Главная страница
Контакты

    Басты бет


ЖАҢа инновациялық технологиялар көмегімен оқытудың МҮмкіндіктері

жүктеу 75.86 Kb.



жүктеу 75.86 Kb.
Дата16.03.2017
өлшемі75.86 Kb.

ЖАҢа инновациялық технологиялар көмегімен оқытудың МҮмкіндіктері



ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН ОҚЫТУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

С.Б. Бектемірова ф.ғ.к., доцент, Ж.Ж. Күзембекова PhD доктор,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы тіл білі және шетел филологиясы кафедрасы

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, болашақ маман даярлауда олардың біліктілігін дамытуға мүмкіндік жасау.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.
Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.
Реформа(лат. reformate - қайта құру, жаңғырту) – өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.
Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Осындай күрделі міндеттерді шешуде ЖОО-да студенттерді жаңа инновациялық технологиялардың көмегімен оқытудың алатын орны ерекше. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда.


Қазіргі заманға сай қоғамды ақпараттандыруда оқытушылардың біліктілігі – ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануы негізгі міндеттердің бірі. Осы тұрғыдан келгенде бүгінгі таңда ақпараттық технология кез келген мамандандырылған қызмет аясының, соның ішінде, лингвистиканың да бөлінбес бөлшегіне айналды.
Бағытталған кесінді A B → }} деп A - “бас нүктесінен” бастап екінші B - “соңғы”нүктесіне дейінгі түзу бойындағы нүктелер жиыны.
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Бұған дейін лингвистикалық зерттеулерде, аудармада және тіл үйретуде компьютерлер мен оларға сәйкес бағдарламаларды қолдану аса қажет болмағанымен, қазіргі уақытта студент кездерінен бастап, болашақ шетел тілдері оқытушылары, аудармашылар және лингвист-зерттеушілер өздерінің мамандандырылған қызмет аясында ақпараттық технологияларды қолдану құзырлылықтарын арттыруда.

Ғылымдар тоғысы нәтижесінде пайда болған қолданбалы лингвистика (ағыл. Apply Linguistics) машиналық аударма жасау, автоматты түрде ақпарат іздеу, жазуды ойлап табу және жетілдіру, ауызша сөйлеудің транскрипциялық жүйесі мен бөгде тілден кірген сөздердің транслитерациялық жүйесін құру, көзінде ақауы бар адамдарға арналған жазу жүйесін жасау, жаңа бұйымдар мен зат атауларының даму үдерістерін зерттеу және қалыптасу ережелерін үйрету және арнайы лингвистикалық анықтамаларды құру тәрізді қазіргі заманғы практикалық міндеттерді шешу үшін оның мүмкіндіктерін пайдалану негізінде тіл теориясы мәселелерін қалыптастырудағы тіл білімінің бағыты.

Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Қолданбалы лингвистика термині ХХ ғасырдың 20 жылдардың соңында пайда болды.

Компьютерлік лингвистика / Computational Linguistics (ағыл. computer < лат. computare санау, есептеу) – қолданбалы лингвистиканың құрамдас бір бөлігі. Арнаулы және басқа компьютерлердің әртүрлі интеллектуалды қызметтерде кең түрде қолданылуына орай дүниеге келуі және дамуы. Компьютерлік лингвистиканың негізгі зерттеу мақсаты – компьютерлендірудің лингвистикалық мәселелерін шешу, яғни ЭЕМ-мен жұмыс істеуге арналған жасанды тілдер құрылымын анықтау, ақпараттық банктерді құру, қалыптастыру.

Интеллект (лат. іntellectus - таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Жасанды тілдер - қолдан халықаралық қарым-қатынас құралын жасау әрекетінің нәтижелері.
Мәтіндерді өңдеу үшін машинамен сөздіктерді, алгоритмдерді құрастыру және әртүрлі тілдік үдерістерді моделдеу және басқа мәселелерді табиғи тілдің семантикалық заңдарын ескере отырып шешу [3, 186 б.].

Лингвистикадағы ақпараттық технологиялардың қолданылу мүмкіндіктерін оқу аталмыш ғылым саласына сәйкес негізгі ұғымдарды білуді бағамдайды.

Семантикалану ( орыс. семантизация, гр. ,σημαντικός - танбалаушы) - тіл бірлігі (единица) мағынасының айқындалуы, тіл бірлігінің мазмұны жайында қажетті мәліметтер беретін процесс пен нәтиже. Мысалы, лексикалық Семантикалану - мәтіндегі тіл брліктерінің мағынасын ашу арқылы анықталады.
Ұғым - объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.
Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)
Ғылым (араб.: علم‎ (ілім) - білім, тану; лат. scientia - білім) - ақиқат жайлы объективті білімдерді жетілдіру мен жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы. Жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе.
Олардың арасынан лингвистика (тіл, лингвистика, компьютерлік лингвистика және т.б.) мен информатика (ақпарат, алгоритм, модель және т.б.) саласына жататын ұғымдарды бөліп қарастыруға болады. Бұл ұғымдармен танысуды лингвистер, шет тілдерінің оқытушылары және аудармашылардың тікелей қызметтерінің кәсіби жағын сипаттайтын лингвистикалық терминдерден бастаған жөн.

Лингвистика немесе тіл білімі дәстүрлі түрде адамзат тілін зерттейтін ғылым [4, 28]. Лингвистер тілдің қалыптасуы (одан фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейін және мәтін деңгейін ерекшелеу), тілдің әлеуметтік түрленуі, тілдік айтылымдардың туындауы және түсіну сұрақтары, әр түрлі типті қоғамдағы тіл қызметінің принциптері, тілдің пайда болуы мен дамуы және оның басқа аспектілеріне қатысты мәселелермен жұмыс істейді [5, 618-622].

Тілдің зерттелу аспектісіне, ұлттық салт-дәстүрі мен ғылыми әдістемесіне сәйкес лингвистиканың әртүрлі салалары жеке-жеке қарастырылады, мысалы, құрылымдық лингвистика, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика және т.б.

Психолингвистика (фр. linguistigue - лат. lingua - тіл) - психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді.
Лексика (грек. лексикос - сөздік) - тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Әлеуметтану Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Әлеуметтік лингвистика орыс. социолингвистика ( лат. soci(etos)коғам , фр. lingua - язык) тіл білімі, әлеуметтану, әлеуметтік психология, этнография ғылымдарының түйіскен аралығында туып дамыған тіл білімі саласы.

Ақпараттық технологияларды қолданумен тығыз байланыстағы лингвистиканың бөлімін анықтау үшін теориялық және қолданбалы лингвистиканың арасындағы айырмашылықтарды білген жөн.

Теориялық немесе фундаменталды лингвистика – бұл жеке тілдік жағдаятты объективті анықтауға, оның тарихы мен заңдылықтарына негізделген лингвистика саласы. Лингвистиканың бұл саласы «Тіл қандай?» деген сұраққа толық жауап береді [6, 214-215].

Қолданбалы лингвистика XX ғасырдың 20 жылдарының соңынан бастап дамып келеді. Тіл білімінің бұл саласы тілді қолдану арқылы практикалық тапсырмаларды шешуге арналған әдістерді құрастырумен айналысады [13, 397]. Қолданбалы лингвистика «Тілді қалай жақсы/дұрыс қолдануға болады?» деген сұраққа жауап береді.

Ресейде және шет елдерде қолданбалы лингвистика ұғымы жайлы түрлі интерпретациялар қалыптасты. Егер шет елдерде 1930-1940 жылдары қолданбалы лингвистика (Applied Linguistics) ретінде, ең алдымен, шет тілін оқыту үрдісі, оны оқыту әдістемесі, оқыту мақсатындағы грамматиканы сипаттау ерекшеліктері ұғынылса, Ресейде 1950 жылдардан бастап қолданбалы лингвистика компьютерлік технологиялармен және ақпаратты өңдеудің автоматтық жүйелерімен ұқсас қарастырылып келеді [7, 6]. Осыған байланысты орыс ғылымында қолданбалы лингвистика компьютерлік / есептеуіш / автоматты / инженерлік лингвистикаға синоним түрінде қаралады.

Ғылым дамуының қазіргі кезеңінде қолданбалы лингвистика аясында тілді қолдануды оңтайландыру бойынша бірнеше бағыттар айқындалды.

Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.
Зерттеушілер оларды екі үлкен топқа біріктірді: дәстүрлі («мәңгілік») және жаңа.

Қолданбалы лингвистиканың дәстүрлі бағыттары мен міндеттері:



  • жазуды құру және жетілдіру;

  • ауызша тілдің транскрипциялық жүйелерін құру;

  • шет тілдік сөздердің транслитерациялық жүйелерін құру;

  • стенография жүйелерін құру;

  • зағиптарға арналған жазу жүйелерін құру;

  • ғылыми-техникалық терминологияны бірыңғайлау, біріздендіру және стандарттау;
    Стандарттау, үлгіқалыптау (ағылш. standardization) - есептеуіш техниканың аппараттық және программалық құралдарын ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану тұрғысында қабылданған келісім; стандарттарды, нормалар мен ережелерді және т.б.


  • жаңа бұйымдар, тауарлар, химиялық қосындылардың атауларының жасалым ережелерін құру және үрдістерді зерттеу;

  • мәтіндерді шет тілдік формаға (аударма) дұрыс аудару әдістемесін құру;

  • тілдерді оқыту әдістемесін жетілдіру және т.б. [5, 397].

Қолданбалы лингвистиканың жаңа міндеттері:

  • машиналық аударманың лингвистикалық негіздерін жасау;

  • құжаттарды автоматты индекстеу және аннотациялау;

  • мәтіннің автоматты анализі;

  • мәтіннің автоматты синтезі;

  • ақпаратты автоматты іздеуге арналған сөздік-тезаурустарды жасау [8].

1960 жылдары ерекше ғылыми бағыт ретінде қалыптасқан компьютерлік лингвистика пәні тілді қолданудың практикалық міндеттерін компьютерлер көмегімен шешуге байланысты қолданбалы лингвистиканың салаларын қарастырады.

Компьютерлік лингвистика компьютерлік құралдар – бағдарламаларды, кез келген жағдайдағы тіл қолданысын моделдеуге арналған мәліметтерді ұйымдастыру және өңдеу технологияларын, сондай-ақ лингвистика мен онымен шектес пәндерде тілдің компьютерлік моделін қолдану саласы [7, 13].

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Компьютерлік лингвистикада тілдің күрделі құрылымына сәйкес тілдің жеке деңгейлерімен қатар қойылатын, тілдік хабарламалардың туындауы мен қабылдану үдерістері немесе тілге байланысты басқа да адамзаттық қызмет түрлеріне қатысты түрлі бағыттар қалыптасып, дамуда. Компьютерлік лингвистиканың бағыттары:


  • мәтіннің автоматты анализі;

  • мәтіннің автоматты синтезі;

  • автоматты сөздіктерді құру және қолдау;

  • автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйелерін құру;

  • машиналық аударма;

  • тілді оқытудағы автоматты жүйелерді құру;

  • анонимді мәтіндерді автоматты атрибуциялау мен дешифрлеу;

  • лингвистикалық деректер қорын құру;

  • теориялық және қолданбалы лингвистиканың мәселелерін шешуге байланысты бағдарламалық құралдарды дайындау және т.б. [9; 53].

Жалпы лингвистика, сондай-ақ, жекелей алғанда компьютерлік лингвистика да әр түрлі типтегі тілдермен, олардың жеке деңгейлерімен жұмыс жасайды. Тіл, жалпы түрде, кейбір социумда қарым-қатынас үшін қолданылатын таңбалар жүйесі ретінде анықталады [5, 604; 29, 5].

Тілдер табиғи және жасанды болып ажыратылады. Табиғи тіл – тарихи қалыптасқан, белгілі этникалық топ немесе ұлттық мемлекетте қолданылатын таңбалар жүйесі.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Бұл тілге үндіеуропа тілдік семьясына жататын орыс, ағылшын тілдері немесе фин-угор тілдік семьясына жататын фин, эстон тілдері жатады.

Жасанды тілдер табиғи тілді қолдану тиімсіз немесе мүмкін емес салаларда жасанды түзілетін таңбалар жүйесін білдіреді. Жасанды тілдер өз ішінде мамандандырылмаған немесе халықаралық және мамандандырылған эсперанто, волапюк және т.б. тілдер болып бөлінеді. Соңғысына XVI ғ. қалыптаса бастаған математика, логика, химия және т.б.

Математика Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
ғылым тілдері және 1940 жылдардан бастап адам мен компьютер арасындағы диалогты жеңілдетуге байланысты адамзат қызметінің арнайы салаларында таралған адам-машиналық қарым-қатынас тілдері жатады [5, 201-202].

Адам-машиналық қарым-қатынас тілдеріне мысал ретінде қарапайым символикалық кодтау жүйесінен бастап (ассемблерлер) мамандандырылған бағдарламалау тілдері С , Java, Python, ErLang және т.б. алынады. 1980 жылдарға қарай әлемде 500-ге жуық бағдарламалау тілдері бар болған [5, 202]. Бағдарламалау тілдерінің жалпы саны бірнеше мыңға жетсе де, қазіргі кезде бастапқы мөлшері белсенді қолданыста жүр [10]. Бұл фактілер адам-машиналық қарым-қатынас мәселелерінің өзектілігі мен оны шешудің көптеген жолдарының бар екендігін көрсетіп отыр.



Демек, лингвистика – табиғи адамзаттық тілдің пайда болуы, қалыптасуы мен қызметінің заңдылықтары жайлы ғылым. Лингвистика мен компьютерлік лингвистиканың пәні оның ерекше бөлімі түрлі мақсаттарда қолданылатын тіл – таңбалар жүйесі болып табылады.
Әдебиеттер:

    1. Рождественский Ю.В. Лекции по общему языкознанию. – М.: Высшая школа, 1990.

    2. Баранов А.Н. Введение в прикладную лингвистику: учеб. пособие. 3-е изд. – М.: ЛКИ, 2007.

    3. Прикладное языкознание: учебник / отв. ред. А.С. Герд. – СПб.: СПбГУ, 1996.

    4. Зубов А.В., Зубова И.И. Информационные технологии в лингвистике: учеб. пособие. – М.: Академия, 2004.

    5. Kinnersley B. The Language List. Collected Information On About 2500 Computer Languages, Past and Present. http://people.ku.edu/nkinners/LangList/ Extras/langlist.htm (қаралған күн: 28.02.2012).

    6. Лингвистический энциклопедический словарь / Гл. ред. В. Н. Ярцева. М.: Сов. энциклопедия, 1990. 685 с.

    7. Тіл білімі сөздігі. Словарь по языкознанию / Құраст. Сүлейменова Э.Д., Мәдиева Г.Б., Шәймерденова Н.Ж., Авакова Р.Ә. т.б. – Алматы, 1998.

    8. Сүлейменова Э.Д., Шәймерденова Н.Ж., Смағұлова Ж.С., Аканова Д.Х. Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі. – Алматы, 2008. – 241 б.

    9. Большой энциклопедический словарь (БЭС). Языкознание. – М.: Большая Российская энциклопедия, 1998.


жүктеу 75.86 Kb.