Главная страница
Контакты

    Басты бет


Әож 316. 663. 5 Шетел тілін оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолданудың маңызы

жүктеу 62.37 Kb.



жүктеу 62.37 Kb.
Дата08.04.2017
өлшемі62.37 Kb.

Әож 316. 663. 5 Шетел тілін оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолданудың маңызы



ӘОЖ 316.663.5

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Жекебаева Р. Д. оқытушы

ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан



Канаева Л.С. магистр, аға оқытушы 

ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан



Резюме

 В  данной  статье  рассматриваются  преимущества применения  инновационно-информационных  технологии, являющиеся  основным  фактором  повышения  качества образования   и   обучения   иностранным   языкам


Summary

This  article  deals  with  the   advantages of  usage  innovative   technologies   which  is the  basic  factor of   increasing  the  quality  of  education  and  the  teaching  of  foreign languages.

  Білім  беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық  қарым-қатынас  біліктілігін қалыптастыру  десек, онда  сол шетел  тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ. Білім беру үрдісін ақпараттандыруда  төмендегідей әдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады:



  • білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу;
    Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.
    Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
    Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
    Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
    Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
    Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
    білім алуға мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау және  т. б.

  • жеке тұлғаны жетілдіру (тұлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен  шұғылдану іскерлігін дамыту, ақпараттық  мәдениетін қалыптастыру және  т. б.

  • әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман дайындау және  т. б.)

  • оқу-тәрбие жүмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды тереңдету  және т. б.

Сөз арқауы компьютерлік технологияны  пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ.
Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Интернет Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Жаһанданған  интернет жүйесін қолдану негізінде,тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады,жүйе  материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға , сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады .  Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.Студенттердің шетел тілін үйренуге  деген  ынтасын  арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиадалар және т.б.«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді.  Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды  түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.
Формула (Formula) - электрондық кестедегі (Excel) математикалық өрнек, оның жұмыс нәтижесі торлардағы мәндерге байланысты болады. Мысалы, D5 торына енгізілген мынадай формула =а5+b5+с5 A5, В5, С5 торындағы сандардың қосындысын D5 торына орналастырады.
Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:

  • электрондық пошта ( e-mail), телеконфереция, видеоконференция;
    Ресурс (Resource) - процеске немесе пайдаланушыға бөлінетін есептеуіш жүйенің логикалық немесе физикалық бөлігі: орталық процессор уақыты, жедел немесе сыртқы жад аймағы, логикалық немесе физикалық сыртқы құрылғы.


  • жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web

  • серверге  жеке шығару;

  • ақпараттық каталогтар ( Yahoo,  InfoSeek UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).

Шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, студенттер психологиялық тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады.  Атап айтқанда, студенттердің жасаған әрбір жұмысына берілетін бағаның,олардың жасаған қатесін қайталаулар негізінде көрсете отырып, яғни жұмыс нәтижесін мақұлдап немесе белгілі бір дәрежеде қоштамай, өз пікірін білдіріп отыратын оқытушының тікелей қатыспауы, студенттерге өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік болуын қамтамасыз етеді.
Жеңілдіктер - қоғамдағы кейбір әлеуметтік топтардың, жеке азаматтардың көпшілікке арналған заңды міндеттердің кейбіреуінен ішінара босатылуы, не оларға мемлекет тарапынан түрлі артықшылықтардың берілуі.
Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.
  Бұдан оқытушының  шетел тілі сабағындағы  орнын жоққа шығару деген түсінік туындамауы керек. Керісінше, оқытушы тіл үйренушілердің жеке тұлға  ретінде өз тапсырмаларын орындап, жұмыс қортындысын белгілейтін әлеуметтік-психологиялық жағдай туындата алатын, олардың жүмысына бағыт-бағдар беретін бірден-бір субъект. Қазіргі уақытта шетел тілін оқытудың  коммуникативтігі, интерактивтілігі, аутенттігі тілді үйрену  үрдісінің мәдени контексте болуы үстемдікке ие болуда. 

Аталған ұстанымдар  коммуникативтілік  қабілетінің  компоненті  ретінде  мәдениетаралық  біліктілікті дамытудың  алғышартын жасайды.  Шетел тілін дәстүрлі оқытуда тіл үйренушілер тілдік жаттығуларды  жасап, қажетті материалды жаттаумен ғана шектеледі.  Яғни, ол төмендегідей көрініске  ие болады: «сөздік қор қажетті құрылым =  тіл».

Бағыт-бағдар - саяхат, сапар, экспедиция жасауда, шыңға шықканда жүріп ететін жол.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Алайда , тілдік құрылымды жаттаумен шектелу, тілді қарым- қатынас  құралы ретінде меңгеруге толық мүмкіндік бермейді.  Шетел тілінде тілдік қарым – қатынасқа үйрету үшін шынайы, өмірлік жағдаяттар туындату қажет.   Ол студенттердің қажетті материалды меңгеруіне  және соған сәйкес  мінез – құлықын  қалыптастыруға  жағдай жасайды.  Аталған мәселені шешуде  Интернет жүйесі  айтарлықтай маңызға ие . Біз дәстүрлі шетел тілі сабағынатағы да сипаттама жасайық.  Көп жағдайда шетел тілін оқыту үрдісінде оқытушы студент ойын басқарады, яғни, бағыт беру немесе жетекшілік етуден гөрі, ол басшылық қызметіне  ауысады.  Бұл әрекет, психологтар көрсеткендей, студенттердің ойлау процесін тежейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін оқытушы өзі дайындап, жоспарды беріп, студенттен сөйлеу барысында тек соған сүйенуін талап етеді.  Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға  еркіндік берілмейді.Студент мәселені түсінбей, өзіне қажетті ақпаратты ала-алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келу мүмкіншілігінен айрылып, өзінше ой қорытып, оны тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетіне ие бола алмайды. Ал  мәселені  шешуде жаңа ой, құнды пікір айту өте маңызды.  Және ол міндетті түрде қортындыланып, көрініске  ие болар болса, оның нәтижесі жоғары болмақ.

Шетел тілін оқыту технологиясының  тиімділігінің  көрсеткіштері мыналар:


  • Студенттердің  моральдық  психологиялық ,интелектуалдық және  жас ерекшеліктерін  ескеру.

  • Оқуға жағымды көңіл күй  қалыптастыру.

  • Ұстаз бен студент  арасында сөз алмасу, ғылыми  қарым-қатынас және әріптестік принципін орнықтыру.

  • Студенттердің  еске  сақтау қабілеті мен творчестволық  деңгейін көтеру арқылы белсенділігін арттыру.

  • Оқуды  игеруге  мультимедиялық және басқа да техникалық  арсеналды кең іске қосу.

  • Сабақтардың  бітуімен  студенттердің келешекке  қанағаттануының  қорытынды нәтижесі.

Білім беру технологиясының  үш  түрлі типі  бар.   Олар дәстүрлік, инновациялық  және ақпараттық.  Бастысы -  технологияның  жиынтығы  емес, оның  дәрежесі. Студенттің  әртүрлі  ақпарат  көздерін, ресурстарын пайдалану  арқылы компьютерлік технологияның  көмегімен  өздерінің  дербес ізденуі арқылы тілді  игеруге  кәсіби шеберлігін  шыңдайды.  Жаңа ақпараттық технологияға әртүрлі  ақпараттарды электрондық әдіспен енгізу, сақтау және  беру болып табылады.  Оларды  оқу процесінде  пайдалану ерекшелігіне  сай  мына төмендегідей топтастыруға  болады:Компьютерлік  оқу бағдарламалары  (электрондық  оқулықтар, тренажерлар, тьюторлар, лабораториялық  жаттығулар, тест  жүйесі). Мультимедиялық технологияға сай  оқу жүйесі  компьютер, видеотехника, оптикалық  дискінің  жиындысын пайдалану арқылы  жүргізіледі. Интеллектуалдық  және  эксперттік  жүйе.

Ақпарат  жиынтығы  базасының  қалыптасуы. Технология  нәтиженің  тұрақтылығына  негізделген.Оқудың  жағдайы  мен түрлі факторларына  қарамайды. Жеке іскерлік тұрғысынан педагогикалық  технология  жоғары     нәтижеге  жету үшін оқу процесіне  эмперикалық  инновацияны  пайдалану  арқылы  ғылымды  игеруге  дидактикалық  білімнің қасиетін нақтылау.   Ол  үшін оқудың  мазмұнын, әдісін,  оқу процесін  ұйымдастыру  формасын,  оқу  құралын  жетілдіру қажет. Интернет-технологияның  мәселелерін  зерттеушілер  кез  келген педагогикалық  технология  ақпараттық  екенін  баса көрсетеді. Ақпараттық технология оқу процесіне кеңінен  компьютерлік  технологияны пайдаланумен ерекшеленеді.

Оқуда жаңа ақпараттық технологияны  пайдалану  негізгі  педагогикалық технологияның  негізгі  принциптерін  қанағаттандырады.  Шетел тілін кәсіби бағдар ретінде оқып үйренуде жаңа педагогикалық және  телекоммуникация- лық технологияларды  пайдалану  бүгінгі  күнгі білім жетілдірудің  инновациялық  түрі  болып  табылады.Педагогикалық  технология  деп оқудың  сапасын  жақсарту және   жобалық  қортындыға жету  мақсатында оқытушы  мен студенттер  біріккен  технологиялық іс-қимылын айтады.

Қорыта айтқанда,  инновациялық технологияларды сабақта  қолдану -  бұл оның нәтижелігіне  қолайлы  жағдайды  жасаудың бірден – бір  жолы, ал ол өз кезегінде  бірлесе  жұмыс  жасауға, адами  қарым – қатынастарға  себепкер болады.  Оқытуға жаңашыл көзқарасты  қолдану, тәжірибеге  бағытталған  оқытудың  үлкен  жетістігі болып  табылады, сондай- ақ  оның  сапасы  алынған  білімнің нақты  жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің  сапасын  көтеруде үлкен  сұранысты  қанағаттандыруды  қамтамасыз етеді.


Әдебиеттер:

1. Клейман Г.Б., Леонов А. Г., Кузьменко М.А. Что Такое Интернет? Информационные и коммуникационные технологии в образовании. 1998.



2. Johnson L. Internet Options in the Classroom. // www.clta.net/lessons/class.html.

  • Канаева Л.С.
  • Білім беру
  • Әдебиет тер

  • жүктеу 62.37 Kb.