Главная страница
Контакты

    Басты бет


К. Ш. Джалилов жаһандандыру жәНЕ

жүктеу 174.41 Kb.



жүктеу 174.41 Kb.
бет2/2
Дата14.04.2017
өлшемі174.41 Kb.

К. Ш. Джалилов жаһандандыру жәНЕ


1   2
ғаламшардың басқа халықтардың тілдік және мәдени ұқсастығын, мәдениет өзгешелігі мен бірегейлігін сақтап қалу сұрағы өзекті болады.
Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs - кезбе жұлдыздар) - өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.

Бұл жерде, әрине, сұрақ туындауы мүмкін: қалайша, ұлттық мәдениеттерде таңдау жоқ және нәтиже біреу ғана - қазір билік етуші мәдениет формаларына сіңіп кету, өзінің өзгешелігі мен маңыздылығын жоғалту, бір сарынға келтіру және ерекшелігінен айыру ма? Автордың пікірі бойынша, ешбір. Лайықты жеңіліске төзбейді, тек қана лайықты болып қалу керек. Ешқандай жағдайда да ұлттық мәдениет құндылықтарынан бас тартпау керек. Оларға жалпы адамзаттық қалып беру керек, сонда ұлттық мәдениет зиян келмей қабылданады.

Ұлттық мәдениеттің әлемдік мәдениет кеңістігіне кіру қиын мақсатын шешу үшін, ұнау тілегі емес, өз-өзі болып қалу ептілігі анықтаушы болып табылады. Ешбір жағдайда өз мәдениеті аясында тұйықталуға болмайды, әлемдік мәдениет кеңістігіне шығу керек, бірақ бар нәрсемен шығу керек, себебі дәл осы мазмұны құндылыққа ие. Оған қоса, ұлттық мәдениетті «өзін сатуға» мәжбүрлеуге болмайды және оны қабылдамауы, қарастырмауы, түсінбеуі және бағаламауы мүмкін. Демек, ол заманға, уақытқа «сай емес».

Алайда ұлттық мәдениет өзін жақсырақ қабылдау үшін рұқсат етілгеннің аясындағы бірдеңе жасай алады. Ол жаһандандыру ұсынатын мүмкіншіліктерді қолдана алады. Ол өзінің үлгісін тираждай алады және «әр үйге әсер етеді». «Әлемнің керемет сахналарында» қатты қуанышпен қабылданбаса, ұлттық мәдениет басқа аймақтарда жауап табуы мүмкін, және сол жерде кеңінен қабылданатыны ықтимал.

Қазақстандық танымал философ А.Г. Косиченко атап өткендей, ұлттық мәдениет кең түсіністікке ие болмаса, ол үлкен қайғы емес. Ақыр соңында, ол, бірінші кезекте, ұлттық мәдениет, демек, нақты ұлттың мәдениеті. Ұлттық мәдениет өзіне тиесілі құндылықтарға адамды тәрбиелей алады және солай жасауы керек. Егер бұл нағыз мәдениет болса, онда бұндай адам әлемге қызықты, себебі адамның мәдени өзгешелігі арқылы жалпы адамзаттық мәдениет көрінеді. Ұлттық мәдениет дәл өзінің ерекше құндылықтарымен бағалы, себебі,осы құндылықтар әлемді және ондағы болмысты көру әдісі болып табылады. Бұл негізден айырылмау керек, себебі қарсы жағдайда ұлттық мәдениет жоғалып кетеді.

Біз дәстүрлі мәдениет жайлы айтқанда, әлеуметтік құрылымы өркениетті дамуының ұзақ тарихы бар, дәстүрлі рухани құндылықтарға негізделген қоғам мәдениетін ескереміз. Бұл ұлттық менталитеті және өмір салты тұрақты және ұзақ қалыптасу тәсілі бар қоғам. Мұндай типті қоғамдар тобына осы дәстүрлік негізде экономикалық жетілдірудің белгілі жетістіктеріне жеткен қоғамдар да кіреді, ол келесі елдер: Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Кувейт, Үндістан, Бразилия және т.б.; және экономикалық жетілдіру жолында енді тұрған қоғамдар, олар Орталық Азия, Иран, Пәкістан сияқты посткеңестік мемлекеттер, Африка құрлығының басым елдері: «аластатылған елдер», олар Солтүстік Корея, Ирак, Куба.

Құрлық, материк, континент - жер қабығының дүниежүзілік мұхит деңгейінен көтеріңкі ірі бөлігі. Оның шеткі аймақтары мұхит деңгейінен төменде жатыр (қ. Құрлықтық беткей). Құрлықтың жалпы аумағы 149,1 млн.
Орта Азия Орта Азия - Азия құрлығының Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан Республикалары мен Қазақстанның оңтүстік облыстарының жерлерін қамтитын аймақ. Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде: «.. .

Бұл елдерде осы және басқа да рухани алаңдаушылық дәрежесі бар, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің болуы, жаһандандыруды қабылдаудың әртүрлі модустеріне ие: төтенше қабылдамаудан тиімді жетілдіру үшін өзіндік ұлттық сәйкестілікті жоғалтуға дейін.

Алаңдаушылық (Алармизм; ағылш. Alarm - қорқу, дабыл) - адамның табиғатқа, ең алдымен, тірі табиғатқа жағымсыз, қолайсыз әсеріне назар аударатын ғылыми ағым. "Табиғат-қоғам" жүйесіне қолайлы, орнықты катаң шаралар кабылдайды.
Бірақ кез-келген контекстте жаһандандыру- осы «шақыруға» нақты шаралар мен идеологиялық стратегиялар шығаруды талап ететін шындық. Егер жалпы деңгейде талқылайтын болса, жаһандандыру пайдалы емес, бірақ мәдениетке зиян да емес. Оған қоса, жаһандандырудың өзі мәдениеттер ымырасының салдары болып табылады, ол жерде қатысушылар көп табысқа жетеді. Мұндай ымыра жаңа әлемдік мәдениетке «алаң» қояды, және содан кейін барлық қатысушылар мәжбүрлі-келісілген ережелер бойынша «ойнайды». Бұл ретте жеңімпаз жоқ.

Мүмкін, адам барлық өзінің саналы мәдени даму тарихи уақытында алғашқы рет өзінің болмысы мәнін қайта ойлау мүмкіндігіне ие болған шығар. Мәдениет, сирек қоспағанда, әрқашанда адамның алдынан жалған мақсаттар қойып және оларға жету жолында оның рухын аздыртып, рухани дамуын алмастырған. Жаһандандыруда мәдениет өзін жоғалтпайды – көрінетіндей, жаһандандыруда мәдениет өзінің шекті негіздерін «айтады», өзінің болмысын ашады. Адамның рухани даму саласы, оның пендешілік өмірінде тіпті мәдениет еместігі және мәдениет рухты баптауда мүлдем басқа екендігі анық көрінеді. Жаһандандыру бұл мәдениет мәнін ашып, өзінің саналы мақсаттарына қарамастан адамның рухани оянуына септігін тигізеді, және, жаһандандырудағы мәдениеттің шекті дағдарысынан өтіп, адам мәдениетте нақты рухани жандану мүмкіншілігін алады деген үміт сақталады.

Өздігінен жаһандандыру феномені батыс интеллектуалды элитасымен жиі асырып жіберіледі, олар жаһандық процестер, мәдениеттердің өзара алмасуын қосқанда, мысалға тіпті, спагетти, денсаулық қорғау жүйелері, ғылым, технология, киім және басқалары, баяғыда пайда болған және Көне әлем алғашқы өркениеті кезінен әлем тарихының маңызды элементтері болып табылды.

Интеллект (лат. іntellectus - таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Біз, қазір бетпе-бет келетін құбылыстар, өткен шақта шексіз көп рет болған, және оларды сол процестер туындатты деп айтуға болады. Бұл халықтың үлкен санының империялық жүйелерге бірігуі, олардың мәдени үстемдігі және құлайтын империялардағы жергілікті жандану ретінде қабылданатын, олардың кезекті мәдени фрагменттелуі,- бұл барлығы көне және жиі зорлық ілесетін құбылыстар.

Қазіргі заманның жаһандық процестерінде екі құндылықтар жүйесі кездеседі деген тезис кеңінен таралған: дәстүрлі мәдениетте көзі бар құндылықтар жүйесі және либералдық пен демократиялық бағыттар айналасында құрылған құндылықтар жүйесі. Бұл екі құндылықтар жүйелерінің қақтығысуын екі әлемнің қарама-қарсы келуі ретінде түсіну дұрыс болмайды: ескі, дәстүрлі және қазіргі, демократиялық. Егер солай болса, онда екі құндылықты жүйелердің қарама-қарсы келуі орын алмайтын еді, тек адам құндылықтарының тарихи сабақтастығы жайлы айтуға болатын еді, ол кезде дәстүрлі бұрынғы құндылықтар жаңа әлем реалиясына сәйкес жаңа құндылықтарға ауысады, ал ондайлар ретінде либералдық-демократиялық деп аталатын құндылықтар болып табылады. Сөз құндылықтардың тарихи дамуындағы сабақтастығы жайында емес, бірақ дәл қарама-қарсы келу жайында, ол кей-кездері саяси, діни және әскери жанжалға жетуі мүмкін; сонымен бірге жоғарыда көрсетілген құндылық жүйелері бүгінгі өзекті құндылықтар болып табылады және оларды уақыт бойынша реттеп, тарату мүмкін емес. Қазіргі әлем тәжірибесі кейбір дәстүрлі құрылымдар бүгінгі өркениет негізіне өте тығыз байланысатынын сенімді көрсетеді. Тәжірибесіз жаңашылдық та мүмкін емес. Дәл дәстүрлер жоғалмай адамға, өзінің өмір салтын қазіргі заманның қарқынды өзгерістеріне бейімдеуге мүмкіншілік береді.

Дәстүрлі және қазіргі құндылықтар арасындағы қайшылықтар олардың арасында орналаспаған, ол дәл қазіргі құндылықтар жүйесінде орналасқан, оларға қажетті негізбен не жеке, не қоғамдық салада қалыптасуға мүмкіншілік бермейді. Бұдан автор, қазіргі адамның тұтас құндылықтар жүйесінің не Батыста, не Шығыста да жоқ болуының басты бір себебін көреді. Іс-жүзінде мұны барлық жерде көруге болады: террористтер, олардың әрекетін ақтайтын діни құндылықтар жүйесіне шағымдана отырып, саналы түрде немесе санасыз діни құндылықтарды өзекті-саяси мақсаттармен ауыстырады және оларды сайлаған демократиялық көпшіліктің соңғы құрамы әрекет жасайды.

Осы барлығы, қазіргі әлемдегі құндылықты анархияны сенімді көрсетеді, ол ыңғайлылық пен ақталу үшін плюарализм деп аталады, бірақ бір мағына ғана береді: қазіргі әлем өз тіршілік әрекетінің құндылықты негізін жоғалтты. Осыдан фрагменттік және тиянақсыздық; одақтар және аймақтық бірлестіктер шарттылығы, волюнтаризм, саясатта критерийлердің тұрақты болмауы; аса зор халық бұқарасымен абсолюттік манипуляциялану; БАҚ төтенше және ақталмаған билігі және т.б. туындайды.

Жоғарыда айтылғандардан бар білім беру бірлестіктерге жанжал мен экстремалдық әрекеттерге алып келетін себептер мен шарттарды дүниетанымдық білу қажет, оларға келесілер кіреді:

- қоғамдық қарым-қатынастар;

Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

- жастар ортасындағы әлеуметтік мәдени байланыстар;

- білім және діни сананың өзара әрекет ету механизмдері;

Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.

- қоғамның әртүрлі топтарында ұлтаралық жанжалдардың болдырмайтын, мәдениетті этносаралық байытуға талпыну.

Өркениеттік дамудың ескі курсын түзетуге кететін уақыт мүлдем қалмайды және «жүріс барысында» бейімделу және өзгеру керек. Бұл жағдайдан шығатын барлық көп емес позитивті жолдардан, автор келесісін ұсынды: елдің қолдағы және перспективадағы мүмкіншіліктерін есті бағалап, экстремизм мен терроризмнің барлық құбылыстарына қарсы күрес процесінде өзінің орнын, өзіндік ерекше ұтыс жолын тауып алған жөн. Әрі сөз тек экономика мен саясат жайында емес, идеология, құндылықтар жүйесі жайлы, оның айналасында кең әлеуметтік топтар біріге алады, ол қазіргі динамикалық және тұрақсыз әлемде елдегі азаматтық бейбітшілік пен келісімге кепілдік береді. Жаһандандырудың мәдени, құндылықты, рухани аспектілерін терең саралау бұл салада нақты тәжірибелік ұсыныстар береді.

Жастарға қатысты, тұтқырлық үшін кедергілердің ауқымды санын жою, яғни білім беру бағдарламаларын шетелдік жоо-да орындау ерекше маңызды болып саналады.

Жаһандандыру заманында және әлемнің мәдени көптүрлілігін күшейту жағдайларында, адамның жеке тұлғасын дамыту мен әлем азаматын тәрбиелеуде интернационалдандырудың, интер мәдени білім берудің маңызы артты. ЮНЕСКО халықаралық комиссиясының XXI ғ. білім дамытудың жаһандық стратегиялары жайлы баяндамасында, оның маңызды функцияларының бірі – адамдарды бірге өмір сүруге үйрету, мемлекеттер мен этностардың өзара тәуелділігін саналы ынтымақтастығына түрлендіруге көмектесу екені атап айтылған. Осы мақсатта білім, адамның бір жағынан өзінің шыққан тегін мойындап және осылай әлемде алатын орнын анықтай білуіне, екінші жағынан, ондағы басқа мәдениеттер мен халықтарға сыйлы қатынасты дарытуға септігін тигізуі керек [10].

Жастар экстремизмі құбылысы – жеке тұлғаның оны қоршаған ортамен және оның қолайсыз жағдайларымен, сондай-ақ, кейбір тіршілік ету салаларына қатысты әлеуметсіздендіру факторлар қатарымен өзара әрекет ету нәтижесі. Олардың жиынтығы және жеке әрбірі сол және басқа да тұлғаның экстремистік әрекетке қатысуына түрткі болуы мүмкін. Жастар экстремизміне қарсы әрекет бұл жағымсыз әлеуметтік құбылыстың тұрақты мониторингін жүргізуді қарастырады.

Ғылым-білім саласы аясында жастар экстремизмімен күрес қоғамдағы білім деңгейіне және инновациялық адам капиталына назар салуды қарастырады. Сонымен бірге, инновациялық адам капиталын дамыту негізгі мақсат ретінде саналады, себебі, қоғамның тұрақты әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуы, экономиканың, ғылымның, техника мен жоғары технологиялардың заманауи сұраныстарына жауап беретін, жоғары-кәсіби кадрларсыз мүмкін емес.


Әдебиет




  1. Межуев В.М. Проблема современности в контексте модернизации и глобализации // Полития. №3. 2000. С. 102-115.

  2. Практика глобализации: игры и правила новой эпохи. – М., 2000. С. 133-134.

  3. Декларация тысячелетия ООН // Экология – ХХ1 Век. – 2002. №1-2. С.24.

  4. См. Международная жизнь. – 2001. №1. С.58

  5. Декларация тысячелетия ООН // Экология – ХХ1 Век. – 2002. №1-2. С.24.

  6. См. http:www.earthcharter.org/draft/charter.htm.

  7. Федотова Н.Н. Возможна ли мировая культура? // Философские науки. №4. 2000. С. 58-68.

  8. Косиченко А.Г. Национальные культуры в процессе глобализации // WWW.orda.kz. Электронный информационно-аналитический бюллетень. №№ 8, 9.

  9. [URl]: http://www.ifap.ru/library/book201.pdf

  10. Вестник высшей школы ALMA-MATER. Москва, №5,2016г.


1   2

  • Орталық Азия

  • жүктеу 174.41 Kb.