Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану»

жүктеу 71.95 Kb.



жүктеу 71.95 Kb.
бет2/2
Дата14.04.2017
өлшемі71.95 Kb.

«Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану»


1   2
Microsoft Power Point. Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамсыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б.

Microsoft Corporation (/maɪkrəˌsɒft/) - дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания.

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.

Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда: • лексиканы оқып үйретеді; • сөйлеу ырғағын; • диалог, монолог және рөлдік ойындарды; • хат жазуға үйретеді; • грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Лексика (грек. лексикос - сөздік) - тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады.

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Және мен өз сабағымда “English grammar for pupils», ’ English 95”, “Enjoy english” электронды оқулықтарын жиі қолданамын. “English grammar for pupils”ағылшын грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен түсіндіруге көмектеседі. “Enjoy English” электронды оқулығында оқушылардың ойлау, сөйлеу және олардың коммуникативті дамуына көп ықпал етеді.Бұл диск екі бөліктен тұрады.1-ойындар, жаттығулар және диалогтардан және караокелерден тұрады. 2-Мультфильмдерден тұрады. Мультфильмдерді текстпен, диалогпен, аудирование және дауыс ырғағына берілген жаттығуларда қолдануға болады. Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер: • үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі; • оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады; • сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады; • оқушылардың шығармашылығын арттырады; • оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді; • грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі; • оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады; • пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады; Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын. Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы.Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді. «Шетел тілі» оқу пәнінің оқытудың басты мақсаттары Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді. Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді: Танымдық бағыт бойынша: • Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;

Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.

Лингвистика (глоттология, тіл білімі; лат. lingua - тіл) - предлингвистикадан, микролингвистикадан және металингвистикадан құралатын тіл туралы ғылым. Әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.

• Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру:(Қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда.) • Оқушының тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру; • Сөз мәдениетін таныту; • Пікірталас мәдениетін жетілдіру; • Сөйлеу түрін, сөйлеу тәсілін меңгерту; • Оқушылардың логикалық ойлауының бір ізді болуын қалыптастыру;

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Коммуникативтік, практикалық бағыт бойынша: • Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту; • Тілдік сауаттылығын арттыру; • Оқушылардың тілдік - эстетикалық талғамдарын қалыптастыру; • Этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру; • Сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту; • Шығармашылық қабілеттерін дамыту; • Қарым-қатынас талаптарына сай іскерліктерде қолдана білу; • Пікірталас түрлеріне сай сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру; Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның қай - қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастық дағдыларын жетілдіруге, сөз әрекетінің түрлеріне) қатынасты машықтануына әсерін тигізеді. Бұл қағидаларды өз оқу - әдіс , іс-тәжірибемде үнемі естен шығармай, пайдалы жақтарын көруге тырысамын. Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді оқытуды пайдалана отырып , ойын әдіс-тәсілін қолданамын.

Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.

Ойын (Игра; game) - 1) ойын теориясында - тайталасушы екі жақтың мінез-құлық моделі. Антагонистік және антагонистік емес ойындарды, сонымен қатар табиғатқа қарсы екінші жақтағы ойындарды айрықшалайды; 2) есептеу техникасында - белгілі бір ойын алгоритмі бойынша үйрету, жаттықтыру, жағдайды ұқсаттыру (компьютерлік іскерлік ойындар) мақсатында, сонымен қатар көңіл көтеру мақсатында (компьютерлік ойындар) адамның компьютермен әрекеттестігі.

Ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын.Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара қарым-қатынастарын көтереді , әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады.Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей: 1. Рөлдік ойындар. 2. Іскерлік ойындар. А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары. Ә)Өндірістік ойындар. Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.Рөлдік ойындар екіге бөлінеді: 1. Әрбір оқушы рөлде ойнайды. 2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды. Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады.Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.мынадай түрлері болады:фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б.Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Мысалы, «Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады.»деген тақырыптарда. Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады.

Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

Олар:дайындық ойындары және шығармашылық ойындары.Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады.Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді.Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді.Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде «Менің көзілдірігім қайда?»немесе «Мынау не?»деп сұрақ қою.Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, «Домино», «Бинго»ойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру.

Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.

Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған.Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу. Әдеттегідей ойынға оқушылар2-3 топқа бөлінеді.Бұл ойындарға дайындықтың қажеті жоқ, тек қана оқушыларды ойынның шарттарымен таныстырамын.Бұл ойындарды шығармашылық ойындардың қатарына қосуға болады.Сонымен қатар әртүрі викториналар, жағдаяттар, берейін ринг, рөл ойындарын, мысалы, «Жұлдызды сәт», «Таңғажайып алаңында», «XXI ғасыр көшбасшысы»ойындарын өткіземін.ойындардың бәрі дамыту ойындарына жатады. Ең бастысы, белгілі бір нәтижеге жету үшін сабаққа үздіксіз дайындаламын, көп ізденемін , тиімді жолдарын тауып, оқушыларға дәріс беруге ынталамын. Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздік жұмысын жүргізу.Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады.Оқушының сөздік қорын тексеру әдістері бар.Олар мыналар. 1.Әңгімелесу, әңгіме құрату - өзін қоршаған орта туралы:үй іші, мектебі, сыныбы, ата-анасы, оқу-құралдары, т.б. 2.

Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары, ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті.

Оқушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атату(киім-кешек, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары т.б.). 3.Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.). Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы - оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын біліп алу қажет.Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер, жиілік, ахуалдың - тақырыптық негізінде сөз ірітіледі. Ағылшын тіліндегі сөздер тек лексикалық түрінде ғана оқушыға меңгеріп қоймай, ол лексика-грамматикалық бірлікте іске асырылу қажет.Мысалы, «оқушы, оқы, кітап»деген сөздерді жеке бермей, оны сөз тіркесімен берген жөн.Бұл сөздік жүргізудің бір қағидасы болып саналады. Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді». Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» деп ұлы ойшыл А. Дистерверг айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты.Өз білімімді үздіксіз көтеріп, үнемі ізденіс үстінде боламын деген үміттемін. 
1   2


жүктеу 71.95 Kb.