Главная страница
Контакты

    Басты бет


Коммуникация жүйесіндегі интернет-маркетингтің ерекшелігі

жүктеу 111.1 Kb.



жүктеу 111.1 Kb.
Дата05.04.2017
өлшемі111.1 Kb.

Коммуникация жүйесіндегі интернет-маркетингтің ерекшелігі



КОММУНИКАЦИЯ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-МАРКЕТИНГТІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.
Турлыбекова Н.М. – аға оқытушы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Клиенттермен қарым-қатынас орнату да титиімді жүйе құрудың негізі заманауи ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады. Заманауи ақпараттық технологиялар клиенттер туралы ақпараттарды жинауға, сақтауға, шешім қабылдау үшін сол ақпараттарды талдауға мүмкіндік береді.
Ақпарат технологиясы Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Заманауи ақпараттық технологиялар бизнесті жүзеге асыру әдістерінің ішіндегі революциялық әдістің бірі болып табылады. Заманауи ақпараттық технологиялар нарық субъектілерінің өзара қарым-қатынас орнатуының таптырмас құралы және бизнесті жүзеге асыруда қолданылатын құрал.
Бизнес (ағылш. busіness - кәсіпкерлік, сауда-саттық) - пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі..
Революция (лат. revolutіc - бетбұрыс, төңкеріс) - табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғыл.-тех., мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.


Бизнесті тиімді жүргізу үшін ақпараттық технологиялардың дамып отырған құраушыларын атап өтсек:

  1. Ғаламдық компьютерлік Интернет желісінің пайда болуы және дамуы;

  2. Компаниялардың бизнес үрдістерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін аппараттық және бағдарламалық кешендердің құру;

  3. Ақпараттық жүйелердің өзара қатынас құралдарының және стандарттарының дамуы.

Қарқынды дамып келе жатқан нарықтық қатынастар жағдайында, қазіргі заманғы компаниялар үшін олардың коммуникациялық бағдарламалар жүзеге асыруда интернет-маркетинг құралдары қолдану тартымды болып келеді.
Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.


Интернет-маркетинг (internet marketing) – бұл дәстүрлі маркетингтің барлық аспектілерін Интернетте қолдану, яғни маркетинг кешеннің негізгі элементтері баға, өнім, сату орны және жылжытуды пайдалану. Оның негізгі мақсаты – бизнес үшін максималды пайда табу мақсатында сайт арқылы клиенттерді тарту және оларды тұрақты клиенттер ретінде ұстап қалу, сайттың әлеуетті аудиториясынан максималды тиімділікті алу.
Маркетинг (ағылш. marketіng - рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) - кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг - сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Интернет-маркетинг кешенінің негізгі элементтері:



  1. Тауар (Product) — Интернет арқылы сатылатын өнім немесе қызмет. Ол басқа сайттармен ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі сату орындарымен де бәсекеге түседі.

  2. Баға (Price) – дәстүрлі сату орындарындағы тауар немесе қызмет бағаларына қарағанда Интернеттегі тауардың немесе қызметтің бағалар шығындардың аздығына байланысты төмен болып келеді.
    Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.


  3. Жылжыту (Promotion) – ғаламдық торда сайт пен тауарларды жылжытудың кешенді шаралары. Сайтты және тауарды жылжыту шаралары көптеген құралдардың көмегімен жүзеге асырылады: іздеу арқылы жылжыту (поисковое продвижение), контекстік жарнама, баннерлік жарнама, e-mail маркетинг, вирустық маркетинг, жасырын маркетинг, интерактивті жарнама, блогтармен жұмыс жасау және т.б.
    Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo - жар саламын) - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.


  4. Сату орны (Place) – сату орнына сайттар жатады. Тұтынушылар үшін сайттың дизайны, пайдалылығы, қолдану мүмкіндігі және де сайтта тауарға тапсырыс беру үрдісі өте маңызды. Сонымен қатар, сайтта тауардың ақысын төлу жүйесіне, жеткізу шарттарына, клиенттермен сатып алу кезінде және сатып алғаннан кейінгі жұмыстарға көңіл бөлу керек.

Интернет-маркетингтің негізгі мақсаты — сайттың әлеуетті аудиториясынан максималды тиімділікті алу.

Интернет желісінде маркетингті пайдалудың қажеттілігі Интеренет желісінің басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының алдындағы келесідей мүмкіндіктер мен артықшылықтарға ие болуын байланысты:

  • Таргетинг – мақсатты сегментті нақты қамтылуы (географиялық, уақытылы, тақырыптық).
    Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
    Сегмент (segment) жедел жадтағы бірін-бірі жабатын бір деңгейдің тармақтарының оверлейлік құрылымды программадағы тобының бірі; теле-өндеуде - буферде орналасатын хабардың бөлігі; жазба немесе жазбаның бөлігі.
    Таргетинг (ағыл. target — мақсат) — барлық аудиторияның ішінен мақсаттық аудиторияға қойылған критерийге, талаптарға сай келетін аудиторияны таңдаудағы жарнамалық механизм. Жарнама тек сол таңдалған аудиторияға ұсынылады. Интернет қажетті мақсатты аудиторияға ғана жұмыс істей отыра, оларды жасы, жынысы, қызығушылықтары сияқты түрлі параметрлері бойынша талдап, жарнамалық хабарламаны дамытады.
    Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.
    Мұндай технологиялар соңғы бірнеше жылда белсенді дамып келеді.

  • Треккинг – сайттағы клиенттердің іс-әрекетін зерттеу мүмкіндігінің болуы және нәтижелерге байланысты веб-парақшаларды, өнімді, маркетингті жылжыту.

  • Икемділік (жарнамалық кампанияны тез бастауға, түзетуге, тоқтатуға болады).

  • Интерактивтілік: тұтынушы сатушымен өзара іс-әрекетке түсе алады және өнімді зерттеп көре алады (мысалы, бағдарламалардың демо-нұсқасы, кітаптың бөлімін оқу мүмкіндігі), тауар ұнаған жағдайда сатып алады.

  • Едәуір сандық деректерді орналастыру мүмкіндігі (графика, дыбыс, арнайы әсерлер).

  • Ақпаратты тарату және алудың нәтижелілігі.

  • Трансформациялық шығындардың төмендеуі.

Интернет-маркетинг жарнама берушіге әлеуетті және нақты тұтынушыларға әсер ету үшін көптеген тетіктерді пайдалану мүмкіндігі ұсынады.
Тетік (ор. деталь) - құрастыру операцияларын қолданбай жасалған бұйымның бөлшегі.
Олардың арасында атап өтуге болады: баннерлік желі, e-mail маркетинг, іздеу жүйесі және каталогтар, сайтты іздеу жүйелерінде, каталогтар мен рейтингтерде орналастыру (индекстеу) арқылы жылжыту, тақырыптық және тұтынушылар кіретін сайттарда жарнама беру, сілтемелермен алмасу, рейтинг, әріптестік және демеушілік бағдарламалар.

Көптеген компаниялар қазіргі таңда Интернеттің дамуына байланысты электронды коммерциямен айналысады, яғни өздерінің тауарлары мен қызметтерін Интернет арқылы жылжытады. Компаниялар үшін Интернет бизнес-серіктестермен және клиенттермен тиімді қарым-қатынас орнатуда интерактивті арна ретінде қолданыла бастады, ол өз кезегінде интерактивті маркетингті (Интернет-маркетинг) және тікелей онлайн сатуларды жүзеге асыруды қамтамасыз етті.

Электрондық бизнестің және электрондық коммерцияның қарқынды өсуі Интернет-маркетингтің (он-лайн маркетинг) пайда болуының негізі болды.

Интернет-маркетинг электронды коммерцияның құрамдас бөлігі болып табылады. Интернет-маркетингті кейде online-маркетинг деп те атайды. Оның құрамына келесілер кіреді: интернет-интеграция, ақпараттық менеджмент, PR, интернет-жарнама, сатып алушылармен жұмыс істеу қызметі және сатулар, әлеуметтік торларда жылжыту, email, RSS қолдану арқылы тікелей маркетинг, вирустық маркетинг.

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.



Интернетке кіру мүмкіндігінің артуы электрондық коммерция және интернет-маркетинг танымал болуына әкелді. Интерент-маркетинг кез келген заманауи маркетингтік кампанияның ажырамас бөлігі болып табылады.

Интернет-маркетингтің негізгі артықшылықтары келесідей:



  • тауарлар мен қызметтер туралы ақпараттарды клиенттер оперативті түрде алады;

  • сату және жарнама бөлімінің қызметкерлері үшін ақшалай қаражаттарды үнемдеу мүмкіндігі;
    Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.


  • мақсатты аудиторияларды кең ауқымда қамту;

  • клиенттермен қарым-қатынастарды дербестендіру;

  • сауда үшін географиялық шектеулердің болмауы;

  • қолжетімді жарнамалық арналардың болуы;

  • клиенттер бойынша толық статистиканы алу және оны талдау (постклик-талдау) мүмкіндігі;

  • транзакциялық шығындардың төмендеуі.

Интернет-маркетингтің сегменті тұтыну секторының сегменті сияқты күнен күнге өсіп келеді, оның дәлелі ретінде В2В нарығында (бизнес-бизнес, электронды коммерция жүйесі) жаңа интернет-дүкендердің пайда болуы. Тапсырыс беру, әлеуетті тұтынушылар мен өнім туралы ақпарат көздерін іздеуге оңтайлы интернет-дүкендердің белсенді дамуы тұтынушылар үшін де, компания қызметкері үшін де тиімді болды.

Қазақстанда казіргі таңда интернет желісін қолданушылардың саны 10 млн-нан 13 млн-ға дейін, бұл бүкіл халықтың 60-70% пайызын құрайды. Казнеттің табыс табуының негізгі көзі бұл – электронды коммерция. Электронды коммерция нарығының көлемі 2014 жылы 700 млн. долларды құрады, басқа мемлекеттермен салыстырсақ Украинда бұл нарықтың көлемі 1,6 млрд доллар, ал Рессейде —17 млрд доллардан аса.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Доллар (ағылш. dollar) - Америка Құрама Штаттарының, Канаданың (Канада доллары), Аустралияның (Аустралия доллары) мемлекеттік қазыналық билеті. Басқа елдерде де (Жаңа Зеландия, Либерия, Эфиопия, Малайзия, Сингапур, Гайана, Ямайка, Тобаго және Гондурас, Гонконг) қолданылады.
Біздің елімізде электронды нарықтың көлемі үлкен болмағанымен, ол қарқынды даму үстінде, мысалы 2011 жылдан бері интенет арқылы сатылымдар көлемі жыл сайын 3 есеге немесе 40-50% өсіп отыр.


«Қазақстандық Интрент Бизнес және Мобильді Коммерция Ассоциациясының» Президенті Константин Горожанкиннің айтуы бойынша Қазақстанда электронды коммерция саласы басқа салалармен салыстырғанды қарқынды дамып келеді.

Қазастандағы e-commerce негізгі сегменттері - бұл киім мен аяқ-киім (150 млн долл), теміржол және әуе көлігінің билеттері (130 млн долл), тұрмыстық техника және электроника (85 млн долл). Сонымен қатар белсенді дамып келе жатқан сегмент бұл кино, спорт, театрға билеттер сату.

ҚР банк саласында да интернет-трейдинг пен банктік онлайн-сервистер қарқынды дамуда. Интернет және мобильді банкинг көшбасшылары — Kaspi Bank (700 мың қолданушы Kaspi.kz сервисін қолданады), «Казкоммерцбанк» (600 мың қолданушы Homebank приложениесін), «Сбербанк», «Халыкбанк» (более 850 мыңнан аса мобильді банкинг қолданушылары), «Евразийский банк», АТФ. 

Е-commerce сегментіндегі тұтынушылардың ең көп кіретін сайттары бұл - халықаралық шетелдік компаниялардың құрамына кіретін olx.kz, satu.kz, lamoda.kz., ал жарнама беруде және оқуда тұтынушылар kolesa.kz, krisha.kz сайттарына, жаңалық оқу үшін жаңалық порталдары nur.kz, tengrinews.kz сайттарына кіреді. Сонымен қатар, қазақстандық сатып алушылар жиі Aliexpress.com, Amazon.com, Ebay.com. сияқты сайттарда сатып алуларды жүзеге асырады.



«Қазақстандық Интрент Бизнес және Мобильді Коммерция Ассоциациясының» бағасы бойынша қазақстандықтар жасайтын онлайн төлемдердің басым бөлігі шет ледерге кетеді. «Ұлттық инфокоммуникациялық холдинг «Зерде»АҚ Төрайымы Б.Крумангалиева қазақстандықтардың интернеттегі сатып алушылық белсенділігін 1,2 млрд. Долларға бағалап отыр. Оның бағасы бойынша ақшаның 70% шетелдік дүкендерге, ал 30% ғана жергілікті дүкендерге тиесілі.

«Қазақстандық Интрент Бизнес және Мобильді Коммерция Ассоциациясының» бағасы бойынша 2014 жылы қазақстандықтар интернет-дүкендерде 2 млрд доллардан аса жұмсаған. Қуантатын жәйт, бұл 2012 жылы жергілікті дүкендерде карточкалар арқылы жасалынған төлем транзакциялары 10% құраса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 29% өсті.

Елімізде 1000-нан астам жұмыс істейтін интернет дүкен бар. Олар электронды нарықта 700 миллион долларды қамтып отыр. Электронды сауда-саттықта Алматы қаласының үлесі 55 пайыз болса, екінші орында 17 пайызбен елорда келе жатыр.

Қала Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.
Ал, үштікті 11 пайызбен Қарағанды халқы қорытындылайды. Осы тұста, электронды бизнестің дамуы жағынан Қазақстан ТМД елдерінің ішінен 3-орында келеді.

Қазақстандық интернет-дүкендерінің негізгі бөлігі келесілерге бағытталады:


  • компьютерлер, оргтехника;

  • әмбебап интернет-магазиндер;

  • кітаптар, баспа өнімдері;

  • автомобильдер, мотоциклдар, бөлшектер;

  • киімдер, аяқкиімдер, тері галантереясы;

  • тұрғын үй техникасы, электроника;

  • ойыншықтар, балалар тауарлары.

Жарнамалық индустрияның Интернет желісіндегі маңыздылығын айта кеткен жөн. Өйткені қазіргі таңда көптеген компаниялар, фирмалар, банктер өздері туарлы ақпаратты, тауарлары мен өнімдері, көрсететін қызметтері, әлеуметтік іс-шаралар туралы ақпараттарды интернет-жарнама арқылы таратады, ол өз кезегінде интернет-жарнамаға кететін шығының аз болуымен байланысты.
Фирма (итал. firma - қойылған қол) - пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы.
Интернет-жарнаманың ерекшеліктері:

  1. Интернеттің дәстүрлі БАҚ-дан айырмашылығы – оның интерактивтілігі. Дәстүрлі БАҚ-дағы жарнама тұтынушылары пассивті аудитория болып табылады, ал Интернеттегі тұтынушылар керісінше ақпарат іздеуде, оны қабылдауда өте белсенді. Бұл өз кезегінде интернет-жарнаманың тиімділігін арттырады. Тәжірибие көрсеткендей, сұралғандардың 30% интернет желісінен бір рет көрген баннерді жеті күннен кейін де естеріне түсіре алады.

  2. Интернет әрдайым даму үстінде: жаңа технологиялар, жарнамалық алаңдар, жаңа бәсекелестер пайда болып жатыр. Мұндай өзгерістерді әрдайым бақылап, оларға уақытылы жауап қайтара білу керек.

  3. Географиялық қамтудың кеңдігі. Интернет - бүкіл әлемдегі жаңалықтарды естуге мүмкіндік беретін бірден-бір құрал.

  4. Интернет – ең икемді медиа: нарықтағы немесе бәсекелік ортадағы өзгерістерге қарай хабарламалар бір сәтте ауыса алады.

  5. Мақсатта аудиторияға бағытталудың жоғары деңгейі (нақты қабылдаушыға дейін)

  6. Коммуникацияның дербес сипаттамасы.

Интернет-жарнаманың келесідей түрлері бар: PopUp жарнама, BodyClick, TopLine (Созу), баннерлік жарнама, сілтемелердің жылжымалы блогы, контекстік жарнама, тизерлік жарнама, Peel-Down, ICQ-window, электрондық пошта (e-mail).

Қазақстандағы интернет-жарнама құрылымының басым бөлігі баннерлік және де басқа дисплейлік жарнамалар құрайды.

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Ал контекстік жарнама жылжытудың жеке маңызды құралы ретінде 2012 жылы ғана дами бастады. J’son & Partners Consulting компаниясының бағасы бойынша 2013 жылы контекстік жарнаманың үлесі 20% құрады. Қазақстанда Интернет-жарнама берушілердің ішінде қазақстандық жаранама берушілердің үлесі 50%. J’son& PartnersConsulting компаниясының эксперттері Қазақстан нарығындағы ірі жарнама берушілер ретінде Mars, Henkel/Shcwarzkopf және Procter&Gamble сияқты компанияларды көрсетеді.

Интернетте жарнама беретін қазақстандық жарнама берушілер келесілер: Kaspi bank, Kcell, «КаР-Тел» (TM Beeline), Samsung Electronics, Nokia, Altel, «Базис-А», Kraft Foods, Coca-Cola Almaty Bottlers, Kazkom.

Интернет-маркетингтің негізгі мақсаты интернетте компанияның немесе фирманың сайттарын жылжыту, танымал ету. Яғни, компаниялар өздерінің Веб-сайттарын жасаған кезде ол бизнесті дамытудың жан-жақты құралы екендігін ескерулері қажет. Веб-сайт тұрақты тұтынушылар мен әлеуетті тұтынушыларға ұсынылатын тауарлар мен қызметтер жайлы, компания туралы толық ақпарат беретін ақпараттық портал болып табылады. Интернет-маркетинг компаниялар мен фирмаларға географиялық аумағы бойынша шектелмейтін интернет-сауда алаңын ұйымдастыруға, пайда мен қызметтер сапасын ұлғайтуға мүмкіндік береді.



Өкінішке орай көптеген қазақстандық бизнесмендер, кәсіпкерлер әлі күнге дейін интернет-меркетинг құралдарының тиімділігін түсіне қойған жоқ. Бірақ та бұл құралдардың тиімділігін түсінгендер Интернет желісінде өздерін жайғастырып, тұтынушылармен әлеуметтік желілерде аккаунттар арқылы байланыс орнатқан, онлайн-промотурларды жүзеге асыруда және де видеоблогтар жүргізуде.
Интернет Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Интернет желісі жылдан жылға қарқынды дамуда, жыл сайын қолданушылар саны ұлғаюда. Интернет желісі компаниялар мен фирмалардың бизнесін жүргізу, дамыту, маркетингтік іс шараларды тиімді жүзеге асыру үшін зор мүмкіндіктіктер мен артықшылықтарды береді. Заманауи маркетингтік технологияларды қолдану арқылы компниялар өздерінің сату көлемдерін арттырып, тұтынушылардың сатып алушылық қабілеттерін қанағаттандыра алады.


Әдебиеттер тізімі:

  1. И.В. Успенский ИНТЕРНЕТ-МАРКЕТИНГ Учебник.- СПб.: Изд-во СПГУЭиФ, 2003. 

  2. Брайан Халлиган, Дхармеш Шах Маркетинг в Интернете: как привлечь клиентов с помощью Google, социальных сетей и блогов — М.: «Диалектика», 2010. — С. 256.

  3. Новикова К.В. Интернет-маркетинг и электронная коммерция: учеб.-метод. пособие / К.В. Новикова, А.С. Старатович, Э.А. Медведева; Перм. гос. нац. исслед. ун-т. — Пермь, 2013. — 78 с.

  4. Байков Владимир Дмитриевич Интернет: поиск информации и продвижение сайтов — Санкт-Петербург: «БХВ-Санкт-Петербург», 2000. — С. 288.
    Санкт-Петербург (орыс. Санкт-Петербург, Питер) - Ресейдің федералдық мәні бар қала, Солүстік-Батыс федералды аймағының және Ленинград облысының әкімшілік орталығы. 1914 жылдың 31 тамызынан 1924 жылдың 26 қаңтарына дейін -- Петроград, 1924 жылдың 26 қаңтарынан 1991 жылдың 6 қыркүйегіне дейін - Ленинград деп аталған.


  5. Голик В.С. Эффективность интернет-маркетинга в бизнесе — Дикта, 2008. — С. 196.

  6. Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010– 2014 жылдарға арналған бағдарлама / 4.3.3 Қазнетті дамыту

  7. http://kzcontent.kz.

  8. В. Власенко Как выглядит интернет-рынок Казахстана и зачем компаниям туда идти. https://roem.ru/12-11-2015/212921/kaznet/

  9. http://forbes.kz 50 крупнейших интернет-компаний

  10. http://www.retail-loyalty.org/news/rynok-internet-reklamy-kazakhstana-demonstriruet vysokie-tempy-rosta

  • Интернет-маркетинг

  • жүктеу 111.1 Kb.