Главная страница
Контакты

    Басты бет


Науаи мемлекеттiк педагогика институты

жүктеу 0.78 Mb.



жүктеу 0.78 Mb.
бет6/6
Дата30.03.2017
өлшемі0.78 Mb.

Науаи мемлекеттiк педагогика институты


1   2   3   4   5   6

Тоғыспалы ықпалы.

Сөздердiң аралығындағы көршiлес дыбыстардың бiрiне-бiрi әсер етуiнен туатын дыбыстық өзгерiстердi тоғыспалы ықпал дейдi. Тγбiр мен қосымша аралығында, бiрiккен сөз сыңарлары аралығында, сөз тiркестерi аралығында, алғашқы дыбыстың кейiнгi дыбысқа, кейiнгi дыбыстың алғашқы дыбысқа, әсер етуiнен тоғысып жатады. Сөз сыңарлары аралығында келетiн дыбыстар бiрiне-бiрi iлгерiлi-кейiндi әсер етiп, алдыңғы дыбыс кейiнгi дыбысқа әсерiн тигiзiп, соңғы дыбыстың сапасын өзгертедi де, ал соңғы өзгерген дыбыс өзiнен бұрығы дыбысқа әсерiн тигiзедi. Мысалы:

Жазылуы айтылуы

Қазанқап Қазанғап.

Сондай-ақ мына бiрiккен сөздердi де бақылауға болады.

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.

Досжан Дошшан

Есжан Ешшан

Сөз тiркестерi аралығында да байқалады: тас жол – таш жол т.б.



Графика және орфография. Графиканың мәні және алфавит.Орфография.

Сабақтың жоспары.

1.Графика жайлы тγсiнiк.

2.Орфография туралы тγсiнiк.

3.Орфоэпия жайлы тγсiнiк.

Графика (грек,grahike-жазылған,өрнектелген, сызылған), аты айтып тұрғандай, жазу және соған қатысты мәселелерді қарастырады,яғни белгілі бір жазуға қатысты барлық амалдың жиынтығы, әріп пен дыбыстың ара қатысы, сол әріп, таңбаларды жетілдірудің жайы.Қазіргі қазақ графикасының басты құралы әріптер және түрлі тыныс белгілері болып табылады.Бұдан басқа сөздерді қысқарту, бас әріппен жазу, жаңа жолдан (абзацтан) бастау, текстегі кейбір сөздерді айшықтандыру да графиканың амалына жатады Жазуда әріптер тіл дыбыстарын неғұрлым дәл беретін болса, графикалық жүйе де соғұрлым жетілген болып танылады.Соның кγрделiсi -- графика.Графиканың негiзгi зерттейтiн мәселесi тiлдiң алфавитiндегi әрiптердiң құрамы болып табылады. Тiл дыбыстары жазуда графикалық таңба әрiптермен бөлiнедi. Сөз құрамында айтылатын тiл дыбыстарының жазба тiлде қағаз бетiне тγсiп жазылуы және оған орай оқылу γшiн олардың белгiлi бiр тiлдегi фонемаларды және олардың тiркесiп белгiлеу тәсiлдерiнiңжиынтығы дегендi бiлдiредi.

Графикалық қағида бойынша әртγрлi фонемалар бiр ғана әрiппен таңбаланбай, олардың әрқайсысының өзiне телiнген таңбасы болуы қажет.Графика белгiлi бiр фонеманың белгiлi бiр таңбасы болсын деген қағиданы қолдайды.

Ал,алфавиттiң қазақ тiлi тарихында өз алдына эволюциясы бар.Жиырмасыншы жылдарға дейiн қазақ алфавитi араб графикасына негiзделген алфавит болады.

Араб жазуы (араб.: أَبْجَدِيَّة عَرَبِيَّة‎ абджәдия арабия) - ежелгі Вавилониядағы (б.з.б. 2000-шы ж.) аккад, шумер тайпаларының жазба әріптері негізінде пайда болған көне жазулардың бірі. Оңнан солға қарай жазылады.
Бiрақ араб алфавитiнде ұқсас әрiптердiң көп болуы және ондай әрiптердiң бiрiнен екiншiсi қосалқы белгiлер арқылы ғана ажратылуы сияқты таңбалар қиындыққа келтiрдi. Қазақ халқы 1929 жылы латын графикасының негiзiндегi жаңа алфавиттi қабылдады. Латын алфавитiнiң сауат ашыуда болсын, баспа iсiнде болсын араб жазуы негiзiндегi алфавитке қарағанда әлдеқайда прогрестiк маңызы болды. Бұл алфавиттiң құрамында 29 әрiп бар едi. Бiздiң елiмiзде тγркi тiлдерiнде сөйлейтiн халықтар орыс графикасына негiзделген алфавитке көшудi 39-шы жылдардың аяғы, 40-шы жылдардың басында жаңа алфавитке көше бастады. Қазақ халқы орыс графикасына негiзделген жаңа алфавиттi 1940 жылы қабылдады. Қазақ халқы орыс графикасына негiзделген алфавиттi дұрыс тγсiндi.

Орыс алфавитiндегi 32 әрiп тγгелдей қабылданып, оған қоса орыс тiлiнде жоқ дыбыстарды таңбалайтын 9 әрiп алынды да, әрiп саны 41-ге жеттi. Орыс тiлiнде жоқ дыбыстың қазақша таңбалары: қ, ғ, ә, ө, ұ, γ, i,Орыс алфавитiндегi әрiптерге мысалы: о, к, г, у, н сияқты әрiптерге ұқсас болу жайы ескерiлдi.Орыс графикасына негiзделген жаңа алфавит бұдан бұрын келген қиыншылықтардан бiржола құтқарды. Сондай-ақ графика мен орфография (дұрыс және жазамын деген грек сөзiнен алынған) өзара тығыс байланысты болады.

Орфография дұрыс жазу ережелерiнiң жиынтығы дегендi бiлдiредi. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын белгiлегенде тiлдiң әртγрлi жақтарын және олардың байланысын бiрдей ескере отырып, нақтылы принциптерге сγйенедi. Орфографияның негiзiнен мынадай принциптерi бар:

1.Фонетикалық принцип.

Фонетикалық принцип бойынша әрбiр фонема қай позицияда келуiне қарамастан өзiнебекiтiлген тұрақты таңба бiр ғана әрiппен белгiленедi.Фонетикалық принцип сөздiң құрамындағы дыбыстардың айтылуын сақтап жазылуын басшылыққа алады. Мысалы: жаздыгγнi, қыстыгγнi, ашудас дегенде сөздердiң айтылуынша жазылуы фонетикалық принцип нәтижесi.



2.Дәстγрлiк принцип.

Дәстγрлiк принцип этимологиялық принциппен төркiндес соған ұқсас принцип болып табылады. Орфографияның бұл принципi тiлдiң ерте кездегi жазу дағдысына негiзделедi де сөздiң ертеректегi айтылуы мен жазылуын өзгертпей сақтауды көздейдi. Мысалы:дәстγр сөзi дәстiр, мазмұн сөзi мазмұн тγрiнде айтылғанымен бұлар орнығып кетуiне байланысты жазылуын дәстγрлiк принципке жатқызамыз.



3.Морфологиялық принцип.

Морфологиялық принцип бойынша жазу сөздердiң айтылуынаемес сөздердiң тγбiр тұлғасын сақтауға негiзделедi. Морфологиялық принцип сөз құрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандағы қалпын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы:

Басшы башшы

Ұшсын ұшшын

Морфологиялық принцип кγллi тγркi тiлдерi γшiн ең қолайлы принциптерден саналады. Өйткенi тγркi тiлiндегi сөздердiң морфологиялық құрылысы және олардың тγбiр тұлғасының сақталуы бiрдей келедi. Орфографияда қаралатын әрбiр сөздiң белгiлi бiр айтылу нормасы бар, яғни орфоэпия жалпыға бiрдей ортақ және қалыптасқан бiрыңғай нормаларды зерттейдi. Бiрыңғай дұрыс айту жайындағы ережелердiң жиынтығы орфоэпия (тура, дұрыс және сөйлеу деген грек тiлiнен алынған) деп аталады.Әрбiр әдеби тiлдiң орфоэпиясы дыбыстар мен дыбыс тiркестерiнiң дұрыс айтылу ережелерiн ғана емес, сонымен бiрге сөздер мен фразалардың да дұрыс айтылуы қағидаларын қамтиды. Дыбыстардың бiр-бiрiмен γндесiп айтылуы сөз iшiндегi дыбыстарға ғана емес, сонымен бiрге сөздiң аралығындағы сөздерге қатысты. Мысалы: сақ бол, әкеп бер, қара көз, бара алып едiм, γлкен ғалым деген сөздердiң тiзбегi сөйлеу процесiнде сақпол, әкеппер, қарагөз т.б. тγрiнде айтылады.

Қазақ тiлiнiң орфоэпиялық нормасы бойынша сөздердiң аралығында қатар келген екi дыбысты дыбыстың алғашқы сөйлеуде тγсiрiлiп айтылады. Мысалы: торы ала ат, бара аламады, келе алмады деген тiзбектер торалат, баралмады, келалмады тγрiнде айтылады. Орфоэпияны қарастырғанда оның негiзгi мәселесi екпiнмен ұштасады. Екпiн орфоэпиялық категория. Екпiнi тұрақты тiлдерде екпiн сөздер мен сөз тiркестерiнiң айтылуына әсер етедi. Мысалы: Сарыарқа деген сөздiң Сарарқа болып айтылады, бұл сөздiң бiрiншi сыңарының дербес екпiннен айрылып қалып, сөғы сыңармен екпiн жағынан бiр топ болып айтылуына байланысты болады. Сондай-ақ торы ала ат сөзi торалат болып ықшамдалуы, оның сыңарының әрқайсысының дербес екпiнге ие болу қажетiнен айрылып, бiр екпiнге бағынып айтылуымен байланысты болады. Әдеби тiлдiң орфоэпиялық нормаларын қалыптастыруды мектеп, радио, телевизор, театр және киноның атқаратын ролi айрықша кγштi.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
Сондықтан да орфоэпиялық қағидаларды γйренуде iрi және көрнектi дикторлардың сөздерiн жиi тыңдау қажет.

Жазбаша тiл ауызша тiлдiң графикалық бейнесi. Ол көбiнесе-көп ойды ауызша айтуға мүмкiндiк болмағанда немесе ыңғайсыз болған кезде пайдаланылады. Мұның бiр артықшылығы, бұған айтушымен тыңдаушының арақашықтығы кедергi бола алмайды. Жазбаша тiл ауызша тiл негiзiнде ғана пайда болады. Өйткенi жазатын адам ойын iштей айту арқылы ғана қағазға түсiредi, жазуға айналдырады. Жазбаша тiлдiң ережелерi мен заңдылықтарын тiл бiлiмiнiң графика және орфография деп аталатын тарауы қарастырады.

Графика мен орфография әр түрлi құбылыс бола отырып бiр-бiрiмен тығыз байланысты және бiрiнi-бiрi толықтырып тұрады. Графика-(грек тiлiнен алынған болып, жазылған, өрнектелген сызылған деген мағынаны бередi). Аты айтып тұрғандай жазу және соған қатысты мәселелердi қарастырады, яғни белгiлi бiр жазуға қатысты барлық амалдың жиынтығы, әрiп пен дыбыстың ара қатынасы, сол әрiп таңбаларды жетiлдiрудiң жайы. Қәзiргi қазақ графикасының басты құралы әрiп пен тыныс белгiлерi болып табылады. Бұдан басқа сөздердi қысқарту бас әрiп пен жазу жаңа жолдан бастау текстегi кейбiр сөздердi айшықтандыруда да графиканың амалына жатады. Жазуда әрiптер тiл дыбыстарын неғұрлым дау беретiн болса, графикалық жүйеде соғұрлым жетiлген болып табылады.

Қәзiргi қазақ графикасы әрiптердiң жазылу тәсiлiне және өрнегiне қарай жазу графикасы және баспа графикасы (машина жазу графикасы) болып бөлiнедi. Қәзiргi жазу графикасындағы әрiптердiң орыс графикасындағы дыбыстар негiзiнде пайда болаған.

«Жазу-адамдардың кеңiстiк пен уақытқа тәуелдi болмай, өмiрдiң барлық саласында кең түрде қарым-қатынас мүмкiндiк беретiн құрал». Жазудың шығуы және оның кезеңдерi К.Ахановтың «Тiл бiлiмiнiң негiздерi» оқулығында жақсы айтылған.

Графика деген түсiнiк әдетте фонемалық жазуға байланысты қолданылады. Мұндай жазуда алфавит, графика және орфография сияқты ұғымдар орайласып жатады.

Әлемде 3 түрлi жазу жүйесi кең тараған. Латын, кириллица және арап жазулары. Алайда бұл жазулар мiнсiз графикалар емес. Ағылшын тiлiнде 40 фонема бар.

Ағылшындар (ағылш. English) - германды халық ұлты, Ұлыбританияның негізгі халқы. Саны 48,5 млн. Ұлыбританияда - 44,7 млн., Австралияда - 940 мың, ОАР-да 230 мың, Канадада - 100 мың, АҚШ-та - 650 мың, Үндістанда - 200 мың адам т.б.
Ал ағылшын алфавитiнде 118 графема бар. Графема-тiлдiң графикалық жүйесiндегi ең кiшi бiрлiк ол әрiптерге синоним ретiнде қолданылады. Кириллица жазуының графикалық жүйесi графемалардың фонемаларды өрнектеуге қолайлы.

Мұны грек тiлiндегi шiркеу кiтаптарының ескi славян тiлiне аудару үшiн славян ағартушысы Кирилл 863 жылы грек алфавитi негiзiнде жасаған.

Аудару (Трансляция; tranlation) - 1) белгілі бір ереже бойынша бір тілден екінші тілге мағынасын көп өзгертпей аудару; 2) программалау тілдерінің бірінде берілген программаны оған эквивалент басқа тілдегі программаға түрлендіру.
Графема ( гр. graphs - кескіндеу, сызу) - тілдің жазу жүйесіндегі негізгі бірлігі, единицасы, дыбыстың жазудағы таңбасы, жазу жүйесінін ен кіші белгісі.
Славяндар (укр. слов'яни, болг. славяни, пол. Słowianie) - тайпалар тобы, қазіргі Солтүстік-шығыс, Орталық және Оңтүстік-шығыс Еуропа халықтарының арғы тегі.

Кәзiргi орыс алфавитiнде осы кириллицаның негiзiнде жасалып түзету толықтырудан өттi.

Қазақ тiлi жазудың осы үш түрлi жүйесiн басынан өткiздi. Қазақ жазуы 30-жылдарға дейiн араб графикасын пайдаланып келдi де, 1929 жылы шiлденiң 25-iнде Қазақстан Орталық атқару комитетiне «Қазақтың жаңа емлесi туралы» декретi жарияланғаннан кейiн латын графикасына көштi. Жаңа алфавитте 29 әрiп болды, 9-ы дауысты, 18 дауыссыз деп, екеуi жарты дауысты деп таңбаланды. Емленiң негiзгi принципi фонетикалық болды. Бас әрiп пайдаланылмады. Алайда латын графикасына негiзделген жазудың өмiрi қысқа болды.

1940 жылы араб графикасына негiзделген жазуға көшу туралы заң қабылданды, соның нәтижесiнде қәзiргi жазуға ие болды. Алғашқы алфавитте 41 әрiп болды. Алфавиттiк қатарда алдымен орыс тiлiне тән әрiптер содан соң орыста жоқ, қазақ тiлiне ғана тән әрiптер тұрды. Бұл тәртiп 1957 жылы өзгерiп, қәзiргiдей күйге келдi, яғни а,ә,б,в,г,ғ деген сияқты және қазақ алфавитiн қатарына ә әрпi қосылды.

Қәзiргi қазақ алфавитiнде 42 әрiп бар. Оның 33-i орыс тiлiнен өзгерiссiз қабылданды да, орыс графикасының негiзiнде жаңадан 9 әрiп (ә,ғ,қ,ң,ұ,ү,i,ҳ) жасалды. Бұл әрiптердiң 25-i дауыссыздардың, 15 дауыстылардың таңбасы, екi әрiпте (ь,ь) дыбыстық мән жоқ.

Қазақ жазуында фонемалық жазу, үндестiк заңына сай кез келген фонема бiрнеше реңде ұшырайды.

Әрiптер негiзгi және қосалқы мәндi болып келедi. Егер әрiп сөз iшiнде тұрғандай дыбысталса, онда негiзгi мәнде тұрғаны. Ал ол сөз iшiнде жеке тұрғандағыдай дыбысталмаса, онда қосалқы мәнде тұрғаны, мысалы: бала, жау, екi, емес, сары сөздерiндегi б,з,е,ы әрiптерi негiзгi дыбыстық мәнiнде қолданылып тұрса, ал араб, жазу, екi, үкi, елес, ұры дегендер олар қосалқы мәнге ие болып тұр, яғни б-п, з-с, i-ұ, е-ө, ы-ұ болып дыбысталады да, әрiп өзi таңбалайтын, айқындайтын әрiптердiң негiзгi мәнi маңызды. Ал әрiптердiң қосалқы мәнi орфография ережесiне сай қолданылуынан көрiнедi.

Қазақ алфавитiндегi әрiптер негiзгi мәнiне қарай екi топқа бөлiнедi: бiр мәндi және көп мәндi. Бiр мәндiлер (ә,ө,ұ,ү,г,қ,ғ) үнемi бiр-ақ дыбысты бейнелесе, ал қалған әрiптер екi, тiптi үш-төрт мәндi болып келедi. Мәселен; б,д,ж,е,ш жуан әрi жiңiшке айтылатын дыбысты таңбалайды. Тоба-төбе, дау-дәу, қожа-көже, аса-есе, ұшық-iшiк.

Әр әрiптiң өзiнiң аты бар, дауысты әрiптердiң өзiне сай дауыссыз дыбыстың жеке өзiнен (а,ә,е,о,ұ,ү,ы,i) не дауыссыздан басталатын дауыстыдан (е,ю,я), сондай-ақ дауыссыздан аяқталатын дауыстыдан (и,у) тұрады. Ал дауыссыз әрiптердiң аты сол дауыссызбен дауыстының тiркесi айтылуынан құралады. Мысалы; балалар деген сөздiң бас дыбыс б-ны бөлек айтпақ болсақ, ал бы деп айтамыз және р дыбысын ыр деп немесе ры қана айтамыз, алдынан ы дыбысын қосып айтамыз.
Қазақ тiл бiлiмi қаз-қаз баса бастаған 30-жылдарда Қ.Жұбанов жоқарыдағыдай пiкiр айтқан едi. А.Байтұрсыновтың 1912 жылға «Оқу құралында дауыссыз әрiптiң мәнi мен айтылуы» болып келедi. бы,гi,ғы,ды,жы,зы,кi,қы т.б. Қысқасы дауыссыздардың алды, артынан қысай ы,i дыбыстарын қосып айту тiлдiң өзiндiк үйлесiнен, жарасымынан туындаса, әр сөйлеуде буыннан кем элемент болмайтынын аңғартады. Алайда орыс алфавитiне көшу кезiнде тiлiмiздiң өзiндiк ерекшелiгi ескерiлмей, дауыссыз әрiптердiң аты да, орыс тiлiндегiдей немесе оған жуық айтылатын болды. Орыс тiлiндегiдей айтылатындар: қа, ел, ғым, эм, эн, эр, эф, ха, ва, ща соған жуықтар: бе, ве, де, же, зе, пе, це, че- бұларда э,е -мен алмастырылған. Ал қазақтың өзiндiк дауыссыз әрiптерi ғана қа, эң, ха, да деп орыс тiлiндегiдей қылып айтамыз. Егер осы дауыссыздарды с,р,ф,н,д,т,л,ң,б,з,м,г,к,ш,ж,қ,х,ҳ түрде шашып жiберiп әлгi заңды аттарымен атай бастасақ: эс-эр, эф-эн-де, те-эл-эң-бе-зе, эм-ге ка-ша же деген сияқты келемежге кенелер едiк. Әрiптерiмiздiң бұлайша орысша аталуынан сол орыс тiлiне деген «құштарлықты», саясаттың ызғарын сезу қиын емес.

Қазақ тiлiнiң орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пiкiр айтушылардың бiрi-М.Балақаев. Ол өзiнiң «Қазақ тiлi мәдениетiнiң мәселелерi» деп аталған еңбегiнiң алғы сөзiнде былай дейдi: «Бiрақ сөздердiң айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесi ескерiлмей, елеусiз қалып келдi. Сондықтан да бiзде бұл мәселе жөнiнде күнi бүгiнге дейiн ала-құлалық байқалады. Мына сөз былай айтылмайды, былай айтылады, мынаны дұрыс, мынасы терiс дегендi көп есiтпеймiз. Кiм қай сөздi қалай айтады, қалай естидi-бәрiбiр әйтеуiр нобайы келсе болғаны. Бұл кемшiлiктерден арылу үшiн әрбiр сөздiң дұрыс айтылуы нормасын сақтап сөйлеудi тiл мәдениетiнiң басты талаптарының бiрi етiп қою керек». Кiтапта «Орфоэпиялық және орфографиялық норма» деп аталатын тақырып бар.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Көлемi шағын болғанмен осы мәселелерге қатысты бiрсыпыра құнды мағлұмат айтылған.
Мағлұматты қорыту (Обобщение понятия; concept generalization) - тек қорытылған мағлұмат көлеміне кіретін объектілерге жататын нышандарды алып тастау жолымен аз көлемді мағлүматтан үлкен көлемді мағлүматқа өтуге мүмкіндік беретін логикалық операция.
Рас, автор алғаш: «Қазақ сөздерiнiң айтылуы мен жазылуы арасында үлкен айырмашылық жоқ» деген де пiкiр айтады. Алайда келесi бетте-ақ: «Cөйтiп қазақ тiлi сөздерiнiң айтылуы мен жазылуы әр уақытта бiрдей бола бермейдi. Сөздердiң айтылуы мен жазылуында бiрлестiк болу мүмкiн емес», - екенiн нақты фактiлермен дәлелдейдi. Соңы ы,i дыбыстарға бiткен етiстiктерге у қосымшасы жалғанғанда, олардың ұ, ү-ге айналып кететiнi де айтылады. Автор орфоэпиялық норманы айқындауға байланысты өз пiкiрiн ұсынады: «Сонда жалпылама долбармен айтқанда, сөздердiң айтылу нормасы былай болуы керек: құлаққа жағымды, көңiлге қонымды айтылғанның бәрi-норма, бәрi дұрыс. Құлаққа жат не тосаң естiлетiн, көңiлге қонбайтын бұлдыр, оғаш түсiнiксiз, дөрекi айтылғанның нормаға жатпайды, дұрыс емес. Тiлдiк нормалар қоғам мүддесiне негiзделгендiктен олар жалпы халыққа бiрдей түсiнiктi, тiлге жатық, айтуға ыңғайлы болуға тиiс». Қысқасы, бұл еңбекте қазақ орфографиясына қатысты алғашқы пiкiрлер айтылған деуге болады.

М.Дүйсенбаевтың «Қазақ әдеби тiлi орфоэпияның негiзгi мәселелерi» аты айтып тұрғандай, осы мәселеге арналған арнайы зерттеу.

Автор дұрыс сөйлеудiң нормасы тiлiмiздегi белгiлi бiр заңдылығы бойынша қалыптасатынын ескерiп, тiлiмiздегi дыбыстардың әрқайсысының айтылуындағы ерекшелiктерге жеке-жеке тоқтайды. Автор қазақ әдеби тiлiнiң сөйлеу мәдениетiнiң қалыптасуына әсер еткен негiзгi жағдайлар ретiнде мыналарды атап көрсетедi. Халықтың дәстүрлi сөйлеу тiлi белгiлi бiр мәдени орталық, баспа орындары мен мәдени мекемелер, жазба әдеби тiл мен көркем әдебиет.

Мәдени - Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданындағы ауыл, Жоғарғы Ақсу ауылдық округі орталығы.
Автордың мына пiкiрiне жүйелi түрде көңiл аудару керек болады: Қазiргi Алматы қаласындағы қазақ интеллигенциясының сөйлеу тiлi дұрыс сөйлеу мәдениетiнiң үлгiсi болады деймiз»

Х.Қожақметованың мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне маман даярлайтын педагогикалық оқу орындарының студенттерi мен оқушыларына арналған «Мәнерлеп оқу» деп аталатын оқу құралында» орфоэпияға да орын берiлген. Тiптi «Орфоэпияның басты ережелерiн» анықтауға да тырысқан. Алайда ол тек ниет түрiнде қалған.

Қазақ тiлi орфоэпиялық нормаларын жүйелi түрде бiршама дұрыс баяндаған, осы саладағы iзденiстерге үлгi-өнеге боларлық еңбек- Р.Сыздықованың «Сөз сазы» cөздi дұрыс айту нормалары, 1983 жылы жарық көрген бұл кiтапшада қазақ тiлiнде тұңғыш «Орфоэпия қағидалары» жүйеге түсiрiлiп, 36 параграфқа топтастырылған. Және мұның өзi құрғақ, жай қағида болып қалмаған; мысалдар берiлген, жаттығуы және бар. Еңбектiң және бiр артықшылығы сөйлеу үстiнде сөздердiң ритмикалық топ құрап айтылатынын және ондай топтардың түрлерiн анықтайды. Бұл еңбек жетiлдiрiп, 1995 жылы қайта жарық көрдi.

Ә.Жүнiсбековтың еңбектерi тiлiмiздегi дыбыстардың акустика-артикуляциялық қасиеттерiн дұрыс танытып қоймай, орфоэпияға қатысты мәселелердi бередi. Сөйтiп алғаш елеусiз қалған тiл мәдениетiмiздiң үлкен бiр көрсеткiшi -орфоэпия саласыда соңғы 20-жылдардың iшiнде елеулi жұмыстар iстелдi. Әрине, бұл мәселе өз шешiмiн жан-жақты деуге болмайды, әсiресе тiлдi тұтынушы көпшiлiктiң игiлiгiне айнала қойған жоқ. Қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаған А.Байтұрсынов сингорманизм туралы сындарлы еңбек жазған Х.Досмағанбетов тiлдi бесiктен бойға сiңiргендер.

Сонымен орфоэпия ережелерi тiлдегi сөздер мен бунақтарды әдеби тiл нормасына сай неғұрлым бiрiздi, дұрыс айтуды қамтиды. Мұның өзi айналып келгенде жеке дыбыстардың, дыбыстар тiркесiнiң айтылу ерекшелiктерiмен, дыбыстың үндестiгiмен тiкелей байланысты. Қысқасы орфоэпиялық норманы дұрыс меңгеру үшiн тiлдегi әрбiр дыбыстық акустика-артикуляциялық белгiлердiң қолданылуындағы ерекшелiктердi, яғни фонетика ғылымын жақсы бiлуге болады.

«Қазақ жазуы күнi бүгiнге дейiн 1957 жылы қабылданған емле ережелерiн» пайдаланып келедi. Сөздiк жазылу жағдайының бәрiн графика тұрғысынан түсiндiруге болмайды. Графика бойынша: өлең, құлұн, жасса, жұмышшы, түрде жазуға әбден болады және бұл сөздiң айтылуына дәл келедi. Алайда қәзiргi жазба тiлдiң дыбыстық жағын ғана қамтып қоймайды. Сонымен бiрге морфология, сөз жасам, лексикология және фонетикалық құрамының тарихи дамуымен де тығыз байланысты.

Орфография сөздiң графикалық бейнесiнiң қалай жазылу керектiгiн жалпы ережелерiн жасайды. Қысқасы, графика және дыбысты, әйтеуiр жазуды қарастырса, орфография сөздiң қалай жазылуын яғни графикалық бейнесiн қарастырады.

Әлемдегi жазу жүйелерiнiң көбi бiрнеше ғасырлық даму жолынан өттi. Мысалы, орыс жазуының тарихы екi ғасырдан асады. Осы орыс жазуына негiзделген қазақ жазуы жарты ғасырдан асты. Алайда осындай ұзақ жазудан өтiп, жетiлген деген жазулардың өзi де дыбыс жүйесiмен алфавиттiң арасында толық сәйкестiкке жете қойған жоқ.



1   2   3   4   5   6

  • Жазылуы айтылуы
  • Графика және орфография. Графиканың мәні және алфавит.Орфография.
  • қ, ғ, ә, ө, ұ, γ , i
  • 1.Фонетикалық принцип.
  • 2.Дәстγрлiк принцип.
  • 3.Морфологиялық принцип.

  • жүктеу 0.78 Mb.