Главная страница
Контакты

    Басты бет


«компьютер жүйелерінің СӘулеті»

жүктеу 0.69 Mb.



жүктеу 0.69 Mb.
бет3/9
Дата17.03.2017
өлшемі0.69 Mb.

«компьютер жүйелерінің СӘулеті»


1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс жоспары:


1. ЭЕМ сәулеті.

1.1. ЭЕМ-нің даму сатылары.

1.2. ЭЕМ-нің жалпы құрылымы.

1.3. ЭЕМ сәулеті.

1.4. ЭЕМ сипаттамасы.

1.5. ЭЕТ әдістерінің классификациясы.

1.6. ЭЕМ құрылымы.

1.7. ЭЕМ-ді құру принциптері.

1.8. ЭЕМ-ді функционалды ұйымдастыру түсінігі.

1.9. ЭЕМ-ді ұйымдастыру деңгейлері.

1.10. ЭЕМ-мен программалық басқару жұмысының принциптері.

2.ЭЕМ-нің ақпараттық-логикалық негіздері.

2.1. Санау жүйелері.

2.1.1. Бүтін сандарды айналдыру.

2.1.2. Бөлшек сандарды айналдыру.

2.2. ЭЕМ-де ақпаратты көрсету.

2.2.1. Сандық ақпаратты көрсету.

2.2.2. Ақпараттың басқа түрлерін көрсету.

2.3. ЭЕМ-нің арифметикалық негіздері.

2.3.1. Машиналық кодтар.

2.3.2. Берілген нүктелермен сандардың арифметикалық операциясын орындау.

2.3.3. Жылжымалы нүктемен сандардың .

2.3.4. Сандардың екілік-ондық кодтарымен арифметикалық операциялар орындау.

2.4. ЭЕМ-нің логикалық негіздері.

2.4.1.Логика алгебрасының негізгі мағлұматтары.

Мағлұматты қорыту (Обобщение понятия; concept generalization) - тек қорытылған мағлұмат көлеміне кіретін объектілерге жататын нышандарды алып тастау жолымен аз көлемді мағлүматтан үлкен көлемді мағлүматқа өтуге мүмкіндік беретін логикалық операция.

2.4.2. Логика алгебрасының заңдары.

2.4.3. Логикалық функцияларды минимизациялау түсінігі.

2.4.4. Логикалық функцияның техникалық интерпретациясы.


Дәрістің қысқаша мазмұны:

    1. ЭЕМ-нің даму сатылары


Арифметикалық есептеулерді автоматты түрде орындайтын құрылғыларды құру үшін программалық басқаруды пайдалану идеясы бірінші рет ағылшын математигі Ч.Бэббиджбен 1833 жылы айтылған. Бірақ оның программалық басқарумен механикалық есептеу құрылғыларын құруы табыс әкелмеді.

Бұл идея 100 жылдан кейін 1942 жылы Германияда К.Цюзе мен 1944 жылы АҚШ-та Г.Айкенмен іске асты. Олар есептеу программасы жазылатын перфолентадан басқаруға болатын есептеу машиналарын құрды.

Есептеу процесімен программалық басқару идеясы американдық математика Дж.фон Нейманмен дамытылды. Ол 1945 жылы программа жадында сақталатын принципті тұжырымдады. Программалық басқару және программамен жадыда сақталатын бірінші ЭЕМ біруақытта Англияда, АҚШ-та және СССР-де шықты.

ЭЕМ буыны машинаның құрылу кезінде пайдаланылатын бір-бірімен байланысқан ерекшеліктері мен сипаттамаларының жиынтығымен анықталады.

Бірінші буын ЭЕМ шамдары құрылды, өндірістік шығуы 50-ші жж. басында басталды. Логикалық элемент компоненттері ретінде электронды лампалар пайдаланылды. Бұл буынның ЭЕМ-рі төмен сенімділік пен жоғары бағасымен сипатталады.

Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.
Олардың жұмыс істеу жылдамдығы 5  8 мың опер/с құрады.

ЭЕМ-нің екінші буыны 50-ші жылдардың соңында пайда болды. ЭЕМ-нің екінші буынының элементтік базасы жартылайөткізгішті құралдар болды. Осыған сәйкес олардың тиімділігі жоғарылаты, сонымен бірге жұмыс істеу жылдамдығы 30 мың опер/с (Минск-2, Минск-22, Минск-32, Урал-10, БЭСМ-4, М-220) дейін өсті.

2-ші буын ЭЕМ-рі негізінде академик Лебедев С.А. өнімділігі 1 млн. опер/с дейін БЭСМ-6 ЭЕМ-рін құрды.

60-ші жж. ортасында 3-ші буын ЭЕМ пайда бола бастады. Олардың элементтік базасы ИМС болды. Бұл буын негізінде IBM фирмасы IBM-386 машиналар жүйесін құрды.Пенза қаласында Урал-16 ЭЕМ құрастырылды. Бірақ бұл кезде элементтік база облысында СССР-дің артта қалуы отандық ЭЕМ-дің сипаттамаларына әсер етті. Сондықтан басшылар IBM фирмасымен құрастырылған техникаларды өндіруге көшу туралы шешім қабылдады. СССР-де ол ЭЕМ-ның Бірегей Жүйесі (Единая система) атымен шығарылды. Ол 5 млн. опер/с дейін орындады.

Төртінші буын ЭЕМ-нің негізі үлкен және өте үлкен ИМС болып табылады. Оның негізінде микропроцессор сияқты есептеу техникаларының жаңа әдістері мен микро-ЭЕМ пайда болды. Микропроцессорлар мен микро-ЭЕМ-дер мәліметтерді өңдеу және технологиялық процестерді басқару, өлшемдерді автоматтандыру құрылғылары мен жүйелерінде кең қолданыла бастады.

Микро-ЭЕМ есептеу мүмкіндіктері дербес ЭЕМ құру үшін жеткілікті болды.

Төртінші буын ЭЕМ үшін басты сипаты қандайда бір операцияны, процедураны орындауға немесе есептің бірнеше класын шешуге негізделген бірнеше процессорлардың болуымен сипатталады.

Төртінші буынға жатқызуға болатын ірі есептеу жүйелері мысалына 100 млн. опер/с орындайтын «Эльбрус-2» көппроцессорлы кешен болып табылады.

90-шы жылдары ЭЕМ-нің бесінші буыны анықталды. Бұған жапон фирмаларымен және ғылыми мекемелерімен құрастырылған бесінші буын ЭЕМ-рі жобасы туралы мағлұматтардың шығуы әсер етті. Олардың мақсаты 90-шы жылдары есептеу техникасы облысында жапондық өндірістің әлемдік лидер болуын көздеді. Сондықтан бұл жобаны көбінесе «жапондық шақыру» деп атайды. Осыған сәйкес ЭЕМ жобасы мен бесінші буынның есептеу жүйелері жоғары өнімділігімен және төмен бағасымен жаңа сапалы құрамдарға ие болуы керек. Оларға ең басты тіл, графикалық бейнелер көмегімен ЭЕМ-мен қатынас жасау, логикалық талғам жасау, адаммен сұрақ және жауап формасында әңгіме жүргізу мүмкіндігін жатқызуға болады.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.
Бесінші буынның есептеу жүйелері «мәліметтер қоры» мазмұнын түсіну, сонымен қатар «білім қорына» айналу және есептерді шешу кезінде осы «білімді» пайдалану керек. Қазіргі уақытта осындай мәселелер бойынша зерттеулер Ресейде де жүргізілуде.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

  • Дәрістің қысқаша мазмұны: ЭЕМ-нің даму сатылары

  • жүктеу 0.69 Mb.