Главная страница
Контакты

    Басты бет


«информатика»

жүктеу 2.01 Mb.



жүктеу 2.01 Mb.
бет7/15
Дата18.03.2017
өлшемі2.01 Mb.

«информатика»


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Вирустардың таралу жолдары:

  • дисктер;

  • лазерлік дискілер;

  • компьютерлік желілер.

Вирустың пайда болуының белгілері:

  • программа дұрыс жұмыс істемейді немесе жұмысын тоқтатады;

  • экранда бөгде хабарламалар, символдар және т.с.с. шығуы;

  • компьютердің баяу жұмыс істеуі;

  • кейбір файлдардың бұзылуы;

  • компьютердің жұмысындағы жиі тұрып қалулар және жаңылысулар және т.с.с.

Вирустар екі түрге бөлінеді:

резиденттік;

резиденттік емес.

Резиденттік вирустар зақымдалған программаны орындауға қосу кезінде активтенеді, өзін жедел жадқа көшіреді де, біраз уақыт бойы білінбейді.

Резиденттік емес вирус өзін жедел жадқа жазбайды, бірақ зақымдалған программаны орындауға қосқанда активтенеді. Ол өзін файлға қосып жазады да, оның орындалу барысын былай, файлды іске қосқанда алдымен вирус - программа, содан кейін программаның өзі орындалатындай өзгертеді.

Вирустардың барлық алуан түрінен негізгі топтарын ерекшелейік.



Жүктейтін вирустар — дисктің немесе винчестердің жүктеу секторында сақталатын компьютердің бастапқы жүктеу программасын зақымдайды және компьютерді жүктегенде іске қосылады.

Файлдық вирустар — ең алдымен СОМ және ЕХЕ кеңейтулері бар файлдарға кіріп алады. Олар файлдардың басқа типтеріне де кіре алады, бірақ онда олар ешқашан басқару ала алмайды, демек көбею қабілетін жоғалтады.

Жүктейтін - файлдық вирустар - файлдарды да, дискілердің жүктейтін секторларын да зақымдайды.

Драйверлік — компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немесе өзін қосымша қатар (жол) конфигурациясының файлына қосу жолымен іске қосады.

Желілік вирустар - ондаған және жүздеген мың компьютерлерді біріктіретін желілерде тарайды.

Вирустардан қорғау үшін:

  • профилактикалық (алдын алу) шараларды;

  • вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программаларды қолдануға болады.

Профилактикалық шараларға төмендегілерді жатқызуға болады:

  • қосалқы көшірме жасау - ақпаратты архивтеу;

  • зақымдануы ықтимал кездейсоқ «пираттық» (ұрлық) программаларды қолданбау;

  • дисктерді вирусқа тексеру;

  • компьютерді ұдайы вирусқа тексеру:

  • антивирустық деректер базасын ұдайы жаңарту:
    Вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программаларға вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жатады.

Антивирустық программаларды үш негізгі топтарға бөлуге болады:

  1. Жұмысы файлдағы деректерге арналған әр түрлі бақылаулы қосындыларды есте сақтауға негізделген программалар;

  2. Резиденттік программалар, олар вирусты программаны немесе операциялық жүйені (ОЖ) зақымдау кезінде табады;

  3. Файлдарда вирустардың барын олар зақымдағаннан кейін анықтайтын программалар.

Антивирустық программалардың келесі типтері бар:

  • Детектор - программалар;

  • Доктор - программалар;

  • Ревизор - программалар;

  • Фильтр - программалар;

  • Вакцина - программалар немесе иммунизаторлар.

Вирустермен күресуге арналған көп антивирустық программалар белгілі. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары Aidstest, Doctor Web, Касперскийдің АVR-і. Бұл программалардың антивирустық базаларын жаңарту Internet желісінің көмегімен жүзеге асырылады.
Бекіту сұрақтары

  1. Сендер қандай графикалық редакторларды білесіндер?

  2. Corel Draw не үшін қолданылады?

  3. Photoshop-тың қызметі қандай?

  4. Графикалық файлдардыц қандай кеңейтiлулері бар?

  5. Растрлық графиканың векторлықтан айырмашылығы неде?

  6. Word 2003-те қандай векторлық примитивтер бар?

  7. Іскерлік графикасы үшін қандай дестелер пайдаланылады?

  8. Internet дегеніміз не?

  9. Internet хаттамалары дегеніміз не?

  10. IP адресациясы дегеніміз не?

  11. IP маршрутизациясы дегеніміз не?

  12. Информацияны қысу дегеніміз не?

  13. Файлдарды архивтеу не үшін қолданылады?

  14. Архивтік файл дегеніміз не?

  15. Қандай архивтер көп томды деп аталады?

  16. Архивтен шығару дегеніміз не?

  17. Архиватор-программаларды атаңыз.

  18. ARJ, RAR және WINZIP архиваторларының айырмашылығы неде?

  19. Архивтеудің негізгі міндеттерін атап айтыңьп.

  20. Қандай файл өзі шешілетін деп аталады?

  21. Қандай жағдайларда өзі шешілетін архивтер қолданылады?

  22. Вирус дегеніміз не?

  23. Вирус неше түрге бөлінеді?

  24. Вирустардан қорғанудың алғы шаралары қандай?

  25. Антивирус дегеніміз не?

  26. Антивирустық программаларды неше топқа бөлеміз?



  1. ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР

Зертханалық жұмыс №1 (4 сағат)

Тақырыбы: Microsoft Office пакеттерімен жұмыс. Мәтіндік процессор.
Мәтіндік процессор (мәтіндер даярлау жүйесі) (текстовый процессор (система подготовки текстов); word processor) - мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар.
Архитектурасы және негізгі мүмкіндіктері. ТП MS Word ерекшеліктері мен мүмкіндіктері. Word мәтіндік процессорымен танысу. Жаңа құжат құру. Мәтін теру. Өңдеу. Форматтау және сақтау.

Мақсаты: құжаттармен жұмыс істеуді үйрену, құрал-саймандар, меню қатарларымен жұмыс істеуді дамыту, сақтауды, форматтауды үйрену
Теориялық түсініктеме:

Орналастырылған Word редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады:



  1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен.
    Құрал-саймандар (Шанцевый инструмент) - әскерлердің ұрыс кезінде жеке құрамның ор қазуға, фортификациялық құрылыстар, маневр жолдарын жасауға, көпір құрылысына және бөгеттер жасауға кажетті құралдар. Құрал-саймандар тасылуына байланысты жауынгерлердің пайдалануына қажетті үнемі өздерімен бірге алып жүретін шағын құралдар және әскери көліктік машиналармен алып жүретін көлемді құралдар (үлкен күректер, балта, лом, ара, киркомотыла) болып бөлінеді.


  2. Программаларды Microsoft Office тобындағы WORD шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

  3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.

  4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы.

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:

  • Файл => Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

  • Word негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

  • Редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батрымасын (х) басу;

  • Тікелей Alt Ғ4 пернелерін басу.

WORD экранымен танысу

WORD редакторын жүктегеннен кейін экранда қосымшаның терезесі ашылады (Сурет-1). Меню жолының астында ненгізінен сатнадарртты екі тақта- Стандартты және Форматтау тақталары орналасады. Тақталарды экранға шығару үшін немесе алып тастау үшін Вид- Панели инструментов командасын таңдап, керек тақтаның атын таңдау керек. Егер тақта экранда көрініп тұрса, онда оның атауынын қасында қара белгіше орналасатын болады. WORD құжаттар терезесінде екі сызғышты- горизонталь және вертикаль экранға шығаруға болады.

Горизонтальдар - жер бетіндегі абсолюттік биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын және жинақталғанда бедер нысанын беретін картадағы сызықтар. Қима биіктігін тандау бедердің, масштабтың сипатына және картаның арналу мақсатына байланысты.
Терезенің жоғарғы бөлігінде орналасқан горизонталь сызғыш жол ұзындығын көрсетеді. Бұл сызғышты шегіністерді, колонкалардың және өрістердің енін беруде қолдануға болады, сондай- ақ табуляторларды орналастыру кезінде қолдануға болады. Вертикаль сызғыш құжаттың сол жағында орналасқан. Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі өрістерін өзгертуге болады, сонымен қатар кестелердегі жол ұзындығын да өзгертуге болады. Бұл сызғыштарды қалауымыз бойынша экраннан алып тастаңға болады. Ол үшін Вид- Линейка командасын орындаймыз.




Сурет-1. Word мәтіндік редакторының терезесі
Мәтінді теру

Абзацтар

Мәтінді теру кезінде жол толған кезде мәтін автоматты түрде келесі жолға ауысады. Enter пернесі екі рет басылған аралықта орналасқан мәтін абзац деп аталады. Әрбір абзац өзінің форматтау ережесіне бағынады.Егер келесі абзацқа көшпей жаңа жолды бастау керек болса, онда Shift Enter пернелерінің комбинациясын басу керек. Келесі абзацты жаңа беттен бастау керек болса, онда Ctrl Enter пернелерінің комбинациясын қолдануға болады.



Көрінбейтін символдар.

Мәтінді теру барысында қандай орындарда Enter, Shift Enter пернелерінің басылғандығын көру қажеттігі туындайды. Word-тың кез келген құжатында көзге көрінетін символдармен қатар, көрінбейтін символдарда қолданылады. Мысалы, баспаға шықпайтын символдар: Enter, Shift Enter, Бос орын, Tab,… пернелері арқылы пайда болады. Көрінбейтін символдарды экранда көру үшін стандартты құралдар тақтасындағы “Непечатаемые символы” (¶) батырмасын шерту керек. Сондай-ақ, Ctrl Shift 8 пернелерінің комбинациясында пайдалануға болады.



Пернетақтада жоқ символдар.

Мәтінді теру кезінде, кей жағдайда, пернетақтада жоқ символдарды енгізу керек болады. Мысалы, грек алфавитінің әріптері: α, β, γ, δ, ε, π,... және т.б. символдар, мысалы,, , , , ¥, £ ,& … Бұл символдарды қою үшін Меню=>Вставка=>Символ… командасын пайдалануға болады, ашылған терезеден қажетті символды таңдап, ОК пернесін басу керек. Егер өажетті символ ашылған терезеде жоқ болса, онда шрифт түрін “Шрифт” тізімдерінің ішінен өзгерту керек.



Қажетсіз мәтіндерді өшіру.

Қажетсіз мәтінді жою үшін, оны алдымен ерекшелеп алу керек, содан кейін Delete пернесі басылады. Бір әріпті жою үшін: егер ол курсордың алдында орналасса, BackSpace пенресі, ал курсордан кейін орналасса Delete пернесін басу керек.



Ерекшелеу тәсілдері

Бағандарды және абзацтарды форматтау үшін, ақпаратты көшіру, көшірмесін алу және жою үшін оны ең алдымен тышқанның немесе клавиатураның көмегімен ерекшелеп алу керек.



Клавиатура көмегімен ерекшелеу

  1. Курсорды ерекшелеу керек фрагменттің басына орналастырыңыз.

  2. Мәтінді ерешелеу үшін пернелердің төмендегі комбинациясын пайдаланыңыз:

    • Shift  немесе Shift  – бір жолды ерекшелеу;

    • Shift  немесе Shift  –бір символды ерекшелеу;

    • Shift Ctrl  немесе Shift Ctrl – бір сөзді ерекшелеу;

    • Shift Ctrl  немесе Shift Ctrl  – бір абзацты ерекшелеу;

    • Shift Home – Курсор тұрған жерден бастап ағымдағы жолдың басына дейін ерекшелеу;

    • Shift End – курсор тұрған жерден бастап ағымдағы жолдың соңына дейін ерекшелеу;

    • Shift Ctrl Home – курсор тұрған жерден бастап құжаттың басына дейін ерекшелеу;

    • Shift Ctrl End – курсор тұрған жерден бастап құжат соңына дейін ерекшелеу;

    • Ctrl A немесе Ctrl қосымша клавиатурадағы 5 цифрасы– бүкіл құжатты ерекшелеу.

Тышқанның көмегімен ерекшелеу

  1. Мәтіннің кішкене фрагментін ерекшелеу үшін, оның басына тышқанды шертіп, тышқан батырмасын жібермей көрсеткішті фрагмент соңына дейін тартыңыз, содан кейін тышқан батырмасын жіберіңіз.

  2. Мәтін блоктарын ерекшелеу үшін, төменде көрсетілген әдістердің бірін қолданыңыз.

Кесте-2. Тышқанның көмегімен ерекшелеу тәсілдері

Сөз

Сөзге тышқанды екі рет шертіңіз

Сөйлем

Ctrl пернесін басып тұрып, тышқанды сол сөйлемге бір рет шертіңіз

Жол

Ерекшелеу жолағына тышқанды шертіңіз(мәтіннің сол жағындағы бос өріс)

Абзац 

Ерекшелеу жолағына тышқанды екі рет шертіңіз

Құжат 

Ерекшелеу жолағына тышқанды үш рет шертіңіз

Тік блок

Фрагментті ерекшелеу кезінде Alt пернесін басып тұрыңыз





Құжатта іздеу

Құжатта кездесетін кез келген бір сөзді іздеу үшін, келесі команданы пайдалануға болады: Меню=>Правка=>Найти. Бұл үлкен көлемді құжаттармен жұмыс істеген кезде өте қолайлы. Сонымен қатар, табылған тексті автоматты түрде басқа текстпен алмастыруға болады (Меню=>Правка=>Заменить… командасы). Мысалы, Құжаттағы «Ару» сөзін «Қару» сөзімен алмастыру үшін, Меню=>Правка=>Заменить… командасы орындаймыз.

Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.
“Найти” графасына “Ар” сөзін енгізіп, “Заменить на” графасына “Қар” сөзін жазамыз.


Автотолтыру

Меню=>Сервис=>Параметры автозамены… командасы құжатқа көп қолданылатын тесктер мен графикалық объектілерді, автоматты түрде қателерді жөндеуге және арнайы символдарды қоюға көмектеседі.



«Автотолтыру» терезесінің элементтерінің функциясы, «Автогтолтыру» қатпары.

  1. Сөздің басындағы екі бас әріппен жазылған әріптерді ауыстыру(флажок)- Сөйлемнің басында қатар басылып кеткен екі бас әріптерді алмастырады. Егер екі бас әріппен басталатын сөздерді жазу керек болса, онда флажокты алып тастауға болады немесе, егер екі бас әріпке басталатын сөйлемдер құжатты шектеулі ғана болса, онда оларды “Исключения…” тізіміне қосу керек.

  2. Сөйлемнің бірінші әріптерін бас әріппен жазу (флажок)- Word нүкте, сұрақ белгісі және леп белгісін сөйлемнің соңы ретінде қабылдайды. Нүктеден кейінгі әріп келесі сөйлемнің бас әріпі ретінде саналады, сондықтаны сол әріп бас әріпке ауысады. Өкінішке орай, Word қысқартылған сөздерді қарапайым сөйлемдерден ажырата алмайды. Сондықтан, мысалы, «т.б.» сөзінен кейінгі әріптерді бас әріпке ауысиырады. Мұндай жағдай болмас үшін, қысқартылған сөздерді қысқарту тізіміне қосмуға болады.

  3. СAPS LOCK пернесінің кездейсоқ басылуын болдырмау (флажок)-Егер байқаусызда CapsLock пернесін басып алсаңыз, онда кіші әріптер бас әріп түрінде ал, бас әріптер кіші әріпке айналып кетеді. Word бұл қателікті түзетуге тырысады.

  4. «Ауыстыру-Заменить” және “на” өрістері. “Қосу-Добавить” және Жою-Удалить” батырмалары. «Ауыстыру» өрісіне мәтін енгізіп, «на» өрісіне апарып мәтін енгізіп, «Қосу» батырмасына басыңыз. Сол кезде «Ауыстыру» өрісіне енгізілген мәтінді терген кезде ол автоматты түрде «на» өрісіне енгізілген сөзге ауысып отырады. Автоматты түрде ауыстырудан бас тарту үшін автоауыстыру тізімінен қажетті сөзді таңдап «жою» батырмасына басу керек.

  5. Қарапайым/Форматталған мәтін-Обычный/Форматированный текст” ауыстырғышы. Автотолтыруда ауысатын мәтіннің форматын өзгертуге арналған. Яғни, егер ауыстырғыш «Қарапайымда» тұрса, онда автотолтыру арқылы енгізілетін мәтіннің форматы бастапқы мәтінге ұқсас болады. Ал егер ауыстырғыш «Форматталған мәтін» ауыстырғышында тұрса, онда автотолтыру арқылы енгізілетін мәтінің форматы алдын ала тағайындалған формат түрінде ауысып отырады.


Тапсырма 1:

  1. Word мәтіндік редакторында жаңа құжат құрыңыз

  2. Осы құжатқа Қосымшада көрсетілген мәтіндерді теріңіз.

  3. Құжатты сақтаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз.
    Нұсқау (Инструкция; лат. instructio - құру, ереже) - әскердің (күштің) қандай да бір жағын реттейтін немесе ұрыс құралдарын қолдану мен пайдалану мәселелері бойынша толық нұсқаулары бар құжат. Нұсқау мемлекеттің қолданыстағы заңдары, үкіметтің қаулылары, бұйрықтар мен директивалар, жарғылар мен басшылыққа алынатын құжаттардың негізінде шығарылады, Нұсқауды шығару құқығы қорғаныс министріне, оның орынбасарларына, қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшысына, әскер түрлерінің (арнайы әскер түрлерінің) қолбасшыларына (бастықтарына) берілген. Нұсқауда әдетте жойғыш құралдарды қолдану және ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету (бомба тастау бойынша нұсқау), жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету (жаттығу және ұрыс атыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқау) мәселелері көрсетіледі. Мұнда, сонымен қатар, қандай да бір қызметгі реттейтін ережелер мен нормалар айтылуы мүмкін (әскери тасымал құжаттарын есепке алу тәртібі, оларды ресімдеу мен пайдалану және әскери тасымалдардың төлемақысы туралы нұсқау). Қорғаныс министрлігінің орталық аппараттарындағы органдары шығаратын әскерлердегі (флот күштеріндегі) нұсқаулардан басқа, әскер қызметіне катысты, мысалы, полк кезекшісінің нұсқауы, қарауыл бастығының нұсқауы сияқты нұсқаулар дайындалады. Бұл нұсқаулардың мазмұны әскери жарғы талаптары мен әскерді (флот күштерін) орналастыру ерекшеліктерін есепке алуға негізделеді. Нұсқау ережелері міндетті түрде орындалуы тиіс.
    Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.


  2. Жаңа құжатта төменде көрсетілген №1 мәтінді теріңіз. Мәтінді теру кезіңде бас әріптер мен кіші әріптерге назар аударыңыз. Құжатты жұмыс үстеліне Word папкасын құрып, сонда TEXT1.DOC деген атпен сақтаңыз. Файлды жабыңыз.

  3. Тағыда бір жаңа құжат құрыңыз(Меню=>Файл=>Создать). № 2 мәтінді теріңіз (арнайы символдарды Меню=>Вставка=>Символ… командасы арқылы енгізіңіз). Құжатты жұмыс үстеліне Word папкасына TEXT2.DOC деген атпен сақтаңыз. Файлды жабыңыз.

  4. text1.doc файлын ашыңыз. №3-те көрсетілген мәтінді қосыңыз. Құжатты атауын өзгертпеі сақтаңыз(Ол үшін Меню=>Файл=>Сохранить командасын пайдаланыңыз)


Тапсырма 2:

1 №4-дегі мәтінді теріңіз

2 Сөйлем басында кеткен екі бас әріпті дұрыс жазыңыз

3 Мәтіндегі Информатика сөзін Информатика сөзіне автоматты түрде ауыстырыңыз

4 Мәтіндегі Ақпараттық сөзін Информациялық сөзімен алмастырыңыз

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

1 Сөйлемдегі екі бас әріпті алмастыру үшін және Информатика сөзін форматталған Информатика сөзіне алмастыру үшін Меню=>Сервис=>Параметры автозамены… менюін пайдаланыңыз.

2 Мәтіндегі Ақпараттық сөзін Информациялық сөзімен алмастыру үшін Правка-Заменить менюін пайдаланыңыз
1

Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі. Ол өзінің сан ғасырлық дамуы барысында рулық тіл дәуірін де, тайпалық тіл дәуірін де, халықтың тіл дәуірін де басынан кешірді. Осы заманда қазақ халқының күнделікті пікір алмасу қажетін өтеп отыруымен қатар, рухани байлығы- ауыз әдебиетін атадан- балаға мұра етіп келеді.

Ауыз әдебиеті - халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
Қазақ тілі- өркендеген мәдениеттің тілі, ғылыми тіл, көсемсөздік, ғылыми іс- қағаздардың тілі, стиль жағынан мейлінше байыған, грамматикалық құрылымы барынша дамыған оралымды тіл.


2

Егер менің көңіл-күйім жоқ болса, онда мен осылай жылаймын-, бұл өте қорқынышты- . Егер қуансам, мен былай қуанамын-. Егер біз кітап оқысақ (мына сияқты-), онда уақыт білінбей өте шығады. Бүгін біз MS  WORD мәтіндік редакторын қарастырамыз. Грек алфавитіндегі α әріпі жиі кездеседі.


3

Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы бойынша қазақ тілі республикадағы негізгі тіл, мемлекеттік тіл қызметін атқарады.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.


4

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр.

Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.
Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

АҚпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

АДамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың Бекітуға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап , өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

ҚАзіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. ҚОрытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына қте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.

Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15


жүктеу 2.01 Mb.