СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

180

Кредиттер/ сынақ бірліктері

4

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Математика, математиканы оқыту ториясы мен технологиясы

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы объектісі, пәні, міндеттері мен зерттеу әдістері, оның басқа ғылымдармен байланысы. Математиканы оқыту мақсаттары мен міндеттерінің, мазмұнының, әдістерінің, ұйымдастыру түрлері мен тәсілдерінің жалпы сипаттамасы. Математиканың бастапқы курсын оқуға балаларды дайындау. Математиканың бастапқы курсының негізгі тарауларын оқытудың технологиясы: сандардың концентр бойынша реті, арифметикалық әрекет, алгебралық және геометриялық материалдар, мөлшер мен бөлшектер,шамалар. Бастауыш мектептегі мәтінді арифметикалық есепетерді шешуді ОТТ-сы. Арифметикалық әрекетке негізделген жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру технологиясы. Математикалық білім, білік және дағдыларды меңгеру процесін ұйымдастыру. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытудың ерекшеліктері.

Мазмұны

Дәрістер: Курстың объектісі, пәні, міндеттері, әдіснамасы, басқа пәндермен байланысы. Қазіргі сабаққа қойылатьн талаптар. Бастауыш сыньштарда математика сабағын қазіргі заман тұрғысынан кұру. Математика сабақтарына дайындалу, өткізу және талдау барысында мұғалімдсрдің еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуга балаларды дайындау Математикадан оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі. Бақылау түрлері және математиканы оқыту нәтижелерін диагностикалау.Әр сынып соңындағы математикадан оқушылардың білім, білік және дағдыларына, құзыреттілігіне қойылатын талаптар. Қарапайым түсініктер: заттарды санау; заттарды және олардың топтарын салыстыру; геомстриялық фигуралар; Практикалық әрекеттер (біріктіру, бөліп алу, құрастыру, бөліктерге бөлу, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеу); кеңістік және уақыт жайлы қарапайым түсініктер. Нумерациялық ұғымдар: сан және цифр; есептік және реттік натурл сандар; ондық санау жүйесі. 10 көлеміндегі сандар; ондықтар; екі таңбалы сандар, үш таңбалы және көп таңбалы сандар; теріс емес бүтін сандар. Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері: амалдардың мән-мағынасы; математикалық символика; арифметикалық амалдардың компоненттері мен олардыц нәтижелері. Өзар кері амалдар, қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері; көбейтуді.үлестірімділік қасиеті; арифметикалык амалдардың дербес жағдайлары (амалдардағы 0 мен 1-дің қасиеттері);. Есептеу тәсілдері: ауызша есептеу тәсілдерінің ерекшеліктері; арифметикалық амалдардың алгоритмдері Ауызша жэне жазбаша есептеу тәсілдерінің үйлесімділігі; бастауыш мектепте есептеу тәсілдерін қарастыру реті. Карапайым шамалар (ұзындық, масса, уақыт, аудан, көлем және т.б.); сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде; Шаманың бірліктері жане олардың арақатынасы; атаулы сандар; атаулы сандарды түрлендіру; атаулы сандарға амалдар қолдану.

Жаңа ұғым және әрекет тәсілін оқытып-үйретуге дайындық кезеңінде; жаңа ұғым және әрекет тәсілімен таныстыру барысында; білім, білік, дағдыларды бекіту және оқыту нәтижелерін тексеру кезінде оқушылардың оку математикалық іс-әрекетін ұйымдастыру. Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, олардың ерекшеліктері, математика сабағымен байланысы. Оқушылардың өздік шыгармашылық іс-әрекетіне басшылық жасау. Стандартты емес және қызықты тапсырмаларды орьндау технологиясы. Таңдамалы курстар. Бастауыш сыныптарда математиканы тереңдетіп оқыту мүмкіндіктері. Математиканы бастауыш оқыту туралы ғылым. Математиканы оқытудың әдістемесінің дамуындағы педагогикалық және психологиялық зерттеулердің ролі. Математиканы оқыту процесінің құбылыстарын ғылыми-зерттеу әдістері. Озат педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену. Зерттеу нәтижелсрін тәжірибеге ендіру. Алыс және жақын шетелдсрдегі математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің әр түрлі модельдерін дайындау. Курс жәие диплом жүмыстарын орындау технологиясы.



Практикалық сабақ. Математика сабағының түрлері. Бастауыш мектептегі математика сабағының үлгілері, сабақты талдау. Дайындық кезеңінде математиканы оқыту кезінде балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Дайындық кезеңі сабақтары үзінділерін дайындау, өткізу жәнеталдау. Жаңа материалдарды оқытуға дайындық кезінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. («Теріс емес бүтін сандар нумерациясы» тақырыбы негізінде). Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау. Жаңа ұғым мен әрекет тәсілдерімен таныстыру кезінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру («Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» тақырыбы негізінде). Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау. Білім, білік жзне дағдыларды бекіту кезінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру («Есептеу тәсілдері» тақырыбы негізінде). Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау. Оқыту нәтижелерін тексерумен байланысты оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау. Сабақта оқушылардың ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытумен байланысты іс-әрекетті ұйымдастыру.

Оқу жұмысының нәтижелері

Математиканың бастапқы курсын оқуға балаларды дайындау. Математиканың бастапқы курсының негізгі тарауларын оқытудың әдістемесі: сандардың концентр бойынша реті, арифметикалық әрекет, алгебралық және геометриялық материалдар, мөлшер мен бөлшектер, шамалар. Бастауыш мектептегі мәтінді арифметикалық есепетерді шешуді ОТТ-сы. Арифметикалық әрекетке негізделген жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру технологиясы. Математикалық білім, білік және дағдыларды меңгеру процесін ұйымдастыру. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытудың ерекшеліктерін меңгереді.



Пәннің аталуы

2. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқыту теориясы мен практикасы

Қысқартылған атауы

KZhOMOTP 3202

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)




Семестр

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Мұсабеков М.Ө.

Доцент/оқытушы

доцент

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП таңдамалы компонент

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, практикалық 30; ОСӨЖ-60; СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

180

Кредиттер/ сынақ бірліктері

4

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Математика, математиканы оқыту ториясы мен технологиясы

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың теориясы мен практикасының объектісі, пәні, міндеттері мен зерттеу әдістері, оның басқа ғылымдармен байланысы. Математиканың бастапқы курсын оқуға балаларды дайындау. Математиканың бастапқы курсының негізгі тарауларын оқытудың технологиясы: сандардың концентр бойынша реті, арифметикалық әрекет, алгебралық және геометриялық материалдар, мөлшер мен бөлшектер,шамалар. Арифметикалық әрекетке негізделген жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру технологиясы.

Мазмұны

Дәрістер: Кіші жастағы оқушыларына математика сабағын қазіргі заман тұрғысынан кұру. Математика сабақтарына дайындалу, өткізу және талдау барысында мұғалімдсрдің еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру. Математикадан оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі. Бақылау түрлері және математиканы оқыту нәтижелерін диагностикалау. Қарапайым түсініктер: заттарды санау; заттарды және олардың топтарын салыстыру; геомстриялық фигуралар; Практикалық әрекеттер (біріктіру, бөліп алу, құрастыру, бөліктерге бөлу, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеу); кеңістік және уақыт жайлы қарапайым түсініктер. Нумерациялық ұғымдар: сан және цифр; есептік және реттік натурл сандар; ондық санау жүйесі. 10 көлеміндегі сандар; ондықтар; екі таңбалы сандар, үш таңбалы және көп таңбалы сандар; теріс емес бүтін сандар. Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері: амалдардың мән-мағынасы; математикалық символика; арифметикалық амалдардың компоненттері мен олардыц нәтижелері. Өзар кері амалдар, қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері; көбейтуді.үлестірімділік қасиеті; арифметикалык амалдардың дербес жағдайлары (амалдардағы 0 мен 1-дің қасиеттері);. Есептеу тәсілдері: ауызша есептеу тәсілдерінің ерекшеліктері; арифметикалық амалдардың алгоритмдері Ауызша жэне жазбаша есептеу тәсілдерінің үйлесімділігі; бастауыш мектепте есептеу тәсілдерін қарастыру реті. Карапайым шамалар (ұзындық, масса, уақыт, аудан, көлем және т.б.); сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде; Бөлшек ұғымы. Бөлшектерді салыстыру. Бөлшектерге қолданылатын арифметикалық амалдар. Математика курсындағы «есеп» үғымы. Жай және құрама есептер Жай есептің негізгі түрлері. Өзара кері есептер. Есептерді шешу тәсілдері. Есепті шешу кезендері және оларды орындау тәсілдері. Санды өрнек және оның мәні; өрнектердегі амалдардың орындалу реті; санды теңдік және санды теңсіздік; әріппен бслгілеуді енгізу; әріпті өрнек және оның мәні; өрнектерді қарапайым теңбе-тең түрлендірулер; теңдеу және оны шешу тәсілдері. Қарапайым геометриялық фигуралар; олардың касисттері және белгіленуі; қарапайым. геометриялық салулар; геометриялық мазмұнды есептер.Математика сабақттарында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру дың казіргі заманғы педагогикалык технологиялары.

Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, олардың ерекшеліктері, математика сабағымен байланысы. Оқушылардың өздік шыгармашылық іс-әрекетіне басшылық жасау. Стандартты емес және қызықты тапсырмаларды орьндау технологиясы. Таңдамалы курстар. Курс жәие диплом жүмыстарын орындау технологиясы.



Практикалық сабақ. Математика сабағының түрлері. Математика сабағының үлгілері, сабақты талдау. Дайындық кезеңінде математиканы оқыту кезінде балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Дайындық кезеңі сабақтары үзінділерін дайындау, өткізу жәнеталдау. Жаңа материалдарды оқытуға дайындық кезінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. («Теріс емес бүтін сандар нумерациясы» тақырыбы негізінде). Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау. Жаңа ұғым мен әрекет тәсілдерімен таныстыру кезінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру («Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» тақырыбы негізінде). Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау. Білім, білік жзне дағдыларды бекіту кезінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру («Есептеу тәсілдері» тақырыбы негізінде). Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау. Оқыту нәтижелерін тексерумен байланысты оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру («Екі немесе одан да артық амалмен шығарылатын есептер», «Шамалар, шамалар үлестері» ұғымдарын оқып-үйрету барысында). Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау. Сабақта оқушылардың ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытумен байланысты іс-әрекетті ұйымдастыру. «Алгебра және геометрия элементтері» тақырыптарын оқыту барысында). Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау.

Оқу жұмысының нәтижелері

Математиканың бастапқы курсын оқуға балаларды дайындау. Математиканың бастапқы курсының негізгі тарауларын оқытудың әдістемесі: сандардың концентр бойынша реті, арифметикалық әрекет, алгебралық және геометриялық материалдар, мөлшер мен бөлшектер, шамалар. Арифметикалық әрекетке негізделген жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру технологиясы. Математикалық білім, білік және дағдыларды меңгеру процесін ұйымдастыру.



Пәннің аталуы

3. Математика оқытудың теориясы мен тәжірибесінің дамуы

Қысқартылған атауы

MOTTD 3202

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)




Семестр

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Мұсабеков М.Ө.

Доцент/оқытушы

доцент

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП таңдамалы компонент

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, практикалық 30; ОСӨЖ-60; СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

180

Кредиттер/ сынақ бірліктері

4

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Математика, математиканы оқыту ториясы мен технологиясы

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың теориясы мен тәжірибесінің дамуы, тарихи қалыптасуы, объектісі, зерттеу әдістері, оның басқа ғылымдармен байланысы.

Мазмұны

Дәрістер: Курстың объектісі, пәні, міндеттері, әдіснамасы, басқа пәндермен байланысы. Қазіргі сабаққа қойылатьн талаптар. Математика сабақттарында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру дың казіргі заманғы педагогикалык технологиялары. Жаңа ұғым және әрекет тәсілін оқытып-үйретуге дайындық кезеңінде; жаңа ұғым және әрекет тәсілімен таныстыру барысында; білім, білік, дағдыларды бекіту және оқыту нәтижелерін тексеру кезінде оқушылардың оку математикалық іс-әрекетін ұйымдастыру. Таңдамалы курстар. Бастауыш сыныптарда математиканы тереңдетіп оқыту мүмкіндіктері. Математиканы бастауыш оқыту туралы ғылым. Математиканы оқытудың әдістемесінің дамуындағы педагогикалық және психологиялық зерттеулердің ролі. Математиканы оқыту процесінің құбылыстарын ғылыми-зерттеу әдістері. Озат педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену. Зерттеу нәтижелсрін тәжірибеге ендіру. Алыс және жақын шетелдсрдегі математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің әр түрлі модельдерін дайындау.

Практикалық сабақ. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың теориясы мен тәжірибесін талдау. Сабақта оқушылардың ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытумен байланысты іс-әрекетті ұйымдастыру. «Алгебра және геометрия элементтері» тақырыптарын оқыту барысында). Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау.

Оқу жұмысының нәтижелері

Математиканы оқытудың әдістемесінің дамуындағы педагогикалық және психологиялық зерттеулердің ролі. Математиканы оқыту процесінің құбылыстарын ғылыми-зерттеу әдістері. Озат педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену. Зерттеу нәтижелсрін тәжірибеге ендіру. Алыс және жақын шетелдердегі математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің әр түрлі модельдері.



Пәннің аталуы

Ойынның психологиялық-педагогикалық негізі

Қысқартылған атауы

ОППН

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Момбиева Гүлмира Абуқызы

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компонент (МК)

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс–30 сағат, ОСӨЖ–30 сағат, СӨЖ– 30 сағат

Еңбек сыйымдылығы

90 сағат

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

2


Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Курс пререквизиті: балалар психологиясы, әлеуметтік психология, жас ерекшелік психологиясы

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Cтуденттерге ойын әрекетінің ерекшелігі, оның түрлері туралы білім беріп, ойынды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.

  • ойынның теориялық негіздері туралы білімді меңгерту;

  • ойынның психологиялық-педагогикалық мәнін қалыптастыру;

  • ойындағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын меңгерту;

  • балалардың ойын әрекетінің жіктелуін үйрету;

  • ойынға басшылық жасау біліктілігін қалыптастыру;

ойын әрекетін ұйымдастыра білуге үйрету.

Мазмұны

«Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері» пәніне кіріспе

Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті – ойын. Пәннің мақсат-міндеттері. Балалар бақшасындағы педагогикалық процестегі ойынның ролі. Балалардың ойын іс-әрекеттері – тәрбие берудің әдісі және оны басқаруды жетілдіру жолдары. Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үдерісінде қолданудың өзектілігі.

Ұлттық ойындар туралы зерттеулер. Ұлттық ойындардың түрлері. Отбасында және балабақшада ұлттық ойындарды ұйымдастыру және өткізу. Балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – ойын.

Әртүрлі топтағы балалар ойынын ұйымдастыру ерекшеліктері.

Ойынның құрылымы және оның балалардың психикалық дамуына әсері. 5-7 жастағы балалардың ойын әрекетін ұйымдас-тыру ерекшеліктері. Ойынды ұйымдастыру әдістемесі және оған педагогикалық басшылық. Іскерлік ойындар және оның түрлері. Мектеп жасына дейінгі әртүрлі сатылардағы іскерлік ойындар. Ойынға педагогикалық басшылық жасаудың негізгі ережелері. Мектеп жасына дейінгі балардың оқыту үдерісіндегі ойын әрекеті.

Бағдарламалық мәліметтерді бекітудегі сабақ пен ойынның өзара байланысы. Ойындағы ережелердің ролі. Балаларды өзара қарым-қатынасқа бағыттайтын ойындар. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойындарының түрлері, олардың жіктелуі.

Балалар шығармашы-лығын дамытудағы ойынның маңызы. Логикалық ойындар. Режиссерлық драмалау ойындары. Драмалық ойын түрлері. Драмалық ойындарды жүргізу ерекшеліктері. Драмалық ойын – қиялды дамыту әдісі ретінде. Сюжетті-рольді ойындар және оны ұйымдастыру әдістемесі. Заттық ойын - сюжетті-рольді ойынның бастапқы көзі. Сюжетті-рольді ойындарды ұйымдастыру ерекшеліктері. Сюжетті-рольді ойын – баланың әлеуметтік тәжірибесінің жинақталу құралы. Балабақшадағы оқу-тәрбие процесіндегі дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар – оқыту құралы. Балаларға дидактикалық ойындар туралы түсінік беру. Ойындағы ұтыстар туралы. Ойын кезінде топқа және жеке балаларға басшылық жасау.ролі. Мектеп жасына дейінгі балардың іс-әрекетіндегі қимыл-қозғалыс, құрылыс ойындары. Қимыл-қозғалыс ойындарына педагогикалық басшылық жасаудың өзіндік қағидалары. Балалар бақшасында жүргізілетін құрылыс ойын түрлері және оларды ұйымдастыру әдістемесі.

Балалар бақшасында кіші және орта топтарда жүргізілетін қимыл-қозғалысты ойын ерекшеліктері.

Мектеп жасына дейінгі кіші және орта топтарда жүргізілетін қимыл-қозғалысты ойындар. Қимыл-қозғалысты ойындарды таңдау. Ойын тапсырмаларының ролі.

Балалар бақшасында ересек топтарда жүргізілетін қимыл-қозғалысты ойын ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі ересек топтарда жүргізілетін қимыл-қозғалысты ойындар. Қимыл-қозғалысты ойындарды таңдау. Ойын тапсырмаларының ролі. Балалардың ойын іс-әрекетіндегі ережелер ролі.

Ойын кезіндегі балалардың әлеуметтік мінез-құлық ерекшеліктері.

Ойын – қарым-қатынас құралы. Балалар ойынындағы қарым-қатынас бағдарлары. Ойын арқылы топтағы өзара қарым-қатынасты анықтау әдістемелері.

Отбасы тәрбиесі жағдайындағы мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеті.

Бала тәрбиесіндегі отбасы ролі. Отбасындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың бала ойынына әсері туралы. Отбасы мүшелерінің ойын кезіндегі өзара қарым-қатынасы.

Ойыншықтарға қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар.

Ойыншықтардың педагогикалық топтастырылуы. Ойыншық таңдауға педагогикалық және психологиялық нұсқаулықтар.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Оқыту іс-әрекет нәтижесінде студенттер ойынның психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы білімдерді қалыптастырып, оның түрлері мен жүргізу ережелерін, басшылық жасау қағидаларын меңгереді.
1   2   3   4   5   6

  • Пәннің аталуы Мектепке дейінгі тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басқару
  • Пәннің аталуы Дефектология және логопедия негіздері
  • 1. Математиканы оқыту әдістемесі
  • 2. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқыту теориясы мен практикасы
  • 3. Математика оқытудың теориясы мен тәжірибесінің дамуы
  • Пәннің аталуы Ойынның психологиялық-педагогикалық негізі

  • жүктеу 2.3 Mb.