Главная страница
Контакты

    Басты бет


Жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер

жүктеу 3.76 Mb.



жүктеу 3.76 Mb.
бет13/14
Дата04.04.2017
өлшемі3.76 Mb.

Жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

                экологиялық талаптар

      1. Қауіпті қалдықтардың құралуы мен олардың тасымалдануы барынша азайтылуға тиіс.


      2. Қауіпті қалдықтарды мынадай жағдайларда:
      1) қауіпті қалдықтар тасымалдау мақсатында тиісті түрде орап-буылған және таңбаланған болса;
      2) арнайы жабдықталған және арнаулы белгілермен жарақтандырылған көлік құралдары бар болса;
      3) қауіпті қалдықтардың паспорты және тасымалданатын қауіпті қалдықтардың саны, оларды тасымалдау мақсаты мен межелі орны көрсетілген, қауіпті қалдықтарды тасымалдау мен беруге арналған құжаттама бар болса;
      4) қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезінде қойылатын, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарына қойылатын қауіпсіздік талаптары сақталса, тасымалдауға жол беріледі.
      3. Қауіпті қалдықтарды тасымалдау мақсатында буып-түю және таңбалау тәртібі Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасында белгіленеді.
      4. Қалдықтарды көлік құралдарымен тасымалдау тәртібі, тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар және экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі басқа да талаптар көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі саласындағы мемлекеттік органмен келісілген нормалар мен ережелерде айқындалады.
      5. Қалдықтар көлік құралына тиелген және қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға оларды қабылдап алған кезден бастап олар белгіленген жерде көлік құралынан түсірілгенге дейін осы көлік құралы тиесілі көлік ұйымы немесе адам олармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін жауапты болады.

      295-бап. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау

      1. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мақсаты үшін Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының 1-қосымшасына сәйкес келетін қалдық топтары қауіпті болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды транзиттеу Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
      3. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының тараптары - мемлекеттерге және өздерінің заңнамасы шеңберінде қауіпті қалдықтар импортына тыйым салған дамушы елдерге не осы қалдықтарды пайдалану экологиялық негізделген түрде жүзеге асырылмайды деп ойлауға негіз болса, сондай-ақ оңтүстік ендіктің 60 градусынан оңтүстікке қарай орналасқан аудандарға қауіпті қалдықтарды экспорттауға тыйым салынады.
      4. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде табиғат пайдаланушылар мүдделі мемлекеттерге ұсынылатын қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қатысты ұсынылатын тасымалдың адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін салдарын көрсететін ақпаратты табыс етуге міндетті.
      5. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде олар орап-буу, таңбалау және тасымалдау саласындағы жалпы қабылданған халықаралық ережелер мен нормаларға сәйкес оралып-буылуға, таңбалануға және тасымалдануға тиіс.
      Ескерту. 295-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      296-бап. Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы есеп

      1. Қалдықтардың меншік иесі қалдықтардың есебін (түрі, саны және шығарылған жері) жүргізуге, сондай-ақ олардың қоршаған ортаға және (немесе) адам денсаулығына қауіпті қасиеттері туралы ақпарат жинауға және сақтауға міндетті.
      2. Қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын тұлғалар және қауіпті қалдықтарды өндірушілер өздерінің қызметі процесінде құралған, жиналған, тасымалданған, кәдеге жаратылған немесе орналастырылған қалдықтардың тұрақты есебін (түрі, саны, қасиеттері) жүргізуге міндетті.
      3. Қалдықтардың меншік иелері қалдықтардың есебі жөніндегі құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға тиіс.
      4. Қалдықтардың меншік иелері өзінің қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметі туралы жыл сайынғы есебін Қалдықтардың мемлекеттік кадастрына енгізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді.
      5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан өздері дайындайтын бұйымдар және содан құралатын қалдықтар туралы мәліметтер талап етуге құқылы.
      6. Қалдықтар саласындағы алғашқы статистикалық деректер мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табыс етіледі.
      Ескерту. 296-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      297-бап. Қалдықтарды кәдеге жарату мен олардың құралу


                көлемін азайту жөніндегі іс-шараларды
                ынталандыру

      1. Қалдықтардың құралу көлемін азайтуға бағытталған технологияларды енгізетін, өнім өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) процесінде қалдықтарды кәдеге жарататын, оларды жинау мен дайындауды, кәсіпорындар мен цехтар салуды жүзеге асыратын, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату үшін жабдықтар жасап шығаруды ұйымдастыратын, қалдықтарды кәдеге жарату мен олардың құралу көлемін азайту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға пайлық үлеспен қатысатын шаруашылық қызмет субъектілерінің қалдықтарды кәдеге жарату мен олардың құралу көлемін азайту және қауіптілік деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларын ынталандыру жүзеге асырылады.


      2. Жергілікті атқарушы органдар қалдықтарды кәдеге жаратуға және олардың құралу көлемін азайтуға ынталандыру жөніндегі іс-шараларды айқындайды.
      Ескерту. 297-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

43-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ ПОЛИГОНДАРЫНА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ


САҚТАУ ҚОЙМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

      298-бап. Қалдықтарды сақтау және көму орындары

      1. Қалдықтарды сақтау кейіннен кәдеге жарату, өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрлері үшін белгіленген кезеңге арнайы жабдықталған жерлерде (алаңдарда, көмбелерде, қоймаларда) жүргізіледі.
      2. Қалдықтарды алып қою ниетінсіз оларды тұрақты орналастыратын орын қалдықтарды көму орны болып табылады. Қалдықтарды көму арнайы жабдықталған полигондарда жүргізіледі.
      3. Қалдықтарды кейіннен орнын ауыстыру ықтималдығына және (немесе) олардың қоршаған ортаға әсеріне тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігіне байланысты тұрақты орналастыратын орын олардың ұзақ мерзімді сақтау орны болып табылады. Полигондарға белгіленген экологиялық талаптар қалдықтарды ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына қойылады, бұл ретте оларды алып қоюдың, тасымалдаудың, кейіннен кәдеге жаратудың немесе түпкілікті көмудің техникалық мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
      4. Қалдықтар полигондарын орналастыру мен салу жобалары:
      1) мемлекеттік экологиялық сараптамадан;
      2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу кезінде осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізілуге жатады.
      5. Қауіпті қалдықтарды сақтау мен көму шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түріне жатады. Қауіпті қалдықтарды сақтау мен көму орындары экологиялық қауіпті объектілер болып табылады.
      6. Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарында көзделген жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Мұндай қалдықтардың экспортына және импортына оларды жою мақсатында ғана рұқсат етіледі.
      Ескерту. 298-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      299-бап. Қалдықтарды орналастыру полигондарының


                сыныптары

      1. Қалдықтар орналастырылатын әрбір полигон мынадай сыныптардың біріне жатқызылуға тиіс:


      1) 1-сынып - қауіпті қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;
      2) 2-сынып - қауіпті емес қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;
      3) 3-сынып - тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға арналған полигон.
      2. Әртүрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтардың тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      Ескерту. 299-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      300-бап. Қалдықтарды орналастыру полигондарына


                қойылатын экологиялық талаптар

      1. Қауіпсіз қалдықтарға ғана алдын ала өңдеусіз көму қолданылуы мүмкін.


      2. Қауіпті қалдықтарға залалсыздандыру, қалыпты жағдайға келтіру және қалдықтардың қауіпті қасиеттерін төмендететін басқа да әсер ету тәсілдері қолданылуға тиіс.
      3. Қауіпті қалдықтарды қауіпсіз қалдықтардың полигондарына орналастыруға тыйым салынады.
      4. Белгілі бір сыныптағы полигонда қалдықтарды қабылдау критерийлері былайша айқындалады:
      1) қоршаған ортаны (әсіресе жер асты және жер үсті суларын) және халықтың денсаулығын қорғау;
      2) полигон шегінде қалдықтарды қалыпты жағдайға келтіру процестерін қамтамасыз ету;
      3) қабылданатын қалдықтардың сапалық құрамы;
      4) қабылданатын қалдықтардың органикалық құрауыштарының саны және олардың биологиялық бұзылуға бейімділігі бойынша талаптар мен шектеулер;
      5) қорғаныш критерийлеріне сәйкес ықтимал қауіпті құрауыштардың санына қойылатын шектеулер;
      6) қалдықтар мен құралатын сүзінді сулардың экоуытты қасиеттері.
      5. Белгіленбеген орындарға қалдықтарды жинап қоюға және кездейсоқ қоқыстарды түзуге тыйым салынады.
      6. Әрбір полигон олардың қоршаған ортаға теріс әсерінің алдын алу үшін атмосфералық шығарындылардың (қоқыс газы), сақтауға қойылған қалдықтарда құралатын сүзінді судың және сарқынды сулардың мониторингі жүйесімен жабдықталуға тиіс.
      7. Полигонда көмуге арналған қалдықтардың саны мен қауіпті қасиеттері азайтылуға тиіс.
      8. Полигонның иесі биологиялық іритін қалдықтарды көму көлемін азайту және қоқыс газды бақылау мен кәдеге жарату жүйелерін енгізу арқылы полигонда метанның құралуын азайту жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.
      9. Қоршаған ортаның ластануын болдырмау үшін полигонның иесі қалдықтарды сыныптау негізінде қабылдаудың бірдейлендірілген рәсімін енгізуге тиіс.
      10. Қалдықтарды көму полигонының қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімде учаскені экологиялық талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі жоспар негізінде жүзеге асырылады.
      11. Полигонның меншік иесі полигон жабылғаннан кейін жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шараларды және қоршаған ортаға әсердің мониторингін жүргізу үшін тарату қорын құрады.
      Жою қоры жоқ полигонды пайдалануға тыйым салынады.
      12. Көму үшін қабылданатын қалдықтарды қабылдау мен сыныптау рәсімін полигон иесі белгілейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.
      13. Полигондарда қалдықтарды орналастыруға және полигондарды күтіп-ұстауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 300-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      301-бап. Полигондардың қабылдауына келмейтін қалдықтар

      1. Полигондарда мынадай қалдықтарды көму үшін қабылдауға тыйым салынады:
      1) сұйық қалдықтар;
      2) полигон жағдайында жарылатын, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қаупі жоғары немесе өрт қаупі бар қауіпті қалдықтар;
      3) сумен реакцияға түсетін қалдықтар;
      4) медициналық немесе ветеринариялық мекемелердің жұқпалы болып табылатын қалдықтары;
      5) рекультивациялау кезiнде тұрақтандырушы материал ретiнде қолданылуын қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың бөліктері;
      6) жойылмайтын органикалық ластаушыларды қамтитын қалдықтар;
      7) пестицидтер;
      8) қабылдау критерийлерін қанағаттандырмайтын қалдықтар.
      2. Қабылдау критерийлерін орындау мақсатында қалдықтарды араластыруға тыйым салынады.
      3. Жергілікті атқарушы органдар биологиялық іритін қалдықтардың рециклингін, компостерлеу, өнім немесе энергия өндіру мақсатында биогаз өндіру және (немесе) пайдалану жөніндегі шараларды қоса алғанда, оларды көмуді қысқарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.
      Ескерту. 301-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      302-бап. Коммуналдық қалдықтарды орналастыруға арналған


                полигондарда орналастыруға тыйым салынатын
                өнеркәсіптік қатты және шлам тәрізді қалдықтар

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



      Коммуналдық қалдықтар полигондарында мынадай өнеркәсіптік қатты және шлам тектес қалдықтарды орналастыруға тыйым салынады:
      1) хлор өндіру жөніндегі химия өнеркәсібінің қалдықтары:
      синтетикалық каучук, хлор, каустика өндірісінің құрамында сынап пен оның қосындылары бар графитті шламы;
      метанол, оргшыны өндірісінің құрамында метанол бар қалдықтары;
      монохлорсірке қышқылының құрамында гексахлоран, метанол, трихлорбензол бар тұздар өндірісінің шламдары;
      ДДТ, уротропин, цинеб, мыстың үш хлорфеноляты, тиурам-Д тасымалы үшін пайдаланылған қағаз қапшықтар;
      мыстың үш хлорфеноляты өндірісінің құрамында үш хлорфенол бар шламдары;
      пластополимерлер өндірісінің құрамында бензол мен дихлорэтан бар пайдаланылған катализаторлары;
      құрамында хлоропрен бар коагулюм және омега полимерлері;
      үшхлорбензол қалдықтары, тыңайтқыштар өндірісінің құрамында гексахлоран, үшхлорбензол бар қалдықтары;
      2) хром қосындыларын өндіру жөніндегі химия өнеркәсібінің қалдықтары:
      натрий монохроматы және хлорлы натрий өндірісінің шламы, калий биохроматы өндірісінің құрамында алты валентті хром бар қалдықтары;
      3) сода өндіру жөніндегі өнеркәсіптің құрамында мырышы бар мырыш күйігі қалдықтары;
      4) жасанды талшық өндірісінің қалдықтары:
      құрамында диметилтерефталат, терефтал қышқылы, мырыш, мыс бар шламдар;
      капролактамды сүзуден қалған, құрамында капролактам бар қалдықтар;
      метанолиз қондырғысының құрамында метанол бар қалдықтары;
      5) сырбояу өнеркәсібінің қалдықтары:
      сыр мен эмаль қабықтары, құрал-жабдықтарды тазалау кезіндегі құрамында мырыш, хром, ерітінділер, тотықтырғыш майлар бар қалдықтар; құрамында мырыш пен магний бар шламдар;
      6) химиялық-фотография өнеркәсібінің қалдықтары:
      гипосульфит пен сусыз сульфит өндірісінің құрамында фенол бар қалдықтары;
      магниттік сырдың, коллодийдің, бояулардың құрамында бутиллацетат, толуол, дихлорэтан, метанол бар қалдықтары;
      7) пластмасса өндірісінің құрамында фенол бар қалдықтары;
      8) азот өнеркәсібінің қалдықтары:
      коксты газды тазалау қондырғысынан алынған шлам (шайырлар) және синтез бен компрессия цехының құрамында канцерогенді заттар бар пайдаланылған майлары;
      моноэтаноламинді айдаудан қалған, құрамында моноэтаноламин бар текшелі қалдық;
      9) мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнеркәсібінің қалдықтары:
      майларды, парафинді тазалаудан қалған, құрамында хром мен кобальт бар алюмосиликатты адсорбент;
      құрамында отыз проценттен астам күкіртті қышқыл бар қышқыл гудрондар;
      кокс алудың және жартылай коксты газдандырудың құрамында фенол бар фустары мен фусты-шайырлы қалдықтары;
      құрамында хром бар пайдаланылған катализаторлар;
      құрамында майлар бар пайдаланылған саз;
      алкилфенолды құю қондырғыларынан алынған сүзу процесінің құрамында мырыш бар қалдықтары;
      10) машина жасау қалдықтары:
      құрамында хром бар төгінділердің хромды шөгіндісі;
      құрамында циан бар төгінділердің цианды шөгіндісі;
      органикалық байластырғыштағы құрамында хром бар стерженьді қоспалар;
      вакуумды сүзгілерден, гальвандық цехтарды ыдырату станцияларынан кейінгі құрамында мырыш, хром, никель, кадмий, қорғасын, мыс, хлорофос, тиокол бар шөгінді;
      11) медицина өнеркәсібінің қалдықтары:
      синтомицин өндірісінің құрамында бром, дихлорэтан, метанол бар қалдықтары;
      байыту қалдықтары мен құрамында ауыр металдардың тұздары бар шламдар.
      Ескерту 302-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      303-бап. Қауіпті қалдықтар полигондарына арналған жалпы


               талаптар

      1. Қауіпті қалдықтарды көму полигондары орналасатын жерлерде:


      1) полигон шекарасынан тұрғын үй және рекреациялық аймақтарға, су объектілеріне, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге және елді мекендерге дейінгі қашықтыққа;
      2) жер асты, жер үсті суларының немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың болуына;
      3) геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларға;
      4) учаскедегі су басу, ойысу, шөгу немесе сел жүру қатеріне;
      5) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін қорғауға қатысты талаптар ескерілуге тиіс.
      2. Полигонның сипаттарына және метеорологиялық жағдайларға қарай:
      1) полигон бойына судың кенеттен келуін бақылау;
      2) қалдықтарды көму орнына жер беті және (немесе) жер асты суларының келуін болдырмау;
      3) ласталған суды және сүзінді суды сарқынды сулар үшін белгіленген нормативтерге дейін жинау және өңдеу көзделуге тиіс.
      3. Қоқыс газды жинау, өңдеу мен пайдалану қоршаған ортаға залалды немесе оның нашарлауын және халықтың денсаулығы үшін тәуекелді барынша азайтатын тәсілмен жүргізілуге тиіс.
      4. Қалдықтарды көму полигондарының жұмыс істеу салдарларын:
      1) иістер мен шаңдардың эмиссиясын;
      2) жел айдап тарататын материалдарды, қосындылар мен аэрозольдарды;
      3) шу мен қозғалысты;
      4) құстарды, паразиттер мен жәндіктерді;
      5) өрттерді барынша азайту үшін шаралар қабылдануға тиіс.
      5. Қалдықтарды орналастыру полигоны ластың учаскеден қоғамдық жолдарға және жақын маңдағы аумаққа шығарылмайтындай етіп жабдықталуға тиіс.
      6. Полигон учаскеге басқа тұлғалардың еркін кіруінен қорғалуға тиіс. Әрбір техникалық құралға бақылау жасау және оған қол жеткізу жүйесі құралдардың заңсыз пайдаланылуын анықтайтын және оған кедергі келтіретін шаралардың бағдарламасын қамтуға тиіс.
      7. Қалдықтарды орналастыру полигондарын басқаруды полигонды пайдалануға техникалық құралдары бар және полигон қызметкерлерін кәсіби және техникалық біліммен және тренингпен қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      8. Жол берілетін әсер ету деңгейі қалдықтарды көму полигоны жобасының негізінде полигон орналасқан жердегі өзіндік гидрогеологиялық жағдайларды назарға ала отырып, экологиялық рұқсатта айқындалуға тиіс.
      9. Полигонға Қазақстан Республикасының Қалдықтардың мемлекеттік кадастрына енгізілген жеке тіркеу нөмірі беріледі. Полигон иесі полигонға қабылданатын қалдықтардың есебін жүргізуге арналған құжат айналымы жүйесін әзірлеуге тиіс.
      10. Қалдықтарды орналастыру полигонының жобасында жабу, рекультивациялау және ол жабылғаннан кейін ластануға мониторинг пен бақылау жүргізу үшін тарату қорын құру көзделеді. Тарату қорларын қалыптастыру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      11. Полигонның иесі жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға орналастырылатын қалдықтардың түрлері мен саны туралы және жоспарлы бақылаудың нәтижелері туралы хабарлауға міндетті.
      Ескерту. 303-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      304-бап. Қалдықтарды қабылдау рәсімдері

      1. Қалдықтарды полигонға тапсыратын қалдықтардың меншік иесі полигонның иесіне қалдықтарды белгілі бір түрге жатқызуды растайтын және қауіпті қалдықтар паспортының көшірмесімен қауіпті қалдықтарға ілесіп жүретін, олардың сандық және сапалық сипаттамалары туралы дұрыс ақпаратты табыс етуге міндетті.
      2. Полигондардың иелері қалдықтардың осы полигонға орналастыруға рұқсат етілген және оларды орналастыру құқығы экологиялық рұқсатпен расталған түрлерін ғана полигонға қабылдауға құқылы.
      3. Полигонның иесі қалдықтар қабылдаудың мынадай рәсімдерін сақтайды:
      1) қауіпті қалдықтардың паспортын қоса алғанда, қалдықтар құжаттамаларын тексеру;
      2) қалдықтарды кіреберісте және орналастырылатын жерде көзбен шолып қарап тексеру;
      3) қалдықтар құрамын қалдықтардың меншік иесі табыс еткен құжаттамадағы жазбамен салыстыру;
      4) шығарылған жерін, әкеліну күнін, шығарушысын немесе жинаушысын бірдейлендіруді, ал қауіпті қалдықтар бар болғанда - олардың полигондағы нақты орналасу орнын көрсете отырып, орналастырылған қалдықтардың саны мен сипаттамасының есебін жүргізу;
      5) полигонға радиоактивті заттардың түсуін болғызбау үшін қалдықтардың әрбір тобына дозиметрлік бақылау жүргізу қажет.
      4. Полигонның иесі учаскеде қабылданған қалдық тобының алынғанын жазбаша растауды тұрақты түрде қамтамасыз етуге және осы құжаттаманы бес жыл бойы сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
      5. Қалдықтардың түсетін массасын анықтау үшін қабылдау пункттерінде өлшеуіш аспаптары орналастырылады.

      305-бап. Полигонды пайдалану сатысындағы бақылау мен


               мониторинг

      1. Полигонның иесі жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоршаған ортаға әсердің мониторингін жүргізілгені туралы есеп береді.


      2. Полигонның иесі бақылау және мониторинг нәтижесінде анықталған, қоршаған ортаға қолайсыз әсер туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге, сондай-ақ қабылданылатын түзету шараларының сипаты мен мерзімдерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге тиіс.
      3. Бақылауды, мониторингті және (немесе) талдауды аккредиттелген зертханалар орындауға тиіс.
      4. Сүзінді су мен жер бетіндегі судың сынамасы репрезентативті пункттерде іріктелуге тиіс. Сүзінді суды іріктеу мен оның көлемін және құрамын өлшеуді жүзеге асыру учаскенің сүзінді су құралатын әрбір пунктінде жеке орындалуға тиіс.
      5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингі жүргізіледі.
      6. Іріктеу мен талдауды жүзеге асырудың жиілігі қоршаған ортаға эмиссия рұқсатына қоса берілетін мониторинг бағдарламасында негізделеді.
      7. Өлшенетін параметрлер мен талданатын заттар орналастырылатын қалдықтардың құрамына қарай түзетіледі.
      8. Жер асты суларынан алынған сынамаларда талданатын параметрлер осы жердегі сүзінді судың күтіліп отырған құрамына және жер асты суларының сапасына негізделуге тиіс. Талдама есебі үшін параметрлерді таңдау процесінде жер асты суларының жылдамдығы мен ағыс бағыты айқындалуға тиіс. Параметрлер су сапасындағы бұрын анықталған өзгеріске кепілдік беру үшін индикативтік көрсеткіштерді қамтуы мүмкін.
      Ескерту. 305-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      306-бап. Полигонды (полигонның бөлігін) жабу,


                рекультивациялау және мониторинг рәсімдері

      1. Қалдықтарды көму жөніндегі полигонды (полигонның бөлігін) жабуға экологиялық рұқсат алынғаннан кейін ғана жол беріледі.


      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдары жергілікті жерде қорытынды қарап тексеруді жүргізгеннен, полигонның (полигонның бөлігінің) иесі берген барлық ақпаратты бағалағаннан және оны полигонды жабудың мақұлданғаны туралы хабардар еткеннен кейін ғана қалдықтарды көму жөніндегі полигон (полигонның бөлігі) жабылған деп қаралуы мүмкін. Бұл ретте полигонның иесі экологиялық рұқсаттың талаптарын орындаудан босатылмайды.
      3. Полигон (полигонның бөлігі) жабылғаннан кейін полигонның иесі аумақты рекультивациялауды жүзеге асырады және 1-сыныптағы полигондар үшін - отыз жыл бойы, 2-сынып полигондары үшін жиырма жыл бойы қоқыс газдың және сүзінді судың шығарындыларына мониторинг жүргізеді. Бүлінген жерлерге рекультивациялау және кейіннен мониторинг жүргізуге арналған қаражат полигонды тарату қорынан түседі.
      4. Полигонның иесі жобаның шарттарына сәйкес полигонды (полигонның бір бөлігін) рекультивациялауды орындағаннан кейін және орындалған жұмыстар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қатысуымен қабылдау комиссиясының актісімен қабылданғаннан кейін полигон иесі қоршаған ортаға мониторинг жүргізуді тоқтатады.
      Ескерту. 306-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ


ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

      307-бап. Радиоактивті қалдықтар және оларды жіктеу



      1. Радиоактивті қалдықтарға одан әрі пайдалануға келмейтін, кез келген агрегаттық күйдегі мынадай заттар:
      1) құрамындағы радионуклид Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген деңгейден асып кеткен материалдар, бұйымдар, жабдық, биологиялық туынды объектілер;
      2) пайдаланылған, өңдеуге келмейтін ядролық отын;
      3) өзінің ресурсын тауысқан немесе зақымданған радионуклидті көздер;
      4) құрамындағы радионуклид Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген деңгейден асып кеткен, жер қойнауынан алынған және үйінділерге және жер қыртыстарына қоймаланған тау жыныстары, кендер, кендерді байыту мен сілтісіздендірудің қалдықтары жатады.
      2. Радиоактивті қалдықтардың агрегаттық жай-күйі, шығарылған жері, радиоактивтілік деңгейі, радионуклидтің жартылай ыдырау кезеңі оларды жіктеудің негізі болып табылады.
      3. Радиоактивті қалдықтар агрегаттық жай-күйі бойынша сұйық және қатты болып бөлінеді.
      Сұйық радиоактивті қалдықтарға органикалық емес заттардың ерітінділері, сүзгі материалдарының пульттері, органикалық сұйықтар жатады.
      Қатты қалдықтарға бұйымдар, машиналардың және тетіктердің бөлшектері, материалдар, биологиялық объектілер, радиоактивті сәулелердің таусылған көздері жатады.
      4. Егер қалдықтар құрамындағы радионуклидтердің үлестік активтілігі бақылауға жататын радиоактивті материалдарға арналған радиациялық қауіпсіздік нормаларымен регламенттелген мәндерден артық болса, ал белгісіз радионуклидті құрамдағы үлестік активтілік:
      1) бета-сәулелену радионуклидтері үшін - килограмына жүз килобеккерелден;
      2) альфа-сәулелену радионуклидтері (трансурандыларды қоспағанда) үшін - килограмына он килобеккерелден;
      3) трансуранды радионуклидтер үшін - килограмына бір килобеккерелден артық болған кезде қалдықтар радиоактивтіге жатады.
      5. Радиоактивті қалдықтар құралу көздері бойынша былайша жіктеледі:
      1) тау-кен өнеркәсібінің қалдықтары;
      2) зерттеушілік және энергетикалық ядролық қондырғылардың қалдықтары;
      3) ядролық жарылыстардың қалдықтары;
      4) пайдаланылмайтын радиоактивті сәулелену көздері және қызмет мерзімі аяқталған көздер.
      6. Қатты радиоактивті қалдықтар радиоактивтілік деңгейі бойынша былайша жіктеледі:
      1) активтілігі төмен қалдықтар - өзіндегі үлестік активтілік (килограмына килобеккерелден): бета-сәулелену радионуклидтері үшін - мыңнан кем; альфа-сәулелену радионуклидтері (трансурандықтарды қоспағанда) үшін - жүзден кем; трансурандық радионуклидтер үшін - оннан кем қалдықтар;
      2) активтілігі орташа қалдықтар - өзіндегі үлестік активтілік (килограмына килобеккерелден): бета-сәулелену радионуклидтері үшін - мыңнан он миллионға дейінгі; альфа-сәулелену радионуклидтері (трансурандықтарды қоспағанда) үшін - жүзден бір миллионға дейінгі; трансурандық радионуклидтер үшін - оннан жүз мыңға дейінгі қалдықтар;
      3) активтілігі жоғары қалдықтар - өзіндегі үлестік активтілік (килограмына килобеккерелден): бета-сәулелену радионуклидтері үшін - он миллионнан астам; альфа-сәулелену радионуклидтері үшін (трансурандықтарды қоспағанда) - бір миллионнан астам; трансурандық радионуклидтер үшін - жүз мыңнан астам қалдықтар.

      308-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе)


               көму пункттерін жіктеу

      1. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму үшін пайдаланылатын табиғи (табиғаттық) немесе жасанды алаңдар, ыдыстар немесе үй-жайлар радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттеріне жатады.


      2. Қалдықтар кейіннен алып кету ниетінсіз орналастырылатын пункттер радиоактивті қалдықтарды көму пункттеріне жатады.
      3. Радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері:
      1) табиғи радионуклидтері басым геологиялық барлау, тау-кен өндіру және тау-кен қайта өңдеу қызметтерінен;
      2) табиғи радионуклидтері басым ядролық энергетикадан, ядролық жарылыстар мен радиоизотопты өнімдерден радиоактивті қалдықтарды қабылдауы бойынша бөлінеді.
      4. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттері радиоактивті қалдықтарды жинау алаңының ауқымы бойынша оқшау және өңірлік болып бөлінеді. Бір объектінің немесе бір ауданның қалдықтарын орналастыруға арналған пункттер - оқшау пункттерге, ал екі және одан көп объектілердің және (немесе) аудандардың қалдықтарын орналастыруға арналған пункттер өңірлік пункттерге жатады.

      309-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе)


               көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар

      1. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерінің барлық жобалары мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін сараптамадан өткізілуге тиіс. Жобалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.


      2. Жобада:
      1) радиоактивті қалдықтардың құралу көздері, радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерінің болжамдалатын әрекеті радиусындағы қоршаған ортаға радиоактивті әсер етудің басқа да көздері, олардың сандық және сапалық сипаттамалары;
      2) ұйымдық құрылымы, өндірістік радиациялық бақылау жүргізудің көлемі мен тәртібі;
      3) халыққа дозалық жүктеменің есептері, радиоактивті қалдықтардың болжамдалатын әрекеті радиусындағы барлық радиация көздерінің қоршаған ортаға әсерінің жол берілетін және бақыланатын деңгейлері және бағалауы көрсетілуге тиіс.
      3. Жобада сақтау және (немесе) көму пункті салынатын орынды халықтың тәуекел тобына дозалық жүктеме бағалауы қамтылатын, қоршаған ортаға әсер ескерілген арнайы іздестірулер мен экономикалық бағалаулар негізінде баламалық нұсқалар қатарынан таңдау негізделуге тиіс.
      4. Геодезиялық, геологиялық, гидрогеологиялық және гидрометеорологиялық іздестірулерді қоса алғанда, инженерлік іздестірулер:
      1) пункт құрылысы орналасатын орынды таңдау және оны табиғи және техногендік факторларының қолайсыз әсерінен инженерлік қорғау;
      2) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар негіздемелерін қамтамасыз етуге тиіс.
      5. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерінің жобаларында дезактивациялаудан немесе басқа да қызметтен кейін бүлінген жерлерді рекультивациялау көзделу қажет.
      6. Радиоактивті қалдықтарды көму пункттерінің айналасында шекаралары Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасына сәйкес белгіленетін санитарлық қорғаныш аймағы белгіленеді.
      7. Радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін:
      1) тұрғын үй құрылысы аумақтарында;
      2) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда;
      3) активті карст аймақтарында;
      4) шөгулер, сел тасқындары мен қар көшкіндері және басқа да қауіпті геологиялық процестер аймақтарында;
      5) батпақты жерлерде;
      6) ауыз судың жер асты көздерінен су алынатын аймақтарда;
      7) курорттардың санитарлық күзет аймақтарында;
      8) қалалардың жасыл аймақ аумақтарында;
      9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;
      10) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаудың жер асты және жер беті көздері санитарлық күзет аймақтарының I, II, III белдеулері, су құбырларын тазалау құрылыстарының, магистральдық су тасу аумағында;
      11) су бөлу аумағында;
      12) ормандар, орман саябақтары және басқа жасыл екпелер өсірілген немесе өсіруге арналған, қорғаныш және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын және халықтың демалу орындары болып табылатын жерлерде орналастыруға жол берілмейді.
      8. Құрылысқа жер учаскесін таңдау кезінде мынадай шарттарды сақтау қажет:
      1) минералдануы бойынша ауыз сумен және техникалық сумен жабдықтауға жарамсыз ызасулардың болуы;
      2) араласушы тау жыныстарының жоғары сорбцион-сыйымдылығы;
      3) жер асты сулары айтарлықтай тереңдікте жатуы (алпыс және одан көп метр);
      4) ызасудың радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттері түбінен төрт метр алыс деңгейі;
      5) сулы жиектер болып табылмайтын және төмен жатқан сулы жиектермен гидравликалық байланысы жоқ геологиялық қабаттардың болуы;
      6) опырылмалы тектониканың және қарқынды жарықшақтықтың болмауы, сейсмикалық қауіпті опырылуға дейінгі арақашықтықтың қырық километрден астам болуы;
      7) төгінділер құрауға, шөгуге, құлауға өте төмен сезімталдықтың болуы;
      8) эрозияның болмауы;
      9) геоморфологиялық тұрақтылық;
      10) іргетастың қатты және өте тығыз топырақты және тау жынысты болуы;
      11) іргетастың мықтылығы он метрден асатын, су өтпейтін тау жынысты болуы;
      12) жергілікті жердің бес проценттен аспайтын еңісті шағын қыратты болуы;
      13) жақын жердегі жер асты және жер үсті суларының су жинау тоғанына дейінгі немесе жер үстіндегі су көздеріне дейінгі арақашықтықтың төрт шақырымнан алыс болуы;
      14) жерді іс жүзінде пайдаланудың айтарлықтай экономикалық тиімділік бермеуі, сонымен қатар жерді әлеуетті пайдаланудың танылған бағасының жоқтығы;
      15) төрт шақырым арақашықтықта мәдени және ұлттық мәні бар құндылықтардың жоқтығы;
      16) бұл жердің туристік құндылығының жоқтығы және оған жақын маңдағы елді мекендер тұрғындары сирек келуі.
      9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген шарттардың бірі сақталмаған кезде:
      1) суды аз өткізетін және сорбцион-сыйымдылық материалдарынан (полиэтиленнен, бетоннан, керамикадан, саздан, цеолиттен) жасалған инженерлік кедергілер жасау;
      2) жер үсті суларының, ызасулардың және жер асты суларының пункттерді айналып өтуін қамтамасыз ететін сорғының жүйелерін жасау жолымен қоршаған ортаны радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пунктінің зиянды әсерінен қорғау жөнінде немесе оны табиғи және техногендік факторлардан қорғау жөніндегі іс-шаралар әзірленуге тиіс.
      10. Уранды және уранды емес тау-кен және өңдеуші кәсіпорындардың активтілігі төмен қалдықтары үшін радиоактивті қалдықтарды аэрация аймағынан төмен және сорбцион-сыйымдылық қасиеттері неғұрлым жоғары (радионуклидтердің пункттен тыс таралу ықтималдығын болдырмайтын) басқа тау жыныстары арасында орналастыра отырып, бұрын қазып өтілген тау-кен қазбалары пайдаланылуы мүмкін.
      11. Уранды және уранды емес тау-кен және өңдеуші кәсіпорындардың активтілігі орташа қалдықтары үшін де саздан, цеолиттен және радионуклидті сорбциондайтын басқа материалдардан жасалған техникалық кедергілерді қосымша орната отырып, бұрын қазып өтілген тау-кен қазбалары пайдаланылуы мүмкін.
      12. Су өткізбейтін жыныстардан немесе басқа материалдардан жасалған табиғи немесе жасанды төсеніш болған кезде рельефтегі табиғи ойпауыттар активтілігі төмен қатты және сұйық радиоактивті қалдықтарды ұзақ мерзімге орналастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
      13. Сұйық қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Сұйық қалдықтар қоршаған ортадағы болбыр тау жыныстардың ылғалдылығына дейін сорғытылуға немесе қатайтылуға тиіс.
      14. Активтілігі орташа радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттері үшін міндетті түрде күзету іс-шаралары мен белгі беру құралы, белсенділігі төмен радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттері үшін белгі беру құралынсыз күзету іс-шаралары көзделеді.
      15. Дозалық жүктеменің есебі және халықтың радиациялық қорғалуы жөніндегі тиімді шараларды әзірлеу халықтың тәуекелді топтары бойынша дозаның есебі негізінде жүзеге асырылады. Халықтың тәуекелді тобы халықтың осы тобына радиоактивті заттар жететін тәуекелді жолды талдау және анықтау негізінде айқындалады.
      16. Жер үсті суларының, ызасулардың және жер асты суларының радиоактивті ластану есебі ерітінділердің сүзілуінің және ластанудың жылдамдығын, олардың таралу қабілеттерін және су сиятын тау жыныстарының сорбциондық мүмкіндіктерін айқындау үшін орындалатын арнайы гидрологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу негізінде орындалады.
      17. Қоршаған ортаға авариялық радиоактивті ластану әсерінен келтірілген залал рекультивациялау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қорғаныш шараларын орындауға арналған іс-шаралардың құны бойынша бағаланады.

45-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен озонды бұзатын заттар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу

      Ескерту. 45-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      310-бап. Климатты және Жердің озон қабатын қорғаудың


               негізгі принциптері

      Климатты және Жердің озон қабатын қорғау мынадай принциптерге негізделеді:


      1) климаттың өзгеруінің (жаһандық өзгеруді қоса алғанда) және Жердің озон қабатының тозуының орны толмас салдарларын болдырмау, бәсеңсіту;
      2) атмосфераға парниктік газдарды және озонды бұзатын заттарды шығаруды мемлекеттік реттеудің міндеттілігі;
      3) климаттың өзгеруі және Жердің озон қабатының тозуы туралы ақпараттың жариялылығы, толықтығы және дұрыстығы;
      4) климатты және Жердің озон қабатын қорғау әдісінің ғылыми негізділігі, жүйелілігі және кешенділігі.

      311-бап. Климатты және Жердің озон қабатын қорғау


                саласындағы мемлекеттік басқару

      Климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      312-бап. Климатты және Жердің озон қабатын қорғау
                бағдарламалары және оларды жүзеге асыру
                жөніндегі іс-шаралар

      Ескерту. 312-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      313-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды регламенттеу

      1. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттiк реттеу мақсатында озонды бұзатын заттарды шығарудың және тұтынудың жол берiлетiн лимиттерi (квоталары) белгiленедi.


      Озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) Қазақстан Республикасының озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі халықаралық шарттарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      2. Озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді транзиттеуді қоспағанда, оларды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
      Жеке тұлғалардың озонды бұзатын заттарды жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) алып өтуіне тыйым салынады.
      Ескерту. 313-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      314-бап. Парниктік газдардың және озонды бұзатын


                заттардың шығарындыларына жол берілетін
                шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын
                жалпы талаптар

      1. Озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді әкелу және әкету, озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері болып табылады.


      1-1. Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
      2. Қалалық және өзге де қоныстарды салу кезінде шаруашылық және өзге де қызмет объектілерін жобалау, орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалану парниктік газдар шығарындыларының азайтылуы және оларды сіңіргіштердің абсорбциялау деңгейінің сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.
      3. Озонды бұзатын заттарды әкелуді және әкетуді, сондай-ақ озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуді, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуді, монтаждауды, оған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер:
      1) өнімге «озон қабатын бұзады» деген жазба жазуға және озонды бұзатын заттар немесе озонды бұзатын заттары бар өнімдер сақталатын не тасымалданатын ораманы осындай жазбамен анық көрінетіндей етіп таңбалауға;
      2) олардың қауіпсіз сақталуын және тасымалдануын қамтамасыз етуге;
      3) тауарға ілеспе құжаттамада, өнімде бар заттарды қоса алғанда, озонды бұзатын заттардың атауы мен санын көрсетуге;
      4) озонды бұзатын заттарды кәдеге жарату және (немесе) залалсыздандыру мақсатында жинау және оларды герметикалық ыдыста сақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және орындауға міндетті.
      4. Озонды бұзатын заттарды кәдеге жаратуға және (немесе) залалсыздандыруға арналған объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұтыну үшін шектеу қойылған немесе тыйым салынған озонды бұзатын заттар тізбесіне енгізілген, озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу көзделетін технологияларды, жабдықтарды, заттар мен материалдарды пайдалана отырып, объектілерді жобалауға, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, кеңейтуге, жаңадан салуға тыйым салынады.
      Ескерту. 314-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      314-1-бап. Қондырғыға қойылатын талаптар

      1. Қондырғы операторы аккредиттелген тәуелсіз ұйым растаған парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы есепті ұсынуға міндетті, оның негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда қондырғы паспорты әзірленеді.
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қондырғы паспортын бекітеді.
      3. Қондырғы паспортының деректері парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының ажырамас бөлігі болып табылады.
      Ескерту. 45-тарау 314-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      315-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу

      1. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртіппен есепке алынуға жатады.
      2. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алуға қызметтің мынадай түрлері:
      1) озонды бұзатын заттарды өндіру;
      2) озонды бұзатын заттарды әкелу және әкету;
      3) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету жатады.
      Ескерту. 315-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      316-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

  • 295-бап. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау
  • 296-бап. Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы есеп
  • 297-бап. Қалдықтарды кәдеге жарату мен олардың құралу көлемін азайту жөніндегі іс-шараларды ынталандыру
  • 43-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ ПОЛИГОНДАРЫНА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САҚТАУ ҚОЙМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
  • 299-бап. Қалдықтарды орналастыру полигондарының сыныптары
  • 300-бап. Қалдықтарды орналастыру полигондарына қойылатын экологиялық талаптар
  • 301-бап. Полигондардың қабылдауына келмейтін қалдықтар
  • 302-бап. Коммуналдық қалдықтарды орналастыруға арналған полигондарда орналастыруға тыйым салынатын
  • 303-бап. Қауіпті қалдықтар полигондарына арналған жалпы талаптар
  • 304-бап. Қалдықтарды қабылдау рәсімдері
  • 305-бап. Полигонды пайдалану сатысындағы бақылау мен мониторинг
  • 306-бап. Полигонды (полигонның бөлігін) жабу, рекультивациялау және мониторинг рәсімдері
  • 44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
  • 308-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерін жіктеу
  • 309-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар
  • 45-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен озонды бұзатын заттар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу
  • 310-бап. Климатты және Жердің озон қабатын қорғаудың негізгі принциптері
  • 311-бап. Климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
  • 312-бап. Климатты және Жердің озон қабатын қорғау бағдарламалары және оларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар
  • 313-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды регламенттеу
  • 314-бап. Парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларына жол берілетін шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын
  • жалпы талаптар
  • 314-1-бап. Қондырғыға қойылатын талаптар
  • 315-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу
  • 316-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу

  • жүктеу 3.76 Mb.