Главная страница
Контакты

    Басты бет


Мекен жайы Кентау қаласы Байланыс телефондар

жүктеу 312.16 Kb.



жүктеу 312.16 Kb.
Дата06.06.2018
өлшемі312.16 Kb.

Мекен жайы Кентау қаласы Байланыс телефондар



Облыс, аудан, ауыл Оңтүстік Қазақстан облысы

мектеп Кентау көпсалалы колледжі ,III курс студенті



Аты жөні Бейсенбай Нұрбол Талғатұлы

Жетекшісі : Ботабекова Асия Ердебекқызы

Мекен жайы Кентау қаласы

Байланыс телефондар : 87477164542 87025119798

Түйін
Қазiргi кезде компьютерлердi барлық салада қолдану, әсiресе берілгендер қорымен жұмыс істеу саласында мақсатты қолдану кең етек алып келедi. Мысалы, қазiргi қоғам өмiрiнде қандай сала болмасын өндiрiс, ғылым, білім беру саласында, техника, мәдениет, ауыл шаруашылығы, тұрмыста компьютер көмегiмен үлкен берiлгендердi өңдейдi. Сондай-ақ оның қолданылуындағы нәтиженiң сезiнiлуi де түрлiше.


Кіріспе

Қазiргi кезде компьютерлердi барлық салада қолдану, әсiресе берілгендер қорымен жұмыс істеу саласында мақсатты қолдану кең етек алып келедi. Мысалы, қазiргi қоғам өмiрiнде қандай сала болмасын өндiрiс, ғылым, білім беру саласында, техника, мәдениет, ауыл шаруашылығы, тұрмыста компьютер көмегiмен үлкен берiлгендердi өңдейдi. Сондай-ақ оның қолданылуындағы нәтиженiң сезiнiлуi де түрлiше.

Қайсысының негiзiнде алмасақ та компьютерлiк техниканы қолдану жетiстiгi адамды таң қалдырарлық, тiптi сананы да серпiлте түседi, оның болашағы жайлы сөз болғанда компьютерлiк техниканың жетiстiгi мен дамуын айтпау мүмкiн емес. Компьютер мүмкiндiктерi өскен сайын оларды қолдану салалары да көбейе түсуде. Ал мамандардың жуық арадағы компьютер мүмкiндiктерi туралы болжамдары ғылыми фантастиканы елестетедi. Тәжiрибе жүзiнде бүкiл дамыған елдер компьютерлiк технологияда оқытуды кеңiнен өңдеу үстiнде. Бұл компьютердiң адам әрекетiнiң бүкiл саласында еңбек өнiмдiлiгiн артырудың құралы болуымен туындап отыр. Қажеттi бiлiм деңгейi күрт өстi, сабақ берудiң дәстүрлi тәсiлдерi мен әдiстерiнiң көмегiмен талап етiлiп отырған жоғары кәсiби деңгейлi мамандарды дайындау мүмкiн емес. Есептеуiш техниканы қолдана бiлудiң өзi бүгiнде жалпы мемлекеттiк маңызға ие болып отыр, және де медицинада қазiргi есептеуiш техниканы қолдана бiлу бiлiмi мен ептiлiгiне қарай бейiмдеу болып отыр. Delphi-дің негізгі ерекшелігі — онда қосымша кұруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады (Windows ортасында пайдаланатындыктан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп атайды). Бұл програм­малау технологиясында нағыз революция жасады деуге де болады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады.

1. ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ
1.1 Компьютерлік техника қауіпсіздік ережелері:
Компьютерлік техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау студенттер мен оқытушылардың негізгі міндеттері болып табылады.
1.2 Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегіше:


  • Компьютерді токқа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штекерлерге тиісуге және жабдықтарды оқытушылардың рұқсатынсыз жылжытуға тиым салынады;

  • Оқытушылардың рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;

  • Дербес компютерді су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды;

  • Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға

тиым салынады.Үстелде қалам мен дәптер ғана болуға тиіс;

  • Клавиатураға артық зат қоюға болмайды;

  • Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тиым салынады.



1-сурет
1.3 Дербес компьютермен жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

  • Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс

жұмыс жасап тұрғандығына және сымдардың қатесіз жалғанғандығына

көз жеткізу керек;



  • ЭВМ – мен жұмыс кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтыққа ұстау керек;

  • Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға болады;

  • Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, өрт сөндіру құралдары жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білу қажет.




2-сурет 3-сурет

1.4 Апаттық жағдайда техника қауіпсіздігі ережелеріне қойылатын талаптар:


  • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса немесе күйік иісі шықса , өзгеше дыбыс пайда болса,онда машина мен жұмыс тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек.жалпы;

  • Өрт сөндіруге көмек көрсету қажет;

  • Электр тогымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білу керек.

  • Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білуің қажет. Оған құм және тағы басқа өрт сөндіргіш құрал жабдықтарын пайдалануға болады;

  • Электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әртүрлі материалдарды ( электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.


1.5 Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар:


  • - Студент компьютермен жұмыс жасай отырып шаршаған жағдайда төмендегі келтірілген жаттығуларды пайдалану қажет.




  • Шаршаған кездегі көздің қарау бағытын өзгерту ( ауыстыру ) алысқа, жақынға, оңға, солға, жоғары, төмен қарау.Сағат тілінің бағытымен керісінше көзді айналдыру қозғалыс жасау.Көзді қолмен жауып 1-1,5 минут отыруға болады.




4-сурет


2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Бұл тарауда Delphi жайлы жалпы мәліметтер, компоненттер, олардың қасиеттері мен әдістері, сондай-ақ берілгендер қорының негізгі түсініктері мен олармен жұмыс істеу негіздері қарастырылады.
2.1 Delphi программалау ортасы

Windows терезесі арқылы Delphi-д іске қосу командасы:



Пуск Программы Borland Delphi 7 Delphi 7. Программаны іске қосқан кезде 6 терезе көрінеді.

5-сурет. Delphi ортасы.


  1. Delphi 7-нің басты терезесі. Бұл жерде меню қатары және құрал-саймандар панелі орналасқан.

  2. Нысандар инспекторы (Object Inspector). Бұл объекттерді басқару үшін арналған және ол екі бөліктен тұрады.

  • Properties- қасиет. Бұл жерде ерекшеленген объектінің қасиеттерін өзгертуге болады.

  • Events- оқиға. Бұл жерде объектінің іс-әрекетін компьютерде болатын әр түрлі оқиғаларға байланысты өзгертуге болады.

  1. Форма (Form1). Пішін терезесі. Бұл біздің болашақ программамыздың дайын визуалды формасы. Формаға түрлі компоненттерді орнатуға болады.

  2. Кодты өңдеу терезесі. Бұл терезеде біз Delphi-де программа құрамыз.

  3. Компоненттер ағашы. Бұл терезе Delphi 7 нұсқасында пайда болды. Бұл терезенің көмегімен компоненттерді оңай табуға болады, өйткені олар ағаш түрінде орналасқан.

  1. Жоба менеджері.

Басты терезе

6-сурет
Мұнда мәзір қатары, саймандар тақтасы, түстер палитрасы орналасады. Түстер палитрасында болашақ бағдарламаның көрінетін және көрінбейтін компоненттері, көптеген тақырыптық беттер бар. Көрінбейтін компоненттер тек қосымшаға жоба жасап, оны іске қосқанда ғана көрінеді. Басты терезе интеграцияланған орта жұмыс істеп тұрған кездің барлығында ашық болады. Оны жапқанда Delphi жабылып, ондағы барлық терезелер жабылады.

Басты терезедегі мәзір әмірлері мен саймандар тақтасы арқылы Delphi бағдарлама өңдеу барысын басқарады. Мұнда пайдалану мақсатына қарай топталған компоненттер орналасқан. Мысалы, Standart тобының элементтері: MainMenu, PopurMenu, Label, Edit, Memo, Button, CheckBox, RadioButton, ListBox тағы басқалары. Экранға сыймаған компоненттер соңғы көрінген топтың жанындағы бағыттауышты басқанда көрінеді.
Нысандар инспекторы

Дизайнер терезесінің сол жағында Нысан Инспекторы терезесі орналасқан, ол екі ішкі беттен тұрады. Бірінші ішкі бет - қасиеттер беті нысандар қасиетін өңдеуге қолданылады. Онда үнемі таңдап алынған компоненттің орындауға болатын қасиеттері көрініп тұрады. Сол бағанында тізім, оң бағанында – үнсіз келісім бойынша ағымдағы мәндері көрсетіледі. Екініші беті оқиғаларға түсініктеме беруге арналған, онда таңдап алынған компоненттің мүмкін болатын өңдеушілері. Сол бағанында – аты, оң жағында – сәйкес процедура немесе қасиеттер.

Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:

OnMouseDown - тышқан түймесін басу;

OnMouseUp - тышқан түймесін босату;

OnMouseMove - тышқан көрсеткішін жылжыту;

OnClick - тышқан түймесін бір рет шерту;

OnDblClick - тышқан түймесін екі рет шерту;

OnKeyDown - клавишті басу;

OnKeyUp - басылған клавишті босату

9-сурет OnCreat - форманы екі рет шерту, т.б.

Қасиет деген не? Delphi-дегі әрбір нысан, тіпті жұмыс жасап тұрған қосымшаның өзінің белгілі бір қасиеті болады. Бұл қасиеттерді әлі бағдарлама орындалуға жіберілмей тұрғанның өзінде өзгертуге болады. Өзгертілген қасиетке байланысты нәтижені бірден көруге болады.

Пішін терезесі
Жаңа жоба ашқаннан кейін экранның ортасында пішін конструкторы/құрастырушысы/ орналасады. Пішін – қосымша терезесі. Коструктор терезесінде болашақ бағдарламаның сыртқы түрі жасалады. Алғашқыда ол код терезесін жауып экранның алдыңғы бетіне шығып тұрады.

Пішін – Delphi ортасында кездескен бірінші нысан. Басты терезеде орналасқан компоненттер де нысандар. Олардың бір-бірімен байланысы арқылы Delphi бағдарламасы құрылады. Ондай бағдарлама нысанға бағытталған бағдарламалау деп аталады. Егер компонент жолынан бір нысанды шертсек, ол белгіленеді. Пішін бетінде шертсек, сол нысан пішінде пайда болады. Пайда болған нысанның орнын, өлшемін, түсін тағы басқа да параметрлерін өзгертуге болады. Ол үшін қасиеттер терезін немесе көрсеткішті қолдануға болады.

Әрбір Windows-қосымша өз терезесінде орындалады. Мұндай терезенің ең аз саны – 1. Delphi жүктелгенде автоматты түрде тұтынушыға Form1 деп аталатын бос терезе аша отырып, жаңа жобаны ұсынады және оны басты терезе етіп тағайындайды.

7-сурет

Кодты өңдеу терезесі
Бұл терезенің тақырыбы терезе жүктелгенде Unit1 болады. Кодты өңдеу терезесінде бірден бірнеше файл ашық бола алады. Әрбір ашылған файл жеке бетте орналасады да, оның аты жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Егер Сіздің бағдарламаңызда үш терезе болса, онда олар жұмыс барысында үш модульмен (Unit) әрекеттеседі. Осы үш модульдің үшеуі де кодты өңдеу терезесінде пайда болады. Код терезесінде тұтынушы бағдарламаның мәтінін тікелей жазады. Мәтін бөлігі бірнеше бөліктерге бөлінеді. Олар процедуралар мен бағдарламалар деп аталады және бір-бірінен бөлек жұмыс жасайды. Тұтынушы жұмыстың негізгі бөлігін осы бөлімде атқарады. Мұнда //, { }, * * - кейін жазылған сөздер комментарий деп аталады. Комментарий орындалмайды, ол түсініктеме жазу үшін қолданылады. Паскаль тілінен ерекшелігі мұнда класс типін пайдалану керек.

8-сурет

unit Unit1; {модульдің басы мен аты}
interface {интерфейс бөлімі басталады}
uses {қосымша қолданған модульдер аты}

Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,

Dialogs, StdCtrls;
Type {форма класын жариялау}

TForm1 = class(TForm)

Button1: TButton;

procedure Button1Click(Sender: TObject);

private {кластың ішкі бөлігі}

{ Private declarations } Мұнда осы форма класына кіретін тұрақты, айнымалыларды, функция, процедураларды жариялауға болады, олар басқа модульдерден көрінбейді.



Public // кластың ашық бөлігі

{ Public declarations } Мұнда басқа модульдерден көрінетін осы форма класына кіретін тұрақты, айнымалыларды, функция, процедураларды жариялауға болады



end;
var {айнымалыларды жариялап, сипаттау бөлігі}

Form1: TForm1; {осы форма класына кірмейтін тұрақты, айнымалыларды, функция, процедураларды жариялауға болады}


implementation

{модульдің орындалатын бөлігі}

{$R *.dfm}


procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

begin

орындалатын іс-әрекеттің – бағдарлама денесі



end;
end.

Түстер палитрасынан оған элементтерді орналастырғанда ол терезе алдын ала көркемделеді. Жобада тек бір ғана басты терезе болуы керек. Ал, басқа терезелер оған қосымша болады.



Бағдарламаны орындау. Енді қосымшаны орындауға кірісейік. Бұл әрекетті саймандар тақтасынан батырмасын, мәзір қатарындағы Выполнить әмірін немесе F9 басу арқылы жүзеге асыруға болады. Алдымен компиляция жүреді, яғни процессор бастапқы бағдарламаны машина тіліне аударады. Сонан соң бағдарлама орындалуға кіріседі. /Егер бағдарламаның жазылуында синтаксистік қате болса, онда қате туралы хабар шығады/. Нәтижесінде ЕХЕ файл жасалады. Ары қарай, қатесіз болған жағдайда бұл файл орындалуға жіберіледі. Бағдарлама орындалуы кезінде Delphi-дегі барлық терезелердің орнында тек бір терезе – кодты өңдеу терезесі қалады.


Нысандар бұтағы терезесі
Мұнда пішін бетіне түсірілген әрбір әлементтің шар белгісі орналасады. Суреттегі нысандар бұтағы терезесінде Форма1-дің ішіндегі нысандар: 1батырма, 2батырма, белгі1, радиобатырма1 көрсетілген. Егер бағдарлама орындау барысында осы онысандардың қасиеттерін өзгерту керек болса, осы белгілерді шерту арқылы орындауға болады.

10-сурет

2.2 Палитра компоненті
Палитра компоненті Delphi-де жиі қолданылатын саймандардың бірі. Палитра компоненттер орналасқан үлкен топтардан тұрады. Компонент – тұтынушы интерфейсінің пішінге түсіруге болатын элементі. Ол батырма, мәтін, түрлі мәліметтер енгізуге болатын өріс, төмен түсетін тізімдер – жалпы Windows ОЖ-де терезеде көретін нәрселердің бәрі. Терезелерді сыртқы қалыптастыратын компонеттері визуалды (көрінетін) деп аталады. Онан басқа компоненттер палитрасында көрінбейтін, яғни, бағдарлама орындалу барысында көрінбейтін компоненттер де болады, олар көрінбейтін деп аталады, бірақ түрлі фондық қызмет атқарады. Мысалы, «Таймер» берілген уақыт аралығында белгілі бір оқиғаны реттеп отырады. Барлық компоненттер атқаратын қызметіне қарай топтарға бөлінеді. Жобаны құрғаннан кейін үнсіз келісім бойынша Windows Forms компоненттер тобының тізімін көруге болады. Ол үшін топ атауының сол жағындағы «+» таңбасын шерту керек.



11-сурет
Визуалдық компоненттерді қолданудың негіздері

  • Қасиеттері




  • Фрейм
  • Информацияны енгізу және редакторлау (Edit)

  • Стандартты батырма (Button)

  • Label-белгі

Визуалдық компоненттер жиынағының (VCL) құрамындағы барлық компоненттердің алғы буыны ТControl класы деп саналады. Осы класс компоненттің мекен – жәйын, мөлшерін, оның тақырыбын, түсін және басқа да сипттамаларын қамтиды. Сипаттамаларымен бірге аталған класқа барлық визуалдық компоненттердің ортақ қасиеттері, оқиғалары және әдістері жатады. Визуалдық компоненттерді екі үлкен топқа бөлуге болады: терезелік және де терезелік емес.

Терезелік компоненттер - белгілі бір қажеттілікке арнайы даярланған терезе. Оларға командалық батырмаларды, редакторлау терезелерін, қарап шығу белдеулерін және т.с.с жатқызуға болады. Терезелік элементтер TWіnControl (Tcontrol класының туындысы) түріне жатады. Терезелік элементтерге фокусты беру төменгі екі әдістің біреумен орындалады:


  • Редакторлаудың көрсеткіші арқылы;

  • Төртбұрыштың көмегімен.

Edіt-ке фокусты бергеннен (пернелер тақтасымен байланыстырғаннан) кейін енгізу жолында редакторлау көрсеткіші жыпылықтап тұрған тік сызық түрінде пернелер тақтасынан символды енгізетін позицияны көрсетіп тұрады. Осы көрсеткішті жылжыту пернелер тақтасындағы көрсеткішті басқару пернелерінің көмегімен орындалады.

Мәліметті редакторлау әрекеттерімен байланыспаған компоненттерге фокусты бергенде, көрсеткіш қара төртбырышпен бейнеленеді. Мысалы, төртбұрыш Button батырмасының сыртында орналасады, ал LіstBox тізімінің таңдалған бір жолын белгілеп (бұл жол басқа түспен боялады, мысалы көк түспен ) тұрады.

Терезелік емес басқару элементтерінің негізі болып TControl - дың туындысы TGraphіcControl түрі саналады. Терезелік емес басқару элементтеріне фокус берілмейді және оларды контейнер ретінде қолдануға болмайды. Терезелік емес басқару элементтерінің артықшылығы - дескриптордың қажеті жоқ болғандықтан, осындай элементке кететін компьютердің ресурстары біршама төмен болады. Мысалы, программада құралдар тақташасын құрастыру үшін стандартты Button батырмасының орнына SpeedButton - жылдам батырмалардың орнатылғаны жөн.

Визуалдық компоненттердің көптеген ортақ қасиеттері, оқиғалары және әдістері болады.



Қасиеттері

Программа құрастырылғанда және орындалғанда компоненттің сыртқы көрінісін және бет алысын қасиеттер арқылы басқаруға болады. Компоненттің көптеген қасиеттерін Объектілер бақылаушысы арқылы форманы қалыптастыру кезеңінде анықтауға болады. Жалпы компоненттің қасиеттер мәнін меншіктеу операторымен анықтауға да болады.



  • ТCaptіon түріне жататын Captіon қасиеті компонентің атын (тақырыбын) жазатын жолдан тұрады. Captіon - Strіng түрімен ұқсас деп саналады. Тақырыптағы кейбір символдардың асты сызылып тұруы мүмкін, олар жедел қол жеткізу пернелерінің қисындастыруын көрсетеді. Көрсетілген символдың Alt пернесімен бірге басылуы осы элементті тышқан тетігімен басуымен бірдей деп есептеледі. Пернелердің қиылысуын анықтау үшін тақырыптағы сәйкес символдың алдына & таңбасы қойылады.

  • TAlіgn түріне жататын Alіgn қасиеті контейнердің ішіндегі компоненттің тегістеуін қамтиды. Тегістеу тәртібі контейнердің мөлшері өзгертілгенде интерфейстік элементтің контейнер ішінде белгілі бір орынды алып тұруын қамту қажеттілігіне пайдалынады. Кейбір компонентердің, мысалы Button батырмасын осы қасиетіне тек қана программа орындалып жатқанда жол ашылады.

  • Компоненттің түсін кейбір тұрақтылар арқылы анықтауға болады. Ол тұрақтылар экран қасиеттерінің Оформление – безендіру бетбелгісімен анықталған Wіndows ортасының жүйелік палитрасының құрамындағы элементтер түстері.

  • Boolean түріндегі Ctl3D қасиеті арқылы визуалдық компоненттің көрініс түрін анықтауға болады. Егер Ct13D - ның мәні False болса, онда көрінісі екі өлшемді, ал True болса, онда үш өлшемді болады. Үш өлшемді көрініс элементтің жаңшылған эффекті арқылы беріледі. Бұл қасиет кейбір компоненттерде болмайды, мысалы Label - де ол жоқ.

  • TCursor түрінің Cursor қасиеті тышқан көрсеткішінің көрінісін анықтайды. Мысалы, crDefault мәні көрсеткіштің түрін келісімше (әдетте тілсызық) қалтырады, crNone - көрсеткіш көрінбейді, crHourGlass - көрінісі құм сағат түрінде шығады.

  • Boolean түріндегі Enabled - компоненттің екпінділігін, яғни тышқаннан немесе пернелерден түскен хабарға сезіну қабылеті бар екендігін көрсетеді. Егер қасиеттің мәні True болса, онда компонент екпінді деп саналады, False болса, онда компоненттің көрінісі бозарып, екпінді емес күйде болады.

  • Іnteger түріндегі Heіght және Wіdth қасиеттері компоненттің контейнердегі биіктігін және ұзындығын көрсетеді. Форма өзі қкранға орналасқан компонент деп саналады және оның координаттар нөмірі қкранның жоғарғы сол жақ бұрышынан басталады. Іnteger түріндегі Left және Top компоненттің контейнердегі жоғарғы сол жақ бұрышын анықтайды.

  • Strіng түріндегі Hіnt қасиеті арқылы көрсеткіш белгілі бір компонент аймағында жылжымай орналасып тұрғанда еске түсіретін хабар шығарылады. Ол хабар Hіnt қасиетінің оң жақтағы бос жолына енгізіледі. Енді хабар шығып тұруын қамту үшін Show Hіnt:= True деп анықтау керек. Әдетте келісімше Show Hіnt мәні False болып тұрады.

  • TabOrder қасиеті арқылы Tab пернесі басылғандағы объектілерге фокусты беру реті анықталады. Келісімше бұл тізбек форманы құрастырғанда оған орнатылған элементтер реті бойынша анықталады, ең алдымен орналастырылған компоненттің TabOrder қасиеті 0 болады, екінші болып орнатылған компоненттің TabOrder тең 1-ге және т.с.с.

  • Жалпы компоненттердің Parent параметріне ұқсас TComponent түріндегі Owner - иесі қасиеті болады. Әдетте формаға орналастырылған компоненттердің иесі - Form деп саналады. Егер компоненттердің иесі жойылса, онда оған орналастырылған барлық элементтер де жойылады.

  • DragMode қасиеті программалау кезеңінде объектілерді жылжыту амалдарымен байланысты Dragand - Drop тәсілін қолдануда пайдаланылады және басқару элементін тышқанмен жылжытқандағы бет алысын анықтайды. DragMode мәні dmAutomatіc және dmManual болады. Келісімше DragMode мәні dmManual болып тұрады. Бұл тәртіпте BegіnDrag әдісі шақырылмағанға дейін басқару элементін жылжытуға болмайды. Егер касиеттің мәні dmAutomatіc болса, онда объектіні кез келген мезгілде жылжытуға болады. Объектіні жылжыту амалдарын орындау үшін DragMode мәнін анықтаумен бірге жылжыту амалдары орындалғандағы оқиғаны өндеуші үзіндісін көлтіруді қажет етеді.

  • Caption (Тақырып, бетіне жазу) - форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне тақырып үшін Form1 сөзі енгізіліп қойылған.

  • Color (Түс) - форманың түсін орнату қасиеті Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі - қасиет мәнінің бірнеше екенінің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер) терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түсті шерткен соң форма сәйкес түске боялып қойылады.

  • Name (Атау)- формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің (компоненттердің) негізгі қасиеттерінің бірі. Delphi-дің жұмыс істеуі кезінде ол объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктелген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Форманың іс-әрекеті атауынан белгілі болуы үшін атауды мазмұнға жақын етіп енгізген жөн. Мысалы, формада тест программасы болса, Form1 орнына TEST атауын енгізу. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы теріп алса болғаны. Терілген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады.

  • Font (Шрифт)- формаға енгізілген мәтін шрифтін орнату қасиеті. Оны таңдап, оң жанында көрінген көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде сұхбаттық шрифт таңдау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей, қажетті шрифт типін, өлшемін таңдап (мысалы, Times New Roman, 10), ОК түймесін шерту керек.


Фрейм (TFrame) - бетіне басқа компоненттерді орналастыруға болатын контейнер ретінде қолданылады. Фреймді қолданудың айырмашылығы - оның өзінің басқа бір контейнерде орналасуының мүмкіндігі, мысалы формада немесе тақташада (Panel). Фреймді қолданудың негізгі мақсаты - программаның терезесін әдемі және көрнекі түрде шығару.

Фрейммен жұмыс атқару келесі екі кезеңнен тұрады:



  • Фреймді құрастыру;

  • Фреймді формаға немесе Panel - ге орналастыру.

Фреймді құрастыру үшін Fіle=> New Frame опцияларын таңдау керек, сол сәтте қкран бетіне фреймнің бос терезесі шығады және жобаның құрамына жаңа фрейм қосылып тұрады. Енді фреймнің бетіне қажетті басқару элементтерін орналастыруға және оқиғаларға сезіндіру үзінділерін құрастыруға болады. Фрейм және формамен жұмыс атқару ұқсас болып келеді.

Формаға фреймді орналастырғанда жобаның Uses бөлімінде автоматты түрде фрейм модулінің сілтемесі көрсетіледі, ал форма класының анықтамасына (Type сөзімен басталған бөлімінде ) фрейм элементтерінің оқиғаларын өңдеуші үзінділеріне сілтемелер қосылып отырады.



Информацияны енгізу және редакторлау

Delphі ортасының Edіt компоненті арқылы информацияны енгізуге және оны өзгеруге болады. Edіt компоненті Enter пернесінің басылғанына сезінбейді.

  • Edіt - тің CharCase қасиеті енгізілетін мәтіндегі әріптердің регистрын анықтайды:

  • EcLowerCase - барлық көрсетілген әріптерді кіші әріпке аударады;

  • EcNormal - әріптерді көрсетілген тұрінде бейнелейді;

  • EcUpperCase - барлық көрсетілген әріптерді бас әріпке аударады.

  • Егер Edіt - тың Password (қупия сөз) қасиетінің мәні #0 болса, онда енгізу жолында терілген таңбалар көрініп тұрады. Енгізілген информацияны көрсетпеу үшін Password мәні #0 - ден тыс болу керек. Енгізу жолындағы таңбалардың орнында жұлдызшалар (*) тұрады.

  • Жалпы Edіt элементі Enter және Esc басқару пернелерін басқанға сезінбейді. Enter пернесін басқандағы орындалатын әрекеттерді программалаушы әдейі көрсету керек. Әдетте бұл перненің басылуы редактордың жолындағы берілгеннің соңын және басқа басқару элементіне өту, яғни SetFocus әдісі немесе ActіveControl қасиетінің мәнін көрсету арқылы оған енгізу фокусын беру қажеттілігін анықтайды. Жиі кездесетін бір жәйт - басқару бір енгізу элементіне берілгенін көрсеткеннен кейін басқа басқару элементіне өткенде (табуляция орындалғанда), Enter пернесін басумен байланысты оқиғаны бөліп өңдеу тәсілі қолданылады.

Стандартты батырма

Button - терезелік басқару батырмасы болып саналады. Оның бетіне батырманының тағайындалуы туралы немесе батырманы басқандағы орындалатын іс - әрекеттің қысқаша анықтамасы келтірілуі мүмкін.

Button батырмасымен орындалатын негізі оқиға - OnClіck - оны сырт еткізу. Осы сәтте батырма түрін өзгертіп, команданы қабылдағанын көрсетіп тұрады. Батырманы жібергеннен кейін OnClіck оқиғасын өңдеуші үзінді өз жұмысын бірден бастайды. Батырманы әртүрлі әдістермен басуға болады:

Терезені жабудағы қолданылатын батырмалардың ModalResult қасиетін пайдалануға болады. Бұл параметр терезе жабылғандағы форманың ModalResult мәнін анықтайды. Әдетте ModalResult - ты сұхбаттасу терезелерін жабуда қолданады және оның мүмкін болатын мәндері бүтін сан түрінде анықталады. Егер батырманың ModalResult мәні mrNone - дан басқа кез келген мәнді қабылдаса, онда батырма басылғанда форма автоматты түрде жабылады. Мәндердің кейбіреулері аталынған тұрақтылар түрінде жарияланған.

Label-белгі

Жаңа компонентті орналастыру амалдары өте оңай орындалады. Ол үшін компоненттер тақташасындағы бір белгіні, мысалы - Label-ді (белгі - шағын хабарды шығаруға арналған элемент) белгілеп, форма аймағының кез келген жерін тышқанмен сырт еткізсе болғаны. Бұл компоненттің мөлшерін, орын-жайын өзгерту үшін компонентті шектеп тұрған төрт бұрыштарылар қолданылады.

Формаға орналастырылған компоненттің аты келісімше Label1- белгі 1 деп қойылады. Атын өзгерту үшін осы компонентті белгілеп тұрып, Объектілер бақылаушы терезесіндегі Captіon қасиетін таңдап, оң жақтағы Label1-дің орнына басқа жазуды, мысалы Object Pascal деп қоюға болады:

Форманың атын 1_FORM- ге өзгертейік. Компоненттегі мәтіннің әртүрлі параметірлерін Объектілер бақылаушысының терезесіндегі Font қасиетінің оң жағындағы “…” белгісін басып шрифтың түрін, түсін, таңбалардың биіктігін таңдауға болады (1 - сурет).

1
2- cурет. Font-тің сұхбаттасу терезесі

Осы әректтерді Font-тің сол жағындағы “+” белгісін басу арқылы ішкі Sіze параметрінде таңбалардың биіктігін көрсетуге, Color параметрінің ашылатын тізімінен қажетті түсін анықтауға болады. Font=>Style=> fsBold - True, fsІtalіc - True ден таңдап әріптерді жуандатылған курсив түріне өзгертуге болады.

Енді форма төмендегі түрге келтірілді.


13- сурет. Label1 - дің жаңа жазуы
2.3 Ауыстырғыштар


  • CheckBox

  • RadіoButton

Ауыстырғыштар (жалаушалар) анықталған жиыннан бір ғана мәнді таңдауға мүмкіндік туғызады. Ауыстырғыштар қосылған немесе ажыратылған күйде болады. Ауыстырғыштың күй - жайын тексеріп отырып, программалаушы қажетті операцияларды орындайды.

Delphі ортасы ауыстырғыштармен жұмыс атқару үшін CheckBox, RadіoButton және RadіoGroup компоненттерін ұсынады. CheckBox және RadіoButton компоненттері - TbuttonControl класының туындылары, сондықтан оларды кейде бекітілген батырмалар деп атайды: CheckBox -тәуелсіз бекітілген, RadіoButton - тәуелді бекітілген.



Тәуелсіз бекітілген ауыстырғыш

CheckBox тәуелсіз бекітілген ауыстырғыш және оның көрінісі мәтіндік тақырыбы бар төрт бұрыш түрінде шығып тұрады. Егер осы төрт бұрышта қанатша көрініп турса, онда осы опция (ұйғарым) қосылып түр немесе жалауша орнатылған деп айтады. Бір батырманың күй-жайы басқа батырмаларға әсер етпейді.

Жалаушаның жоғарыда анықталған екі түрінен басқа үшінші - тиым салынған күй - жағдайы болуы мүмкін. Осы күй - жағдайдың болуы Boolean түріндегі AllowGrayed параметрімен қамтылады, егер оның мәні True болса, онда тышқанды сырт еткізу арқылы жалаушаның үш күй-жайын анықтайтын тәртібін орнатуға болады. Олар - қосылған, ажыратылған және тиым салынған күй - жағдайлар. Тиым салынған ауыстырғыш сүр түспен боялып, төртбұрышта қанатша орнатылып тұрады.

Ауыстырғыштың күй - жайын өзгерткенде OnClіck оқиғасы туады. Осы оқиғаны өңдеушінің құрамында әдетте ауыстырғыштың күй - жайын тексеру және тағы да басқа қажетті әрекеттерді орындайтын операторлары болуы мүмкін.



  • Көп жолдық редактор (Memo)

  • Созылмалы мәзір (Mainmenu)

  • Контексттік мәзір (PopupMenu)



Көп жолдық редактор

Көп жолдық мәтінді өңдеу үшін Delphі ортасы Memo компонентін ұсынады. Бұл редактордың мүмкіндіктері бір жолдық Edіt элементімен бірдей, тек Memo - де бірнеше жол орналастыруға болады. Memo - ның мазмұнына қол жеткізу үшін Strіng түріндегі Lіnes қасиеті қолданылады. Бұл жәйтта терезенің мазмұны бір жолдық шама деп саналады, жолдың соңын көрсету үшін Enter пернесі басылған, яғни соңында #13#10 таңбалары тұр деп саналады.

Memo - ның бөлек жолымен жұмыс атқаруда TStrіng түрінің Lіnes қасиеті қолданылады. TStrіng класы арнайы жолдық шамалармен жұмыс атқаруға негізделген және көптеген қасиеттер мен әдістерді қолдануға мүмкіндік туғызады.

WantTab қасиетінің мәні True болса, онда Tab пернесі басылғанда мәтінге табуляция белгісі орналастырылады, яғни келесі жолды енгізуге мүмкіндік туғызады. Келісімше WantTab қасиетінің мәні False, осы тәртіпте Tab пернесі басылғанда енгізу фокусы келесі терезелік басқару элементіне беріледі.

Жалпы тізімдер туралы

Жәй және қиылыстырылған тізімдер бір біріне ұқсас болып келеді және олардың көптеген ортақ қасиеттері, оқиғалары және әдістері болады. Жалпы тізімдердің жолдармен жұмыс істеуге бейімделген және өзінің көптеген қасиеттерімен қатар әдістері бар негізгі қасиеті - Іtems болып саналады.



Іtems қасиеті

TStrіng түрінің Іtems қасиеті массив тәріздес, ол жолдардың санын және олардың мазмұнын анықтайды. Жалпы TStrіng түрі - базалық түрге жатады және ол жолдық шамалармен жұмыс атқаруды қамтамасыз етеді.

Бөлек жолдармен жұмыс атқарғанда жолдардың нөмірін қадағалап отыру керек, мысалы, егер Іtems құрамында үш жол анықталған болса, ал программа орындалу барысында бір операторда төртінші жолдың нөмірі көрсетілсе, онда осындай жағдай қатеге алып келеді және программа жұмысын апаттық түрде тоқтатады. Count параметрі тізімдегі элементтер санын анықтайды. Соңғы элементтің нөмірі (Count –1) болып саналады.

Қосымшаны құрастырғанда кейде бір тізімдегі элементтерді басқа тізімге жылжыту қажет болуы мүмкін. Осындай әрекетті тізімдерді келістіру деп атайды. Келісілген тізімдерді орнату AddStrіngs және Assіgn әдістері арқылы орындалады. Equals әдісі арқылы тізімдердің келісуінің қажеттілігін тексеруге болады.



Move (CurІndex, NewІndex:Іnteger) процедурасы CurІndex - пен анықталған жолды NewІndex - пен анықталған орынға жылжытады.

ІndexOf (const S:Strіng) : Іnteger функциясы арқылы тізімде S жолдың бар болуы тексереді. Егер тізімде осындай жол бар болса, онда табылған жолдың нөмірін көрсетеді, керісінше (– 1) мәнін қайтарады.
Созылмалы мәзір (Mainmenu)

Mainmenu - бұл интерфейстік элемент мәзір деп аталады.

Mainmenu – терезеге негізгі мәзірді орналастырады. Мұндай мәзір көптеген бағдарламаларда бар. Жобаланған формада Tmainmenu –ді орналастырғанда, ол белгі ретінде көрсетіледі. Мәзір пунктіне қосу, өзгерту, жою амалдарын қолдану үшін, осы компоненттің Items қасиетін қолдану керек.

Mainmenu форманың негізгі мәзірін анықтайды. Формаға осы кластың бірнеше обьектілерін қоюға болады, бірақ жоғарғы жағында Mainmenu формасының қасиетінде көрсетілген мәтін тұрады.

Осы кластың негізінде мәзір элементтерінің жинағын көрсететін оқиғалары жатыр. Әрбір элемент өзіне тән команда орындайды. Мәзірдің жеке элементіне келесідей көсетуге болады:

SomeMenu.Items[1].Caption:=’Edit’;

Менюдегі әрбір элементке жеке сурет беруге болады. Ол үшін Images:TImageList қасиеті қолданылады

Мәзір опцияларын құрғанда Object Inspector –дегі Items қасиетіне тышқанның оң батырмасын шерту арқылы орындауға болады.

Caption қатарында опция мәтіні енгізіледі. Осылайша барлық ішкі опцияларды енгізіп орындау керек. Әрбір опцияның алдына & белгісін қойсақ, ол опцияға тез таңдау пернелерін анықтайды. Ішкі опцияларына тізімдерді қосу үшін, опцияға бір рет шертіп Ctrl+→ пернелерін басу керек, одан керекті тізім мәтінін жазуға болады. Break қасиеті ішкі мәзірге көп бағаналы тізімді құруға мүмкіндік береді.


Контексттік мәзір (PopupMenu)

Локалды мәзір –Бұл мәзір форманың жұмыс аумағында тышқанның оң батырмасын басқанда қалдана аламыз. Кез-келген терезелік компонентке құрылады. Тышқанның оң батырмасын компонентке байланыстыру үшін PopupMenu –дің қасиетіне сол компонентті ендіріп қою керек.



PopupMenu- көптеген басқа компоненттер үшін созылмалы мәзір құрады. Ол бекітілген компонетке тышқанның оң батырмасы басқанда пайда болады. Мәзір пунктін өзгерту үшін, негізгі мәзірдің Items қасиетін өзгерту арқылы орындалады. Бұл мәзірді таңдалған компонентке бекіту үшін PopupMenu компоненттің қасиетіне таңдалған компонетті көрсету керек

3. АРНАЙЫ БӨЛІМ
3.1 Мақсаты: Delphi бағдарламалау тілінде аяқ киім дүкенін құру

Енгізілген мәлімет: Аяқ киім дүкені туралы мәлімет енгізілді

Шыққан мәлімет: Аяқ киім дүкені туралы барлық мәліметтер шықты

3.2 Идентификатор кестесі:




Form1












Кампаненттер аты

қасиеті

Кампаненттер палитрасы

Қолданылуы

1

Label1

Caption

Standart

Бағдарламаның тақырыбы

2

panel

Caption

Standart

Кампаненттер жиынтығы

3

Button1,2,3,4

Caption

Standart

Қосу,өзгерту,жою,енгізу,дк көру

4

Bitbutton1

Kind

Additional

Шығу

5

Mainmenu1

Caption

Standart

Бас мәзір

6

Stringgrid1

Caption

Additional

Деректер қорын көру

7

Image1

Caption

Standart

Формаға сурет қою




Form2










1

Image2

Caption

Standart

Формаға сурет қою

2

Memo

Caption

Standart

Анықтама

3

Bitbutton2

Caption

Additional

Шығу



3.3 Есептің шешілу алгоритмі:

Бағдарлама құрып болған соң, оның қателерін тексереміз. Қатені тексеру барысы Ctrl+F9 батырмалар жиынтығымен орындалады. Қателерді тексеріп болған соң ғана, бағдарламаны іске қосамыз.Содан соң ғана аяқ киім дүкені жайлы мәліметтер шығады,мен ол мәліметтерді өз еркімізбен өзгерте аламыз және жоя да аламыз қалаған қатарымды қоса да аламыз.

Бағдарламаның дайындау жоспары:


  1. Delphi бағдарламалау тілін ашу;

  2. Ашылған формада келесі компоненттерді енгізу:

    • Button1,button2,button3,button4,bitbutton1,panel1,stringgrid1

Форма терезе

15-сурет

17-сурет


Кестедегі өзгерту енгізгендегі форма терезем

3.деректер қорын шертіп тағы бір кесте қосамыз



14-сурет


3 Maimenu камандасындағы орындалатын амалдар арқылы қосу,жою,өзгерту батырмасын басу арқылы орындай аламыз

  1. Көмек рқылы Form2 дегі бағдарламаның орындалуын орындаймыз

Бас мәзірді құру үшін:

  • Standard  MainMenu;




  • Object Inspector  MainMenu1  Properties  Items;

Бас мәзірге 3 элемент қосамыз: орындалатын амалдар,көмек, Шығу

N1- орындалатын амалдар, N2- көмек, N3- Шығу.



  • Орындалатын амалдардағы қосу нәтижесін құ рру

16-сурет


Кестеге жаңа қатар қосудың орындалуы
Қорытынды

Қазiргi кезде ақпараттық жүйелерді құру бағдарламалары мен құралдары жеткілікті екендігі белгілі. Олар жылдан - жылға жетілдіріліп, мүмкіндігі барынша қолданушыға түсінікті болатындай етіп дайындалуда.

Бұл бағдарламаны басқа обьектілі-бағдарлы программалау ортасында жасамай Delphi ортасында жасадым, себебi оның интерфейсi көрнектi және ол Pascal тiлiнiң негiзiнде жасалғандықтан онша қиындыққа әкелмейдi.

Қорыта келетін болсақ Delphi программасының көмегімен біз көптеген Windows жүйесіне қосымша программаларды жасауымызға болады. Мен бұл программамен жұмыс жасаған себебім, бұл программада компоненттер көп және оларды қолдана отырып олардың көлемін өзгертуге болады, бұл программаның мүмкіндігі жоғары және жұмыс жасау жылдамдығы әлде қайда тез болғандықтан осы программа маған өте ұнады. Delphi бағдарламалау тілі арқылы «Аяқ киім дүкені» жайлы бағдарлама құрдым. Ол бағдарлама арқылы мен кесте құрдым ол кесте Stringgrid арқылы жасадым. Ол кестеге қосымша қалаған қатарымды қостым,жойдым,өзгертттім және мәліметтерді енгіздім. Delphi бағдарламалау тілі арқылы көптеген мамандаларды қолдану арқылы сурет қоюға болатынын үйрендім.



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Фаронов В.В. Delphі 5. Учебный курс. М.: К-ПРЕСС 2001г.
2. Архангельский А.Я. Программирование в Delphі 4. –М.: ЗАО
«Издательство БИНОМ», 1999 г. –768 с., ил.
3. С.Бобровский. Delphі 5. Учебный курс. «Издательство ПИТЕР»
4. Камардинов О. Delphі 5-6. Алматы. 2001г.
5. Интернет ресурсы

Қосымша

6.1 Бағдарлама листингі:

unit Unit1;
interface
uses

Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,

Dialogs, Buttons, StdCtrls, Grids, Menus, ExtCtrls, jpeg;
type

TForm1 = class(TForm)

StringGrid1: TStringGrid;

Label1: TLabel;

MainMenu1: TMainMenu;

N1: TMenuItem;

N2: TMenuItem;

N3: TMenuItem;

N4: TMenuItem;

N5: TMenuItem;

N6: TMenuItem;

Panel1: TPanel;

Button1: TButton;

Button2: TButton;

Button3: TButton;

Button4: TButton;

N7: TMenuItem;

Button5: TButton;

BitBtn1: TBitBtn;

Image1: TImage;

Edit1: TEdit;

procedure FormCreate(Sender: TObject);

procedure Button4Click(Sender: TObject);

procedure Button1Click(Sender: TObject);

procedure Button5Click(Sender: TObject);

procedure Button2Click(Sender: TObject);

procedure Button3Click(Sender: TObject);

procedure Edit1KeyPress(Sender: TObject; var Key: Char);

procedure StringGrid1DblClick(Sender: TObject);

procedure N4Click(Sender: TObject);

procedure N5Click(Sender: TObject);

procedure N6Click(Sender: TObject);

procedure N3Click(Sender: TObject);

procedure N7Click(Sender: TObject);

private

{ Private declarations }

public

{ Public declarations }

end;
var

Form1: TForm1;
implementation

uses unit2;

{$R *.dfm}
procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);

begin

Stringgrid1.cells [0,0]:='¹';

Stringgrid1.cells [1,0]:='òàóàð àòàóû';

Stringgrid1.cells [2,0]:='àðòèêóë';

Stringgrid1.cells [3,0]:='òóðè';

Stringgrid1.cells [4,0]:='öâåò³';

Stringgrid1.cells [5,0]:='ôèðìà';

Stringgrid1.cells [6,0]:='áàãàñû';

end;
procedure TForm1.Button4Click(Sender: TObject);

begin

Stringgrid1.cells [0,1]:='1';

Stringgrid1.cells [0,2]:='2';

Stringgrid1.cells [0,3]:='3';

stringgrid1.cells [0,4]:='4';

Stringgrid1.cells [1,1]:='áàñàíîøêà';

Stringgrid1.cells [1,2]:='òóôëè';

Stringgrid1.cells [1,3]:='ñàïàãè';

Stringgrid1.cells [1,4]:='øëåïêè';

Stringgrid1.cells [2,1]:='áð1';

Stringgrid1.cells [2,2]:='òê2';

Stringgrid1.cells [2,3]:='ñæ3';

Stringgrid1.cells [2,4]:='áê5';

Stringgrid1.cells [3,1]:='ìóæ';

Stringgrid1.cells [3,2]:='æåí';

Stringgrid1.cells [3,3]:='äåò';

Stringgrid1.cells [3,4]:='ìëàäøè';

Stringgrid1.cells [4,1]:='êðàñíûé';

Stringgrid1.cells [4,2]:='æåëòûé';

Stringgrid1.cells [4,3]:='÷åðíûé';

Stringgrid1.cells [4,4]:='ñåðûé';

Stringgrid1.cells [5,1]:='áåëàíî';

Stringgrid1.cells [5,2]:='ôç';

Stringgrid1.cells [5,3]:='øîñ';

Stringgrid1.cells [5,4]:='ïê';

Stringgrid1.cells [6,1]:='5000';

Stringgrid1.cells [6,2]:='3500';

Stringgrid1.cells [6,3]:='2000';

Stringgrid1.cells [6,4]:='6000';
end;
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

begin

stringgrid1.rowcount:=5-1;

end;
procedure TForm1.Button5Click(Sender: TObject);

begin

Stringgrid1.cells [1,5]:='áàòèíêà';

Stringgrid1.cells [2,5]:='þð22';

Stringgrid1.cells [3,5]:='ìóæ';

Stringgrid1.cells [4,5]:='çåëåííûé';

Stringgrid1.cells [5,5]:='âêê';

Stringgrid1.cells [6,5]:='110000';

end;
procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);

begin

stringgrid1.rowcount:=5+1;

Stringgrid1.cells [0,5]:='5';

end;
procedure TForm1.Button3Click(Sender: TObject);

begin

edit1.Text:=StringGrid1.Cells[StringGrid1.selection.left,StringGrid1.selection.top];

edit1.Visible:=true;

edit1.SetFocus;

end;
procedure TForm1.Edit1KeyPress(Sender: TObject; var Key: Char);

begin

if key=#13 then begin StringGrid1.cells[StringGrid1.Selection.left,StringGrid1.selection.top]:=

Edit1.text; edit1.Visible:=false; end;
end;
procedure TForm1.StringGrid1DblClick(Sender: TObject);

begin
edit1.Text:=StringGrid1.Cells[StringGrid1.selection.left,StringGrid1.selection.top];

edit1.Visible:=true;

edit1.SetFocus;

end;
procedure TForm1.N4Click(Sender: TObject);

begin

stringgrid1.rowcount:=5+1;

Stringgrid1.cells [0,5]:='5';

end;
procedure TForm1.N5Click(Sender: TObject);

begin

edit1.Text:=StringGrid1.Cells[StringGrid1.selection.left,StringGrid1.selection.top];

edit1.Visible:=true;

edit1.SetFocus;

end;
procedure TForm1.N6Click(Sender: TObject);

begin

stringgrid1.rowcount:=5-1;

end;
procedure TForm1.N3Click(Sender: TObject);

begin

CLOSE;

end;
procedure TForm1.N7Click(Sender: TObject);

begin

Form2.showmodal;

end;

unit Unit2;
interface
uses

Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,

Dialogs, StdCtrls, Buttons, jpeg, ExtCtrls;
type

TForm2 = class(TForm)

Memo1: TMemo;

Image1: TImage;

BitBtn1: TBitBtn;

private

{ Private declarations }

public

{ Public declarations }

end;
var

Form2: TForm2;
implementation
{$R *.dfm}
end.
6.2 Форма терезесі:


19-сурет


жүктеу 312.16 Kb.