Главная страница
Контакты

    Басты бет


Мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдарының басшылары, мамандары, қызметшілері мен өнеркәсіптік-өндірістік персоналы санының типтік нормативтерін бекіту туралы

жүктеу 2.56 Mb.



жүктеу 2.56 Mb.
бет2/14
Дата05.04.2017
өлшемі2.56 Mb.

Мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдарының басшылары, мамандары, қызметшілері мен өнеркәсіптік-өндірістік персоналы санының типтік нормативтерін бекіту туралы


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2-параграф. Адам ресурстарын басқару жұмысын ұйымдастыру
      29.
Адам ресурстарын басқару - 2011 жылы Алматы қаласы «Қазақ университеті» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - С. К. Жұмамбаев. Беттер саны - 234.
Жұмыстардың болжамды құрамы.
      Еңбек және еңбекақы бойынша жоспарлар әзірлеу, еңбекті ұйымдастыруды, өндірісті басқаруды, ұйым қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу және ынталандыру жүйелерін жетілдіру;
Еңбекақы - жұмыс берушiнің қызметкерге атқарылған жұмыс үшін заттай немесе ақшалай берілетін төлем немесе сыйақы. Төлемнің мөлшері күндік, сағаттық ақыға байланысты немесе орындалған әр тапсырманың белгіленген ақысына байланысты есептелінуі мүмкін.
ұйым филиалдары мен өкілдіктерінде тарифтік мөлшерлемелер, еңбекақы, үстеме, қосымша төлеу жүйелері мен жалақыға коэффициенттердің дұрыс қолданылуын, сондай-ақ жұмыстарды дұрыс тарифтеу және жұмыскерлерге разрядтар белгілеуді бақылау.
      Қызметкерлердің нормативтік санын есептеу және оның сақталуын бақылау, ұйымның штат кестесін әзірлеу.
      Қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығаруды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіпте рәсімдеу.
      Ұйым қызметкерлерінің тізімдік құрамын есепке алу.
      Еңбек кітапшаларын сақтау және толтыру.
Кітапша (ор. брошюра) - жұқа тысты, көлемі 5-48 бет, басылған беттері топталып тігілген мерзімді емес басылым.

      Кадрлар мәселелері бойынша құжаттама жүргізу.
      Кадрлар қозғалысын бақылау, кадрлардың тұрақтамаушылық себептерін анықтау және оларды жою бойынша іс-шаралар әзірлеу.
      Жұмыс уақытын табельдік есепке алуды жүргізу.
      Ұйым филиалдары мен өкілдіктерінде кадрлардың есепке алыну жағдайын бақылауды жүзеге асыру.
      Кадрларды есепке алу бойынша статистикалық есеп жүргізу.
      Ұйым қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейлерін аттестаттау және бағалаудың өзге түрлерін ұйымдастыру.
      Кадрлар даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
      Әлеуметтік мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
      30.Қызметшілер лауазымдарының болжамды тізбесі: департамент директоры (орынбасары), менеджер (бас), маман (бас, жетекші).
 
3-параграф. Меншік және ақпаратты қорғау
      31. Жұмыстардың болжамды құрамы.
      Ұйымның кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
      Ұйымның өндірістік нысандарының жай-күйін талдау.
      Ұйымның мүліктік/мүліктік емес игіліктері мен құқығын құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғау.
      Нысандардың техникалық қауіпсіздігі жүйелерін зерттеу.
      Төтенше жағдайларды жою жоспарларын жасауға, қызметтік тексерулер жүргізуге қатысу.
      ISO/IEC 27001:2005 ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық стандартына сай қауіпсіздік мәселелері бойынша нормативтік құжаттамалар мен ұйымдық-әдістемелік материалдарды әзірлеу және келісу.
      Экономикалық зиян келуі мүмкін алғышарттар мен жағдаяттарды анықтауға қатысу.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

      Ұйым ашық жариялауға дайындайтын материалдарды (мақалалар, баяндамалар, жарнама және тағы да басқа) оларды қызметтік, коммерциялық, заңмен қорғалатын ұйымның өзге де құпияларын құрайтын ақпараттың болуы мәнісіне талдау жасайды.
      32.Лауазымдардың болжамды тізбесі: қызмет жетекшісі, менеджер (бас), маман (бас, жетекші).
 
4-параграф. Құқықтық қамтамасыз ету
      33. Жұмыстардың болжамды құрамы.
      Ұйым қызметін құқықтық қамтамасыз ету.
      Құқықтық сипаттағы ұйымның шығыс құжаттарына құқықтық сараптама жүргізу.
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo - жар саламын) - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.
Сараптама - ғылым, техника, өнер, т.б. салаларда арнайы таным, білім мен біліктілікті талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми зерттеуден айырмашылығы сол, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      Ұйымның бұйрықтар жобаларына, өкімдеріне, шарттарына, ішкі құжаттарына құқықтық сараптама жүргізу.
      Ұйымның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды әзірлеуге қатысу.
      Ұйымның атынан қуыным арыздарын дайындау, сондай-ақ ұйымға жіберілген қуыным арыздарға жауап даярлау.
      Ұйымның мүліктік және өзге де заңдық құқықтарын және мүдделерін белгіленген тәртіпте, оның ішінде соттарда, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда таныстыру және қорғау.
      Ұйымның тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу үдерісін құқықтық сүйемелдеу.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы мүмкін.
Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.

      Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.
      Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру, ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің мәселелері бойынша ұйым қызметшілеріне заңдық кеңес беру.
      34.Қызметшілер лауазымдарының болжамды тізбесі: департамент директоры (орынбасары), менеджер (бас), заң кеңесшісі (бас, жетекші).
 
5-параграф. Аудиторлық жұмыс
      35. Жұмыстардың болжамды құрамы.
      Ұйымда ішкі бақылау жүйесінің сәйкестігі мен тиімділігін бағалау, компанияда тәуекелдерді бағалау әдістемесін және тәуекелдерді басқару рәсімдерін қолдану мен олардың тиімділігінің толықтығын бағалау, Қазақстан Республикасы заңнамасы, халықаралық келісімдері, ұйымның ішкі құжаттары талаптарының сақталуын бағалау, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың нұсқауларын, компания органдарының шешімдерін орындау және осы талаптардың сақталуы мақсатында құрылған жүйелерді бағалау.
Бағалау, экономикада - материалдық игіліктердің құнын анықтау мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы.
Аудитор (лат. auditor - тыңдаушы, тексеруші) - аудиторлық қызметпен айналысушы маман. Онымен жоғары экономикалық және заң білімі бар, мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс істеген және тиісті аттестациядан өткен адам айналыса алады.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

      Ұйымның стратегиялық мақсаттары аясында ұйымның құрылымдық бөлімшелері алдына қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету үшін олар қолданатын шаралардың сәйкестігін бағалау, ұйымда қабылданған қағидаттарының, тиісті этикалық стандарттар мен құндылықтардың енгізілуі мен сақталуын бағалау, ұйымның тиісті органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдермен және ішкі бақылаумен байланысты мәселелер бойынша ақпарат алуының тиімділігін бағалау және ұйымның ішкі аудит ұсынымдарын орындауын бақылау.
Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.

      36.Қызметшілер лауазымдарының болжамды тізбесі: қызмет жетекшісі, менеджер (бас), аудитор (жетекші).
 
6-параграф. Бақылау және ревизия
      37. Жұмыстардың болжамды құрамы.
      Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қаржы-шаруашылық қызметін, олардың бизнес жоспарларды орындауын, қаржы тәртібін сақтауын, активтердің сақталуын, есеп деректерінің ақиқаттығын, бухгалтерлік есеп жүргізудің жай-күйін бақылауды жүзеге асыру.
Ревизия (Audit) - жүйенің тиімді жұмыс істейтінін анықтау мақсатымен жабдықтарды, программаларды, жұмыс режимдері мен процедураларды тексеру.
Бизнес (ағылш. busіness - кәсіпкерлік, сауда-саттық) - пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі..
Қаржы (фр. finance, лат. finantia- аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) - мемлекеттің, аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді. Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға жұмсалатын ақшалай қаражат (бөлшек сауда тауар айналымы, көлік, коммуналдық, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтеріне, сондай-ақ қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы сатып алу-сату үдерістеріне жұмсалатын ақша енгізілмейді). Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді.Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың (фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады. Алғашқы жағдайда олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды. Қаржының құрылымы мен мазмұны түрлі елдерде түрліше. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемлекеттік қаржы, мемлекетгік бюджет пен бюджетг тыс қорлардың құралуы айқындаушы орын алады. Мұнда қаржыны өзі ЖІӨ мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары ретінде сипатталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалпы мемлекетгік, қоғамдық мұқтаждарға, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын мемлекеттік қаржының, мемлекеттің кірісі мен шығысын бюджеттендірудің елеулі рөлі сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі салмағы қаржы ресурстарын бір орталықтан бөлуден тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің еркін нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салық, баж, есеп мөлшерлемелері, жәрдем қаражат, көмек қаржы, үлестеме, басқа да қаржы тұтқалары арқылы нарықтық қатынастарды реттеуге ауысады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің: кәсіпорындардың, коммерциялық фирмалардың, компаниялардың, банкілердің, жекеше кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын дербес пайдалануы мүмкіндігі айтарлықтай артады.
Актив, активтер (латынша actіvus) - заңды тұлға меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік, игілік, дәулет, ақшалы қаржы, құнды қағаздар, патенттер, банктегі салымдар, авторлық құқықтар, негізгі және өндірістік қорлар, яғни экономикалық қызметте пайданың көзі ретінде табысқа иелік ететін субъектіні пайдаланатын не пайдалануға жарайтын қоғамдық байлықтың барлық түрлері.
Қаржы тәртібін нығайту, ысырапшылық, жетіспеушілік туындауына және талан-тараж жасалуына жағдай тұғызатын себептер мен жағдайларды анықтау. Ұйым қызметінің бар резервтерін анықтау және жұмылдыру, компанияның қаржылық және материалдық активтерін пайдалануда үнемдеу тәртібін күшейтуге бағытталған жұмыстың тиімділігі мен сапасын көтеру.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

      38.Қызметшілер лауазымдарының болжамды тізбесі: қызмет жетекшісі, менеджер (бас).
 
7-параграф. Жүртшылық әлеуметпен байланыс жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
(мұнай тасымалдау және су жіберу көлемі 20 миллион тоннадан астам ұйымдар үшін)
      39. Жұмыстардың болжамды құрамы.
      Ұйым қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарында ұйымның жағымды корпоративтік келбетін қалыптастыру, қолдау және қорғау.
      Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тексерілмеген, ұйым қызметіне сәйкеспейтін және ол туралы теріс ақпараттың таралуын болдырмау.
      Ұйымның корпоративтік келбетін қалыптастыруды қолдауға және қорғауға бағытталған жүртшылық әлеуметпен байланыс жөніндегі ұйым стратегиясын әзірлеп іске асыру.
      Қазақстан Республикасында және шетелде саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдай туралы ақпаратты, сондай-ақ ұйым қызметі туралы, ұйым қызметіне әсер етуі мүмкін мұнай-газ кешенінде жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын жинақтап талдау.
      Ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшелері туралы ақпаратты жинақтау және бұқаралық ақпарат құралдарында ұйым қызметі туралы материалдарды жариялауға даярлау.
      Ұйым келбетін қолдауға және нығайтуға бағытталған жарнамалық-ақпараттық акциялар ұйымдастырып жүргізу.
Жинақтау (Комплектирована; complexing) - пайдаланушының мақсатына сәйкес келетін дербес компьютердің нақты түзілімін қалыптастыру; көп машиналы және көп программалы кешендерді құрастыру.
Акция (нидер. aktіe , нем. aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) - акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз.

      40.Қызметшілер лауазымдарының болжамды тізбесі: қызмет жетекшісі, менеджер (бас).
 
8-параграф. Жалпы іс жүргізу
      41. Жұмыстардың болжамды құрамы.
      Келіп түсетін және жөнелтілетін хат-хабарды уақтылы өңдеу, көрсетілген орнына жіберу, құжаттардың орындалу мерзімі мен олардың дұрыс рәсімделуіне бақылау жүргізу. Құжаттарды қабылдау, оларды тіркеу, есепке алу және тиісті құрылымдық бөлімшелерге жіберу.
      Қызметтік құжаттарды басып шығару және көбейту.
      42.Лауазымдарының болжамды тізбесі: кеңсе меңгерушісі (бастығы), іс жүргізуші, мұрағатшы, менеджер (бас), маман (бас, жетекші).
 
9-параграф. Мемлекеттік тілді дамыту
      43. Жұмыстардың болжамды құрамы.
      Ұйым жұмысы мен іс жүргізуде мемлекеттік тілді дамытуды ұйымдастыру.
      Ұйымның барлық қызметкерінің мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдық, материалдық-техникалық жағдайларды жасау.
      Мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыру және жүргізу. Ұйым қызметкеріне мемлекеттік тілді оқыту.
      Қажетті әдебиеттермен, оқулықтармен, көрнекі құралдармен қамтамасыз ету.
      Оқыту мазмұнын, нысандарын, әдістерін және құралдарын жетілдіру.
      Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде тіл туралы заңнаманың сақталуын бақылау.
      Нормативтік және құқықтық актілердің және басқа да құжаттардың мемлекеттік тілден орыс тіліне және орыс тілінен мемлекеттік тілге толық жазбаша аударылуын ұйымдастыру және орындау.
Орыс тілі (өз атауы Русский язык) - орыс халқының ана тілі. Үнді-еуропа тілдерінің шығыс-славян тілдері тобына жатады. Орыс тілін зерттейтін ғылым русистика деп аталады.

      Мемлекеттік тілден орыс тіліне және орыс тілінен мемлекеттік тілге толық жазбаша аударманы редакциялау.
      44.Лауазымдардың болжамды тізбесі: қызмет жетекшісі, менеджер (бас), бас маман (аудармашы), жетекші маман (аудармашы), маман (аудармашы).
 
10-параграф. Шаруашылық және көлік қызметін көрсету
      45. Жұмыстардың болжамды құрамы.
      Ұйымның құрылымдық бөлімшелері қызмет етуі үшін ұйымдастыру техникасы құралдарымен, негізгі және қосалқы тауар-материалдық қорлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ ұйымның әкімшілік ғимараттарын пайдалану арқылы тиісті жағдайлар жасау.
      Шаруашылық мүліктің сақталуын, оның қалпына келтірілуі мен толығып тұруын қамтамасыз ету. Үй-жайларда тазалықтың сақталуын, оның жағдайы мен үй-жайларды уақтылы жөндеуге шаралар қабылдауды бақылау.
      Қызметкерлерді кеңсе қажеттіліктерімен және шаруашылыққа қажет заттарымен қамтамасыз ету.
      Ұйым қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
      Ұйым қызметкерлеріне көлік қызметін көрсету.
      Жанар-жағармаймен уақтылы, автокөлікке уақтылы техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру.
      Автокөлікті ұтымды қолдану және тиімді пайдалану.
      46.Қызметшілер лауазымдарының болжамды тізбесі: департамент директоры (орынбасары), менеджер (бас), маман (бас, жетекші).
 
3. Өндірістік-техникалық қамтамасыз ету
1-параграф. Мұнай тасымалдау және су жіберу
      47. Жұмыстардың болжамды құрамы.
      Ұйымның мұнай-газ өндіру ұйымдары және өзге қызмет тұтынушылармен жедел өзара әрекетін үйлестіру.
      Тұтынушылар үшін мұнай тасымалдау және су жіберу лимиттерін анықтау.
      Қызмет тұтынатындарға мұнайды қабылдау мен жіберуді, су жіберуді үйлестіру.
      Магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайды қабылдау мен жіберуге бағдарлық тапсырмаларды даярлау және шығару.
      Мұнай тасымалдау және су жіберу бойынша жедел мәселелерді шешу.
      Магистральдық мұнай құбырлары жүйелері бойынша мұнайға түгендеу жүргізу.
      Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы мен Балтық елдерінің магистралдық мұнай құбырлары жүйелері бойынша қазақстандық мұнайдың қозғалысын және қазақстандық мұнайдың тасымалдануын төлеу бойынша ақша ағындарының қозғалысын бақылау.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.

      Теңіз портында мұнайды ауыстырып құюды бақылау және үйлестіру.
Кеме - мұхитта немесе теңізде не су астында жүзе алатын, жүк немесе жолаушылар тасуға және басқа да істерге арналған су көлігі.

      Қызмет тұтынушылармен мұнай тасымалдау шартын келісу.
      Қазақстандық мұнай өндіруші ұйымдардың орта мерзімді және ұзақ мерзімді көлемдерін, тасымалдау бағыттарын құру және талдау.
      Мұнай тасымалдау бағыттарын дамыту жай-күйі мен үрдісіне талдау жүргізу.
      Әлемдік нарықтардағы мұнай бағалары бойынша ақпарат жинау және талдау, мұнай бағаларының өзгеру динамикасы бойынша статистикалық есептер, мұнай құбырларының өткізу қабілеті және жүктелу бойынша ақпарат жасау.
      Көмірсутек шикізатын өткізу нарығына маркетингтік зерттеу нәтижелерін жинақтау, мұнай тасымалдаудың әлдебір схемасын іске асырудың жөнділігі туралы ұсыныс енгізу.
Маркетинг (ағылш. marketіng - рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) - кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг - сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.
Шикізат бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады; табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі.

      Қазақстандық мұнай ұйымдарымен ұйымның инфрақұрылымын дамыту мақсатында жаңа бағыттарды іске асыру жөнінде келіссөздер жүргізу және мұнай өндірушілермен тиісті шарттар жасасу.
      Қазақстан Республикасы, Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығының елдері және алыс шетелдер аумағында мұнай тасымалдау жүйелерін кеңейту және дамыту жоспарларын талдау.
      48.Қызметшілер лауазымдарының болжамды тізбесі: департамент директоры (орынбасары), менеджер (бас), маман (бас, жетекші).
 
2-параграф. Мұнай тасымалдау мен су жіберуді жедел басқару
(саны бөлім бойынша жабдықталған орталықтандырылған диспетчерлік
пункт болған жағдайда есептеледі)
      49. Жұмыстардың болжамды құрамы.
      Ұйым филиалдарының орталық диспетчерлік пунктерінің қызметіне бақылау және мұнай құбырлары нысандарының, су құбырларының, мұнайды қабылдау, тасымалдау және су жіберу жұмыстарының оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету.
      Технологиялық режимдерді сақтап мұнай айдайтын және су сорғысы стансаларының, жылыту пунктері, қабылдау – тапсыру пунктерінің жұмыс-тарын және мұнайды теміржол цистерналары мен танкерлеріне құюдың белгіленген технологиясының сақталуын бақылау.
      Мұнай болуына, сұйық-қоймалардың бос сыйымдылықтарын және мұнай мен су сапасын жедел есепке алудың жүргізілуін бақылау.
      Мұнайды қабылдау, тасымалдау және суды жіберу бойынша бақылау және басқаруға қажетті ұйым филиалдарынан түсетін ақпаратты жинақтау және талдау.
      Мұнай мен судың болуын және сапасын жедел есепке алуын жүргізілуін бақылау. Мұнай-газ өндіру ұйымдармен жедел өзара әрекет етуді үйлестіру.
      50.Қызметшілер лауазымдарының болжамды тізбесі: бас диспетчер, диспетчер.
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

  • 3-параграф. Меншік және ақпаратты қорғау
  • 4-параграф. Құқықтық қамтамасыз ету
  • 5-параграф. Аудиторлық
  • 6-параграф. Бақылау және ревизия 37. Жұмыстардың болжамды құрамы. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қаржы-шаруашылық қызметін, олардың бизнес
  • 7-параграф. Жүртшылық әлеуметпен байланыс жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру (мұнай тасымалдау және су жіберу көлемі 20 миллион тоннадан астам ұйымдар үшін)
  • 8-параграф. Жалпы іс жүргізу
  • 9-параграф. Мемлекеттік тілді дамыту
  • 10-параграф. Шаруашылық және көлік қызметін көрсету
  • 3. Өндірістік-техникалық қамтамасыз ету 1-параграф. Мұнай тасымалдау және су жіберу
  • 2-параграф. Мұнай тасымалдау мен су жіберуді жедел басқару (саны бөлім бойынша жабдықталған орталықтандырылған диспетчерлік пункт болған жағдайда есептеледі)

  • жүктеу 2.56 Mb.