Главная страница
Контакты

    Басты бет


Инновацияларды пайдала білу іскерлігі ұстаздың КӘсіби сапаларының негізгісі

жүктеу 75.01 Kb.



жүктеу 75.01 Kb.
Дата14.04.2017
өлшемі75.01 Kb.

Инновацияларды пайдала білу іскерлігі ұстаздың КӘсіби сапаларының негізгісі



ӘОЖ 37.013:001.895( 075.8)
ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛА БІЛУ ІСКЕРЛІГІ - ҰСТАЗДЫҢ КӘСІБИ САПАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІСІ

С.С.Тілеуова

ОҚМПИ, Шымкент қ. Қазақстан

Соңғы жылдары бүкіл әлемдік білім беру жүйесінде инновациялар, соның ішінде, ақпараттық қатынастық технологиялардың күн сайын қарқынды таралуы мен пайдаланылуы байқалады.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырым-дамасына» сәйкес білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамта-масыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдай жасап, ақпараттық технологияларды енгізу орта білім жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Даму - қайталанбайтын, заңды және бағытты өзгерістерді білдіретін философиялық ғылыим категория. Ол қалыптасу категориясымен салыстырғанда анағұрлым нақты.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Тұжырымдамада қойылған міндеттерді іске асырудың бір жолы болып, орта білім беруде оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жоғары сатыдағы бейіндік және кәсіптік бағдарлы оқыту жүйесін құру көрсетілген.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жоғары білімді ақпараттандыру оқу орындарының электронды инфраструктурасы мен локальды және глобальды желілер мен ақпараттық көздердің таралуына негізделе отырып, кәсіби мамсан даярлау парадигмасын қайта қараудың объективті шарттары анықталып отыр.

Парадигма - бұл нақты ғылыми зерттеуді анықтайтын теориялық және әдіснамалық жағдайлардың жиынтығы.

Әдіснама /методология/(грек. methodos - зерттеу жолы, теория және logos - іпім) -
Жаңа инфокоммуникациялық өзара байланыс парадигмасы кәсіби даярлық процесі барысында студенттердің дербес кәсіби дамуының траекториясын жасауға, жаңа идеялар мен жобалардың туындауына мүмкіндік тудырады.

Мектептердегі оқу процесін технологияландырудың көкейкестілігі білім беру субъектілерінің инфокоммуникациялық өзара қатынасы ретінде ақпараттық қоғамда білім берудің жаңа парадигмасына өтуге себеп болды. Бұл парадигманы жүзеге асыру мектептерді компьютерлендіру мен интернет желісіне қосу, бағдарламалық және контенттік тұрғыдан жабдықтауға сәйкес оларды электрондық инфрақұрылыммен қамтамасыз етумен, ең бастысы, кіріктірілген заманауи жетістіктердің негізінде педагогика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы кәсіптік қызметке мұғалімдерді даярлау жағдайында мүмкін болады.

Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында, білім саласының дамуы туралы мәселесін ортаға қойып, оның экономикалық және әлеуметтік жаңару қажеттілігіне сәйкес, білімнің адам капиталын, қоғамға инновация мен бәсекелестілікті қамтамасыз ете алатын, басқа әлем лидерлерінің ортасында Қазақстанның бәсекелестікті жоғарылататын кепілі болып табылатындығын атап өтті.

Қазір білім берудің барлық салаларында кең ауқымды мемлекеттік саясат жүзеге асырылуда.

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Білім беруді ақпараттандыру өзара байланысты жүйелі факторлардың бірлігінде жүзеге асырылады:

· жаппай компьютерлендіру;

Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.

· мектептерді Интернет желісіне қосуды қамтамасыз ету;

· білім берудің мемлекеттік стандарттары негізінде сандық білім беру қорларын жасау;

· оқу процесінде ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалануға мұғалімдерді даярлау.

Cол сияқты Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында өз бетімен білім алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабы қойылған. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай оқытудың сапасын арттыру мәселесі жаңа оқыту технологияларын өз дәрежесіне сай қолдануға да тікелей байланысты.

Бұған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім беруді дамыту үшін оқытудың озық жүйелері мен технологияларын әзірлеу мен енгізу талап етіп отырғандығы дәлел.

Осыған орай білім беруді ақпараттандыру үрдісін жетілдірудің басты мәселесі қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық технологияны (АКТ) пайдалануда мұғалімді даярлау.

Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.

Мұғалім, әдеттегідей, білім беру процесінің басты фигурасы болып қала береді, бірақ оның қызметі біраз өзгереді. Енді ол оқушылардың шығармашылық жоба жұмыстарының ұйымдастырушысы болып табылады. Әр мұғалім кез келген оқу пәнінен сандық оқу қорларын пайдалана отырып сабақ даярлап және оны өткізе алуы керек. Сондықтан АКТ саласындағы құзырлық, кәсіби педагогикалық қызметтің басты шарты болып табылады. Ең біріншіден, мұғалім қарапайым компьютерлік сауаттылықтан хабардар болуы тиіс. Оның ішіне компьютермен жұмыс жасай білу, компьютердің нақты бағдарламаларын білу, Интернет-технологияларды меңгеру т.с.с.

Қолайлы режимде жұмыс істейтін мұғалімнің өзі бәрібір белгілі уақытта немесе оқу уақытының бір бөлігінде әрбір оқушыны көруі мүмкін емес, әрбір оқушының білім алуының және дамуының жеке қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіншілік бола бермейді.

Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.
Осы жағдайда көмекке компьютер келеді, яғни компьютер мұғалімге де, оқушыға да қажетті көмек көрсете алады және көрсетуі қажет.

Сондықтан, мұғалім іс - әрекетінде ақпараттық технологияны қолданудың нақты пәндердегі орнын, психологиялық, педагогикалық, эргономикалық талаптарын білумен қатар, кәсіби іс - әрекетінің ерекшеліктеріне жататын кәсіби дағдыларды да нақтылау қажет. Атап айтқанда:

- іс – құжаттарын даярлаудың, мәліметтер (педагогикалық тәжірибелер) қорын жасап өңдеудің және дидактикалық тірек – құралдар жасауға қажет саймандық бағдарламалық қамсыздандырумен жұмыс істеу дағдысы;

- пәнге арнайы құрылған бағдарламалық қамсыздандырумен жұмыс істеу дағдысы;

- жергілікті және Интернет желісінде жұмыс жасау дағдысы;

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Интернет Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

- мультимедиалық және геоақпараттық технологиялардың қызет етуінен хабардар болып, кәсіби қажеттілік шеңберінде қолдану дағдысы.

Мұғалімдер Интернет ресурспен жұмыс жасай білу үшін қажетті қолданушылық технологиялық білігі болуы керек, яғни интернетпен жұмыс жасаудың кеңінен таралған бағдарламалық құралдарымен жұмыс жасау, мысалы, Internet Explorer, Netscape Navigator, Outlook Express, іздеу жүйелері және каталогтармен жұмыс жасай білуі, т.с.с.

Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады.
Internet Explorer (қысқаша ІЕ не MSIE) - Microsoft компаниясы 1995 ж. бастап Microsoft Windows амалдық жүйесі құрамдас бөлігі ретінде жасаған графиктік ғаламтор шолғыш өнімі. Бұл бағдарлама 1999 ж. бастап дүние жүзі бойынша қолданымы ең көлемді бағдарлама болып, 2002-2003 жж.

Қазіргі қоғамдағы ақпараттану жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалып-тастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда мүғалімдердің кәсіптік қызметінде Интернет ресурстарды қолданудың маңызы зор.

Осыған байланысты бүгінде бүкіл әлемдік педагогикалық қалың көпшіліктің назары материалдық негізін қолданбалы бағдарламалық өнімдер (ҚБӨ) құрайтын оқыту-дың жаңа электрондық түріне көңіл бөліп отырғаны белгілі. Электрондық оқыту құрал-дары интерактивті тақталар, мультимедиалық лингофондық кабинеттер (МЛК), интерактивті пәндік кабинеттер, электронды оқу залдары, үйдегі дербес компьютерлер болып табылады.

Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.
Дербес компьютер Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

Қазіргі заман мектептеріндегі оқу процесін технологияландырудың көкейкестілігі, жоғарыда атап өтілгендей, білім беру субъектілерінің инфокоммуникациялық өзара қатынасы ретінде ақпараттық қоғамда білім берудің жаңа парадигмасына өтуге себеп болды. Бұл парадигманы жүзеге асыру мектептерді компьютерлендіру мен интернет-тендірумен, бағдарламалық және контенттік жабдықталуға сәйкес оларды электрондық инфраструктурамен қамтамасыз етумен, ең бастысы, кіріктірілген заманауи жетістіктердің негізінде педагогика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы кәсіптік қызметке мұғалімдерді даярлау жағдайында мүмкін болады.

Қазақстан Республикасы білім берудің ұлттық моделін жетілдіруде білім беру саласын ақпараттандырудың Мемлекеттік саясаты және де білім саласының субъектілерінің инновацияларды қолдана білу, пайдалана білу іскерліктерін қалыптастыруда халықаралық бәсеке индекстеріне сәйкестендіру маңызды әлеуметтік педагогикалық міндет болып табылады. Ол міндеттің шешімі келешекте жаңа инновацияларды жасауға және инфокоммуникациялық қатынастың жаңа траекториясын анықтауға қажет болады.

Қоғам азаматтардың білімі мен біліктілігінің арқасында ғана алға жылжиды, жоғары да сапалы білімді мамандары бар ел ғана үлкен табыстарға қол жеткізеді деген қағидат күн тәртібінен берік орын алған. Осы орайда, білім сапасын арттыру мақсатында түрлі шаралар іске асырылып, бағдарламалар қабылданып жатыр.

Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.
Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] - 1. ел азаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Мәселен, осы заманға сай заңнамалық база қабылданды, 2005-2010 жылдарға арналған ірі мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылды...

Жалпы білімді болашақ қалыптастыруда біз дайындайтын мамандардың халықаралық стандарттарға сәйкес келуі заңды. Ұстаз қай уақытта да мектептегі негізгі басты тұлға болған және солай болып қала бермек, ол барша мойындайтын, белгілі іс, ал жаңа технологиялар мен инновацияларды пайдалана отырып, жас ұрпаққа білім, тәрбие беру, ол үшін мұғалімнің өзі де осы тұрғыдан сауатты болуы тиіс екендігі басты талап.
Резюме

Информатизация   общества  осуществляется в русле концепции  Национальной информационной инфраструктуры, направленной на создание электронного правительства; построение открытых инфокоммуникационных систем; стандартизацию и сертификацию средств и систем информатизации.

В данной статье рассматриваются теоритеческие аспекты обновления образовательной среды, формирование личности учащихся в условиях информатизации образования посредством информатизации учебного процесса их подготовки в образовательной школе.
Summary

Informatization of education becomes one of the most important strategic resources of State. For its successful development and positioning in the modern society it is oriented on creation of electronic government.



This article deals with the theoretical aspects of educational field. They form students’ personality by a means of educational process’ informatization at schools in condition of educational informatization.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Нургалиева Г.К. Ценностное ориентирование личности в условиях информатизации образования.- Алматы: 2004г.

  2. Қазақстан Республикасы жоғары білімді дамыту стратегиясы.
    Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.
    - Алматы: 1998ж.

  3. Нургалиева Г.К.,Тилеуова С.С. Теория развития профессионального образования.-Алматы: 1999г.

  4. Нұрғалиева Г.К., Ахметова Г.Б. Ақпараттық-білімдік порталдар модераторы іс-әрекетінің әдістемесі. – ҰАО, Алматы. – 52 б.


жүктеу 75.01 Kb.