Главная страница
Контакты

    Басты бет


Жолаушылар пойыздарына веб-портал пайдаланыла отырып фискалды электронды жүйелер арқылы электронды билеттерді ресімдеу технологиясы

жүктеу 0.53 Mb.



жүктеу 0.53 Mb.
бет3/5
Дата20.03.2017
өлшемі0.53 Mb.

Жолаушылар пойыздарына веб-портал пайдаланыла отырып фискалды электронды жүйелер арқылы электронды билеттерді ресімдеу технологиясы


1   2   3   4   5

Веб-порталда ресімделген

электронды билеттерді ЭТ





  1. ЭТ өту шарттары пойыздың «Экспресс-3» АБЖ-гі белгілердің барына байланысты.

«Экспресс-3» АБЖ-де пойыздың келесі белгілері айқындалған:

  1. ЭТ белгісі бар пойыз (мұндай пойызға жол жүру құжаттарын/билеттерін сату пойыз басталатын бекеттен бастап жөнелтілгенге дейін 1 сағат бұрын аяқталады);

  2. электронды билеттердің заңдылығын тексеретін құрылғылармен жабдықталған ЭТ белгісі бар пойыз (мұндай пойызға жол жүру құжаттарын/билеттерін сату жолаушы жөнелтілетін бекеттен бастап пойыз жөнелтілгенге дейін 5 минут бұрын аяқталады).

  1. ФКЖ электронды билеттердің заңдылығын тексеретін құрылғылармен жабдықталған ЭТ белгісі бар пойыздарды екі түрге саралайды:

  1. ЖМТ жабдықталған (мұндай пойыздарға ФКЖ арқылы ЭТ жолаушы жөнелтілетін бекеттен бастап пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағат бұрын тоқтатылатын болады);

  2. ЖЛБАЖ жабдықталған (мұндай пойыздарға ФКЖ арқылы ЭТ басталатын бекеттен бастап пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағат бұрын тоқтатылатын болады).

  1. «ЭТ белгісі бар пойыз» белгісі мен «ЖМТ жабдықталған» ФКЖ белгісі ЖМТ құрылғыларымен жабдықталған пойыздарға беріледі.

  2. «ЭТ белгісі бар пойыз» белгісі мен «ЖЛБАЖ жабдықталған» ФКЖ белгісі ЖЛБАЖ құрылғыларымен жабдықталған Қазақстан Республикасының қалыптастыру пойыздарына жатады.

  3. ФКЖ «ЭТ белгісі бар пойыз» белгісі мен «ЖМТ жабдықталған» ФКЖ белгісі бар пойыздарға, сондай-ақ «ЭТ белгісі бар пойыз» белгісі мен «ЖЛБАЖ жабдықталған» ФКЖ белгісі бар пойыздарға жол жүру құжатын (билетін) ЭТ «Экспресс-3» АБЖ-не Р28К1 жұмыс түрі бойынша сұрату жіберу арқылы жүргізеді.

  4. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы-елдердің, Литва Республикасының, Латвия Республикасының, Эстония Республикасының аумағы бойынша жол жүретін пойыздарға электронды билеттерді ЭТ тиісті халықаралық сенімхаттар жасасқан кезде жүргізіледі.
    Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.


  5. ЭТ өткен электронды билет «Экспресс-3» АБЖ терминалымен немесе ӨҚТТ-мен жабдықалған билет кассасында ҚЕБ-де басып шығарылуы мүмкін. ЭТ-ден электронды билеттерді басып шығару қызметтерінің құнын тасымалдаушы белгілейді.



Электронды билеттерді веб-порталда

ресімдеген жолаушыларды жерде тіркеу





  1. Электронды билеттерді веб-порталда ресімдеген жолаушыларды жерде тіркеу тек Қазақстан Республикасының аумағында, «Экспресс-3» АБЖ-нің терминалдарымен жабдықталған билет кассаларында, сондай-ақ ӨҚТТ көмегімен жүзеге асырылады. Жолаушы электронды билетті веб-порталда сатып алған сәттен бастап пойыз соңғы бекетке келетін уақытқа дейін кез келген уақытта жерде тіркеу жүзеге асырылады.

  2. Электронды билеттерді веб-порталда ресімдеген жолаушылар «Экспресс-3» АБЖ-нің терминалымен жабдықталған билет кассасында жердегі тіркеу рәсімінен өткеннен кейін «Экспресс-3» АБЖ—гі жолаушылардың электронды билеттеріне «жердегі тіркеу» мәртебесі беріледі. Пойыз бастапқы бекеттен бастап жөнелтілгенге дейін кемінде 1 сағат бұрын жердегі тіркеуден өткен жағдайда, жолаушыларға ҚЕБ-ге ЭТ белгісінің бар екендігі туралы белгі қойылады.

  3. Жолаушы тапсырыстағы барлық электронды билеттерді ҚЕБ-де немесе тапсырыстан жекелеген электронды билеттерді ала алады.

  4. барлық электронды билеттерді ресімдеген кезде ақпаратты ҚЕБ-ге басып шығару «Экспресс» жүйесінің бас конструкторы Б.Е.Марчук 2005 жылы бекіткен, билет кассаларының және «Экспресс-3» жүйесінің билет-кассасы аппаратурасында операторлардың жұмыс жасау Нұсқаулығында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

  5. «Жол жүру құжаты» жазбасының төменгі жағындағы ҚЕБ-нің жоғары тармағына, қосымша «ЭЛ.БИЛ... электронды билеттің 14 таңбалы нөмірі» ақпараты енгізілуі тиіс.

  6. «Экспресс» АБЖ-нің терминалымен жабдықталған билет кассасында, электронды билеттерді жердегі тіркеу интернет-баспа нысандарының немесе тапсырыс нөмірінің (14 таңба) негізінде жүргізіледі. Жердегі тіркеу жолаушылардың тапсырыста көрсетілген деректемелері жолаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың тапсырысын ресімдеген кезде пайдаланылатын деректемелермен сәйкес келген кезде ғана жүзеге асырылады.

  7. Егер тапсырыстағы электронды билеттердің бірімен қосымша операциялар жүзеге асырылмаған жағдайда ғана (электронды билеттердің бірін қайтару, электронды билеттердің бірін жердегі тіркеу, кінәрат-талап бойынша қайтару), ӨҚТТ арқылы ҚЕБ ресімделе отырып, электронды билеттерді жердегі тіркеу жүзеге асырылады.

  8. Кассашы «Экспресс-3» АБЖ терминалын пайдалана отырып, тапсырыс туралы анықтаманы беруге Р38 жұмыс түрі бойынша сұрату жібереді

  9. Жұмыстың көрсетілген түрі W кілтінен тұрады – жолаушының электронды билетінің нөмірі немесе (14 сан) немесе жолаушының тапсырыс нөмірі (14 сан).

  10. Жолаушының электронды билеті бойынша немесе электронды билеттің мұрағатындағы тапсырыс нөмірі бойынша тапсырыс беру туралы ақпаратты іздеу жүзеге асырылады.

  11. Егер электронды билеттердің мұрағатында жолаушының электронды билеттерінің нөміріне немесе жолаушының тапсырыс нөміріне сәйкес келетін нөмір бар жазба табылмаған жағдайда, «Экспресс-3» АБЖ терминалының экранында басып терудің қателігі туралы хабарлама беріледі.
    Жазба, математикада - қисық сызықтың жазбасы - ұзындығы берілген қисық сызықтың ұзындығына тең болатын түзу кесіндісі. Мұндай кесіндіні іздеу қисық сызықты түзулеу деп аталады. Қисық сызықтың жазбасы деп кейде оның эвольвентасы түсініледі.
    Кассашы сұратудағы ақпараттың дұрыс енгізілгенін тексереді.

  12. Оң жауап болған жағдайда, «Экспресс-3» АБЖ терминалының экранында сұратуға сәйкес келетін ақпарат көрсетіледі.

  13. Электронды билет немесе тапсырыс бойынша «күші жойылды» немесе «жердегі тіркеу» мәртебелері болмаған кезде, кассашы жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттағы тегін тапсырыста көрсетілген тегімен салыстырып тексереді.

  14. Жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттағы тегі тапсырыста көрсетілген тектердің бірімен сәйкес келген кезде, кассашы ҚЕБ-ге Р26R010 жұмыс түрі бойынша электронды билеттің ресімделуін жүргізеді

  15. Тапсырыстан барлық электронды билет ресімделген кезде сұратудың келесі мазмұны болады:

  16. Р26R010 W{тапсырыс нөмірі} X <жолаушы туралы деректер> К*.
    Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.


  17. Тапсырыстан бір электронды билетті ресімделген кезде сұратудың келесі мазмұны болады:

  18. Р26R010 W{электронды билеттің нөмірі} X <жолаушы туралы деректер> К1.

  19. Сұрату өңделген кезде электронды билеттерге электронды билеттің мұрағатына жазылатын жердегі тіркеу мәртебесі беріледі.

  20. Электронды билет қайта тіркелген және оны ЭТ жағдайда ғана, «Экспресс-3» АБЖ терминалының қаржылық есептегіштерінің деректері түзетіледі.

  21. Жолаушыны жердегі тіркегеннен кейін кассашы жолаушыға ҚЕБ-де ресімделген электронды билетті табыстайды.



Басып шығарылған кезде

бүлінген ҚЕБ өшіру





  1. Егер «Экспресс-3» АБЖ терминалымен жабдықталған билет кассасында немесе ӨҚТТ-да ҚЕБ-де электронды билеттерді жерде тіркеген кезде басып шығару істен шыққан болса немесе басып шығару толық жүргізілмеген болса, бүлінген ҚЕБ өшіру жүзеге асырылады.

R025 тармағы пайдаланыла отырып әр Р26 жұмыс түрі бойынша ҚЕБ-ні төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен өшіру:

  1. кілтті теру F: Р26R025F НЦ 024711 {3-таңбалы қорғау коды};
    Қорғау (Защита; protection, security, lock out) - есептеу жүйелерін тұтастай не жекелеген бөліктерін қолдануды немесе оларға қатынас құруды шектеу құралы; программаларға немесе мәліметтерге рұқсатсыз қатынас құрудың заңдылық, ұйымдастыру және техникалық, сондай-ақ программалық сақтық шаралары.


  2. ҚЕБ-нен екі штрих кодты сканермен есептеу, содан кейін есептелген ақпарат W кілтінен кейін жазылады:

Р26R025W{2010329026151617037075105030};

  1. R025 тармағы пайдаланыла отырып және К кілтінен кейін тапсырыстағы электронды билеттің реттік нөмірі көрсетіле отырып Р26 жұмыс түрі бойынша қысқаша өшіру (К кілтінен кейін тапсырыстағы барлық ҚЕБ өшіруді орындау үшін «*» таңбасын енгізу қажет).

«Экспресс» АБЖ қосымша құжаты» бланкісінде әр ҚЕБ өшіруді басып шығару жүзеге асырылады.

Содан кейін кассашы электронды билеттерді жердегі тіркеуді қайта жүргізеді.



Веб-портал пайдаланыла отырып ресімделген

электронды билеттерді қайтаруды ұйымдастыру





  1. Веб-портал пайдаланыла отырып ресімделген пайдаланылмаған электронды билеттерді қайтару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі №799 қаулысымен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушылар-мемлекеттері, Литва Республикасы, Латвия Республикасы және Эстония Республикасы теміржол әкімшіліктерінің арасындағы Халықаралық жолаушылар хабарламасы туралы келісімнің, сондай-ақ «Экспресс-3» АБЖ базасындағы интернет желісі пайдаланыла отырып электронды билеттерді жинау мен есептеудің Ақпараттық технологиясының жекелеген нормаларын қолданудың ерекшеліктері туралы Келісіммен бекітілген, жолаушыларды, багажды және жүкбагажын теміржол көлігімен тасымалдау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Пайдаланылмаған электронды билеттер қайтарылған кезде белгіленген мөлшерде алымдар алынады.

  3. Электронды билеттерді қайтару жолаушының веб-порталдағы электронды билет ресімделген жеке кабинетінде немесе «Экспресс-3» АБЖ немесе ФКЖ терминалдарымен жабдықталған билет кассаларында жүзеге асырылады.

  4. Жекелеген орынды алмаған балалардың жол жүруіне электронды билеттер қайтарылған кезде қайтару операциясына алынатын алым алынбайды.

  5. Көрсетілетін сервистік қызметтердің құны (соның ішінде төсек-орынның) толығымен қайтарылады.

  6. Жолаушыға тиесілі сомаларды қайтару электронды билет ресімделген кезде пайдаланылған банктік картада немесе электронды әмиянда жүзеге асырылады.



Веб-порталдағы электронды билеттерді қайтару





  1. Веб-порталдағы электронды билеттерді қайтару жеке кабинетте жүзеге асырылады.

Жолаушы жеке кабинетке кіріп, ресімделген тапсырысты ашып, қайтару операциясын жүргізу қажет болатын электронды билеттерді таңдауы тиіс. Жолаушы «Электронды билетті қайтару» түймесін басады. Егер қайтару операциясын жүзеге асыру мүмкін болса, онда жолаушыға веб-порталда қайтарылуға тиіс сома туралы хабарлама шығарылады. Жолаушының қайтару операциясын жүргізуге келісімі «Электронды билеттерді қайтаруды растау» түймесін баса отырып расталады. Егер жолаушы электронды билеттерді қайтаратын ұсынылған шарттармен келіспесе, ол «Электронды билеттердің қайтарылуынан бас тарту» түймесін басуы қажет, содан кейін жеке кабинетке өту орындалатын болады.

  1. Жолаушы веб-порталдағы қайтару операциясын растағаннан кейін жолаушыға ФКЖ әртүрлі алымдарының электронды түбіртегі беріледі.

Жолаушыға ФКЖ әртүрлі алымдардың электронды түбіртегін табыстау веб-портал қолдайтын, соның ішінде экранда көрсетіп, басып шығаруға табыстау үшін html-бет түрінде, жолаушының электронды почтасының мекенжайына жіберілетін хат түрінде кез келген тәсілмен жүргізіледі.

  1. Пайдаланылмаған электронды билеттер үшін ақшалай қаражатты қайтару электронды билет ресімделу барысында пайдаланылмаған банктік картада немесе электронды әмиянда жүргізіледі.

  2. Жолаушы электронды билеттерді сатып алғаннан кейін және жердегі тіркеуден өткенге немесе қайтару кезеңі өткенге дейін веб-порталдағы электронды билеттер кез келген сәтте қайтарылуы мүмкін.

Жердегі тіркеуден өткен жағдайда, электронды билетті қайтару «Экспресс-3» АБЖ терминалымен жабдықталған билет кассасында ғана жердегі тіркеу рәсімінен өткен кезде берілетін ҚЕБ көрсете отырып жүзеге асырылады.

  1. Веб-порталда «ЭТ жоқ пойыз» белгісі бар пойыздарға ресімделген электронды билеттер сатып алынғаннан кейін және пойыз жолаушының бекетінен жөнелтілгенге дейін кез келген уақытта қайтарылуы мүмкін.

  2. Веб-порталда «ЭТ» белгісі бар пойыздарға ресімделген электронды билеттер сатып алынғаннан кейін және пойыз бастапқы бекеттен жөнелтілгенге дейін 1 сағат бұрын кез келген уақытта қайтарылуы мүмкін.

  3. «ЭТ» белгісі бар және «ЖМТ жабдықталды» белгісі бар пойыздарға ресімделген электронды билетті пойыз бастапқы жол жүретін бекеттен бастап жөнелтілгенге дейін кемінде 1 сағат бұрын тек кінәрат-талап тәртібінде қайтарылуы мүмкін. Көрсетілген ақпарат жолаушыға веб-порталда электронды билеттің төлемін растағанға дейін ұсынылатын болады.

Электронды билеттерді қайтару процесіне келесі кезеңдер кіреді:

  1. веб-порталда қайтару операциясының нәтижелері туралы анықтаманы алуға сұратуды қалыптастыру (қайтарылуға тиіс сома туралы анықтама ақпараты);

  2. ФКЖ-нің сұратуды «Экспресс» АБЖ-де табыстауы;

  3. «Экспресс» АБЖ-де сұратуды өңдеу және қайтару сомасын есептеу;

  4. «Экспресс-3» АБЖ-нен ФКЖ-не жауапты табыстау (ФКЖ нәтижелерді веб-порталға автоматты түрде табыстайды);

  5. веб-порталда анықтама ақпаратын алу;

  6. веб-порталда ФКЖ-гі сұратуды электронды билеттерді қайтару операциясын жүргізуге қалыптастыру;

  7. ФКЖ-нің сұратуды «Экспресс-3» АБЖ-не табыстауы;

  8. «Экспресс-3» АБЖ-де сұратуды өңдеу және электронды билеттерге «қайтару» мәртебесін беру;

  9. ФКЖ әртүрлі алымдарының электронды түбіртектерін қалыптастыру үшін ФКЖ-не ақпаратты және қайтарылуға тиіс соманы табыстау (аталмыш ақпаратты «Экспресс-3» АБЖ-нен сәтті алған кезде ФКЖ-нің мұрағаттарындағы электронды билеттерге «қайтару» мәртебесі беріледі);

  10. жолаушыға ФКЖ әртүрлі алымдарының «қайтару»мәртебесі бар электронды түбіртегін және қайтарылуға тиіс соманы беру.

«Экспресс-3» АБЖ-де ФКЖ-нің электронды билетті қайтару туралы анықтама ақпаратын алуға сұратуды қалыптастыру Р26R020W{электронды билеттің нөмірі}К1 жұмыс түрі бойынша жүргізіледі.

«Экспресс-3» АБЖ-де ФКЖ-нің электронды билетті қайтару туралы анықтама ақпаратын алуға сұратуды қалыптастыру Р26R020W{тапсырыстың нөмірі} К* жұмыс түрі бойынша жүргізіледі.

«Экспресс-3» АБЖ-де ФКЖ-нің электронды билетті қайтаруға сұратуды қалыптастыру веб-порталда Р26R020W{электронды билеттің нөмірі }К1 жұмыс түрі бойынша жүргізіледі.

АБЖ-де ФКЖ-нің барлық тапсырысты қайтаруға сұратуды қалыптастыру веб-порталда Р26R020W{тапсырыстың нөмірі }К1 жұмыс түрі бойынша жүргізіледі.



1   2   3   4   5

  • Электронды билеттерді веб-порталда ресімдеген жолаушыларды жерде тіркеу
  • Басып шығарылған кезде бүлінген ҚЕБ өшіру
  • Веб-портал пайдаланыла отырып ресімделген электронды билеттерді қайтаруды ұйымдастыру
  • Веб-порталдағы электронды билеттерді қайтару

  • жүктеу 0.53 Mb.