Главная страница
Контакты

    Басты бет


ОҚу жүйесін компьютерлендіру мақсатында бейімдеу технологиясын пайдаланудың ерекшеліктері

жүктеу 107.65 Kb.



жүктеу 107.65 Kb.
бет1/2
Дата14.04.2017
өлшемі107.65 Kb.

ОҚу жүйесін компьютерлендіру мақсатында бейімдеу технологиясын пайдаланудың ерекшеліктері


  1   2

ОӘК 001:378
Салғараева Гүлназ Ибрагимқызы – тех.ғ.к., профессор (Алматы, КазМем ҚызПУ)

Дархан Нұржанат Дарханқызы – магистрант (Алматы, ҚазМемҚызПУ)
ОҚУ ЖҮЙЕСІН КОМПЬЮТЕРЛЕНДІРУ МАҚСАТЫНДА БЕЙІМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқу жүйесін компьютерлендіру мен автоматтандыру Қазақстан Республикасының білім жүйесін болашақта заманауи технологиялардың қарқынды дамуы мен компьютерлік жүйені оқу-тәрбие үдерісіне енгізуімен тығыз байланысты. Компьютерлендіру – білім алушыны жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, оның өз бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер беретін білім беру әрекетінің жүйесі.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Есептеу жүйелерін және компьютерлендіруді пайдалану негізінде автоматтандыру – ақпаратты пайдалану және өңдеумен байланысты заманауи қоғам өмірінің барлық саласының дамуының міндетті шарты және одан білім беру саласы да тыс қалмайды.
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Білім беру жүйесін компьютерлендіру – нақты жағдайда нені оқу қажеттігін анықтауға, қашықтықтан оқыту жүйесінде білімді ұсынуға, тасымалдауға, алуға, іздеуді қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Ашық білім берудің заманауи концепциясы білім берудің көп деңгейлі сипатын, сонымен қатар, білім алушының сұраныстарына сәйкес келетін оқу құралын, орнын және уақытын таңдау мүмкіндігін болжайды. Оқу үдерісінің бейімделу мәселесін шешу үшін көп технологияның ішінен, әдетте, білім берудің бірізділікпен құрылу жолы таңдалады. Оқытудың бірізділікпен құрылу жолы мәселесін шешуде пәндік саланы домендік ұсынуда пайдаланылатын әдістер мен білім беру курсын генерациялауға арналған педагогикалық ережелер жиыны кеңінен таралған. Пәндік саланың домендік модельдерін тұрғызу қиындығы, оқу объектілерін білім құрылымымен байланыстыру, сондай-ақ, мамандандырылған контентті ұсынуда стандартталмаған шешімдерді қолдану оқу объектілерінің концепцияларын бірнеше рет қолдану мүмкіндігіне кедергі келтіреді.
Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.

Педагогикалық ережелерді құруда ықшамдауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған құралдардың бар болуына қарамастан кез келген жағдайға сәйкес келетін ережелерді генерациялау мүмкін емес [1].

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Бұл оқытудың бірізділікпен құрылу үдерісі барысында әртүрлі тәсілдерді жасау мәселесіне алып келеді. Жоғарыда айтылғанның барлығы оқу объектілері негізінде бейімді оқу курстарын тұрғызу саласында қосымша зерттеулерді жүргізудің көкейкестілігін анықтайды.

Бейімдік үйретуші жүйе (БҮЖ) - білім алушылардың қажеттілігіне байланысты құрылымдарының немесе өзіндік параметрлерінің өзгеруіне бейімделуге қабілетті жүйе болып табылады.

Компьютерлендіру арқылы үйренушілерді бейімдеуді үш иерархиялық деңгейге бөлуге болады:


  • студенттерді тұтынушы ретінде бейімдеу;
    Мұнай мен газ қорларын көлемдік есептеу параметрлері. Мұнай кенорнының қорын есептеу параметрлері: Ғ - мұнайлы алаптың ауданы, M2; һ - қойнауқаттың тиімді қалыңдығы, м; j - тиімді кеуектілік; m - мұнаймен қанығу; b - қайтарым коэффиценті; a - мұнайдың меншікті салмағы; һ - қойнауқаттық мұнайдың есептеу коэффиценті.
    ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,


  • студенттерді деңгейіне қарай топтастырып бейімдеу;

  • жеке тұлға ретінде бейімдеу;

Бейімдеудің бірінші деңгейі компьютерлік оқыту жүйесіндегі әрбір студентті тұтынушы ретінде қарастырып, олардың қажеттілігіне орай және де әрбір пайдаланушы тобына арнайы интерфейс құрылуына байланысты жүзеге асады. Осындай бейімділік әртүрлі компьютерлік жүйелерге тән болады.

Студенттердің интеллектуалды оқыту жүйесінде келесі мүмкіндіктердің болуы қажетті: үйрету, білімін тексеру, жаттығулар, анықтама мәліметтері және көмек, видео-дәрістер және олардың презентациялары, оқытушыға сұрақтар, конференциялар, студенттік форумдар, электронды әдістемелік құралдар, сабақ жүру барысына пікір енгізу және т.б.

Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.
Интеллект (лат. іntellectus - таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Студенттерді деңгейіне қарай топтастырып бейімдеу таңдаған мамандықтарына, білім беру бағдарламаларына, тұлғаның жасына және психологиялық бағыттылығына қарай бейімделуін қамтамасыз етеді.

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Бейімделудің бұл деңгейі оқытудың мақсатын, яғни қажетті білімнің көлемін, біліктілік және оны игеру деңгейін анықтайды;
Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.
студенттердің деңгейлік тобына қарай оқытудың әдістерін таңдауға, сонымен қатар ақпараттарды көрнекті көрсететін тәсілдерге негізделген [2].

Оқыту әдістерін таңдауда және ақпараттарды көрнекті түрде көрсету әдістерінде білім алушының жасы мен тұлғаның психологиялық бағыттылығы әсер етеді (өзіне, тапсырмаға әсер ету бағыттылығы).

Үшінші деңгей студенттерді жеке тұлға ретінде бейімдеудің ең үлкен дәрежесіне жеткізеді, себебі ол студенттің тұлғалық сипаттамасына, яғни студенттің осы уақытқа дейін және болашақта алатын біліміне, біліктілігі мен дағдысына, тәжірибесіне және т.б. негізделген.

«Оқу жүйесінде не бейімделуі мүмкін?» деген басты сұраққа жауап беру мақсатында, П.Брусиловский келесідей бейімдеу технологиясын ерекшелеп айтып өтеді [3]:



  • оқудың жүйелі түрде бірізділікпен құрылуы;

  • ақпараттың бейімділікпен берілуі;

  • шешімдердің зияткерлік талдануы;

  • мәселені шешуде интерактивті көмек;

  • навигациядағы бейімді көмек;

  • мысалдар негізінде есептерді шешу;

  • бірлестікке бейімделген көмек.

Осы бейімдеу технологияларын тереңірек қарастырайық [3].

Оқудың жүйелі түрде бірізділікпен құрылуы

Бейімдік жоспарлау технологиясының мақсаты - (оқуды жоспарлау технологиясы деп те аталады) білім алушыға аса қажетті жеке жоспарланған бірізділікті модульмен білім беру мен үйренетін тапсырмалардың белгілі бір ретпен жүргізілу жұмысы болып табылады (мысалдар, сұрақтардың т.б.). Басқаша айтқанда, ол білім алушыға оқытылатын материалдан тыс, «оңтайлы жолды» табуға көмектеседі.

Жүйеліліктің құрылуының 2 түрі бар: белсенді және пассивті.

Белсенді жүйеліліктің құрылуы оқытудың мақсатын негіздейді (мысалы, пән төңірегіндегі оқытылатын түсініктің көп болуы).

Көптеген жүйелер оқудың мынадай негізгі мақсатына ие, ол – оқу курсындағы түсініктің мәнді және мол болуы. Көптеген жүйелер бейімді түрде оқытушы немесе студентке осы мақсатқа сай көптеген оқу курсының біреуін таңдауға мүмкіндік береді.

Пассивті (түзетуші) жүйелеу кері байланыс технологиясы болып табылады және оқытудың белсенді мақсатын қажет етпейді. Ол пайдаланушының тапсырманы шеше алмаған немесе сұраққа дұрыс жауап бере алмаған жағдайда әсер ете бастайды. Бұл жағдайда коррективті технология пайдаланушыға көптеген қол жетімді ақпараттық материалдар арқылы студенттің қалып қойған білімін жетілдіруге арналған мүмкіндіктерін ұсынады.

Сонымен қатар, бейімдік жоспарлаудың 2 деңгейін бөліп көрсетуімізге болады. Олар: жоғары және төменгі. Жоғары деңгейлі реттеу немесе білімді реттеу келесі тұжырымдамаларды немесе тақырыпты анықтайды.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Төменгі деңгейлі реттеу немесе тапсырмаларды реттеу ағымдағы тақырыптағы келесі оқытушының тапсырмаларын анықтайды (тапсырма, мысал, тест).

Қазіргі уақытта бейімдік жоспарлау технологиясы технологиялардың ең бастысы болып табылады және БҮЖ үшін ең танымал технология.

Шешімдердің зияткерлік талдануы

Білім алушы шешімдерінің зияткерлік талдануы бұл – үйретуші тапсырманың (программалаудың қарапайым сұрақтарынан күрделі тапсырмаларына дейін) себебін түсіндірместен алған ақырғы жауабымен жұмыс, яғни студенттің нақты берген жауабы,

Жауап дұрыс па, жоқ па содан басқаны анықтай алмайтын зияткерлік емес тексеруші программалардан айырмашылығы, бұл зияткерлік анализаторлар қайсысы дұрыс емес, қайсысы толық емес, қайсысы болмағаны немесе қатеге сай дұрыс емес мәліметті көрсетіп береді.

Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) - шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі.
Зияткерлік анализаторлар қатемен жедел түрде кері байланыс жасауға және білім алушы моделін түзетуге мүмкіндік береді.

Мәселені шешуде интерактивті көмек

Мәселені шешудегі интерактивті көмектің мақсаты - білім алушыға шешімнің әрбір қадамында зияткерлік көмек беру болып табылады, яғни білім алушыға келесі қадамды орындағанға дейінгі ишараның берілуі.

Бұл технологияны жүзеге асыратын жүйе, білім алушының іс-әрекетін бақылай алады. Оны түсінуге және осы түсінікті білім алушының үлгісін модельдеу мен көмек беруде қолдануға бағыттайды.

Мысалдар негізінде есептерді шешу

Мысалдар негізінде есептерді шешу контексінде білім алушы алдыңғы алынған тәжірибесінің мысалдарын көмек ретінде қолдана отырып, жаңа тапсырмаларды орындайды.

Бұл контексте БҮЖ білім алушыға ең ыңғайлы нұсқаларды ұсыну арқылы көмектеседі (мысалдар, оларды түсіндіру немесе олардың алдында шығарған есептері).

Ақпараттың бейімді көрсетілуі

Ақпараттың бейімді көрсетілу технологиясының мақсаты – пайдаланушының тапсырмасындағы гипермедиа бетінің мазмұны, оның білімі мен басқа ақпараттары пайдаланушының үлгісінде сақталуы болып табылады. Бейімді көрсетілу жүйесінде ақпарат беті статикалық болмайды. Олар бейімді түрде өңделінеді немесе әр пайдаланушы үшін бөліктерден құрастырады. Мысалға, бейімді көрсетілу технологиясын техникада қолдану кезінде жақсы дайындалған пайдаланушы тәптіштелген, терең ақпаратты алады, ал жаңа келген пайдаланушы қосымша түсіндірулерді ғана алады.

Бірлестікке бейімделген көмек немесе ынтымақтастықтың бейімдік қолдауы

Бірлескен жұмыстың бейімдік қолдауының мақсаты - бiрлескен жұмыс үшiн теңгерім жасалған топ қалыптастыруда (пайдаланушы үлгiлерiнде сақталған) әр түрлi пайдаланушылар туралы жүйенiң бiлiмдерiн пайдалану болып табылады.

Берілген мысалдар арқылы осы уақыт мезетінде бірлесіп тапсырма шешетін топ қалыптастыруға немесе тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере алатын ең құзіретті, жетік білетін білім алушыны анықтауға болады (яғни, осы тақырып бойынша жақсы білім көрсететін маңғаздың табылуы).


  1   2

  • ОҚУ ЖҮЙЕСІН КОМПЬЮТЕРЛЕНДІРУ МАҚСАТЫНДА
  • Оқудың жүйелі түрде бірізділікпен құрылуы
  • Шешімдердің зияткерлік талдануы
  • Мәселені шешуде интерактивті көмек
  • Мысалдар негізінде есептерді шешу
  • Ақпараттың бейімді көрсетілуі
  • Бірлестікке бейімделген көмек немесе ынтымақтастықтың бейімдік қолдауы

  • жүктеу 107.65 Kb.