Главная страница
Контакты

    Басты бет


Әож 477. 25 АҒылшын тілі сабағында ақпараттық технологияны тиімді қолдану

жүктеу 109.75 Kb.



жүктеу 109.75 Kb.
Дата08.04.2017
өлшемі109.75 Kb.

Әож 477. 25 АҒылшын тілі сабағында ақпараттық технологияны тиімді қолдану



ӘОЖ 477.25

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ

Ескерова А.С.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент қ.

aigerim_9090@mail.ru
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.
Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.
 Әрбір оқытушы студентке тиянақты, терең білім беруге, заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерту, оның жетістіктерін сабақ үрдісінде тиімді пайдалана білуі керек.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісінде 50-ден астам жаңа технологияның бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан әр пәнді оқыту технологиясын таңдап іріктеу және оны пайдалану арқылы студенттің білімін арттыруға болады. Мұнда студенттің әрекеті, технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлу қажет. Өйткені оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайында өмір талабынан туындап отыр.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
[1,361]



  Білім  беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзектімәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық  қарым-қатынас  біліктілігін қалыптастыру  десек, онда  сол шетел  тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ. 

  Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі.
Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Ағылшын тілі Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.
Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.[2,412]


 Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді. Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.
Телекоммуникациялар (ағылш. Telecommunications) - негізі ақпарат тарату құралдары мен әдістері болып табылатын әрекет аймағы. Телекоммуникациялар немесе коммуникациялар мемлекетгің инфрақұрылымның маңызды белігіне жатады.
Скотт (ағылш. Scott) Вальтер (15.8. 1771, Эдинбург - 1.9.1832, Эбботсфорд) - әлемге әйгілі ағылшын жазушысы, тарихи роман жанрының негізін салушы, ақын, тарихшы, адвокат. Вальтер Скотт – XIX ғасыр әдебиеті тарихында ерекше орын алатын көрнекті тұлғалардың бірі.
Ақпарат технологиясы Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
 

Оқытушылардың сабақты жобалаудағы жауапкершілігі студенттердің шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады. Олар аз уақытта жаңа технология жәрдемінде үлкен жетістіктерге жете алады. Оқудың дәстүрлі үрдісіне инновациялық технологияны ендіру, оқытушылар мен студенттерге дәстүрлі формаларды және әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңаларды да, атап айтқанда: тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар және тағы басқалары. Оқытушылардың біліктілігі олардың педогогикалық қарым-қатынаста жағдаят жасауда көрінеді, онда оқытушылар да, студенттер де таңдау және бақылау мүмкіншілігіне ие болады.[3,165]

 Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. 

Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.[4,254]

Білім беру үрдісін ақпараттандыруда төмендегідей әдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады:

• білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу; білім алуға мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау және т. б.

• жеке тұлғаны жетілдіру ( түлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен шұғылдану іскерлігін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман дайындау және т. б.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.
Даму - қайталанбайтын, заңды және бағытты өзгерістерді білдіретін философиялық ғылыим категория. Ол қалыптасу категориясымен салыстырғанда анағұрлым нақты.
Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
)


• оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды тереңдету.

Сөз арқауы компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде, тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады . Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.
Студенттердің шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиадалар және т.б.


«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.
Формула (Formula) - электрондық кестедегі (Excel) математикалық өрнек, оның жұмыс нәтижесі торлардағы мәндерге байланысты болады. Мысалы, D5 торына енгізілген мынадай формула =а5+b5+с5 A5, В5, С5 торындағы сандардың қосындысын D5 торына орналастырады.
[5,254]


Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:

• электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция;
Ресурс (Resource) - процеске немесе пайдаланушыға бөлінетін есептеуіш жүйенің логикалық немесе физикалық бөлігі: орталық процессор уақыты, жедел немесе сыртқы жад аймағы, логикалық немесе физикалық сыртқы құрылғы.


• жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web

• серверге жеке шығару;

• ақпараттық каталогтар ( Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).

Шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, студенттер психологиялық тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады. Атап айтқанда, студенттердің жасаған әрбір жұмысына берілетін бағаның, олардың жасаған қатесін қайталаулар негізінде көрсете отырып, яғни жұмыс нәтижесін мақұлдап немесе белгілі бір дәрежеде қоштамай, өз пікірін білдіріп отыратын оқытушының тікелей қатыспауы, студенттерге өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік болуын қамтамасыз етеді.
Жеңілдіктер - қоғамдағы кейбір әлеуметтік топтардың, жеке азаматтардың көпшілікке арналған заңды міндеттердің кейбіреуінен ішінара босатылуы, не оларға мемлекет тарапынан түрлі артықшылықтардың берілуі.
Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.
Бұдан оқытушының шетел тілі сабағындағы орнын жоққа шығару деген түсінік туындамауы керек.
Керісінше, оқытушы тіл үйренушілердің жеке тұлға ретінде өз тапсырмаларын орындап, жұмыс қортындысын белгілейтін әлеуметтік-психологиялық жағдай туындата алатын, олардың жұмысына бағыт-бағдар беретін бірден-бір субъект.
Бағыт-бағдар - саяхат, сапар, экспедиция жасауда, шыңға шықканда жүріп ететін жол.


Қазіргі уақытта шетел тілін оқытудың коммуникативтігі, интерактивтілігі, аутенттігі тілді үйрену үрдісінің мәдени контексте болуы үстемдікке ие болуда. Аталған ұстанымдар коммуникативтілік қабілетінің компоненті ретінде мәдениетаралық біліктілікті дамытудың алғышартын жасайды.

Шетел  тілін оқыту технологиясының  тиімділігінің  көрсеткіштері мыналар:

Студенттердің  моральдық  психологиялық  ,интелектуалдық және  жас ерекшеліктерін  ескеру.

Оқуға жағымды көңіл күй  қалыптастыру.

Студенттердің  еске  сақтау қабілеті мен творчестволық  деңгейін көтеру арқылы белсенділігін арттыру.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Оқуды  игеруге  мультимедиялық және басқа да техникалық  арсеналды кең іске қосу.

Студент мәселені түсінбей, өзіне қажетті ақпаратты ала-алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келу мүмкіншілігінен айрылып, өзінше ой қорытып, оны тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетіне ие бола алмайды. Ал  мәселені  шешуде жаңа ой , құнды пікір айту өте маңызды.  Және ол міндетті түрде қортындыланып, көрініске  ие болар болса, оның нәтижесі жоғары болмақ. Шетел  тілін оқыту технологиясының  тиімділігінің  көрсеткіштері мыналар:


  • Студенттердің  моральдық  психологиялық, интелектуалдық және  жас ерекшеліктерін  ескеру.

  • Оқуға жағымды көңіл күй  қалыптастыру.

  • Ұстаз бен студент  арасында сөз алмасу, ғылыми  қарым-қатынас және әріптестік принципін  орнықтыру.

  • Студенттердің  еске  сақтау қабілеті мен творчестволық  деңгейін көтеру арқылы белсенділігін арттыру.

  • Оқуды  игеруге  мультимедиялық және басқа да техникалық  арсеналды кең іске қосу.

Сабақтардың  бітуімен  студенттердің келешекке  қанағаттануының  қорытынды нәтижесі.

Білім беру технологиясының  үш  түрлі типі  бар.   Олар дәстүрлік, инновациялық  және Ақпараттық.  Бастысы –  технологияның  жиынтығы  емес, оның  дәрежесі.

Студенттің  әртүрлі  ақпарат  көздерін, ресурстарын пайдалану  арқылы компьютерлік технологияның  көмегімен  өздерінің  дербес ізденуі арқылы тілді  игеруге  кәсіби шеберлігін  шыңдайды.  Жаңа ақпараттық технологияға әртүрлі  ақпараттарды электрондық әдіспен енгізу, сақтау және  беру болып табылады.  Оларды  оқу процесінде  пайдалану ерекшелігіне  сай  мына төмендегідей топтастыруға  болады:

Компьютерлік  оқу бағдарламалары  (электрондық  оқулықтар, тренажерлар, тьюторлар, лабораториялық  жаттығулар, тест  жүйесі). Мультимедиялық технологияға сай  оқу жүйесі  компьютер, видеотехника, оптикалық  дискінің  жиындысын пайдалану арқылы  жүргізіледі. Интеллектуалдық  және  эксперттік  жүйе. Ақпарат  жиынтығы  базасының  қалыптасуы. Электрондық  пошта, телеконференция, шоғырлы не  аймақтық  байланыс  жүйесін  біріктіретін телекоммуникациялық  қондырғылар.  Электронды  кітапханалар.

Телеконференция (ағылш. Теlеconference) - пайдаланушылардың сөздік, мәтіңдік және бейнеақпараттарын өндеу және тарату негізіндегі қарым-қатынас мақсатында қолданылатын желі қызметтерінің интегралдық жиынтығы.
Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.
Бұл  технологиялар  білім саласында оларды пайдаланудан  гөрі тезірек дамиды.  Жоғары оқу  орындарында  көбіне – көп  электрондық почталар жиі  пайдаланылады.  Қазіргі  кезде  аудиоақпарат  алмасу, видеоақпарат алмасу, виртуалды аудиторлық тақта,тақырыптық  ақпарат енгізілген  клавиатуралар,  файлды алмасу,  көпжақты конференциялар  өткізу кеңнен  таралған  көпке  белгілі компьютерлік видеоконференц байланыстың әдістемесіне жатқызылады.
Аудитор (лат. auditor - тыңдаушы, тексеруші) - аудиторлық қызметпен айналысушы маман. Онымен жоғары экономикалық және заң білімі бар, мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс істеген және тиісті аттестациядан өткен адам айналыса алады.
Бұл  технологиялар  ағылшын  тілін  біршама меңгерген  студенттің еншісі болып  табылады.  Өйткені  бұл  материалдар тек ағылшын  тілінде  ғана  беріледі.  Компьютер  жүйесі оқу  процесін жетілдіру құралы болып табылады.  Дегенмен,  Интернет  жүйесіндегі оқуға байланысты  ақпараттар сирек, аз, жүйеленбеген.   Оқу  процесін  аралық байланыс арқылы  басқару  электрондық почта  арқылы материалдар қабылдау, жіберу, курс және диплом  жұмыстарын көшіру,  интерактивтік  хабарлар алмасу  арқылы жүргізіледі. Бүгінде  бұл технологиялар  оқытудан гөрі жаңа дамушылық маңызға ие .  Дегенмен, түрлі ақпараттық  ағымды  пайдалану  арқылы  шет тілін меңгеруге  талпыныс  келешек медик-студенттерге  өздерінің жан-жақты дамып, сауатты маман ретінде  қалыптасуына  игі ықпал  етеді. Студенттердің  техникалық  білімінің  кәсіби бағдарламаға сәйкес  шет тілін меңгере  отырып игеруі, олардың осы мақсатта жүйелі  түрде технологиялық ақпараттарды  және  педагогикалық  технологияны пайдалана  отырып  үнемі  дайындығын арттыруына, ізденуіне  байланысты. Жаңа  педагогикалық  технология  студенттерді  шет  тілін меңгеруге  жеке  бағыттап, даярлық  кезінде  олардың  қарым – қабілетін ескеруге  мүмкіндік  береді. Технологияның  методикаға   қарағанда  айырмашылығы  мынада: оқуды жобалау тәжірибені  қортындылау  негізінде  емес, оқуды  ғылыми  тұрғыдан негіздеуге  бағытталған.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

Технология  нәтиженің  тұрақтылығына  негізделген.  Оқудың  жағдайы  мен түрлі факторларына  қарамайды   Жеке іскерлік тұрғысынан педагогикалық  технология  жоғары     нәтижеге  жету үшін оқу процесіне  эмперикалық  инновацияны  пайдалану  арқылы  ғылымды  игеруге  дидактикалық  білімнің қасиетін нақтылау.   Ол  үшін оқудың  мазмұнын, әдісін,  оқу процесін  ұйымдастыру  формасын,  оқу  құралын  жетілдіру қажет.

Интернет – технологияның  мәселелерін  зерттеушілер  кез  келген педагогикалық  технология  ақпараттық  екенін  баса  көрсетеді.  Ақпараттық  технология  оқу процесіне кеңінен  компьютерлік  технологияны  пайдаланумен  ерекшеленеді.  Оқуда жаңа ақпараттық  технологияны  пайдалану  негізгі  педагогикалық технологияның  негізгі  принциптерін  қанағаттандырады.   Шет тілін кәсіби бағдар  ретінде оқып  үйренуде жаңа педагогикалық  және  телекоммуникациялық технологияларды  пайдалану  бүгінгі  күнгі білім жетілдірудің  инновациялық  түрі  болып  табылады.

Педагогикалық  технология  деп оқудың  сапасын  жақсарту және   жобалық  қортындыға жету  мақсатында оқытушы  мен студенттер  біріккен  технологиялық  іс- қимылын  айтады.

Инновациялық  технологияларды сабақта  қолдану -  бұл оның нәтижелігіне  қолайлы  жағдайды  жасаудың бірден – бір  жолы, Оқытудың жаңа технологияларының мақсаты-оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары студенттердің өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алуында.

Ағылшын тілін меңгеруде ақпараттық құралдар пайдалану оқытушы мен студенттердің ізденушілік және шығармашылық қабілеттерінің дамуына, студенттердің тілдік біліктілігінің, тыңдау дағдыларының, сөйлеудің қалыптасуы мен дамуына, жазу әрекетін жетілдіруге, тұлғаның шыңдалуына зор әсерін тигізеді.

Күнделікті ағылшын тілі сабағын әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы өткізу студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі. Сабақтың мазмұны, түрі, оқыту әдістері,теориялық және практикалық құндылығы жоғары болған сайын, сабақ жоғары деңгейде өтеді. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру-оқытушының өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен студенттердің шығармашылық ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, жұмбақ жасыру, танымдық ойындарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Сондықтан да әр сабақты бір-біріне ұқсатпай сайыс, конференция, жоба қорғау сияқты түрлендіріп өткізуге болады.

Студенттердің ойлау қабілетін дамыту, танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру, шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде жаңа технологияларды тиімді пайдаланып отырамын.

Соңғы жылдары заман талабына сай күнделікті сабақта ақпараттық- коммуникациялық технологияларды, компьютерді, электронды оқулықтарды, лингофонды, электрондық байланыс жасау, ақпарат алмасу, интернет желісін пайдалану, электронды пошта, on-line сабақтар өткізу арқылы іске асуда. Мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлігімен анықталады.

Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы. Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.

Білім саласындағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жастарды дайындай білуіміз керек. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен.

Ыбырай Алтынсарин (шын аты - Ибраһим, 1841-1889) - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.[6,124]


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Ағылшын тілі мектепте. 2012 №5. 2013 №1. 3.

  2.  Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты  республикалық  ғылыми  конференцияның материалдары. Мектептегі шет тілі, 2011ж. №3

  3. С. Т.Мұхамбетжанова, Ж. Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс  жасау.  Әдістемелік құрал.-Алматы, 2008ж.

  4. М. Мақсұтқанова,  Интерактивті  тақта. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, 2010ж.

  5. Білімз аңы. Алматы,2012ж.

  6. А.Иманбаева,Оқу - тәрбие үрдісін ақпараттандыру жолы. Қазақстан мектебі, №2, 2010

  7. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» – Астана, 2014.

  8. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Бағдарлама жобасы үшін дайындалған I-ІҮ методикалық құрал, 4 - 25 шілде. 2013ж.

  9. Студенттің танымдық белсенділігін арттыру. //Қазақстан мектебі, 2010, №7

  • Вальтер Скотт

  • жүктеу 109.75 Kb.