Главная страница
Контакты

    Басты бет


Жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер

жүктеу 3.76 Mb.



жүктеу 3.76 Mb.
бет3/14
Дата04.04.2017
өлшемі3.76 Mb.

Жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

               құзыретi

      1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мыналар болып табылады:


      1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
      3) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      4) жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      6) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      7) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
      8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      9) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган;
      10) өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      11) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган.
      2. Арнайы уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың құзыретi Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, ветеринария, өсiмдiктер карантинi, атом энергиясын пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, азаматтық қорғау, өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасында белгiленедi.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      19-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,


               астананың жергiлiктi өкiлдi органдарының қоршаған
               ортаны қорғау саласындағы құзыретi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары (бұдан әрi - жергiлiктi өкiлдi органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында:
      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) өз құзыретi шегiнде қалдықтарды басқару жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi;
      3) қоршаған орта сапасының әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі нысаналы көрсеткiштерiн өз құзыретi шегiнде бекітеді;
      3-1) аумақтарды дамыту бағдарламаларын және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды бекітеді;
      4) жергiлiктi атқарушы органдар мен заңды тұлғалар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйi туралы есептерiн тыңдайды;
      5) өз құзыретi шегiнде табиғат пайдалану ережелерiн қабылдайды, оны бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделедi;
      6) (алынып тасталды - 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен).
      6-1) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекітеді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      19-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың


                 жергілікті өкілді органдарының коммуналдық
                 шаруашылық саласындағы құзыретi

      Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары коммуналдық шаруашылық саласында:


      1) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекітеді;
      2) коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекітеді;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      20-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,


               астананың жергiлiктi атқарушы органдарының
               қоршаған ортаны қopғaу саласындағы құзыретi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында:
      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      1-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      1-2) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында келiсiмдер мен меморандумдар жасасады;
      2) жобалау-сметалық құжаттама бойынша жүргізілген мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындыларының негізінде, өз құзыреті шегінде кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) немесе күрделі жөндеуге тыйым салады немесе рұқсат береді;
      3) өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
      3-1) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілейді;
      4) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады;
      5) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына бередi;
      6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргiзуге тартады;
      7) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi;
      8) қалдықтарды басқару жөнiнде бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
      8-1) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және жергiлiктi өкілді органдарға бекітуге ұсынады;
      9) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөнiндегi объектiлердi салуға жер учаскелерiн бөледi;
      10) қалдықтарды жою және орналастыру жөнiндегi объектiлердi салуды қамтамасыз етедi;
      11) коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi;
      12) қалдықтардың пайда болу көлемдерiн бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемдерiн азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдаланылу деңгейiн арттыруға және көмiлуге тиiс қалдықтар көлемiн қысқартуға бағытталған iс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзiрлейдi;
      13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешiм қабылдайды;
      14) тиiстi аумақта тұрған табиғат объектiлерiнiң жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады;
      15) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң тiркелуiн жүзеге асырады;
      16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлейдi және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi;
      17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      17-1) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;
      17-2) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;
      17-3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекітеді;
      18) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен оларды сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      20-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың


                 жергiлiктi атқарушы органдарының коммуналдық
                 шаруашылық саласындағы құзыретi

      Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары коммуналдық шаруашылық саласында:


      1) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады;
      2) коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады;
      2-1) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
      3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТI


ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI
БАҒАЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР,
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

      21-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi


               лицензиялау

      1. Жеке және заңды тұлғалардың табиғат қорғау iсiн жобалау, нормалау және экологиялық аудит жөнiндегi қызметi осы Кодекстiң 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтiң I санаты үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияның негiзiнде жүзеге асырылады.


      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

4-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ

      22-бап. Экологиялық нормалаудың мақсаты

      1. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлiлiктi сақтауды қамтамасыз ететiн қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсердi белгiлеу болып табылады.


      2. Экологиялық нормалау процесiнде қоршаған орта сапасының нормативтерi, эмиссиялар нормативтерi және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгiленедi.

      23-бап. Қоршаған орта сапасының нормативтерi және оларды


               белгiлеу тәртiбi

      1. Қоршаған орта сапасының нормативтерiне:


      1) қоршаған орта жай-күйiнiң химиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген нормативтер, оның iшiнде радиоактивтi заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шектi шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауiпсiз деңгейлерiнiң нормативтерi;
      2) қоршаған орта жай-күйiнiң физикалық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерiнiң, радиоактивтiлiктiң, жылудың және өзге де физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейлерiнiң нормативтерi;
      3) қоршаған орта жай-күйiнiң биологиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретiнде пайдаланылатын өсiмдiктердiң, жануарлардың және басқа да организмдердiң түрлерi мен топтарының нормативтерi, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн, микроорганизмдердiң жол беруге болатын шектi шоғырлану нормативтерi:
      топырақ бонитетi, қарашiрiндiнiң құрамы, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырау, олардың батпақтану, сортаңдану, тұздану көрсеткiштерi және жер топырағының басқа да сипаттамалары;
      аумақтың ормандылығы және онда орман өсiру, орманның қоқыстануы, ормандардың санитарлық жай-күйi, орман қорының жекелеген учаскелерiнiң басқа да сандық және сапалық көрсеткiштерi;
      ауыз суға және өзге де мақсаттарға пайдаланылатын су сапасының нормативтерi;
      табиғи ресурстар жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi;
      4) қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi жатады.
      2. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жол беруге шектi шоғырлану нормативтерiн белгiлеу мақсатында зиянды заттарды қауiптiлiк дәрежесiне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауiптi химиялық заттарды мемлекеттiк тiркеудi жүргiзедi. Мемлекеттiк тiркеуден өткен химиялық заттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi.
      3. Жол беруге болатын шектi шоғырлану және заттардың шамамен алынған қауiптiлiк деңгейлерiнiң нормативтерiн белгiлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнамаларында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалады.
      4. Табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи ресурстардың әрбiр түрi бойынша белгiленедi.

      24-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi

      1. Жекелеген аумақтар үшiн қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi белгiленуi мүмкiн.
      2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қоршаған орта сапасын бiрте-бiрте жақсарту қажеттiгi ескерiле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерiнiң белгiлi бiр уақыт кезеңiне арналған шектi деңгейiн реттейдi.
      3. Қоршаған орта сапасының әртүрлi нысаналы көрсеткiштерi:
      1) қоныстану аумағы;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
      3) рекреациялық аймақтар;
      4) шөл және шөлейт аудандар;
      5) су объектiлерi үшiн белгiленуi мүмкiн.
      4. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгiленедi.
      5. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн белгiлеу:
      1) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қоршаған орта сапасының нормативтерiне кезең-кезеңмен қол жеткiзiлуiн;
      2) экологиялық қауiпсiздiктi және халық денсаулығы үшiн қатердi азайтуды;
      3) әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, сондай-ақ экожүйелердi, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiнiң тектiк қорын сақтау қажеттiгi ескеріле отырып, қоршаған орта сапасының нормалануын қамтамасыз етуге тиiс.
      6. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi.
      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      25-бап. Эмиссиялар нормативтерi

      1. Эмиссиялар нормативтерiне:
      1) эмиссиялардың техникалық  үлестiк  нормативтерi;
      2) ластаушы заттардың жол беруге болатын шектi шығарындылары мен төгiндiлерiнiң нормативтерi;
      3) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерi;
      4) жол берiлетiн физикалық әсер (жылу мөлшерiнiң, шу, тербелiс, иондаушы сәуле және өзге де физикалық әсерлер деңгейiнiң) нормативтерi;
      5) күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру нормативтері жатады.
      2. Эмиссиялар нормативтерi аумақтардың және акваторияның табиғи ерекшелiктерi ескерiле отырып, қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге тиiс және жол берiлетiн шектi шоғырлану немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi негiзiнде есептеледi.
      3. Эмиссиялар нормативтерiнiң шамалары шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс әсерiн азайту мақсатында экологиялық рұқсаттар беру мен қажеттi техникалық iс-шаралар өткiзу қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдауға негiз болып табылады.
      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      26-бап. Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi

      1. Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi өнеркәсiптiң нақты процестерi мен салалары үшiн ең озық қолжетiмдi технологиялар енгiзу негiзiнде белгiленедi.
      2. Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi техникалық  регламенттерде белгiленедi және кешендi экологиялық рұқсаттардың негiзi болып табылады.
      3. Атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көздері үшін эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері техникалық регламенттерде белгіленеді.
      Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң


               жол берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс және
               тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері

      1. Парниктік газдар шығарындыларын қоспағанда, ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері қоршаған орта сапасының нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ететiндей шартпен эмиссиялардың әрбiр стационарлық көзi және тұтастай кәсiпорын үшін есептеулер негiзiнде белгiленетiн эмиссиялардың шамалары болып табылады.


      2. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру кезiнде шығарындылардың стационарлық және жылжымалы көздері, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін эмиссиялар нормативтерінің есептеу мәндерiн, техникалық үлестік нормативтерінiң белгiленген мәндерiн қамтитын жобалар құрамында пайдаланылады. Ластаушы заттардың жол берiлетiн шекті шығарындылары мен төгiндiлерiнiң белгіленген нормативтерінің қолданылу мерзімі, өндіріс және тұтыну қалдықтарын нормативтік орналастыру мерзімі I, II және III санаттардағы объектілер үшін күнтізбелік он жылды құрайды, IV санаттағы объектілер үшін – мерзімсіз.
      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      28-бап. Эмиссиялар нормативтерiн айқындау тәртiбi

      1. Қоршаған ортаға эмиссия нормативтері көзделген шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау құрамында не жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін жеке құжаттар түрінде негізделеді.
      2. Осы Кодекстің 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін эмиссиялар нормативтерiн әзiрлеудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      3. Жекелеген көздер бойынша эмиссиялар нормативтерi эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiне теңестiрiлiп белгiленедi не қоршаған орта сапасының нормативтерi негiзiнде есептеу арқылы айқындалады.
      4. Эмиссиялар нормативтерiн есептеу арқылы айқындау әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      5. Эмиссиялар нормативтерiн белгiлеу кезiнде қоршаған ортаның iс жүзiндегi ластануы ескерiледi. Қоршаған орта сапасы параметрлерiнiң фондық шоғырлануы жөнiндегi деректерді жобаның тапсырыс берушiсiмен немесе жобалау ұйымымен жасалған шарт бойынша ұлттық гидрометеорологиялық қызмет ұсынады. Қоршаған орта сапасы параметрлерiнiң фондық шоғырлануы жөнiндегi деректерді ұсыну қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуге технологиялық байланысты қызметке жатады.
      6. Атмосфераға ластаушы заттар шығарудың жылжымалы көздерінен туындайтын эмиссия нормативтерi белгіленбейді. Шығарылған газдардағы атмосфералық ауаны ластайтын негiзгi заттардың шектi концентрациясы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасымен айқындалады.
      Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15  N 461-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      29-бап. Табиғи ресурстар жай-күйiнiң өзге де


               нормативтерi

      1. Табиғи ресурстарды қорғау мен молықтыру мақсатында табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi белгiленедi.


      2. Табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi және оларды белгiлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында айқындалады.

5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

      30-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестiктi
               растау объектiлерi мен рәсiмi

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестiктi растау объектiлерi мен рәсiмi Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалады.

      31-бап. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
               мақсатында сәйкестiктi растауға арналған
               стандарттар

      1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарды орындау үйлестiрiлген стандарттармен қамтамасыз етiледi.


      Ұйымдардың стандарттары қолдану үшiн ерiктi сипатта болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға қайшы келмеуге тиiс.
      2. Сәйкестiгiн растаудан өтпеген, сәйкестiгiн растаудан мiндеттi түрде өтуге тиiс өнiмдердi, қызметтер көрсетудi, процестердi өткiзуге тыйым салынады.

      32-бап. Экологиялық таңбалау

      1. Экологиялық таңбалаудың мiндеттерi:
      1) тұтынушыларды қоршаған ортаға қауiптi өнiмдердi сатып алудан (пайдаланудан) қорғау;
      2) өнiмдердiң барлық түрлерiн өндiру, пайдалану және жою, (кәдеге жарату, өңдеу) кезiнде қоршаған ортаның ластануын болдырмау;
      3) жабдықтардың, технологиялық процестердiң, өндiрiстердiң және өнiмдердiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      4) экологиялық қауiпсiз технологиялық процестердi, жабдықтарды және өндiрiстердi енгiзу;
      5) елге экологиялық қауiптi өнiмдер мен технологиялардың әкелiнуiн болдырмау;
      6) отандық өнiмнiң экспортталуына жәрдемдесу және бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру болып табылады.
      2. Өндiрiлу кезiнде қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына және биологиялық ресурстарға зиянды әсерi неғұрлым аз немесе қолайлы әсер ететiн өнiм экологиялық таңбалау объектiсi болып табылады. Экологиялық таңбалау объектiсi өнiм өндiру процесi мен қолданылатын технологияларды қамтиды.
      3. Өндiрушiлер өз өнiмiн сәйкестiгi расталғаннан кейiн экологиялық таза өнiм белгiсiмен ерiктi негiзде таңбалайды. Өнiмдi экологиялық таңбалауды тиiстi саладағы коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырады.

Бейкоммерциялық ұйым - жарғылық қорды қатысушылар арасында бөлісу мақсатымен пайда алуды көздемейтін заңды тұлға. Бұл ұйымдар кәсіпкерлік қызметті өздері құрылған негізгі мақсаттарға қол жеткізгенше жүзеге асыруы мүмкін және осы қызметтен түскен табыс тек осы мақсаттарға ғана жұмсалуға тиіс.


      4. Экологиялық таза өнiм стандарттарын, экологиялық таза өнiм белгiсiнiң нысанын және оған қойылатын техникалық талаптарды "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген коммерциялық емес ұйым белгiлейдi.

      33-бап. Техникалық реттеу жөнiндегi сарапшылық кеңес

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның техникалық реттеу жөнiндегi сарапшылық кеңес техникалық регламенттер жобаларын әзiрлейдi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу және қолдану жөнiндегi ұсыныстарды қарайды.

      34-бап. Халықаралық стандарттарды енгiзу

      1. Табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiнiң халықаралық стандарттарын енгiзуi:
      1) халықаралық стандарттар туралы ақпарат тарату;
      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiнiң халықаралық стандарттарын енгiзген және мұндай енгiзудi растайтын құжаты бар табиғат пайдаланушыларға инспекторлық тексеру жүргiзу жиiлiгiн қысқартуы;
      3) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу тетiктерiн пайдалану арқылы ынталандырылады.
      2. Халықаралық стандарттарды енгiзудi ынталандыру шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері


                 саласындағы стандарттар

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның келісімімен Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін әзірлейді және бекітеді.


      2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу субъектілері өз қызметінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган таныған және рұқсат еткен стандарттарды басшылыққа алады.
      Ескерту. Кодекс 34-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ

      35-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау

      Қоршаған ортаға әсердi бағалау - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескерiле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдауын, бүлiнуiн және сарқылуын) болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар әзiрленетiн рәсiм.

      36-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау мiндеттiлiгi

      1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тiкелей немесе жанама әсер етуi мүмкiн болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлерi үшiн мiндеттi болып табылады.


      2. Қоршаған ортаға әсер ететiн шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерiн бағаламай әзiрлеуге және iске асыруға тыйым салынады. Әсердi бағалау нәтижелерiн жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылады.
      3. Жобаланып жатқан объектiлердiң перспективалық қызметi осы Кодекстiң талаптарына сәйкес қоршаған  ортаға әсерiн бағалауға жатады.
      4. Жобалардың тапсырыс берушiсi (бастамашысы) мен әзiрлеушiсi қоршаған ортаға әсер етуге жүргiзiлген бағалау нәтижелерiн ескеруге және қоршаған орта мен адам денсаулығына неғұрлым аз зиян келтiретiн нұсқаның қабылдануын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15  N 461-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      37-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың кезеңдерi

      1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қала құрылысы және құрылысты жобалау кезеңдерi ескерiле отырып, жүйелі түрде жүзеге асырылады.
      2. Қоршаған ортаға әсердi бағалау мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) IV санаттағы объектілерді қоспағанда, қоршаған ортаға әсердi алдын ала бағалау (1-кезең);
      2) IV санаттағы жұмыс істеп тұрған объектілерді қоспағанда, жобаны iске асырудың ықтимал әсерлерiн немесе шаруашылық және өзге де қызметтi одан әрi жүзеге асыруды толық және кешендi талдау, баламалы нұсқаларды негiздеу және қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) әзiрлеу мақсатында орындалатын әсердi бағалау (2-кезең);
      3) IV санаттағы объектілерді қоспағанда, қоршаған ортаға қолайсыз әсерлердi болдырмау жөнiндегi техникалық шешiмдердi қамтитын жұмыс жобасы құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлiмi (3-кезең).
      3. Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың 2 немесе 3-кезеңдерiнде осы Кодекстiң 4-тарауына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерi әзiрленедi.
      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      38-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу тәртiбi

      1. Осы Кодекстің 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін қоршаған ортаға әсердi бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      2. Қоршаған ортаға әсердi бағалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушiсi (бастамашысы) қамтамасыз етедi.
      3. Қоршаған ортаға әсердi бағалау әзiрленiмiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар шартқа сәйкес қоршаған ортаға әсердi бағалау жүргiзуден алынған нәтижелердiң дұрыстығы, толықтығы мен сапасы үшiн тапсырыс берушi алдында жауапты болады.
      Тапсырыс беруші мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарының дәйектілігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      4. Қоршаған ортаға әсердi бағалау рәсiмiн орындау кезiнде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15  N 461-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      39-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау процесiнде


               есепке алынуға тиiс әсерлердiң түрлерi

      1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау процесiнде:


      1) тiкелей әсер - объектiнi орналастыру ауданында жоспарланып отырған негiзгi және iлеспе қызмет түрлерiнiң тiкелей тигiзетiн  әсерi;
      2) жанама әсер - жобаны iске асыру салдарынан пайда болатын жанама (кейiнгi) факторлардан туындайтын қоршаған ортаға әсер;
      3) кумулятивтiк әсер - жобаны iске асыруға iлесе жасалатын, өткен, қазiргi немесе негiзделiп алдын ала болжанатын iс-әрекеттерден туындайтын, үнемi ұлғаю үстiндегi өзгерiстер салдарынан пайда болатын әсер есепке алынуға тиiс.
      2. Қоршаған ортаға әсердi бағалау процесiнде:
      1) парниктік газдар шығарындыларының әсерін қоспағанда, атмосфералық ауаға;
      2) жер үстi және жер асты суларына;
      3) сутоғандары түбiнiң беткi жағына;
      4) ландшафттарға;
      5) жер ресурстарына және топырақ жамылғысына;
      6) өсiмдiктер дүниесiне;
      7) жануарлар дүниесiне;
      8) экологиялық жүйелердiң жай-күйiне;
      9) халық денсаулығының жай-күйiне;
      10) әлеуметтiк салаға (халықты жұмыспен қамту, бiлiм беру, көлiк инфрақұрылымы) әсердi бағалау жүргiзiледi.
      3. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзу процесiнде табиғи орта мен адам денсаулығына терiс және оң әсерлер есепке алынуға тиiс.
      Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      40-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау объектiлерiн


               бағалану маңыздылығы мен толымдылығы бойынша
               сыныптау

      1. Қоршаған ортаға әсерiн бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет маңыздылығы мен толымдылығы бойынша I, II, III, IV болып 4 санатқа бөлiнедi.


      I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру жатады.
      II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, орман пайдалану мен суды арнайы пайдаланудың барлық түрлерi жатады.
      III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.
      IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулау мен аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдаланудың барлық түрлерi жатады.
      1-1. Өндірістік объектілерді санитариялық сыныптауға сәйкес қауіптілік сыныптарына жатпайтын қызмет түрлері IV санат объектілері ретінде сыныпталады.
      2. Әртүрлi санаттағы объектiлерге қоршаған ортаға әсердi бағалау жүргiзуге қойылатын сараланған талаптар қоршаған ортаға әсердi бағалау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта белгiленедi.
      Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      41-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау құжаттамасы



      1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау жөнiндегi құжаттама:
      1) шаруашылық және өзге де қызметке тапсырыс берушiнiң деректемелерiн;
      2) жоспарланып отырған қызметтi iске асыру қажеттiгi негiзделген өтiнiштi (арызды), инвестициялар негiздемесiн, техникалық-экономикалық негiздеменi (жобаны), жұмыс жобасының бекiтiлген бөлiгiн, түсiндiрме жазбаны;
      3) қоршаған орта компоненттерiнiң қызметтi iске асырғанға дейiнгi не қазiргi кездегi жай-күйiнiң сипаттамасын;
      4) жобаның жазбасын, оған қоса:
      бүкiл жобаның мақсаты мен сандық сипаттамаларының және орналастыру ауданына құрылыс және пайдалану сатысы кезеңiнде қойылатын талаптардың сипаттамасын;
      жоспарланып отырған қызметтiң қоршаған орта элементтерiне ықтимал әсерлерiнiң түрлерi қоршаған ортаға эмиссиялардың, тұтынылатын шикiзаттың және алынатын ресурстардың көлемi мен оның қосындыларының құрамымен бiрге көрсетiле отырып, пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың типтерi мен санын қоса алғанда, өндiрiстiк процестердiң негiзгi сипаттамаларын;
      5) қолданылатын технологияның ең озық қолжетімді технологиялармен және техникалық үлестік нормативтермен сәйкестігі, сондай-ақ техникалық регламенттермен және технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптармен сәйкестігі тұрғысынан талдауды;
      6) баламалы нұсқалар туралы ақпаратты және жобалық нұсқаны таңдаудың негiзгi себептерiне нұсқауды;
      7) қызметтiң қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына және әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға ықтимал әсерлерiнiң сипаттамасын;
      8) жобаланатын шаруашылық немесе өзге де қызметтiң қоршаған ортаға беймәлiм әсерлерiн;
      9) экологиялық тәуекелдi және халықтың денсаулығына төнетiн тәуекелдi бағалауды;
      10) экологиялық мониторинг жөнiндегi ұсыныстарды қоса алғанда, қоршаған ортаға әсердi болдырмау, азайту үшiн көзделетiн шаралардың сипаттамасын;
      11) қоршаған ортаға эмиссиялардың жобалық нормативтерiн және табиғи ресурстарды алып қою нормативтерiн;
      12) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының негiздемесiн;
      13) ықтимал тәуекелдердi және келтiрiлген залалдарды өтеудi ескере отырып, жобаны экологиялық-экономикалық бағалауды;
      14) хаттамалармен ресiмделген және жоспарланып отырған қызметтiң экологиялық аспектiлерiн қоғамдық талқылау нәтижелерi жөнiндегi қорытындыларды қамтитын қоғамдық пiкiрдi есепке алу жөнiндегi материалдарды;
      15) қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзу кезiндегi кез келген қиыншылықтарды және ақпараттың жетiспеушiлiгiн көрсетудi;
      16) қоршаған ортаға әсерге жүргiзiлген бағалау нәтижелерi жөнiндегi негiзгi қорытындыларды қамтиды.
      2. Жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi (бастамашысы) қоршаған ортаға әсерге жүргiзiлген бағалау нәтижелерi бойынша жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын қызметтiң экологиялық зардаптары туралы мәлiмдеме әзiрлеп, табыс етедi, ол осы қызметтi iске асыруға болатыны туралы шешiм әзiрлеуге негiз болады.
      3. Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың әрбiр кезеңiндегi құжаттама мазмұнының толымдылығы қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықпен айқындалады.
      Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.06.23 N 164-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      42-бап. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзудi


               әдiстемелiк қамтамасыз ету

      1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарға сәйкес жүргiзiледi.


      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде тиiстi жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсердi бағалауды әзiрлеу процесiнде қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      43-бап. Трансшекаралық әсерi бар объектiлердiң қоршаған


               ортаға әсерiн бағалау ерекшелiктерi

      Трансшекаралық әсерi бар объектiлердiң қоршаған ортаға әсерiн бағалау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.

      44-бап. Қолданыстағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға
               әсердi бағалау ерекшелiктерi

      Ескерту. 44-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА

      45-бап. Экологиялық сараптама түрлерi

      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.

      46-бап. Экологиялық сараптаманың мақсаттары

      Экологиялық сараптама:
      1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметтi iске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал терiс зардаптарын айқындау және шектеу;
      2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiнiң балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесiнде үшiншi тараптарға залал келтiрудi болдырмау мақсатында жүргiзiледi.

      47-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама oбъектiлерi



      1. Міндетті мемлекеттiк экологиялық сараптамаға:
      1) осы Кодекстiң 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсердің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;
      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары;
      4) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;
      5) алып тасталды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;
      7) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер;
      8) қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметін жүргiзудiң айрықша режимiндегi аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;
      9) осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдары;
      10) шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары жатады.
      11) алып тасталды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiлерi мынадай жағдайларда:
      1) экологиялық сараптама объектiсi бұрын жүргiзiлген мемлекеттiк экологиялық сараптама ескертпелерi бойынша жетiлдiрiлген;
      2) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейiн жобалау және өзге де құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлген жағдайда;
      3) сот шешiмiнiң негiзiнде, қайтадан мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өтедi.
      3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiлерi осы Кодекстiң 40-бабында келтiрiлген объектiлердiң сыныпталуына сәйкес I, II, III, IV санаттарға бөлiнедi.
      Орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін, іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары I санатқа жатады.
      Жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары II санатқа жатады.
      Осы баптың 1-тармағының 5) – 11) тармақшаларында аталған мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері I санатқа жатады.
      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған және осы Кодекстiң 40-бабында келтірілген объектілердің сыныпталуына сәйкес сыныпталмайтын, қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы II санатқа жатады.
      Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.06.23 N 164-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      48-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге


               асыратын органдар

      1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.


      2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы I санат объектілеріне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, II, III және IV санат объектілеріне - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.
      3. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      4. Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы) бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
      Көрсетілген құрылыс жобаларын қабылдау тәртібін, олардың толымдылығын, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру тәртібін қоса алғанда, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен қамтамасыз етіледі.
      Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      49-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу


               тәртiбi

      1. Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға құжаттаманы:


      1) белгiленiп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң тапсырыс берушiсi (инвестор);
      2) мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң және жоспарлардың жобаларын әзiрлеудi жүргiзетiн мемлекеттiк органның басшысы ұсынады.
      2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
      Жаңа объектілерді салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында жүзеге асырылатын мемлекеттік экологиялық сараптама Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүргізіледі.
      Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      50-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу


               мерзімдері

      1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімі, объектілер құрылыстарының жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу саласында Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға барлық қажеттi құжаттама берiлген кезден бастап I санаттағы объектілер үшін – екі айдан, II санаттағы объектілер үшін – бір айдан, III және IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспауға тиіс.


      Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қайтадан жүргізу мерзімі тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін – бір айдан,
II санаттағы объектілер үшін – он жұмыс күнінен, III және IV санаттардағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      2. Тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде және II, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беретін орган құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттар ұсынған тұлғаға қайтарылуға жатады.
      3. Құрылысқа арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында жүзеге асырылатын мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің мерзімдері мен ұзақтығы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      51-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы

      1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргiзу нәтижелерi бойынша берiледi.
      Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету тұрғысынан құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдаудан бұрын жүргізілуге тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаса, жобаны іске асыруға тыйым салынады.
      Құрылысқа арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында жүргізілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық қорытындысына енгізіледі.
      2. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы экологиялық сараптама объектiсiн iске асыру жөнiнде шешiм қабылдауға болатындығы мен мүмкiндiгi туралы тұжырымдарды қамтиды.
      3. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы болған кезде тапсырысшы сараптамаға ұсынылған материалдарды сараптамалық қорытындының ұсыныстары мен ескертпелерiне сәйкес пысықтауды қамтамасыз етуге және барлық материалдарды қайтадан экологиялық сараптамаға табыс етуге не белгiленiп отырған қызметiнен бас тартуға мiндеттi.
      4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мiндеттi болатын шаруашылық және өзге де қызмет жобаларын мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз банктердiң және өзге де қаржы ұйымдарының қаржыландыруына және iске асыруына тыйым салынады.
      5. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сараптама бөлімшелерінің, тиісті аумақтағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының сараптама бөлімшесінің басшысы өз құзыреті шегінде қол қояды.
      6. Жобалық құжаттамаға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы I, II және III санаттардағы объектілер үшін – қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтерінің қолданылу мерзімі ішінде, IV санаттағы объектілер үшін – мерзімсіз қолданылады.
      Құрылысқа арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында жүргізілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының қолданылу мерзімі ведомстводан тыс кешенді сараптаманың тиісті жиынтық қорытындысының қолданылу мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.
      Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      52-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


жүктеу 3.76 Mb.