Главная страница
Контакты

    Басты бет


Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту және тестілеу өткізу ережесі жалпы ереже

жүктеу 102 Kb.



жүктеу 102 Kb.
Дата19.03.2017
өлшемі102 Kb.

Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту және тестілеу өткізу ережесі жалпы ереже




Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту және

тестілеу өткізу

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ереже




  1. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту және тестілеу өткізудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес әзірленді.

    Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

    Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.



  2. Ереже нақты бөлінген компьютерлік сыныптар бойынша оқып-үйренушілер санаттарын компьютерлік сауаттылыққа оқытуды өткізу тәртібін анықтайды.




  1. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін оқытушыларды дайындау




  1. Халықты компьютерлк сауаттылыққа оқыту үшін оқытушыларды дайындау Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының 2 бөлімі 2 тармағына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - БҒМ) «Білімді ақпараттандырудың Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» (БАРО) Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынында оқытушыларды дайындау және халықты компьютерлік сауаттылыққа қашықтан оқыту және сертификаттау жөніндегі Орталығы (бұдан әрі - Орталық) құрылады.

    Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы.



  2. «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асырудың егжей-тегжейлі жоспар-кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі (бұдан әрі – АБА) мен Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 8 қарашадағы № 478-п және 2006 жылғы 10 қарашадағы № 577 бірлескен бұйрықтарымен бекітілгенге сәйкес Бағдарламаны іске асырудың егжей-тегжейлі жоспар-кестесіне сәйкес Орталық атқарылған жұмыс туралы есебін береді.




  1. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту




  1. Бағдарламада халықтың мынадай санаттарын оқыту:

Жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың облыстық және аудандық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері;

бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыссыз халық;

әскери қызметшілер;

балалар үйлерінің, мектеп-интернаттардың, Қазақстанның жасөспірімдер үйлерінің тәрбиеленушілері;

холдингтер, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар қызметкерлері;

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Акционерлік қоғам - капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді.

мектеп, кәсіби мектеп, колледж оқушылары мен ЖОО студенттерін тестілеу;

бюджеттен тыс сала қызметкерлері мен басқа да санаттағы азаматтар қарастырылды.

Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] - 1. ел азаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады.



  1. Халықты оқыту үшін тиісті министрліктердің бұйрықтарымен мынадай құжаттар:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген бағдарламалық курстарға сәйкес халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оқу-әдістемелік құралдар;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген бағдарламалық курстарға сәйкес халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту (оқытудың қашықтан және автономды нысаны үшін) бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық оқу басылымы;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің бірлескен бұйрығымен халықтың компьютерлік сауаттылығын сертификаттауды өткізу үшін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тестілер бекітіледі.


  1. Қазақстан аймақтарындағы мемлекеттік қызметшілер үшін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының есептеу техникалары базасында Астана және Алматы қалалары әкімдіктерімен ұйымдастырылған 75 компьютерлік сыныпта (әрбір сыныпта 15 компьютерден кем емес) оқыту жүргізілетін болады.

  2. Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыссыз халыққа қалалар мен аудандарда облыстық, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен ұйымдастырған 300 компьютерлік сыныпта (әрбір сыныпта 15 компьютерден) ,соның ішінде Зайсан ауданында 2 компьютерлік сыныпта оқыту өткізілетін болады.

    Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.

    Зайсан ауданы - Шығыс Қазақстан облысының қиыр шығысындағы әкімшілік бөлік. Шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Жер аумағы 9,1 мың км². Тұрғыны 38,9 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,2 адамнан келеді (2008).



  3. Бюджеттен тыс ұйымдардың қызметкерлері мен басқа санаттағы азаматтарды оқыту үшін жазғы демалыс кезінде жергілікті пунктерде Астана және Алматы қалалары әкімдіктерімен 2000 «жазғы компьютерлік мектептер» , соның ішінде Зайсан уаданында 8 «жазғы компьютерлік мектептер»ұйымдастырылады.

  4. Әскери қызметшілерді оқыту әскери бөлімдердегі 68 компьютерлік сыныпта (әрбір сыныпта 8 компьютерден) ұйымдастырылады.Оқыту мекемесі әкімшілігінің қарастыруы бойынша 69 компьютерлік сыныпта компьютерлік сауаттылыққа оқып-үйренуді басқа санаттағы халықтың да алуына болады.

  5. Оқыту қорытындысы бойынша мектеп, лицей, кәсіби мектеп, оқушылары БҒМ бекітілген тестілеу тәртібінің стандартына сәйкес тестілеуден өтетін болады.

Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытуға:



  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі:

- мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға;

  1. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері:

- бюджеттік саланың қызметкерлері мен жұмыссыз халықты, бюджеттен тыс саланың қызметкерлері мен басқа да санаттағыларды компьютерлік сауаттылыққа оқытуға, мектеп, лицей, кәсіби мектеп, оқушылары тестілеуге жауаптылар.

  1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі:

- әскери қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға;

4) Холдингтер, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар:

- өз қызметкерлерін компьютерлік сауаттылыққа оқытуға жауаптылар;


  1. Холдингтердің, ұлттық компаниялардың және акционерлік қоғамдардың қызметкерлерін компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыруға жауаптылар осы заңды тұлғалардың басшылары болып табылады.

    Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.






  1. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту тәртібі




  1. Халықты компьютерлік сауаттылққа оқыту үшін оқытушыларды дайындаудың алғашқы кезеңі кейіннен облыстық жаттықтырушыларды оқытатын республикалық 40 жаттықтырушы үшін Тренингтік курстар орталығы базасында өткізу болып табылады.

  2. Екінші кезеңде Қазақстанның аймақтық оқу орталықтарында облыстық 960 жаттықтырушы үшін тренингтік курстар жүргізіледі, олар мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлерін оқытатын болады.

  3. Үшінші кезеңде халықтың кең жігін оқытатын ЖОО 2000 студенттер-жаттықтырушылар үшін тренингтік курстар жүргізіледі. Бюджеттен тыс ұйымдардың қызметкерлері мен басқа да санаттағы азаматтарды оқыту үшін жаттықтырушы-студенттердің орнына сондай-ақ «жазғы» мектептердің оқытушылары тартылуы мүмкін.

  4. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту тәртібі мынадай жұмыс түрлерін:

барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында компьютерлік сыныптарды ұйымдастыруды;

компьютерлік сыныптардың мекен-жайын беруді;

компьютерлік сыныптарды техникалық жабдықтауды: есептеу және ұйымдастыру техникаларын, жергілікті есептеу желілері үшін жинақталған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуды;

жергілікті есептеу желілерін (ЖЕЖ) тартуды;

Қазақстан аймақтарындағы компьютерлік сыныптардың Интернет желісіне қол жеткізуін беруді;

оқыту үдерістерін ұйымдастырмен қамтамасыз ету: тыңдаушылардың, оқыту жоспар-кестелерінің тізімін құруды;

халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытуды;

оқып-үйренушілердің қатысу үлгерімін қамтамасыз етуді;

Қазақстан аймақтарындағы компьютерлік сыныптардың техникалық құрал-жабдықтарына жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді;

оқу сыныптарын ұстау: электрэнергия, жылуэнергия, байланыс қызметтері, су, кәрізді өзіне қосады.



  1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері мыналарға:

компьютерлік сыныптар дайындау үшін үй-жайлар бөлуге, аймақ (қала, аудан) әкімдігінің басшылығымен бекітілген оқу сыныптары (1 қосымша) туралы ережеде белгіленген үй-жайлар мен жұмыс орындарын ұйымдастыруды талап етуге;

жиһаздарды сатып алуға;

компьютерлік сыныптарды күзетпен және телефон байланысымен қамтамасыз етуге;

әрбір компьютерлік сыныптарға 2-ден кем емес оқытушылар тағайындауға;

қалада (ауданда) халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру бойынша үйлестірушіні тағайындауға;

компьютерлік сыныптардың мекен-жайларын беруге;

Сауалнама - өтініш негізінде тыңдаушылар тізімін құруға (2 қосымша);

оқытудың жоспар-кестесін құруға;

компьютерлік сыныптарды ұстауға (электроэнергия, жылуэнергия, байланыс қызметтері, су, кәріз және басқа коммуналдық қызметтер) жауапты.


  1. облыстарда компьютерлік сыныптар ұйымдастыруды аяқтау бойынша Бағдарламаны іске асыру жөніндегі егжей-тегжейлі жоспар-кестеге сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері оқып-үйренушілердің санаттары бойынша компьютерлік сыныптардың дайындық актісін береді (3,4,5 қосымша). Актілер үш данада дайындалады: 1-ші данасы аймақтық әкімдік үшін, 2-шісі - АБА атына жіберіледі, 3-шісі – компьютерлік сыныпта сақталады. Бағдарламаның іске асырылу барысы мониторингінің ақпараттық базасын толтыру үшін актінің түпнұсқадан көшірілген электрондық болжамасы Қазақстанның аймақтарындағы халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытуды үйлестірушіге – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – ҰАТ АҚ) жіберіледі.

  2. Холдингтер, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар компьютерлік сыныптардың дайындығы туралы ақпараттарды береді, компьютерлік сауаттылық курстары тыңдаушыларын оқыту мен тестілеудің 1 жылға арналған жоспар-кестесін құрады (6,7,8 қосымша). Ақпараттық анықтама үш данада дайындалады: 1-ші дана құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін, 2-шісі – АБА атына жіберіледі, 3-шісі – компьютерлік сыныптарда сақталады.

    Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.

    Актінің түпнұсқадан көшірілген электрондық болжамасы Қазақстан аймақтарындағы халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытуды үйлестірушіге – ҰАТ АҚ жіберіледі.

  3. АБА компьютерлік сыныптардың техникалық жабдықтандырумен, есептеу және ұйымдастыру техникаларымен, жергілікті есептеу желісін (ЖЕЖ) жинақтаушы лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етумен қамтамасыз етеді, сондай-ақ компьютерлік сыныптарды Интернет желісіне қол жеткізумен қамтамасыз етеді.

  4. «ҰАТ» АҚ мүмкіндігіне қарай компьютерлік сыныптар дайындығын:

жергілікті есептеу желісін тартуды;

Интернет желісіне қосуды;

компьютерлік сыныптарға жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді жүргізуді;

халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау мен үйлестіруді;

халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту нәтижелеріне мониторинг пен талдау жүргізуді;

ақпараттық теңсіздікті төмендету мәселелері бойынша бейнеконференциялар, семинарлар ұйымдастыруды;

Бағдарлама іс-шараларын іске асыруды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Облыстардағы, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері оқытудың және тестілеудің жоспар-кестелерін, компьютерлік сауаттылық кустарының тыңдаушыларының 1 жылға арналған тізімін құрады (6,7 қосымша). Бұл ретте тыңдаушылар тізімі келіп түсетін өтініштерге байланысты түзетілуі мүмкін. Әрбір компьютерлік сыныпқа 2 оқытушы-жаттықтырушыдан анықталады.

Оқытудың және тестілеудің жоспар-кестелері, тыңдаушылар тізімі үш данада дайындалады: 1-дана аймақтық әкімдік үшін, 2-ші данасы – АБА атына жіберіледі, 3-ші данасы – компьютерлік сыныпта сақталады. Жоспар-кестенің түпнұсқадан көшірілген көшірілген электрондық болжамасы Қазақстан аймақтарында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытуды үйлестірушіге – ҰАТ АҚ жіберіледі.

Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытуға жауаптылар компьютерлк сыныптар бөліктерінде оқып-үйренушілер саны туралы ақпараттық анықтаманы тоқсан сайын беруге міндетті.



  1. Оқыту курсы бағдарламасы 40 академиялық сағатқа есептелген. Бір академиялық сағаттың ұзақтығы - 40 минут. Оқыту үдерісін екі нұсқада ұйымдастыруға болады:

Екі ауысымдық оқыту, мұнда бірінші және екінші ауысым сабақтары сағат 9.

Академия - ғылыми қоғамдардың, мекемелердің, оқу орындарының атауы. "Академия" сөзі гректің Akademos деген мифтік батырының атынан шыққан. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда Афины маңындағы "қасиетті бақ" сол батырдың атымен аталып, онда Платон өз шәкірттеріне лекция оқыған.

Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.

00-ден 13.00-ге дейінгі және сағат 14.00-ден 18.00-ге дейінгі уақытпен регламенттелген., оқыту курсының жалпы ұзақтығы – оқыту курсының сабақ кестесіне сәйкес 2 апта (9 қосымша);

Бір ауысымдық оқыту, мұнда сабақтар сағат 9.00-ден 16.00-ге дейінгі уақытпен регламенттелген., оқыту курсының жалпы ұзақтығы – оқыту курсының сабақ кестесіне сәйкес 5 күн (9.1 қосымша).

Сабақ кестелері Бағдарламасын іске асыруға жауапты аймақ басшысымен бекітіледі.

Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үдерістерін ұйымдастыруды және тыңдаушылардың қатысу үлгерімін қамтамасыз етуді орындауға жауапты аймақ (облыс, қала, аудан) басшысының бұйрығымен тағайындалған оқыту үйлестірушісі болып табылады.

Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту курсының аяғына қарай тыңдаушыларды тестілеу жүргізіледі және БҒМ мен АБА-ның бірлескен бұйрығымен бекітілген тиісті сертификат беріледі.

Сертификат (Куәландырма) (лат. sertіfіco - куәландырамын) - иеленушіде белгілі бір білім мен біліктілік бар екенін куәландыратын құжат; белгілі бір фактіні растайтын құжат (мыс., медициналық сертификат - қайсыбір елге сапарға шығар кезінде егу жасалғандығы туралы, т.б.)



  1. Оқу орындарында тиісті курстардыы өтушілер немесе өз бетінше дайындалғандар үшін мерзімінен бұрын сертификатқа тест тапсыруға болады.




  1. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту курстарының тыңдаушыларын тестілеу тәртібі




  1. Тестілеу өткізу үшін аймақ (облыс, қала, аудан) басшысының бұйрығына сәйкес компьютерлік сауаттылыққа оқып-үйренушілерді тестілеу жөніндегі комиссия құрылады. Тестілеу жөніндегі комиссияға әкімдік, білім органының өкілдері мен оқытуды үйлестірушінің кіруі тиіс. Комиссия төрағасы әкімдік басшысымен бекітіледі.

Тестілеу үдерісі БҒМ бекіткен тестілеу тәртібіндегі стандарттарға сәйкес Web-портал Орталығының базасында online тәртібінде Интернет желісінің интерактивті ортасы арқылы жүргізіледі.

  1. тестілеу нәтижелері бойынша компьютерлік сауаттылыққа оқыту курсын аяқтау туралы сертификат беріледі.

  2. Сертификаттың реттік нөмірлері мынадай құрамдас бөліктерден тұрады.




ХХ

ХХ

ХХ

/

ХХХХХХ


сертификат нөмірі

тұрғылықты пункт



қала/аудан



облыс





  1. Қазақстанның аймақтарында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру бойынша аралық мемлекеттік бақылау




  1. Компьютерлік сыныптарда аралық мемлекеттік бақылау міндеттері:

    1. Оқып-үйренушілердің компьютерлік сауаттылығының бағаларын жүзеге асыру;

    2. Оқу үдерісін ұйымдастыру тиімділігін бағалау;

    3. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытуды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды өңдеу;

    4. ұйымдармен көрсетілген білімдік қызметтердің сапасына салыстырмалы талдау жүргізу болып табылады.

  2. мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасы аймақтарында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру бойынша аралық мемлекеттік бақылау өткізудің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады

  • Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін оқытушыларды дайындау
  • Білім және ғылым министрлігінің
  • Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту
  • Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту тәртібі
  • 6,7,8 қосымша
  • Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту курстарының тыңдаушыларын тестілеу тәртібі
  • Қазақстанның аймақтарында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру бойынша аралық мемлекеттік бақылау

  • жүктеу 102 Kb.