Главная страница
Контакты

    Басты бет


«компьютер жүйелерінің СӘулеті»

жүктеу 0.69 Mb.



жүктеу 0.69 Mb.
бет9/9
Дата17.03.2017
өлшемі0.69 Mb.

«компьютер жүйелерінің СӘулеті»


1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс жоспары:


4.1. Микропрограммалық басқару принципі.

4.2. Функционалды микропрограммаларды сипаттау.

4.3. Микрооперация мен микроэлементтер жиыны.

4.4. Операциялық автоматтарды канондық құру.

4.5. Басқарудың микропрограммалық құрылғыларының құрылымдық құрылуы және функционалдауы..

Дәрістің қызсқаша мазмұны

1) Көптеген қазіргі ЭЕМ-де аппаратура мен программалық құралдар арасындағы байланыс микропрограммалық деңгей арқылы жүзеге асады.

Аппаратура (ағылш. Hardware, equipment) - компьютердің техникалық құралдары мен физикалық жабдықтары; (механикалық, электрлік және электрондык құрылғылар) яғни компьютердің құрамындағы құрылғылар: мысалы, пернетақта, монитор және т.б.
Кез келген машиналық команда аппаратурамен тікелей емес, ал оның қарапайым іс-әрекет тізбегіне сәйкес интепретациялау жолымен орындалады. Демек әрдайым машиналық команданы программалау есебі қарапайым іс-әрекеттен микропрограммалау арқылы жүзеге асады. Бұл термин бірінші рет 1953 жылы ЕТ бойынша Уилкс атты маманмен енгізілді. Біраұ бұл аппараттық құралдарға ғана қолданылды. 60-жылдардың ортасында IBM құрастырушылар шартымен Уилкс идеясы Есептеу Машиналарын ұйымдастыру принципіне айналды. Микропрограммалау ЭЕМ-нің модульдік құрылуына көшуді қамтамасыз етті. Глушков ақпараттық өңдеудің кез келген құрылғысында операциялық автоматты және басқарушы автоматты функционалды бөліп қарастыруға болатынан көрсетті. Бұл деңгейде кез келген ақпараттың құрылымы:



Басқарушы блок сигналдар тізбегін береді, ол берілген команданы орындауды қамтамасыз етеді. Ақпараттық сигналдар өңделетін мәліметтердің бастапқы мәніне ғана емес, сонымен қатар өңдеу процесінде алынатын нәтижелерге де қатысты.

Құрылғыларды функционалдау реті келесі жағдайларға негізделген:

1) Кез келген машиналық команда қандайда бір қиын іс-әрекет ретінде қарастырылады, ол ақпарат сөздері – микрооперациялармен элементарлы іс-әрекеттер тізбегінен тұрады.

2) Микрооперация тізімінің реті түрленетін сөздің мәніне ғана емес, сонымен қатар операциялық автоматпен өңделетін олардың ақпараттық сигналдарына да тәуелді. Мұндай сигналдардың мысалы ретінде операция нәтижесінің белгісі, мәліметтердің жеке биттерінің мәні және т.с.с. болуы мүмкін.

3) Машиналық команданың орындалу процесі микрооперация және логикалық шарт терминдерінде қандайда бір алгоритм түрінде сипатталады. Ақпараттық сигналдарды сипаттау – микропрограмма.

4) Микропрограмма мәліметтердің өңдеуге ғана емес, сонымен қатар барлық құрылғылардың жұмысын басқаруды – микропрограммалық басқару принципін қамтамасыз етеді.

Операциялық блок микрооперациялардың қандайда бір жиынын орындауды және қажет логикалық шарттарды есептеуді қамтамасыз етеді.

Басқарушы автомат, берілген машиналық командаға сәйкес, сигналдардың қажет тізбегін генерациялайды.
3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР

1-модуль

Тәжірибелік сабақ №1

Тақырып. ЭЕМ-ді ұйымдастыру негіздері.



Сабақтың мақсаты:

ЭЕМ-ді функционалды ұйымдастыру, компьютер жүйелерініғ сәулетімен таныстыру.



Тәжірибелік сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Логика алгебрасының заңдары.

  2. Логикалық функцияларды минималдау туралы түсінік.

  3. Логикалық функциялардың техникалық интерпретациясы.

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.


Тәжірибелік сабақ №2

Тақырып. ЭЕМ-нің есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ).



Сабақтың мақсаты:

ЭЕМ-нің есте сақтау құрылғыларымен таныстыру.



Тәжірибелік сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Статикалық жедел ЕСҚ (SRAM).

  2. Динамикалық жедел ЕСҚ (DRAM).

  3. DRAM жадының элементінің.

  4. Жадының регенерациясы.
    Регенерация (лат. regeneratіo - қайта өркендеу, қалпына келу),


Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.


2-модуль

Тәжірибелік сабақ №3

Тақырып. ЭЕМ санағыштары.



Сабақтың мақсаты:

ЭЕМ санағыштарымен таныстыру.



Тәжірибелік сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Микропрограммалық басқару принциптері.

  2. Функционалды микропрограммаларды сипаттау.

  3. Микрооперациялар мен микропрограммалардың жиынтығы.

  4. Операциялық автоматтардың канондық құрылуы.

  5. Басқарудың микропрограммалық құрылғыларының құрылымдық түзілуі мен жіктелуі.

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.



3-модуль

Тәжірибелік сабақ №4

Тақырып. Енгізу – шығаруды ұйымдастыру. Есептеу кешендері.



Сабақтың мақсаты:

ЭЕМ-де енгізу-шығаруды ұйымдастыру, оларды есептеу кешендерімен таныстыру.



Тәжірибелік сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Деректерді синхронды және асинхронды алмастыру.

  2. Интерфейстердің жұмысын синхрондау.

  3. «Жалпы шина» интерфейсінің негізгі ерекшеліктері.

  4. Ішкімашиналық жүйелік интерфейс.

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.



Тәжірибелік сабақ №5

Тақырып. Дербес компьютерлердің негізгі сәулеті.



Сабақтың мақсаты:

ЭЕМ-нің негізгі сәулетімен таныстыру.



Тәжірибелік сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Көппроцессорлы есептеу жүйелері.

  2. Есептеу жүйелерінің типтік құрылымы.

  3. Есептеу жүйелерінің функционалдауын ұйымдастыру.

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.


4. студенттің өздік жұмысы

Студенттер өздік жұмысын реферат түрінде жазу керек. Орындалған өздік жұмыс нәтижесінің есебі А4 форматында терілген болу керек. Шрифт Times New Roman, өлшем -12 пн., аралық интервал – 1,5, мәтінді түзету – беттің ені бойынша.

Бет параметрі: жоғарғы өріс (см.) – 2, төменгі – 2, сол жақ – 2,5, оң жақ – 1,5 см. Бетті нөмірлеу – беттің жоғарғы, оң жағында.

Төменгі колонтитулға өз Фамилияңызды Атыңызды Отчествоңызды және топ нөмірін қойыңыз.



СӨЖ №1. ЭЕМ-нің ішкі құрылғылары.

1. Қоректену блогы.

2. Реттелген адаптер.

3. Параллельді адаптер.

4. Ойын порттары мен MIDI-порт.

5. Желілік адаптерлер.



СӨЖ №2. Ақпаратты тасымалдағыштар.

1. Қатты магнитті дисктерде тасымалдағыштар.

2. Иілгіш магнитті дисктерде тасымалдағыштар.

3. Оптикалық (лазерлік) дисктерде (компакт-дисктер) тасымалдағыштар.



СӨЖ №3. ЭЕМ-нің сыртқы құрылғылары.

1.Ақпаратты визуалды көрсету жүйелері (видеожүйелер).

2. Видеоадаптер.

3. Дисплей.

4. Пернетақта.

5. Принтер.

6. Сканер.

7. Енгізу-шығарудың анимациялық құрылғылары.

8. Дыбыс сигналдарын енгізу-шығару құрылғылары.

8.2. ЭЕМ-ге енгізу мен сөздің машиналық синтезі.

8.3. Дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге арналған программалық қамтама.

9. Графикалық манипулятор – тышқан.

Манипулятор (французша manіpulateur; латынша manіpulus - уыс, manus - қол) - 1) кеңістіктегі нысанды (бұйым, дайындама, зат) өңдеуде, орнын өзгертуде, т.б. адам қолының қимылына ұқсас қозғалыс функцияларын атқаратын жұмыс органымен жабдықталған механизм.

10. Джойстик.

11. Модем және факс-модемдер.

12. Желілік фильтрлер.

СӨЖ №4. Сыртқы құрылғылармен басқару.

1. Басқару принциптері.

2. Жадыға тікелей қатынас жасау.

3. Желілік шина интерфейсі.



4. IBM PC сыртқы сақтау құрылғыларының интерфейсі.


1   2   3   4   5   6   7   8   9

  • Дәрістің қызсқаша мазмұны
  • 3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР 1-модуль Тәжірибелік сабақ №1
  • Тәжірибелік сабақ №2
  • 2-модуль Тәжірибелік сабақ №3
  • 3-модуль Тәжірибелік сабақ №4
  • Тәжірибелік сабақ №5
  • 4. студенттің өздік жұмысы

  • жүктеу 0.69 Mb.