Главная страница
Контакты

    Басты бет


Жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер

жүктеу 3.76 Mb.



жүктеу 3.76 Mb.
бет9/14
Дата04.04.2017
өлшемі3.76 Mb.

Жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

                объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы
                және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану
                кезiндегi экологиялық талаптар

      1. Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану белгiленген экологиялық талаптар ескерiлiп және экологиялық тұрғыдан негiзделген технологиялар, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын қажеттi тазарту құрылыстары мен санитарлық күзет аймақтары пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиiс. Аталған объектiлердi пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгiзiлуге тиiс.


      2. Жеке және заңды тұлғалар топырақты, су тоғандарын, ормандарды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн ауыл шаруашылығы қызметiнiң зиянды әсерiнен қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн орындауға мiндеттi.

      204-бап. Автомобиль және өзге де көлiк құралдарын жасау


               мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      Қоршаған ортаға терiс әсерiн тигiзетiн автомобиль және өзге де көлiк құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жол берiлетiн шығарындылар нормативтерiн сақтауға, шуыл деңгейiн және қоршаған ортаға өзге де терiс әсердi азайту жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi.

      205-бап. Атом, жылу және су электр станцияларын
                орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар

      1. Атом электр станцияларын орналастыру және салу жоба мен мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындысы болғанда жүзеге асырылады. Атом электр станцияларының жобалары оларды пайдалануды қауiпсiз түрде шығаруды қамтамасыз ететiн шешiмдердi, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату жөнiндегi шараларды қамтуға тиiс.


      Атом электр станцияларын орналастыру, жобалау және салу кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар қабылданады.
      2. Жылу электр станцияларының iргелес аумақтың ауа бассейнiнiң жай-күйiне зиянды әсерiн шектеу мақсатында оларды орналастырудың алдында жобаның құрамында әрбiр энергетика ұйымы (және оның әрбiр ластаушы көзi) үшiн жылу электр станциясының экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн бақылау көрсеткiштерi (секундына грамм есебiмен) және жылдық нормативтер (жылына тонна есебiмен) белгiлеу арқылы қоршаған ортаға эмиссияларды нормалау жүргiзiледi.
      Бақылау көрсеткiштерiн (секундына грамм есебiмен) есептеу және қоршаған ортаға эмиссияларды азайту жөнiндегi тиiстi iс-шараларды әзiрлеу жылу электр станциялары жабдықтарының жоспарланып отырған ең жоғары өнiмдiлiгiн негiзге ала отырып (жоспарлы жөндеудi, резервке шығаруды ескере отырып) жүргiзiледi.
      3. Су электр станцияларын орналастыру, жобалау және салу кезiнде тиiстi өңiрлердiң электр энергиясына нақты қажеттiгi, аумақтың сейсмикалығы мен объектiнi орналастыруға арналған жердiң рельефi, жалпы алғанда қоршаған ортадағы елеулi түрдегi терiс өзгерiстердi болғызбауды қамтамасыз ететiн ормандар мен жерлердi сақтау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын тиiмдi қорғау жөнiндегi шаралар толық ескерiлуге тиiс.
      4. Жобалану және салыну үстiндегi электр станциялары үшiн қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн сақтау оларды пайдалануға қабылдау кезiне қарай қамтамасыз етiлуге тиiс.

      206-бап. Әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери


                қызметке қойылатын экологиялық талаптар

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте белгiленген экологиялық талаптар әскери және қорғаныс объектiлерi мен әскери қызметке қолданылады.

      207-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану кезiндегi
                экологиялық талаптар

      1. Жердi, жер қойнауын, суды, орманды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.


      2. Табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуына, тiрi организмдердiң генетикалық қорының жойылуына, халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiптi қоршаған ортаның басқа да өзгерiстерiне әкеп соғатын шаруашылық және өзге де қызметке тыйым салынады.

31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

      208-бап. Жердiң нысаналы пайдаланылуы өзгерген және оны
                бiр санаттан екiншiсiне ауыстырған кездегi
                экологиялық талаптар

      Ескерту. 208-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      209-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға
                бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық
                талаптар

      1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiк пен ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалы жай-күйi қамтамасыз етiлуге тиiс.


      2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу критерийi физикалық тозу мен химиялық ластану болып табылатын экологиялық қолайсыздық дәрежесiнiң көрсеткiштерiне негiзделедi.
      3. Жердiң химиялық ластану деңгейiн айқындау қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органдар бекiткен топырақтағы химиялық заттардың жол берiлетiн шектi шоғырлануы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
      4. Жерлердi неғұрлым бағалыдан бағасы төмендеу жерге ауыстыру, жерлердi консервациялау, сондай-ақ оларды экологиялық зiлзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу қажеттiгiн айқындау мақсатында жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн (бұдан әрi – жердi бағалаудың экологиялық критерийлерi) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      Ескерту. 209-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      210-бап. Елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу мен


               пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      1. Елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу жердi бағалаудың экологиялық критерийлерi негiзiнде жүзеге асырылады.


      2. Елдi мекендердiң жерiн басқа санаттағы жерлерге ауыстыру кезiнде ластаушы заттардың осы аумақтардағы ауа мен суға өту мүмкiндiгi және олардың халық денсаулығына тiкелей әсер етуi ескерiледi.
      3. Төтенше экологиялық жағдайдағы аймақ үшiн экологиялық ахуалдың одан әрi нашарлауына әкеп соқпайтын ерекше пайдалану режимi белгiленедi.

      211-бап. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге


                де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi
                аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi
                экологиялық талаптар

      1. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу кезiнде экологиялық қауiпсiздiк және жердi ұтымды пайдалану қамтамасыз етiледi.


      2. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және өнеркәсiп, көлiк және өзге де объектiлердi пайдалану үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында қоршаған ортаның жай-күйiн жақсартуға ықпал ететiн, аталған жердi пайдаланудың ерекше жағдайлары ескерiле отырып, аймақтар белгiленедi
      3. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жердi басқа санаттағы жерге ауыстыру кезiнде өз шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарына сай келмейтiн қызмет түрлерiне шек қойылатын немесе тыйым салынатын аймақтар ескерiледi.
      4. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi басқа санаттағы жерге ауыстыру кезiнде олардың химиялық заттармен жерлердi бағалаудың экологиялық критерийлерiнде белгiленген деңгейлерден артық ластануы қосымша экологиялық критерий болып табылады. Ластанудың жоғары деңгейiне жатқызылған жер консервациялануға тиiс және босалқы жер құрамына ауыстырылады.

      212-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн


                және сауықтыру мақсатындағы жердi пайдалану
                кезiндегi экологиялық талаптар

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн пайдалану режимi Қазақстан Республикасының Жер кодексiмен және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.


      2. Сауықтыру мақсатындағы жерде қолайлы экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды сақтау мақсатында оларды аймақтарға бөлу кезiнде санитарлық қорғаныш аймақтары белгiленедi.

      213-бап. Орман қорының жерiн пайдалану кезiндегi


                экологиялық талаптар

      1. Орман қорының жерiн пайдалану режимi Қазақстан Республикасының Жер және Орман кодекстерiмен реттеледi.


      2. Жердi орман қоры санатына жатқызу кезiнде аумақтың экологиялық жай-күйiнiң индикаторы ретiнде өсiмдiктердiң жай-күйiн экологиялық критерийлер деп есептеген жөн.
      3. Орман шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн пайдаланылмайтын орман қоры жерiндегi ауыл шаруашылығы алқаптары Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң санатына ауыстырылуы мүмкiн.
      4. Орман қорының жерiн басқа жер санатына ауыстыруға Қазақстан Республикасының орман заңнамасының талаптарына сәйкес орман орналастыру және жерге орналастыру материалдарының негiзiнде мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде:
      1) бұрын белгiленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану мүмкiн болмаған;
      2) қоныстар шегi өзгерген;
      3) елдi мекендердiң шекаралары (шектерi) өзгерген;
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiнiң санатына жатқызылған жағдайда жол берiледi.
      5. Орман қорының жерiн басқа санаттарға ауыстыру кезiнде жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiне сәйкес жердiң жай-күйiнiң шөптi және сүректi өсiмдiктерге әсер етуiн көрсететiн экологиялық көрсеткiштердi ескерген жөн.

      214-бап. Су қорының жерiн аймақтарға бөлу және


                пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      1. Су қорының жерiн аймақтарға бөлу кезiнде су объектiлерiн қорғау және суды ұтымды пайдалану қамтамасыз етiледi.


      2. Су қоры жерiнiң құрамындағы жер учаскелерiн жергiлiктi атқарушы органдар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының келiсiмi бойынша жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығының, орман, балық, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн және жер учаскесiнiң негiзгi нысаналы мақсатына қайшы келмейтiн, жердiң ластануы мен тозуына және тиiсiнше экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырмайтын басқа да мақсаттар үшiн уақытша жер пайдалануға беруi мүмкiн.
      3. Су қорының жерiн басқа жер санатына ауыстыруға, мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптарына сәйкес болған кезде:
      1) су объектiсiнiң жұмыс iстеуi тоқтатылған немесе оның экологиялық және гигиеналық көрсеткiштерi едәуiр өзгерген;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiне жатқызылған;
      3) елдi мекендердiң шекаралары (шектерi) экологиялық ахуалдың өзгеруiне әкеп соқтыратындай өзгерген жағдайда жол берiледi.
      4. Су қорғау белдеулерiне бөлiп берiлген жер елдi мекендер мен өнеркәсiп жерiнiң санатына ауыстырылмайды, онда судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшiн шаруашылық қызметтiң арнайы режимi белгiленедi.

      215-бап. Босалқы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану


                кезiндегi экологиялық талаптар

      1. Босалқы жердi аймақтарға бөлу кезiнде келеңсiз өзгерiстер байқалған алаңдарды және зерттелетiн аумақтағы тозу дәрежесi әртүрлi учаскелердi бөлудiң кеңiстiктi әркелкiлiгi ескерiледi.


      2. Экологиялық жүйелердiң тозу жылдамдығы елу жылдық байқау қатары бойынша есептеледi. Экожүйелердiң тозуын бағалау жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiне сәйкес жүргiзiледi.
      3. Босалқы жер басқа жер санатына одан әрi пайдалану мақсаттарына қарай сол орында санатына ауыстырылатын жердiң шекаралары белгiленгеннен кейiн ғана ауыстырылуы мүмкiн. Босалқы жердi басқа жер санатына ауыстыру кезiнде жер учаскесiн осындай жер санатына қойылатын экологиялық талаптарға сәйкес таңдау алдын ала жүзеге асырылады.
      4. Бұзылған жердi босалқы жер санатынан ауыстыру қалпына келтiру және жердiң сапасы мен экологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырғаннан кейiн мүмкiн болады.
      5. Ядролық қаруды сынау жүргiзiлген жер учаскелерi босалқы жер құрамынан ядролық қаруды сынау зардаптарын жою және кешендi экологиялық тексеру жөнiндегi барлық iс-шаралар аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындысы болған кезде ғана меншiкке немесе жер пайдалануға берiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 215-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      216-бап. Оңтайлы жер пайдалану жөнiндегi экологиялық


                талаптар

      1. Оңтайлы жер пайдаланудың негiзгi экологиялық талаптары:


      1) ұсынылып отырған жердiң қайта түлетiлуi және жердi қайта бөлу салдарларын ғылыми негiздеу және болжау;
      2) барлық санаттағы жердiң ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын жоспарлау мен ұйымдастыруда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты негiздеу және iске асыру;
      3) жердiң нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi құнарлы жердi сақтау;
      4) экологиялық негiзделген жинақы және алаңы жағынан оңтайлы жер учаскелерiн қалыптастыру және орналастыру;
      5) ауыл шаруашылығы алқаптарын жақсарту, топырақтың құнарлылығын арттыру, тұрақты ландшафттарды күтiп ұстау және жердi қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу;
      6) жердi ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;
      7) жерге түгендеу жүргiзу және пайдаланылмайтын, ұтымды пайдаланылмайтын, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жердi анықтау;
      8) жердiң өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында және адам денсаулығын сақтау мүддесiне орай ормандардың орта құрау, су қорғау, қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, сауықтыру және өзге де пайдалы табиғи қасиеттерiн сақтау және күшейту;
      9) биологиялық әралуандықты сақтау болып табылады.
      2. Кәсiпорындар, құрылыстар және өзге де объектiлердi орналастыру және пайдалану үшiн жер учаскелерiн беру аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық салдарларын ескерiп, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды молайтудың және ұтымды пайдаланудың шарттары мен ережелерi сақтала отырып жүргiзiледi.
      3. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiмен байланысты емес объектiлердi салу мен тұрғызу үшiн ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн жарамсыз, топырағының бонитет балы ең төмен жер бөлiнуге тиiс.

      217-бап. Жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар



      1. Табиғат пайдаланушылар жердi пайдалану кезiнде:
      1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетiн өндiрiс технологияларын қолдануы, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуi, қолжетiмдi озық технологияларды енгiзуi;
      2) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуiне, сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбау үшiн оны алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын алуға жол бермеуi;
      3) қалдықтарды жинақтау мен жоюды олардың құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, сондай-ақ арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен айқындалатын жерде жүргiзу талаптарын сақтауы тиiс.
      2. Табиғат пайдаланушылар пайдалы қазбаларды қазу, геологиялық-барлау, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу кезiнде:
      1) иеленiп отырған жер учаскелерiн оларды одан әрi мақсатына сай пайдалануға жарамды күйде ұстауға;
      2) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сылып алуға, сақтауға және пайдалануға;
      3) бүлiнген жердi қалпына келтiрудi жүргiзуге мiндеттi.
      3. Бүлiнген жердi қалпына келтiру бағытын таңдау кезiнде:
      1) жер учаскесiнiң үстiңгi жағының бүлiну сипаты;
      2) объект орналасқан ауданның табиғи және физикалық-географиялық жағдайлары;
      3) ауданның даму перспективалары және қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескере отырып, объектiнi орналастырудың әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерi;
      4) қара топырақты жердiң таралу және үдемелi ауыл шаруашылығы аймағында бүлiнген жердiң негiзгi көлемiн жыртылатын жер алқаптары ретiнде қалпына келтiру қажеттiгi;
      5) кенi алынған бос жерде су тоғандарын және аршылған жыныстар мен байытылған қалдықтар үйiндiлерiнде сәндiк бақ-парк кешендерiн құруды қоса алғанда, елдi мекендерге тым жақын орналасқан бүлiнген жердi бақ, қосалқы шаруашылықтар және демалыс аймақтары етiп қалпына келтiру қажеттiлiгi;
      6) өндiрiстiк объектiнiң аумағында жоспарлау жұмыстарын орындау, қажетсiз шұңқырлар мен үйiндiлердi жою, құрылыс қоқыстарын жинау және жер учаскесiн абаттандыру;
      7) пайдаланылатын жер учаскесiндегi жыралар мен су шайған жерлердi топырақпен жабу немесе тегiстеу;
      8) мiндеттi түрде аумақты көгалдандыру ескерiлуге тиiс.
      4. Жер учаскелерi өнеркәсiптiк қалдықтарды орналастыру, көму, жинақтау үшiн пайдаланылған жағдайда олар мынадай талаптарға сай келуге:
      1) кәдеге жаратылмаған өнеркәсiптiк қалдықтарды көмуге арналған полигондарды жобалаудың, салудың және пайдаланудың санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келуге;
      2) су тоғаны, ауыл шаруашылығы алқаптары, ормандар, өнеркәсiптiк кәсiпорындар жағына 1,5 процент еңiсi бар жерлерде сыйымдылықтың түбiнен алғанда екi метрден аспайтын ыза суы тұрғанда әлсiз сүзгiш топырағы болуға;
      3) елдi мекенге қатысты желден ық жақта және жерасты суы ағысының бағыты бойынша төмен орналасуға;
      4) тасқын су мен нөсер су басып қалмайтындай жерлерде орналасуға;
      5) инженерлiк қарсы сүзгi қорғанышы, периметрi бойынша қоршауы мен көгалдандырылуы, қатты жамылғысы бар кiрме жолдары болуға;
      6) жер учаскесiнен шығатын жер үстi және жер асты ағыны ашық су объектiлерiне қосылмауға тиiс.
      5. Жаңа технологияларды енгiзуге, жердi мелиорациялау және топырақтың құнарлығын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға олар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге және өзге де талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тыйым салынады.
      6. Радиоактивтi және химиялық ластануға ұшыраған жердi пайдаланудың, күзет аймақтарын белгiлеудiң, осы жерде тұрғын үйлердi, өндiрiстiк, коммерциялық және әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлердi сақтаудың, оларда мелиорациялық және техникалық жұмыстар жүргiзудiң тәртiбi радиациялық және химиялық әсер етудiң жол берiлетiн шектi деңгейлерiнiң нормативтерi ескерiле отырып айқындалады.
      7. Жердi қорғау мақсатында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi, жер пайдаланушылар:
      1) жердi су және жел эрозиясынан, селдерден, су басудан, батпақтанудан, қайта тұзданудан, құрғап кетуден, тығыздалудан, радиоактивтi және химиялық заттармен ластанудан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен қоқыстанудан, ластанудан, оның iшiнде биогендiк ластанудан, сондай-ақ басқа да терiс әсерлерден сақтау;
      2) ауыл шаруашылығы алқаптарын және басқа да жердi бактериялық-паразиттiк және карантиндiк зиянкестермен және өсiмдiктер ауруларымен зақымданудан, арамшөптер, бұталар және шiлiктер басып кетуден, жердiң жай-күйiнiң өзге де нашарлану түрлерiнен қорғау;
      3) ластанудың, оның iшiнде биогендiк ластанудың және жердiң қоқыстануының салдарларын жою;
      4) мелиорацияның қол жеткiзiлген деңгейiн сақтау;
      5) бүлiнген жердiң құнарлылығын қалпына келтiру, топырақ құнарлылығын қалпына келтiру, жердi айналымға уақтылы енгiзу;
      6) топырақтың құнарлы қабатын кейiннен жердiң құнарлылығын қалпына келтiрудi жүргiзу кезiнде пайдалану үшiн алу мен сақтау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
      8. Елдi мекендер жерiнде көктайғаққа қарсы күресу үшiн ас тұзын пайдалануға тыйым салынады.
      Ескерту. 217-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ


ТАЛАПТАР

      218-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды


                жүргiзу үшiн экологиялық негiз

      1. Жобалау құжаттамасына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiз болып табылады.


      2. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптамаға барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын ұсынуға міндетті, оған жоспарланатын қызметтiң қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға беру енгізілуге және ол «Қоршаған ортаны қорғау» бөлiмiн қамтуға тиіс.
      Ескерту. 218-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      219-бап. Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы


                экологиялық талаптар

      1. Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар:


      1) жер қойнауын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану;
      2) кен орнын игерудiң арнаулы әдiстерiн қолдану есебiнен жердiң үстiңгi қабатын сақтау;
      3) жердiң техногендiк шөлейттенуiн болғызбау;
      4) барлау, өндiру кезiнде, сондай-ақ барлаумен және өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануға беру кезiнде қауiптi техногендiк процестердiң пайда болуынан сақтандыру шараларын қолдану;
      5) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалану мен қазуды қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғау;
      6) жер қойнауының, әсiресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезiнде ластануын болғызбау;
      7) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды, тоқтату, тоқтатып қою, кен орнын игеру объектiлерiн консервациялау мен жою жөнiндегi белгiленген тәртiптi сақтау;
      8) қалдықтарды жинап қою мен орналастыру кезiнде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;
      9) автомобиль жолдарын салу жұмыстары басталмас бұрын ұтымды схема бойынша, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауда тармақты тәсiлдi қоса алғанда басқа да әдiстердi пайдалану, iшкi үйiндiлер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудiң қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлiнетiн жердiң аумағын азайту;
      10) топырақтың жел эрозиясына ұшырауын, аршу жыныстары және өндiрiс қалдықтарының құлауын, олардың тотықтануы мен өздiгiнен жануын болғызбау;
      11) сiңiрме және тұщы су қабаттарының ластануын болғызбау үшiн оларды оқшаулау;
      12) жер асты суларының сарқылуын және ластануын болғызбау, оның iшiнде жуғыш сұйықтарды дайындағанда уытсыз реагенттердi қолдану;
      13) бұрғылау ерiтiндiлерiн тазалау және қайталап пайдалану;
      14) бұрғылау және жанар-жағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауiпсiз тәсiлмен жою;
      15) мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау жүйесiнде мұнай кәсiпшiлiгi сарқынды суларын тазалау және қайтадан пайдалану негiзгi экологиялық талаптар болып табылады.
      2. Жерасты сулары минералға қаныққан жер астындағы сутұтқыш белдеулерге сарқынды суларды ағызуды қоспағанда, нормативтiк көрсеткiштерге жеткізіліп тазартылмаған шаруашылық-ауыз су үшін, бальнеологиялық, техникалық қажеттіліктер үшін, ирригация және мал шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын немесе пайдалануға болмайтын, сондай-ақ қосымша ілесіп шыққан карьердің суын арнайы жинақтағыштарға ағызуды қоспағанда, ол үшін заттардың нормативтерін белгілеу талап етілмейтін және су мөлшері тек қана текше метрмен нормаланатын сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады.
      Пайдалы қазбалармен ілесіп шыққан суды кері ағызу, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптаманың және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар мен технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбалармен ілесіп шыққан суды жер қойнауына кері ағызу сарқынды суларды төгу болып табылмайды.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы:
      1) жұмыстарды жүргiзудiң халықаралық практикада қабылданған стандарттарға негiзделген неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдауға;
      2) жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын, қызметкерлердiң, халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға мiндеттi.
      Ескерту. 219-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      220-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды


                жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар

      1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар шаруашылық қызметiнiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерi болып табылады және мынадай талаптар сақталған кезде орындалуға тиiс:


      1) ұңғымалар мен тау-кен өндiру конструкциялары берiктiгi, технологиялылығы және экологиялық қауiпсiздiгi жағынан жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуге тиiс;
      2) дизельдi-генератор және дизельдi жетегi бар қондырғыларды қолдана отырып, бұрғылау және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi басқа да операциялар кезiнде атмосфераға осындай қондырғылардан тазартылмаған газдардың шығарылуы олардың техникалық сипаттамасына және экологиялық талаптарға сәйкес келуге тиiс;
      3) құнарлы жерде және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi құрылыстарды салу кезiнде жабдықтарды монтаждауға дайындық жұмыстарын жүргiзу процесiнде аумақтың құнарлылығын кейiннен қалпына келтiру үшiн құнарлы қабат алынады және жеке сақталады;
      4) уытты заттардың табиғи объектiлерге көшуiн болғызбау үшiн технологиялық алаңдарды гидрологиялық оқшаулай отырып, жер қойнауын пайдаланудың қалдықтарын ұйымдасқан түрде жинау мен сақтаудың инженерлiк жүйесi көзделуге тиiс;
      5) ұңғыма құрылысы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда салынған жағдайларда, тек қана ұрасыз технологияны қолдану қажет;
      5-1) мұнай операцияларын жүргізу кезінде күкірттің көлемін азайту және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету жөніндегі шаралар көзделуге тиіс;
      6) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар кезiнде шламдарды кәдеге жарату және бұрғылау процесiнде қайтадан пайдалану, қоршаған ортаға қайтару үшiн, пайдаланылған бұрғылау ерiтiндiлерiн, бұрғылаудан, карьерлерден және шахтадан шыққан сарқынды суды бейтараптандыру жөнiндегi жұмыстар белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзiлуге тиiс;
      7) бұрғылау ерiтiндiлерiн көмiрсутегi (әк-битум, инверт-эмульсия және басқалары) негiзiнде қолданған кезде ауаның газдануының алдын алу жөнiндегi шаралар қолданылуға тиiс;
      8) жану мүмкiндiгiн немесе адамдардың улану ықтималдығын болғызбау мақсатында пирофорлық шөгiндiлер, шлам мен керн жобаға сәйкес және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органы мен жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша көмiледi;
      9) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi құрылыстарды пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда жүргiзiледi;
      10) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар мен жабдықтарды бөлшектеу аяқталғаннан кейiн жобалық шешiмдерге сәйкес жер учаскесiн қалпына келтiру (рекультивациялау) жөнiндегi жұмыстар жүргiзiледi;
      11) жер қойнауын пайдаланушы бұрғылайтын, оның iшiнде өздiгiнен ағып шығатын ұңғымаларды, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымаларды реттегiш құрылғылармен жабдықтауға, консервациялауға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жоюға тиiс;
      12) қызметi жер асты суы объектiлерiнiң жай-күйiне зиянды әсер ететiн немесе зиянды әсер етуi мүмкiн жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiнiң ластануын және тартылуын болғызбайтын шаралар қабылдауға мiндеттi;
      13) ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мақсатында пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жерасты суы объектiлерiнiң су жинау алаңдарында қалдықтарды көмуге, қорымдар, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жерасты суының жай-күйiне әсер ететiн басқа да объектiлер салуға жол берiлмейдi;
      14) сiңiрме ұңғымаларды бұрғылауға қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органының осы ұңғымалар бұрғыланатын ауданда арнайы тексерулер жүргiзiлгеннен кейiн беретiн оң қорытындылары болған кезде жол берiледi;
      15) өнеркәсiптiк, емдiк минералды суларды пайдаланғаннан кейiн ағызып жiберу Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес жүргiзiлуге тиiс;
      16) ұңғымаларды тоқтатып қою және жою келiсiмшарттық аумақтар шегiнде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
      17) пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме ұңғымаларға айдау жүргiзiлетiн ауданда жақын жердегi ұңғымалардағы, бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасына қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiлген жоспар бойынша су пайдаланушылардың күшiмен жүйелi зертханалық байқаулар ұйымдастырылуға тиiс.
      2. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде:
      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген жерасты су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсерлердiң нормативтерiн сақтауға;
      2) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңындабелгiленген тәртiппен аккредиттелген өзiнiң немесе өзге де лабораторияларға ағызылатын сулардың химиялық құрамын анықтауды қамтамасыз етуге;
      3) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ластаушы заттардың авариялық ағызылғаны туралы, сондай-ақ жерасты суларын алудың белгiленген режимiнiң бұзылуы және оларға суларды ағызу (айдау) объектiсi туралы шұғыл ақпаратты беруге мiндеттi.
      3. Мыналарға:
      1) құрылыс салуға бөлiнген учаскенiң шегiнен тыс жерлерде өсiмдiктердi және топырақ жабынын зақымдауға;
      2) жер қойнауын пайдалану қалдықтарын жерүстi су объектiлерiне және жер қойнауына төгуге;
      3) егер жерасты сулары объектiлерiнiң жай-күйiне әсер етсе немесе әсер ететiн болса, жердi сарқынды сумен суландыруға;
      4) шаруашылық-ауыз суларын қамтитын қабаттарға ерiтiндiлер мен материалдарды жiберуге;
      5) өнеркәсiптiк, емдiк минералдық және жылу-энергетикалық сарқынды суларды ағызуға арналған сiңiрме ұңғымалар шаруашылық ауыз суымен жабдықтау немесе емдiк мақсаттарға жарамды немесе сол үшiн пайдаланылатын су тұтқыш жиектердi ластайтын көздер болуы мүмкiн жағдайларда оларды бұрғылауға;
      6) сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарында сiңiрме ұңғымалар мен құдықтар орнатуға;
      7) құрамында радиоактивтi заттары бар, пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме ұңғымалар мен құдықтарға ағызуға тыйым салынады.
      4. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын, сондай-ақ ресурстарының табиғи емдiк қасиеттерi бар жерасты су объектiлерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес санитарлық қорғау аймақтары белгiленедi.
      Ескерту. 220-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      221-бап. Жер асты суларын барлау және (немесе) шығару


                кезiндегi экологиялық талаптар

      1. Жер асты суларын өндiруге арналған келiсiмшарт, сондай-ақ суды арнайы пайдалануға оған қол қойылғанға дейiн рұқсат алу қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiледi.


      2. Жер асты сулары кенiн игерудi жүзеге асыру негiзге алынатын жоба (технологиялық схема) мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлуге тиiс.
      3. Табиғат пайдаланушылар барлау және (немесе) су шығару кезiнде өз есебiнен жерасты сулары кенiн игерудiң жаңа тәсiлдерi мен технологиялық схемаларын iздестiру және қолданыстағыларды жетiлдiру жөнiндегi ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарды жүргiзуге, технологиялық жабдықты, үздiксiз және мерзiмдi бақылау құралдарын жетiлдiруге, жер асты суларының ұтымды пайдаланылуын және оның тартылу мен ластанудан сақталуын, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      4. Келiсiмшарт талаптарында және суды пайдалануға арнайы рұқсатта көзделмеген мақсатта немесе осы талаптарды бұза отырып жер асты суларының кенiн игеруге тыйым салынады.
      5. Жер асты суларының кенiн барлау мен игеру келiсiмшарт және суды арнайы пайдалануға арналған рұқсат талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген нормалар мен талаптар сақталып жүзеге асырылуға тиiс.
      6. Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргiзетiн табиғат пайдаланушылар:
      1) жер асты суларының кенiн ұтымды барлау мен игеруге, сөйтiп судың толық кешендi зерделенуiне және ұңғымаларды пайдаланудағы кемшiлiктер есебiнен судың орны толмас шығын болмауына және олардың сапалық қасиетiнiң жойылмауына қол жеткiзiлуiн;
      2) су тұтқыш жиектердiң ластану ықтималдығын болғызбауды;
      3) егер бұл жобада көзделмеген болса, әртүрлi жиектегi судың араласып кету, бiр жиектен екiншi жиекке құйылу ықтималдығын болғызбауды;
      4) жер асты суларының бақылаусыз, реттелмей шығарылуына жол берiлмеуiн, ал авариялық жағдайларда судың шығын болуын жою жөнiнде жедел шаралар қабылдануын;
      5) пайдалы құрауыштары бар жер асты суларының кешендi пайдаланылуын;
      6) атмосфералық ауаның, жердiң беткi қабатының, ормандардың, сулардың және басқа да табиғи объектiлердiң, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың жер қойнауын пайдаланумен байланысты жұмыстардың зиянды әсерiнен қорғалуын;
      7) барлау және (немесе) өндiру процесiнде жарамсыз күйге келтiрiлген жер учаскелерiнде кешендi қалпына келтiру жұмыстарының жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге тиiс.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы гидрогеологиялық, оның iшiнде өздiгiнен ағып шығатын және барлау ұңғымаларын, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымаларды реттегiш құрылғылармен жабдықтауға, консервациялауға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жоюға тиiс.
      8. Егер жер қойнауы басқа пайдалы қазбаларды барлау және өндiру үшiн пайдаланылған кезде су тұтқыш жиектер ашылса, табиғат пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер асты сулары объектiлерiн қорғау жөнiнде шаралар қабылдауы қажет және бұл жөнiнде қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органына хабарлауға тиiс.
      9. Жер астының ашылған су тұтқыш жиектерi олардың ластануын болғызбайтындай сенiмдi оқшаулаумен қамтамасыз етiлуге тиiс.
      10. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн су тұтқыш жиектер ашылған кезiнде бұрғылау мен цемент ерiтiндiлерiн дайындау үшiн (өңдеу үшiн) қолданылатын химиялық реагенттердiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органымен келiсiлген уыттылық сипаттамасы болуға тиiс.
      11. Қазақстан Республикасының Су кодексiнде және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз суға жарамды сапасы бар жер асты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға байланыссыз қажеттiлiктер үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.
      12. Жер асты суларының су тартқыштарын оларды суды реттейтiн құрылғылармен, су өлшегiш аспаптармен жабдықтамай, сондай-ақ санитарлық қорғау аймақтарын белгiлемей және жер асты сулары объектiлерiнiң жай-күйi көрсеткiштерiн қадағалайтын бекеттер құрмай пайдалануға беруге тыйым салынады.
      13. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органымен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген жер асты сулары объектiлерiне зиянды әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерiн сақтауға мiндеттi.
      14. Жер асты сулары объектiлерiн пайдалануға байланысты су тартқыштарды орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру және пайдалану кезiнде олардың жоғарғы қабаттағы су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн (аумақты су басуын, шөлейттенуiн, жердiң батпақтануын, топырақтың көшуi мен шөгуiн) болғызбайтын шаралар көзделуге тиiс.
      15. Табиғат пайдаланушылар жер асты суларының мемлекеттiк есебiн, оның пайдаланылуын бақылау және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында:
      1) жер асты сулары объектiлерiнен алынатын және оларға ағызып жiберiлетiн судың бастапқы есебiн қоршаған ортаны қорғау, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде жүргiзедi;
      2) су тарту және су құю құрылыстарын су шығындарын өлшейтiн құралдармен жабдықтайды, сондай-ақ өздiгiнен ағатын ұңғымаларға реттегiш құрылғылар орнатады;
      3) жер асты сулары кен орындарының ағымдағы игерiлуiне бақылау, ұңғымалардың жұмысын жедел бақылау және кен орындарын игерудiң бекiтiлген жобасы немесе технологиялық схемаға сәйкес, технологиялық режимнiң орындалуына бақылау жасайды. Бақылаудың мерзiмдiлiгi игеру жобасында (технологиялық схемада) белгiленедi;
      4) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітетін статистикалық әдіснамаға сәйкес жер асты суларын пайдалану туралы алғашқы статистикалық деректерді табыс етеді.
      Ескерту. 221-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      222-бап. Су асты кабельдерi мен құбырларын жобалау,


                төсеу және пайдалану кезiндегi экологиялық
                талаптар

      1. Әрбiр нақты объектiнi салу мен пайдалануға арналған трассалар, конструкциялар, жабдықтар, технологиялар мен техникалық құралдар орналастырылатын жерлердi таңдау қоршаған ортаға тигiзетiн терiс әсердi азайту мақсатында баламалы негiзде жүргiзiлуге тиiс.


      2. Құбыр трассасына немесе су асты кабельдерiне бес жүз метрден жақын арақашықтықта бұрғылау-жару жұмыстарына және пневматикалық және басқа да қуатты толқындар (сейсмикалық дабыл) тудыру көздерiмен сейсмикалық барлауға тыйым салынады.
      3. Құбырлар мен су асты кабельдерi трассаларын кесiп өтетiн жолмен сейсмикалық косты сүйреуге және балық аулау кемелерiне тралмен балық аулауға тыйым салынады.
      4. Салынуға тиiс құбырлар мен соған iлеспе инженерлiк құрылыстарды жобалау:
      1) олардың берiктiгiнiң, қауiпсiздiгiнiң, олардың техникалық жай-күйiн қорғау мен бақылаудың жоғары деңгейi;
      2) кездейсоқ ахуалдарға жедел ден қою мүмкiндiгi;
      3) жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының жеделдiгi мен сапасы;
      4) қоршаған ортаға терiс әсердiң неғұрлым аз болуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
      5. Жобада мiндеттi түрде құрылыс, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелердiң талаптарына, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның нұсқамалық құжаттарына сәйкес келетiн дербес "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмi болуға тиiс.
      6. Жобалау-сметалық құжаттамалардың толықтығы мен дұрыстығына тапсырыс берушi мен жобаны әзiрлеушi жауап бередi.
      7. Бекiтiлген жобаны қоршаған ортаға тигiзетiн терiс әсердi арттыратындай өзгерту және одан ауытқу мемлекеттiк экологиялық сараптамадан қайта өтудi талап етедi.
      8. Құбыр төсеу жобаларында құрылыстарды салған және кейiннен пайдаланған кезде оларды қорғау жөнiндегi шаралар көзделу қажет. Құрылыстың әрбiр кезеңiнде және көмiрсутегi шикiзаты мен оның өңделген өнiмдерi тасымалданатын құбырды пайдаланған кезде қоршаған ортаны, сондай-ақ тәуекелi жоғары объектiлерге жататын құбырларды қорғау жөнiнде шаралар қабылдануға тиiс.
      9. Құбырлардың кеме жүзетiн өзендермен және каналдармен қиысу орындары жағалауларда навигациялық белгiлермен белгiленедi. Навигациялық белгiлер магистральдық құбыр салған кезде Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi саласындағы заңнамасына сәйкес орнатылады.
      10. Құбырлардың зақымдану ықтималдығын болғызбау үшiн оларды төсеудiң кез келген түрiнде күзет аймағы:
      1) су асты өтпе жолдарының бойымен - өтпе жолдардың шеткi сызықтарының осiнен әрбiр жағынан жүз метр қашықтықтағы, параллель жазықтар арасында орналасқан, су үстiнен түбiне дейiнгi су кеңiстiгiнiң учаскесi түрiнде;
      2) өнiмдi тасымалдауға дайындаудың технологиялық қондырғыларының, басты және аралық, қайта айдайтын және құятын насос станцияларының, резервуарлық парктердiң, компрессорлық және газ бөлетiн станциялардың, өнiм өлшейтiн тораптардың құятын және ағызатын эстакадалардың, мұнай мен мұнай өнiмдерiн қыздыратын пункттердiң айналасында - аталған oбъектiлер аумағы шекараларының жан-жағынан жүз метр қашықтықта орналасқан тұйық сызықпен шектелген жер учаскесi түрiнде белгiленедi.
      11. Күзет аймақтарын, оның құрамына кiретiн коммуникациялар мен объектiлердi қоса, құбырлардың нақты жағдайының материалдары оларды аудандық жер пайдалану карталарына енгiзу үшiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға берiлуге тиiс. Жергiлiктi атқарушы органдар мүдделi заңды тұлғаларға олардың сұраулары бойынша құбырлардың орналасқан жерi туралы мәлiметтер бередi.
      12. Құбырлардың күзетiлетiн аймақтарында олардың қалыпты пайдаланылуының бұзылуына не бүлiнуiне әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекет жасауға:
      1) навигациялық айырым белгiлерiн, бақылау-өлшеу пункттерiнiң орнын ауыстыруға, оларды көмуге және сындыруға;
      2) кабель байланысының қызмет көрсетiлмейтiн пункттерiнiң люктерiн, қақпалары мен есiктерiн, тораптық арматуралар тораптарының қоршауларын, катодтық және сорғыту қорғаныс қондырғыларын, желiлiк және қарап көруге арналған құдықтар мен басқа да желiлiк қондырғыларды ашуға, крандар мен жылжытқыштарды ашып, жабуға, байланыс, энергиямен жабдықтау және құбырлар телемеханикасы құралдарын қосуға немесе ажыратуға;
      3) қоқыс үйiндiлерiне айналдыруға, қышқылдар, тұздар мен сiлтiлер ерiтiндiлерiн төгуге;
      4) жағалауларды бекiтетiн құрылыстарды, су өткiзетiн қондырғыларды, құбырларды бұзылудан, ал iргелес аумақтар мен айналадағы жердi тасылатын өнiмдердiң авариялық жайылып төгiлуден сақтайтын топырақтан жасалған немесе өзге құрылыстарды (қондырғыларды) бұзуға;
      5) зәкiр тастауға, түсiрiлген зәкiрлермен, шынжырлармен, лоттармен, ысырғыштармен және тралдармен өтуге, түбiн тереңдететiн және топырағын аршитын жұмыстар жүргiзуге;
      6) от жағуға және ашық немесе жабық от көздерiн орналастыруға тыйым салынады.
      13. Құбырлардың күзетiлетiн аймақтарында магистральдық құбыр желiсi меншiк иесiнiң жазбаша рұқсатынсыз кез келген жұмысты атқаруға, оның iшiнде ұңғымалар, шурфтар орнатумен және топырақ сынамасын алумен байланысты геологиялық-түсiру, геологиялық-барлау, iздеу, геодезиялық және басқа iздестiру жұмыстарына, сондай-ақ жару жұмыстарын жасауға тыйым салынады. Құбырлардың күзетiлетiн аймақтарында жару жұмыстарын жүргiзуге жазбаша рұқсат осы жұмыстарды жүргiзетiн ұйым Жару жұмыстары кезiндегi қауiпсiздiктiң бiрыңғай ережелерiнде көзделген тиiстi материалдарды табыс еткеннен кейiн ғана берiледi.
      14. Құрамында күкiрттi сутегi бар мұнай және су авариялық жағдайда төгiлген кезде оларды дереу жинау және сол жерде залалсыздандыру немесе көмуге алып кету керек.
      15. Газ-, мұнай-, конденсат құбырлары қиылысатын темiр және су жолдарына, автомобиль жолдарына, жыраларға және басқа да табиғи кедергiлерге, бұрылыс бұрыштарына, адамдар көп жиналуы мүмкiн пункттерге, газ-, мұнай-, конденсат құбырлары технологиялық тораптарына тиiстi қауiпсiздiк белгiлерi мен жазбалар қойылады. Аталған жерлер үшiн жобада шығарындылардың қауiптiлiгiн болғызбайтын немесе азайтатын қосымша iс-шаралар көзделуге тиiс.

      223-бап. Сақтық аймағы шегiнде жер қойнауын пайдалану

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

  • 204-бап. Автомобиль және өзге де көлiк құралдарын жасау мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
  • 205-бап. Атом, жылу және су электр станцияларын орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар
  • 206-бап. Әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар
  • 207-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
  • 31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
  • 209-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
  • 210-бап. Елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
  • 211-бап. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi
  • 212-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн және сауықтыру мақсатындағы жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
  • 213-бап. Орман қорының жерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
  • 214-бап. Су қорының жерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
  • 215-бап. Босалқы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
  • 216-бап. Оңтайлы жер пайдалану жөнiндегi экологиялық талаптар
  • 217-бап. Жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
  • 32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
  • 219-бап. Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар
  • 220-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар
  • 221-бап. Жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезiндегi экологиялық талаптар
  • 222-бап. Су асты кабельдерi мен құбырларын жобалау, төсеу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
  • 223-бап. Сақтық аймағы шегiнде жер қойнауын пайдалану

  • жүктеу 3.76 Mb.