Главная страница
Контакты

    Басты бет


«kegoc» АҚ Басқармасының 2013ж. «21» қазандағы

жүктеу 418.99 Kb.



жүктеу 418.99 Kb.
бет2/3
Дата25.03.2017
өлшемі418.99 Kb.

«kegoc» АҚ Басқармасының 2013ж. «21» қазандағы


1   2   3

4 Терминдер мен анықтамалар

Осы стандартта Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамаларымен мынадай терминдер қолданылады:

4.1 Аудит: ҚЕ туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру.

4.2 Аудиторлық қызмет: ЕҚ аудитін және ЕҚ-мен байланысты басқа да ақпаратты жүргізу әрі қызмет бейіні бойынша қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік жұмыс.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

4.3 Аудиторлық ұйым: Аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым (аудиторлық қызметпен шұғылдану құқығына аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар ие болады).

Лицензия (лат. licentia - рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат. Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.

4.4 Аудиторлық есеп: Аудит жүргізу нәтижесі болып табылатын жазбаша ресми құжат.

4.5 Кәсіби бухгалтерлердің Этика кодексі: Халықаралық бухгалтерлер федерациясы бухгалтерлері үшін Этика стандарттары жөніндегі комитет шығарған кәсіби бухгалтерлерге арналған этикалық талаптар жиынтығы.

Бухгалтерия (нем. Вuсh – кітап және нем. halten – ұстау) - заңды тұлғалардың күнделікті есеп-қисабын (оның ішінде жалақы есептеу де) жүргізетін арнайы құрылымдық бөлімі. Бухгалтерияны бас бухгалтер, ал штаттық кестеде мұндай лауазым қаралмаса аға бухгалтер басқарады.

4.6 Мүдделер қақтығысы: Аудиторлық ұйымның мүдделілігі Қоғамның ҚЕ анықтығы туралы пікіріне әсер ете алатын жағдаят.

4.7 Халықаралық аудит стандарттары: Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған, олардың Қазақстан Республикасында ресми жариялануына Халықаралық бухгалтерлер федерациясының жанындағы халықаралық аудиторлық іс-тәжірибе жөніндегі комитеттен жазбаша рұқсаты бар ХАС.

4.8 Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары: ХҚЕС жөніндегі Қор басқармасы қабылдаған стандарттар мен түсіндірулер, олар мыналарды қамтиды:



  • Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары;
    Басқарма - Мемлекеттік атқару және билік жүргізу органдарының құрамындағы әкімшілік бөлімше; Кәсіпорынның, ұйымның қызметіне алқа түрінде басшылық жасайтын, белгілі бір мерзімге сайланатын орган. Оны әдетте, ұжым мүшелерінің жалпы жиналысы сайлаған төраға басқарады; Ұжым басшысы.


  • Халықаралық бухгалтерлік есепке алу стандарттары;

Халықаралық қаржылық есептілікті түсіндіру жөніндегі комитет даярлаған түсіндірулер.

4.9 ХҚДБ, ЕҚДБ үшін қолайлылық: Банк белгілеген талаптарды қанағаттандыратын, кредиттік келісімдерге сәйкес Банк Қарыз алушысының аудитін жүзеге асыруға құқық беретін, ХҚДБ және ЕҚДБ айқындаған әрбір елдегі аудиторлық ұйымдар тізбесі (бұдан әрі – Банк тізбесі).

Несие (лат. creditum - несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Оның қозғалысы кезінде несиелер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады.

4.10 Қаржылық есептілік: ХҚЕС-ке сәйкес даярланған Қоғам Тобының ҚЕ.
5 Жауапкершілік және өкілеттіктер
5.1 Осы стандарт Қоғам Директорлар кеңесінің шешімімен Қоғам Басқармасының ұсынысы бойынша, Аудит жөніндегі комитет мақұлдаған соң бекітіледі.

5.2 Осы стандартта аталған талаптардың ендірілуін бақылауды Экономика жөніндегі басқарушы директор жүзеге асырады.

5.3 Осы стандарт талаптарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі үшін БжСЕД директоры – бас бухгалтер жауапкершілікке ие.

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

5.4 Осы стандартты басқару үшін СТ KEGOC 00-101-10 стандартына сәйкес, БжСЕД Әдіснама және есепке алуды автоматтандыру бөлімінің бас менеджері жауапкершілікке ие.

Әдіснама /методология/(грек. methodos - зерттеу жолы, теория және logos - іпім) -

5.5 Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің, соның ішінде филиалдардың, Өкілдік пен ЕҚ-ның басшылары осы стандарт талаптарының ендірілуі мен орындалуы үшін жауапкершілікке ие.
6 Жалпы ережелер
6.1. Аудит жөніндегі комитет қажетттілігіне қарай осы стандарт талаптарын сақтау мәселелерін бұл мақсаттар үшін ІАҚ тарта отырып қарайды.

6.2 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, Қоғам жылдық ҚЕ-ге міндетті аудитті және талаптары аудит жүргізуге арналған шартта қарастырылған бастамашылық аудитті жүргізеді.

6.3 Қоғамда кезең сайын Аудитор алмасып отырады. Бір аудиторлық ұйым бес жыл бойы қатарынан аудит жүргізген жағдайда аудит жөніндегі серіктес ауыстырылады.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

6.4 Аудиторды таңдау Ережеге сәйкес жүргізіледі, қызмет көрсетуді сатып алу Сатып алу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

6.5 Бұл ретте Қоғам Банктердің қарыз алушысы болып табылатындықтан, Қоғам Аудиторы болып ХҚДБ және ЕҚДБ-ге қолайлы тек тәуелсіз аудиторлық ұйым таңдалуы мүмкін.

6.6 Аудит міндеттері, мерзімдері мен көлемі аудит жүргізуге арналған шартта қарастырылады.

6.7 Өткізілген аудит нәтижелерін Қоғам:

1) Қорға - Қор талаптарына сәйкес және белгіленген мерзімде тапсырады;

2) Банктерге – Банктердің талаптары мен белгілеген мерзіміне және арнайы мақсаттағы жобалар бойынша кредиттік келісімдердің шарттарына сәйкес ұсынады;

3) ашық баспасөз бен корпоративтік сайтта - Акционерлік қоғамдар және аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орналастырады;

4) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында Бухгалтерлік есепке алу және ҚЕ туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орналастыруды қамтамасыз етеді.


7 Алдын ала рәсімдерді, аудит жөніндегі рәсімдерді және кейінгі іс-шараларды жүргізу тәртібі
7.1 ҚЕ аудитін жүргізу үшін Қоғам белгіленген тәртіпте мынадай алдын ала рәсімдерді жүзеге асырады:

1) Аудитор таңдау;

2) Аудиторды және оның қызметтерін төлеу мөлшерін Уәкілетті органның бекітуі;

3) Аудитордың қызмет көрсетулерін сатып алу үдерісін Уәкілетті органның шешіміне сәйкес жүргізу .

7.2 Аудит жөніндегі рәсімдер Аудитор ХАС-қа сәйкес аудит жүргізуге арналған шартта келтірілген талаптар бойынша жүргізіледі.

7.3 Кейінгі іс-шаралар мыналарды қамтиды:

1) Директорлар кеңесінің Қоғамның аудиттелген ҚЕ-н (аудиторлық есепті) алдын ала бекітуі;

2) аудиттелген Қоғам ҚЕ-н Уәкілетті органның бекітуі;

3) аудиттелген Қоғам ҚЕ-н бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.

7.4 Осы стандарттың 7.1-тармағында аталған рәсімдердің орындалуы аудит рәсімдерінің басталуына дейін қамтамасыз етіледі.


8 Алдын ала рәсім - Аудитор таңдау
8.1 Аудитор таңдауды анықтайтын негізгі өлшемдер

8.1.1 Қоғам үшін Аудитор таңдауды анықтайтын негізгі өлшемдер мыналар:

1) қызмет көрсетулер сапасы.

Аудитордың қызмет көрсетулер сапасы мынадай факторлармен анықталады:

- Аудитор мамандарының біліктілік деңгейі;

- қазақстандық әрі халықаралық нарықтағы жұмыс тәжірибесі;

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.
Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.
Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.

- қызмет көрсетудегі оралымдық;

- сала бизнесін білу (Аудитордың белгілі бір саладағы клиенттері неғұрлым көп болса, соғұрлым осы саланың проблемалары оған таныс және ол проблемаларды шешудің оңтайлы нұсқаларын жедел табады);

2) қызмет көрсетулер құны.

Қызмет көрсетулер құны Қоғам үшін аудиторлық және консультациялық қызметтер нарығында білікті Аудиторды тартуға ықпал ететін қолайлы бағалар тұрғысынан анықталады;

3) ХҚДБ және ЕҚДБ үшін қолайлылық.

Аудиторлық ұйым Банк Тізбесіне енуі тиіс.


8.2 Аудиторлық қызмет көрсетулердің әлеуетті жеткізушісіне қойылатын міндетті талаптар

8.2.1 Аудитор таңдау рәсіміне қатысу үшіңн Аудиторлық қызмет көрсетулердің әлеуетті жеткізушісі мынадай міндетті талаптарға сәйкес болуы тиіс:



  1. Құқықтық қабілетті болуы;

  2. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы болуы (қажет жағдайда лицензияға сәйкес лицензияланатын ілеспе қызмет көрсету);

  3. аудиторлық ұйым басшысының «аудитор» біліктілік куәлігінің болуы;

  4. ХҚЕС бойынша сертификат алған 4 (төрт) маманның болуы;

  5. аудитті жүзеге асырған кезде мүліктік зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының болуы;
    Сертификат (Куәландырма) (лат. sertіfіco - куәландырамын) - иеленушіде белгілі бір білім мен біліктілік бар екенін куәландыратын құжат; белгілі бір фактіні растайтын құжат (мыс., медициналық сертификат - қайсыбір елге сапарға шығар кезінде егу жасалғандығы туралы, т.б.)
    Сақтандыру - сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.


  6. аккредитацияланған кәсіби аудиторлық ұйымдағы мүшелігін растайтын құжаттың болуы;

  7. ХҚЕС және ХАС бойынша ҚЕ аудитін өткізу тәжірибесі бар, жоба бойынша аудит басталған күнге дейінгі әрбір өткен жыл үшін кемінде он ұйым серіктесінің болуы;

  8. Қоғамның қызметіне сәйкес келетін салада жоба бойынша ХҚЕС және ХАС бойынша кемінде 3 (үш) жыл ҚЕ аудитін өткізу тәжірибесі бар серіктестерінің болуы;

  9. ХҚДБ және/немесе ЕҚДБ қаржыландыратын жобалар аудитін өткізу тәжірибесі бар мамандарының болуы.

8.2.2 Әлеуетті сыртқы аудиторға қойылатын өзге де қосымша талаптарды Қоғам Аудиторды таңдау үдерісінде есепті жылдағы Қоғам қызметінің даму кезеңін, ерекшелігін және ауқымын ескере отырып анықтайды.
8.3 Аудиторды таңдау кезінде ескерілетін басқа да талаптар

8.3.1 «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы аудит өткізуге аудиторлық ұйымды тартуға мына жағдайларда тыйым салады, егер де:

1) аудиторлық ұйым немесе оның еңбеккерлері Қоғамның қатысушылары және/немесе кредиторлары болып табылуы;

2) аудиторлық ұйым соңғы 3 жыл ішінде Қоғамға бухгалтерлік есепке алуды қалпына келтіру және жүргізу, ҚЕ-ні жасау жөніндегі қызмет көрсетуі;

3) аудиторлық ұйым орындаушылары еңбек қатынастарында болса немесе Қоғамның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ Қоғам акцияларының он және одан аса пайызын (немесе жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иеленетін акционердің (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылуы;

Лауазым - мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаруды жүктейтін өкілеттілік.

4) аудиторлық ұйым орындаушылары Қоғамда жеке мүліктік мүдделерге ие болуы;

5) аудиторлық ұйымның Қоғам алдында немесе Қоғамның оның алдында аудит жүргізу жөніндегі міндеттемелерінен басқа ақшалай міндеттемелері бар болуы;

6) мүдделер қақтығысының туындауын немесе жасалған жария шарттардан туындайтын міндеттемелерден басқа осындай қақтығыстың туындау қаупін тудыратын жағдайлардың болуы.

8.3.2 Қоғамның аудиторлық ұйымнан алатын қызметтері шынайылық пен құпиялылық қағидаттарын бұзбауы тиіс, олар мына жағдайларда орын алуы мүмкін:

1) аудиторлық ұйымның қатысушыларының көпшілігі Қоғамның бәсекелестері болып табылатын бірлескен кәсіпорындары немесе осыған ұқсас ұйымдары болған жағдайда;

Құпия - өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке адам немесе қандай да бір ұйым басқаға білдірмей ұстайтын ақпарат. Әркімнің жеке, отбасылық құпиясын, жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, дәрігерлік, адвокаттық құпиясын, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын сақтау құқығы бар (Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 144-бабы). Әркімнің басқалармен қарым-қатынас жасаудың өзі қалайтын түрін таңдау және тәуелсіз әрі дербес жағдайда жеке, достық, сырластық және басқа қатынастар орнату мүмкіндігі - жеке өміріне қол сұғылмауына деген құқығы. Адамның әуестігін, ұнататын немесе жақтырмайтын нәрселерін, елігушілігі мен дүниетанымын оның бақылауынан және келісімінен тыс таратуға ешкімнің хақысы жоқ.

2) аудиторлық ұйым Қоғамға және мүдделер қақтығысы бар немесе бір-бірімен мәселелер, операциялар және проблемалар бойынша пікірталастары мен талқылаулары бар басқа ұйымдарға қызмет көрсеткен жағдайда.

8.3.3 ҚЕ аудиті жөніндегі қызмет көрсетулер алған кезде Қоғам аудиторлық ұйым тәуелсіздігіне мыналардың салдарынан қатер туындауы мүмкіндігін қарауы тиіс:

1) осы аудиторлық ұйымнан бұрын алынған қызмет көрсетулер сипаты;

2) осы аудиторлық ұйыммен ҚЕ қамтитын мезгіл ішінде немесе кейін қаржылық немесе іскерлік қарым-қатынастар.

8.3.4 Қоғамның аудиторлық ұйым үшін өздігінен бақылау қатерін болдырмауға немесе оны лайықты деңгейге келтіруге арналған шараларын қабылдамау немесе қабылдау мүмкін болмаған жағдайда Қоғам осындай аудиторлық ұйымнан ҚЕ аудиті жөніндегі қызмет көрсетулер ала алмайды.
9 Аудиторлық емес қызмет көрсетулерді жіктеу
9.1 «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа өз қызметінің бейіні бойынша бірқатар қызмет көрсете алады.

9.2 Этика кодексіне сай, аудитпен байланыспаған белгілі бір қызметтерді көрсету және аудиторлық ұйымға төленген аудиторлық емес қызметтер үшін сыйақы деңгейі мүдделер қақтығысынан немесе іс жүзіндегі яки жорамал шынайылықтың жоғалуына әкеп соғуы мүмкін. Әрбір аудиторлық ұйымның әлеуетті қызмет көсретулері мынадай санаттар бойынша жіктелген:

1) А санаты: аудиторлық ұйымның ағымдық міндеттемелерді қамтамасыз ету бойынша тәуелсіздікке әсер ете алатын және аудиторлық ұйымның «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, Этика кодексінде қарастырылған талаптар сақталып ұсынылған аудиторлық емес қызметтер;

2) Б санаты: аудиторлық ұйымның ағымдық міндеттемелерді қамтамасыз ету бойынша тәуелсіздігін жоғалтуға әкеп соғатын аудиторлық емес қызметтер, сондай-ақ «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес және Этика кодексінде қарастырылған басқа да шектеулермен тыйым салынған қызметтер.

9.3 А санаты бойынша қызметтерді «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйым көрсетуі мүмкін. Б санаты бойынша қызмет көрсету үшін Қоғам Қоғамның міндетті аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымды тартпайды.

9.4 Аудит жөніндегі комитет қажеттілігіне қарай аудиторлық емес қызмет көрсетудің жіктелу дұрыстығы туралы мәселені қарайды.

9.5 Аудиторлық емес қызметті санаттар бойынша жіктеу кезінде мыналарды ескеру қажет:

Бухгалтерлік есепке алу мен ҚЕ жасау жөніндегі қызмет көрсету.

Қоғамның кейін сол Аудитордың өзі аудиторлық қорытынды беруі мүмкін бухгалтерлік есепке алу мен ҚЕ даярлау жөніндегі Аудитордың қызметтерін сатып алуы Аудитордың тәуелсіздігіне кері әсерін тигізеді немесе кемінде осы тәуелсіздікке күмән туғызады. Демек, осы қызметтерді көрсетуге тыйымнан басқа ешқандай сақтандыру шарасы Аудиторға төнетін қауіпті қолайлы деңгейге жеткізе алмайды. Бұл жағдайда Қоғам осы Аудитордан мұндай қызметтерді алмауы тиіс.



Бағалау қызметтер.

Егер де Қоғам бағалау қызметтерін алған кезде нәтижелері Қоғам ҚЕ-сі үшін маңызды болып табылатын мүліктің құндық бағалауын жүргізсе, осы арқылы Аудитор үшін өздігінен бақылау қатері ешқандай сақтандыру шараларымен қолайлы деңгейге жетпеуі мүмкін. Тиісінше, осындай бағалау қызметтін Қоғам қабылдамауы тиіс немесе Қоғам осы Аудитордан ҚЕ аудиті жөніндегі қызметтерді алудан бас тартуы тиіс.

Қоғамның жекелей әрі жиынтық Қоғам ҚЕ-сі үшін елеулі емес бағалау қызметтерін алуы Аудитор үшін өздігінен бақылау қатерін тудыруы мүмкін, ол алдын ала сақтандыру шараларын қолданумен қолайлы деңгейге түсіріледі. Осындай алдын ала сақтандыру шараларына жатқызылатындар:

1) жоба (аудит) бойынша басқа серіктестік тартуды қамтамасыз ету, ол жұмысқа бақылау функцияларын атқару және қажеттілік бойынша өзге де консультациялар беру үшін бағалау қызметтерін көрсететін топқа кірмейді;

Серіктестік - коммерциялық ұйымдар қызметінің негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны. Қатысушылардың салымдары есебінен құрылған және қызмет нәтижесінде алынған мүлік Серіктестіктің меншігі болып табылады. Мынадай түрлерге бөлінеді: жауапкершілігі шектеулі cеріктестік - өздерінің ақшалай немесе заттай нысандағы салымдарын біріктіру жолымен немесе жеке тұлғалардың келісімі бойынша құрылатын және несиегерлер алдында тек өзінің мүлкімен ғана жауап беретін, несиегерлердің талаптары cеріктестік мүшелерінің мүлкіне қолданылмайтын заңды шаруашылық ұйым түрі; қосымша жауапкершілікті cеріктестік - шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында заңды тұлғалармен немесе азаматтармен (жеке тұлғалармен) жасалған келісім бойынша олардың мүлкін біріктіру жолымен құрылған ұйым; жауапкершілігі шектеусіз cеріктестік. - міндеттемелері бойынша қатысушылары салған капиталымен ғана емес, өзінің бүкіл мүлкімен ынтымақты түрде толық жауап беретін коммерц. ұйым; толық cеріктестік. - қатысушылары өзара жасасқан шарт негізінде серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және оның міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі мүлікпен жауап беретін заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны; сенімгерлік (коммандиттік) cеріктестік. - міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, салымшылардың мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайтын cеріктестік.; сауда cеріктестікгі - өнеркәсіп, а. ш. көлік салаларында, т.б саудамен және басқа кез келген шаруашылық қызметпен айналысатын заңды тұлға; шаруашылық cеріктестікгі - жарғы капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымына) бөлінген коммерц. ұйым; акционерлік қоғам - жарғы капиталы құрылтайшылардың (акционерлердің) акцияларынан құралатын акционерлік ұйым.

2) Қоғамның Аудитор атқарған бағалау қызметтерінің нәтижелері үшін өзіне жауапкершілік алуы туралы растауды беру;

3) Аудитор қызметінде міндеттерді бөлісуді қамтамасыз ету, бұл ретте осы Компанияның Қоғамы үшін бағалау жөнінде қызмет көрсететін жұмыскерлер ҚЕ аудитіне қатыспайды.

Егер де Қоғам салықтық декларацияны тапсыру немесе төлеуге тиесілі салық сомаларын есептеу мақсаттары үшін немесе салықтық жоспарлау мақсаттары үшін бағалау жөніндегі қызметтер алса, бұл Аудитордың тәуелсіздігіне қатер төндірмейді, өйткені әдетте тысқары ұйымдармен, яғни салық органдарымен тексеріледі.

Салық салу саласындағы қызмет көрсету.

Салық салу саласындағы қызмет көрсетулер кең қызмет шоғырын бейнелейді, соның ішінде: салық заңнамасын сақтауды бақылау, салықтық жоспарлау, салықтық декларацияларды құрастыру, салықтық дау-дамайларды шешуге көмек. Қоғамның осындай қызметтерді алуы әдетте Аудитордың тәуелсіздігіне қатер тудырмайды.



Ішкі аудит қызмет көрсетуі.

ХАС-қа сәйкес ҚЕ аудитін жүргізу үшін керек етілетін рәсімдердің жалғасуын бейнелейтін ішкі аудит қызмет көрсетуі Аудитор жұмыскерлерінің Қоғамның ІАҚ еңбеккерлерінің рөліне балама рөлде болмайтындай Аудитордың тәуелсіздігіне қатер төндіреді.

Қоғамның Аудиторға ішкі аудитті жүзеге асыру жөніндегі едәуір функциялар бөлігін беруі Аудитор үшін өздігінен бақылау қатерін тудыруы мүмкін. Осы жағдайда тиісті алдын ала сақтандыру шараларын ендіру қажет, атап айтқанда, Қоғам ішкі бақылау жүйесін құру, ұстап тұру, мониторингілеу үшін өз жауапкершілігін мойындауы тиіс.

Ақпараттық қызмет көрсету.

Қоғамның Қоғам ҚЕ-не кіретін ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын ақпараттық-технологиялық жүйелерді әзірлеуге және ендіруге байланысты қызметтер алуы Аудитор үшін өздігінен бақылау қатерін тудыруы мүмкін.

Аудитор үшін өздігінен бақылау қатері Қоғамнан мыналарды қамтамасыз ететін тиянақты алдын ала сақтандыру шараларын керек ететіндей тым қатты болуы мүмкін:

1) Қоғамдағы лауазымды тұлғаның ішкі бақылау жүйесін құру, ұстап тұру, мониторингілеу үшін өз жауапкершілігін мойындауы;

2) Қоғамдағы лауазымды тұлғаның жоғары буынды басшылық арасынан бағдарламалық құралдарды әзірлеу мен ендіруге қатысты барлық басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін құзыретті еңбеккерді жауапты етіп тағайындауы;

3) Қоғамдағы лауазымды тұлғаның аталған жүйелерді әзірлеу мен ендіру бөлігінде барлық басқарушылық шешімдерді дербес қабылдауы;

4) Қоғамдағы лауазымды тұлғаның тепе-теңдікті және жүйелерді әзірлеу мен ендіру нәтижелерін бағалауы;

5) Қоғамдағы лауазымды тұлғаның жүйелерді пайдаланғаны және жүйелер қолданатын деректер үшін жауапкершілікті қабылдауы.



Ішкі бақылау жүйесі мен тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және әзірлеу жөніндегі қызмет көрсету.

Ішкі бақылау жүйесі мен тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және әзірлеу жөніндегі қызмет көрсетуді алу Аудитор басқару функцияларын атқармаған кезде Аудитор үшін тәуелсіздігіне қатер төндірмейді.



Төрелік дау-дамайларды қараудағы көмекпен байланысты қызмет көрсету.

Қоғамның төрелік дау-дамайларды қараудағы көмекті алуымен байланысты қызмет көрсетуі сараптама, жорамалдық зиянды немесе басқа да сомаларды бағалау секілді қызметтерді қамти алады, оларды соттық дау-дамай нәтижесі бойынша Қоғам төлеуге немесе алуға, сондай-ақ іс қағаздарын жүргізуге, ізденуге және соттық дау-дамай үшін құжаттар құрастыруға міндетті болуы мүмкін.

Сараптама - ғылым, техника, өнер, т.б. салаларда арнайы таным, білім мен біліктілікті талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми зерттеуден айырмашылығы сол, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Егер де Қоғамның дау-дамайлардағы алған көмегі Қоғам ҚЕ-де көрсетілуі тиіс сомаларға немесе деректерге әсер ететін ықтимал дау-дамай бітімін бағалауды қамтыса, онда Аудитор үшін өздігінен бақылау қатерін тудыруы мүмкін. Қатер мәнділігі мынадай факторларға тәуелді:

1) дау-дамай тақырыбы болып табылатын сомалар елеулігі;

2) дау-дамай тақырыбындағы субъективизм дәрежесі;

Субъективизм - тарихи процестердің объективті заңдарын мойындамай, тек өз шешімдеріне ғана басшылық жасайтын адамдардың қызметі.

3) Қоғам көрсететін қызмет көрсету сипаты.

Егер де Аудитор атқаратын функциялар Қоғам атынан басқарушылық шешімдер қабылдауды тұспалдаса және осыменен туындайтын қатер қайсыбір алдын ала сақтандыру шараларын қолданудың қолайлы деңгейіне дейін түсе алмаса, бұл жағдайда Қоғам Аудитордан осы текті қызметтер алуы тиіс емес.

Заңды қызмет көрсету.

Қоғамның ҚЕ-ге елеулі әсеріне ие емес мәселелер бойынша заңды қызмет көрсетуді алуы Аудитордың тәуелсіздігіне қолайсыз қатер тудыратын фактор болып табылмайды.

Осы не өзге салада көмек алу мақсатында Қоғамның алатын заңды қызмет көрсетуі (мысалы, шарт жасасу, заң консультациясы, заңдылы сараптама немесе қайта ұйымдастыру бойынша кеңестер) Аудитор үшін өздігінен бақылау қатерін тудыруы мүмкін, бірақ та қолайлы деңгейге дейін осындай қатер түсіруге қабілетті алдын ала сақтандыру шаралары қолданылуы мүмкін. Мұндай қызмет көрсетулер әдетте Аудитор тәуелсіздігіне мына кездерде кері әсер етпейді:

1) Қоғам ҚЕ-нің аудитін жүзеге асыратын топ мүшелері осы қызметті көрсетуге қатыспауы;

2) консультациялық қызметтерді алғанда Қоғамның өзі ақырғы шешім қабылдауы
10 Аудиторлық емес қызмет көрсетуді бекіту
10.1 Ең алдымен аудиторлық ұйым А санаты бойынша қызмет көрсетуі үшін Аудит жөніндегі комитеттің алдын ала мақұлдауы керек етіледі. Аудиторды анықтауға арналған сұрау салу шеңберінде аудиторлық ұйым мақұлдама алудың аудиторлық ұйымның тәуелсіздігіне қатер төндірмейтін себептерін санамалап алуы тиіс.

10.2 Аудит жөніндегі комитетке ұсынылған материалдар Аудитордың әртүрлі қызмет көрсету санаттарына бөлінген жыл ішіндегі аудиторлық емес қызметті көрсететін кестені, сондай-ақ жорамалдық қызмет көрсетуге байланысты төлеуге жататын болжамдық сыйақыны қамтуы тиіс.

10.3 Аудит жөніндегі комитет қабылдаған аудиторлық емес қызмет бойынша шешімдер Директорлар кеңесіне мәлімет үшін ұсынылады.
11 Аудит жүргізуге арналған шартқа талаптар
11.1 Аудитті жүргізуге арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына, Сатып алулар қағидаларына және осы стандартқа сәйкес жасалады.

11.2 Аудитті жүргізуге арналған шарт міндетті түрде мыналарды мазмұндайды:

1) Қоғамның Өкілетті органы Аудиторды анықтаған соң шарттың күшіне енуін қарастыратын талап;

2) Аудитордың аудиторлық есепті уақтылы тапсыру мерзімдері үшін жауапкершілігі;

3) егер де Аудитор Қоғам ҚЕ-нің аудитін 5 (бес) жыл бойы жүзеге асырса, аудит жөніндегі серіктесін міндетті алмастыру талабы;

Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.

4) Қоғам Аудиторының Қордың сыртқы аудиторына оның шоғырланған ҚЕ аудиті кезінде Аудитор даярлаған жұмыс құжаттарына шығумен бірге ықпал ету талабы;

5) кейін Қоғам Аудиторын Аудитор құжаттарымен, соның ішінде одан әргі Аудитордың бастапқы сальдоға қатысты жеткілікті әрі тиянақты аудиторлық дәлелдерді алу үшін таныстыру мүмкіндігі (Қоғам Аудиторын мүмкін болар ауыстыру жағдайында).

11.3 Аудитті жүргізуге арналған шартқа техникалық айрықшама (техникалық тапсырма) мынадай міндетті талаптарды мазмұндауы тиіс:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қормен және Банктермен белгіленген мерзімдерден кешіктірмей айқындалған аудиторлық есеп беру мерзімі және тиісінше, басшыға есеп беру мерзімі - аудиторлық есепті шығарған соң екі аптадан кешіктірілмейді;

2) Аудитордың басшыға хат даярлауы.

Басшыға хат – Аудитордың Қоғам басшылығына есепке алу жазбаларындағы, бухгалтерлік есепке алу және ішкі бақылау жүйелеріндегі бухгалтерлік есептемеде қателерге әкеп соғуы мүмкін кемшіліктер туралы ақпаратпен және анықталған кемшіліктерді түзету жөніндегі тиісті ұсынымдарымен бірге жазбаша өтініші.

Басшыға хат екі түрде даярлануы тиіс:

а) біріншісінде ішкі бақылау жүйесінде айтарлықтай кемшіліктер көрсетілуі тиіс. Ішкі бақылау жүйесінің бір немесе бірнеше құрамбөліктерін әзірлеу не жұмыс істету аудиттелетін ҚЕ қатысында қателермен яки елеулі бола алатын және оларға ұйғарылған міндеттерді кәдімгі жүзеге асыру үдерісінде дер кезінде анықталмайтын сомалардың бұрмалауымен туындаған бұрмалаушылықтар болуы мүмкін тәуекелді салыстырмалы төменгі деңгейге түсірмейтін кемістік айтарлықтай кемшілік болып ұғындырылады;

б) екіншісінде ішкі бақылау жүйесіндегі айтарлықтай кемшіліктерді және барлық өзге де ұсынымдарды қоса отырып басшылыққа хаттың толық нұсқасы, сондай-ақ бюджеттік қаражатты, кредиттерді, байланысқан гранттарды, мемлекеттік активтерді, кепілденген мемлекеттік займдарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының анықтаған бұзылыстары туралы ақпарат келтірілуі тиіс;

Актив, активтер (латынша actіvus) - заңды тұлға меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік, игілік, дәулет, ақшалы қаржы, құнды қағаздар, патенттер, банктегі салымдар, авторлық құқықтар, негізгі және өндірістік қорлар, яғни экономикалық қызметте пайданың көзі ретінде табысқа иелік ететін субъектіні пайдаланатын не пайдалануға жарайтын қоғамдық байлықтың барлық түрлері.

3) ілеспе қызмет көрсету тізбесі, ол мына бағалауды қамтиды:


  • бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және ҚЕ жасау;

  • Қоғамның бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге және ҚЕ жасауға байланысты мәселелер бойынша ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жүйелерінің тепе-теңдігі;

  • автоматтандырылған ақпарат өңдеу жүйелерін бағдарламалық-техникалық жарақтандыру мен сенімділік жай-күйі;
    Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.


  • бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге және ҚЕ жасау кезіндегі жымқыру мен қателіктер оқиғалары (алаяқтық);

  • Қоғамның бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және ҚЕ жасау кезінде ішкі бақылау жүйесіндегі ішкі бақылау жүйесін бағалауға байланысты мәселелер бойынша ІАҚ қызметі;

11.4 Ілеспе қызметті атқару нәтижелерін Аудитор басшылыққа арналған хатта ашады (толық нұсқа).

11.5 Сондай-ақ ілеспе қызмет көрсету тізбесі Аудитордың бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу мәселелері бойынша консультацияларды (консультациялар бойынша есеп тапсырмай) Директорлар кеңесі немесе Аудит жөніндегі комитет мүшелерінің кез келген аталған органдардың сұрау салуы бойынша Қоғам ҚЕ-нің аудит нәтижелерінің тұсаукесерін өткізуді қамтиды.

11.6 Ілеспе қызмет көрсету тізбесі қажет кезде Аудитордың Халықаралық бухгалтерлер федерациясының жанындағы халықаралық аудиторлық іс-тәжірибе жөніндегі комитеттің ұсынымдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін өзге де қызмет көрсету түрлері қамти алады.

11.7 Бұдан басқа, техникалық айрықшамада Аудиторды таңдау рәсіміне қатысу кезінде аудиторлық ұйым ұсынған аудиторлар құрамын аудитке тарту туралы шарт қарастырылады. ҚЕ аудитін жүзеге асыратын аудиторлар құрамын мүмкін болар алмасуы жағдайында Аудиторды таңдау рәсімін жүргізген кезде аталған фактордың аудиторлық есептің сапасы мен шығуының дер кезділігіне әсерді мейлінші азайту мақсатында белгіленгендей, жаңадан тартылатын аудиторлардың Қоғам талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету шартымен Аудитор аудиторлар құрамының өзгерісі туралы дәйекті қолдаухат ұсынады.


12 Аудиттелген қаржылық есептемені ұсынуға талаптар
12.1 Аудитордың түсініктермен бірге аудиторлық қорытынды беруге немесе Аудитордың Қоғам ҚЕ-не қатысты қайсыбір басқа қолайсыз пікіріне әкеп соғатын кемшіліктер болған жағдайда Қоғам дереу Қорды хабардар етеді және жағдаятты түзеу жөнінде барлық қажетті шараларды қолданады.
13 Органдардың, Қоғамдағы лауазымды тұлғалардың және құрылымдық бөлімшелерінің құзыреті
13.1 Қоғамның Директорлар кеңесі Қоғам жұмыскерлеріне ҚЕ аудитін сапалы жүргізу және аудиторлық есепті уақтылы шығару маңыздылығын көрсететін ортаның құрылуын қамтамасыз етеді.

13.2 Аудит жөніндегі комитет:

1) Қоғам Аудиторын тағайындау және алмастыру жөніндегі мәселелерді зерделейді және осы мәселе бойынша ұсынымдар даярлайды ;

2) ілеспелі және аудиторлық емес қызметті Аудитордан алуды алдын ала мақұлдайды және осы алынатын қызмет көрсету сипатын Аудитордың тәуелсіздігіне әсер ететін мүдделер қақтығысының туындауы үшін қатерге жол бермеу мақсатында қарайды;

3) Қоғам ҚЕ-нің аудитін жүргізуге арналған шарт жобасының елеулі талаптарын алдын ала мақұлдайды;

4) Аудитормен ұсынылатын аудит жоспарының және көлемінің акционер мен Қоғам Директорлар кеңесінің қажеттіліктеріне сәйкестігін талқылайды;

5) Аудитормен бірлесе жыл сайынғы және аралық ҚЕ аудиттерінің нәтижелерін Қоғам басшылығының аудит қорытындылары жөніндегі ақпаратын қоса отырып қарайды.

13.3 ҚЕ мәселелерін бағыттайтын Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қоғамда аудит процесінің өткізілуін қамтамасыз етеді.

13.4 Құрылымдық бөлімшелер ішкі құжаттарда белгіленген құзыреттерге сәйкес, мынадай жауапкершілікк ие болады:

1) БжСЕД – Аудиторды таңдау жөніндегі құжаттарды даярлау, ҚЕ аудит процесінің өткізілуін үйлестіру және Қоғамның аудиттелген ҚЕ-ні Қорға уақтылы тапсыру үшін;

2) ЖБД - аудит процесінің арнайы арналымдағы жобалар бойынша өткізілуін үйлестіру және Қоғамның аудиттелген ҚЕ мен арнайы жобалар бойынша ҚЕ-н Банктерге дер кезінде тапсыру үшін;

3) КДД - аудиттелген ҚЕ-н бұқаралық ақпарат құралдарында уақтылы жариялау және корпоративтік сайтта орналастыру үшін;

4) қалған құрылымдық бөлімшелер құзырет бойынша–Аудиторға ұсынылатын ақпараттың уақтылығы мен анықтығы үшін.

13.5 Қоғам белгіленген тәртіпте ҚД-не ҚЕ аудитін жүргізуге байланысты әдіснамалық және іс-тәжірибелік көмек көрсетеді әрі аталған процеске мониторингті жүзеге асырады.


14 Аудитордан жыл сайынғы растама
14.1 Аудитор жыл сайын Аудит жөніндегі комитетке мыналарды растайды:

1) өзіндік тәуелсіздігін сақтауын;

2) Қоғам тобына кіретін ҚД-де, Аудитор мен оның серіктестерінде қаржылық мүдделердің жоқтығын;

3) аудиторлық топ мүшелерінде қаржылық мүдделердің жоқтығын;

4) осы стандартта қарастырылған жағдайлардан басқа Қоғамға өзге қызмет көрсетулердің болмауын;

5) Қоғамның төтенше жағдайлар туындау негізінде қайсыбір сыйақы төлеудің болмауын;

6) Аудитордың Қоғамған әрбір көрсеткен қызметі бойынша алған сыйақы сомасы Аудитордың Қоғамнан немесе Қоғам тобынан қаржылық тәуелсіздігіне айтарлықтай әсер етпегенін, оның шегі Біріккен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінің Алқалы Сертификацияланған Бухгалтерлік Қауымдастығының Кәсіби этика қағидаларына (the ACCA Rules of Professional Conduct) сай, Аудитордың жалпы табыстарының 15 пайызынан аспауы тиіс;

7) Қоғам мен Аудитор арасындағы қайсыбір дау-дамайлардың жоқтығын.

14.2 Аудит жөніндегі комитет жыл сайын Директорлар кеңесіне Аудитордың жоғарыда келтірілген растаманы бергенін растайды.
15 Мезгілдік есептілік
15.1 Есептік жыл нәтижелері бойынша Қоғамның экономика жөніндегі басқарушы директоры Аудит жөніндегі комитетке мұның алдындағы жыл үшін ақпаратты қамтитын есептің ұсынылуын мыналарға қатысты қамтамасыз етеді:

1) Аудитор көрсеткен қызмет көлемі;

2) Аудитор көрсеткен аудиторлық емес қызмет көлемі (әртүрлі қызмет көрсету бойынша бөлгендегі);

3) Аудиторға осындай қызмет көрсеткені үшін Қоғам төлеген сыйақы (әрбір бөлек қызмет үшін және жиынтықтық) .


16 Жоба бойынша серіктестің ауысуы
16.1 Қоғам Аудитордан әрбір бес жылда жоба бойынша серіктестің (аудит үшін жауапкершілікке ие болатын) ауысу қағидатын ұстануды талап етеді. Осы нәтижеге қол жеткізу жөніндегі сабақтастық жоспарын Аудитордың даярлауы және Аудит жөніндегі комитетке ауысуды жүргізуге дейін бір жылдан кешіктірмей қарау үшін ұсынылуы тиіс.
17 Қоғамға Аудитор еңбеккерлерін жұмысқа қабылдау
17.1 Егер де Қоғамның міндетті аудитіне Аудитор ретінде қатысушы немесе қоғамның міндетті аудитіне оны Қоғамға тағайындау (сайлау) алдындағы екі жыл ішінде Аудитор еңбеккері ретінде қатысқан адамды Қоғамның Басқарма мүшесі, басқарушы директоры және бас бухгалтері лауазымына тағайындау (сайлау) жорамалданса, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында Аудит жөніндегі комитеттің ұсынылатын үміткер бойынша оны тағайындау (сайлау) туралы мәселені кейін қарау үшін алдын ала мақұлдауы керек етіледі.
18 Аудитордың ҚЕ-нің өткізілген аудит қорытындылары бойынша ескертпелерін жою

1   2   3


жүктеу 418.99 Kb.