Главная страница
Контакты

    Басты бет


Мектеп информатикасы курсындағЫ «компьютердің архитектурасы» тақырыбын оқыту ерекшеліктері

жүктеу 71.72 Kb.



жүктеу 71.72 Kb.
бет2/2
Дата19.03.2017
өлшемі71.72 Kb.

Мектеп информатикасы курсындағЫ «компьютердің архитектурасы» тақырыбын оқыту ерекшеліктері


1   2
оқушылардың білімін бақылау мен тексеруге арналған жұмыстарды қамтыған 10 сабақ түрінде беруге болады.

Сабақ 1. Компьютер тұрғызудың магистральды-модульдік принципі.

Сабақ 2-3. Компьютердің аппараттық іске асырылуы.

Сабақ 4. Өзіндік жұмыс. Операциялық жүйе.

Сабақ 5. Операциялық жүйені жүктеу. Зертханалық жұмыс.

Сабақ 6. Файлдар және файлдық жүйелер. Зертханалық жұмыс.

Сабақ 7. Дискілердің логикалық құрылымы.

Оқушы Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
ДИСК (Disk) - шығарып оку-жазу бастиегіне қатысты айналдырылатын диск формасындағы мәліметтер. тасуышы; ақпаратты сақтау және қайта шығару қасиеті бар жұқа материалмен қапталған дөңгелек пластинка түрінде жасалған мәлімет тасуыш құрылғы.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Сабақ 8. Дискілердің логикалық құрылымы. Практикалық жұмыс.

Сабақ 9. Компьютерлік вирустар және вирусқа қарсы программалар.

Сабақ 10. Бақылау жұмысы.

Компьютердің аппараттық бөлігін оқытқанда компьютер тұрғызудың магистральды-модульдік принципі қарастырылған; процессорлар жасалуының қысқаша тарихы және олардың негізгі сипаттамалары; жедел және сыртқы жадының функциялары мен негізгі сипаттамалары; жүйелік блоктағы құрылғылар; аналық платаның логикалық схемасы, ақпараттарды енгізу және ақпараттарды шығару құрылғылары. Оқушылардың білімдерін бақылау мен тексеру үшін оқытылған мәселелердің қортындысы бойынша өзіндік жұмыс ұсынылады.

Информатика курсын оқу барысында оқушылар біртіндеп компьютер архитектурасы бойынша өз білімдерін тереңдетіп машиналық командалар тілі мен процессор жұмысы жайлы түсінік алуға дейін жетуі керек. Негізінен, информатиканың профильді курсының базалық деңгейінде компьютер архитектурасының үстіртін деңгейлі білімі беріледі. Бірақ, кейбір мектептердің профильді сыныптарында «Программалау» бөлімін оқығанда қарастырылатын ассемблер сияқты төменгі деңгейлі программалау тілі оқытылады.

Ассемблерлеу тілі (орыс. Язык ассемблирования; ағылш. assembly language) - адрестер мен операцияларға символдық атау қою мумкіндігі бар, нақты бір компьютердің командалар жиынымен тығыз байланысқан бағдарламалау тілі; әдетте, ассемблер коды машиналық бір кодқа ауыстырылады.
Ассемблерді оқытқанда оқушыларды бұл тілдің жасалу тарихымен, ассемблер түрлерімен, олар не үшін арналғандығымен, басқа программалау тілдерінен айырмашылығының неде екендігімен таныстырып, олардың артықшылығы мен кемшіліктерін атап өту керек. Бұдан әрі, «регистрлер» сияқты ұғымдарды енгізіп, регистрлер типін және тілдің негізгі командаларын беріп, жеткілікті терең және толық оқығаннан кейін осы тілде программа құруға көшу жүзеге асырылады. Бірақ, ассемблер тілі түсіну үшін айтарлықтай күрделі, және оқушылардың көпшілігінде қарапайым программалар жазудың өзінде қиындықтар туады. Ассемблер тілін оқыту үшін, мұғалімнің өзі оны жақсы білуі керек, деген бұл саладағы мамандар өте аз. Сонымен бірге жалпы білім берудің Мемлекеттік стандарты ассемблер тілін оқыту бойынша мәселелерді қамтымаған.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Сондықтан «Компьютер архитектурасы» тақырыбын базалық деңгейде оқытқанда оқушыларға ассемблер сияқты төменгі деңгейлі программалау тілінің бар екендігін және ассемблер тілінің командаларының процессар командаларына дәлме дәл сәйкес келетіндігін айтуға болады. Профильді дайындық ассемблерді жеке элективті курс шеңберінде, және сондай-ақ тақырыптық жоспарлауға олар енген жағдайда информатика бойынша сабақ жүргізу барысында ұсынылуы мүмкін.

«Компьютер архитектурасы» тақырыбы мектеп информатикасы курсының оқытудың әртүрлі деңгейлерінде оқытылатын ең маңызды тақырыптарының бірі. Бұл тақырыпты оқытуды оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың профильдік бағыттарын ескере отырып жүргізу керек.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. 7 класс.
    Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.
    Информатика. Ермеков Н., Стифутина Н. - Алматы: Атамура, 2007.

  2. 8 класс. Информатика. Ермеков Н., Стифутина Н. - Алматы: Жазушы, 2008.

  3. 9 класс. Основы информатики и вычислительной техники. Бурибаев Б., Накисбеков Б., Мадьярова Г. – Алматы: Мектеп, 2009.

  4. 9 класс. Информатика (Паскаль). Н.Ермеков, В.Криворучко, Л.Кафтункина – Алматы: Мектеп, 2009.

  5. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ногайбаланова С.Ж. Учебник для 10 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения (естественно-математическое направление). – Алматы: Жазушы, 2006.

  6. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ногайбаланова С.Ж. Учебник для 10 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения (общественно-гуманитарное направление). – Алматы: Жазушы, 2006.

  7. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ногайбаланова С.Ж. Учебник для 11 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения (естественно-математическое направление). – Алматы: Жазушы, 2007.

  8. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ногайбаланова С.Ж. Учебник для 11 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения (общественно-гуманитарное направление). – Алматы: Жазушы, 2007.
1   2

  • Дискілердің логикалық

  • жүктеу 71.72 Kb.