Главная страница
Контакты

    Басты бет


Мемлекеттік мүлік туралы

жүктеу 2.61 Mb.



жүктеу 2.61 Mb.
бет6/13
Дата01.04.2017
өлшемі2.61 Mb.

Мемлекеттік мүлік туралы


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
      66-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға

              байланысты жер учаскесін немесе өзге де

              жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару

              кезіндегі меншік иесінің немесе мемлекеттік емес

              жер пайдаланушының құқығы

      1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімінің басталуы туралы хабарлама алған кезден бастап мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүліктің құны және өтеуге жататын залалдар мөлшері туралы келісімге қол жеткізілгенге дейін немесе жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сот шешім қабылданғанға дейін жер учаскесiне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке қатысты өзіне тиесілі құқықты жүзеге асыра алады және осы мүлікті оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ететiн қажеттi шығындар шығара алады. Бұл ретте меншiк иесi немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы аталған кезеңде жаңа құрылысқа, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) және өзге жылжымайтын мүлік объектілерін кеңейтуге немесе реконструкциялауға байланысты шығындар мен залалдарды өздері көтеруге тәуекел етеді.

      Егер меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесінің бір бөлігі мемлекет мұқтажы үшін алып қойылғаннан кейін қалған бөлігін бұрынғы нысаналы мақсаты бойынша пайдалана алмаса, онда бүкіл жер учаскесі иеліктен шығарылады.


      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген уақыт ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтар иеліктен шығару жолымен немесе өзге де негіздер бойынша басқа тұлғаға өткен кезде, сондай-ақ әмбебап құқықтық мирасқорлыққа байланысты құқық иеленуші ауысқан кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі жаңа құқық иеленушіге қатысты қолданылады (жалғасады).



      67-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға

              байланысты жер учаскесінің және өзге де

              жылжымайтын мүліктің құнын өтеу мөлшері

      1. Меншік иесінің мемлекеттен сатып алған, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құны (залалдарды есептемегенде) осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекетке төленген сома мөлшерінде айқындалады.

      Мемлекет ақысын бөліп-бөліп төлеу тәртібімен сатқан жер учаскесі үшін ақы толық төленбеген (залалдарды есептемегенде) және оны мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде алып қойған кезде мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскесінің бағасы мемлекетке төленген сома мөлшерінде айқындалады.


      2. Жеке тұрғын үй құрылысына, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін (егістік телімдерінен басқа) берілген, жеке тұрғын үй тұрған, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құны жер учаскесінің құны мөлшерінде және онда тұрған жылжымайтын мүліктің нарықтық құнынан аспайтын мөлшерде айқындалады.



      Меншік иесіне азаматтық-құқықтық мәміле бойынша немесе сот шешімі бойынша өткен, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құны азаматтық-құқықтық шартта немесе сот шешімінде көрсетілген, бірақ нарықтық құнынан аспайтын мөлшерде айқындалады. Егер азаматтық-құқықтық шартта жер учаскесінің бағасы көрсетілмеген жағдайда, жер учаскесінің құны оның кадастрлық (бағалау) құны бойынша айқындалады.


      3. Жер учаскесінде тұрған жылжымайтын мүліктің құны оның нарықтық құнынан аспайтын мөлшерде айқындалады.



      Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын меншік иесі немесе жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алдағы мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны алған сәтке осы Заңның 208-бабына сәйкес тәуелсіз бағалаушы айқындайды.


      4. Мүлік құны және жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару салдарынан меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген және (немесе) меншік иесінің немесе жер пайдаланушының үшінші тұлғалар алдында міндеттемелерін орындауын мерзімінен бұрын тоқтатуынан туындаған толық көлемдегі залалдар негізге алына отырып, өтеу мөлшері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 9-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес айқындалады.



      Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскесіне қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін өзге тұлғаларға өтеу мөлшері оларда мұндай мәжбүрлеп иеліктен шығару салдарынан туындайтын залалдар негізге алына отырып айқындалады.


      5. Өтеу мөлшері теңгемен айқындалады.



      6. Жер учаскесінің меншік иесімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушымен келісім бойынша оған мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде алып қойылатын жер учаскесінің орнына берілетін жер учаскесінің құнын немесе оған құқықтарды иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құнына немесе оған құқықтарды кадастрлық (бағалау) құны бойынша есепке жатқыза отырып, басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.



      68-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға

              байланысты жер учаскесін немесе өзге де

              жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару

              кезінде өтемді төлеу нысандары мен төлеу

              мерзімдері

      1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің құнын және өтелуге жататын залалдарды өтеу аталған мүлікке меншік құқығы Қазақстан Республикасына немесе әкімшілік-аумақтық бөлініске өткен кезге дейін толық көлемде жүргізіледі.

      2. Өтемді төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.



      3. Өтемді ақшадан басқа өзге мүлікпен төлеуге Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс атынан жергілікті атқарушы орган мен мүліктің меншік иесі арасында жасалған келісім бойынша жол беріледі. Көрсетілген келісім жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу шарты нысанында жазбаша жасалады.



      4. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей біржолғы өтем төлеу жүргізіледі.



      5. Өтемді төлеу мерзімін ұзартуды көздейтін, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыруға жол берілмейді.



      69-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға

              байланысты жер учаскесін немесе өзге де

              жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару

              кезіндегі келісім рәсімдері

      1. Алып қойылатын мүліктің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап бір ай ішінде жергілікті атқарушы органға тиісті өтініш беру арқылы келісім рәсімдеріне бастамашылық жасауға құқылы. Аталған өтініш берілген күні тіркеледі.

      2. Жергілікті атқарушы орган жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттың жобасына меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жылжымайтын мүлік, алып қойылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін тұлғалар құрамы және өтелуге жататын залалдар мөлшері бойынша ұсыныстарын бір ай мерзімде қарауға міндетті. Ұсыныстарды алған сәттен бастап, жергілікті атқарушы орган мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүлік құнына тәуелсіз бағалау жүргізілуін ұйымдастыруға және мүлікті сатып алуға арналған мемлекет шығыстарын қаржыландыру тәртібін айқындауға және мүлікке меншік құқығының өтуіне байланысты өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға міндетті.



      3. Жергілікті атқарушы орган және мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүліктің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы, сондай-ақ алып қойылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін басқа да тұлғалар арасында келісімге қол жеткізілген кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарт жобасы жергілікті өкілді органға келісуге жіберіледі.



      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мүдделі тұлғалардың бірде-біреуімен мүлікті беру туралы келісімге қол жеткізілмеген кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару сот тәртібімен жүзеге асырылады.



      5. Мүлікке меншік құқығы Қазақстан Республикасына немесе әкімшілік-аумақтық бөлініске өткенге дейін өтем төлеу туралы талаптарды және осы Заңның 67 және 68-баптарында белгіленген өтем төлеудің өзге де шарттарын тараптардың келісімі бойынша жоюға болмайды.

3-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУ



7-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



      70-бап. Мемлекеттік мүлікті иеленудің және (немесе)

              пайдаланудың тәртібі, шектері мен шарттары

      1. Жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мүліктің пайдалы қасиеттерін табу, сондай-ақ одан табыс, өсiм, жемiс, төл алу түрінде және өзге де нысандарда пайда алу үшін мемлекеттік мүлікті иеленуге және (немесе) пайдалануға құқылы.

      2. Мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе) пайдалану осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен, шектерде және шарттарда жүзеге асырылады.



      71-бап. Мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе)

              пайдалану негіздері

      1. Жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе) пайдалану негіздері:

      1) шарттар және өзге де азаматтық-құқықтық мәмілелер;



      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық салдарларды туындататын әкімшілік актілер;



      3) азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілейтін сот шешімдері;



      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық салдары болатын оқиғалар;



      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен әмбебап немесе өзге де құқықтық мирасқорлық болып табылады.



      2. Мемлекеттік мүлікті иеленуге және (немесе) пайдалануға беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Мемлекеттік мүлікті иеленуге және (немесе) пайдалануға беру туралы шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыз болуына әкеп соғады.



      3. Иеленуге және (немесе) пайдалануға берілген мемлекеттік мүлік осы Заңның 15-тарауының қағидаларына сәйкес мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізіледі.



      72-бап. Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беру туралы

              шарттар

      1. Мемлекеттік мүлік мынадай:

      1) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу);



      2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару;



      3) мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану (несие);



      4) мердігерлік;



      5) мемлекеттік мүлік болып табылатын табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шарттарының негізінде пайдалануға берілуі мүмкін.



      2. Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беруге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен басқа азаматтық-құқықтық шарттардың негізінде жол беріледі.



      3. Стратегиялық объектілерді және жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті немесе мемлекетке ғана тиесілі болуы мүмкін мүлікті пайдалануға беруге мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты, мүлікті сенімгерлік басқару шарты және Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген өзге де шарттар бойынша жол беріледі.



      4. Мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға пайдалануға беру осы тарауда белгіленген ерекшеліктер мен шектеулер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының қағидаларына сәйкес шарттардың немесе әкімшілік актілердің негізінде жүзеге асырылады.



      
Ескерту. 72-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      73-бап. Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беруге уәкілетті

              субъектілер

      Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беру жөніндегі өкілеттіктерге:

      1) республикалық мүлікке қатысты – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган;



      2) коммуналдық мүлікке қатысты – жергілікті атқарушы орган ие болады.

8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУДІҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН НЕГІЗДЕРІ





      74-бап. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу)

              шарты

      1. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартына осы бапта, осы Заңның 114-бабының 4-тармағында, 120, 145-баптарында белгіленген ерекшеліктерімен қоса, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ережелері қолданылады.

      2. Жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі болуы мүмкін.



      3. Республикалық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) мемлекеттiк мүлiкті басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган (республикалық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi.



      Коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) жергiлiктi атқарушы орган (коммуналдық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi. Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.



      4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беруші (жалға беруші) бола алады.



      Мемлекеттік мүлікті пайдалану құқығы мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салым ретінде берілуі мүмкін.


      5. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартының талаптары осы Заңда айқындалған шектеулер ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік шартпен айқындалады.



      6. Алып тасталды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).



      7. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты осы Заңның 105, 106, 120, 145-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында тікелей көзделген жағдайларда жалдаушыға (жалға алушыға) жалдауға (жалға алуға) берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы талапты көздеуі мүмкін.



      8. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартын өзгерту және бұзу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 401 - 404, 556-баптарының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.



      Мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша берілген мемлекеттік мүліктің нысаналы мақсатта пайдаланылмауы шартты елеулі түрде бұзу және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген қағидалар бойынша шартты бұзу үшін негіз болып табылады.


      9. Жалдаушы (жалға алушы) жалдауға берушiнiң (жалға берушiнiң) келiсiмiмен жүргiзген мемлекеттiк мүлiктi ажыратуға болмайтын жақсартудың құны Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиiстi бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.



      10. Мемлекеттік меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға беруге арналған шартты жасасудың ерекшеліктері «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.



      Халықаралық және республикалық маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.


      Халықаралық және республикалық маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.


      Жергілікті маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.


      Жергілікті маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.


      Егер тарих және мәдениет ескерткішіне жойылу немесе бүліну қаупі төнсе, пайдалануында тарих және мәдениет ескерткіштері бар тұлғаны сот шешімі бойынша оларды пайдалану құқығынан айырған жағдайда, шарт бұзылды деп есептеледі.


      
Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



      
75-бап. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты

      1. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына осы Заңның 120, 145, 176-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген ерекшеліктерімен қоса Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ережелері қолданылады.

      2. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерi, мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздар, жарғылық капиталға қатысу үлестерi, жылжымайтын мүлік, ақша мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының объектiсi болады.

Құнды қағаздар, бағалы қағаздар - мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап).



      Өзге мемлекеттiк мүлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда сенiмгерлiк басқару шартының объектiсi болады.



      3. Республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға мемлекеттiк мүлiкті басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган (республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы) бередi.



      Коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға жергiлiктi атқарушы орган (коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы) бередi.



      Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттік мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.



      4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқарушы болады.



      5. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс пайда алушы болып табылады.



      6. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартының талаптары осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.



      7. Сенімгерлікпен басқарушы өзіне мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша берілген жылжымайтын мүлікті тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында, мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шартта көзделген жағдайларда не мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының жазбаша келісімімен иеліктен шығаруға немесе кепілге беруге құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шартта өзгеше көзделмесе, сенімгерлікпен басқарушы жылжымайтын мүлікке билік етуге құқылы.



      8. Сенiмгерлiк басқарушының мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару кезiнде өзi шығарған қажеттi шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартында белгіленген тәртіппен өтетуге құқығы бар.



      Егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару туралы шартта көзделсе, сенiмгерлiк басқарушының сыйақы алуға құқығы бар.



      9. Сенімгерлікпен басқарушы мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы болып табылатын уәкілетті мемлекеттік органға мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында белгіленген мерзімде және тәртіппен өз қызметі туралы есеп береді.



      10. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында сенімгерлікпен басқарушының мемлекеттік мүлікке билік ету бойынша шектеулер белгіленеді.



      Сенімгерлікпен басқарушының өзіне белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен жарамсыз деп танылады.


      Сенімгерлікпен басқарушының мемлекеттік мүлікті өзіне берілген өкілеттіктерді асыра пайдалану арқылы немесе өзіне белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілелерінен туындайтын міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттер сенімгерлікпен басқарушыда туындайды.


      11. Сенімгерлікпен басқарушы мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқаруды жеке өзі жүзеге асырады.



      Сенімгерлікпен басқарушы өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті басқару үшін қажетті іс-әрекет жасауды, егер оған мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында осыған уәкілеттік берілген болса не құрылтайшының мүдделерін қамтамасыз ету үшін мән-жайларға байланысты осыған мәжбүр болса және бұл ретте оның нұсқауларын сұратып алуға мүмкіндігі болмаса, басқа тұлғаға тапсыра алады. Бұл ретте сенімгерлікпен басқарушы өзі таңдап алған сенім білдірілген адамның іс-әрекеті үшін де өзінің іс-әрекетіндей жауап береді.


      Сенімгерлікпен басқарушы басқаға сенім білдіру туралы құрылтайшыға дереу хабарлауға міндетті. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқарушының құрылтайшысы бұл жағдайда сенімгерлікпен басқарушыға бұрын шығарылған шығыстарды өтеп, ал мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында көзделген жағдайларда – залалдарды өтеп, мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тоқтату туралы мәлімдеуге құқылы.


      12. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген негіздер бойынша өзгертіледі және бұзылады.



      Мемлекеттік мүлікті оның бір түрінен екіншісіне немесе жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шартта өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тоқтатпайды.


      13. Тараптардың бірінің бастамасы бойынша шарт тоқтатылған жағдайда екінші тарап, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шартта өзгеше мерзім көзделмесе, кемінде үш ай бұрын хабардар етілуге тиіс.



      14. Осы Заңның 105, 106, 120, 145, 176-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты сенімгерлікпен басқарушыға сенімгерлікпен басқаруға берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы талаптарды көздеуі мүмкін.



      
Ескерту. 75-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 131-V(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.



      76-бап. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты

      1. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартына осы Заңның 77, 120, 145-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген ерекшеліктерімен қоса, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің мүлікті өтеусіз пайдалану шарты (несие шарты) туралы ережелері қолданылады.

      2. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша мемлекеттік мүлік осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда ғана берілуі мүмкін.



      3. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты осы Заңның 120-бабында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында тікелей көзделген жағдайларда несие алушыға өтеусіз пайдалануға берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы талаптарды көздеуі мүмкін.



      4. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша берілген мемлекеттік мүлікті кез келген жақсарту мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) жазбаша келісімімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты тоқтатылған кезде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) келісімімен жүргізілген ажыратуға болмайтын жақсартудың құны тиісті бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.



      5. Мемлекет меншiгiндегi және тарих пен мәдениет ескерткiшi болып табылатын ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) және өзге де мүлiктi дiни бiрлестiктерге өтеусiз пайдалануға берген жағдайларда мемлекеттiк мүлiктi өтеусiз пайдалану шарты «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады.



      
Ескерту. 76-бапқа өзгеріс енгiзiлдi - ҚР 2011.10.11 № 484-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      77-бап. Мемлекеттік заттай гранттарды өтеусіз пайдалануға

              беру

      Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік заттай гранттарды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өтеусіз пайдалануға береді.

      Ескерту. 77-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).



      78-бап. Мемлекеттік мүлікті мердігерлік шарты бойынша

              беру

      Мемлекеттік мүлікті мердігерлік шарты бойынша беру тапсырыс берушінің – мемлекеттің жұмыстарды орындауда мердігерге жәрдем көрсету жөніндегі міндеттемелерді орындауы шеңберінде мердігерлік шартында көзделген көлемде және тәртіппен жүзеге асырылады.

      79-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік



               
әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты

               
бойынша беру

      Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша беру «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      
Ескерту. 79-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      80-бап. Табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы

              шарттар

      Жер учаскелерін, жер қойнауы учаскелерін, су объектілерін, мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға беру мүліктің әрбір түрі туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шарттардың негізінде жүзеге асырылады.



      81-бап. Мемлекеттік мүлікті сақтау шарты және сақтауға

              қабылдау туралы шарт

      1. Мемлекеттік мүлік сақтау шарты немесе мемлекеттік мүлікті сақтауға қабылдау туралы шарт бойынша оның сақталуын қамтамасыз ету үшін жеке және заңды тұлғаларға берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің сақтау туралы қағидалары осы бапта белгіленген ерекшеліктерімен қоса мемлекеттік мүлікті сақтау туралы қатынастарға қолданылады.

      2. Мемлекеттік мүлікті сақтау оны сақтау шарты немесе мемлекеттік мүлікті (заттарды) сақтауға қабылдау туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.



      Мемлекеттік мүлікті сақтау оның сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті кез келген тұлғаға жүктелуі мүмкін.


      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік мүлікті сақтауды кәсіпкерлік қызмет ретінде сақтау жөніндегі қызметтер көрсететін мамандандырылған ұйымдар ғана жүзеге асыра алады.


      3. Мемлекеттік мүлікті сақтау нысанасы жылжымалы заттар болуы мүмкін.



      Жылжымайтын мүлікті күзетуге осы баптың күші қолданылмайды.


      4. Мемлекеттік мүлікті сақтау шарты және сақтауға қабылдау туралы шарт жазбаша нысанда жасалады. Сақтаушы жүк берушіге сақтау қолхатын, түбіртекті, куәлікті, сақтаушы қол қойған өзге де құжатты беру арқылы шарттың жасалғанын куәландыруы мүмкін.



      5. Мемлекеттік мүлікті сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сақтау шарттарында не сақтауға қабылдау туралы шарттарда айқындалады. Сақтау мерзімі өткеннен соң мемлекеттік мүлікті сақтау немесе сақтауға қабылдау туралы шарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында, тиісті шарттарда өзгеше көзделмесе немесе мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелердің мәнінен туындамаса, сол мерзімге жасалған деп есептеледі.



      Жүк беруші болып табылатын немесе оның жазбаша тапсырмасы бойынша өкілдік ететін уәкілетті мемлекеттік орган кез келген уақытта сақтаушыдан мүлікті (затты) талап етуге құқылы. Бұл жағдайда, егер мемлекеттік мүлікті сақтау немесе сақтауға қабылдау туралы шарттарда өзгеше көзделмесе, жүк беруші міндеттеменің мерзімінен бұрын тоқтатылуынан туындаған залалдарды сақтаушыға өтеуге міндетті.


      6. Мемлекеттік мүлікті сақтау шарты және сақтауға қабылдау туралы шарт өтеулі болып табылады. Сақтаушыға берілетін сыйақының мөлшері тараптардың келісімімен, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, ставкалар мен тарифтерге сәйкес айқындалады.



      7. Егер сақтау шартында өзгеше көзделмесе, сақтаушы жүк берушінің келісімінсіз затты үшінші тұлғаның сақтауына беруге құқылы емес, жүк берушінің мүдделерінде мән-жайларға байланысты ол осыған мәжбүр болған және оның келісімін алуға мүмкіндігі болмаған жағдайлар бұған кірмейді. Сақтаушы заттың үшінші тұлғаға сақтауға берілгендігі туралы жүк берушіні дереу хабардар етуге міндетті. Сақтаушы өзі затты сақтауға берген үшінші тұлғаның іс-әрекеті үшін өзінің іс-әрекетіндей жауап береді.



      8. Сақтаушы өзіне берілген мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін шартта көзделген барлық шараны, сондай-ақ басқа да қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Мемлекеттік мүліктің сақталуы техникалық нормативтер мен сақтау және (немесе) қорғау шарттары жөніндегі талаптарға сәйкес қамтамасыз етілуге тиіс.



      Сақтаушы сақтауға қабылдаған мемлекеттік мүліктің жоғалғаны, жетіспеушілігі немесе бүлінгені үшін жауап береді. Ол, егер заттың жоғалуы, жетіспеушілігі немесе бүлінуі өзінің кінәсінен болмағанын дәлелдейтін болса, жауаптылықтан босатылады.


      Сақтаушы сақтауға берілген мемлекеттік мүлік жетіспеген кезде мемлекеттік мүлікті сақтау немесе сақтауға қабылдау туралы шарттарда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мерзімде жетіспейтін мүлікті заттай өтеуге, ал ондай мүмкіндік болмаған кезде – жоғалған немесе жетіспейтін мемлекеттік мүліктің құны мөлшерінде өтеуге міндеттенеді.


      9. Осы баптың қағидалары, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлікті сақтаудың жекелеген түрлеріне қолданылады.



      10. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда сақталады.



      Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтаумен байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.


      
Ескерту. 81-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      82-бап. Жалпы пайдаланудағы мемлекеттік мүлікті пайдалану

              құқықтарын жүзеге асыру

      1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалпы пайдаланудағы мемлекеттік мүлікке:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және Қазақстан Республикасының заңдарымен жалпы пайдаланудағы мүлікке жатқызылған өсімдіктер мен жануарлар әлемі, өзге де табиғи ресурстар;



      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен ені белгіленген жағалау белдеулері бар кеме жүзетін және сал ағызылатын өзендердің арналары, сондай-ақ көлдер, қойнау-қолаттар мен өзге де табиғи су айдындары;



      3) порттар, айлақтар, шығанақтар, рейдтер мен қойнаулар, сондай-ақ бөгеттер, молдар, толқын бөгеттері мен өзге де жағалау құрылыстары;



      4) иеліктен шығарылған белдеулері және қосымша құрылыстары мен қызметтері бар жалпы пайдаланудағы жолдар, тас жолдар мен көпірлер;



      5) жер суландыру, мелиорациялау мақсатында және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарда салынған орлар, тоғандар, су қоймалары, каналдар, үймелер мен шұңқырлар;



      6) алаңдар, тротуарлар, көшелер, қоғамдық саябақтар мен демалыс орындары, зираттар және өзге де қоғамдық құрылыстар мен үйлер;



      7) храмдар мен қоғамдық мақсаттағы өзге де ғибадатханалар;



      8) көркем, тарихи және археологиялық ескерткіштер;



      9) ұлттық саябақтар, қорықтар, қаумалдар, резерваттар;



      10) ұлттық өнер бұйымдары;



      11) мұрағаттар, мұражай экспонаттары, көркем және ғылыми коллекциялар, оның ішінде ғылыми және мәдени құндылықтарға жататын жекелеген құжаттар, қолжазбалар, жарияланымдар, карталар мен басқа да жылжымалы заттар;



      12) жалпы пайдаланудағы сервитуттар (көпшілік сервитуттар);



      13) Қазақстан Республикасының заңдарымен жалпы пайдаланатын мүлікке жатқызылған өзге де мүлік жатқызылуы мүмкін.



      Жалпы пайдаланудағы мүлікті пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы мүліктің жекелеген түрлері туралы  заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі және тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің жергілікті өкілді немесе атқарушы органдары белгілейді.


      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы мүлкінің жекелеген түрлері туралы заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде жалпы пайдаланудағы мүлікті басқаруды және пайдалануды ұйымдастырады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

  • жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару
  • жер пайдаланушының құқығы
  • 67-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
  • жылжымайтын мүліктің құнын өтеу мөлшері
  • 68-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
  • мерзімдері
  • 69-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
  • 3-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУ 7-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  • 70-бап. Мемлекеттік мүлікті иеленудің және (немесе)
  • 71-бап. Мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе)
  • 72-бап. Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беру туралы
  • 73-бап. Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беруге уәкілетті
  • 8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУДІҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН НЕГІЗДЕРІ
  • 75-бап. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты
  • 76-бап. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты
  • 77-бап. Мемлекеттік заттай гранттарды өтеусіз пайдалануға
  • 78-бап. Мемлекеттік мүлікті мердігерлік шарты бойынша
  • 79-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік
  • 80-бап. Табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы
  • 81-бап. Мемлекеттік мүлікті сақтау шарты және сақтауға
  • 82-бап. Жалпы пайдаланудағы мемлекеттік мүлікті пайдалану

  • жүктеу 2.61 Mb.