Главная страница
Контакты

    Басты бет


Лекциялық сабақтар мазмұны 3-25 Зертханалық сабақтардың қысқаша сипаттамалары 26-46

жүктеу 0.7 Mb.



жүктеу 0.7 Mb.
бет1/4
Дата14.09.2018
өлшемі0.7 Mb.

Лекциялық сабақтар мазмұны 3-25 Зертханалық сабақтардың қысқаша сипаттамалары 26-46


  1   2   3   4



Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнының тізімдемесі





Құжаттаманың атауы

Беті




Лекциялық сабақтар мазмұны

3-25



Зертханалық сабақтардың қысқаша сипаттамалары

26-46



Оқушылардың өзіндік жұмысы

47



Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер

48-58



Глоссарий

59



Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, соның ішінде электрондық тасуыштардағы әдебиеттер

60


Кіріспе. Компьютерлік графика түсінігі. Растрлық және векторлық графика.

Компьютерлік графика – аппараттық есептеуіш комплесктерді қолдана отырып, бейнелер мен суреттерді өңдеу және құру әдістері мен құралдарын зерттейтін ақпараттанудың арнайы бөлімі. Компьютерлік графика мониторда немесе сыртқы тасымалдауыштық басылымдарында адамның қабылдаудына ыңғайлы бейнелердің түрлерін және формаларын қамтиды. Компьютерлік графикасыз қазіргі кезде материалды дүниені тану мүмкін емес. Мысалы. Медицина компьютерлік томографияны қолданады, ғылыми зерттеулер – заттың құрылысын, векторлы өрістерді және басқа да мәліметтерді визуальды көруге мүмкіндік береді, мата мен киімдерді модельдеу үшін компьютерлік графиканы қолданады.

Машиналық графиканы қолдану аясы (сферы):


  • Компьютерлік модельдеу

  • Автоматты проекциялау жүйесі

  • Компьютерлік ойындар

  • Үйрететін программалар

  • Жарнама және дизайн

  • Презентация мультимедиясы

  • Интернет

Компьютерлік графика негізінен – құрал, бірақ оның құрылымы мен әдістері қолданбалы ғылымдардың үлкен жетістіктеріне негізделген. Ол ғылымдарға: математика, физика, химия, биология, статистика, программалау және т.б. Компьютерлік графика жедел дамып келе жатқан

информатиканың бір бағыты болып табылады.



Компьютерлік графиканың түрлері.

Бейне суреттің қалыптасу әдісіне байланысты компьютерлік графика келесі түрлерге бөлінеді:



        • Растрлық

        • Векторлық

        • Фрактальдық

Үш өлшемді графика жеке пән болып саналады. Ол виртуальды кеңістікте обьектілердің көлемді модельдерінің құрылу әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Бұлар монитор экранында немесе басылымға шыққан қағаз бетінде көрінетін бейнелердің қалыптасу принциптерімен ерекшеленеді. Оның әрбір түрі белгілі бір аймақта қолданылады. Растрлық графиканы мультимедиялы проекттерді жасағанда қолданылады. Растрлық графика құралдарымен жасалған иллюстрациялар компьютерге, көбінесе сканер арқылы енгізіледі. Содан кейін арнайы программалармен графикалық редактормен өңделеді. Векторлы графика үшін программалық құралдар, керісінше қарапайым геометриялық элементтер негізінде құрылған бейнелерді құруға арналған. Негізінде векторлы графиканы қолдану жұмысты безендіру болып табылады. Фрактальды көркем композицияларды құру сурет салудан емес, программалаудан тұрады. Фрактальды графикамен жұмысқа арналған программалық құралдар математикалық есептеу жолымен жасалатын бейнелер инерациясы үшін қолданылады. Мысалы: оның көмегімен теледидарда заставкаларды жасауға болады.

Қазіргі кезде “компьютерлік графика” деген сөз тіркесін жиі естуге болады. Бұл сөз тіркесі компьютерлік ойындармен, музыкалық клиптермен және анимациялық фильмдермен байланысты. Компьютер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады. Компьютерлік графиканың әр түрлі топтамасы бар. Мысалы, түс ерекшелігіне қарай қара-ақ және түрлі түсті болып ажыратылады. Қолдану бағытына қарай инженерлік графика, ғылыми графика, Web-графика, көркемдік және т.с.с болып бөлінеді. Кескіндердің құрылу әдістеріне байланысты компьютерлік графиканы екі өлшемді және үш өлшемді (3D) графикаға бөледі. Мәтіндік ақпаратты кескіндеу үшін әр түрлі 256 (немесе 28) символдар пайдаланылады. Әр символдың ақпараттық салмағы 8 битке немесе 1 байтқа тең. Бір символды екілік кодтау үшін 1 байт немесе 8 бит екілік разряд керек болады. Әрбір нақтылы символдың екілік коды кодтық кестемен анықталады. Стандарт ретінде ASCII кестесі - ақпарат алмасудың американдық стандартты коды қабылданған. Мәтіндер компьютер жадында екілік кодпен сақталады да программалық тәсілмен экрандағы бейнеге түрлендіріледі. Мәтіндік хабардың ақпараттық көлемі сол хабардағы символрад санымен анықталады, ал хабардың мағынасы маңызды болмай қалады. Мәтіндік режимде экран әр жолда 80 символдан 25 жолға бөлінеді.

Дисплей экраныда жекелеген нүктелерден (пиксельдер) тұратын графикалық бейнені кескіндеу түрі растрлық деп аталады. Растрлық гарфикалық редактордағы ең кіші (минималь) объект нүкте болып табылады. Растрлық графикалық редактор сурет, диаграмма жасауға арналған. Монитор мүмкіндігі (горизонталь және вертикаль бойынша нүктелер саны), сондай-ақ әр нүктенің мүмкін болатын түстерінің саны монитордың типімен анықталады. Кең таралған мүмкіндік қабілеті – 800*600=180 000 нүкте. Ақ-қара экранда 1 пиксель ақпараттың 1 битімен кодталады (қара немесе ақ нүкте). әр түрлә түстердің саны К-мен оларды кодтау үшін битер саны – bK=2b формуласымен айқындалады.

Қазіргі мониторлардың келесідей цифрлық палитралары бар: 16 түс, 256 түс, 65 536 түс (hign color), 16 777 216 түс (true color). Бір пиксель ақпарат көлемінің монитордың түстер палитрасынан тәуелділігі: Бүкіл экранды (бейнежадты) адып тұратын графикалық

бейнені сақтау үшін қажетті жадтың көлемі мүмкіндік қабілетінің бір нүктені кодтайтын беттер санының көбейтіндісіне тең. ДК бейнежадында биттік картасы (бененің екілік коды) бар, ол процессормен секундына 50 реттен артық оқылады да экранда бейнеленеді.

Төмендегі кестеде мүмкіндік қабілеті мен түстер палитрасы әр түрлі мониторлар үшін бейнежад көлемдері келтірілген.

Техникалық сызбалар және оларға ұқсас графикалық бейнелер ЭЕМ-да басқаша енгізіледі және сақаталады. Кез келген сызба кесінділерден, доғалардан, шеңберлерден тұрады. Сызбада әр кесіндінің басы мен соңын анықтайтын екі нүктенің координаталарымен беріледі. Шеңбер –центрінің координаталарымен және радиусының ұзындығымен беріледі. Доға – басы мен соңының координаталарымен, центрімен және радиусымен беріледі. әр сызық үшін оның типі көрсетіледі: жіңішке, штрихпунктирлі және т.с.с. Графикалық ақпараттың бұндай кескінделу түрі векторлық деп аталады. Векторлық графикалық редактормен өңделетін ең кіші бірлік элементар объект – тіктөртбұрыш, дөңгелек, доға болып табылады. Сызба туралы ақпарат арнайы программалармен өңделеді. Ақпаратты веторлық түрде сақтау жадының қажетті көлемін

ақпаратты растрлық түрде кескіндеуге қарағанда бірнеше ретке қысқартады.



1.1 тақырып. Corel Draw векторлық графикасының графикалық редакторы

Қолданушы интерфейсі және жұмыс ортасы
Corel Draw графиктік редакторында құралдармен және басқа ресурстармен негізгі терезе мен құжат терезесінде жұмыс жасалынады.

Негізгі терезе

Программа жүктелгеннен кейін қыстырма(заставка) терезе (кейінірек тоқтаймыз), содан кейін негізгі терезе пайда болады. Негізгі терезеде қолданушы интерфейсінің негізгі элементтері: меню қатары, құралдар тақтасы, құралдар жиыны, қалып-күй қатары және түстер палитрасы орналасады. Corel Draw графиктік редакторында Windows-тың стандарты батырмалары, командалары (жабу, ашу, бүктеу, қайта қалпына келтіру, буфермен жұмыс және тағы басқалар) қолданылады. Және де Параметрлер терезесінен парақтың пішімін (формат страницы) және бағдарын (альбомная и книжная оиентация), реннің түсін(фон), макеттерін келтіруге болады. Параметрлер терезесін ашу үшін



Макет Парақ параметрлері (Размещение Настройка страницы) командасын орындау керек.

CorelDRAW қосымшасының терезесі

CorelDRAW-ды жүктегенде сурет салатын терезесі бар қосымша терезесі ашылады. Сурет салу терезесінің ортасындағы тіктөртбұрышты аймақ – сурет салу беті. Төменде CorelDRAW терезі және элементтері.




1.2 тақырып..Бейне құрамы. Сызықтар және мәтіндермен жұмыс істеу
1. Жаңа құжатты жасау. Corel Draw графиктік редакторын ашқанда қыстырмадан жаңа графикті таңдасақ жаңа құжат ашылады. Немесе стандартты құралдар тақтасынан «Жаңа» батырмасын басу арқылы жаңа құжат ашуға болады. Файл Жаңа (Файл Новый) командасы арқылы да жасауға болады. Жаңа құжат пішімін (формат) құралдар тақтасынан таңдаймыз.

2. Құжатты ашу. Мұны да қыстырмадан таңдауға немесе Файл => Ашу (Файл => Открыть) командасы арқылы орындауға болады. Сол кезде Құжатты ашу терезесі ашылады. Мұнда ашылатын құжаттың тұрған бумасын көрсетеміз. Сол арқылы іздеген құжатты табамыз. Файл типі тізімінен керекті құжат форматын көрсетуге болады. Және құжатты Алдын- ала көруге болады. Егер ашатын құжат Corel Draw, Corel R.A.V.E немесе Corel Photo-Point файлы болса, онда алдын-ала құжаттың версиясын, қолданба программаның атын, ескерту, түйінді сөз, жасалған уақытын, тілін және типін білуге болады. Бірнеше құжаттарды Ctrl және Shift пернелерінің комбинациялары арқылы таңдап ашуға болады. Басқа программаның құжатын ашқанда, ондағы графиктік және мәтіндік объекттер Corel Draw қолдайтын эквиваленттерге айналады. Кейбір құжаттар Corel Draw- да ашылмайды. Ол жағдайда құжатты импорттау керек.

3. Құжатты сақтау. Ең бірінші сақтағанда Файл => Сақтау (Файл =>Сохранить) командасымен сақталады. Сол уақытта Құжатты сақтау терезесі ашылады. Мұнда сақталатын құжаттың аты,версиясы (алдыңғы 5версияға дейін) Егер құжат алдыңғы версияда сақталса,онда кейбір эффекттерден айырылады, нобай Нобай алдын-ала көру ауданында көрінетін кішкене көріністің параметрлерін көрсетеді. 10 Кбайт(толық түрлі- түсті көрініс), 5 Кбайт (түстер жиынында шектеуі бар түрлі-түсті көрініс), 1 Кбайт (монохромдақ -қара түсті көрініс) және көрініс жоқ форматтарының бірі белгіленеді, тек белгіленгенобъекттерді сақтау Тек белгіленген объекттерді ғана сақтайды. Бұл келешекте тек белгіленген объектілермен жұмыс істеу үшін қолайлы, Web-баспа аты үшін қауіпсіз файл аты Егер сақталатын құжатты Web-бет ретінде қолданғыңыз келсе, осы бөлімді белгілеңіз, True Doc- пен қаріпті(шрифт) енгізу Басқа операциялық жүйеде не программада сіз қолданған қаріптер болмауы мүмкін. Егер бұл бөлімді белгілесеңіз, қаріптер басқа жерлерде қиындықсыз ашылатындай болып өзгереді сияқтыларды белгілеуге болады.

4.Қалай сақтау командасы. Бұл Сақтау командасымен өте ұқсас. Бірақ басқа параметрлерін сақтай отырып, көшірмесін (копия) сақтауға болады.

5.Жабу. Программа Файл Шығу(Файл Выход)командасы арқылы, ал құжат Терезе Жабу (Окно закрыть)арқылы жабылады.Егер барлық құжатты жабатын болса, Терезе Бәрін жабу командасын белгілесе жеткілікті. Көбінесе жабу командасынан кейін Өгерісті сақтау-сақтамау туралы сұқбат терезесі шығады.

6.Үлгіні (шаблон) ашу. Егер шаблонды пайдаланып жұмыс істеу керек болса, онда Файл Үлгі бойынша ашу (Файл Создать по шаблону) командасы орындалады. Бұл терезенің үстіңгі бөлігіндегі Толық бет,Белгі, Буклет, Брошюра және Web үшін үлгі бөлімдерінен керекті үлгіні іздеуге болады. Шолу бөлімінен ертеректе сақталған үлгіні пайдалануға болады. Және де әр бөлімдегі тізімнің бірінші үлгісі таза үлгі бланкісін ашуға болады.

7. Альбомдар. Бұл жапсырмалы терезеде көп қолданатын векторлық және растрлық суреттер, макеттер және сызбаларды орналастыруға болады. Clipart жинағынан суреттер, формалар және Интернетке рұқсат болса,Corel фирмасының Web-сайтынан объекттерді жүктеуге болады. Альбомды ашу үшін Құралдар => Альбомдар => Іздеу (Инструменты =>Тектографический файл =>Поиск) командасын орындау керек.

8. Файлдарды импорттау. Импорт - сырттан әртүрлі форматтағы файлдарды енгізу. Corel Draw 11 импортты 61 фильтр арқылы өткізеді. Импорттау Файл =>Импорт командасы арқылы жүзеге асады.

9.Файлдарды экспорттау. Бұл ағымдағы (текущий) файлдың басқа программаларда қиындықсыз колдану үшін қажет. Экспорттау үшін файл сақтағаннан кейін Файл => Экспорт командасын орындау керек. Экспорттау терезесінде файл форматын көрсетіп экспорттайды. Содан кейін файлдың параметрлерін келтіруге болады.

Сызықтар және мәтіндермен жұмыс істеу

Corel Draw графиктік редакторындағы құралдар және олармен жұмыс. Құралдармен жұмыстан бұрын объектімен жұмысты (белгілеу, жылжыту, өлшемін ұзарту-қысқарту, көшірмесін алу, өшіру және тағы да басқа қарапайым операциялар) қарастырсақ.

Таңдау құралы. Таңдау құралы – ең маңызды құралдардың бірі. Алдыңғы айтылған операциялар осы құрал арқылы орындалады. Белгілеу дегеніміз объектіні Таңдау құралымен үстінен бір рет шерту. Жылжыту таңдау құралымен объектінің үстінен басып тұрып керекті жерге апарамыз. Өлшемін ұзарту-қысқарту объектінің шеткі маркерленрін тарту не қысу арқылы орындалады. Егер Shift пернесін бірге басып өлшемін өзгертсе, центрге қарағанда ұзарады не қысылады немесе үлкейеді не кішірейеді. Объектіні қисайту арқылы объектіні айналдыру, қисайту, өске қарағанда айналдыру операцияларын орындайды. Өшіру Таңдау құралымен белгіленген объектіні Delete пернесін басу арқылы жүзеге асырылады. Көшірмесін алудың бірнеше түрі бар: 1) Жылжыту кезінде тышқанның оң жағын шертсе 2) Жылжыту кезінде бос орын(пробел) пернесін басу арқылы 3) Объектіні белгілеп + пернесін(цифрлық бөлігіндегі) басса, 4) Қосарлау арқылы Ctrl+D пернесін басса көшірмесі пайда болады. Клондау – көшірме алудың ең қызық түрі. Белгіленген объектіні Түзету→Клондау (Редактировать→Клонировать) арқылы клондасақ, көшірмесі шығады. Егер клондалған объектіні өзгертсек, клон-көшірмелері де өзгереді.

Базалық фигуралар. Базалық фигуралар Құралдар жиынында орналасады. Құралды таңдау құралдар жиынынан белгілеу немесе тышқанның оң жағы→объектті жасау →құрал командасы арқылы орындалады.

Тіктөртбұрыш. Тіктөртбұрышты таңдап, бір төбесін тышқанды шертіп белгілеп жібермей диагональ арқылы қарама-қарсы төбесін көрсетіп тышқанды жібереміз. Тіктөртбұрыштың төбелерін дөңгелектеуге болады.


Үш нүктелі тіктөртбұрыш. Үш нүктелі тіктөртбұрыш салу үшін бірінші бір төбесін белгілеп сол арқылы тіктөртбұрыштың бір қабырғасын саламыз, сосын тышқанды жібергеннен кейін биіктігін көрсету арқылы тіктөртбұрышты салуды бітіреміз

Эллипс. Тышқанды бір шертіп жібермей, қалаған жаққа қарай тарсақ салынатын эллипстің контуры көрінеді, тышқанды жіберсек келтірілген формаға келеді.

Құралдың қасиеттік тақтасынан салынған эллипсті доғаға не секторға ауыстырып, бұрыштарын келтіруге болады





Үш нүктелі эллипс. Үш нүктелі эллипс үш нүктелі тіктөртбұрышты салғандай етіп салады.



Көпбұрыш. Көпбұрыш салу тіктөртбұрыш сияқты оңай. Қасиеттік тақтада бұрыштар санын көпбұрыштық не жұлдыздық режимін және бұрыштардың сүйірленуін көрсетуге болады. Көпбұрыш арқылы 3-тен 500 бұрышты көпбұрыш салуға болады.



Спираль. Спираль салынғаннан кейін қасиеттік тақтада орама санын, симметриялық не огарифмдік спираль қылып өзгертуге болады.





Диаграмдық тор. Қасиеттік тақтада тордың қатар мен баған санын және тордың шаршысының өлшемдерін өзгертіп, сан түрлі торлар салуға

болады. Автофигуралар. Автофигуралар – бұл динамикалық объектілер. Автофигураларды сырт көрінісінін бір не бірнеше контрольдық нүктелер (маркерлер) арқылы өзгертуге болады. Автофигуралар беске: негізгі фигуралар, бағдар, блок-схема, жұлдыз және шығарылған сөздер(выноски) болып бөлінеді.

Түзу салу құралдары. Түзу салу құралдары - Қисық(свободная рука), Безье қисығы, Көркемдік түзу(живопись), Қылқалам(перо), Сынық (Ломаной), Үш нүктелі қисық, Өлшемдік және Интерактивті түзу қосқыш (инструмент интерактивного соеденения ) құралдары. Түзу салу құралдарының мақсаты бір болса да, қолданатын жері мен қолдану ережелері әртүрлі. Барлық түзу тышқанды шетіп жібермей сызылады. Бұл құралдардың кейбірі бірнеше құралдардан тұрады. Төменде кейбір бір-біріне ұқсастығы бар құралдарға сипаттама берілген.



Көркемдік түзу. Көркемдік түзу әртүрлі “көркемдік түзулер” түрін салуға өте ыңғайлы. өркемдік түзу құралы режимінде 5 түрлі: Дайын штрихтар(загатовка), Бояғыш(кисть), Бүріккіш(пульверизатор), Каллиграфиялық қылқалам, Қысқышы бар қылқалам(перо с нажимом).

Дайын штрихтар қалыңдығы 0,03-тен 10 дюймге дейін жететін 23 түрлі штихтарды айдаланып түзу сызуға болады.

Бояғыш арқылы дайын штрихтар тізімінен әртүрлі штрихті пайдаланып түзулер сызуға болады.

Бүріккішпен жұмыс істеу қиындау. Ол сызылған түзу орнына дайын объектілер тобын салады. Мысалы, шарлар, шөп, гүлдер, адамдар, жапырақтар және адамның ізі – объект бола алады.

Каллиграфиялық қылқалам мен қысқышы бар қылқаламның қалыңдықтарын және бұрышын өзгертуге болады.



Осы құралдарды пайдалана отырып алынған түзуді дайын штрих ретінде сақтауға болады. Оны көп пайдаланатын түзулерге қолданған жөн.

Қисық және сынық құралдары. Екеуі де қисық сызық не түзу сызық сызуға көмектеседі. Екеуінің айырмашылығы Қисық құралымен түзудің басын тышқанды шерту арқылы бастапқы нүктесін белгілеп жібермей соңғы нүктесінде тышқанды жіберсек, түзуді сол жерде үзіп аламыз.



Үш нүктелі қисық құралы. Тышқан арқылы түзудің бастапқы нүктесін көрсетіп тышқанды жібермей соңғы нүктесін көрсеткеннен кейін тышқанды қозғау арқылы керек қисықты аламыз.



Безье қисығы және қылқалам құралдары. Бұл екеуіде дәл қисықтарды салуға арналған. Бірақ Безье қисығы құралымен қисықты үлкен дәлдікпен салуға болады.

Осы екі құралмен салынған қисықтар түйіндерден тұрады. Түйіндерді қозғау арқылы қисықты қисайтуға болады. Түйіндермен жұмыста Форма құралы арқылы жүзеге асырылады. Қасиеттік тақтадағы түйіндермен жұмыс батырмалармен керек қисықты аламыз.



Өлшемдік құрал. Өлшемдік құрал инженерия, архитектура, электромеханика және тағы басқа салаларда жұмыс істейтіндерге қажет. Қасиеттік тақтаны пайдаланып, объектінің ұзындығын, енін, бұрышын және тағы басқаларының өлшемдерін көрсетуге болады.

Интерактивті түзу қосқыш құралы. Бұл құрал блок-схема, ғылыми және техникалық диаграмма сызуға арналған.

Мұнда объектіге қолданылған өзгерістерді бірден көре аламыз. Ал Жиектеу қаламының сұхбат терезінде жасалған өзгерістерді Ok батырмасы арқылы бекітеміз. Жиектеу қаламының сұхбат терезінде жиектің түрін, түсін, қалыңдығын, бұрышын және тағы басқаларын өзгерте аламыз





Жиектеу қаламының сұхбат терезесі Жиектеу қаламы құралының жиынында жиектің түсі сұхбат терезесі, жиектеу қаламының сұхбат терезесі, түстер докері, 7 дайын жиек және тағы

басқалар бар



Пышақ құралы. Бұл құрыл боектіні кесіп тастауға арналған. Егерқұралдың қасиеттік тақтасында қиюдан кейін автотұйықталу(автоматическое замыкание при отрезании) батырмасы басылса, кесілген объект тұйықталады. Ал бір объект қылып сақтау батырмасы басылмаса, объект екі бөлек фигуралардан тұратын болады.

Өшіргіш құралы. Өшіргіш суреттің керек емес жерін интерактивті өшіруге арналған. Құралдың қасиеттік тақтасында өшіргіш диаметрін, формасын және тағы басқаларын өзгертуге болады.

Езгіш бояуыш құралы. Езгіш бояуыш арқылы фигураның жиегін өзгертуге, ашып айтқанда езіліп жатқан сияқты қылып көрсетуге болады. Құралдың қасиеттік тақтасында езгіш бояуыштың қалыңдығын, интенсивтілігін және тағы басқаларын келтіруге болады.

Еркін өзгертуші құралы. Бір қарағанда Таңдау құралы мен Еркін өзгертуші құралы айырмашылығы жоқ сияқты. Бірақ Еркін өзгертуші құралы қасиеттік тақта мен Трансформация жапсырма терезесін пайдаланып үлкен дәлдікке қол жеткіземіз.

Масштаб және Қол құралдары. Бұл құралдар парақтағы объектілерді қарауға,бағдарлауға және масштабты үлкейту-кішірейту арналған.

Қорыта айтқанда пакеті қуатты құралдар, графикалық дизайнның қиын тапсырмаларын оңайлатады, сан түрлі эффекттер, үш өлшемді графикамен жұмыс, растрлық объекттерді өңдеу және т.с.с. Corel DrawGraphics Suite 11 пакетінің өзіне теңдесі жоқ мықты графикалық пакет екендігін дәләлдейді.




    1. тақырып Растрлық графика АdobePhotoshoр. Бас терезе негізгі түсініктер.

Негізгі палитралар.

Растрлық графиканы өңдеу үшін Adobe компониясының PhotoShop пакеті ерекше орын алады. Қазіргі таңда бұл программа компьютерлік графикада стандартты болып есептеледі. PhotoShop – бұл Windows операциондық жүйе басқармасымен Macintosh және PC компьютеріне арналған профессионалды деңгейде бейне және сурет редакторы болып табылады. Бейнелер мен суреттермен жұмыс істеу үшін FotoShop – тың негізгі мүмкіндіктері.

 Бейнелердің режимін ауыстыру

 Түстерді коррекциялау (өңдеу)

 Бейненің деформациясы, қозғалысы

 Қабаттармен (слоя) жұмыс, қабаттарды жеке – жеке редактрлеу, олардың аралығында эффекттер құру

 Фрагменттермен жұмыс істеудің және бөлудің аса үлкен мүмкіндігі

 Фильтрдің өте көп мөлшері

 Сурет салуға арналған көптеген аспаптардың болуы

 Мәтін енгізу

Әдетте, Photoshop редакторы сурет салу, стильдеу, фотомонтаж жасау, сапасыз фотосуреттерді өңдеу және өзінің бейнелерін құру болып табылады. Photohop жаңадан бейнелерді құру мүмкіндігі болғанмен, негізгі тағайындалуы – дайын суреттерді редактрлеу болып табылады.

  1   2   3   4

  • Кіріспе. Компьютерлік графика түсінігі. Растрлық және векторлық графика.
  • Компьютерлік графиканың түрлері.
  • 1.1 тақырып. Corel Draw векторлық графикасының графикалық редакторы Қолданушы интерфейсі және жұмыс ортасы
  • Макет Парақ параметрлері
  • 1.2 тақырып. .Бейне құрамы. Сызықтар және мәтіндермен жұмыс істеу 1. Жаңа құжатты жасау.
  • Файл Жаңа
  • Файл => Ашу (Файл =>
  • 4.Қалай сақтау командасы.
  • Құралдар => Альбомдар => Іздеу
  • Файл =>Импорт
  • Сызықтар және мәтіндермен жұмыс істеу Corel Draw графиктік редакторындағы құралдар және олармен жұмыс.
  • Түзету→Клондау
  • Үш нүктелі тіктөртбұрыш.
  • Қисық және сынық құралдары.
  • Үш нүктелі қисық құралы.
  • Безье қисығы және қылқалам құралдары.
  • Интерактивті түзу қосқыш құралы.
  • Жиектеу қаламының сұхбат
  • Жиектеу қаламының сұхбат терезесі
  • Еркін өзгертуші құралы.
  • Масштаб және Қол құралдары.
  • PhotoShop

  • жүктеу 0.7 Mb.