Главная страница
Контакты

    Басты бет


«компьютер жүйелерінің СӘулеті»

жүктеу 0.69 Mb.



жүктеу 0.69 Mb.
бет4/9
Дата29.03.2017
өлшемі0.69 Mb.

«компьютер жүйелерінің СӘулеті»


1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.2. ЭЕМ-нің жалпы құрылымы


1
-суретте құрылғылар арасында локальды шиналармен ЭЕМ-нің қарапайым құрылымы келтірілген.
1-сурет. ЭЕМ-нің жалпы құрылымы

ЭЕМ құрамына мыналар кіреді:

- жедел есте сақтау құрылғысы (ОЗУ, қысқаша белгіленуі – жедел жады ЖЖ);

- процессор;

- енгізу-шығару құрылғылары (УВВ, басқаша белгіленуі- периферийлі құрылғылар ПҚ);

- бақылау және басқару пульті (ПКУ).

Процессор ақпаратты өңдеуге арналған. Ол екі бөліктен тұрады: УУ басқару құрылғысы (устройство управления), және АЛУ - арифметико-логикалық құрылғы.

Процессор ақпаратты өңдеуді ЖЕСҚ-да сақталатын программа басқаруымен жүзеге асырады. ЖЕСҚ-да программамен бірге өңделуге тиіс мәліметтер де сақталады. Программа мен мәліметтер ЖЕСҚ-нан процессорге ЖЕСҚ мен процессор арасындағы байланыс арнасы бойынша түседі. Олар есептеу техникасында шина деп аталады. Мұндай шиналар процессорды ЭЕМ-нің басқа құрылғыларымен де байланыстырады.

Енгізу-шығару құрылғылары программалар мен мәліметтерді ЖЕСҚ-на енгізу үшін арналған. Яғни олар перфокарта, перфолента түрінде, немесе магнитті лента, магнитті диск және т.с.с.

Перфокарта, перфорациялық карта (лат. perforo - тесемін және карта) - белгілі тәртіп бойынша тесіктер (перфорация) тесу арқылы әр түрлі ақпарат түсіруге арналған қалың қағаз (пластмасса). Перфокартаның бетіне вертикаль бағаналар мен горизонталь қатарларға бөлінетін цифрлық тор түсірілген.

түрінде дайындалады, содан кейін машинаның жедел жадына енгізіледі. Осыдан кейін программа өңделуге жіберіледі. Қазіргі машиналарда мәліметтер жедел жадыға пернетақта көмегімен де енгізіледі.

Бақылау және басқару пульті (ПКУ) мәтіндік программалардың әр түрін қолмен іздеуге, есептеу процесінің жүруін немесе ЭЕМ құрылғыларының жұмыс істеуін бақылау үшін арналған.

1.3. ЭЕМ сәулеті

ЭЕМ сәулеті – бұл ЭЕМ құралатын аппаратты-программалық құралдардың көпдеңгейлі иерархиясы. Деңгейді нақты жетілдіру ЭЕМ-нің құрылуының ерекшеліктерін анықтайды. Схемотехник инженерлер жеке техникалық құрылғыларды жобалайды және олардың бір-бірімен тартылыс әдістерін құрады.

Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.

Жүйелік программистер есептеу процесінің деңгейлері немесе программалары арасында ақпараттық қарым-қатынастың техникалық әдістерін басқару программаларын құрады. Қолданбалы программистер жоғары деңгейдегі программалар пакетін құрастырады. Олар пайдаланушылардың ЭЕМ қатынасын және өзара есептерін шешу кезінде қажетті сервисті қамтамасыз етеді.

1.4. ЭЕМ сипаттамасы

Электронды есептеуіш машина – бұл пайдаланушылар есебін шешу мен дайындауды автоматтандыруға арналған техникалық және программалық құралдар кешені. Өз есептерін шешу үшін ЭЕМ-ді таңдай отырып, пайдаланушылар келесі ЭЕМ сипаттамаларынан бастап техникалық және программалық құралдардың функционалды мүмкіндіктеріне қызығушылық танытады:



  1. ЭЕМ-нің техникалық және эксплуатациялық сипаттамасы (жылдамдығы мен өнімділігі, сенімділік көрсеткіштері, нақтылық, жедел және сыртқы жады көлемі, габаритті өлшемдер, техникалық және программалық құралдар бағасы, эксплуатация ерекшеліктері және т.б.);

  2. ЭЕМ-нің базалық конфигурациясының функционалды модулінің сипаттамасы мен құрамы; техникалық және программалық құралдар құрамын кеңейту мүмкіндігі, құрылымды өзгерту мүмкіндігі.

  3. ЭЕМ-нің программалаық қамтамасының құрамы мен сервистік қызметтер (жедел жады немесе орта, қолданбалы программалар пакеті мен программалауды автоматтандыру әдістері).

ЭЕМ маңызды сипаттамаларының бірі оның жылдамдығы болып табылады, онда ЭЕМ 1 секундта орындайтын командалар саны сипатталады.

ЭЕМ-мен қамтамасыз етілетін нақты және тиімді жылдамдық шешілетін есептер класына қатысты қатты ерекшеленуі мүмкін. Сондықтан жылдамдық сипаттамасының орнына көбінесе онымен байланысты өнімділік – уақыт бірлігінде ЭЕМ-мен жүзеге асырылатын жұмыстар көлемі сипаттамасы пайдаланылады. Жадыда көлемі ақпараттың құрылымдық бірлігінің санымен өлшенеді. Ақпараттың құрылымдық ең кіші бірлігі – бит болып табылады. Жады көлемі көбінесе өлшемнің ірі бірлігі – байтпен бағаланады.

Көбінесе жедел жады көлемі мен сыртқы жады көлемін сипаттайды. Қазіргі дербес ЭЕМ-дің жедел жады көлемі 64-256 Мбайт және одан да үлкен болуы мүмкін. Бұл көрсеткіш қандай программалық пакеттер мен олардың қосымшалары машинада біруақытта өңделетінін анықтау үшін өте маңызды.

Сыртқы жады көлемі тасымалдағыш типіне байланысты. Бір дикета көлемі дискодов типіне және дискета сипаттамына қатысты 1,2; 1,4; 2,88 Мбайтты құрайды. Қатты диск және DVD дисктердің көлемі бірнеше он Гбайтқа жетуі мүмкін, компакт–диск (CD-ROM) көлемі жүздеген Мбайтқа (640 Мбайт және жоғары) және т.с.с. жетуі мүмкін. Сыртқы жады көлемі программалық қамтама және жеке программалық өнім көлемімен сипатталады. Мысалы, Windows 2000 операциялық жүйесін орнату үшін қатты диск жадысының көлемі 600 Мбайттан жоғары және Эем-нің жеде жады 64 Мбайттан аз болмау керек.

Сенімділік – бұл ЭЕМ-нің қандайда бір жағдайларда берілген уақыт периодында қажетті функцияны орындау.

Дәлдік – бұл тең мәндерді айыра білу мүмкіндігі. Өңдеу нәтижесін алу нақтылығы негізінен ЭЕМ разрядтылығымен анықталады. ЭЕМ класына қатысты 32, 64 және 128 екілік разрядтарды құрауы мүмкін.

Анықтық – ақпарат құрамы дұрыс қабылдануы керек. Анықтық қатесіз нәтиже алу ықтималдылығымен сипатталады.

1.5. ЭЕТ әдістерінің классификациясы

1. ЭЕТ аналогтық және цифрлік деп бөледі. Аналогты ЭЕМ-дердің есептеу нақтылығы жоғары емес (0,001-0,01). Мұндай машиналар аз таралған. Қазіргі кезде көбінесе цифрлік есептеу машиналарын пайдаланады. Цифрлік есептеу машиналары – мұнда ақпарат цифрлердің екілік кодымен қодталады.

2. Қазіргі уақытта негізінен ДК 4 класы шығарылады.



  1. Үлкен ЭЕМ (main frain) олар мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін қолайлы.

  2. RS6000 машиналары – өнімділігі бойынша өте күшті, графикпен, Unix жұмыс істеуге арналған.

  3. Орташа ЭЕМ – ең бірінші қаржылық құрылымдармен жұмыс істеуге арналған (ЭВМ типа AS\400-бизнес 64-разрядты ДК типті ЭЕМ). Олар локальды желі және корпорация желісі ретінде пайдаланылады.

    Корпорация (лат. corporatіo – бірлестік) - 1) бірлестік, қоғамдастық, одақ; 2) меншіктің акционерлік нысаны‚ меншікті (капиталды) ұжымдасып иелену‚ кәсіпорынды басқару міндеттерін кәсіпқой басқарушылардың (менеджерлердің) жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру; заңға қайшы келмейтін мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіптік және басқа мүдделер сәйкестігі бойынша біріккен қоғам‚ одақ‚ тұлғалар тобы.



  4. Intel фирмасының микросхемалары платформаларындағы компьютерлер.


3, 4, 5 дәрістер. ЭЕМ-ді ұйымдастыру негіздері
1   2   3   4   5   6   7   8   9


жүктеу 0.69 Mb.