Главная страница
Контакты

    Басты бет


ОӘЖ 631. 162 ХҚес-ке сай шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну

жүктеу 63.76 Kb.



жүктеу 63.76 Kb.
Дата25.03.2017
өлшемі63.76 Kb.

ОӘЖ 631. 162 ХҚес-ке сай шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну


ОӘЖ 631.162


ХҚЕС-ке САЙ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ЖАСАУ МЕН ҰСЫНУ
Абеев А. - ЭФ 13-7к2 тобының студенті

Саркулова Н.К. - аға оқытушысы
ХҚЕС мақсаты ұйымның алдыңғы кезеңдердегi өз қаржы есептiлiгiмен де, сондай-ақ басқа ұйымдардың қаржы есептiлiгiмен де салыстырмалы болуына қол жеткiзу үшiн жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiн ұсынуға негiз қалау болып табылады.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Бұл мақсатқа жету үшiн осы Стандартта қаржы есептiлiгiн ұсынуға жалпы талаптар, оның құрылымы бойынша ұсынымдар және қаржы есептiлiгiнiң мазмұнына ең төменгi талаптар айтылады.
Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.
Нақты операциялар мен басқа да оқиғаларды тану, бағалау және ашып көрсету мәселелері басқа стандарттар мен түсініктемелерде қарастырылады.

Шоғырландырылған қаржылық есеп беру Халықаралық қаржылық есеп стандартының №27 ХҚЕС сәйкес жүргізіледі. Ұйым шоғырландырылған қаржылық есеп беруін №27 ХҚЕС сәйкес ұсынады, осы Стандартқа сәйкес өзінің инвестицияларын еншілес ұйымдарға шоғырландыра алатын бас ұйым шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынуға тиіс. Олар: бас ұйымның өзі басқа ұйымның толық немесе ішінара меншігіндегі еншілес ұйымы болып табылса және егер олай болмаған күнде дауыс беру құқығы жоқ иеленушілерді қосқанда, оның басқа иелік етушілері бас ұйымның шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынбайтыны туралы хабардар етілген болса және оған қарсылық білдірмесе; егер бас ұйымның борыштық немесе үлестік құралдары ашық нарықта (ішкі және шетелдік қор биржасында немесе жергілікті және аймақтық нарықтарды қосқанда, биржадан тыс нарықта ) айналымда жүрмесе, егер бас ұйым ашық нарықта қандай да бір құралдар класын шығару мақсатында бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға немесе басқа реттеуші органға өзінің қаржы есептілігін жібермеген болса және жіберу барысында болмаса;

Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
Құнды қағаздар, бағалы қағаздар - мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап).
егер осы бас ұйымның соңғы немесе кез келген аралық бас ұйымы еркін қол жету үшін Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған қаржы есептілігін жарияласа, онда бас ұйым шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынудан босатылады. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті қолдану саласы - бас ұйымның шоғырландырылған қаржы есептілігіне оның барлық еншілес ұйымдарының қаржы есептілігі кіргізілуі тиіс.

Бас ұйым еншілес ұйымдары арқылы компанияның дауыс беру құқығының жартысынан астамына ие болған жағдайда, мұндай иелену бақылауды қамтамасыз етпейтінін айқын көрсететін айрықша жағдайлардан басқа кезде бақылаудың болуы көзделеді.

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Егер бас ұйымның: басқа инвесторлармен келісім бойынша дауыс беру құқығы бар акциялардың жартысынан көбін басқару мүмкіндігі болса;
Акция (нидер. aktіe , нем. aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) - акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз.
жарғыға немесе келісімге сәйкес ұйымның қаржылық және операциялық саясатын айқындау өкілеттігі болса; директорлар кеңесі немесе басқа ұйымның сондай басқару органы мүшелерінің көпшілігін тағайындау немесе ауыстыру құқығы болған бұл ретте ұйымды бақылауды осы кеңес немесе орган жүзеге асырса; немесе директорлар кеңесінің немесе осындай басқару органының мәжілістерінде дауыс көпшілігіне ие болу мүмкіндігі болса, онда бас ұйым ұйымның дауыс беру құқығының жартысынан аспайтын мөлшеріне ие болған жағдайда да бақылау болады.

Ұйым шоғырландырылған қаржы есептілігін әзірлеу кезінде активтердің, міндеттемелердің, капиталдың, кірістер мен шығыстардың бір текте баптарын қосу арқылы бас ұйым мен оның еншілес ұйымдарының қаржы есептілігін біріктіреді. Шоғырландырылған қаржы есептілігі біртұтас экономикалық ұйым ретіндегі топ туралы қаржы ақпараты секілді болу үшін мынадай іс-әрекеттер жасау қажет:

- бас ұйымның әрбір еншілес ұйымға инвестицияларының баланстық құны және бас ұйымға тиесілі әрбір еншілес ұйым капиталының бір бөлігі алынып тасталады;

Актив, активтер (латынша actіvus) - заңды тұлға меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік, игілік, дәулет, ақшалы қаржы, құнды қағаздар, патенттер, банктегі салымдар, авторлық құқықтар, негізгі және өндірістік қорлар, яғни экономикалық қызметте пайданың көзі ретінде табысқа иелік ететін субъектіні пайдаланатын не пайдалануға жарайтын қоғамдық байлықтың барлық түрлері.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Еншілес ұйым (ағылш. subsidiary;) - жарғылық капиталынын басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған немесе олардың арасында жасалған шартқа сәйкес негізгі ұйым еншілес ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын занды тұлға.

- есептік кезең ішіндегі шоғырландырылған еншілес ұйымдардың пайдасындағы немесе залалындағы азшылықтың үлестері айқындалады;

Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.

- шоғырландырылған еншілес ұйымдардың таза активтеріндегі азшылық үлестері бас ұйым акционерлерінің капиталынан бөлек көрсетіледі. Таза активтердегі азшылық үлесі мыналарды қамтиды: 3 ХҚЕС қаржы есептілігіне сәйкес есептелген бастапқы біріктіру күніндегі осы азшылық үлестері сомасынан және бірігу күнінен бастап болған капитал өзгерістеріндегі азшылық үлесінен тұрады. Әлуетті дауыс құқығы болғанда, пайда мен залалдың және капиталды бас ұйым мен азшылық үлестеріне бөлген кездегі өзгерістердің арақатысы үлестерді ағымдағы иелену негізінде айқындалады және әлуетті дауыс құқығының орындалуы немесе айырбасталуы мүмкін екенін көрсетпейді. Топ ішіндегі есеп айырысулар бойынша қалдықтар, мәмілелер, кірістер және шығыстар толық шығарылып тасталуы тиіс. Топ ішіндегі есеп айырысулар бойынша қалдықтар, мәмілелер, кірістер және шығыстар толық шығарылып тасталады. Топ ішіндегі мәмілелердің нәтижесі болып табылатын және қорлар мен негізгі құралдар тәрізді активтердің құрамында танылған пайдалар мен залалдар толығымен шығарылып тасталады. Топ ішіндегі залалдар шоғырландырылған қаржы есептілігінде тануды талап ететін құнсыздануды көрсете алады. 12-«Пайдаға салынатын салықтар» ХҚЕС Халықаралық стандарты топ ішіндегі мәмілелердің нәтижесі болып табылатын пайдалар мен залалдар шығарылып тасталуы салдарынан туындайтын уақытша айырмаларға қатысты қолданылады. Шоғырландырылған қаржы есептілігін дайындау кезінде пайдаланылатын бас ұйым мен оның еншілес ұйымдарының қаржы есептілігі бірдей есептік күнгі жағдайы бойынша дайындалуы тиіс. Бас ұйым мен оның еншілес ұйымының есептік күндері сәйкес келмеген кезде, шоғырландыру мақсатында еншілес ұйым, егер орындау іс жүзінде мүмкін болса, бас ұйым дайындайтын күнге қосымша қаржы есептілігін дайындайды.

Көрсетілген мәліметтерге сәйкес, шоғырландырылған қаржы есептілігін дайындау кезінде пайдаланылған еншілес ұйымның қаржы есептілігі бас ұйымның есептік күніне сәйкес келмейтін есептік күнге дайындалған кезде маңызды мәмілелердің және осы күн мен бас ұйымның есептік күні аралығында орын алған оқиғалардың әсеріне түзетулер жасау қажет. Қалай болғанда да еншілес ұйым мен бас ұйымның есептік күндерінің бір-бірінен кешігуі үш айдан аспауы тиіс. Есептік кезеңдердің ұзақтығы және есептік күндердің арасындағы кез келген айырма кезең сайын бірдей болуы тиіс. Ұқсас жағдайларда осындай мәмілелер мен басқа да оқиғалар үшін шоғырландырылған қаржы есептілігі біркелкі есеп саясаты негізінде әзірленуі тиіс. Егер топ құрамындағы ұйым ұқсас жағдайлардағы осындай операциялар мен оқиғаларға қатысты шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау үшін қабылданған есеп саясатынан өзгеше есеп саясатын пайдаланса, онда шоғырландырылған қаржы есептілігін дайындау барысында оның қаржы есептілігі тиісті тұрғыда түзетіледі. Еншілес ұйымның кірістері мен шығыстары 3 ХҚЕС Халықаралық стандартында айқындалған сатып алу күнінен бастап шоғырландырылған қаржы есептілігіне кіргізіледі. Еншілес ұйымның табыстары мен шығыстары бас ұйым бұл еншілес ұйымды бақылауды тоқтатқан күнге дейінгі кезеңдегі шоғырландырылған қаржы есептілігіне кіргізіледі. Еншілес ұйымның шығарылуына байланысты түскен қаражат пен оның баланстық құнының арасындағы шығарылған күнгі жағдай бойынша айырма, капиталда танылған еншілес ұйымға қатысты барлық бағам айырмаларының жинақталған сомасын қосқанда, пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есепте еншілес ұйымның шығарылуынан болған пайда немесе залал ретінде танылады. Азшылық үлесі шоғырландырылған баланста бас ұйымның акционерлік капиталынан бөлек капитал бөлігінде ұсынылуға тиіс.

Акционер - акция иесі. Ол акционерлік қоғамға айналған белгілі бір кәсіпорынның мүлкіне ортақтаса алады. Қолында атаулы акциялары бар акционерлер “бір акция бір дауыс” деген принциппен акционерлік қоғам істерін басқаруға қатысуға құқылы.
Топ пайдасындағы немесе залалындағы азшылық үлесі де бөлек ашып көрсетілуге тиіс. Пайда немесе залал бас ұйымның акционерлік капиталына және азшылық үлестеріне жатқызылады. Екеуі де капиталды білдіретіндіктен, азшылық үлестеріне жатқызылатын сома кірісті де, шығысты да білдірмейді.

Бас ұйымның көптеген келісімдерді бір операция ретінде есепке алуы тиістігін көрсете алады:

- олар бір уақытта немесе бір-біріне қатысты жасалған;

- олар бір жалпы коммерциялық нәтижеге қол жеткізуге арналған бір операцияны құрайды;

- бір келісімнің пайда болуы, ең кемінде бір басқа келісімнің пайда болуына байланысты болып табылады;

- өз алдына қарастырылған бір келісім экономикалық жағынан тиімсіз, бірақ басқа келісімдермен бірге қарастыпрылғанда экономикалық тиімді болып табылады.

Егер бас ұйым еншілес ұйымды басқару құзыретінен айрылса, бас ұйым басқа толық табыс арқылы танылған сол еншілес ұйымға қатысты барлық сомаларды бас ұйым қатысты активтер мен міндеттемелерді тікелей сатқанда талап етілетіндей тұрғыдан есепке алуы тиіс. Сондықтан, егер бұрын басқа толық табыс арқылы танылған кіріс немесе шығыс пайда немесе шығынға қатысты активтер мен міндеттемелерді сатқанда қайта жіктелетін болса, бас ұйым еншілес ұйымды басқару құзыретінен айрылғанда, кіріс немесе шығысты үлестен пайда немесе шығынға (қайта жіктеу өзгерісі ретінде) қайта жіктейді.



Ұйымның есеп саясатын қолдану барысында басшылық, есептеу бағаларымен байланыстыларын қоспағанда, қаржы есептілігінде танылған сомаларға елеулі түрде ықпал ете алатын әртүрлі пікірлерді әзірлеп жасайды.

Әдебиеттер
1. 27 ХҚЕС Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі

2. Әбдіманапов А. Қаржылық есеп принциптері.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Алматы, 2005ж.

  • Әдебиеттер 1. 27 ХҚЕС Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі 2. Әбдіманапов А. Қаржылық есеп принциптері

  • жүктеу 63.76 Kb.