Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Компьютерлік желі» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені

жүктеу 0.7 Mb.



жүктеу 0.7 Mb.
бет3/4
Дата26.03.2017
өлшемі0.7 Mb.

«Компьютерлік желі» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


1   2   3   4

ГЛОССАРИЙ

Компьютерлік желі пәні бойынша глоссарий
Компьютерлік желі (компьютерная сеть) – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізетін бір-бірімен телеқатынас құру құралдары, яғни компьютерлік желі (байланыс желісі, есептеу желісі).
Глосарий - белгілі бір шығармада кездесетін, сирек қолданылатын сөздердің түсіндірме сөздігі. .
Бір-бірімен мәлімет алмасу мүмкіндіктерімен (кабельдермен, радиоарналармен) байланысқан жұмыс станциялары, коммутация тораптары серверлер және т.б. құрылғылар жиыны.
Желі абоненті (абонент сети) – желіге қосылған компьютер немесе басқа құрылғы.
Жергілікті (локальный)- пайдаланушыға немесе белгілі бір аумаққа тікелей жақын орналасқан құрылғыны немесе орындалатын операцияны сипаттайтын анықтауыш.
Жергілікті есептеу желісі (локальная вычислительная сеть)- бір бірінен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және мәліметтер тасымалданатын физикалық орта арқылы біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер (есептеу машиналары, жад құрылғылары, принтерлер және т.б.
Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.
электрондық құрылғылар) жиынтығы. Мұндай желідегі жабдықтар бір ғимаратта немесе бір-біріне жақын, қатар тұрған бірнеше ғимаратта орналасады.
Файлдық сервер- файлдар архиві мен оның иесі арасында қатынас жасауды қамтамасыз ететін программалар.
Торап (сеть) - 1. есептеу желісі, деректермен алмасу желісі-алыстан қатынас жасау жабдықтары. 2.Бір-біріне немесе орталық серверге қосылған ортақ ресурстарды қолданатын компьютерлер торабы.
Жалпы желі (сеть глобальная)- компьютерлік желілерді олардың географиялық мекен-жайынан тәуелсіз түрде интеграциялау.
Порттар (порты) құрылғыдағы көпразрядты енгізу немесе шығару тетіктері. Тізбектелген және параллель порттар болады.
Почта жәшігі (почтовый ящик) – абонентке арналған барлық мәліметтерді қабылдайтын хост-машина жадының бір бөлігі.
Программа- өңделуге тиісті реттелген командалар тізбегі, есепті шешу алгоритмін сипаттайтын программалау тілінің сөйлемдер тізбегі.
Коммуникациялық программа- электрондық почтаның программалық жабдықтары.
Протоколдар (хаттамалар)- хабарларды жібері формалары мен тәсілдерін анықтайтын стандарттар. Протоколдар әртүрлі құрал-жабдықтардың желілерде бірге жұмыс істеу тәртіптерін орнатады.
Маршрут- мәлімет жинақтағыш дискілердің логикалық аттарынан және өзара сатылы түрде байланысқан бағынышты каталогтар аттарының тізбегіне тұратын белгілеу.
ДИСК (Disk) - шығарып оку-жазу бастиегіне қатысты айналдырылатын диск формасындағы мәліметтер. тасуышы; ақпаратты сақтау және қайта шығару қасиеті бар жұқа материалмен қапталған дөңгелек пластинка түрінде жасалған мәлімет тасуыш құрылғы.

Хост- компьютержелідегі басты машина, яғни орталық ЭЕМ.
Электрондық почта (электронная почта)- шапшаң қызмет ету жүйесіндегі басқа компьютерге жіберілген кез-келген хабар.
UNIX - компьютер желілерінде кеңінен қолданылатын қуатты әрі бірнеше тапсырманы қатар орындай алатын операциялық жүйе.
5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ.
1 дәріс. Тақырыбы:Компьютерлік желілерге кіріспе

1.Үлестірілген желілер түсінігі мен түрлері

2. Желілі программалық қолданбаларды құру принциптері. Сервер. Желілер қызметі. Желіні топтастыру және негізгі мінездемелері.

3. Негізгі топологиялар. Желіде қолданылатын аттар мен адрес принциптері.


2 дәріс. Тақырыбы: Ашық жүйелердің өзара әсер моделі. Жергілікті компьютерлік желіге арналған өзара әсер моделі.

1. Хаттама, интерфейс, коммуникациялық хаттамаларының стегі ұғымдары.

2. Коммуникациялы хаттамалардың стандартты стектері.
3 дәріс. Тақырыбы: Мәліметтерді тасымалдау режимі

1. Мәліметтерді тасымалдау кодтары Мәліметтерді синхронизациялау типтері Кабельдердің стандарттары.

2. Желілік кабель - физикалык өткізу ортасы. Кабельдердің негізгі типтері.

Коннектор. Қысқыш.

3. Компьютерлік желідегі коммутация әдістері. Пакеттердің коммутация принциптері
4 дәріс. Тақырыбы: Жергілікті желілердің негізгі технологиялары.

1. Ethernet технологиясы

2. FDDI технологиясы
5 дәріс. Тақырыбы: Жергілікті желілердің коммуникациялы жабдықтауы.

1.Желілі адаптерлердің функциялары, мінездемелері және күйге келтіру параметрлері. Қайталауыштар және концентраторлар.

2. Виртуальды жергілікті желінің технологиясы

3. Маршрутизация принциптері мен алгоритмдері. Маршрутизаторларды топтастыру және негізгі мінездемелері.


6 дәріс. Тақырыбы: TCP/IP хаттамаларының стегі.

1. IP протоколы. IP хаттамаларының құрылымы. IP желідегі адрестер. IP адрес кластары.

2. Маска қолдану. Маскасыз доменді маршрутизация технологиясы.

3. Қолданбалы деңгейдің протоколдар және қызметтері.


7 дәріс. Тақырыбы: Желілі операциялық жүйелер.

1.Функция және архитектурасы. Жергілікті және үлестірілген ресурстарды басқару

2.Қазіргі замандағы операциялық жүйелерге шолу.

3.UNIX операциялық жүйелер тобы.


8 дәріс. Тақырыбы: Компьютерлік желілерде басқару құралдарын қолдану

1. Басқарушы функциялары және басқару құралдары. Желі архитектура деңгейлері және желі хаттамалары. Пайдаланушыларды басқару.

2.Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін архитектура.

3. Мәліметтерді қорғау әдістері. Аутентификация әдістері және рұқсаттарды басқару.


9 дәріс. Тақырыбы: Компьютерлік тораптардың қысқаша даму тарихы

1.Компьютерлік тораптардың қысқаша даму тарихы.

2.Компьютерлік тораптардың жіктелуі.

3. Жергілікті және ауқымды тораптар.

Негізгі оқулық:[1…3]

Қосымша оқулық:[4],[5]


10 дәріс. Тақырыбы: Компьютерлік тораптарды құру негіздері

1.Тораптық элементтердің топологиялық жіктелуі.

2.Негізгі түсініктер: тораптар түйіндері, кабельді сегмент, тораптық сегмент, логикалық торап, бұлттар, активті және пассивті коммуникациялық құрылғылар.

3.Физикалық және логикалық топология. Бірлік ортасына қатынас құру әдістері.

Негізгі оқулық:[1…4]

Қосымша оқулық:[5],[6]


11 дәріс. Тақырыбы: Тораптық шешімдерді стандарттау

1.

Стандарттау, үлгіқалыптау (ағылш. standardization) - есептеуіш техниканың аппараттық және программалық құралдарын ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану тұрғысында қабылданған келісім; стандарттарды, нормалар мен ережелерді және т.б.
Стандарттар көзі.

2.Ашық жүйелер қарым-қатынасын ұйымдастырудың базалық моделі.

3.«Ашық жүйе» түсінігі. Функцияналдық деңгей түсінігі.

4.Физикалық, каналдық, тораптық, транспорттық, сеанстық және қолданбалы деңгейдің негізгі функциялары.

5.OSI, TCP/IP, IPX/SPX, NETBIOS/SMB, SNA, DECnet IEEE802.х стектері.

Негізгі оқулық:[1…4]

Қосымша оқулық:[5],[7]


12 дәріс. Тақырыбы: Компьютерлік тораптардың аппараттық құралдары

1.Коммуникациялық құралдардың қазіргі компьютерлік тораптардағы ролі.

2.Коммуникациялық тораптардың негізгі түрлерінің функциональды аттары, байланыс желілері, тораптық адаптерлер, қайталағыштар мен конденсаторлар, көпірлер мен конденсаторлар, маршрутизаторлар, шлюздар.

3.Коммуникациялық құралдардың OSI модель деңгейіне сай келуі.

Негізгі оқулық:[1…4]

Қосымша оқулық:[5…7]


13 дәріс. Тақырыбы: Жергілікті тораптарды құру және қолдану технологиялары

1.Жергілікті тораптарды құру мақстаында активті және пассивті құралдарды таңдау.

2.Серверге, жұмыс станциясына және торапқа жалпы қойылатын талаптар.

Негізгі оқулық:[1…4]

Қосымша оқулық:[6],[7]
14 дәріс. Тақырыбы: Ауқымды тораптарды құру және қолдану технологиялары

1.Ауқымды тораптарды құру функциялары мен құралдарының жалпы сипаттамасы.

2.Ауқымды тораптардың жалпы құрылымы.

3.Ауқымды тораптардың түрлері

4. Электрондық почта

Негізгі оқулық:[1…4]

Қосымша оқулық:[5…8]
15 дәріс. Тақырыбы: Тораптық программалық қамтама

1.Біррангтық компьютерлік тораптардың операциялық жүйелері.

2.Бөлініп алынған сервердің тораптық операциялық жүйелері.

3.Тораптарды басқару және талдау құралдарына шолу.

4.Ақпаратты сақтау, іздеу, өңдеу және көрсетудің қазіргі кездегі технологиялары мен программалық құралдарына шолу.

Негізгі оқулық:[1…4]

Қосымша оқулық:[5…8]


6. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырыбы

Апта

Әдебиеттер

1

Дискіенгізгішке жол ашу


1

[1…4]

2

Желілік принтер орнату.



2

[2…8]

3

Желіге қосылуды тексеру. Желілік кабель физикалық өткізу ортасы. Кабельдердің негізгі типтері.

Коннектор. Қысқыш.



3

[1…4]

4

Автономиялық бума құру


4

[3…5]

5

Интернет желісіне қосылуға байланыс орнату


5

[1…4]

6

Microsoft Outlook Express көмегімен пошта жіберу және алу үшін есеп жазбасын орнату


6

[2…4]

7

Microsoft Outlook Express көмегімен хабар жасау және жіберу


7

[6…10]

8

Microsoft Outlook Express көмегімен тез жеткізілуі тиіс хабарламаларды жасау және жіберу


8

[1…4]

9

Mail.kz серверінен хабарламалар жіберу


9

[1…4]

10

Тораптардың түрі мен топологиясын таңдау


10

[4], [6]

[5], [6]



11

Тораптарды жоспарлау мен іске асыру


11

[1], [3]

[5…8]



12

Административтік тораптар


12

[1], [3]

[5…8]



13

Сымсыз тораптар


13

[1], [3]

[1], [4]


14

Тораптардағы ақпараттарды қорғау


14

[1], [3]

[5…8]


15

Тораптық проблемаларды шешу


15

[5…8]

[1], [3]



7. ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Нұсқау (Инструкция; лат. instructio - құру, ереже) - әскердің (күштің) қандай да бір жағын реттейтін немесе ұрыс құралдарын қолдану мен пайдалану мәселелері бойынша толық нұсқаулары бар құжат. Нұсқау мемлекеттің қолданыстағы заңдары, үкіметтің қаулылары, бұйрықтар мен директивалар, жарғылар мен басшылыққа алынатын құжаттардың негізінде шығарылады, Нұсқауды шығару құқығы қорғаныс министріне, оның орынбасарларына, қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшысына, әскер түрлерінің (арнайы әскер түрлерінің) қолбасшыларына (бастықтарына) берілген. Нұсқауда әдетте жойғыш құралдарды қолдану және ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету (бомба тастау бойынша нұсқау), жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету (жаттығу және ұрыс атыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқау) мәселелері көрсетіледі. Мұнда, сонымен қатар, қандай да бір қызметгі реттейтін ережелер мен нормалар айтылуы мүмкін (әскери тасымал құжаттарын есепке алу тәртібі, оларды ресімдеу мен пайдалану және әскери тасымалдардың төлемақысы туралы нұсқау). Қорғаныс министрлігінің орталық аппараттарындағы органдары шығаратын әскерлердегі (флот күштеріндегі) нұсқаулардан басқа, әскер қызметіне катысты, мысалы, полк кезекшісінің нұсқауы, қарауыл бастығының нұсқауы сияқты нұсқаулар дайындалады. Бұл нұсқаулардың мазмұны әскери жарғы талаптары мен әскерді (флот күштерін) орналастыру ерекшеліктерін есепке алуға негізделеді. Нұсқау ережелері міндетті түрде орындалуы тиіс.

Пәнді оқыту негізінен дәріс, зертханалық жұмыс, СОБӨЖ және өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны дәрісте беріліп, теориялық білім түсініледі.

Компьютерлік желі пәні бұрын оқытылған пәндер негізінде оқытылады:


  • Операциялық жүйелер

  • Программалар

  • Схемотехника негіздері

  • Дискреттік математика

  • Деректер құрылымы мен алгоритмдері

Осы аталған пәндерде алынған білім компьютерлік желілерін құру, қолдану сауалдарын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, әртүрлі операциялық жүйелер желі арқылы ақпарат алмасуда әр түрлі интерфейстерді қолданады. Оны дұрыс қолдана білу үшін операциялық жүйе жайында бастапқы білім қажет. Компьютер желілерінің аппараттық құралодар жұмысын түсіну үшін «Схемотехника» пәнінен базистік білімдер керек. «Дискреттік математика» пәні желінің логикалық байланысын маршрутизация алгоритмдерін түсінуге мүмкіндік береді. Ал ақпараттарды кодтау, тасымалдау, қорғау сауалдарын дұрыс игеру үшін «Деректер құрылымы мен алгоритмдері» атты пәнде алынған білімдер қажет болады. Таралған жүйелерде тұтынушы мен қолданбалар жұмыстарын дұрыс баптай алу үшін студенттің программалау негіздерін білгені көмек етеді.

«Компьютерлік желі» пәнін оқыту барысында «Жүйелік программалау», «Тиімділік әдістері мен операцияларды зерттеу» пәндері оқытылуы ортақ сауалдарды барлық жағынан талдап, дұрыс түсінуге көмек етеді.
Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: MICROSOFT Internet Explorer броузерінің бастапқы бетін баптау.

Internet Explorer (қысқаша ІЕ не MSIE) - Microsoft компаниясы 1995 ж. бастап Microsoft Windows амалдық жүйесі құрамдас бөлігі ретінде жасаған графиктік ғаламтор шолғыш өнімі. Бұл бағдарлама 1999 ж. бастап дүние жүзі бойынша қолданымы ең көлемді бағдарлама болып, 2002-2003 жж.


1. Internet Explorer іске қосыңыз (Пуск- программы- Internet Explorer).

2. Егер іске қосылғаннан кейін программа бірден қандай да бір web- бетті жүктеуге тырысса, Тоқта (стоп) батырмасын шертіп, жүктеуді тоқтатыңыз. Адрес жолындағы жазбалар бойынша броузер бастапқы бет ретінде қолданған беттің URL- адресін орнатыңыз

3. Сервис- шолушының қасиеттері (Сервис- Свойства обазрователя) сұхбат терезесінде Жалпы (Общие) қыстырмасын ашңыз.

4. Үй беті (Домашняя страница) панелінде Адрес өрісін іздеп тауып, осы өрістегі жазба бойынша броузер бастапқы бет ретінде қолданған беттің URL- адресін орнатыңыз.

5. Бос беттен (С пустой) батырмасын шертіңіз. Бастапқы беттің адрес өрісінде about: blank жазбасы шыққанын байқаңыз. Бұл қайта қосқанда, программа бастапқы бет ретінде ешқандай web- бетті жүктемейтінін көрсетеді.

6. Қолдану (Применить) батырмасын шертіп, одан соң шолушының қасиеттері (Свойства обазрователя) сұхбат терезесін ОК батырмасын шерту арқылы жабыңыз.

7. Программа терезесін жабыңыз.

8. 1-ші бөлімінде көрсетілгендей программаны қайта қосыңыз.

9. Программаны қайта қосқаннан кейін ешқандай бастапқы беттің жүктелмейтіндігін және Адрес өрісінде about: blank хабарламасы жазылғанына көз жеткізіңіз. Программа терезесін жабыңыз.
Зертханалық жұмыс №2

Тақырыбы: Web- бетті көру және сақтау


1. Internet Explorer программасын іске қосыңыз (Пуск- программы- Internet Explorer).

2. Адрестік жолдың өрісіне келесі URL- адресін енгізіңіз: www. rambler. ru – Рамблер іздестіру жүйесінің титулдық беттерінен жүктелу басталады.

3. Титулдық бетте Спорт бөлімін іздеп тауып және оның гиперсілтемесіне шерту арқылы оған өтіңіз.

4. Спорт бөлімінің сілтеме тізімінде Футбол сілтемесін іздеп табыңыз. Тышқан нұсқағышын соған бағыттап сол жақ батырмасын шерту арқылы Футболға арналған бөлімге өтіңіз.

5. Артқа (назад) батырмасын екі рет шерту арқылы іздестіру жүйесінің титулдық бетіне оралыңыз.

6. Алға (Вперед) батырмасын екі рет шерту арқылы Футбол бөліміне келіңіз

7. Броузер терезесін жаппас бұрын индикация панелінде орнатылған байланыс таңбасына тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Ашылған жанама менюден Ағытылу (Отключиться) бөлімін таңдаңыз- интернетке қосылу ажыратылады.

8. Артқа (назад) батырмасын екі рет шерту арқылы алдында қарастырған беттерге оралыңыз, ал сосын Алға (Вперед) батырмасын екі рет шерту арқылы кері қайтыңыз. Интернетке қосылмаған жағдайда да ертеде алынған web- беттер бойынша шолу жасауға болатынына көз жеткізіңіз. Бұл дербес режим деп аталады. Бұл жағдайда оның мүмкіншіліктері алынған web- беттердің компьютердің жедел жадында сақталуымен тығыз байланысты.

9. Ағымдағы web- бетті қатқыл дискіде сақтаңыз. Бұл үшін Файл- Қалай сақтау керек командасын орындаңыз. web- бетті сақтау сұхбат терезесі ашылады. Бұл жерде сақталатын бетке жаңа ат енгізуге болады. Файл типі ретінде web- бетті толығымен (web- страница полностью) нұсқасын таңдаңыз. Бұл жағдайда бет барлық безендіру элементтерімен бірге сақталынады, мысалы суреттерімен. Егер сақталатын файл типі ретінде web- бет тек HTML ғана таңдалынса, онда енгізілген объектілері бар қаптама сақталынбайды. Мұндай файлды кез-келген броузерде қарастыруға болады. Егер сақталу типі ретінде Мәтіндік файл таңдалынса, алдағы уақытта кез-келген мәтіндік процессорда қарастыруға болатын мәтін ғана сақталынады.

Мәтіндік файл (текстовый файл; text file) - құрамында құрылымдалмаған түрдегі ақпарат мәтіні бар файл; әріптерден, цифрлардан және тыныс белгілері мен арнайы символдардан құрастырылған қарапайым мәтіндік файл; онда каретканы қайтару мен келесі жолға ауысудан өзге басқару (пішімдеу) таңбалары болмайды.

10. web- беттің сақталу орны ретінде C: \Windows\ Temp қаптамасын алыңыз. Уақытша файлдарды Temp қаптамасында сақтау қабылданған.

11. Таңдамалы-Таңдамал қосу (Избранное- Добавить в избранное) командасын берсеңіз- Таңдамалыға қосу сұхбет терезесі ашылады. Оның құралдары бізге ағымдағы беттің URL- адресін есте сақтауға және болашақта оны броузердің адрес жолына енгізбеуге мүмкіншілік береді. ОК батырмасын басыңыз.

12. Таңдамалы командасын орындаңыз. Сол кезде менюде ағымдағы бетке сілтемесі бар жазба пайда болғанын көресіз.

13. Артқа батырмасының көмегімен алдыңғы бетке қайта ораласыз.

14. Таңдамалы командасын орындаңыз және жаңадан құрылған сілтемені шертіңіз. Адресі таңдамалы сілтемелердің тізімінде сақталынған бет бірденг жүктелетініне көз жеткізіңіз. Оның бейнесі жедел жадтан алынады. Болашақта ол Интернеттен жүктелінеді.

15. Таңдамалы командасын тағы да орындаңыз. Жаңа құрылдған сілтемені тауып аласыз. Оған тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, ашылған жанама менюден Жою (удалить) бөлімін таңдап алыңыз. Таңдамалы сілтемелердің тізіміндегі жаңа құрылған сілтеменің жоғалғанын байқайсыз.

16. Internet Explorer программасының жұмысын аяқтап, оның терезесін жабыңыз.



Зертханалық жұмыс №3

Тақырыбы: Түйінді сөз бойынша ақпарат іздестіру.


1. Internet Explorer программасын іске қосыңыз (Пуск- программы- Internet Explorer).

2. Адрестік жолдың өрісіне URL- адресін енгізіңіз. www. rambler. ru – Рамблер іздестіру жүйесінің титулдық беттерінен жүктелу басталады.

3. Жүктелген бетке назар аудара қарап шығып, түйінді сөздерді енгізетін өрісті (поиск) және іздеу салу батырмасын табыңыз. Біз компьютерге арналған web- бетті іздестірейік.

4. Түйінді сөздерді енгізу өрісіне компьютер сөзін енгізіңіз.

5. Іздеу батырмасын шертіңіз.

6. Іздеу нәтижесін қарап шығып, ең алғаш web- беттегі іздестіру нәтижесіне назар аударыңыз.

7. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне Сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз.

8. web- беттегі іздестіру нәтижесіне назар аудара отырып, іздеу нәтижесін қарап шығыңыз.

9. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне Компьютерные сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз.

10. Табылған web- беттердің сан мөлшерін жазып қойыңыз. Неге компьютерные сети сөзі бар беттің саны, компьютер сөзі бар және Сети сөзі бар беттерінің санынан аз екендігін түсіндіріңіз.

11. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне компьютер ОR сети сөзін енгізіп, Поиск батырмасын шертіңіз. (ОR немесе деген оператор)

12. Табылған web- беттердің сан мөлшерін жазып қойыңыз.

13. Артқа навигациялық батырмасының көмегімен Компьютерные сети түйіндес сөзінің іздеу нәтижесіне оралыңыз.

Навигация (лат. navіgatіon, navіgo - кемеде жүземін) - 1) теңізде жүзу, кеме қатынасы; 2) мұхит, теңіз, көл, бөген және өзендегі табиғат жағдайына байланысты кеме қатынасы болатын уақыт кезеңі.
Табылған web-ресурстардың тізімін қараңыз. Бірінші болып тұрған гиперсілтемені шертіңіз. Құжат жүктелуін күтіңіз және оның тиімділігін бағалаңыз.

14. Артқа навигациялық батырмасының көмегімен web-бетке оралыңыз және екінші гиперсілтемені пайдаланыңыз. Құжат жүктелуінің аяқталуын күтіп, тиімділігін бағалаңыз.


Зертханалық жұмыс №4

Тақырыбы: Менің желілік қоршауым


Желілік ресурстарды қарап шығу үшін жұмыс үстеліндегі Менің желілік қоршауым белгісінде, одан кейін ресурс таңбасында маусты екі рет шерту керек. Менің желілік қоршауым терезесінде барлық жұмыс станциялары мен жергілікті серверлері, бумалар, файлдар, басқа да ұжымдық қатынас құру ресурстары көрінеді. Терезе желілік ресурстармен: желілік принтерлермен, көрші бөлмедегі, басқа мекемедегі, алыс континенттегі басқа компьютерлер дискілермен қатынас құру мүмкіндігін береді.
Принтер (ағылш. printer) - мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі.
Windows 2000 Professional операциялық жүйесі бір мезгілде бірнеше телефон желілері арқылы жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Бұл бірлік уақыт ішінде таратылатын ақпарат көлемін арттырады. Байланыс орнатылатын компьютер басқа операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істеуі мүмкін. Менің желілік қоршауым терезесінде әрбір компьютер жеке шартты белгімен таратылған. Шартты белгі астында компьютердің аты көрсетілген. Ресурсты қолднаған кезде осы бумада автоматты түрде оның жарлығы пайда болады. Windows 2000 операциялық жүйесіндегі Менің желілік қоршауым бумасы Windows 98 жүйесіндегі Желілік қоршау бумасының жетілдірілген нұсқасы. Менің желілік қоршауым терезесіндегі шарт белгілердің қызметтері:

  • Желілік қоршаудағы Жаңа орын (Новое место в сетевом окружении)- желілік ресурсқа арналған таңба құру мүмкіндігін беретін шеберді іске қосады;

  • Барлық желі (Вся сеть)- мекеме желісіндегі жұмыс істейтін барлық компьютер жұмысын қарап шығуға, пайдаланушының жұмыс тобына кірмейтін компьютерге қослу мүмкіндігін береді;

  • Көрші компьютерлер (соседние компьютеры) – жеке компьютер кіретін жұмыс тобындағы компьютерлерді немесе доменді көрсетеді.

Менің желілік қоршауым терезесінде бумалар мен файлдарды бір компьютерден басқасына көшіру оңай орындалады.
Зертханалық жұмыс №5

Тақырыбы: Ортақ пайдаланылатын құрылғыға немесе бумаға ат беру.


Желідегі қатынасты жеделдету үшін ортақ пайдаланылатын құрылғыға немесе бумаға ат беруге болады.

1. Қашықтағы ресурсқа ат беру үшін Менің желілік қоршауым терезесінде Сервис менюінің Желілік дискіні қосу (Подключить сетевой диск) командасын орындаңыз.

2. Желілік диск атын ашылған Диск тізімінен таңдаймыз. Желілік диск аты ретінде латын алфавитінің әріптерін алуға болады.

Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады. Б.з.б. 7 ғасырдада Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б.
Мысалы қашықтағы дискіге Е әрпін беруге болады. Енді оны өз компьютеріңізге орнатылған диск сияқты қолдану мүмкіндігі бар. Ашылған бума тізімінде басқа компьютердегі ресурс аты келесі пішімде беріледі

\\ компьютер аты\ бума аты. Ресурс бұрын қолданылса оны тізімнен таңдауға болады. Жүйеге кірер кезде қалпына келтіру жалаушасын көтеру арқылы Windows жүктелгеннен кейін ортақ қолданылатын бумамен автоматты байланыс орнатуды қамтамасыз етуге болады. Жүктелу уақытының ұзаруына әсер ететіндіктен, мұндай режимді буманы жиі қолданатын кезде ған орнатқан дұрыс. Жұмыс үстелінде жиі қолданылатын ортақ ресурстың таңбасын құруға болады. Ол үшін Менің желілік қоршауым терезесінде қажетті ресурстың бумасын маустың оң жақ батырмасын басулы күйінде жұмыс үстеліне жеткізіп, таңба құру командасын орындау керек.
Зертханалык жұмыс №6

Тақырыбы: Түйінді сөз бойынша ақпарат іздестіру



  1. Internet Ехрlorer программасын іске қосыңыз.

  2. Адрестік жолдың өрісіне келесі URL-адресті енгізіңіз:— \www.гаmblег.гu Рамблер іздестіру жүйесінің титулдық беттерінен жүктеу басталады.

  3. Жүктелген бетке назар аудара қарап шығып, түйінді сездерді енгізетін өрісті (Поиск) және іздеу салу батырмасын (Поиск) табыңыз. Біз компьютерге арналған Wеb-беттерді іздестірейік.

  4. Түйінді сездерді енгізу өрісіне компьютер сөзін енгізіңіз. . Іздеу (Поиск) батырмасын шертіңіз. Іздеу нәтижесін қарап шығып, ең алғаш Web-беттегі іздестіру нәтижесіне назар аударыңыз.

  5. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне Компьютерные сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз. Web-беттегі іздестіру нәтижесіне назар аудара отырып, іздеу нәтижесін қарап шығыңыз.

  6. Табылған Wеb-беттердің сан мөлшерін жазып қойыңыз. Неге Компьютерные сети сөзі бар беттің саны, Компьютер сөзі бар және Сети сөзі бар беттерінің санынан аз екендігін түсіндіріңіз.

  7. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне компьютер ОК сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз.

  8. Web-беттегі іздестіру нәтижесіне назар аудара отырып,іздеу нәтижесін қарап шығыңыз.

  9. Түйіндес сөздерді еңгізу өрісіне Компютерные сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз.

  10. Табылған Wеb-беттердің сан мөлшерін жазып қойыңыз.Неге Компютерные сети сөзі бар беттің саны,Компьютер сөзі бар және Сети сөзі бар беттерінің санынан аз екенін түсіндіріңіз.

  11. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне компютер ОК сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз.(Бұл жағдайда ОR сөзі –іздеуге арналған түйіндес сөз емес,немесе деген логикалық)

  12. Табылған WеЬ-беттердің санын жазып қойыңыз.

  13. Артқа (Назад) навигациялық батырмасының көмегімен Компютерные сети түйіндес сөзінің іздеу нәтижесіне оралыңыз.Табылған Wеb-ресурстардың тізімін қараңыз. Бірінші болып тұрған гиперсілтемені шертіңіз.Құжат жүктелуін күтіңіз және оның тиімділігін бағалаңыз.

  14. Артқа (Назад)навигациялық батырмасының көмегімен алдыңғы Web-беткеоралыңыз және екінші гиперсілтемені пайдаланыңыз.Құжат жүктелуінің аяқталуын күтіп және оның тиімділігін бағалаңыз.


Зертханалық жұмыс №7

Тақырыбы: Электрондык поштамен жұмыс істеу үшін Outlook Ехргезз программасын баптау. Outlook Ехргезз программасын жұмыс істеуге даярлау үшін автоматтандырылған баптау құралдары қолданылады. Оқу мақсатында барлық амалдарды қолмен атқарған дұрыс.

1.Місгозoft Outlook Ехргезз программасын іске косыңыз (Пуск►Программы ►Outlook Ехргезз).

2.Өз атыңызға ұқсастыру жазбасын (куәлік) құрыңыз. Ол үшін Файл ► Куәліктер ► Куәлікті қосу (Файл► Удостоверения► Добавить удостоверения ) командасын орындаңыз -Жаңа ұқсастыру жазбасы(Новая идентификационная запись) сұхбат терезесі ашылады.Сәйкес өріске өз атыңызды енгізіңіз. Егер өз хаттарыңызды бөгде адамдар оқымасын десеңіз, онда пароль орнатуға болады. Ол үшін Қосқан кезде пароль сұрау (Запрашивать пароль при запуске) жалаушасын орнату керек. Біз бұл жаттығуды оқып-үйрену мақсатында орындап жатқандықтан, пароль енгізудің кажеті жоқ .

3.Өз атыңызға кұрылған ұқсастыру жазбасына өтіңіз. Ол үшін Файл►Куәлік ауыстыру (Файл ►Смена удостоверения) командасын орындаңыз, сонда Ұқсастыру жазбасы қосу (Переключение идентификационной записи) сұхбат терезесі ашылады. Осы жерден бұрын өзіңіз құрған жазбаны тандап, ОК батырмасын басыңыз.

4.Өзіңіз құрған ұқсастыру жазбасын қосканнан соң, Келіп түскен (Входящие) қаптамасы майлы каріппен ерекшеленгенін көресіз. Бұл —әлі оқылмаған хабар келіп түскендігін білдіреді (біздің жағдайда ол ертеректе әзірленген жарнамалық хабар).

Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo - жар саламын) - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.
Қаптаманың атына тышқанның оң батырмасын басып, тақырып панелі мен хабар панелінде
пайда болған ақпаратты қарап шығыңыз. Хабарды оқып алған соң оны

5.НТМL пішімімен жібсрілген хабардың қалай көрінетіндігін тексеріп,Пішім НТМL Пішімі (Формат Формат НТМL) командасын беріңіз.Бұл жағдайда хабар дайындау терезесінде басқару элементтері қаріпті,оның кескіні мен түсін пішімдеуге маркерлі және нөмірленген тізімдерді даярлауға мүмкіншілік беретін қосымша пішімдеу панелі пайда болатынын байқайсың.

6.НТМL пішімінде жіберілетін хабардың безсндірілуінде фондық суреттің қолданылу мүмкіндіктерін Тексеріңіз: Пішім Бланкіні қолдану Шлющ.һігп (ФорматШспояьзовагь бланкИЪІющ.һІт).


  1. ПішіМ^Кәдімгі мәтін (Формаі Юбычный текст) командасын
    пайдаланьш хабарды НТМL кұралларынын көмегімен бсзсндіруден бас
    тартыңыз,

  2. Хабарды жібсру командасын іске косьгныі. Бұл үшін Файп менюін
    ашып, белгіленгеіі екі ұксас комашшга иазар аударыңыз: Жіберу және
    Кейіиірвк ЖІберу (Ошравить и Отпралигь позже). Бірінші жағдайлу
    шүғьтл түрдс сервер.мсн байланьтс орнатылып, хаоар бірден жіберілсді.
    Екінші жаідайда хабар Бастәпқы (Исходящие) каптамасьгпа
    орііаластырылып. жакын арада ссрвермен байлііныс орнаіан жағдайда
    жіберілсді.

  3. Файл^-Кейінірек Жіберу (ФайлЮтправить Ітозже} командасьга іскс
    қосыньтз.

  4. ОиІІООК Ехргезз ттрограммасының негізгі тсрезесіие оралыныз.
    Бастапқы каптамасында жібері^шсгсн хабардын пайда болганына
    назар аударыңыз. Қашықтан қосылуды жалғау танбашасыныц
    көмегімен интернетке колмсн жалғауды орнатыңыз. Б\л үшін Жумыс
    үстелі^-Менің компьютерім^-Желіге қашықтан қосылуды (Рабочий
    столІ^-Мой компьюгср^УдаленІгый доступ к сеіи) ашып, қосьшуды
    баптау бслгісін ташшңыз.

11. ИІП'ернстке косылу орнатылуыкутініз. сонан кейін Сервис^-БәрІН
синхрондау комапласын орындагіыі. "Синхроңдау" сөзінің мәнін
жергілікггі компыотср мен поптта ссрверініц қаптамаларыііда
сақталынған хабарлар арасьгадағы сойксстікті орнату дсп түсіну керек.
Компыотсрде жаца хабар пайда бога аіщыктан, оныц ссрвсрге көшірілуі
орыпдалады.
Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

1-апта

1 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Компьютерлік желі.

  • Желі функциялары мен компоненттері.

  • Жергілікті желілер.

  • Желі түрлері

Ұсынылатын оқулықтар:[1…4]
2 СОБӨЖ.

Тақырыбы: Сервер негізіндегі желілер.

  • Желі топологиясы.

  • Базалық топология (Шина, жұлдыз, сақина)

Ұсынылатын оқулықтар:[2…5]
2-апта

3 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Концентраторлар.

  • Активті концентраторлар

  • Пассисвті концентраторлар

Ұсынылатын оқулықтар:[3…7]
4 СОБӨЖ.

Тақырыбы: Желілік кабель- ақпарат алмасудың физикалық ортасы

  • Кабельдің негізгі типтері

  • Сигнал берудің түрлері (узкополосная, широкополосная)

Ұсынылатын оқулықтар:[1…8]
3-апта

5 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Сымсыз тораптарды қолдану арқылы желі компоненттерін қосу.

  • Сымсыз тораптың типтері

  • Ауқымды жергілікті желі

  • Мобильді желі

Ұсынылатын оқулықтар:[2…8]

6 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Қызметтік желілер

  • OSI модель деңгейі

  • Драйверлер: қызметі,

Ұсынылатын оқулықтар:[4…6]
4-апта

7 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Тораптық және физикалық бағытта дискретті мәліметтердің берілу тәсілдері.

  • Коммутация дестесінің (пакетінің) әдістері, қызметтері

  • Десте құрылымы

  • Дестенің негізгі компоненттері

Ұсынылатын оқулықтар:[6]
8 СОБӨЖ.

Тақырыбы: Жергілікті желінің базалық технологиясы

  • Модемді қолдану

  • Модем технологиясы

  • Модем түрлері

Ұсынылатын оқулықтар:[ 8]
5-апта

9 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Қатынас жылдамдығын ұлғайту

  • Асинхронды және синхронды байланыс

  • Байланыс желілері

  • Телефон желілері

Ұсынылатын оқулықтар:[1…8]
10 СОБӨЖ

Тақырыбы: Үлкен желілер құру

  • Мосттар.
    Синхрондау (Синхронизация; synchronization, timing) - 1) процестерді іске қосу сәтінің жүйедегі белгілі бір оқиғалармен үйлесімділігін анықтау, параллель процестер әрекеттерінің уақытша реттілігін жасақтау; 2) теңестіру.
    Маршруттауыштар. Шлюздер.

  • Маршрутизация кестесін құру

  • Желілік трафиктің сегменті

  • Маршрутизатор. Маршрут таңдау. Маршрутизатор түрлері.

Ұсынылатын оқулықтар:[9…12]
6-апта

11 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Желі эксплутациясы

Ұсынылатын оқулықтар:[7…13]
12 СОБӨЖ.

Тақырыбы: Хаттама стектері

  • Желі құрудағы желі деңгейі

  • TCP/IPхаттамасының көпдеңгейлі құрылымы.

Ұсынылатын оқулықтар:[7…13]
7-апта

13 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Желідегі маршрутизация

  • Желідегі IP адрес

  • Маршрутталатын және маршрутталмайтын хаттамалар.

  • IP хаттамасы

  • IP хаттамасының негізгі қызметтері

Ұсынылатын оқулықтар:[1…8]
14СОБӨЖ.

Тақырыбы: Пайдаланушыларды басқару

  • Желі өнімділігін басқару.

Ұсынылатын оқулықтар:[12…13]

8-апта

15 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Өнімділік мониторингі.

Ұсынылатын оқулықтар:[1…6]


16 СОБӨЖ.

Тақырыбы: Желі құжаттары.

Ұсынылатын оқулықтар:[1…6]


9-апта

17 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Ақпаратты қорғау

Ұсынылатын оқулықтар:[5…8]


18 апсырма.

Тақырыбы: Желіні қорғаудың жоспары

Ұсынылатын оқулықтар:[5…8]


10-апта

19 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Аутентификация

Ұсынылатын оқулықтар:[4…11]


20 СОБӨЖ.

Тақырыбы: Желіні қорғаудың әдістері мен тәсілдері. Аудит.

Ұсынылатын оқулықтар:[ 11]



11-апта

21 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Жергілікті есептеу торабының топологиясын зерттеу

Әдістемелік нұсқау: Жергілікті есептеу торабының топологиясы тақырыбына арналған әдістемелік нұсқау

Ұсынылатын оқулықтар:[1…8]
22 СОБӨЖ.

Тақырыбы: Тораптық аппараттық және программалық құралдар

Әдістемелік нұсқау: Тораптық аппараттық және программалық құралдар тақырыбына арналған әдістемелік нұсқау

Ұсынылатын оқулықтар:[1…8]
12-апта

23 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Windows-тың тораптық ресурстары

Әдістемелік нұсқау: Windows-тың тораптық ресурстары тақырыбына арналған әдістемелік нұсқау

Ұсынылатын оқулықтар:[1…8]

24 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Тораптық адаптерлерді орнату. Парамертлерді қалпына келтіру

Әдістемелік нұсқау: Тораптық адаптерлерді орнату және парамертлерді қалпына келтіру тақырыбына арналған әдістемелік нұсқау

Ұсынылатын оқулықтар:[1…8]
13-апта

25 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Торап арқылы ақпаратты көшіру

Әдістемелік нұсқау: Торап арқылы ақпаратты көшіру тақырыбына арналған әдістемелік нұсқау

Ұсынылатын оқулықтар:[1…8]
26 СОБӨЖ.

Тақырыбы: Құрылғылар ресурстарын бөлу. Құжатты баспадан шығару

Әдістемелік нұсқау: Құрылғылар ресурстарын бөлу және құжатты баспадан шығару тақырыбына арналған әдістемелік нұсқау

Ұсынылатын оқулықтар:[1…8]
14-апта

27 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Торап арқылы хабарламаларды жіберу

Әдістемелік нұсқау: Торап арқылы хабарламаларды жіберу тақырыбына арналған әдістемелік нұсқау

Ұсынылатын оқулықтар:[1…8]
28 СОБӨЖ.

Тақырыбы: Тораптық утилиттердің жұмысын оқып үйрену

Әдістемелік нұсқау: Тораптық утилиттердің жұмысын оқып үйрену тақырыбына арналған әдістемелік нұсқау

Ұсынылатын оқулықтар:[1…8]
15-апта

29 СОБӨЖ.



Тақырыбы: . Тораптық хаттамаларды зерттеу

Әдістемелік нұсқау: Тораптық хаттамаларды зерттеу тақырыбына арналған әдістемелік нұсқау

Ұсынылатын оқулықтар:[1…8]
30 СОБӨЖ.

Тақырыбы: Торапты модернизациялау

Негізгі оқулық:[1], [3]

Қосымша оқулық:[5…8]

Әдістемелік нұсқау: Торапты модернизациялау тақырыбына арналған әдістемелік нұсқау


8. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Зертханалық жұмыс № 1

Тақырыбы: Дискіенгізгішке жол ашу

Өткізу формасы: компьютерде аралас сабақ

Әдістемелік нұсқау: Желілік технологиялар пәні бойынша оқулық-зертхана

Ұсынылатын оқулықтар: [1…4]


Зертханалық жұмыс № 2

Тақырыбы: Желілік принтер орнату

Өткізу формасы: компьютерде аралас сабақ

Әдістемелік нұсқау: Желілік технологиялар пәні бойынша оқулық-зертхана

Ұсынылатын оқулықтар: [1…4]


Зертханалық жұмыс № 3

Тақырыбы: Желіге қосылуды тексеру

Өткізу формасы: компьютерде аралас сабақ

Әдістемелік нұсқау: Желілік технологиялар пәні бойынша оқулық-зертхана

Ұсынылатын оқулықтар:[1…4]


Зертханалық жұмыс № 4

Тақырыбы: Автономиялық бума құру

Өткізу формасы: компьютерде аралас сабақ

Әдістемелік нұсқау: Желілік технологиялар пәні бойынша оқулық-зертхана

Ұсынылатын оқулықтар:[1…4]


Зертханалық жұмыс № 5

Тақырыбы: Интернет желісіне қосылуға байланыс орнату

Өткізу формасы: компьютерде аралас сабақ

Әдістемелік нұсқау: Желілік технологиялар пәні бойынша оқулық-зертхана

Ұсынылатын оқулықтар:[1…4]

1   2   3   4


жүктеу 0.7 Mb.