Главная страница
Контакты

    Басты бет


Жолаушылар пойыздарына веб-портал пайдаланыла отырып фискалды электронды жүйелер арқылы электронды билеттерді ресімдеу технологиясы

жүктеу 0.53 Mb.



жүктеу 0.53 Mb.
бет4/5
Дата20.03.2017
өлшемі0.53 Mb.

Жолаушылар пойыздарына веб-портал пайдаланыла отырып фискалды электронды жүйелер арқылы электронды билеттерді ресімдеу технологиясы


1   2   3   4   5

«Экспресс-3» АБЖ-де ФКЖ-нің қайтару операциясының нәтижелері туралы анықтаманы алуға сұратуын өңдеу





  1. ФКЖ-нен қайтару операциясының нәтижелері туралы анықтаманы алуға келіп түскен сұрату өңделгеннен кейін «Экспресс-3» АБЖ:

  1. қайтарылатын электронды билеттің деректемелерін іздеуді жүргізеді;

  2. электронды билеттердің мұрағаттарында электронды билеттердің «қайтару», «күші жойылды», «жердегі тіркеу» мәртебелерінің бары туралы ақпаратты тексереді;

  3. жолаушыға ақшалай қаражатты қайтару үшін олардың сомасын айқындайды;

  4. электронды билеттерді қайтару туралы анықтаманы қалыптастырып, оны ФКЖ-не табыстайды.

ФКЖ жолаушыға қайтару операциялары жүргізілген кезде тиесілі сома туралы анықтама ақпараты табысталады.

«Экспресс-3» АБЖ-де электронды билеттерді

қайтару операциясын жүргізуге сұратуды өңдеу





  1. «Экспресс-3» ФКЖ-нен келіп түскен электронды билеттерді қайтару операцияларын жүргізуге сұрату өңделгеннен кейін «Экспресс-3» АБЖ:

  1. қайтарылатын электронды билеттің деректемелерін іздеуді жүргізеді;

  2. электронды билеттердің мұрағаттарында электронды билеттердің қайтару, күші жойылды, жердегі тіркеу мәртебелерінің бары туралы ақпаратты тексереді;

  3. жолаушыға ақшалай қаражатты қайтару үшін олардың сомасын айқындайды;

  4. электронды билеттерге «қайтарылды» беріледі;

  5. қайтару туралы жауапты қалыптастырып, оны ФКЖ-не табыстайды.

Қайтару туралы жауапты қалыптастыру барысында әр қайтарылған электронды билетке ФКС әртүрлі алымдарының электронды нөмірі беріледі.

Әр қайтарылған электронды билет пен оның мәртебесі туралы ақпарат электронды билеттердің мұрағатына енгізіледі. Орындарды қайтару мен «Экспресс-3» АБЖ қаржылық есептегіштерін түзету жүргізіледі. ФКЖ әр қайтарылған электронды билетті қалыптастыру үшін ақпарат ФКЖ-не табысталады.



Веб-порталда жолаушыға әртүрлі алымдардың электронды түбіртегі беріледі.

«Экспресс-3» АБЖ терминалымен жабдықталған

билет кассасында электронды билеттерді қайтару





  1. «Экспресс-3» АБЖ терминалдарымен жабдықталған билет кассаларындағы пайдаланылмаған электронды билеттерді қайтару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі №799 қаулысымен бекітілген, Жолаушыларды, багажды және жүк багажын теміржол көлігімен тасымалдау ережесіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы-мемлекеттерінің, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Эстония Республикасының теміржол әкімшіліктерінің арасындағы халықаралық жолаушылар хабарламасы туралы Келісімнің жекелеген нормаларын қолданудың ерекшеліктері туралы Келісімге сәйкес жүзеге асырылады.

  2. «ЭТ жоқ пойыз» белгісі бар пойызға сатып алынған электронды билеттерді қайтару электронды билетті жолаушы жөнелтілетін бекеттен бастап пойыз жөнелтілгеннен кейін 3 сағаттан кешіктірмей сатып алғаннан кейін кез келген уақытта жүзеге асырылады.

  3. ЭТ рәсімінен өткен «ЭТ бар пойыз» белгілері бар пойыздарға электронды билеттерді қайтару қайтарылатын сәтте пойыз бастапқы бекеттен бастап жөнелтілгенге дейін кемінде 1 сағат қалғанда ғана «Экспресс-3» АБЖ терминалында жүзеге асырылады. Егер пойыз бастапқы бекеттен бастап жөнелтілгенге дейін кемінде 1 сағат қалса, электронды билеттерді қайтару «Экспресс-3» АБЖ терминалдарында, ал ақшалай қаражатты қайтару – кінәрат-талап тәртібінде жүзеге асырылады. Егер пойыз жолаушы жөнелтілетін бекеттен жөнелтілген сәттен бастап кемінде 3 сағат өтсе, жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару мүмкін емес.

  4. «Экспресс-3» АБЖ терминалымен жабдықталған билет кассасында электронды билет қайтарылған жағдайда, «Экспресс-3» АБЖ-нің қосымша құжаты» бланкісінің орнын қайтару мен беру орындалады, ақшалай қаражатты қайтару тасымалдаушы қараған кінәрат-талап тәртіп негізінде жүргізіледі.

  5. Жолаушы ауырған салдарынан немесе жазатайым жағдай салдарынан пайдаланылмаған электронды билеттерді қайтару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі №799 қаулысымен бекітілген, жолаушыларды, багажды және жүкбагажын теміржол көлігімен тасымалдау ережесіне сәйкес билет кассасында растаушы құжаттар бар болған кезде жүзеге асырылады.
    Сөз - түркі тілдеріне ежелден тән, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған деп шамалаймыз. Оның қазіргі қазақ тіліндегі «кездейсоқ, қапылыста, қатеден» сияқты мағыналары кейін пайда болғандығына басқа түркі тілдері деректері куә.


  6. «Экспресс-3» АБЖ терминалымен немесе ӨҚТТ жабдықталған билет кассасында берілген ҚЕБ жол жүру құжаттары (билеттері) қайтарылған кезде, жолаушы кассашыға ҚЕБ ұсынуы қажет.

  7. «Экспресс-3» АБЖ терминалымен жабдықталған билет кассасында тапсырыстың электронды билеттерінің бірін жерде тіркеу рәсімдерінен өткен кезде, жердегі тіркеу рәсімінен өткен билетті қоспағанда, тапсырысты тұтастай қайтару тапсырыстың барлық электронды билеті бойынша жүргізіледі.

  8. «Экспресс-3» АБЖ терминалымен жабдықталған билет кассасына жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтаруды жолаушы немесе оның сенімді тұлғасы интернет-баспа нысанын және нөмірі электронды билетте көрсетілген жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
    Сенім - адамның қоршаған ортаға және ақиқатқа көзқарасын, қарым-қатынасын анықтайтын түсінік, білім, елес, идеялар. Сенім, наным - адамның белгілі бір мәліметтерді, құбылыстарды, ойлар мен көзқарастарды, пікірлерді еш күмәнсіз қабылдап, мойындауында көрінетін психиканың ерекше күйі.


  9. Республика ішіндегі хабарламадағы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы-елдер, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Эстония Республикасы бар халықаралық хабарламадағы пойыздарға пайдаланылмаған электронды билеттерді қайтару «Экспресс» АБЖ әртүрлі алымдарының түбіртегі» бланкісі пайдаланыла отырып жүзеге асырылады. «Сенімсіз» электронды билеттерді қайтару «Экспресс» АБЖ қосымша құжаты» бланкісі пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

  10. Кассашы тапсырыс туралы анықтаманы алу үшін «Экспресс-3» АБЖ-не Р38 жұмыс түрі бойынша сұрату жібереді

Көрсетілген жұмыс түрі W кілтінен тұрады – жолаушының электронды билеттің нөмірі немесе тапсырыс нөмірі.

Кассашы жолаушының электронды билетінің нөмірін (штрих кодын) сканерлеуді «Экспресс-3» АБЖ терминалына қосылған сканер арқылы жүргізеді не болмаса «Экспресс-3» АБЖ терминалының клавиатурасын пайдалана отырып тапсырыстың нөмірін тереді.

Жолаушының электронды билеті бойынша немесе электронды билеттердің мұрағатындағы тапсырыс нөмірі бойынша тапсырыс туралы анықтаманы іздеу жүзеге асырылады.


  1. Егер электронды билеттің мұрағатында жолаушының электронды билетінің нөміріне немес жолаушының тапсырыс нөміріне сәйкес келетін нөмір бар жазба табылмаған жағдайда, «Экспресс-3» АБЖ терминалының экранында басып теру қателігі туралы хабарлама шығарылады. Кассашы сұратуда көрсетілген ақпараттың дұрыс енгізілгенін тексереді.

  2. Сұратуға оң жауап болған жағдайда, «Экспресс-3» АБЖ терминалының экранында тапсырыс туралы ақпарат шығарылады, әсіресе:

жолаушының тапсырыс нөмірі;

веб-ресурсқа қоса тіркелетін жабдықтар;

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.

тапсырыстың ресімделген күні мен уақыты;

тапсырыстың жалпы құны;

жөнелтілетін пойыздың нөмірі;

жолаушының жөнелтілетін күні мен уақыты;

жөнелтілетін және белгіленген бекеттер;

келетін пойыздың нөмірі (пойыз белгіленген бекетке басқа нөмірмен келген жағдайда);

пойыздың белгіленген бекетке келетін күні мен уақыты;

вагон нөмірі;

вагонның түрі;

қызмет көрсету класы;

вагонның жабдықтары;

жол жүру құжатында уақыт көрсетілген сағаттық белдеу;

Белдеу - киіз үйдің сыртынан айналдыра буатын бел арқан. Киіз үй орнықты болуы үшін белдеу мықты болуы керек. Сондықтан оны жылқы қылымен қой жүнін араластырa есіп дайындайды. Неғұрлым ширата есілсе, соғұрлым арқан берік болады.

вагон жайлылығының белгілері.

Әр электронды билет бойынша келесілер көрсетіледі:

электронды билеттің нөмірі;

орынның нөмірі;

жол жүру құны;

тариф түрі («толық» немесе «балалар»);

әр жолаушы туралы мәліметтер (жолаушының тегі, аты және әкесінің аты);

жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;

жердегі тіркеу ресімделген күні.


  1. Көрсетілген тапсырыс бойынша «жердегі тіркеу», «қайтару» немесе «күші жойылды» мәртебесі болмаған жағдайда, кассашы жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттағы тегін тапсырыста көрсетілген тегімен салыстырып тексереді.

Жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттағы тегі тапсырыста көрсетілген ақпараттағы тектердің бірімен сәйкес келген кезде, кассашы қайтару сомасы туралы анықтаманы алуға «Экспресс-3» АБЖ-де Р26R020 жұмыс түрі бойынша сұрату жүргізеді

Көрсетілген сұрату келесі кілттердің жинағынан тұрады:



P – жұмыс түрі (Р26);

R – жұмыстың тармағы (R020);

N – пойыздың нөмірі;

D – пойыздың жөнелтілетін күні;

Х – билетті қайтаратын жолаушы туралы деректер;

W – тапсырыс нөмірі/жол жүру құжатының (билетінің) нөмірі;

K – * (тапсырыстың барлығы).

Сұратуда жиналған барлық кілт міндетті болып табылады. «Экспресс-3» АБЖ терминалының экранында қайтарылуға тиіс сома мен қайтарылатын электронды билет туралы ақпарат шығарылады. Кассашы жолаушыға қандай сома қайтарылатын болатынын хабарлайды.



  1. Жолаушы қайтару операцияларын жүргізуге келісімін берген жағдайда, кассашы электронды билетті қайтаруға сұрату жібереді.

Көрсетілген сұрату келесі кілттердің жинағынан тұрады:

P – жұмыс түрі (Р26);

R – жұмыстың тармағы (R020);

N – пойыздың нөмірі;

D – пойыздың жөнелтілетін күні;

Х – билетті қайтаратын жолаушы туралы деректер;

W – тапсырыс нөмірі/жол жүру құжатының (билетінің) нөмірі;

K – * (тапсырыстың барлығы).

« » белгісі сұратудың соңында беріледі.

Сұратудағы барлық кілт міндетті болып табылады.

Тапсырыстың барлық электронды билеттері қайтарылған кезде сұратудың келесі мазмұны бар:



Р26R020 N D X W{тапсырыс нөмірі} К* .

Тапсырыстың барлық электронды билеттері қайтарылған кезде сұратудың келесі мазмұны бар:



Р26R020 N D X W{жол жүру құжатының (билетінің) нөмірі} .

«Экспресс-3» АБЖ терминалында басып терілген ақпараттың және электронды билеттердің мұрағатындағы ақпараттың негізінде электронды билетті қайтару туралы үзінді көшірмені қалыптастыру жүзеге асырылады.

«Экспресс-3» АБЖ терминалының экранында «Орындалды» сөзі шығады.

Егер тапсырыста бірнеше электронды билет болса және жолаушы барлық тапсырысты тапсыратын болса, кассашы тапсырыс (К*) жібереді. «Экспресс-3» АБЖ-гі орындарды қайтару белгіленген тәртіпте жүргізіледі.



  1. Қайтару операциясы жүргізілген кезде «Экспресс» АБЖ-нің әртүрлі алымдарының түбіртегі» немесе «Экспресс» АБЖ-нің қосымша құжаты» бланкісіне енгізілетін ақпарат қайтару операциялары жүргізілген кезде жазбаның бекітілген нысандарына сәйкес келеді.

  2. Терминалдың есептегіштерінде белгіленген тәртіпте қаржылық есептегіштерді түзету жүргізіледі.

  3. Электронды билеттерге қайтаруға сұратуды өңдеген кезде, электронды билеттерге электронды билеттердің мұрағатында сақталатын «қайтару» мәртебесі беріледі.

Әрбір қайтарылған билеттің ақпараты электронды билеттердің мұрағатында, жүйенің жалпы мұрағатында және деректердің талдамалы базасында сақталады.

  1. Электронды билеттер қайтарылған кезде жолаушыға тиесілі сома электронды билет сатып алу барысында пайдаланылған банктік картаға немесе электронды әмиянға қайтарылады.

Банктік карта немесе электронды әмиян пайдаланыла отырып төленген электронды билеттерді қайтаруға төленетін төлем «Экспресс-3» АБЖ мамандандырылған тізілімдердің негізінде жүзеге асырылады.

  1. ҚЕБ-де басып шығарылған электронды билет қайтарылған жағдайда, «Экспресс» АБЖ-нің әртүрлі алымдар түбіртегі» бланкісіндегі ақпаратты басып шығару аяқталысымен кассашы электронды билетті қайтаратын кассашының купонына (ҚЕБ бөлігі) электронды билеттің қайтарылатыны туралы ақпаратты көшіруі тиіс.

Кассашы «Экспресс» АБЖ-нің әртүрлі алымдар түбіртегі» бланкісінің алдыңғы бетінде жолаушыға қайтарылатын ақшаның сомасын жазумен жазып, өзінің қолын қойып, қайтарылған электронды билет табысталған жолаушыдан оның қол қоюын сұрайды.

«Экспресс» АБЖ-нің әртүрлі алымдар түбіртегі» бланкісінің түбіртегі немесе «Экспресс» АБЖ қосымша құжаты» бланкісінің түбіртегі электронды билеттің немесе ҚЕБ-нің интернет-баспа нысанымен бекітіліп, ЕЕТ/ЕЕЖТ-на табыстау үшін есепке қоса тіркеледі. «Экспресс» АБЖ-нің әртүрлі алымдар түбіртегі» бланкісінің бірінші бөлігі (слип) жолаушыға беріледі.



  1. Бір транзакция бойынша сатып алынған екі және одан да көп электронды билет кезекпен қайтарылған жағдайда, ақшалай қаражатты екінші және кейінгі қайтарылымдар бойынша аудару 30 күнтізбелік күн ішінде кінәрат-талап тәртібінде жүзеге асырылады.

Ол үшін жолаушы банктің атауын, клиенттің 20 таңбалы жеке сәйкестендіргіш кодын (ЖСК) және төлем жүзеге асырылған төлем (банктік) картасының нөмірін көрсете отырып өтініш жіберуі тиіс, өтінішке электронды билеттің қайтарылғанын растайтын «Экспресс-3» АБЖ әртүрлі алымдарының түбіртегі» бланкісінің түпнұсқасын, жеке сәйкестендіргіш нөмірі (ЖСН) бар жеке куәліктің көшірмесін қоса тіркеуі тиіс.

1   2   3   4   5

  • «Экспресс-3» АБЖ-де электронды билеттерді қайтару операциясын жүргізуге сұратуды өңдеу
  • «Экспресс-3» АБЖ терминалымен жабдықталған билет кассасында электронды билеттерді қайтару

  • жүктеу 0.53 Mb.