Главная страница
Контакты

    Басты бет


Информация және информатика Информация

жүктеу 148.67 Kb.



жүктеу 148.67 Kb.
бет2/2
Дата30.03.2017
өлшемі148.67 Kb.

Информация және информатика Информация


1   2

компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар қазір де

мектептерде, институттарда, баспаханаларда, т.б. орындарда

кеңінен қолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда,

жұмыста, ойнау үшін, тағы да басқа көптеген мақсаттарда

пайдалануға болады. Осы компьютерлерді өндіріс пен жобалау

ісінде, ғылыми-зерттеу істері мен білім беруде пайдалану

миллиондаған адамдардың жүмыстарының мазмүны мен

орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады.

Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістің автоматтандырылған

технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып береді. Оның

үстінг, сол технология көмегімен ЭЕМ-дермен басқарылатын

жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады.

Осылардың негізінде XXI ғасырдың басында есептеу

машиналары "адамсыз" жүмыс атқара алатын өндіріс

технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты

"болашақтың" фабрикаларында қолмен істелетін жүмыстардың

бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті

жоспарлау, роботтар жүмысын басқару және ЭЕМ көмегімеи

жаңа бүйым жасау істерін жобалау ғана болып қалады.

Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді

пайдалану адамдарға информацияны жинау, дайындау және

өңдеу жүмыстарын оңайлатып, жобалау жәнз ғылыми-зерттеу

жүмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді. ЭЕМ-дер

мектептерге келе бастады, олар физика мен математика, химия

мен биология сияқты және басқа да пәндерді оқып-үйрену ісіне

үлкш көмек береді.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.


ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау және оларды өз жұмысында

пайдалана білу бұдан бүрынғы аталарымыздың қаламсаппен

сауат ашқаны сияқты, алдағы 10-15 жылда біздер үшін ең

керекті зат болып, компьютерлік сауаттылықтың негізін

қалайды.
Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана

отырып, оқу, жазу, есептеу, сурет салу және информация

іздеу жолдарын меңгеруді айтады.
ЭЕМ-ді жүмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдшиет иесі

болуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып

саналады.

Мәдениеттілік – адамның тұлғалық асыл қасиеттерінің көрінісі. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндес. Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуі және оны әрі қарай дамытуы - мәдениеттіліктің белгісі.

Ол үшін ЭЕМ-нің нггізгі мүмкіндіктерін жақсы білу

қажет, олар: мәселелерді (есептерді) айқын түрде қоя білу,

оларды шешудің жоспарын жасау және ЭЕМ-ге түсінікті түрде

жазу; есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу мея

алынған нәтижелерді талдау тәсілдерін әрбір адамның жетік

меңгеруі болып табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру логика

мен информатика заңдарын білуге барып тіреледі.
1.4. Жаца информациялық технологиялар

Кәдімгі информациялық технологиялар деп көбінесе қағаз

жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу

және жеткізу процестерін айтады. Жаңа информациялық

технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы -

әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы - информацияны

дайындау, жинау, жеткізу және өндеу технологияларын айтады.

Дербес компьютер Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.



Информациялық процестер - адамдар арасында, тірі

организмдерде, техникалық қүрылғыларда және қоғамдық

өмірде информацияны жеткізу, жинақтау жөне түрлендіру

процестері.


Дербес ЭЕМ-дер - жүмыста жөне үйде адамның

пайдалануына арналған шағын компьютерлер.

Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі

қүжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен

қолданылады. Мұндай жүмыста компьютерлердің баспа

машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар:

қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдағының

өсуі, оларды безендіру сапасының да артуы. Басып шығарылуға

тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін лазерлік

принтері бар компьютёрлер негізінде істейтін шағын баспа

жүйелері одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі.

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.

Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.

Сондай-ақ жаңа информациялық технологиялар дегеніміз -

ЭЕМ жадындағы сақталған картотекадағы, каталогтардағы,

әртүрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды

жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп

табуға бо латын ә р т ү р л і мәліметтер ба засы м ен

информациялық жүйелер. Жаңа информацияльщ

технологиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген

электрондық почтасыз, байланыс желілері мен информациялық

коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес.

Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен,

информациялық қорлармен толық қамтамасыз етсек,

информацияны пайдалану, алу және тарату істерін

ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бүған дейінгі

қолданылған "қағаздағы" информацияны алу мен таратуды

толықтыра отырып, қоғамымызды ақпараттандыру

процестерін арттыра түседі. Жаңа информациялық

технологиялардың жан-жақтылығын дүрыс түсіну үшін

"технология" үғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық

дамудың алғашқы кезеңдерінде "технология" деп белгілі бір

бұйымдарды жасау кезіндегі тәсілдер жиынын айтатын еді.

Өндірістің күрделіленуі, оны механикаландыру мен

автоматтандыру технология үғымын машиналар,

механизмдер, қүрал-саймандар және т.б.

Механикаландыру (Механизация) - қолмен істелетін жұмыстарды машиналармен, механизмдермен ауыстыру.

өндіруді

үйымдастыру тәсілдері мен оған керекті техникалық жабдықтар

жиыны ретінде қабылдауды қалыптастырды.

Есептеу машиналарын басқару қүрылғылары ретінде

пайдалану мен автоматтандыруға негізделген осы кездегі жаңа

өндіріс технологиялары оны қайта қүру істері мен оған кететін

жұмыс көлемін әлдеқайда оңайлатып жіберді. Осыған орай

қазіргі "технология" үғымына, аз дегеннің өзінде үш компожнт

- өндіріске керекті жабдықтар, оны құрастыру тәсілдері мен

оны ойдағыдай ұйымдастыру жолдары және оның ішіне

мәліметтер базасы мен білім базалары, ЭЕМ-да жобалау

жабдықтары және т.б. компьютерлік техникалар кіреді. Бірақ

олардың бәрі де мәліметтер базасы мен информация қорлары

бар, ЭЕМ арқылы жобалау жабдықтары және т.с.с.

мүмкіндіктері бар компьютерлік техникаға негізделгеи болуы

тиіс. Ал бұларды қарастыру үшін ЭЕМ жұмысын қалай

басқаруға болатынын анықтайтын программаларды білуіміз

керек. Кез келген жаңа жүмысқа ЭЕМ-ді пайдалану үшін оған

жаңа қосымша қүрылғылар алғаннан гөрі соған керекті жаңа

программалар aлy қажет болады.
ЭЕМ жұмысында программалар оның іс-әрекетінің реттілігі

мея ережелерін және оған қосылған құрылғылардың да қызмет

ету ерекшеліктерін анықтауға жол ашады. Әрбір компьютердің

программалар жиыны оны пайдаланудың бар мүмкіндіктерін

анықтап береді. Егер программалары болмаса, машина

ешқандай да жұмыс атқара алмайды.


Кез келген ЭЕМ-мея жұмыс істеу оның программаларын оқып

үйренуден басталады. Ал әрбір үлкен, орташа, шағын немесе

дербес ЭЕМ түрлерінде көптегеы программалық жабдықтар бар,

сондықтан ЭЕМ-ді үйрену оның программаларымен танысудан

басталады.
Сұрақтар

1. Компьютерлік сауаттылық деген не?

2. Информатика ұғымының анықтамасы. Информатика нші

оқытады?


3. Информатика кеге күнбе-күн дамып отыратын ғылым?

4. Информация дегеніміз не?

5. Информация берудің екілік жүйесі деген не? Бит, байт

ұғымдарын қалай түсінесіз?

6. Информацияның қандай түрлерін білесіздер?

7. Информациялық технология деген не және оның жаңа

информациялық технологиялардан айырмашылығы неде?

8. Информациялық процестер дегее не?

9.Дербес компьютер деп қандай ЭЕМ-дерді айтады?

10. Ертеңгі күннің технологияларында ЭЕМ програм-



маларының атқаратын рөлі қандай?__
1   2

  • Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана отырып, оқу, жазу, есептеу, сурет салу және информация іздеу жолдарын меңгеруді айтады.
  • 1.4. Жаца информациялық технологиялар Кәдімгі информациялық технологиялар
  • Жаңа информациялық технологиялар
  • Информациялық процестер
  • Дербес ЭЕМ - дер

  • жүктеу 148.67 Kb.