Главная страница
Контакты

    Басты бет


Жолаушылар пойыздарына веб-портал пайдаланыла отырып фискалды электронды жүйелер арқылы электронды билеттерді ресімдеу технологиясы

жүктеу 0.53 Mb.



жүктеу 0.53 Mb.
бет5/5
Дата20.03.2017
өлшемі0.53 Mb.

Жолаушылар пойыздарына веб-портал пайдаланыла отырып фискалды электронды жүйелер арқылы электронды билеттерді ресімдеу технологиясы


1   2   3   4   5

Электронды билеттерді кінәрат-талап тәртібінде қайтару





  1. «Экспресс-3» АБЖ БДТЖ үлгіленгенге дейін кінәрат-талап тәртібінде қайтару тек «Экспресс-3» АБЖ терминалдарында жүзеге асырылады.

  2. Электронды билеттерді кінәрат-талап тәртібінде қайтаруға жіберілетін сұратуды «Экспресс-3» АБЖ-де сұратуды қалыптастыратын кассашы P26R020 жұмыс түрі бойынша жібереді.

  3. «Экспресс-3» АБЖ-нен алынған ақпараттың және электронды билеттердің мұрағатындағы ақпараттың негізінде қайтарылған электронды билет туралы жазба қалыптастырылады. «Экспресс-3» АБЖ-де орындарды қайтару белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

Сұрату өңделген кезде электронды билеттерге электронды билеттердің мұрағатында сақталатын «орындарды қайтару» мәртебесі беріледі.

Әрбір қайтарылған электронды билеттің ақпараты және әрбір электронды билеттің мәртебесі электронды билеттің мұрағатында, жүйенің жалпы мұрағатында және «Экспресс-3» АБЖ деректерінің талдамалы базасында сақталады.

«Экспресс-3» АБЖ терминалының қолданыстағы есептегіштерінде қайтарылған орындардың саны есептеледі, «Экспресс-3» АБЖ терминалының қаржылық есептегіштерінің түзетілуі жүргізілмейді.


  1. Ақшалай қаражатты қайтару тасымалдаушы қараған кінәрат-талаптың негізінде жүргізіледі. Қайтарылған кездегі жолаушыға тиесілі сома «Экспресс-3» АБЖ-де сұрату арқылы P26R021 жұмыс түрі бойынша айқындалады.

Қайтаруға сұрату өңделген кезде электронды билеттерге «Экспресс-3» АБЖ электронды билеттердің мұрағатында сақталатын «қайтару» мәртебесі беріледі.

Қайтарылатын сома туралы ақпарат электронды билеттердің мұрағатында, жүйенің жалпы мұрағатында және деректердің талдамалы базасында сақталады.



«Экспресс-3» АБЖ терминалының қолданыстағы есептегіштерінде қаржылық есептегіштердің түзетілуі жүргізіледі.

  1. Банктік карталар немесе электронды әмияндар пайдаланыла отырып бұрын төленген, кінәрат-талап тәртібінде қайтарылған электронды билеттері туралы ақпарат бұрын ресімделген веб-ресурс көрсетіле отырып, қайтарылған электронды билеттердің тізіміне кіргізіледі.

Тізілім негізінде тиесілі ақшалай қаражатты есептеу есептесудің қолма-қол ақшасыз түрі бойынша электронды сатып алу барысында пайдаланылған банктік картаға немесе электронды әмиянға ғана жүзеге асырылады.

  1. ФКЖ терминалдары пайдаланыла отырып ресімделген, алайда «Экспресс-3» АБЖ терминалдарымен жабдықталған билет кассалары арқылы қайтарылатын электронды билеттер туралы ақпарат кінәрат-талап тәртібінде «Экспресс-3» АБЖ тізіліміндегі жазбалардың негізінде енгізіледі. «Экспресс-3» АБЖ тізіліміндегі жазбаларды ФКЖ өңдейді, содан кейін ФКЖ қаржылық есептегіштерін түзетіп, кінәрат-талап тәртібінде қайтарылған электронды билеттерді есепке алу үшін ФКЖ «Экспресс-3» АБЖ тізіліміндегі деректерді ФКЖ мұрағатының деректерімен салыстыруды жүргізеді.

ФКЖ терминалымен жабдықталған билет

кассасында электронды билеттерді қайтару





  1. ФКЖ терминалдарымен жабдықталған билет кассаларындағы пайдаланылмаған электронды билеттерді қайтару «Экспресс-3» АБЖ базасында интернет желісі пайдаланыла отырып, электронды билеттерді өткізу мен есепке алудың Ақпараттық технологиясына сәйкес жүргізіледі.

  2. ФКЖ терминалдарымен жабдықталған билет кассаларында ФКЖ пайдаланыла отырып ресімделген пайдаланылмаған электронды билеттерді қайтару жүргізіледі.

  3. Жердегі тіркеуден өткен электронды билеттерді қайтару «Экспресс-3» АБЖ терминалдарымен жабдықталған билет кассаларында ғана және жердегі тіркеу рәсімінен өткеннен кейін алынған ҚЕБ-ге электронды билет көрсетілісімен ғана жүзеге асырылады.

  4. ЭТ рәсімінен өткен «ЭТ бар пойыз» белгілері бар пойыздарға электронды билеттерді қайтару қайтарылатын сәтте пойыз бастапқы бекеттен бастап жөнелтілгенге дейін кемінде 1 сағат қалғанда ғана ФКЖ терминалында жүзеге асырылады. Егер пойыз бастапқы бекеттен бастап жөнелтілгенге дейін кемінде 1 сағат қалса, электронды билеттерді қайтару «Экспресс-3» терминалдарында, ал ақшалай қаражатты қайтару – кінәрат-талап тәртібінде жүзеге асырылады. Егер пойыз жолаушы жөнелтілетін бекеттен жөнелтілген сәттен бастап кемінде 3 сағат өтсе, электронды билеттерді қайтару мүмкін емес.

  5. «Экспресс-3» АБЖ терминалымен жабдықталған билет кассасында тапсырыстың электронды билеттерінің бірі жердегі тіркеу рәсімдерінен өткен кезде, жердегі тіркеу рәсімінен өткен билетті қоспағанда, тапсырысты қайтару тапсырыстың барлық электронды билеттері бойынша толығымен жүргізіледі.

  6. ФКЖ терминалымен жабдықталған билет кассасында электронды билеттерді қайтаруды жолаушы немесе оның сенімді тұлғасы электронды билеттерді интернет-баспа нысанын және жолаушының нөмірі электронды билетте көрсетілген жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

  7. Кассашы терминалды пайдалана отырып, өз кезегінде «Экспресс-3» АБЖ-де тапсырыс туралы ақпаратты құрайтын анықтаманы беруге Р38 жұмыс түрі бойынша сұратуды қалыптастыратын ФКЖ-не сұрату жібереді.

Көрсетілген жұмыс түрі W кілтінен тұрады – жолаушының электронды билетінің нөмірі немесе тапсырыс нөмірі.

Жолаушының электронды билетінің нөмірі бойынша немесе электронды билеттердің мұрағатындағы тапсырыс нөмірі бойынша тапсырыс туралы ақпаратты іздеу жүзеге асырылады.



  1. Егер электронды билеттің мұрағатында жолаушының электронды билетінің нөміріне немес жолаушының тапсырыс нөміріне сәйкес келетін нөмір бар жазба табылмаған жағдайда, ФКЖ терминалының экранында басып теру қателігі туралы хабарлама шығарылады. Кассашы сұратуда көрсетілген ақпараттың дұрыс енгізілгенін тексереді.

  2. Сұратуға оң жауап болған жағдайда, ФКЖ «Экспресс-3» АБЖ-не тапсырыстағы әр электронды билеттің өзекті мәртебесі туралы ақпаратты табыстайды. ФКЖ терминалының экранында тапсырыс туралы ақпарат шығарылады, әсіресе:

жолаушының тапсырыс нөмірі;

тапсырыстың ресімделген күні мен уақыты;

тапсырыстың жалпы құны;

жөнелтілетін пойыздың нөмірі;

жолаушының жөнелтілетін күні мен уақыты;

жөнелтілетін және белгіленген бекеттер;

келетін пойыздың нөмірі (пойыз белгіленген бекетке басқа нөмірмен келген жағдайда);

пойыздың белгіленген бекетке келетін күні мен уақыты;

вагон нөмірі;

вагонның түрі;

қызмет көрсету класы;

вагонның жабдықтары;

жол жүру құжатында уақыт көрсетілген сағаттық белдеу;

вагон жайлылығының белгілері.

Әр электронды билет бойынша келесілер көрсетіледі:

электронды билеттің нөмірі;

орынның нөмірі;

жол жүру құны;

тариф түрі («толық» немесе «балалар»);

әр жолаушы туралы мәліметтер (жолаушының тегі, аты және әкесінің аты);

жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері.


  1. Тапсырыста электронды билеттердің «күші жойылды», «жердегі тіркеу» немесе «қайтару» мәртебелері бар болған жағдайда, олар туралы ақпарат ФКЖ терминалының экранына шығарылатын болады. «Күші жойылды», «жердегі тіркеу» немесе «қайтару» мәртебелері бар электронды билеттермен қандай да бір операцияларды ФКЖ терминалында жүзеге асыру мүмкін емес.

  2. ФКЖ қайтару туралы анықтама ақпаратын Р26R020 жұмыс түрі бойынша сұрату негізінде «Экспресс-3» АБЖ-де алады.

Көрсетілген сұрату келесі кілттердің жинағынан тұрады:

P – жұмыс түрі (Р26);

R – жұмыстың тармағы (R020);

N – пойыздың нөмірі;

D – пойыздың жөнелтілетін күні;

W – тапсырыс нөмірі/электронды билеттің нөмірі;

K – * (тапсырыстың барлығы) немесе К – 1 (электронды билет).

Кассашы қайтару операциялары жүргізілген кезде жолаушыны оған тиесілі сома туралы хабардар етеді.



  1. Жолаушы қайтару операцияларын жүргізуге келісімін берген жағдайда, кассашы «Экспресс-3» АБЖ-де электронды билетті қайтаруға сұратуды қалыптастыратын ФКЖ-не сұрату жібереді.

Көрсетілген сұрату келесі кілттердің жинағынан тұрады:

P – жұмыс түрі (Р26);

R – жұмыстың тармағы (R020);

N – пойыздың нөмірі;

D – пойыздың жөнелтілетін күні;

W – тапсырыс нөмірі/электронды билеттің нөмірі;

K – * (тапсырыстың барлығы) немесе К – 1 (электронды билет).

« » белгісі сұратудың соңында беріледі.

Сұратудағы барлық кілті міндетті болып табылады.

Тапсырыстан барлық электронды билет қайтарылған кезде, сұратудың келесі мазмұны бар:



Р26R020 N D W{тапсырыс нөмірі} К* .

Электронды билет қайтарылған кезде, сұратудың келесі мазмұны бар:



Р26R020 N D W{электронды билеттің нөмірі}К1 .

  1. ФКЖ терминалында басып терілген ақпараттың және электронды билеттің мұрағаттарындағы ақпараттың негізінде электронды билетті қайтару туралы жазбаны қалыптастыру жүзеге асырылады.

Терминалдың экранында «Операция орындалды» деген хабарлама шығарылады.

«Экспресс-3» АБЖ-де орындарды қайтару белгіленген тәртіпте жүргізіледі.



Қаржылық есептегіштердің түзетілуі жүргізіледі.

  1. «Экспресс-3» АБЖ-нен электронды билеттерді қайтару операцияларын жүргізуге оң жауап берілген кезде, ФКЖ-нің мұрағаттарындағы электронды билеттерге «қайтару» мәртебесі беріледі.

  2. Әр қайтарылатын билеттің ақпараты электронды билеттердің мұрағатында, жүйенің жалпы мұрағатында және «Экспресс-3» АБЖ деректерінің талдамалы базасында сақталады. Көрсетілген ақпарат сондай-ақ ФКЖ-де қайталанады.

  3. Қайтарылған кезде жолаушыға тиесілі сома электронды билет сатып алу барысында пайдаланылған банктік картаға немесе электронды әмиянға қайтарылады.

  4. Кассашы ФКЖ терминалының көмегімен Қазақстан Республикасының заңнамасына және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның талаптарына сәйкес келетін ақпарат автоматты түрде келтірілетін әртүрлі алымдардың электронды түбіртегін екі данада басып шығарады.

Әртүрлі алымдардың электронды түбіртегін ЭСҚ саралап, жолаушы қол қояды. Түбіртектің бір данасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ белгілеген ережеге сәйкес, жолаушыға, басқа данасы ЕЕТ/ЕЕЖТ-на табысталады.
Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.


Электронды билеттің мәртебесін қалыптастыру





  1. Ресімдеу барысында электронды билет келесі жағдайда болуы мүмкін:

  1. веб-портал пайдалана отырып, орындарды резервілеу;

  2. электронды билетті төлеу: төлем ЭТ-мен расталды, ЭТ-сіз расталды;

  3. электронды билетті өшіру;

  4. жердегі тіркеу;

  5. электронды билетті қайтару;

  6. орындарды қайтару.

  1. Әрбір жағдай тиісінше жол жүру құжатының (билетінің) мәртебесімен айқындалады:

  1. «резервіленді»;

  2. «электронды тіркеу»;

  3. «белсенді»;

  4. «күші жойылды»;

  5. «жердегі тіркеу»;

  6. «қайтарылды»;

  7. «орындарды қайтару».

Мәртебелер электронды билеттердің мұрағаттарында тіркеледі және кассашының қарауына қол жетімді.


  1. ЭК АЖ инфрақұрылымы пайдаланыла отырып

электронды билеттерді ресімдеу мен қайтару


  1. ЭК АЖ жолаушылар тасымалы бойынша анықтама ақпаратын беру, ресімдеу, электронды билеттерді ЭТ мен банктік карталар бойынша қайтару бөлігіндегі инфрақұрылымы жолаушыларға веб-портал сияқты мүмкіндіктерді көрсетеді.

ЭК АЖ анықтама ақпаратын алу, электронды билетті ресімдеу, электронды билетті растау, электронды билетті ЭТ мен қайтару үшін электронды шлюзбен өзара әрекет етеді. Шифрленген 2D-кодын алу үшін ЭК АЖ ФКЖ қолтаңба серверімен өзара әрекет етеді. Электронды билеттерді төлеп, электронды билеттердің ақшалай қаражатын қайтару үшін ЭК АЖ «Төлем жүйелері» АЖ-мен өзара әрекет етеді.


  1. Жолаушыларды пойызға отырғызуды ұйымдастыру




  1. Жолаушыны пойызға отырғызуды ұйымдастыру жолаушының ЭТ-ден өту жағдайларына және пойызда мамандандырылған жабдықтың бар болуына байланысты.

Пойыздар:

  1. жолаушылардың отырғызылуын бақылау үшін мамандандырылған құрылғылармен жабдықталамауы;

  2. пойыздың әр вагонында ЖМТ жабдықталуы ;

  3. ЖЛБАЖ жабдықталуы болуы мүмкін.

  1. Жолаушылардың отырғызылуын бақылау үшін мамандандырылған құрылғылармен жабдықталамаған ЭТ белгісі бар пойыздарға жолаушыларды отырғызу пойызға ЭТ өткен жолаушылардың орындарға иеленетін электронды тізімдемесі бойынша жүзеге асырылады.

  2. ЖЛБАЖ жабдықталған ЭТ белгісі бар пойыздарға, ЭТ өткен жолаушылардың орындарға иеленетін тізімдемесін пойыз басшысы пойыздың бортында белгіленген ЖЛБАЖ базалық бекетінен бастап алады. Тізімдеме әр жолсерік құрамының ДЖМТ-на табысталады.
    Жолсерік (Проводник) - таныс емес жерде жол көрсететін адам; пойыз вагонындағы тәртіпті бақылайтын, жолаушыларға жайлы жағдай жасалуына жауапты адам.


ЖЛБАЖ жол жүру құжаттарының (билеттерінің) электронды тізімдемесін алу пойыз бастапқы бағыт бекетінен жөнелтілгенге дейін 50 минуттан бұрын жүзеге асырылмайды

Жолсерікке электронды билеттің интернет-баспа нысанын көрсеткен кезде, жолсерік жолаушының ДЖМТ-да жүктелген электронды тізімдемесіндегі деректемелерін тегі немесе жеке куәліктің нөмірі бойынша немесе тапсырыстың сәйкестендіру нөмірі бойынша тексеруді жүзеге асырады. Жолаушының деректемелері тізімдемеде бар болған жағдайда, жолсерік жолаушыны пойызға өткізеді.



  1. ЖМТ жабдықталған ЭТ белгісі бар пойыздарға жолаушылардың ЭТ белгісі бар электронды тізімдемесі қалыптастырылады. Әрбір ЖМТ ФКЖ-не сұрату бойынша электронды тізімдемені автоматты түрде алады. ФКЖ өз кезегінде «Экспресс-3» АБЖ-де электронды тізімдемені алуға сұратуды қалыптастырады.

ЖМТ алған электронды тізімдемеге мыналар кіреді:

  1. пойыз бойынша жалпы ақпарат:

пойыздың нөмірі;

пойыздың бағыты;

пойыздың бастапқы бекеттен жөнелтілетін күні мен уақыты;

жолаушылар туралы деректер алынған есептегіш орталықтардың тізбесі;

таңдалған пойызға ресімделген электронды билеттің саны;


  1. пойыздың әрбір вагоны бойынша ақпарат:

пойыз нөмірі;

пойыздың бағыты;

пойыздың бастапқы бекеттен жөнелтілетін күні мен уақыты;

таңдалған пойыз вагонына ресімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) саны;

вагон нөмірі;

орындардың нөмірі;

отырғызылатын/түсірілетін бекет;

электронды билеттің нөмірі;

жолаушының тегі мен аты;

билет ресімделген, жолаушының жеке басын куәландыратын құжат, соның ішінде құжаттың түрі туралы ақпарат пен оның нөмірінің соңғы 4 саны;

вагон түрі/қызмет көрсету класы;

көрсетілетін қызметтердің бар болуы;

құжат түрі (тариф);

ресімделген күні.



  1. ЖМТ жабдықталған пойызға отырғызылған кезде, жолаушы жолсерікке электронды билеттің интернет-баспа нысанын немесе ҚЕБ, сондай-ақ нөмірі электронды билетте көрсетілген, жолаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі тиіс. ҚЕБ-ге ресімделген электронды билеттер бойынша отырғызу белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

Жолсерік жолаушының электронды билетінің интернет-баспа нысанын және жеке басын куәландыратын құжатын визуалды тексеруді жүргізеді. Жолсерік визуалды тексеріп болғаннан кейін ЖМТ көмегімен 2D-кодын электронды билеттің интернет-баспа нысанымен есептейді. ЖМТ есептеген деректер электронды тізімдеменің деректерімен салыстырылып тексеріледі. Егер электронды билеттің интернет-баспа нысаны тексерістен өтсе, ал интернет-баспа нысандағы жол жүру сапарының деректемелері электронды тізімдемедегі деректемелермен сәйкес келсе, ЖМТ экранына электронды билеттің заңды екені және жолаушыны пойызға отырғызуды жүзеге асыруға болатыны туралы хабарлама шығарылатын болады. Жолсерік «Отырғызу талонын басып шығару» түймесін басады, содан кейін жолаушыға электронды билеттің интернет-баспа нысанын қайтарып, ЖМТ пайдаланыла отырып басып шығарылған отырғызу талонын береді. Жолаушы пойызға жіберіледі.

Егер қандай да бір себеппен ЖМТ 2D-кодын электронды билеттің интернет-баспа нысанымен салыстыра алмаса, жолсерік электронды тізімдемеде жолаушының электронды билет туралы ақпаратты іздеуді жолаушының тегі немесе жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі бойынша жүргізе алады.

Егер ЖМТ электронды билеттің интернет-баспа нысанымен есептеген деректер осы электронды тізімдемеде табылмаса, жолсерік электронды тізімдемеде жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі бойынша қосымша іздестіруді жүргізеді, сондай-ақ тізімде алынған уақытты электронды билеттің интернет-баспа нысанында көрсетілген электронды билет ресімделген уақытпен салыстырып тексереді.

Қажет болған жағдайда, жолсерік электронды тізімдемені жаңартуға ФКЖ-не сұрату жібереді. Егер бұл жағдайда да электронды билеттің деректемелері электронды тізімдемеде табылмаса, онда жолаушы вагонға отырғызылуға бас тарту алады, жолаушыға қатысты тасымалдаушы ережесінде реттелетін әрекеттер қолданылады.




  1. Жолаушыларды республика ішіндегі хабарламада және халықаралық хабарламада тасымалдау бойынша қаржылық және статистикалық есептілік



Қаржылық және статистикалық есептілікті қалыптастыруды ұйымдастыру





  1. Веб-портал пайдаланыла отырып, республика ішіндегі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы-елдер, Литва Республикасы, Латвия Республикасы және Эстония Республикасы бар халықаралық хабарламадағы жолаушылар пойыздарына, сондай-ақ қала маңына қатынайтын пойыздарға электронды билеттерді ресімдеудің технологиясын енгізгенде, есептілікті қалыптастыру технологиясы өзгертіледі. Веб-портал пайдаланыла отырып ресімделген электронды билеттер туралы ақпаратты есептеу төлем уақытында жүзеге асырылады. Қайтарылған электронды билеттер туралы ақпаратты есептеу ақша қайтарылған уақытпен жүзеге асырылады.

  2. Веб-порталы пайдаланыла отырып ресімделген немесе қайтарылған электронды билеттерді есептеу үшін, ФКЖ-де келесі деректер базасы құрылды: веб-портал пайдаланыла отырып ресімделген электронды билеттердің мұрағаты, қайтарылған электронды билеттердің мұрағаты және деректердің талдамалы базасы.
    База (Base) - 1) негізгі, тіректі мәліметтер немесе элементтер; 2) санау жүйесінің негізі; 3) база регистріне жүктелетін әрі салыстырмалы адрестердің (ығысулардың) саналу басы ретінде пайдаланылатын жад адресі.
    «Экспресс-3» АБЖ-де жеке технологиялық пунктілерге біріктірілген терминдар бөлінді. Электронды билеттердің веб-порталы пайдаланыла отырып ресімделген және қайтарылған электронды билеттер туралы ақпарат жалпы мұрағат базасында және деректердің талдамалы базасында қалыптастырылатын қаржылық және статистикалық есептілікке кіреді.

  3. ФКЖ пайдаланыла отырып ресімделген, алайда «Экспресс-3» АБЖ билет кассалары арқылы қайтарылған электронды билеттер туралы ақпарат жай немесе кінәрат-талап тәртібінде «Экспресс-3» АБЖ тізіліміндегі ақпараттың негізінде ФКЖ-не енгізіледі. «Экспресс-3» АБЖ тізіліміндегі ақпарат ФКЖ-де өңделеді, содан кейін ФКЖ қаржылық есептегіштерін түзету және ФКЖ мұрағаттарындағы қайтарылған электронды билеттерді есептеу үшін ФКЖ және «Экспресс-3» АБЖ тізілімі деректерінің салыстырылып тексерілуі жүргізіледі.

  4. Жолаушылар «Экспресс-3» АБЖ немесе ӨҚТТ терминалымен жабдықталған билет кассасында жердегі тіркеу рәсімінен өткен кезде, ҚЕБ есептеу бланкі берілетін уақытпен жүзеге асырылады. Жолаушы АБЖ терминалымен жабдықталған билет кассасында жердегі тіркеу рәсімінен өткен кезде және ол ҚЕБ телнұсқасын алған кезде, телнұсқа берілгені үшін бланкіні және ақшалай қаражатты есептеу телнұсқа берілетін уақытпен жүзеге асырылады.

  5. Билет кассасында электронды билет қайтарылған кезде қайтарылғаны және ҚЕБ үшін ақшалай қаражат билет қайтарылатын уақыт бойынша жүзеге асырылады.

  6. ФКЖ терминалдарымен жабдықталған билет кассаларының қызметі туралы есептерді алу үшін, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің ДК веб-порталының қызметі туралы есеп алу үшін ФКЖ-нен мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы қондырылуы тиіс.
    Бағдарламалық өнім (ағыл. Software; soft - жұмсақ және ware - өнім;орыс. Программное обеспечение - бағдарламалық жасақтама,) - компьютердің жұмыс істеуіне арналған компьютер бағдарламалары жиынтығы, яғни бағдарламалық жасақтама.


  7. ФКЖ, сондай-ақ «ЭК» АЖ пайдаланыла отырып жұмыс жасайтын веб-порталға «Экспресс-3» АБЖ-не ауысатын кезең уақытында жекелеген арна мекенжайлары бөлінеді.

  8. Интернет-ресурстардың қызметі туралы ақпарат қиыр және қала маңындағы хабарламадағы жолаушылар тасымалы бойынша кіріс түсімдерінің жалпы жинағында және «Экспресс-3» АБЖ қалыптастыратын қиыр және қала маңындағы (тасымалдаушылар бойынша) хабарламадағы жолаушылар тасымалы бойынша кіріс түсімдерінің жалпы жинағында көрсетіледі.



Веб-портал пайдаланыла отырып ресімделген

электронды билеттерді есептеу





  1. Ресімделген электронды билеттер туралы ақпарат қазіргі уақытта «Экспресс-3» АБЖ қалыптастыратын қолданыстағы қаржылық және статистикалық есептіліктің барлық түрлеріне кіреді.

  2. Сатылымның технологиялық пунктінің нөмірі бойынша жедел қаржылық есептегіштердің негізінде қалыптастырылатын тәуліктік және айлықтық қаржылық есептілікке келесі ақпрат кіреді:

  1. есептесудің қолма-қол ақшасыз түрі бойынша ресімделген электронды билеттердің саны туралы;

  2. есептесудің қолма-қол ақшасыз түрі бойынша сатылған электронды билеттердің құны туралы;

  3. есептесудің қолма-қол ақшасыз түрі бойынша қайтарылған электронды билеттердің саны туралы;

  4. ресімделген орындардың саны туралы.

  1. Жалпы мұрағаттағы ақпараттың негізінде қалыптастырылатын кіріс түсімдердің жинағына кіріс түсімдер туралы деректер пойыздарына электронды билеттер ресімделген болатын тасымалдаушыға байланысты кіргізіледі. Бұдан басқа, көрсетілген деректер көрсетілген қызметтердің есептеріне, тасымалдаушылардың жол жүру құжаттарын сату туралы есептерге, жолаушыларды, багажды, жүкбагажын салық салу мөлшерлемесінің тұрғысында тасымалдау тізілімдеріне кіргізіледі.

  2. Барлық тасымалдаушылармен есептесу ресімделген электронды билеттердің тізімінің және қайтарылған электронды билеттердің тізімінің негізінде жүзеге асырылады.

  3. Сондай-ақ жалпы мұрағаттың базасында қалыптастырылатын статистикалық есептілікке жолаушылардың саны, жолаушы шақырымдар, кірістер туралы ақпарат кіреді. Электронды билеттер қайтарылған жағдайда, көрсетілген ақпарат «минус» белгісі бар есептілікке кіргізіледі.

  4. Бұдан басқа, ресімделген электронды билеттер туралы деректер деректердің талдамалы базасы пайдаланыла отырып қалыптастырылатын және келесілер пайдаланыла отырып берілетін қолданыстағы есептілікке және анықтама-талдамалы шығыс нысандарына кіргізіледі:

  1. «Сервис» АЖО;

  2. «Сатылым пунктілері» АЖО.

  1. Веб-портал арқылы ресімделетін электронды билеттерді есептеу үшін пилоттық жоба уақытына ФКЖ-де берілген уақыт аралығы бойынша ресімделген электронды билеттер туралы есепті алу мүмкіндігі көзделді.

Есеп кесте түрінде беріледі. Кесте түріндегі электронды билет туралы әрбір жазба келесілерді көрсетеді:

«Экспресс-3» АБЖ-де тапсырыс сәйкестендіргіші;

ФКЖ-де тапсырыс сәйкестендіргіші;

электронды билеттің мәртебесі;

электронды билет ресімделген жолаушының Т.А.Ә.;

жолаушының веб-порталдағы есептік жазбасы;

жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың түрі мен нөмірі;

электронды билеттің ресімделген күні мен уақыты;

пойыздың нөмірі;

вагонның нөмірі мен түрі;

жолаушының нөмірі мен орны;

тасымалдаушының атауы (пилоттық жоба уақытында - тек «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы);

жолаушының жөнелтілетін бекеті мен күні;

жолаушының келетін бекеті мен күні;

билеттің құны;

плацкарттың құны;

комиссиялық алымдар;

жол жүру құжатының (билетінің) жалпы құны;

төлем фискализациясының жай-күйі.

Есептің соңғы тармағында ресімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) жиынтықты саны мен алынған ақшалай қаражаттың жиынтықты сомасы (қайтарылған ақшалай қаражатты есептемегенде) көрсетіледі.



Электронды билеттердің, ӨҚТТ арқылы билет кассаларында ҚЕБ-де ресімделген электронды билеттердің тұлнұсқаларын, билет кассаларындағы қайтарылған электронды билеттердің есебі





  1. «Экспресс-3» АБЖ, ӨҚТТ терминалдарымен жабдықталған билет кассаларында жолаушыларға берілген электронды билеттер мен электронды билеттердің телнұсқалары ҚЕБ-де басып шығарылып, кассашының бланкілерді жұмсағаны сияқты қаржылық есептілікке есептеледі.

  2. «Экспресс-3» АБЖ терминалдарымен жабдықталған билет кассаларына электронды билеттер қайтарылған кезде, қайтарылған бланкілердің саны мен ақшалай қаражаттың сомасы туралы ақпарат болмаған жол жүру сапары болған кезде жедел қаржылық есептегіштердің негізінде қалыптастырылатын жедел қаржылық есептілікке (тәуліктік, айлық), деректердің талдамалы базасының және жалпы мұрағаттың негізінде қалыптастырылатын айлықтық қаржылық есептілікке кіргізіледі.

  3. ФКЖ терминалдары пайдаланыла отырып веб-портал арқылы ресімделген қайтарылған электронды билеттерді есептеу үшін, қайтарылған электронды билеттер туралы есепті алу мүмкіндігі берілген уақыт аралығы бойынша көзделді:

Есеп кесте түрінде беріледі. Кестедегі жол жүру құжаты (билеті) туралы әрбір жазба келесілерді көрсетеді:

«Экспресс-3» АБЖ-де тапсырыс сәйкестендіргіші;

ФКЖ-де тапсырыс сәйкестендіргіші;

Қайтару түрі (жай немесе кінәрат-талап);

электронды билеттің қайтарылатын күні мен уақыты;

қайтарылатын орын (веб-портал немесе билет кассалары);

Электронды билеттің қайтарылуын ресімдейтін кассашының Т.А.Ә. (егер қайтару ФКЖ билет кассасында жүзеге асырылады);

электронды билет ресімделген жолаушының Т.А.Ә.;

жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың түрі мен нөмірі;

электронды билеттің ресімделген күні мен уақыты;

электронды билет қайтарылуы үшін пайдаланылған ФКЖ терминалы;

пойыз нөмірі;

вагонның нөмірі мен түрі;

жолаушының нөмірі мен орны;

тасымалдаушының атауы (пилоттық жоба уақытында - тек «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы);

жолаушының жөнелтілетін бекеті мен күні;

жолаушының келетін бекеті мен күні;

билеттің құны;

плацкарттың құны;

комиссиялық алымдар;

жол жүру құжатының (билетінің) жалпы құны

жолаушы қайтару опеарциясы жүргізілген кезде алған сома;

ұстап қалынған сома;

қайтарылған соманың фискализациясының мәртебесі;

ұстап қалынған соманың фискализациясының мәртебесі.

Есептің соңғы тармағында қайтарылған жол жүру құжаттарының (билеттерінің) жиынтықты саны, қайтарылған ақшалай қаражаттың жиынтық сомасы мен ұстап қалынған ақшалай қаражаттың жиынтықты сомасы көрсетіледі.



Сыртқы жүйелермен өзара әрекет ету





  1. ФКЖ терминалдары пайдаланыла отырып ресімделген (сатылған және қайтарылған) электронды билеттер туралы ақпарат деректердің жалпы ағынында ФКЖ-нен «ҚТЖ» ҰК» АҚ серверлеріне (өзгертілмейтін деректердің сақтау орны) белгіленген тәртіпте табысталады.
    Сақтау (Сохранить; save) - мәліметтер тобын жедел жадтан сыртқы жадқа жазу; дайындалған құжаттарды белгілі бір ат қойылған файл түрінде дискіге жазып сақтау командасы. Көптеген программаларда Файл менюнің ішінде Сақтау (Сохранить) командасы бар.





  1. Есеп айырысуды жүргізу тәртібі




  1. Күн сайын «Экспресс-3» АБЖ-де және ФКЖ-де веб-портал бойынша алдыңғы тәуліктегі ресімделген тапсырыстардың және қайтарылған электронды билеттердің тізімдері қалыптастырылып отырады.

  2. Ресімделген тапсырыстардың тізіміне алдыңғы тәуліктер ішінде төленген барлық электронды билеттер кіреді.

  3. Веб-портал бойынша қайтарылған электронды билеттердің тізіміне бұрын ресімделіп, осы веб-ресурста қайтарылған, сондай-ақ алдыңғы тәуліктер ішінде электронды билеттер ресімдеу барысында пайдаланылған банктік карта немесе электронды әмиян бойынша қайтарылған барлық электронды билеттер (ФКЖ-де «Экспресс-3» АБЖ терминалдары пайдаланыла отырып қайтарылған электронды билеттер туралы ақпарат эедел режімінде алынбайды, ол «Экспресс-3» АБЖ тізілімдерінің негізінде жаңартылады).

  4. Қайтарылған электронды билеттердің тізіміне сондай-ақ алдыңғы тәуліктер ішінде ақшаны кінәрат-талап тәртібінде қайтару туралы шешім қабылданған болатын электронды билеттер кіргізіледі.

  5. ФКЖ-де ФКЖ веб-порталы арқылы жүргізілген электронды төлемдер бойынша ақшалай қаражатты қайтару туралы қысқартылған есепті алу мүмкіндігі көзделген. Көрсетілген есепке келесі ақпарат кіреді:

«Экспресс-3» АБЖ-де тапсырыс сәйкестендіргіші;

ФКЖ АБЖ-де тапсырыс сәйкестендіргіші

пайдаланушының аты;

қайтары операциялары жүргізілген күн;

қайтары операциялары жүргізілген уақыт;

тапсырыстың нөмірі;

электронды билеттің құны;

банктік картаға қайтарылуға тиіс сома;

банктік картаның бірінші төрт және соңғы төрт саны

жолаушыдан қайтар операция жүргізілгені үшін ұстап қалынған сома;

банктік картаға қайтару мәртебесі.


  1. Ақпараттық қауіпсіздік




  1. Жолаушыны теміржолмен тасымалдау туралы ақпарат, соның ішінде оның дербес деректері «Экспресс-3» АБЖ-де және ФКЖ мұрағаттарында. Жолаушыны теміржолмен тасымалдау туралы ақпаратты сақтау ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша қажет шараларды іске асыруды көздеуі тиіс.

  2. Электронды билеттер туралы ақпарат табысталып, сақталған кезде, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері келесі нормативтік құжаттарда реттеледі:

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V Заңында;

«Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 174 Жарлығында;



«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы N274-IV Заңында.

  1. Электронды билеттерді ресімдеп, қайтару үшін периферийлік құрылғылардың, соның ішінде, ФКЖ және «Экспресс-3» АБЖ есептегіш кешендері бар ФКЖ терминалдарының, веб-порталдың, смарт-құрылғылар үшін қосымшалардың, ӨҚТТ, АКС, ЖМТ ақпараттық өзара әрекеті қажет.

  2. ФКЖ және «Экспресс-3» АБЖ компоненттерінің өзара әрекет ететін негізгі сызбасына келесі негізгі қағидаттар кіргізілуі тиіс:

  1. ФКЖ компоненттерінің арасында ақпаратпен алмасу үшін келесі криптографиялық кілттер пайдаланылуы тиіс;
    Криптография(гр. κρυπτός - жасырын және гр. γράφω - жазамын) - деректер мен хабарлардың әлдеқайда қауіпсіз сақталуы мен таратылуы үшін оларға код тағайындауға арналған стандарттар мен хаттамалар жиынтығы.


  2. жолаушыны теміржолмен тасымалдау туралы ақпарат шифрленген түрде сақталуы тиіс, ал шифрлеу алгоритмі белгіленген тәртіпте кемінде бір рет өзгертілуі тиіс;

  3. жолаушы жөнелтілетін бекеттерде ЖМТ серверден электрондық тізімдемені алуы тиіс, ал пойыз бастапқы жол жүру бекетінен жөнелтілер алдында крипто-кілт алуы тиіс және электронд билеттің қашан ресімделгенін және кілттің қандай нұсқада шифрленгенін тексере алуы тиіс.

  4. әр электронды билеттің штрих кодта шифрленген бірегей нөмірі бар болуы тиіс.

  1. Барлық периферийлік жабдықтың барлық түрлеріне немесе ФКЖ-мен тікелей өзара әрекет етуге арналған оның компоненттеріне «АнтиФрод» бағдарламалық жасақтамасы қондырылуы тиіс, бұл ретте ФКЖ-мен өзара әрекет ететін құрылғылардың трафигі сертификатталған шифрлеу құралдарымен қорғалуы тиіс.

«Экспресс-3» АБЖ-гі ФКЖ барлық компоненттерінің трафигі Қазақстан Республикасының аумағында сертификатталған шифрлеу құралдарымен қорғалатын болады.


  1. Ауысым кезеңі




  1. ФКЖ негізінде жұмыс жасайтын веб-портал пайдалана бастағанда жолаушыларды пойызға отырғызу электронды билеттің интернет-баспа нысанының негізінде жүргізіледі. Пойызға электронды билеттің интернет-баспа нысанының негізінде «ЭТ белгісі бар пойыз» белгісі бар пойызға отырғызуға болады. Егер жолаушы көрсетілген пойыздарға аталмыш сәтте қолданыста болатын ҚЕБ-гі жол жүру құжатын (билетін) көрсеткен жағдайда, жолаушыны пойызға отырғызу жолаушыны отырғызудың қолданыстағы ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

  2. «ЭТ жоқ пойыз» белгісі бар пойыздарға жолаушыларды отырғызу жолаушылар жердегі тіркеу рәсімінен өткеннен кейін жүзеге асырылады және ҚЕБ пайдаланыла отырып белгіленген ереженің негізінде жүзеге асырылады.

  3. Пилоттық жоба уақытында веб-порталда электронды билеттерді ресімдеу республика ішіндегі пойыздарға, «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамын қалыптастыруда ғана жүргізілетін болады.

  4. Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін және ФКЖ-ін тәжірибелі пайдалануға енгізуді бастағаннан кейін электронды билеттерді ресімдеу Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушылар-мемлекеттердің, Литва Республикасының, Латвия Республикасының және Эстония Республикасының аумағы бойынша жол жүретін пойыздарға тиісті сенімхаттар жасалған кезде жүргізілетін болады.

  5. Ауысым кезеңі ішінде ЭК АЖ «Экспресс-3» АБЖ БДТЖ-мен өзара әрекет етеді, анықтама ақпаратын алу, электронды билеттерді ресімдеу, электронды билеттердің төлемін растау мен электронды билеттердің қаражатын қайтару үшін ЭК АЖ «Төлем жүйесі» АҚ-мен өзара әрекет етеді. Шифрленген 2D-штрих-кодты алу үшін ЭК АЖ ФКЖ қолтаңбасы серверімен өзара әрекет етеді.

ЭК АЖ арқылы ресімделіп, қайтарылған билеттердің есептілігі ауысым кезең ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2008 жылғы 29 қарашадағы №1588-ЦЗ бұйрығымен бекітілген, интернет арқылы сату мен төлем карталары қолданылған теміржол билеттерін төлеу технологиясына сәйкес ЭК АЖ-де қалыптастырылады.

____________________________________________
1   2   3   4   5

  • ФКЖ терминалымен жабдықталған билет кассасында электронды билеттерді қайтару
  • Электронды билеттің мәртебесін қалыптастыру
  • Қаржылық және статистикалық есептілікті қалыптастыруды ұйымдастыру
  • Веб-портал пайдаланыла отырып ресімделген электронды билеттерді есептеу
  • Сыртқы жүйелермен өзара әрекет ету

  • жүктеу 0.53 Mb.