Главная страница
Контакты

    Басты бет


ӘӨЖ 004. 023 АҚпараттарды желі арқылы тиімді тарқату әдістері

жүктеу 52.81 Kb.



жүктеу 52.81 Kb.
Дата26.03.2017
өлшемі52.81 Kb.

ӘӨЖ 004. 023 АҚпараттарды желі арқылы тиімді тарқату әдістері



ӘӨЖ 004.023

АҚПАРАТТАРДЫ ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ ТИІМДІ ТАРҚАТУ ӘДІСТЕРІ
Лесбаев Е.Д. – ғылым магистрі, оқытушы,

Ағайдаров Е. – информатика мамандығының магистранты

«Сырдария» университеті, Жетісай қаласы


Резюме

В данной работе рассматривается методы передачи данных в локальных сетях

Summary

In this paper the methods of data transmission in local networks
Кіріспе

Қазіргі заманғы қоғам, тауарлар, қызметтер және еңбек нарығы көп жағынан алғанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қарқынды дамуымен байланысты өзгерістермен сипатталады. Кәдімгі адам өміріндегі компьютердің қызметі екпінмен артып келеді. Компьютер қоғамдық өмірдің барлық дерлік: білім беру мен медицинада, телевизия және радиода, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және т.б.

Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.

тиімді көмекші құрал бола алатын салаларында қолданылады. Бүгінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар шағын кәсіпорындардың, дүкендердің, мекемелердің, жұмысқа орналастыру бюроларының, тіпті фермалардың да ажырамас жабдығына айналып отыр. Компьютерлік жүйелер көмегімен құжаттамалар жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер банктерімен қатынас қамтамасыз етіледі. Компьютерлер кең ауқымды өндірістік міндеттерді атқаруда қолданыс тауып, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады және желі арқылы хабар алмасуды ұйымдастыру тақырыптың өзектілігін тудырады [1].



Тақырыптың өзектілігі. Желі арқылы хабар алмасуды ұйымдастыратын ақпараттық жүйесін құру.

Жұмыстың мақсаты. Жергілікті және клиент-серверлік берілгендерді жергілікті желіде басқаруға және оны ары қарай демеуге арналған құралдармен қамтамасыз ету, сонымен қатар, кез келген берілгендермен жұмыс жасауға арналған қолданбалы программаларды құруға да мүмкіндік беруі.

Жұмыстың міндеті. Жергілікті желіде хабар алмасуды ұйымдастыру, берілген мәліметтерді автоматты түрде басқару адресатқа жіберу.

Осының бәрі ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт – азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр. Бұл – кез келген адам дербес компьютер, Windows амалдық жүйесі деген не екенін біліп, Microsoft Office дестесіндегі қосымшалармен (Word, Excel, PowerPoint) жұмыс істей алуы, Internet ғаламдық желісінің қызметтерін пайдалана білуі қажет деген сөз.

Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін әрбір компьютерде желілік бейімдеуіш немесе желілік тақша орнатылған болуы тиіс.

Желілік бейімдеуіш (ағылш. Network Interface Card, NIC) - компьютерді желіге қосатын құрылғы. Бұл құрылғы сондай-ақ желілік тақта немесе желілік тілдесу тақтасы (NIC) деп те аталады.

Компьютерлердің қазіргі заманға сай моделдерінде әдетте желілік бейімдеуіш аналық тақшаға бірге орнатылған болады. Содан кейін компьютерлерді кабелдермен жалғау керек. Компьютерлер арасында мәліметтер алмасу арнайы құрылғы – шоғырлауыш (немесе хаб) көмегімен жүзеге асырылады. Желідегі әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп те атайды. Әрбір жұмыс станциясының атауы бар және ол қандай да бір жұмыс тобына жатады. Компьютердің атын білу оны жергілікті желіде таба алу үшін қажет.

Егер бір бөлмеде, ғимаратта немесе жақын орналасқан ғимараттар кешенінде пайдаланушылар қандай да бір мәселені бірігіп шешуге, мәліметтер алмасуға немесе ортақ мәліметтерді пайдалануға тиісті бірнеше компьютер бар болса, онда осы компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру орынды болады. Егер Сіздің мекемеңіздің компьютерлері желіге қосылған болса, онда қызметкерлер арасындағы құжаттар алмасу көшіру немесе жылжыту амалы жүзеге асады. Компьютерлердің біріне басып шығарғыш қосылған болуы мүмкін, онда жергілікті желінің арқасында басқа компьютерлерді пайдаланушылар одан өз компьютерлеріндегі құжаттарды басып шығара алады. Жергілікті желі – бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылатын кабелдер (сондай-ақ телефон желісі немесе радиоарналар) арқылы өзара қосылған бірнеше компьютер тобы. Жұмыс үстелінде жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған, және де компьютерлер арасында хабар алмасу пайдаланушылардың жұмысын жылдамдатады. Ол өз кезегінде пайдаланушылардың мәліметке жүріп бару жолын және уақытын үнемдейді [2].

Жалпы чат секілді қосымшалар, яғни компьютер арасында хабар алмасуға арналған бағдарламалар көптеп пайда бола бастады. Олардың әрқайсысы өзінше әдемі, ыңғайлы және әр түрлі мақсаттарға арналған. Біздің жасаған бағдарламамыз кішігірм чат жүйесі. Ол дискіден көп орын алмайды, бар болғаны 503 Кб. Екіншіден, өзі сервер, өзі клиент, яғни клиенттік және серверлік бөлімдері біріктірілген. Меню қатары мен құрал-саймандар қатары қолдануға өте ыңғайлы.

Сонымен, бағдарламаны іске қосқаннан кейін экран бетіне 1-суреттегідей терезе ашылады. Бұл чат жүйесінің негізгі формасы.



Сурет 1. Локальді желілерге арналған чат жүйесінің негізгі формасы
Назар аударсаңыз төменгі қалып-күй қатарында «Күтуде ...» сөзі жазылған. Ол бағдарлама әлі ешбір компьютермен байланыс орнатпағанын білдіреді. Демек бұл бағдарламамен толыққанды жұмыс жасау үшін біз жергілікті желіге қосылған кез-келген компьютермен байланыс орнатуымыз керек деген сөз. Ол үшін бұл бағдарлама байланыс орнатпақ болған компьютерде де іске қосылған болуы шарт. Онсыз чатпен сөйлесу мүмкін болмайды.

Сонымен байланыс орнату үшін меню қатарынан Хабар алмасу Байланысу тізбегін орындаңыз. Экранда 2-суреттегідей сұқбат терезесі пайда болады. Ондағы мәтіндік өріске байланысқалы тұрған компьютердің атын немесе IP адресін енгіземіз де батырмасын басамыз. Осыдан соң байланыс орнатылады.



Сурет 2. Компьютермен байланыс орнату сұқбат терезесі
Байланыс орнатылғаннан соң негізгі форманың төменгі жағында орналасқан қалып-күй қатарында «Компьютердің аты компьютерімен байланысты» сөзі шығады. Осыдан соң чат жұмысқа дайын, әрі қарай хабар алмасуыңызға сізге ешкім кедергі жасай алмайды.

Бұл бағдарламада бұдан да басқа мүмкіндіктері бар. Атап айтар болсақ, белгіленген мәтін бөлігін буферге қиып алу, көшіру немесе буферден мәтіндік өріске орналастыру командалары қарастырылған.

Одан басқа мәтіндік өрістің қаріпін өзгертуге болады. Ол үшін меню қатарынан Параметрлері Қаріп тізбегін орындаңыз. Экранда 3-суреттегідей сұқбат терезесі пайда болады.

Сурет 3. Мәтіндік өрістің қаріпін таңдау
Мәтіндік өрістің фонының түсін де өзгертуге болады. Ол үшін меню қатарынан Параметрлері Фонның түсі тізбегін орындаңыз. Экранда 4-суреттегідей сұқбат терезесі пайда болады.

Сурет 4. Фонның түсін таңдау.
Қорытынды

Зерттеу жұмысында жергілікті желіде хабар алмасатын ақпараттық жүйесі жасалды. Бұл ақпараттық жүйенің артық жерлері: көлемі кішігірім (дискетке де сиып кетеді), қолдануға ыңғайлы, қажетті командалар жеткілікті және өзі сервер өзі клиент.



Әдебиеттер

  1. Глушаков С.В., Ломотько Д.В., Мельников И.В. Работа в сети Internet. – Харьков: Фолио, М.: ООО «Издательство «АСТ», 2000.

  2. Дж.Борман. Компьютерная энциклопедия для школьников и их родителей. Пер. с англ. – СПб: Питер, 1996г.

  • Тақырыптың өзектілігі.
  • Жұмыстың міндеті.

  • жүктеу 52.81 Kb.