Главная страница
Контакты

    Басты бет


Әлемдегі инновациялар №10

жүктеу 483.44 Kb.



жүктеу 483.44 Kb.
бет9/10
Дата21.03.2017
өлшемі483.44 Kb.

Әлемдегі инновациялар №10


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




Көзіңді ашып-жұмып тұрып фотоға түсір — көзілдіріктерге арналған жаңа камера





http://hi-news.ru/wp-content/uploads/2016/10/blincam-650x325.jpg

Көпшілігі фотоға түсіре алатын және бейнеге түсіруге қабілеті бар сәнді көзілдіріктер жасаумен айналысып жатқан кезде, жапондық Blincam компаниясы көзіңді жай ғана ашып-жұмып тұрып-ақ фотоға түсіруге қабілетті камераны әлемге тарату үшін наIndiegogo құралдар жиынтығын іске қосты.

Қондырғыны кез-келген көзілдірікке тағып қоюға болады, ал оның ішінде орналасқан көрсеткіш тетіктер көздің қозғалысын тіркеп қояды, және егер көз әдеттегі кірпікті қаққанға қарағандағы мөлшерден сәл ұзағырақ жабылып тұрғанын байқаса, ысырманы белсенді етеді, және қондырғы кіріктірілген Bluetooth-тың арқасында, дәл осы сәттің өзінде-ақ смартфонға берілетіндей суретке түсіруді жасайды.

Камера аккумуляторының бір заряды 8 сағатқа жетеді, сондықтан ол смартфонның иесі күтпеген жағдайда куә болып қалған кереметтей тамаша және әдеттегіден тыс суреттер жасауға өте жақсы келеді.

Аккумулятор (лат. accumulator - жинақтауыш) - химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын аспап; ол электр және су энергиясын гальвани батареяларының көмегімен жинайды. Ол жиналатын энергия түріне сәйкес электр аккумуляторы, гидравликалық аккумулятор, пневматикалық аккумулятор, жылу аккумуляторы, бу аккумуляторы және инерциялық аккумулятор болып бөлінеді.

«Камера сізге қызықты және жарқын сәттерді фотоаппараттың бейне іздегіші арқылы немесе смартфонның дисплейі арқылы емес, өз көзіңізбен көре алалатындай етіп жасалған — дейді Blincam басшысы Шота Такасэ, — бірдеңлерді фотоға түсіріп алу қажеттілігі сізді күнделікті істеріңізден басқа жаққа бұрмайтындай болуы тиіс».

Дисплей (ағылш. display - корсету, калпына келтіру) - электрондысөулелік түтікше (ЭЛТ) экранында ақпаратты корсетіп бейнелеуге арналған құрылғы, бейнетерминал. Әріптер, сандар, мөтін, кестелер немесе графиктер, суреттер, сызбалар түріне байланысты ақпаратты бейнелейтін әріпті-сандық және графикалық дисплей деп бөлінеді.

Портативтік камераны Такасэ университетте оқып жүрген кездің өзінде-ақ жасап шығарған, ал қазір конструкцияны ақырына дейін жеткізді және осы арқылы ақша табуға бел байлады. Мақтауға тұрарлық.

Идеяны жүзеге асыру үшін 30 000 доллар жинау қажет болады, сол кезде камераны кез-келген қалаған адам сатып ала алады. Жобада барлығынан бұрын қатысқысы келетіндер үшін, қондырғы 200 америка долларына түседі. Осы науқан табысты аяқталған жағдайда, девайс алуға болады. Сатуды бастау келесі жылдың көктеміне жоспарланып та қойылған.
Дереккөз:http://hi-news.ru/gadgets/fotografiruj-morgaya-novaya-kamera-dlya-ochkov.html


«Виртуалдық ақиқат көзілдіріктеріне арналған "Сурет салу" Kickstarterге шықты





http://hi-news.ru/wp-content/uploads/2016/10/gravity-scetch.jpg

Лондондық Корольдіктің өнер колледжінің студенттері Gravity Sketchті - вируталдық ақиқатта сурет салуға арналған аспаптың алғашқы түптұлғасын тіпті ертеректе ойлап тапты, ол Arduinoға арнайы қондырғымен біріктіріп орналастырылған сызбалық планшет тәріздес болып келді және ол 2014 жылдың көктемінде -ақ ұсынылып қойылды.

Қазір студенттер Gravity Sketch тұжырымдамасын қайта қарап шықты да, бағдарламалық қамтамасыз етуге жұмылдырылды және ойлаған ойларын жүзеге асыру үшін қажетті қаражатты жинау бойынша Kickstarter науқанын іске қосты.

Олувасей Сосанья — дайындау көздерінде тұрған, ал қазір стартап басшысының қызметін атқарып отырған инженерлердің бірі, ол Gravity Sketch жұмыс қағидасы туралы айтып берді: «VR көзілдіріктерінің арқасында, сіз өзіңіздің көзіңіздің алдында көріп тұрғандардың барлығы дерлік кенепке немесе сурет салуға арналған қойн кітапшаға айналып кетеді — сіз машинаның нобайын табиғи көлемінде жасай аласыз, ал содан соң қолдың қимылдарымен оны қағаз бетінің көлеміне дейін кішірейте аласыз. Біз пайдаланушыға әртүрлі командаларға және шығып тұратын терезелерге жүгінбестен, жай ғана қолын тигізу арқылы осы сызған нобайға кез-келген өзгерістерді енгізуге мүмкіндік беретін үш еселі модельдеу тілін енгізбекшіміз. Бағдарламаның идеясы сонда, ол конструкторларға және суретшілерге үш өлшеуде көрсету мүмкіндігін беруде болып отыр».

Сосанья түсіндіруінше, көптеген дизайнерлер мықты эскиздер жасайды, бірақ оны 3D-ға ауыстырған кезде, нәтижесі бастапқыда ойлағанға мүлдем сәйкес келмейтін болып шығады екен.

Қосымша пайдаланушыға өзінің жасаған нобайын сол сәтте-ақ сызбалық дизайн бағдарламасына, үш еселі модельдеуге беруге немесе эскизді 3D-принтерге бірден шығаруға мүмкіндік береді. Бағдарлама ДК-ге арналып әзірленуде және оның иесінен виртуалдық ақиқаттың екі гарнитурасының— Oculus Rift немесе тексерушілері бар HTC Vive біреуінің болуын талап етеді. Цена Gravity Sketch — бар-жоғы 60 доллар, ал Kickstarter арқылы дайындамаларды әзірлеуге көмек көрсеткендер үшін, 50-пайыздық жеңілдік жасайды.

Дайындама- өндіріс барысында әлі өңделетін, толық дайын емес өнім немесе оның бір бөлігі (шала өнім). Дайындама - бұл пішінін, өлшемін, беткі жағын немесе материалдың физика-химиялық қасиетін өзгертіп, тетік жасалатын еңбек заты.
Қосымшалардың шығарылуы 2017 жылдың қаңтарына жоспарланып отыр.


Дереккөз:http://hi-news.ru/technology/risovalka-dlya-ochkov-virtualnoj-realnosti-vyshla-na-kickstarter.html


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • «Виртуалдық ақиқат көзілдіріктеріне арналған "Сурет салу" Kickstarterге шықты

  • жүктеу 483.44 Kb.