Главная страница
Контакты

    Басты бет


Жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер

жүктеу 3.76 Mb.



жүктеу 3.76 Mb.
бет5/14
Дата04.04.2017
өлшемі3.76 Mb.

Жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

               шешiм

      1. Мiндеттi экологиялық аудиттi жүргiзу туралы шешiмдi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 81-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар белгiленген кезден бастап бiр ай мерзiм iшiнде қабылдайды.


      2. Мiндеттi аудит жүргiзу туралы шешiм мiндеттi экологиялық аудит туралы қорытынды түрiнде ресiмделедi.
      3. Мiндеттi экологиялық аудит туралы қорытындының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      4. Қорытындыда:
      1) аудиттелетiн субъектiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты немесе толық атауы;
      2) аудиттелетiн субъектiнiң орналасқан жерi;
      3) аудиттелетiн субъектiнiң шаруашылық және өзге де қызметiмен байланысты қоршаған орта үшiн ықтимал тәуекелдердiң сипаты;
      4) мiндеттi экологиялық аудиттi жүргiзуге негiз;
      5) мiндеттi экологиялық аудиттiң қорытындысын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс ету мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
      5. Мiндеттi экологиялық аудит туралы қорытынды аудиттелетiн субъектiнiң басшысына жолданады.

      84-бап. Мiндеттi экологиялық аудиттi жүргiзудiң


               ерекшелiктерi

      1. Мiндеттi экологиялық аудит аудиттелетiн субъект мiндеттi  экологиялық аудит туралы қорытындыны алған кезден бастап алты айдан аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.


      2. Экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым аудит жүргiзудiң жоспарын әзiрлеу үшiн мiндеттi экологиялық аудит туралы қорытындымен, аудиттi жүргiзу негiздемесiмен, аудиттелетiн субъектiге тән экологиялық проблемалармен және өзге де аспектiлермен танысады.

      85-бап. Экологиялық аудиторлық есептерге қойылатын


               талаптар

      1. Экологиялық аудиторлық есеп мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерi бойынша:


      1) экологиялық аудитордың және экологиялық аудиторлық ұйымның құқықтылығын растайтын мәлiметтердi;
      2) аудиттелетiн субъект туралы жалпы ақпаратты;
      3) экологиялық аудиттi жүргiзу негiздемесiн;
      4) экологиялық аудиттi жүргiзудiң жоспарын;
      5) жинақталған ақпарат тiзбесiн және оған шолуды;
      6) аудиттелетiн субъектiнi қарап тексеру және оның қызметкерлерiне сауал қою нәтижелерiн;
      7) арнайы зерттеулердiң нәтижелерiн;
      8) экологиялық тәуекелдердi бағалауды (сандық және сапалық тұрғыдан);
      9) экологиялық қауiпсiздiктi арттыру жөнiндегi ұсынымдар тiзбесiн;
      10) аудиттелетiн субъектiнiң қоршаған орта үшiн қауiпсiздiк дәрежесi, анықталған жолсыздықтар, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi құжаттама мен есептілікті жүргiзудiң дұрыстығы туралы тұжырымдарды қамтуға тиіс.
      2. Бастамашылық экологиялық аудит есебiнiң нысаны экологиялық аудиттi жүргiзуге арналған шартта белгiленедi.
      3. Бастамашылық экологиялық аудиттiң есебi құпия болып табылады. Бастамашыл экологиялық аудиттiң есебiндегi мәлiметтердi жария ету құқығына аудиттелетiн субъeкт ғана ие болады.

      86-бап. Мiндеттi экологиялық аудит есебiн қарау тәртiбi

      1. Мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерi бойынша экологиялық аудиторлық есептi экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым бiр мезгiлде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға және аудиттелетiн субъектiнiң басшысына жiбередi.
      2. Мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерiн аудиттелетiн субъект Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау, қоршаған ортаға қызметтiң терiс салдарларын азайту және қоршаған ортаға залал келтiрудiң алдын алу, экологиялық есептiлiктiң дұрыстығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдау үшiн пайдаланады.
      3. Мiндеттi экологиялық аудит барысында аудиттелетiн субъектiлердiң экологиялық есептiлiгiнде дұрыс емес фактiлер анықталған жағдайда, аудиттелетiн субъект экологиялық аудиторлық есептi алған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей өзiнiң есептiлiгiн экологиялық аудит ұсынымдарына сәйкес келтiруге, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау жөнiндегi өзге де шараларды қолдануға және бұл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органды хабардар етуге тиiс.
      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерi бойынша экологиялық аудиторлық есептi алған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны қарауға мiндеттi.
      5. Мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган аудиттелетiн субъектiнiң экологиялық талаптарды және қоршаған орта сапасының нормативтерiн сақтауы туралы дұрыс ақпарат алу үшiн пайдаланады.
      6. Мiндеттi экологиялық аудиттiң экологиялық аудиторлық есебiн қараудың нәтижелерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) аудиттелетiн субъектiнiң қызметiн тоқтата тұру туралы талап қою арқылы сотқа жүгiнуге;
      2) экологиялық рұқсат талаптарына өзгерiстер енгiзуге немесе табиғи ресурстарды пайдалану және алып қою, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат шарттарының (келiсiмшарттардың) және табиғат пайдалануға өзге де рұқсаттардың талаптарын өзгерту туралы ұсыныспен арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жүгiнуге;
      3) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасына өзгерiстер енгiзу ұсынымдарын беруге құқылы.
      7. Мiндеттi экологиялық аудиттiң экологиялық аудиторлық есебi бойынша туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
      Ескерту. 86-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      87-бап. Экологиялық аудитор

      1. Аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және олардың қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеуге бағытталған тәуелсіз тексеруді жүзеге асыратын жеке тұлға экологиялық аудитор болып табылады. I санаттағы аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін осы Кодекстің 40-бабына сәйкес тексеру қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылады.
      2. Экологиялық аудитор экологиялық аудиторлық қызметтi дара кәсiпкер немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметкерi ретiнде жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 87-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      88-бап. Экологиялық аудиторлық ұйым

      1. Экологиялық аудиторлық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, аудиттелетін субъектілер қызметінің экологиялық қауіпсіздігін анықтау мен бағалауға бағытталған, олардың шаруашылық және өзге де қызметін тәуелсіз тексеруді жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады. I санаттағы аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін осы Кодекстің 40-бабына сәйкес тексеру қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылады.
      2. Шетелдiк экологиялық аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында экологиялық аудиторлық қызметтi тиiстi экологиялық аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерiн құрған кезде ғана жүзеге асыра алады.
      3. Экологиялық аудиторлық ұйымның құрамындағы экологиялық аудиторлардың саны үш адамнан кем болмауға тиiс.
      Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      89-бап. Экологиялық аудиторлар палатасы

      1. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлардың және мемлекеттік органдарда экологиялық аудиторлық ұйымдардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін білдіру үшін құрылады.
      Экологиялық аудиторлар палатасы өз мүшелерінің жалпы жиналысында бекітілетін жарғысының негізінде әрекет ететін және мүшелік жарналар есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіптік және өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады.
      2. Экологиялық аудиторлар палатасының негізгі міндеттері:
      1) экологиялық аудиторлардың қызметін материалдық-техникалық, анықтамалық-ақпараттық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
      2) экологиялық аудиторлық қызметтің жүзеге асырылуына кәсіби бақылауды ұйымдастыру болып табылады.
      3. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың қызметін реттейді, халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық аудит стандарттарын әзірлейді.
      4. Экологиялық аудиторлық ұйымдардың экологиялық аудиторлар палатасына мүшелігі міндетті болып табылады. Экологиялық аудиторлар экологиялық аудиторлық қызметті дара кәсіпкер ретінде жүзеге асырған жағдайда олар мүшелікке қабылданады.
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы болған кезде экологиялық аудиторлар палатасына қабылдаудан бас тартуға болмайды.
      5. Экологиялық аудиторлар палатасынан шығару:
      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиядан айырылған немесе оның қолданысы тоқтатылған;
      2) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын және нормаларын өрескел не бірнеше рет бұзған;
      3) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан өздерінің кәсіби міндеттерін орындай алмайтыны анықталған жағдайларда;
      4) экологиялық аудиторлар палатасының құрылтай құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда жүргізіледі.
      6. Экологиялық аудиторды немесе экологиялық аудиторлық ұйымды осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шығару қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылатын, экологиялық аудиторлық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтатуға әкеп соғады.
      Ескерту. 89-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      90-бап. Экологиялық аудиторлардың және экологиялық


               аудиторлық ұйымдардың құқықтары

      Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар:


      1) экологиялық аудиттi жүргiзудiң әдiстерiн дербес айқындауға;
      2) экологиялық аудиттi жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi құжаттаманы алуға және тексеруге;
      3) экологиялық аудиттi жүргiзуге қатысуға осы Кодекстiң 92-бабында көрсетiлген адамдардан басқа әртүрлi кәсiп мамандарын шарттық негiзде тартуға;
      4) аудиттелетiн субъект экологиялық аудиттi жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда, экологиялық аудиттi жүргiзуден не экологиялық аудиторлық есептi беруден бас тартуға құқылы.

      91-бап. Экологиялық аудиторлардың және экологиялық


               аудиторлық ұйымдардың мiндеттерi

      Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар:


      1) осы Кодекстiң 92-бабында көрсетiлген мән-жайлардың салдарынан экологиялық аудиттi жүргiзудiң мүмкiн еместiгi жөнiнде хабарлауға;
      2) аудиттелетiн субъектiден алынған, сондай-ақ экологиялық аудиттi жүргiзу процесiнде жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
      3) аудиттелетiн субъектiге экологиялық аудит нәтижесiнде құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сай келмеуiнiң анықталғаны туралы хабарлауға;
      4) экологиялық аудиторлық есептердiң, сондай-ақ экологиялық аудиттi жүргiзу кезiнде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердiң құпиялылығын сақтауға;
      5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға мiндеттi экологиялық аудит нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы жөнiнде хабарлауға;
      6) экологиялық аудиттi жүргiзуге арналған шарт бойынша мiндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.

      92-бап. Экологиялық аудиттi жүргiзу құқығын шектеу

      Экологиялық аудиторлық ұйымның немесе экологиялық аудитордың:
      1) осы экологиялық аудиторлық ұйым немесе экологиялық аудитор өзiнiң қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушiлерге;
      2) орындаушылары аудиттелетiн субъектiмен еңбек қатынастарында тұратын немесе оның лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудиттелетiн субъектi акцияларының он және одан да көп процентiн (немесе жарғылық капиталға қатысу үлесiн) иеленген акционердiң (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын жағдайда;
      3) орындаушыларының аудиттелетiн субъектiде жеке мүлiктiк мүдделерi бар болса;
      4) егер, экологиялық аудит жүргiзу жөнiндегi мiндеттемелердi қоспағанда, экологиялық аудиторлық ұйымның немесе экологиялық аудитордың аудиттелетiн субъектi алдында немесе аудиттелетiн субъектiнiң олардың алдында ақшалай мiндеттемелерi болса, экологиялық аудит жүргiзуiне тыйым салынады.

      93-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң құқықтары мен


               мiндеттерi

      1. Аудиттелетiн субъект:


      1) экологиялық аудиторды немесе экологиялық аудиторлық ұйымды таңдау туралы шешiмдi дербес қабылдауға;
      2) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан экологиялық аудиттi жүргiзуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға;
      3) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның ескертпелерi мен қорытындыларына негiз болған нормативтiк құқықтық актiлермен танысуға;
      4) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан экологиялық есептiлiктiң және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессiздiгi анықталған жайлар туралы ұсыныстар, ақпарат алуға;
      5) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым экологиялық аудиттi жүргiзу шартының талаптарын бұзған жағдайда олардың қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқылы.
      2. Аудиттелетiн субъект:
      1) мiндеттi экологиялық аудиттiң жүргiзiлуiн ұйымдастыруға;
      2) экологиялық аудиттi уақтылы әрi сапалы жүргiзу үшiн экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық ұйымға жағдай жасауға;
      3) экологиялық аудиттi жүргiзу үшiн экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық ұйымға қажеттi толық әрi дұрыс құжаттаманы және өзге де ақпаратты ұсынуға, ауызша немесе жазбаша түрде түсiнiктемелер беруге;
      4) қоршаған ортаға әсер ету туралы дұрыс есептiлiктi және экологиялық аудиттi жүргiзуге қажеттi өзге де құжаттарды табыс етуге;
      5) егер экологиялық аудиттi жүргiзу шартында өзгеше көзделмесе, экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметiн шектемеуге;
      6) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның талабы бойынша қажеттi ақпарат алу үшiн өз атынан үшiншi тұлғаларға жазбаша сауал жiберуге;
      7) экологиялық аудиторлардың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметтер көрсетуiне ақы төленуiн қамтамасыз етуге;
      8) экологиялық аудиттi жүргiзу шарты бойынша мiндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.

      94-бап. Экологиялық менеджмент жүйелерiнiң аудитi

      1. Экологиялық менеджмент жүйелерiнiң аудитi бастамашылық аудит болып табылады.
      2. Экологиялық менеджмент жүйелерi аудитiнiң нәтижелерi бойынша жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғауды басқарудың енгiзiлген жүйесiнiң халықаралық стандарттарға сәйкестiгiн растайтын құжатты ала алады.

9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу

      Ескерту. Кодекс 9-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      94-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері


                 саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі
                 ережелері

      Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласында мемлекеттік реттеу:


      1) табиғат пайдаланушыларға парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуді;
      2) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірулерінің нарықтық тетіктерін белгілеуді;
      3) табиғат пайдаланушыларды әкімшілендіруді қамтиды.

      94-2-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар 



      1. Қызметін экономиканың мұнай-газ, энергетика, тау-кен металлургиясы, химия салаларында, ауыл шаруашылығында және көлікте жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың парниктік газдар шығарындыларын жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасына тең келетін мөлшерден асатын парниктік газдар шығарындыларына квоталар алмай қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.
      2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес беріледі.
      3. Табиғат пайдаланушы есепті кезең ішінде жұмыс істеп тұрған әрбір қондырғыға парниктік газдар шығарындыларының көлеміне квота алады.
      4. Парниктік газдар шығарындыларына квота қондырғы паспортының деректері негізінде айқындалады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін парниктік газдар шығарындыларына сертификатта жазылады.
      5. Табиғат пайдаланушыларға, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті кезеңдегі парниктік газдар шығарындыларына сертификатта белгіленген квотадан асып түсуге тыйым салынады.
      6. Табиғат пайдаланушылар есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңдегі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің нақты көлемі туралы есепті, сондай-ақ сатып алынған және иеліктен шығарылған квоталар бірлігі, жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған және берілген көміртегі бірліктері туралы мәліметтерді ұсынуға тиіс.
      7. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар белгіленген көлемнен асып түскен жағдайда табиғат пайдаланушы парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі өз міндеттемелерін парниктік газдар шығарындыларына квоталардың белгіленген көлемінің резерві бар басқа табиғат пайдаланушыдан сатып алған квоталар бірліктерімен және (немесе) жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтеуге құқылы.
      8. Егер табиғат пайдаланушыда парниктік газдар шығарындыларына квоталардың белгіленген көлемімен және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелерімен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларына квоталар резерві бар болған жағдайда, ол квоталар бірліктерін басқа табиғат пайдаланушыларға сата алады.
      Белгіленген көлеммен салыстырғанда өндірісті азайту есебінен алынған квоталар резерві сауда нысанасы болып табылмайды.
      9. Табиғат пайдаланушылар парниктік газдар шығарындыларына квоталар алу және көміртегі бірліктерінің саудасына қатысу мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тәуелсіз аккредиттелген ұйым растаған мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
      1) есепті жыл үшін парниктік газдарды түгендеу туралы есеп;
      2) қондырғы паспорты;
      3) парниктік газдар шығарындыларын азайту бағдарламасы;
      4) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары.
      Ескерту. 94-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      94-3-бап. Парниктік газдар шығарындыларына арналған


                 сертификат

      1. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат табиғат пайдаланушыға парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі өз міндеттемелерін орындау және көміртегі бірліктерінің саудасына қатысу мақсатында берілетін парниктік газдар шығарындыларының рұқсат етілген көлемін белгілейтін құжат болып табылады.


      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 94-2-бабының 9-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап бір ай мерзімде қондырғыдан (қондырғылардан) не оның бөліктерінен шыққан парниктік газдар шығарындыларына құқық беретін сертификат береді.
      Парниктік газдар шығарындыларына сертификат бір оператор басқаратын, сол бір өнеркәсіптік алаңдағы бір немесе бірнеше қондырғыға берілуі мүмкін.
      3. Сертификат мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) қондырғы операторының атауы және мекенжайы;
      2) қызмет түрлерінің сипаттамасы және парниктік газдар шығарындылары квоталарының көлемі;
      3) қондырғыға қолданылатын мониторинг стандарты көрсетілген мониторингке қойылатын талаптар;
      4) есептілікке қойылатын талаптарды, сондай-ақ сертификатты және осы қондырғының парниктік газдар шығарындыларының есепті жылдағы нақты көлемі туралы аккредиттелген тәуелсіз ұйым растаған есепті тапсыру мерзімі.
      4. Парниктік газдар шығарындыларына сертификатты берген кезде көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде жазба жүргізіледі.

      94-4-бап. Парниктік газдар шығарындыларына


                 квоталарды өзгерту және парниктік газдар
                 шығарындыларына арналған сертификатты қайта
                 ресімдеу

      1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті кезең ішінде қондырғылардың сипатында немесе жұмыс істеуінде жоспарланған өзгерістер болған немесе парниктік газдардың жаңа көздерін енгізген жағдайларда парниктік газдар шығарындыларына берілген квоталар көлемін қайта қарау үшін өтініш жасайды.


      2. Қондырғының операторы ауысқан (заңды тұлға иеліктен шығарылған, қайта ұйымдастырылған, ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы өзгерген) жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган растаушы құжаттар негізінде, өтініш беруші жүгінген кезден бастап бір ай мерзімде жаңа оператордың атауын және мекенжайын көрсете отырып, сертификатты қайта ресімдейді.
      Сертификатта белгіленген міндеттемелер міндетті түрде жаңа операторға өтеді.
      3. Таратылған заңды тұлғаның парниктік газдар шығарындыларына квотасы Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервіне өтеді.
      4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
      Ескерту. 94-4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      94-5-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар


                 бөлудің ұлттық жоспары

      1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті кезеңге бекітеді.


      2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында экономика салалары бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жалпы көлемі және табиғат пайдаланушылар үшін квоталар көлемі белгіленеді.
      3. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларына сәйкес әзірленеді және табиғат пайдаланушылар қондырғылары паспорттарының деректеріне негізделеді.
      4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономиканың басым секторларында жаңа қондырғылар пайдалануға берілген жағдайда шығарындыларға квота бөлу үшін қажетті квота көлемінің резервін құрайды.
      Квоталар көлемінің резерві опцион шартымен сату үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйымға басқаруға беріледі.

      94-6-бап. Табиғат пайдаланушыларды әкімшілендіру


                 субъектілері

      1. Табиғат пайдаланушыларды әкімшілендіру субъектілері (бұдан әрі - әкімшілендіру субъектілері) экономиканың мынадай салаларында: мұнай-газ, энергетика, тау-кен металлургиясы, химия салаларында, ауыл шаруашылығында, көлікте, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығында көлемі жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасына тең келетін мөлшерден аспайтын парниктік газдар шығарындыларымен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.


      2. Осы Кодекс нормаларының күші, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуді субъектілер жүзеге асыратын рәсімдер бөлігінде әкімшілендіру субъектілеріне қолданылмайды.
      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының мөлшерін бақылауды жүзеге асырады.
      4. Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.
      Ескерту. 94-6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      94-7-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен


                 сіңірудің нарықтық тетігі

      1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігі:


      1) парниктік газдар шығарындыларына квоталармен сауданы;
      2) парниктік газдарды сіңіру, шығарындыларды сертификатталған азайту, шығарындыларды азайту, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің саудасын;
      3) парниктік газдар шығарындыларына шектеу және (немесе) азайтулар бар елдер және олардың заңды тұлғалары арасындағы белгіленген мөлшердегі бірліктердің халықаралық саудасын қамтиды.
      2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биржалық саудаға қатысушылар парниктік газдар шығарындылары нарығының субъектілері болып табылады.
      3. Көміртегі бірлігі тауар болып табылады.
      4. Парниктік газдар сіңірулері, шығарындыларды сертификатталған азайту, шығарындыларды азайту, квоталар, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін екінші айналымда сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын ұйымдастырылған тауар алаңдарында (биржаларда) жүргізіледі.

      94-8-бап. Тәуелсіз ақпарат беруші

      Тәуелсіз ақпарат берушілердің негізгі міндеті консультациялық қызмет көрсету, сондай-ақ табиғатты пайдаланушыларға парниктік газдар шығарындыларын басқару бойынша, оның ішінде парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

      94-9-бап. Көміртегі бірліктерінің саудасына қойылатын


                 талаптар

      1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың сауда жүйесіне қатысушы квоталар бірліктері тек қана ішкі сауда нарығында басқа да елдердің белгіленген мөлшердегі есепке алу жүйесіне беру құқығынсыз айналымда болады. Квоталар бірліктері басқа да халықаралық биржалық алаңдарда оларға баға белгілеу мақсатында пайдаланылуы мүмкін.


      Халықаралық шарттар екіжақты негізде қабылданған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларының жыл сайынғы көлемінен аспайтын көлемдегі Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктері белгіленген мөлшердегі есепке алу жүйесінен шығарылуы мүмкін.
      2. Азайтудың сертификатталған бірліктері және шығарындыларды азайту бірліктері ішкі және халықаралық сауда мақсаттарында пайдаланылуы және белгіленген мөлшердегі мемлекеттік есепке алу жүйесінен басқа да елдердің есепке алу жүйесіне өтуімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

      94-10-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту


                  жөніндегі ішкі жобалар

      1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды заңды тұлғалар өздерінің меншігі болып табылмайтын немесе өздерінің заңды пайдалануында жоқ және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған қондырғыларға қатысты ғана Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырады.


      2. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобалар экономиканың мынадай салаларында:
      1) тау-кен металлургиясында (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);
      2) ауыл шаруашылығында;
      3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта;
      4) орманды және далалы аумақтарды көгалдандыруда;
      5) жердің тозуының алдын алуда;
      6) жаңартылатын энергия көздерінде;
      7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуде;
      8) көлікте;
      9) энергия тиімді жұмсалатын құрылыста іске асырылуы мүмкін.
      3. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      94-11-бап. Мониторинг рәсімі

      1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу субъектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемелер негізінде мониторинг жоспарларын әзірлеуге және осы жоспарларды орындауға міндетті.
      2. Мониторинг жоспарларын әзірлеу және орындау парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктер шеңберінде іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңіру жөніндегі жобалар үшін міндетті болып табылады.
      3. Мониторинг жүргізудің, парниктік газдарды түгендеу туралы есептер әзірлеудің дұрыстығын қадағалауды аккредиттеген тәуелсіз ұйым уәкілетті орган бекіткен өлшемдер мен әдістемелерге сәйкес жүзеге асырады.

      94-12-бап. Экологиялық (жасыл) инвестициялар 

      1. Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемінің бір бөлігінен белгіленген мөлшердегі бірліктер резерві құралады, оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      2. Резерв қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйымға басқаруға беріледі.
      3. Жобаларды экологиялық (жасыл) инвестициялар тетігі шеңберінде инвестициялау резервтен белгіленген мөлшердегі бірліктерді іске асырудан немесе пайдаланудан алынған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 94-12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ


ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ


ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI

      95-бап. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды


               экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi

      Мыналар:


      1) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;
      2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы төлеу;
      3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу;
      4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;
      5) қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктері;
      5-1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін азайтудың нарықтық тетiктері;
      6) экологиялық сақтандыру;
      7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi болып табылады.
      Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      96-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар

      1. Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар болып табылады.
      2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға:
      1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған;
      2)  қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартатын;
      3) экологиялық жүйелердiң жай-күйiн тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететiн;
      4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтiрудiң алдын алатын және оларды болғызбайтын;
      4-1) жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған;
      5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгiзуге бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiретiн;
      6) өндiрiстiк экологиялық бақылауды дамытатын;
      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелердi қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететiн;
      8) экологиялық бiлiмдi насихаттауға, тұрақты даму үшiн экологиялық бiлiм мен ағарту iсiне ықпал ететiн;
      9) парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін арттыруға бағытталған іс-шаралар жатқызылады.
      3. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға осы баптың 2-тармағында көзделген инвестициялық экологиялық жобалар жатқызылуы мүмкiн.
      4. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Ескерту. 96-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      97-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды


               қаржыландыру

      Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру:


      1) бюджет қаражаты;
      2) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

      98-бап. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын


               қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды
               жоспарлау

      1. Әртүрлi деңгейдегi бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгiленетiн бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерiне сәйкес айқындалады.


      2. алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламалары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарлары оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, осы орган белгілеген тәртіппен келісуге жатады.
      5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары инвестициялық экологиялық жобаларды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi.
      6. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 98-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      99-бап. Табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары


               есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны
               қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау

      1. Табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспарлайды.


      2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсаттар алу үшiн әзiрлейтiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарына енгiзiледi.

      100-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым


                салынбаған өзге де көздер есебiнен
                қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау
                жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау

      Өзге де көздер есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      101-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы

      1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.


      2. Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегiнде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады.
      3. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      4. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10  N 101-IV(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен).
      5. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы бойынша салықтық мiндеттемелердi атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтiрген залалды өтеуден босатпайды.
      Ескерту. 101-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      102-бап. Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн


                пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi
                төлемдер

      Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.

      103-бап. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық
                ынталандыру

      Ескерту. 103-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      104-бап. Мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк
                кепiлдiктер беру

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды iске асыруға мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер бере алады.

      105-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың
                нарықтық тетiктерi

      1. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер мен квоталар белгiлеу және қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртiбiн бекiту жолымен нарықтық тетiктер енгiзуi мүмкiн.


      2. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссиялардың жылдық квоталары белгiленген жағдайда осындай квотаға құқық алады.
      Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      106-бап. Халықаралық деңгейде квоталар саудасы

      Ескерту. 106-бап алып тасталды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      107-бап. Экологиялық сақтандыру

      1. Үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне және (немесе) авариялық ластануы нәтижесiнде қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады.
      2. Мiндеттi экологиялық сақтандыру «Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн осы Кодекс және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      3. Ерiктi экологиялық сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң еркiн бiлдiруiне қарай жүзеге асырады. Ерiктi экологиялық сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртiбi сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттарда айқындалады.
      Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ


БАҒАЛАУ

      108-бап. Қоршаған ортаға келтiрiлген залалды


                экономикалық бағалау тәртiбi

      1. Қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтыну қасиеттерiн қалпына келтiру үшiн қажеттi шығындардың құндық көрiнiсi.


      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары қоршаған ортаға залал келтiру фактiсi анықталған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қажеттi материалдарды жинау мен талдауды жүргiзедi және келтiрiлген залалға экономикалық бағалауды белгiлейдi.
      3. Атмосфералық ауаны және су, жер ресурстарын белгiленген нормативтерден тыс ластаудан, жер қойнауын заңсыз пайдаланудан, сондай-ақ өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын, оның iшiнде радиоактивтi қалдықтарды белгiленген нормативтерден тыс орналастырудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн қағидаларға сәйкес тікелей немесе жанама әдiстермен айқындалады.
      Ескерту. 108-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      109-бап. Залалды экономикалық бағалаудың тура әдiсi

      1. Залалды экономикалық бағалаудың тура әдiсi неғұрлым тиiмдi инженерлiк, ұйымдық-техникалық және технологиялық iс-шаралар арқылы қоршаған ортаны қалпына келтiруге, жұтаңдаған табиғи ресурстардың орнын толтыруға, тiрi организмдердi сауықтыруға қажеттi нақты шығындарды анықтаудан тұрады.
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары бiрiншi кезекте қоршаған ортаға залал келтiрген тұлғаның қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қарастырады.
      Қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу жөнiндегi тиiстi мiндеттемелер қоршаған ортаға залал келтiрген тұлғаның нақты iс-шаралар және оларды жүргiзу мерзiмi көрсетiлген кепiлдiк хатында жазылады.
      3. Залалдың салдарларын жою жөнiндегi шаралардың құны олардың нарықтық құны бойынша айқындалады.
      4. Залалды тура әдiспен экономикалық бағалау кезiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары тәуелсiз сарапшыларды тарта алады. Сарапшылар ретiнде экологиялық аудиторлар, жобалау, инженерлiк және ғылыми ұйымдардың мамандары қатыса алады.
      5. Тәуелсiз сарапшылар жұмысына ақы төлеу жөнiндегi мiндет қоршаған ортаға залал келтiрген тұлғаға жүктеледi.

      110-бап. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi

      1. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi залалды экономикалық бағалаудың тура әдiсiн қолдану мүмкiн болмайтын жағдайларда қолданылады.
      2. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi қоршаған ортаға әсер ету түрлерiне қарай залалды әрбiр ингредиент бойынша жиынтықтау жолымен айқындалады.

4-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

12-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҚОРҒАУ,
МОЛЫҚТЫРУ МЕН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

      111-бап. Мемлекеттiк бақылаудың мақсаты мен түрлерi

      1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу, биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану, ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру болып табылады.
      2. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласында мемлекеттiк бақылаудың мынадай түрлерi қолданылады:
      1) экологиялық бақылау;
      2) жерлердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау;
      3) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау;
      4) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы бақылау;
      5) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласындағы бақылау;
      6) жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы бақылау;
      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау.

      112-бап. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


жүктеу 3.76 Mb.