Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Көлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі (701. 00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары

жүктеу 63.48 Kb.



жүктеу 63.48 Kb.
Дата04.06.2018
өлшемі63.48 Kb.

«Көлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі (701. 00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары


Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы «12» ақпандағы № 166 бұйрығына 53-қосымша «Көлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі (701.
Ақпан - қазіргі Григориан күнтізбесіндегі 2-ші келетін феурал айына сай қазақша атауы.
00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары   1-тарау.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Жалпы ережелер Осы «Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі (701.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және ағымдағы салық кезеңінің 1 шілдесіне дейін меншік құқығындағы, шаруашылықты жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару құқығындағы көлік құралдары бойынша, сондай-ақ қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) көлік құралдары бойынша көлік құралы салығын есептеуге арналған «Көлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі» салық есептілігі нысанын (бұдан әрі – есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің 496-бабына сәйкес заңды тұлғалар толтырады. .
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 3. Көрсеткіштер болмаған кезде есептің тиісті торкөздері толтырылмайды. 4. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: « » – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «» – бөлу; «=» – тең. 5. Сомалардың теріс мәндері тиісті жолдың бірінші сол жақ торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді. 6. Есепті жасау кезінде: 1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
Баспахана, типография (гр. typos - қолтаңба және гр. graph - жазамын) - баспа өнімдерін (газет, кітап, журнал, т.б.) шығаратын өнеркәсіптік полиграфиялық кәсіпорын. Онда офсеттік баспа басым болса, әдетте, фабрика деп аталады.
Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).
Қаламұш - қауырсын қаламдардың негізгі жазу бөлігі. Қаламүштың формалары күрделі болып келеді, ол үш бөліктен тұрады: негізгі құрылымдық бөліктерін қоса иілген нөмірі (кейде жиі таңбаларының жиынтығы өте күрделі формалар), болып табылады: сия тегіс ағатын бір немесе екі капиллярлық науаша; артық сияны ұстап тұруға арналған элементтер; жазатын бөлігі.
2) электрондық нысанда – Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады. 7. Қаржы лизингі шарттары бойынша берілген (алынған) объектілер бойынша есепті лизинг алушы толтырады және табыс етеді. 8. Салық төлеуші (салық агенті) есепті Салық кодексінің 204-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасайды, қол қояды, (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен не электрондық цифрлық қолтаңбамен) куәландырады. 9. Есепті тапсырған кезде: 1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы есепті қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің атын (болған кезде) мен қойылған қолы және мөрдің (мөртабан) бедері белгісімен салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзгелей байланыс ұйымының хабарламасын алады; 3) ақпараттарды компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда – салық төлеуші (салық агенті) мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.
Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
2-тарау. Есепті толтыру бойынша түсіндірме (701.00-нысан)   10. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді: 1) көлік құралы салығы бойынша төлеушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі; 2) салық кезеңі (жыл) – есеп берілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі). 3) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе атауы. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі; 4) есептің түрі. Тиісті торкөздер есепті Салық кодексінің 206-бабында көрсетілген салық есептілігі түріне Есепті жатқызумен белгіленеді; 5) хабарламаның нөмірі мен күні. Торкөздер Салық кодексінің 206-бабы 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген хабарлама бойынша қосымша Есепті табыс еткен жағдайда толтырылады. 6) салық төлеушінің жекелеген санаттары. Торкөздер, егер салық төлеуші А, В, С-жолдарында көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жатқан жағдайда толтырылады: А – Салық кодексінің 700-бабында белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін АСР қолданатын салық төлеуші;
Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.
В – Салық кодексінің 40-бабына сәйкес сенімгерлік басқарушының құрылтайшысы;
Сенімгерлік(ағылш. trust - сенім, тапсырма) сенімгерлік негізде басқаруға берілген мүлік (сенімгерлік меншік); иеленушісіне мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығын беретін құжат; меншікті сенімгерлікпен басқару.
С – Салық кодексінің 40-бабына сәйкес сенімгерлік басқарушы; 7) валюта коды – «Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген, 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды; 8) қосымшалар парағының саны – 701.00 есебіне тапсырылған қосымшалардың парақтарының саны көрсетіледі (араб сандарымен көрсетіледі). 11. «Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу» деген бөлімде: 701.00.001 жолында Салық кодексінің 494-бабында белгіленген мерзімде төлеуге тиісті салық төлеушімен есептелген, «3-бөлімде көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, көлік құралы салығын есептеу» 2-бөлімінің 700.00.001-жолының және «Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бойынша көлік құралы салығын есептеу» 3-бөлімінің С бағаны бойынша ағымдағы төлемдердің сомасы ретінде айқындалатын көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі. 12. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде: 1) «Салық төлеушінің (басшының) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес салық төлеушінің (басшының) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі; 2) есепті тапсырған күн – мемлекеттік кірістер органына есепті тапсырған ағымдағы күн; 3) мемлекеттік кірістер органының коды – салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды; 4) «Есепті қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» жолында есепті қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;
Лауазым - мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаруды жүктейтін өкілеттілік.
5) Есептің қабылдған күн – Салық кодексінің 209-бабы 2-тармағына сәйкес есепті табыс еткен күн; 6) құжаттың кіріс нөмірі – мемлекеттік кірістер органы беретін есептің тіркеу нөмірі; 7) пошта штемпелінің күні – пошта немесе өзге байланыс ұйымында қойылған пошта штемпелінің күні көрсетіледі. Осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшаларын есепті қағаз жеткізгіште қабылдаған мемлекеттік кірістер органының қызметкері толтырады.
Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.
   3-тарау. 701.00-нысанды толтыру бойынша түсіндірме Көлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебіне қосымша 13. 701.00 Есепке қосымшаны толтыруды тек аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бойынша салық төлеушілер жүзеге асырады. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» 1-бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді: 1) көлік құралдары салығын төлеушінің БСН; 2) салық кезеңі (жыл) – салық есептілігі табыс етілетін есепті салық кезеңі; 3) 3-жолды Салық кодексінің 698, 699 және 701-баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші толтырады және көлік құралына қатысты қолданылатын салық салу режимінің түрі көрсетіледі: 3 А торкөзін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылмайтын көлік құралы бойынша салық төлеуші белгілейді;
Режим (француз тілінде regіme, латын тілінде regіmen - басқару) - 1) мемлекеттік құрылыс, басқару тәсілі; 2) күнделікті өмір жұмыстың, демалыстың, тамақтанудың, ұйқының нақты белгіленген тәртібі; 3) белгілі мақсатқа жету үшін орнатылған ережелердің, шаралардың, нормалардың жиынтығы.
3 В торкөзін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын көлік құралы бойынша салық төлеуші белгілейді. 15. «3-бөлімде көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, көлік құралы салығын есептеу» деген 2-бөлімде: 701.00.001 жолында Салық кодексінің 494-бабында белгіленген мерзімде төлеуге тиісті көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық төлеушімен есептелген жалпы сомасы көрсетіледі. 16. «Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бойынша көлік құралы салығын есептеу» деген 3-бөлімде: А бағанында 00000001 жолымен басталатын жолдың реттік нөмірі көрсетіледі; В бағанында аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкім аппаратының БСН-і көрсетіледі; 3) С бағанында төлеуге жататын ағымдағы төлемдер сомасы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аралығында көрсетіледі.


жүктеу 63.48 Kb.