Главная страница
Контакты

    Басты бет


Компьютерлік графика өнер ретінде

жүктеу 53.48 Kb.



жүктеу 53.48 Kb.
Дата22.03.2017
өлшемі53.48 Kb.

Компьютерлік графика өнер ретінде



Компьютерлік графика өнер ретінде

Компьютерлік графика немесе цифрлы кескіндеме – суретшінің дәстүрлі құралдарын ұқсатушы, компьютердің көмегімен электронды бейнелерді жасау.

Кескіндеме, кескіндеу өнері - бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Шындығында «цифрлы кескіндеме» терминин қолданушы компьютерлік суретші өте аз деуге болады.
Сурет, бөлмедегі сурет. Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.
Өйткені, біріншіден – CG суретші (кей кезде CG-маман деп те аталады), деген шетелік қысқарма аббревиатура бар. Екіншіден, компьютерлік суретшілердің өнер туындылары «кескіндеме» анықтамасына сәкес келе қоймайды. Үшіншіден, көптен бері барлығы CG аббревиатурасын қолдануды әдетке айналдырған. «CG» ұғымы «компьютерлік графика» деп аударылады (алай да, «компьютерлік графика» ұғымы компьютердің көмегімен жасалған барлық графика түрлерін қамтиды. Ал «CG» болса, тек қана арнайы әсерлі бейнелерді және цифрлы кескіндемеге ғана қатысты). Бұл қысқарма сөзіді көпшілік мақұлдаған, американдықтар да, қытайлықтар да, орыстар да және біздің де кәсіпкер мамандар арасында жиі қолданыста.

«Арт» ұғымы бізге латын және италия тілдерінен келген: art – өнер, көркемдік, шеберлік. Әдетте CG-суретшілерінің ортасында планшетте орындалған бейнені (векторлық және растрлық компьютерлік графика) 2d арт дейді де, үш өлшемді редакторда орындалған бейне 3d арт деп аталады.

Компьютерлік графика - 2011 жылы Алматы қаласы «Дәуір» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - Б. Н. Нұрмаханов, Д. Д. Әбілдабекова, У. Т. Қарымсақов. Беттер саны - 200.

Жұмыс барысы кәдімді суретшінің жұмыс барысына өте ұқсас болып келеді. Тек қана мольберттің орынына – монитор мен планшет қолданылады.

Планшет (фр. planchette тақтайша) - топографиялық суретке , түсіруге арналған аспаптар жиынтығына кіретін тегіс төрт бұрышты ағаш тақта және тақтаны үш аяқты мосыға бекітуге арналған құрылғы; Далалық топографиялық суретке түсіру кезіндегі карта бетінің түпнұсқасы; Графикалық сызбалар мен олар бойынша есептеулер жүргізуге арналған тендес көрсеткішпен қосылатын сызық торлары бар географиялық карта (сызба қағазының парағы) бекітілген тақта. Бұлар артиллериялық атыс, гидрографикалық жұмыстар жүргізуде және басқа жағдайларда қолданылады; Әуедегі және теңіздегі жағдайларды суреттеуге, маневр жасау міндеттерін орындауға, нысананы көрсетіп беруге және т.б. арналған әскери-теңіз флоты (ӘТФ) және әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) авиацияларындағы басшылық пункттерінің жауынгерлік-ақпараттық постарындағы арнайы құрылғы. Координаттың тік бұрышты немесе полярлы жүйесінде орындалған ашық (мөлдір) негізді координаталық тор оның құрама бөлігі болып табылады. Бұл құрылғылар механикаландырылған немесе автоматтандырылған болуы мүмкін.

Ертеректе мониторлардың түстік гамма мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан (бұдан да бұрын, олар монохромды болған), svga-мониторлары мен видеокарталар пайда болғаннан кейін ғана, цифрлы кескіндеме пайда болды деуге болады.

CG суретшілер көбіне компьютерлік сурет салуға арналған планшеттерді қолданады. Бұндай планшеттер арнайы қауырсынның (қаламсап, қылқалам, кей кезде «стикпен» – пластмассалы таяқша) көмегімен салынады, ал орындалған әрекет монитор экранының бетіне шығады, дәлірек айтсақ, графикалық редактордың бетінде пайда болады. Кімге қандай графикалық редактор шығармашылық жұмысының мақсаты мен техникасына байланысты графикалық редактрды тандайды. Алайда, көбіне компьютерлік суретшілер арасында әйгілі «фотошоп» – Adobe Photoshop қолданылады.

Компьютерлік планшеттердің мүмкінгі жағынан суретшілерге өте тиімді, сенсорлық планшет-дисплейлер, CG суретшілері арасында үлкен сұранысқа ие. Сенсорлық планшет-дисплейлердің артықшылығы, монитордың бетіне интерактивті экран бетіне қауырмсынмен жүргізген бетте бейне сызылады.

XPPEN Technology американдық компаниясы цыфрлық планшеттерді жобалау мен өңдіру саласында зерттеулер жүргізеді. Олар кәзіргі цифрлы заманда, кескіндеме туындыларын компьютердің көмегімен жасай алатындай, дәстүрлі әдістерді компьютерге орындай алатын жолдары еңгізуге талпынады.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

Графикалық планшет-дисплейлер кез-келген компьютерлік суретшінің арманы десекте болатын шығар. Олар дәстүрлі өнерден цифрлы өнерге ауысу барысын оңайлата отырып, сонымен қатар, сурет салу дағдысын дамыта түседі. Сондай ақ олар дизайнерлердің жұмысын жылдамдатады, әрі оңайлатады. Бірақ бұл планшет түрі бертін де ғана бағасы қолжетімді болды.

Неге CG суретшілер көбіне планшеттерді қолданады деген сұрақ туу мүмкін. Өйткені, мысалы тінтуірдің көмегімен жай ғана геометриялық денені салғаннын өзі қиындай түседі.

Тышқан (ағылш. mouse - тышқан) - бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.
Геометрия Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.
Қалайда технологиялар дамыған заманда, біз бәрібір суретті қолмен салуымызға тура келеді. Ендеше, мықты да талантты CG суретші болу үшін, қағазда суретті жақсы салу дағдысы мен бірге перспектива заңдылықтарын, пропорция заңдылықтарын білу керек.
Пропорция (латын тілінде proportіo - ара қатынас, аралық өлшем), математикада - a, b, c, d төрт шаманың екі қатынасы арасындағы теңдік: a : b = c : d , немесе басқаша жазғанда a b = c d }=}} . Мұндағы a мен d - пропорцияның шеткі мүшелері, ал b мен c - ортаңғы мүшелері деп аталады.
Компьютерлік графикалық редакторларда дәстүрлі сурет салуға арналған құралдарға ұқсас. Оларды да қолдану үшін дағды мен түйсікті дамытпай, тәжірбиелі шынықпаған суретші бәсекеге жарамды маман (дизайнер) болуы екі талай. Сондықтан біздің мемлекетте мысалы фирмалық стильдерді жобалаушы дизайнерлерді жұмысқа қабылдаушылардың көбісі, графикалық редакторлардың құлағында ойнайтын, бірақ көркемөнерден хабары жоқ маманды, барлық композиция заңдылықтарын, түстік шешімдер заңдылықтарын үйреткенше, көркемдік білімі бар суретшіні, компьютерлік арнайы графикалық редактордың көмегімен сауатын ашу тиімді болады деп есептейді.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Толығымен компьютердің көмегімен орындалған суреттер мен бейнелердің көптеген пайдалы артықшылықтары бар. Мысалы, бұндай жұмысты қайта жөндеу жеңілірек болады. Егер кенепте орындалған жұмыс, тапсырыс берушіге ұнамай, өзгеріс жасайды сұраса, көбіне суретшіге жұмысты қайтадан басынын салуға тура келеді. Әрине кішкентай ғана, аз аумақы қамтыйтын қателікті түзетуге болады, бірақ едәуір өзгерісті талап ететін туындыны түзету қиынға соғанды. Ал CG суретшісі жай ғана фотошоп форматында сақталған файлды ашып, қабаттардың көмегімен өзгеріс еңгізуіне ыңғайлы арнайы құралдар арқылы оңай түрлендіре алады.

Формат (фр. format - формаға келтіру) полиграфияда дайын басылымның мөлшері (мысалы 170 • 260 мм) немесе баспа қағазының мөлшері (60x90 см); полиграфияда теру форматы терілген жолдың ұзындығы мен биіктігі; басу қағазының форматы - қағаз рулонының ені немесе парақ қағаздың ені мен ұзындығы.
Осылайша кенепте өзгерісті жасауға келмейтін артқы айналаны (фонды), суретшілер өзгерте алады. Сонымен қатар, егер кенептегі бейнені цифрлы күйге түсіру керек болған жағдайда, жай ғана сканерден өткізу керек. Сканер қанша сапалы болғанымен, сканерден өткен бейненің сапасы бәрібір жоғалтады. Ал толығымен компьютерде салынған бейнені, кітаптың көлемінде болса да, үйдің көлемінде де болса да, баспадан шығарғанда сапасы жоғалмайды (маңыздысы бейненің жасалған сапасында).

Тағы да бір қарқынды даму барысында, бүгінгі күні өте танымал үш өлшемді графика бейнелері мен анимациялық роликтер.

Анимация (Animation) - ол қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі. Мультимедиа жүйесінде - қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі.
Үш өлшемді редактордын көмегімен бейнені жасау үшін, алдымен үш өлшемді сахынада барлық объектілердін үлгілерін жасап шығару қажет. Сонымен қатар сахынада объектілерге текстураны тағайндау, жарық көздерін тұрғызып, камераларды орналастырып, олардың көрсеткіштерін керекті нәтижені беруіне реттеу керек болады. Барлық керекті әрекеттерден соң, сахынаны рендерлеп (растрлы бейнеге айналдыру процессі), белгілі бір форматта сақтайды. Рендер дегеніміз, үш өлшемді сахынаны имитациялайтын көріністі, екі өлшемге айналдыру прцессі десек те болады. Яғни, бұндай шығармашылық жұмыс, суретшіден сурет салу шеберлігмен қатар, моделдеуге деген түйсігінің болуын қажет етеді. Үш өлшемді бейнені жасау, мүсіндеу амалдарына ұқсас.

Үш өлшемді редакторларда жасалған жұмыстардың бірнеше артықшылықтары дар. Біріншіден, жаңа композицияны алу үшін, дайын сахынаны кез келген бұрышынан рендерлеуге болады. Екіншіден, егер бейнені үлкен плакатқа шығару қажет болса, визуализация көрсеткіштерінде керекті ажыратымдылықты көрсетесіз (бейненің ажыратымдылық сапасын қою мүмкіндігі, тікелей компьютердің қуаттылығына байланысты). Үшіншіден, бұндай сахынаны, анимациялық фильмді немесе интерактивті презентацияны жасауға пайдалануға болады. Яғни, үш өлшемді редакторлардың көмегімен фильмдерге арнайы әсерлеу (спецэффекттер) амалдары мен бірге, статикалық туындыларды жасауға болады.

Ғаламтордағы цифрлы кескіндеме болсын, үш өлшемді графика болсын көптеген ақпараттардың түп тегі шетелдік болып келеді. Өйткені, Қазақстанда бұл өнер салалары даму жолында, тәй-тәй басып буын қатая қойған жоқ десе де болады. Бұл жерде жерлесіміз, мақтанышымыз Голлиауд сиқырлы әлемінде, барлық әлем назарына арнайы әсер (спецэффекттер) құралдарының көмегімен әйгілі кинорежиссер, сценарист, продюсер Тимур Бексамбетовті айта кеткен дұрыс болады.

Кинорежиссёр - кино өнеріндегі негізгі профессияларының бірі, киноларда қойылатын ойындардың көркемдік жағын ұйымдастырушы.
Тимур Бексамбетовтың фильмдерінде көптеген компьютерлік әсерлеуші әрекеттер қолданылып, біздің отанымызда да біршама жас мамандар тәжірбие жинап жатқанына қуаныштымыз.



Қорыта айтқанда, ойындағы бейнені, кенеп бетіне немесе компьютер мониторына түсіру – бұл, кез келген адамға пайдалы әрі оңтайлы қасиет. Сурет салудың ежелерін барлығымыз білгеніміз дұрыс. Міндетті түрде атақты суретшілер сияқты, таңғаларлық туындылар шығару парыз емес. Арнайы курстарға бару да міндетті емес. Кәзіргі танда ғаламторда көптеген өздігінен үйреткіш сайтар мен видео дәрістер толып жатыр.
Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) - компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.
Сурет сала білу – зейінді жинақтай білу, шыдамдылықды бағындыра білу, қиялдай білу дегеніміз.

* http://www.picpen.org. Интерактивные дисплей-планшеты.


* http://www.freeadvice.ru. Компьютер & интернет. Артем Аленин.

* Библиографическое описание: Турлюн Л. Н. Компьютерная графика – искусство постмодернизма // Молодой ученый. — 2010. — №12. Т.2. — С. 186-189.


жүктеу 53.48 Kb.